Орта буындағы мектеп оқушыларының логикалық ойлауының ерекшеліктері


КІРІСПЕ
Заманның дамуына қарай әлемдік бәсекелестік нығая түсуде. Дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясына сай «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» - деген еліміздің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 21 ғасыр - ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет, айналадағы жаһандану, адамзаттың денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігін бағалайтын кезең.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2020 жылғы Қазақстан Халқына жолдауында «21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Заманға сай білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - деп айтылған.
Мектепте білім беру бағдарламасы айқындайтын математикалық білім мен игерімдер, іскерлік пен машықтың толық жүйесін оқушылардың терең және ғылыми түрде меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілдегі есептерді түсінуге үйрету; оқушылардың мәтін мен есеп арасындағы қатынастарды түсінуге, іскерліктерін қабілеттерін шыңдау, стандартты немесе стандартты емес есептерді шығаруға, проблемалық ситуациялардан бағдарлануды үйрету; білім алушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, оқушыларды логикалық түрде ойлауға үйрету маңыздылығы.
Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай математика пәнін оқыту келесідей мақсаттармен анықталады:
- Математикалық әдістердің ақиқаттылығын тану туралы білім алушыларға мағлұмат беру.
- Логикалық түрде ойлау қабілетін және кеңістікте елестете алу.
- Жалпылау, синтездеу, сұрыптау, салыстыру т. б. білуіне қабілеттілігін қалыптастыру.
- Мектептегі математика курсының логикалық есептер бөлімі бойынша логикалқ ойлау дағдыларының белгілі бір жүйесін қалыптастыру.
Қазіргі заманнның талабына сай математикалық ақпараттарды техникада, медицинада, экономикада, биологияда т. б. салаларда барлық есептеулер математиканың көмегінсіз шешуге болмайтындығы мәлім. Сол себепті, әрбір оқушы сауаттты болу үшін келесі мақсаттар жүзеге асырылу керек:
- ақыл-ойды дамыту;
- математикалық іс-әрекеттің сипатына сай логикалық ойлауды қалыптастыру;
- қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық логикалық ойлауды қалыптастыру;
- математикалық білімді игеру мақсатында логикалық есептерде қолдану;
- болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу;
- алдына қойылған сұрауға немесе логкалық есепті шығаруға оптималды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану.
Осындай мақсаттарды ескере отырып, оқушылардың математикаға деген қызығушылын арттыру барысында логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешуді жүзеге асыруда мүмкіндіктерді есептеудің тәсілдерін көрсету орынды. Логикалық есептер қазіргі кезде математикалық олимпиадаларда, әртүрлі жарыстарда жиі қолданылады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Оқушының міндетті түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сол себепті, мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты арнайы педогогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық жағынан ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып табылады. Әр адамның бойындағы қасиеті туғаннан пайда болған интуициясын алға қарай дамытуға ықпал ету, оқушының тума қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету мақсатымен оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.
1. Орта буындағы мектеп оқушыларының логикалық ойлауының ерекшеліктері
Математикалық логика есептерін оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс - жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі.
Математика барлық сабақпен ұштастырыла оқытылады. Ол миды тез ойлауға, есептерді тез шығаруға, физика мен химия заңдарын оқығанда бірге қосып оқитын ғылым саласы. Біздің өміріміз бен тіршілігіміз тығыз байланыста, тіршілік құбылыстарын бір-бірінен бөлуге болмайды.
Логика спортмен айналысатын спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз ойыңды логикалық тұрғыда жеткізе білу үлкен өнер. Логикалық ойлауды дамыту үшін оқу материалдарын теориялық тұрде талдау жасауға, өз бетінше қорытындылауға дағдылану білуге айрықша мән беру керек. Оқушының бос уақытта қосымша кітаптар мен материалдармен жұмыс жасай отырып, өз бетінше алған білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын жақсартуға көмектеседі. Математика пәнін оқушыға бейімдеу оқушының қызығын туғызған соң туындатуға болады. Осындай мақсатпен, кез келген тақырыпты оқушыға үйретпес бұрын, оқушының қызығушылығы мен сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін сабақ аяғында шығармашылық есеп ретінде логикалық есептер немесе логикалық тапсырмалар берген жөн. Математика сабағында оқушылыардың қызығушылығын ояту үшін шығармашылық есеп ретінде оқушыларға бастауыш сыныптан бастап бағдарламаға енгізілген. Логикалық тапсырмалар қарапайым деңгейден басталып, біртіндеп қиындату керек. Сабақта алған білім дағдысы ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушының зор ынтасын тудырып, білгенін тереңдетіп, жаңа логикалық ойлау деңгейіне алып келеді. Белсенділігі төмен оқуылар сыныптастарынан қалмау үшін алға ұмтылады. Жоғарыда айтып өткендей, логикалық есептер бастауыш сыныптан бастау алып, әр тақырыпта немесе келесі өтілетін тақырыпқа сай беріледі. Сөзсіз, мұндай логикалық есептер оқушының логикалық ойлау дағдысын жақсартуға ықпал етеді. Орта мектепте жыл сайын өткізілетін дәстүрлі математикалық олимпиада оқушылардың логикалық ойлауына әсер етеді.
Математикалық олимпиада оқу жүйесіне оң әсерін беретінін барлығымыз жақсы түсінеміз. Әдетте, математикалық олимпиада мектепте жылына бір-ақ рет өткізілгенімен, оған дайындық жыл бойы жалғасады. Математикалық олимпиада өткізу ісінің табысты болуы сол мектептегі сабақтан тыс жұмыстың және мектеп оқушыларының математикаға қаншалықты дәрежеде қызығатындығын тікелей байланысты. Математикалық олимпиада өткізу ісінің табысты болуы сол мектептегі сабақтан тыс жұмыс пен мектеп оқушыларының математикаға қаншалықты дәрежеде қызығатындығын тікелей байланысты. Дайындалу кезіндегі есептер оқушылардың қабілеттерінің дамуына игі әсер ете отырып, математикалық олимпиада есептеріне дайындалу болып табылады.
Логикалық ойлауды дамытуда математиканың ролі жоғары. Себебі, математика мектепте оқытылатын нақты ғылымның бірі. Жалпы білім берудің жаңартылған оқу мазмұнында оқушылар алдына жаңа мақсаттар қойылды. Енді бастауыш сыныптарда тек жазып, оқып үйретумен қатар, тұлға ретінде қалыптасуға зор көңіл бөлінуде. Біріншіден, оқуға дағдылануға қолданбалы дағдыларды қалыптастыру, яғни, шығармашылық жұмыс жасау және іздеу дағдысына, ақпаратты сараптау мен интерпретациялауға мүмкіндік береді. Екіншіден, оқуға ынталандыру, өзін-өзі дамыту мен тану дағдыларын қалыптастыру. Бұрынғы кездегідей есеп шығарумен шектелмейді, стандартты емес, жаңа жағдаяттар мен логикалық есептерге толы. Сонда, оқушылар бастауыш сынып кезінде оқушылар логикалық элементтердің негізін білу керек (салыстыру, сараптау, талдау, сұрыптау) . Сондыдықтан, логикалық ойлау қабілетін, қорытынды жасай білу дағдысын, дәлел келтіру, өзара логикалық байланысты қалыптастыру білу, өзі іздену дағдыларын қалыптастыру маңызды. Дәл осындай дағдылар математика сабағында жасауға болады.
Логикалық ойлауды дамыту арқылы біз интеллектімізді дамыта аламыз, ал интеллект адамның жеке дамуы мен бостандығы. Адам өзінің интеллектін сараптау мен бағалауды орынды қолдана алса, соншалықты сырттан келген адамды манипуляциялауға кедергі болады. Жылдан-жылға оқуға деген талап өзгеріске ұшырап отырады. Бұрынғы кезде ең бастысы терең білім, игерімдер еді. Қазіргі таңда жалпы біім беру саласы терең білімге ғана негізделмейді. Ең бастысы әмбебеп оқу игерімдерін қалыптастыру, оқушыны оқуға бейімдеу, көп ақпарат ішінен керектісін талдап алуға өзін-өзі дамыту мен шыңдау болып табылады.
Бастауыш сыныпта оқушылардың бейнені көріп қабылдаудан жоғары сыныпқа өткен кезде сөлеуді қалыптастыру мен логикалық қабылдауға өтеді.
Заманауи оқушылар білу керек:
- жоспарлау;
- оқу әрекеттерін бағалау мен қадағалау;
- қабылдау;
- мақсаттарын айқындау;
- оқу тапсырмаларын өздігінен түсіну.
Тапсырмалардың шешілу жолдарын, сараптау, талдау, жинақтау, жалпылау, сұрыптау әрекеттерін логикалық іс-әрекеттермен
. 1-сурет. Ойлау түрлері
Ойлаудың әр алуан түрлерін ажыратуға болады:
- көрнекілік-әрекет;
- көрнекілік-бейнелі;
- абстрактілі ойлау;
- логикалық-сөйлеу.
Көрнекілік-әрекет түрінде ойлау - сыртқы практикалық әрекеттердің көмегімен жүзеге асырылатын ойлау түрі.
Көрнекілік-бейнелі ойлау түрі - бұл идеялар мен бейнелерге негізделген іштей жүзеге асырылатын ойлау түрі.
Абстрактілі ойлау -қабылдау мен идеяларға тән тікелей көрінуден айырылған ұғымдармен ойлау (егде жастағы оқушылар мен ересектерге тән)
Логикалық сөйлеу- ойлаудың белсенді түрі жұмысымен байланысты және синтез, талдау, салыстыру, жіктеу, аналогия, жалпылау сияқты психикалық операцияларда қолданылады. Бұл психикалық операциялар психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде әдетте ойлаудың логикалық әдістері мен психикалық әрекеттердің әдістеріне жатады. Медитациялау - құбылыстар, объектілер, фактілер арасындағы маңызды қатынастар мен байланыстарды ашу. Бұл әрекет ақыл-ой логикасы арқылы жүзеге асады: салыстыру, талдау және синтездеу, абстракциялау, жалпылау және нақтылау. Репродуктивті іс-әрекет оқушының дайын ақпаратты есте сақтауымен, түсінуімен, қабылдауымен, кейін қайта есте жаңғыртуымен сипатталады. Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты - білім, білік, дағдыларды қалыптастыру, зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту ( бұл оқушының дайын ақпаратты қабылдау, түсіну, есте сақтау, жаңғырту әрекеті ) .
Белгілі орыс педагогы В. Сухомлинский өз шығармаларында төменгі сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға көп көңіл бөлген. Оның зерттеулерінің мәні - оқушылардың логикалық есептерді шешу процесін зерттеу мен талдауға бағытталды, сонымен бірге ол балалардың ойлау ерекшеліктерін эмпирикалық түрде ашты. Осы бағыттағы жұмыс туралы ол «Жүрегімді балаларға арнаймын» кітабында: «Бізді қоршаған әлемде мыңдаған міндеттер бар. Оларды халық ойлап тапқан, олар халық өнерінде жұмбақ әңгіме болып өмір сүреді».
Сөзсіз, әрбір мұғалім оқушылардың логикалық ойлауын дамытуы керек. Логикалық ойлауды қалыптастыру-педагогикалық процестің маңыздығ ажырамас бөлігі. Оқушыларға өз қабілеттерін толық көрсетуге, кез-келген бастаманы бастаманы, тәуелсіздікті, шығармашылық әлеуетті дамытуға көмектесу-қазіргі заманауи мектептің негізгі міндеттері болып табылады.
Оқыту - екіжақты процес: оқушы да, мұғалім де қатысты; мұғалім оқушыларды жетелейді, білім алуға бағытталған бағыт-бағдар береді.
1. Математикалық логиканың шығу тарихы
Математикалық логиканың алғаш қалай пайда болғаны нақты белгісіз. Оның пайда болуын ғалымдардың көпшілігі ежелгі Грециямен байланыстырады . Алғаш математикалық логика туралы орта ғасырда Греция ғалымы Аристотельден бастау алған. Аристотельдің және басқа ғалымдардың еңбектері жинақталып, «ескі логика» деп есептелген. Қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін салушылар Лейбниц, Готтлоб Фреге мен Джузеппе Пеано т. б. дамуына зор үлес қостып, ықпал етті. Буль алгебрасы және таңдау аксиомасының дамуына Буль Джордж мен Кантор Георг ықпал етті. Августус Де Морганның белгілі Морган заңдарын, логикалық терістеу, конъюнкция, дизъюнкция, символикалық логика мен Венн диаграммаларын дамытуда зор үлес қосты.
Математикалық логика нені зерттейді? Математикалық логика ұсыныстарды зерттейді. Ұсыныс -тұжырым. Ол шындықты немесе шындықты екіжақты айтуға келетін тұжырымның түрі.- 12+8=26
- 32=6.
- Латын америкасында 1864 жылы су тасқыны болды.
12+8=26 шындық
3 2 =6 жалған
Үшінші пікір шын да, жалған да болуы мүмкін. Сондықтан ол ақпаратты тексеріп барып, шын екенін, я жалған екеніне көз жеткізу керек.
Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат - өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлғаның бойындағы батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
- шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
- жүйелі түрде шығармашылық әрекет жайында болу;
- шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру.
Баланың іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз - баланы ойлай білуге үйрету болып табылады. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпестен бұрын соған үйреткен дұрыс. Ойлап үйрену үшін оқушының зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту керек. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын (шығармашылығын) дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді, іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі - оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде басқару, оқушылар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді. Әйтсе де бұл баланы қайткенде де неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды. Шығармашылық жаттығулар ұсынылғанда, балалардың алдындағы мақсатқа өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете алмайтын проблемалық жағдай пайда болып, ол баланың интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін. Осының барысында бала жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс-әрекеттер орындауға талпынады. Шығармашылық тапсырмалар балалардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі. Мектепалды даярлық балаларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз. Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып білу үшін ерекше айқын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асырылады.
Талдау - бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
- қызығушылығын арттыру;
- ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
- шығармашылық ізденісін дамыту.
- логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:
- Машық. Сергіту;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау) ;
- Іздену тапсырмаларын орындату;
- Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz