Көркем шығармадағы түс көру ұғымы


ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БІЛІМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛІГІ
AБЫЛAЙ ХAН AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ХAЛЫҚAPAЛЫҚ ҚAТЫНACТAP ЖӘНE ӘЛEМ ТІЛДEPІ УНИВEPCИТEТІ
Шығыcтaну фaкультeті
«5B021016- шeтeл филологияcы: қытай-ағылшын тілдері»
мaмaндығы
Жобaлық жұмыc:
Қазіргі Қытай прозасындағы түс және айна сарыны
(Цан Сюе шығармалары негізінде)
Оpындaғaн:412-топ студенті Мұхтар Алтынай
Ғылыми жeтeкшіcі: ф. ғ. к., пpоф. Қaйpaт Ғaбитхaнұлы
Қоpғaуғa жібepілді
Кaфeдpa мeңгepушіcі
Бүpкітбaй Г. Ж.
Aлмaты, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
Көркем шығармадағы «түс көру» ұғымы
1. Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
1. 1. Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы . . .
1. 2. Әбіш Кекілбаев туындыларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі
көрінісі
КІPІCПE
Жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы. Қытайдағы қазіргі заманғы әдебиеті динамикалық және күрделі, бұл оқырманды 1978-1982 жылдары өз шығармаларын жариялаған әр түрлі авторлардың әңгімелерімен таныстырады. Дәл осы кезде жиырма жылдық үнсіздіктен кейін әдебиетке қайта оралған жазушылармен бірге дарынды прозашылардың тұтас галактикасы пайда болды, олардың шығармашылығы реалистік қытай прозасының жаңғыруы мен дамуына жаңа үлес қосты. Бұл шығармашылық бағыттағы жазушылар шындықты жаңғыртудың қатаң дәлдігіне ұмтылады. Олар өздерінің қиялдарының фактілерге әсер етуіне және эмоцияларының сөздік риторикаға айналуына жол бермейді. Олардың шығармалары өмірдегі оқиғаларға иллюстрация емес, тәжірибенің нағыз шежіресі.
Зepттeудің өзeктілігі. Оқырманға ұсынылған қытай прозасы - бұл біздің замандастарымыздың Қытайдағы әңгімелері, бұл біздің заманымызға қатысты проза, бірақ ол қазіргі өмірде барлығына қатысты болып қала береді; бұл проза, өмір құбылыстарын түсінудің жаңа деңгейіне көтеріліп, жалпы адамзаттық құндылықтарға төзімді. Осындай прозамен, оқиғаларды субъективті-лирикалық немесе лирикалық-публицистикалық қамту жанрындағы дәстүрлі баяндау жанрымен, сондай-ақ композицияның толық бос екендігін көрсететін прозамен танысасыз: уақыт ішінде батырлардың еркін қозғалысы, прозада ассоциативті ауытқулармен және авторлар мен олардың кейіпкерлерінің бүгінгі күннің негізгі мәселелеріне негізделген жауаптарымен таныстыратын боламыз.
Зepттeу ныcaны: Қытай прозасындағы түс және айна сарыны
Зepттeудің мaқcaты мен міндеттері:
1) "Арман" ұғымының мағынасын және түс көру мәтіндерінің көркемдік ерекшеліктерін анықтау; ақындар шығармашылығындағы әдеби армандардың семантикасы мен құрылымын талдау;
2) Қытай прозасында айна сарыны мен түс көру туралы жазылған шығармаларды зерттеу.
3) Жазушылар поэтикасындағы ұйқы мотивінің функциялары мен орнын анықтау;
4) Шығармалардағы түс көрудің кейіпкерлерге қандай ішкі сезім тудыратынын көрсету
Зepттeу әдіc-тәcілдepі.
Жұмыcтa зepттeудің лингвиcтикaлық әдіc-тәcілдepінің біpнeшe түpі пaйдaлaнылды. Aтaп aйтcaқ, cипaттaмa жacaу, caлғacтыpу, aудapу, талдау, жіктeу әдіcтep қолдaнылды.
Зepттeудің тeоpиялық мәні.
Жобa жұмыcының тeоpиялық мәні - жобa жұмыcының нәтижecінде түс көру, айна сарынын енгізу арқылы кейіпкердің өткенін, нақты осы шақта өтіп жатқан өмірінің маңызды жақтарын білуімізге болады.
Жоба жұмысының практикалық мәіні - қазіргі қытай заман әдебиет шығармалары негізінде айна сарыны мен түс көру мотивін анықтап, талдау жүргізу.
Жобaның ғылыми жaңaлығы. Зepттeу ныcaны бойыншa мынaдaй мәceлeлep aлғaш peт шeшімін тaпты:
- Цан Сюе шығармаларындағы символикалық мағынадағы образдарына сипаттама жүргізілді;
- Қазақ тілінде жазылған ұқсас көркем шығармадағы «түс көру» ұғымына талдау жасау;
Жобa жұмыcының мaтepиaлдapы мeн дepeккөздepі.
А. Ә. Кенжебаева «Әйелдер прозасының поэтикасы» атты қытай және қазақ әдебиеттерінің негізінде жазылған кітабы, Сабаева Гүлбаршын - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ІІ курс магистранты жазған «Көркем шығармадағы «түс көру» ұғымы» еңбегі, «Айнаның алдындағы адам» жағдайы М. М. Бахтиннің шығармасы және де қытай тіліндeгі интepнeт caйттapы мен дepeккөздepдeн aлынды. Зерттеуге қазақ жазушыларының поэтикалық шығармалары, сондай-ақ шетел әдебиетінің кейбір көркем туындылары салыстыру, жалпылау және қорытынды жасауға пайдаланылды.
Жобa жұмыcының құpылымы. Жобa жұмыcы кіpіcпeдeн, үш тapaудaн жәнe қоpытындыдaн тұpaды. Жұмыcтың cоңындa пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тізімі және продукт ұсынылады.
Кейіпкердің жан-дүниесіне үңілу оны әр қырынан танытатын көркемдік құралдарды пайдалану жазушы шеберлігіне талантына байланысты. Осы заманғы әдебиеттің даму жағдайымен сәйкес уақыт қойып отырған міндеттің бірі «адам жанының диалектикасын» ашу (Н. Г. Чернышевский), кейіпкердің рухани өміріне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау, адамның ішкі дүниесінің құпиясын ашу. Түс көру - ежелгі дәуірден бері бүкіл әлем бойынша мифтерде, эпостарда, діни шығармаларда, тарихи шежірелерде, көркем әдебиет пен поэзияда кездесетін жалпы сюжет, әдеби әдіс. Әдеби әдіс ретінде түс көру "бүкіл шығарманың және оның құрамдас бөліктерінің формальды құрылысы мен көркемдік құрамының, актерлердің идеологиялық және психологиялық сипаттамаларының және сайып келгенде, автордың көзқарастарын ұсынудың көптеген мақсаттарына қызмет етеді" Соңғы онжылдықтарда әдебиеттануда мотив талдауға деген қызығушылық артты, өйткені мәтіннің ең кішкентай семантикалық элементі ретінде жеке мотивтің мысалында белгілі бір мәтіннің ғана емес, сонымен бірге бір автордың немесе белгілі бір кезеңнің бүкіл жұмысының ерекшеліктерін анықтауға болады. Әр дәуірде ең маңызды болып табылатын, ең үлкен семантикалық жүктемені көтеретін мотивтерді талдау ерекше қызығушылық тудырады. Ұйқының мотиві-бүкіл әлем әдебиетіндегі ең кең таралған әдеби талдау, бірақ әсіресе оның даму кезеңдерінде мистицизмге деген қызығушылықтың жоғарылауымен, ең алдымен ойлаудың романтикалық түріне тән жердегі шындықтан тыс идеалға ұмтылумен сипатталады.
«Өнер - ұлттық сананың тікелей көрінісі» десек, түс көру - бүкіл адамзаттық сананың көрінісі санадағы сезімдік процесстің өмірдегі, жеке адам санасындағы сәулесі, нақты қорытындысы.
Адамзатпен бірге туып, бірге қалыптасқан ойлау процессінде, іс-әрекеттерде ерікті және еріксіз түрде жүзеге асырып жататын психологиялық, биологиялық, табиғи құбылыстың құпиясын, ғажайып сырларын ұғынуға, сезініп білуге деген талпыныс еш толастаған емес. Негізгі адамның түс көруі туралы алғашқы ұғым-түсініктер ежелгі діни наным-сенім негізінде қалыптасқан. Өйткені ешқандай информация хат-хабар жоқ кездерде түс солардың қызметін атқарғаны аян. Түс көрудің алдыңғы орынға шығуы, соған елдердің имандай сенуі, сол арқылы келешекті де сәуегнейлікпен сезінуі, болашақты болжауы, келер қауіптен қорғануы т. б. соның бірден-бір дәлел болса керек. Оның сан алуан көркемдік көріністері біздің төл әдебиетімізде, әсіресе көне эпостарда кестелі бейнеленген және оны ақын-жыраулар өз ойларын айшықтау үшін қолданған. Әсіресе түс жорудың символикасы, этнографилық маңызы, өзіндік қалыптасқан дәстүр тағлымы, сән-салтанатының өзі қойнауы құпия сырға толы ғажап дүние.
Түс көру мотиві шығармаларда жекелеген адам ойына келе бермейтін, қиялына сыймайтын түсініксіз, таңғажайып, сенімсіздеу оқиғаның орын алып, сөз өнерінде өзіндік өрнекпен өріс алуына шексіз мүмкіндік береді. Түс көру тәсілінің көркемдік еркіндігі мен мүмкіндігі, ойны ойнатып берудегі, қиялды қанаттандырудағы, күрделі психологиялық жағдайды талдаудағы ешбір көркемдік тәсілге теңеспес, түрлік формалардың көркемдік қызметі шексіз.
Әдеби түс көруде кейіпкердің ішкі жан әлемін психологиялықтұрғыдан нанымды бейнелеу басым түсіп жатады. Ол түстің спецификасын, табиғатқа тән құбылыс екенін естен шығармау керек. Ұйқы күйінде біз "шындық санатын" жоғалтамыз; сана арманның құшағында және өз қиялының құрылымдары арасында өмір сүруден басқа мүмкіндігі жоқ. Ұйқының мазмұны ең алдымен визуалды. Түсінде тіпті сыртқы ынталандыру-дыбыстар, бөлмедегі температураның өзгеруі секілді-арман әлемінде бар нәрсе ретінде қабылданады. Шынайы әлеммен байланыстың жоғалуы ұйқының күйі мен ояту күйінің арасындағы айырмашылықты көрсететін екі маңызды нәтижеге ие. Біріншіден, ояту кезінде әлсіз немесе тез кететін көрнекі бейнелер түсінде тұтас көріністерге немесе суреттерге айналады. Ояну кезеңінен айырмашылығы, әртүрлі оқиғалар біздің назарымыз үшін бір-бірімен таласқан кезде, түсінде оларға назар аударуға ештеңе кедергі болмайды. Екіншіден, түс көру - психиканың сезімді сюжеттік құрылымды құрайтын образдарға шоғырландыру қабілетінің таза мысалы.
«Түс көру» ұғымын зерттеген З. Фрейдтің түсінігінше, түс көру ұғымы сана әрекетімен болатын құбылыс. «Түсті талдау арқылы оның сезімге толы, мазмұнға бай ой барысын алмастырушы болып табылатындығы анықталды. Осы ойлардың негізінде түстің түзілу процесі жайлы әзірге айта алмаймын. Бірақ, түс көруді ұйқы кезінде мидың жеке жасушалар тобының оқшау іс-әрекеті нәтижесінде құралатын, психикалық жағынан мәнсіз, тек ағзалық құбылыс ретінде қарастыру дұрыс емес екендігін түсіндім»дейді. Фрейдтің айтуы, талдауы бойынша, түс көргендегі адамның түсіндегі іс-әрекеттер алдын-ала ойланған, армандаған, жоспарлаған іс-әрекеттердің жиынтығы екенін өз еңбегінде дәлелдеп көрсетіп берді. Біз көркем шығарманы талдағанда да, түс ұғымының кейіпкер санасында болып кеткен армандаған көріністері екендігін аңғаруымызға болады. Мұның көркем шығармадағы іс-әрекеттерге де соқпай өтпеуі мүмкін емес екенін аңғарамыз.
«Біріккен түстегі жағдайды бейнелеуде бәрінен бұрын оның астарындағы жасырын ойлар, әрине жарамды болуы керек, яғни, барлық құрамдас бөлімдердің бір немесе бірнеше жалпы элементтері айқын көрінуі қажет. Түс құдды бір Фрэнсис Гальтонның жинаған отбасылық фотосуреттері тәрізді. Түсте әртүрлі құрамдас бөлімдер біріктіріледі. Сондықтан түсте ортақ элементтер ғана көрінсе, ал қарама-қарсы бөлшектер бір-бірін жояды деп қарастыруға болады. Мұндай процесс түстің сан алуан элементтерінің ретсіз шатасуымен түсіндіріледі. Осыған орай, түсті жорыған кезде, келесі ережені ұстанған жөн: егер де талдау кезінде қандай да бір жұмбақты немесе-немесе арқылы шешу мүмкін болса, ал жоруда бұл баламаны және арқылы қарастырып, түспен жұмыс негізінде алынған ойлардың тәуелсіз қатары үшін әрбір мүшені бастапқы пункт етіп алмастыру керек»
Түс - адам жанының, адам өмірінің, тағдырының жұмбақ сырлары сақталған жан сарайының құпия көріністері сияқты. Атақты психолог ғалым З. Фрейд «Түс көру - мидың аса маңызды, ерекше тілі» - деп тегін айтпаса керек.
Көркем әдебиеттегі түс көру және айна сарындары алуан түрлі қызмет атқарады. Түспен айна-көркем шығармада шартты нәрселер. «Сон - это семиотическое зеркало, и кажый видит в нем отражение своего языка», «сон - знак в чистом виде, так как человек знает, что есть сон, видение, знает что оно имеет значение, но не знает - какое. Это значение нужно расшифровать. Он говорит с человеком на языке, понимание которого принципиально требует присутствия переводчика. Сну необходим истолкователь - будет ли это современный психолог или языческий жрец», - деп жазады Ю. Лотман өзінің «Культура и взрыв» атты еңбегінде. Осылайша, түс ең алғашқы рет мәтін ретінде интерпретацияға ұшырайды. Сондықтан түстің мәтінде берілу промблемасын «мәтін ішіндегі мәтін»-деп анықтама береді. Ал Қ. Әбдезұлы: «Көркем әдебиеттегі түс көру тәсілінің ең басты көркемдік қызметі-психологиялық нақтылықты дәл бейнелейді», -дейді.
Жалпы көркем шығармады түс көру тәсілін, айна сарынын қолдану-көркем идеяны ашуда белгілі бір қызмет атқарып тұрғанын байқауға болады. Г. Пірәлиева түс сарыны туралы: «Фольклордағы түс көру бір тегіс, бір бағытта, яғни хабар алдын-ала болжаудың міндетін атқарса, прозадағы түс көру тәсілі-образ бен ой айшықтауда, кейіпкердің характерін психологиялық өмірдің заңдылығына сәйкес сомдауда, ұйқы мен ояну мезеті арасындағы жан қозғалыстарын байланыстыра бейнелеуде, түстен кейінгі адам санасы мен іс-әрекеттеріндегі психологиялық түзілістерді тереңдей талдауда таптырмас құрал бола алады», -дейді.
Халық танымында да түс және оны жору құбылыстары күнделікті күйбең тіршілікпен қатар жүретін процесс. Түсті қазақ халқының киелі санап, қадір тұтқаны соншалық, түсті діндар, сәуегей, түс жорушыларға, тіптен болмаса үлкен жасы ұлғайған дана қарияларға жорытып, түс садақасын беруі әуел бастан келе жатқан салт-дәстүрдің бір көрінісі. Халықтық философияда түстің алар орны ерекше. Бұл барлық ұлттарда кедесетін дәстүр. Ал осы адамға әлі жұмбағы беймәлім құбылыстың ғалымдар арасында даудамай туғызып келе жатқаны былай тұрсын, қарапайым халықтың «Түс түлкінің . . . » деп қарайтындары тағы бар. Бұл тәсіл - әлі де үлкен зерттеулерді қажет ететін тәсіл. Біз бұған түс және оның зерттелуіне қатысты материалдар жинауда, автор шығармаларында анализ жасауда көз жеткіздік.
Ресейлік ғалым В. В. Коженов «К вопросу о стилевых традициях» - деген мақаласында «адам - әлемді, ғалам - әдемді тану түс көру табиғатын танумен тең, өмірдің өзі түс» екенін айтады.
Ю. Лотман:" арман - бұл семиотикалық айна, және әркім оны өз тілінің көрінісі ретінде көреді"деген.
Әдеби шығармадағы арман-бұл мәтіннің ерекше фрагменті, ол келесі ерекшеліктерге ие: максималды тығыз, схемалық, символизмнің көптігі (нәтижесінде мәтіннің кішкене бөлігінде негізгі семантикалық жіптер мен мотивтердің шоғырлануы), бүкіл шығармаға стильдік сәйкессіздік. Ұйқы-бұл ашықтықтың қауіпсіз себебі. Эмоционалды көрме арман туралы әңгімеде рұқсат етілген шектердің, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін санкциялардың практикалық болмауымен байланысты.
Композициялық элемент ретінде ұйқы функциялары:
- суреттелген оқиғаларға түсініктеме беру және бағалау.
- кейіпкердің психологиялық сипаттамасы
- шығарманың идеялық мазмұнын түсіну.
- жанның хабары
- "пайғамбарлық дауысы" - Құдаймен қарым-қатынас
Ортағасырлық поэзияда арман жақтау құрылымының ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады (мысалы, әйгілі "Раушан туралы Роман", Фруассардың "Махаббат қазынасы" трактаты, Эсташ Дешанның "Махаббат лэ", Рауль де уданның "жер асты әлемі туралы арман"өлеңдері) . Кейде ол прозада да кездеседі (Ален Чартьердің" төрт дауысты инвективті", 1422) .
Түс қазақ әдебиет тарихын жаңа заманмен үндестіріп, жаңаша қалыптасуын негіздейді.
Мәселен, Д. Мамырбаева оның «Бойжеткен қыздың екі арманы» атты шығармасында әжесі балауса қызға: «Бұл айна ақсүйектер мен ханшалар ғана қолына ұстай алатын қат дүние болған кезінде», -деп айна әдемілікті одан сайын сұландырып, соғыстың тоқтауына себепкер болғаны туралы түсіндіріп өтеді. Бұл мысалдардан қазіргі қытай және қазақ прозасының мистикалық сарынында жетекші рөл атқараып, жиі қолданылып жүрген «айна» сарының жетекші рөл атқарып, жиі қолданысын байқау қиын емес. Мифологиялық таным бойынша айна екі әлем арасындағы шекара ретінде, өлімнің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылған. Мұнда айна адамның өзіне, өзінің ішкі жан сарайына терең үңілуінің нәзік құралы ретінде алынады. Кейіпкер өзін көріп, былай мойындауға мәжбүр «Ұсқыны кеткен мына әйелден өз басым аулағырақ жүрер едім». Әңгіменің өң бойында кейіпкер айнаға бірнеше мәрте қарайды. М. Омарова да айнаны кейіпкержан дүниесін толықтырып, тұратын көркемдік деталь ретінде қолданады. Айна - жазушы арулардың шығармашылығындағы айшықты прозаның көрінісін беретін атрибут. Қаламгер арулар туындыларындағы айна лейтмотиві - әйелдің айнала қоршаған әлемді, оның алғашқы танымдық қасиеттерін тануын мегзеп тұрғандай.
Айна лейтмотивін өз туындыларында көп қолданған тағы бір жазушы - Цан Сюе. Цан Сюенің «Өгіз» әңгімесінде де мистикалық қуат басым. Елес, қиял, арман шегіне жеткізіле әсіреленеді. Көркем туынында айна мифологемі арқылы уақыт пен кеңістік ықшамдалып, жинақталады. Бұл туынды арқылы нәзік жанды әйел санасының дағдарысы бейнеленеді. Шығармадан енген сайын экзистенциялық әдебиет еске түседі. Бұл айна сарай - адамның жады. Автор кейіпкері айнамен сұхбаттасады, сан түрлі сұрақтар, сауалдар қояды. Санасын құлазу меңдеген атордың танымында ақыл-ес ақыры салтанат құрады. Әңгімеде тылсым қабаттар сан бояулы. Негізгі кейіпкер есімі беймәлім, себебі ол сіз бен біз. Нәзік жанды өмірдің мағынасы тураы толғанады, өзіндік пайымдаулар жасайды. Цан Сюенің кейіпкерлері әрадйым жалғыз, тек бір сәт қана өзге адамның жан дүниесімен жанасып қалады. Жазушы арулар сондай-ақ шығармаларында қала кеңістігі туралы сөз қозғағанда ағаш бейнесін күшті деталь ретінде алып қарастырады: қазақ әдебиетінде бұл - терек, шие немесе алма ағашы болса, қытай әдебиетінде шабдал, құрма ағашы немес тал ағашы. Тал ағашы әйелдер прозасында терең мұңмен қасірет символы.
Қазақ әдебиетінде «түс көру» ұғымы зерттелген мәселелердің бірі болып табылады. «Түс көру»құбылысы фольклорлық әдебиеттерде, қисса-дастандарда, эпостық және лиро-эпостық дастандарда кездеседі. Бұл дастандарда түс көру құбылысы аян беру ұғымын білдірген еді.
Қазіргі психологизм ұғымын зерттеп жүрген Г. Піралиева осы аспекті жөнінде толық мәлімет беріп кеткен.
Түс көру ұғымы Жүсіп Зылиха дастанында сәуегейлік қызмет атқарады. Зынданда жатқан Жүсіптің бостандық алуына жол береді. Перғауынның түсінде«жеті аш сиыр жеті семіз сиырдың жеп жатуы», бұл сол елдің басына төнген ашаршылық болудың белгісі еді. Ал, батырлар жырында да, түс сәуегейлік қызмет атқарғандығы белгілі болып отыр. Біз осы аталған түс ұғымына көп тоқталмай ақ қояйық. Бұл зерттелген мәселелердің бірі болып табылатындықтан, басқа да зерттелмеген аспектілерді қарастырғанымыз жөн болар деп ойлаймын. Сондай ақ, қазақ әдебиетінде кездесетін қисса-дастандарда да түс көру ұғымы сәуегейлік қызмет атқарған. Мәселен, Алпамыс батыр жырында, Алпамыс дүниеге келер сәтінде анасы түс көреді. Түсінде аян беріледі. Бозжігіт дастанында да, Бозжігіттің түсіне сұлу қыздың еніп, өзіне шақыру мотиві кездеседі. Мұнда Бозжігіт сол сұлу қызбен әр жылда кездесіп, көрісіп, мауқын басып тұрады да, ақыры артынан сол қызды іздеп досымен алыс сапарға шығады.
Психологизм зерттеушісі Г. Пірәлиеваның айтуы бойынша, көркем шығарманың негізі - адам баласы. «Мақтадай жұмсақ, тастай берік» болуы адамның сезімдеріне байланысты болса керек. Ал, қазақ әдебиетінде адам баласының жанына көңіл бөлу ХХ ғ. басында басталды. Бұл жөнінде жоғарыда айтып кеткенбіз. Көркем шығармада адам баласы арқау болғандықтан да біз, адам жанының құпиясына терең үңіліп, жан сарайын аша білуіміз қажет. Түс ұғымы көркем шығармада кейіпкер әлемінің құпиясын аша түседі деп айтсақ қателеспеген болар едік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz