Қазақ киносындағы ана бейнесіне тарихи шолу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
ТЕАТР ӨНЕРІ ЖӘНЕ ӨНЕРТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Өнертану кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ҚАЗАҚ КИНОСЫНДАҒЫ АНА БЕЙНЕСІ (1990-2020)

Мамандық: 5В041600-II Өнертану (Кинотану)

Орындаған: Баймуратова Назым Ержановна
Кинотану мамандығының 4 курс
суденті

Ғылыми жетекшісі: Н.Р. Мукушева - өнертану
кандидаты, Қазақ ұлттық өнер
университетінің профессоры


Нұр-Сұлтан, 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 ҚАЗАҚ КИНОСЫНДАҒЫ АНА БЕЙНЕСІ (1990-2000)
1.1 Қазақ киносындағы ана бейнесіне тарихи шолу ... ... ... ... ...
1.2 Жаңа толқын киносындағы ана бейнесі ... ... ... ... ...
1.3 Тарихи жанр фильмдеріндегі ана бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 2000-2020 жж. қазақ киносындағы ана бейнесі
2.1 Авторлық фильмдердегі ана бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Тарихи фильмдердегі ана бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Коммерциялық фильмдердегі ана бейнесі ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ФИЛЬМОГРАФИЯ

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында қазақ киносындағы 1990 - 2020 жыл аралығындағы ана бейнесіне кинотанушылық зерттеу жүргізілді. Қазақ киносындағы ана бейнесін бірнеше кезеңдерге бөліп, талдау жасалды. Зерттеу жұмысы қазақ киносындағы ана бейнесін жан-жақты талдау жасалуына, жаңашылдықтарын аңғаруға бағытталған.
Зерттеу жұмыстың өзектілігі. Қазақ киносындағы әйел бейнесі қазіргі таңда көптеп зерттеліп келе жатыр. Бірақ әйел бейнесінің өзін бірнеше сатыларға бөліп қарастырсақ болады. 1990 жылдары қазақ киносы жаңа толқын кезеңімен тұспа-тұс келгендіктен, сол кезеңнің ана бейнесін қандай өзгерістерге ұшырағанын ашып, айқын көрсету. Ұлттық кино өнеріміз қалыптасқан уақыттан қазақ жаңа толқынына дейінгі аралықта және қазіргі қазақ киносында ана бейнесі қандай өзгерістермен ерекшеліктері бар екен көрсету.
Жоғарыда аталған себептерге байланысты бұл жұмыстың ұлттық кинотану ғылымында өзектілігін көрсетеді.
1990-2000 жылдар аралығында ана бейнесі. Ана бейнесіне тарихи шолу жасау арқылы қазақ киносында ана бейнелерімен жарқын есте қалған тұлғаларды еске салу мен әрбір кезеңнің ана бейнесі қалай көрсетіліп, тарихи оқиғалармен байланыстыру. Тарихи кезеңдердегі ана бейнесі мен қазақ жаңа толқынындағы ана бейнесін айқын салыстырып көрсету.
2000-2020 жылдар аралығындағы ана бейнесінің өзгеріске ұшырауы. 2000-2020 жылдары түсірілген тарихи фильмдердердегі ана бейнесін қалай көрсеткендігін көрсету және авторлық қазақ киносының даму үстіндегі сатысында ана бейнесін қалай көрсеткендігін зерттеп, кинотанушылық көзқараспен салыстыру. Қазіргі қазақ киносында коммерциялық кино көрермен бағасын көп алуда. Коммерциялық қазақ киносында замануи нормаларға сай ана бейнесінің өзгеруін зерттеп, саралау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың көркемдік ерекшеліктерін түсіну үшін отандық кинотанушылар Бауыржан Нөгербек, Гүлнар Әбікеева, Назира Мұқышева, Инна Смаилова, Баубек Нөгербек және т.б еңбектері өте құнды болып табылады. Қазақ жаңа толқыны режиссерлерінің шығармашылығын және оған шетелдік кино өнерінің әсерін қазақ кинотанушысы, өнертану професоор Бауыржан Нөгербек өзінің Қазақ киносы (Кино Казахстана, 1998), Экранда Қазақфильм (На экране Казахфильм, 2007) атты мақалалар жинағында, Қазақ көркемсуретті киносындағы экрандық-фольклорлық дәстүрлер (Экранно-фольклорные традиции в казахском игровом кино, 2008) монографиясында тереңінен зерттейді. Бауыржан Нөгербек және Баубек Нөгербектің тең авторлығымен жазылған Қазақ көркемсуретті киносы: экрандық-фольклорлық дәстүрлер және кейіпкер бейнесі (Казахское игровое кино: экранно-фольклорные традиции и образ героя, 2014) монографиясында жаңа толқын кейіпкерлер бейнесінің эволюциясы мен трансформациясы жан-жақты зерттеледі. Қазақ жаңа толқыны шығармашылығына ерекше мән беріп, оның Орталық Азия кинематографында орын алған үрдістермен салыстыру арқылы сараптама жасаған Гүлнар Әбікееваның Орталық Азия киносы (1990-2001), Қазақстандағы және басқа Орталық Азия елдеріндегі ұлт құру процесінің кинематографтағы көрінісі (Нациостроительство в странах Центральной Азии, и как этот процесс отражался в кинематографе, 2006), Н.Рахманқызының Қазақ киносы: кеше және бүгін еңбектеріне жүгінеміз.

Жұмыстың мақсаты. 1990-2020 жылдар аралығында қазақ киносының ана бейнесін бөліп қарастыра отырып, замануи туындылардың маңызын анықтау.
Зерттеу міндеттері.
Қазақ киносындағы ана бейнесіне тарихи шолу жасау;
1990-2020 жылдар аралығында ана бейнесін кезеңдерге бөліп қарастыру;
Жаңа толқын мен авторлық кино туындыларының жалпы ерекшеліктерін анықтау;
Замануи кезеңде шыққан коммерциялық киноның ана бейнесіне көзқарасын анықтау.
Зерттеу нысаны. 1990-2020 жылдардағы қазақ киносының ана бейнесін зерртеу.
Зерттеу пәні. 1990-2020 жылдары түсірілген қазақ көркемсуретті фильмдері.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Тақырыпты зерттеу барысында 1990-2020 жылдардағы ана бейнесін зерттеуге бағытталған жұмыстар қарастырылды. Сондықтан, солардың негізінде жұмыста келтірілген ғылыми тұжырымдар мен деректерді кино өнері туралы жазылатын ғылыми зерттеу еңбектері мен оқулықтарда, әдістемелік құралдарда құнды ақпарат ретінде қолдануға болады. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығын айқындайды. Сонымен қатар, орта және жоғарғы оқу орындарына, арнайы мамандырылған мектептерде, қоғамдвқ басылымдарда пайдалануға мол мағлұмат беруге дереккөз ретінде пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Жұмысты жазу кезінде кинотанушылар - Бауыржан Нөгербек Қазақ киносы (Кино Казахстана, 1998), Экранда Қазақфильм (На экране Казахфильм, 2007), Қазақ көркемсуретті киносындағы экрандық-фольклорлық дәстүрлер (Экранно-фольклорные традиции в казахском игровом кино, 2008), Бауыржан Нөгербек және Баубек Нөгербектің тең авторлығымен жазылған Қазақ көркемсуретті киносы: экрандық-фольклорлық дәстүрлер және кейіпкер бейнесі (Казахское игровое кино: экранно-фольклорные традиции и образ героя, 2014) монографиясы, Гүлнар Әбікееваның Орталық Азия киносы (1990-2001) , Қазақстандағы және басқа Орталық Азия елдеріндегі ұлт құру процесінің кинематографтағы көрінісі (Нациостроительство в странах Центральной Азии, и как этот процесс отражался в кинематографе, 2006) еңбектері дереккөз болды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында тарихи-биографиялық, құрылымдық, әлеуметтік, психологиялық әдістерге жүгіндік. Жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жеке фильмдерді талдау тәсілдері кеңінен қолданылды. Бұл тақырыпты жүйелі түрде жан-жақты қарастыруға және нақты ғылыми тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.

ҚАЗАҚ КИНОСЫНДАҒЫ АНА БЕЙНЕСІ (1990-2020)

Қазақ киносындағы ана бейнесіне тарихи шолу.
Қазақ киносының тарихы мен теориясын зерртеген бірнеше тарихшылар мен кинотанушылар бар. Кино тарихшысы Қабыш Сиранов, кино сыншысы Камал Смайылов, Бауыржан Нөгербек қазақстандық кинематографтың проблемаларын бірінші болып зерттеді. Алғаш қазақ кинотанушысы Қабыш Сиранов 1944 жылғы мақаласында былай деп жазған: 1937 жылы Ленин орденді Ленфильм киностудиясы толықметражды Амангелді дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп жазды. Картина режиссері Моисей Левин болды. Бұл фильм ұлттық кинематографияның негізін қалаған ең алғашқы киносуретіміз болып табылады. [1, Кино жылдар ойлар, 1983: 10 б].
Ұлттық киностудияның директоры Камал Смайыловтың жан - жақты қолдауының арқасында Сұлтан Ходжиковтың Қыз Жібек, Шәкен Аймановтың Әкелер жері және Атаманның ақыры, Абдолла Қарсақбаевтың Қилы кезең қазақ киносының жауһарлары және басқа да көптеген картиналар жарыққа шықты. Сонымен қатар, Камал Смайылов - көрермендер сүйіп тыңдайтын Тамаша, Қымызхана, Айтыс және т.б. танымал бағдарламлардың бастамашысы.
Бауыржан Нөгербек: Ұлттық кино өнеріміздің даму тарихын көп ұлтты кеңес киносы деген ұғыммен тығыз байланыста қарастырмасқа болмайды. Кеңестік кино мектебінің қалыптасу құбылысы Ұлы Қазан көтерілісінің жетістіктерінен туындаған тақырыптық идеология мазмұнымен тікелей байланысты. Қазақ даласына енді ғана етек жая бастаған жаңа өнер - кинематограф ұшқыны 1910 жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында ашылған тұңғыш кинотеатр қызметінен басталғаны тарихи деректерден белгілі. Одақтас Республикалар кеңістігінде әр елдің кино өнерінің даму мүмкіндігі ұлт ерекшелігін ескере отырып, жалпы кеңестік кино мектебінің озық үлгілеріне сүйенген тәжірибелік ізденістер нәтижесімен айқындалады. Бірлік ішіндегі жан-жақтылық принципі тұрғысынан дамыған көп ұлтты советтік кино мектебінің осындай үлгісі әлемдік кино тарихында тұтас құбылысқа айналды [2, Б. Ногербек, 2005: 9 б].
Қазақ киносының қалыптасуы мен өркендеуіне Кеңес дәуірі киносының тікелей әсері болды. Бүгінгі күнде өз заңдылықтары мен жеке тәжірибелік мектеп дәстүрін қалыптастырған қазақ киносының тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырсақ. Соның ішінде әйел бейнесінің қалыптасуын бірнеше кезеңге бөлсек болады.
Бірінші кезең - Ұлы Отан соғысына дейінгі кезең. Бұл - қазақ киносының у сатысындағы кезең.
Екінші кезең - соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ киносын екіге бөліп қарастыруға болады: бірінші - 1945-1951 жылдар аралығындағы көркем фильмдер өндірісі, екінші - 1952-1960-жылдар аралығындағы кино өндірісі.
Үшінші кезең - қазақ киносының дамыған кезеңі десек болады, ол - 1960-1970 жылдар аралығындағы кино туындылары.
Төртінші кезең - қазақ киносындағы жаңа толқын кезеңінің өрлеп, дамуы.
Бесінші кезең - 1990 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі аралық, яғни замануи қазақ киносының қалыптасуы.
Әйел бейнесі қазақ киносының алғашқы кезеңінде-ақ пайда болды. Олар - Райхан фильміндегі (1940, реж. М. Левин) Хадиша Бөкеева ойнаған Райхан, Амангелдідегі (1937, реж. М.Левин) Сара Жиенқұлованың Балымы, Дала қызы фильмінде (1954 ж, реж. Ш. Айманов) Зәмзәгүл Шәріпова ойнаған Нұржамал, Ботагөз (1958 ж, реж. Е. Арон) фильміндегі Гулфайруз Исмаилованың Ботагөзі, Біздің сүйікті дәрігердегі (1957 ж, реж. Ш. Айманов) Роза Исмаилованың Бибігүлі, Ана туралы аңыздағы (1963 ж, реж. А. Карпов) Әмина Өмірзақованың Ана бейнесі т.б.
1938 жылы Амангелді атты алғашқы қазақ дыбыстық фильмі жарыққа шықты. Ол 1916 жылы патша үкіметі режиміне қарсы қазақ халқының көтерілісі туралы баяндайды. Фильмнің оқиғалық арқауы - 1916 жылғы көтеріліс, екі революция барысында биліктің ауысуы - Уақытша үкімет режимін орнату, Алаш - Орда құру. Сара Жиенқұлова жауынгерлік досының және кейіннен Амангелдінің әйелі Балымның рөлін ойнады. Сара 1938 жылға қарай жаңа қазақ қызының баурап алатын белгісіне айналды. Фильм бойы Балым оған тек сыйластықпен, өзінің ерекше орнын көрсетеді және ол үшін өзін құрбан етуге дайын. Балым Амангелдіні тек оның еркектік қасиеттері үшін ғана емес, аз қамтылған адамдар үшін әділдігі мен адалдығы үшін жақсы көрді. Ол патша өкіметіне және қазақ байларының арасынан шыққан балғындарға қарсы өзінің сөз сөйлеуімен Балымның назарын өзіне аударды.
Кинотанушы Бауыржан Нөгербек: Амангелді фильмі - Бұл халық кек алушысының идеологиялық бейнесі-символының мақсатты түрде мемлекеттік таралуының нәтижесі, риясыз бүлікші, саналы жолға түскен дала батырының революцияға қызмет етуі. [3, А. Назаров, 1980]
Қазақ халқында аналардың орны бөлек екенін жақсы білеміз, аналарды құрметтеп, әр жерде сыйлы жандар.
Амангелді фильмінде ана бейнесі жиі кездеспейді, бірақ эпизодттар арасында ақжаулықты аналардың көрінісін көре аламыз. Фильмде ақ жаулықты кимешекпен ана, әжелердің бейнелері кездесіп отырады. Аналардың беделін арттыратын, жүзіне иман ұялататын кимешек - қазақ әйелінің көркем бейнесін аша түседі. Кимешек анаға абырой, бедел сыйлайтыны белгілі. Кимешек жөнінде сөз болса әркім ақ жаулықты әжесін ойлайтын секілді. Амангелді көркем фильмі қазақ тарихында үлкен орын алады. Қазақстан тақырыбындағы алғаш дыбысты көркем фильмінде ақ жаулықты аналардың, үлкен тарихы бар кимешекті аналарымыздың, әжелеріміздің бейнелері болғандығы қуандатады. Фильмде кимешектегі аналарымыздың бейнелері жиі кездеспегенімен олардың рухтары, қолдауы сезіледі. Фильмде көкпар ойыны кезінде, Амангелді ауылына шабуыл жасаған кезінде ақ орамалды, кимешекте аналарды байқаймыз. Фильмде байқағаным бойынша, қыз,келіншек, ана болмасын, орамалсыз болған емес. Қазақ халқының мәдениетке, салт-дәстүрге және дінге деген құрметімен көзқарасын осындай детальдар арқылы байқауға болады. Көкпар ойыны кезінде түйе үстінде кимешекте, кішкентай балаларымен отырған аналарымызды көреміз. Өз ерлері, балаларына қолдау ретінде көрермен болып тұрған бір әйел адамдарды да байқасақ болады. Амангелдінің ауылына шабуыл жасар алдында бізге бірнеше секундтқа ғана ауылдың сыртқы көрінісін көрстеді. Сол кездегі көрініс қандай керемет, ақ орамалды аналардың бірі ошақ жағып жатса, бірі баласына қарап күлкісі езуінде, енді бірі жүн түтіп отыр, тыныш ауыл көрінісі. Ботаның анасына келіп емуіндегі көріністің өзі ана мен бала арасындағы байланысты көрсетіп тұр. Ақ орамалды аналардың шаруалармен айналысып отырғанын көрсетеді, тіпті сол кездегі музыканы айтсаңшы,тыныштық пен мазасыз кезді баяндап тұрғандай. Соның арасында бірнеше секундт ішінде тыныштық бұзылады.
Ана туралы аңыз фильміндегі А.Өмірзақованың кейіпкері қазақтың ұлттық мінез - құлық мәдениетімен және ойлау тәсілімен, шыдамдылығымен шығыстың әйелі деп атауға сәйкес келеді. Оның сауаттылыққа ұмтылуы әйелдер қозғалысының алға ұмтылуымен түсіндірілмейді, сол бір хатта ұлының есімін оқу деген қарапайым тілек. Осы фильмдегі басты рөлі Қазақ КСР халық әртісі Әмина Өмірзақованың еншісінде болды. Ол Абай әндерінде (1945). Ажардың, сүймеген адамына күшпен тұрмысқа берілген қыздың рөлін ойнады. Ұзақ уақыт қазақстандық кино кейіпкерлеріне өз құқықтарын қорғай алмау, өз тағдырын таңдай алмау, жақын адамымен өмір сүру құқығынан айырылуы тән болды. Өмірзакованың Ажары - терең әрі мұңды кейіпкер. Актриса кейіпкерінің ішкі қайғысы мен мұңын жеткізе алды.
Ана, әр адамның өміріндегі ең маңызды тұлға.
Әйел ананың бейнесі - әйел сұлулығының идеалы және өмір бойы адамзат адалдығы. Ана ұғымында адалдық, тыныштық, махаббат, ұлылық, бейбітшілік бар. Бұл музыкада да, әдебиетте де, кескіндемеде, кинематографияда да және мүсінде де көрінеді.
ХХ ғасырға тән әйел бейнесі ол - ана бейнесі. Ана бейнесі қай елде болсын үлкен дәрежеде бағаланады, түркі тілдес елдер арасында ананың рөлі. КСРО кезеңінде кино саласында ана бейнесі үлкен қолдауға ие болды. В. Пудовкиннің Ана (Мать), Ф. Эрмлердің Ол Отанын қорғайды (Она защищает Родину) сынды фильмдері Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін өріс алды. Дәл сол жылдары көп жерлерде Отан - Ана (Родина - мать зовет!) атты плакаттар ілініп тұрды. Соғыс жылдары түсірілген фильмдерде әйел, оның ішінде ана бейнесінің маңызы зор болды. Себебі, дәл сондай фильмдер арқылы ананың ұлына деген сарғайған сағынышын, уайымын көрсете алды. Ана бейнесі - халық үшін табиғи күштің, қайраттылықтың, даналықтың және ұстамдылықтың айқын бейнесі.
Қазақ киносында әрбір онжылдық сайын ана бейнесі өзгеріске ұшырады. Гүлнар Әбікееваның Нациостроительсво в Казахстане и в других странах Центральной Азии атты кітабында әйел бейнесі жөнінде былай дейді: Кеңес режимі әйелден батырлық мінез - құлықты талап етті: өндірістегі соққы жұмысы, өнім жолдарындағы рекордтар, майдандағы ерліктер. 30-60-шы жылдары Шығыс кеңестік әйелдерінің ең көп тараған түрі, Орта Азияның бейнесі, кеудесінде ордені бар күлімсіреген жас мақта жинаушы болды. Өзбек әйелінің мақта алқаптарындағы жалақысы, төмен жұмысы оны құлға айналдырды. 50-ші жылдардың аяғынан 70-ші жылдардың аяғына дейін сәнді әйелдер механизатор әйелдерге түсті. Көп нәрсе, әрине, елдің ерекшелігіне байланысты болды. [4, б. 24].
Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі алғашқы кезең - қазақ көркемсуретті киносы үшін шығармашылық, өндіріс тұрғысынан өте күрделі кезең болды. 1945-1950 жылдары Алматы көркемсуретті және хроникалық-деректі фильдер киностудиясында Мұхтар Әуезовтың сценарийі бойынша (Г. Рошальдің қатысуымен) Абай әндері (1945 ж. Г.Рошаль), Алтын мүйіз (1948, сц.авт. Ә. Тәжібаев.Н. Погодин; реж. Е. Дзиган) атты бар жоғы екі фильм түсірілді. Төрт жылдан соң Жамбыл (1952, сц.авт. Ә. Тәжібаев.Н. Погодин; реж. Е. Дзиган) атты үшінші көркемсуретті фильм дүниеге келеді. Араға тағы да екі жыл салып, 1954 жылы Махаббат туралы аңыз (сц.авт. Ғ. Мүсірепов; реж. Ш. Айманов, К. Геккель), Дала қызы (сц.авт. Р. Фатуев; реж. Ш. Айманов, К. Геккель), 1955 жылы Бұл Шұғылада болған еді (сц. авт. Ә. Тәжібаев; реж. М. Бегалин), Анасы мен баласы (сц.авт. С. Қожықов, В. Шрейберг; реж. С. Қожықов), Шабандоз қыз (сц.авт. Ш. Құсайынов, В. Абызов; реж. П. Боголюбов) фильмдері экранға шығады.
Есесіне деректі фильмдердің түсірілімінде үзіліс болмайды. Дегенмен кейбір жылдары түсірілген деректі фильмдердің саны өте аз. Мәселен, 1946 жылы - 11, 1947 жылы - 7, 1948 жылы - 4, 1949 жылы - 6, 1950 жылы - 3, 1921 жылы - 2, 1953 жылы - 3, 1954 жылы - 5, 1955 жылы - 8 деректі фильм түсіріліпті. [5].
Тылдағы және соғыстағы әйелдің бейнесі соғыс кезінде халықты жігерлендірді. Алғашқы әскери суреттер еліктеуге үлгі болды, тұрақсыздық пен хаостың ортасында мінез-құлық үлгілерін ұсынды және Қызыл Армия қатарында мықты, мызғымас батырларды көрсетті. Фильмдерден шабыт алған кеңестік әйелдер өндірісте орын алып, әртүрлі ерлердің кәсіптерін тез игерді. Көптеген бейнелер Отан ананың бейнесі болды, ұжымның мүдделерін өз мүдделерінен жоғары қою қажеттілігін және соғыс қиыншылықтары мен қиыншылықтарына төтеп беруге дайын екенін көрсетті.
Ботагөз фильмі идеологиялық өнім болып табылады, онда елдің тарихи тағдыры үшін маңызды оқиғалар орын алады. Кинокартина Қазақстанда экрандарға 1957 жылы шыққан. Мәскеу мен Ленинградта жас режиссерлер фильмдерді белсенді түрде түсірді, кеңестік кино тарихында жаңа тарауды ашты. Ботагөз кинокартинасы өзіндік ерекшеліктерімен қазақстандық кинематограф үшін маңызды. Елуінші жылдарда КСРО да идеологиялық бақылау қатаң болды, және тарихи-революциялық фильмдер сексенінші жылдарға дейін түсірілуде болды.
Басты кейіпкердің бейнесі Ботагөз есімді жас әйел - бұл кеңестік бейне. Социализмді құру жолын таңдаған Қазақстан, Ресей және басқа да ұлттық республикалар. Тиісінше, сондай-ақ басты кейіпкердің бейнесі драмалық және визуалды түрде салынған.
Ботагөз фильмінде қазақ әйелдерінің жаңа өмірге аяқ басқандары көрсетіледі. Ботагөз фильмінде нәрестесінен, перзентінен, баласынан айырылған ана бейнелеріде бар. Ботагөздің анасы ұлынан айырылып, соның ауыртпашылығымен өмір сүре алмағандықтан да өмірден ерте кетеді. Жас-кәрі аналардың балаларынан айырылып, зар жылаған дауыстарын ести аламыз. Сондай ауырпашылыққа шыдап, өзектерін бала өлімінен өртеп бара жатқан, қауқарсыз ана бейнесін байқай аламыз. Балалар сырқатына, аналар зарына шыдай алмай, Ботагөзде сол үшін дәрі іздеуге жолға шығады. Қиындықтан ашынған, ішіндегі ашуды қайда жіберерін білмейтін аналар.
1963 жылы Қазақстанда реж. А. Карповтың, соғыста ұлынан айырылған, бірақ айналасындағы адамдарға күш таба алатын әйел туралы. Актриса Әмина Өмірзақова ана бейнесін күшті жасай алды. Актриса 1964 жылы Ленинградтағы кинофестивальде, содан кейін мемлекеттік КСРО - да үздік әйел рөлі үшін сыйлыққа ие болды. Бір қызығы, кейінгі жылдары Әмина Өмірзақова сүйетін және дана аналардың ондаған рөлдерін сомдады. Майдандағы бір ерлік эпизод ұлына арналған, бірақ көбіне Қазақстандағы колхоздардың бірінде болып жатқан күнделікті көріністер, негізінен олар ауылшаруашылық алқаптарындағы еңбекпен байланысты. [4, б. 24].
Мысалыға, Гаухартас фильміндегі Тастанның анасының рөлін алсақ болады. Фильм басында негізгі кейіпкерлер, Тастан, оның әкесі және де Салтанат алдыңғы қатардағы рөлдердің бірінде секілді. Алайда, уақыт өте келе, Әмина Өмірзақованың орындауындағы Тастанның анасының рөлі көзге түсе бастайды. Оның әрбір қозғалысы, сөйлегені, отбасыдағы ананың мейірімділігі мен жарқын келбеті бұл отбасының рухани кеңістігін қорғайтын және жылулық беретін - Ана екенін байқадық. Ана кейіпкері көбінесе үнсіз, оның тарапынан әрекеттері аз. Дегенмен, фильмге жылулық пен мейірімдік силайды. Осындай сәттерде, әрқайсымыздың сондай адамымыз бар екенін еске түсіреміз.
Ана деген - мейірімді, көз жанарынан баласына деген махаббаттың нұры төгіліп тұратын жан. Ананың қадірімен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Ана - қолдарымен әлемді тербетіп отыратын жан. Гаухартас фильмінде осындай ана бейнесін көре алдық. Баласына деген махаббат нұры мен қамқорлығын төгіп отыратын ана бейнесі. Салтанатты өз қызындай жақсы көріп, қылықтарына тамсана қарауының өзі керемет сәттер деп білеміз. Әмина Өмірзақованың Гаухартас фильмінде басты рөлдердің бірі болмаса да, фильмнің маңыздылығы да, негізгі ойы да, осы ана бейнесінде болып тұр. КСРО кезеңінде ана бейнесі, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы батырларының бейнесі ерекше орын алды. Қазақ киносында екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әйелдің бейнесіне ерекше назар аударылды. Мысалы, қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған Мәншүк туралы жыр (1970, реж. Мәжит Бегалин) Мерген Әлия (1982, реж. Болат Шәмшиев) атты фильмдер жарық көрді. Кейбір әйелдер күйеулерін үйде, тылда күтсе, ал кейбіреулері әйелдердің де, ерлердің де жұмысын атқарды. Кеңес қоғамында адам қиын кедергілерден өтпей және ерлік жасамай өмір сүре алмайтын сияқты көрінді, әйелдің бейнесі сол кезеңнің өмір салтына сәйкес келді.
Ана туралы аңыздағы бейнесi - ұлын соғыс жалмаған ананың зары, жолын тосқан қайран ана! Бұл - бауыр етi балалары соғыста қаза тапқан барша қазақ аналарының қайғысын сезiндiретiн бейне едi. Бұл фильм белгiлi режиссер А. Карповтың қазақтың ақ жаулықты аналарына арнап қойған ескерткiшi деуге болады. Фильмдегі сұр кадрлар мен соғыс жылдары қаңырап қалған ауыл бейнесінен, ананың ішкі жан тебіренісін, күйзелісін және жүрегінде сақталған соңғы бір үмітін актрисаның шебер сомдаған ана бейнесіндегі ойын ерекшелігінен көреміз. Біртуар режиссер Шәкен Аймановтың тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қызықты сюжетімен есте қалатын ерекше фильмі Тақиялы періште 1968 жылы жарыққа шықты. Көпшілікке Тайлақтың анасы ретінде есте қалған Әмина Өмірзақова көзі тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді. Қанша қиын-қыстау заманды басынан өткерсе де, Әмина Өмірзақова - театр және кино өнерінің шыңын бағындырған тума талант. 1968 жылы Шәкен Аймановтың Тақиялы періште комедиясында Тана бейнесін сәтті сомдағаннан кейін, Әмина Өмірзақова ең үздік актрисалардың тізіміне енген. Әмина Ерғожақызы сомдаған - әже, ана, әйел, ару бейнелері қазақ өнерінің тарихында мәңгілікке алтын әріппен сақталмақ.
Гүлнар Әбікеева өзінің Қазақстандағы және Орталық Азияның басқа да елдеріндегі ұлттық Құрылыс атты кітабында қазақтың жаңа толқынының режиссерлері посткеңестік киноның эстетикасына: режиссерлер далаға, нақты үйлерге, пәтерлерге, декорацияларды саналы түрде орнатпай және шындықты әсерлендірмей шықты. Екіншіден, кәсіби актерлерден толық бас тарту. Үшіншіден, кейіпкер өзгерді [4, 32 б.]. Ал, Бауыржан Нөгербек былай деп түсіндіреді: Орталық кейіпкер бір мезгілде жоқ. Ол ерекшеленбейді, кейіпкер экрандағы әңгіме атмосферасында ериді. Бірақ сонымен бірге ол оқиғаларға автордың түсініктемесі ретінде көрінеді, көрінбейтін, бейтарап көзқарас-режиссердің сырттан көзқарасы, немқұрайлы бағалау сияқты-кездейсоқ өтіп бара жатқан адамның-көрушінің көзімен болып жатқан фильмді түсіну. Режиссердің авторлық ұстанымы шыншылдықтың және экрандағы өмірдің тұтастығының артында жасырылады [6, 152 б.].
Қазақстандық кинематограф үшін келесі кезең қайта құру кезеңі болды - бұл фильмдер уақыт шындығын көрсетті, оларда Социалистік киноны ерекшелейтін асқақ пен пафос болған жоқ. Режиссерлер енді шындықты безендірмеді. Осы жылдары көптеген жас тәуелсіз кинематографистер пайда болды, олар қазақтың жаңа толқынының өкілдері болды - кешегі ВГИК-тегі Соловьевтің шеберханасының студенттері.
Гүлнар Әбекееваның Казахское кино эпохи Независимости атты кітабында: Тәуелсіздік алған алғашқы онжылдықта Қазақстанда 88 толықметражды фильм түсірілді, бірақ олар көрерменге жете алмады, өйткені тоқсаныншы жылдары кеңестік кинопрокат жүйесі бұзылды, елде тек 37 кинотеатр қалды. Бұл ретте шығарылған фильмдердің 43% - ы халықаралық кинофестивальдерге қатысты. Қазақстандық студенттер Ресеймен қарым-қатынастың әлсіреуіне байланысты ВГИК-ке сабақ беруді тоқтатты, бірақ 1994 жылы театр және кино институтының негізінде жеке киномектеп ашылды, ол бүгінде атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы деп аталады. Жүргенов. 1998 жылы Бірінші Халықаралық Еуразиякинофестивалі өтті деген болатын. [7]
Қайта құру жылдарынан бастап біз есептейтін жылдар, ең алдымен, біздің санамыздағы күшті өзгеріс кезеңі. Қазақстандық кинематографистер отандық ұлттық кинематографтың даму жолын сезіне отырып, авторлық кинодан коммерциялық киноға дейінгі кең ауқымда іздеу жүргізуде. Осы ізденіс спектрінде дәстүрлі қазақ менталитетінің түп тамырына аппеляциялайтын, бірақ қазіргі заманғы кино тілінде сөйлейтін авторлық кинематографтың бағыты неғұрлым перспективалы болып көрінеді, бұл біздің режиссерлерімізге жалпы әлемдік мәдени контекстке лайықты жазылуға мүмкіндік береді. Отандық кинематографистердің мәдени өзін-өзі танудың осы дамымаған саласындағы күш-жігерін көру және бағалау маңызды.
Қазақтың жаңа толқыны деп аталатын ұрпақ режиссерлерінің жұмыстарының арқасында Қазақстан кинематографы кино әлемінде, халықаралық кинофестивальдерде танымал. Қазақ фильмдері әлемдегі ең беделді кинофестивальдерге қатысып, жүлделерге ие болды.
Сексенінші жылдардың соңы - тоқсаныншы жылдардың ортасына дейінгі аралықта көптеген фильмдер түсіріліп, жарық көрді. Мысалы, Серік Апрымовтың Қияң (1989 ж), Ақсуат (1997 ж), Үш ағайынды (2000 ж), Дәрежан Өмірбаевтың Қайрат (1991 ж), Кардиограмма (1995 ж), Болат Қалымбетовтың Көзімнің қарасы (1994 ж), Әмір Қарағұловтың Әзәзіл қыз (1991 ж), Көгершін қоңыраушысы (1993 ж), Соңғы каникул күндері (1996 ж) және т.б. фильмдері.
Абай Карпыковтың Сүйген балық (1989 ж) фильмінде ана бейнесінің өзгеріске түскендігін көреміз. Фильм жеңілділікті, нәзіктікті сезіндіреді. Ана бейнесін тек Галина Шетенова сомдаған басты рөлдердің бірінде байқай алдым. Ана болғанымен, өзін жас келіншектей ұстауы, оның ана екендігін ұмыттырып жібереді. Заманауи сол кезеңнің стандарттарына сай ана бейнесі үлкен өзгеріске ұшырады. Көзіміз үйренген ақ жаулықты орамалды, ұзын етекті көйлекпен ана бейнесі жоқ. Сүйген балық фильмі арқылы ана бейнесінде үлкен революция болып, өзгеріс болғанын көреміз. Ананың өзін еркін ұстауы, бойындағы сенімділіктің бар екенін сеземіз. Осы ана бейнесі арқылы барша әйел қауымының сол кезеңде өзгеріске ұшырағандығын айта аламын. Ана болғанымен өзінің әйел екенін ұмытпайтын бейнелердің бірі. Егер бұған дейін аналар, әйелдер еңбек батырлары, соғыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Кино өнері мәдениет саласы ретінде
Қазақ көркемсуретті балалар киносының даму кезеңдері туралы
Заманауи балалар киносы
Қазақстан кино өнерінің соқтықпалы-соқпалы қиын кезеңдері
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
Ауыз әдебиеті
Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында фольклорлық шығармаларды сюжеті, салт дәстүрге қатысы, айтылу мақсаты мен орны
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ кескіндеме және мүсін өнеріндегі Әйтеке би бейнесі
Б.Римованың сахнада алған орны
Пәндер