Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 1. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.

1 тапсырма : Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»

2 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!

Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер) .

№1. Көшеден ақша мен шетел азаматы Джеймс Хаттың атына құжаттары бар әмиян тауып алған Матвеев оның тұрған жерін қонақүйлер мен анықтама қызметтеріне телефон шалып ұзақ іздеді. Соңында Джеймс Хаттың «Еуропа» қонақ үйінде тұрғанын, бірақ 15 минут бұрын әуежайға шығып кеткендігін біледі. Матвеев дереу жеке көлігімен әуежайға шығады. Кешігіп қалудан қорыққан ол қозғалыс жылдамдығын көтеріп, оған мемлекеттік автобақылау қызметкері айыппұл төлетеді.

Әмиянда болған суреттерінің бірінен таныған ол әуежайдың ғимаратына кіргенде Джеймс Хатты көреді. Өз әмиянын қайтарған Джеймс Хат қатты қуанады, қазір ұшып бара жатқанына өкініп, Матвеевқа алғыс айтып, онымен бірге кешкі ас ішкісі келгенін айтады. Хатт өзін шығарып салып жатқан танысы Лисьевтан бұл тапсырманы орындауды сұрады.

Хат ұшып кеткен соң Лисьев Матвеевқа мейрамханаға баруға ұсынады. Өз кезегінде Матвеев бас тартып, мейрамханаларға баруды ұнатпайтынын, бірақ ақшалай сыйақыдан бас тартпайтынын, себебін айыппұл төлегенін, әуежайға келу үшін бензинге ақша төлегенін, оған қоса ақылы анықтамалық телефон қызметін пайдаланғаны үшін есеп келетінін айтып түсіндіреді. Лисьев Матвеевтың өтінішін орындауға қуанышты болатынын, алайда ол Джеймс Хаттың алдында тарсырманы орындағаны жөнінде есеп беру керектігін, есепке мейрамханаға төлеген есеп шотты қоса тіркеу керектігін мәлімдейді. Егер Матвеев шақыруды қабыл алса, ол онымен бірге кешкі ас ішуге қуанышты екенін айтады. Бұл туралы Матвеев заңгерге айтады. Оған қандай жауап берілуі тиіс?

№ 2. Электр беретін жоғары вольтты желілердің құрылысы үшін жер учаскесін бөлу кезінде әкімшіліктің шешімімен Мацневтың сарайы орналасқан жер учаскесі алынып қойылады. Мацневке жер учаскесінің бір бөлігін жоғалтқаны үшін оның учаскесі орналасқан жердегіжолдың арғы жағынан алынған жер бөлігіндей жер учаскесі беріледі. Мацнев сарайын жаңадан берілген учаскеге көшіреді және әкімшілікке сарайдың құнын, сарайды жаңа учаскеге көшіру үшін кеткен шығындарды, оған қоса жаңа учаскеге құжаттарды уақытында рәсімдемегені және рұқсатсыз сарай құрылысы үшін Жер ресурстары бойынша комитет алып қойған айыппұлға төлеген төлемдерді сұрап талап қояды.

Мацневтың ойынша, учаскеге құқықтарды рәсімдеу, сонымен қатар сарайды көшіру жер учаскелерін алып қою және бөлу жүзеге асырылған әкімшіліктің міндетіне жатады.

Мацневтың ұстанымы дұрыс па? Бұл жағдайда қандай құқықтық қатынас орын алды?

№ 3. Автор-орындаушы Беренбаум өзінің досы Кулагинде қонақта отырып бұрын еш жерде орындалмаған жаңа ән орындайды. Музыкалық мектепте оқитын Кулагиннің ұлы мәтінді есіне сақтап алып, естігені бойынша музыканы таңдап, жас орындаушылардың конкурсында орындайды. Ән жазылады және одан әрі кассеталарда бірнеше мәрте айтылады. Жас орындаушылардың альбомын құрастыру кезінде дыбыс жазу студиясы бұл әнді жинаққа енгізбекші болады, алайда бұл туралы

Беренбаум біліп, оның туындысын пайдалану туралы өзімен шарт жасасуды талап етеді.

Студияның өкілі Беренбаумның автор болып табылатыны жөнінде ешқандай мәліметтің жоқтығын, бірінші орындаушы болып Кулагиннің ұлы екенін табылатындығын айтады. Егер Беренбаум әннің авторы өзі екенін дәлелдеуге мүмкіндігі болса, студия туындыны пайдалану жөнінде онымен шарт жасай алады. Бұл дауда кімдікі дұрыс?

Ұсынылатын қайнар көздері:

Әдебиеттер

1. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз // http://adilet. zan. kz/.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесімен 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған // http://adilet. zan. kz/.

3. Сулейменов М. К. Избранные труды по частному праву (2011-2016) . Т. 1 / М. К. Сулейменов. Гражданское право. - Алматы, 2016. (стр. 126-162) .

4. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 1 / М. К. Сулейменов. Часть первая. Историческая. - Алматы 2016. - 400 с.

5. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 2 / М. К. Сулейменов. Часть вторая. Теоретическая. Раздел 1. Общие проблемы гражданского права. - Алматы 2016. - 576 с.

6. Рамазанова А. С. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім) : оқу құралы. - Өскемен: C. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. - 130 б.

Тақырып 2. Азаматтық-құқықтық қатынас. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.

1 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!

Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер) .

№ 1. Он үш жасар Витя Морозов «Жас техник» журналындағы байқауға көпірлерді ажыратуға өзен ағысының күшін пайдалану жөнінде ұсынысын жібереді. Оның ұсынысы бірінші сыйлықты иеленеді, журнал редакциясы Витяға өнертабысқа патент беру үшін өтініш рәсімдеуді ұсынады. Витяның ата-анасы өнертабыстың авторы ретінде Витяға небары 13 жас қана, және ол өнертабысқа патентпен байланысты барлық құқықтар мен міндеттерді өздігінен жүзеге асыра алмайтын болғандықтан ата-анасының біреуі көрсетілуі керек деп ойлайды. Өз ойларын нақтылау үшін ата-анасы таныс өнертапқышқа барады, ол ата- аналардың автор болып танылуының құқыққа сайлығына күманданады, бірақ оның ойынша Витя да өнертабысты жасаумен байланысты құқықтар мен міндеттердің бүкіл кешенін өздігінен іске асыра алмайды.

Білікті түсініктеме алу үшін ата-анасы заңгерге жүгінеді. Оларға қандай жауап берілуі тиіс?

№ 2. Иванова анасының өлімінен соң мұрагерлік бойынша тұрғын үйге ие болды. Оның өзінде тұратын үй болғандықтан ол мұра бойынша алынған үйді сатпақшы болады. Өз әйелінің тәжірибесі жеткіліксіз деп ойлаған оның жұбайы үйді міндетті түрде оның келісімімен ғана сататыны жөнінде әйелінен қолхат талап етеді. Біраз уақыттан соң жұбайы ұзақ іссапарға кетеді. Ол жоқ кезде Иванова Ларионовқа үйді сатады. Іссапардан оралғанда үйдің сатылғаны жөнінде білген Иванов Ларионовтан үйдің құнына 30 % қосып төлеуді немесе оның келісімінсіз сатылған үйді қайтаруды талап етеді.

Ларионов баға үйдің меншік иесі болып табылатын Ивановамен анықталғандығына сілтеп, қосымша ақша төлеуден де, үйді қайтарудан да бас тартты. Иванов мәмілені жарамсыз деп тану туралы Ивановаға да, Ларионовқа да сотқа талап қойды. Ол талап арызында жұбайының өзіне жүктелген жазбаша міндеттемелерді бұзу арқылы мәміле жасағандығына сілтеме жасады. Сот қандай шешім шығаруы тиіс?

№ 3. Жергілікті әкімшіліктің шешімі бойынша он сегіз жасқа толмаса да, он жеті жасар Васильеваға азамат Федоровпен некеге тұруға рұқсат беріледі. Неке тіркелгеннен кейін Васильева басқа ауылда тұратын жұбайына көшу ниетімен өсиет бойынша ие болған үйді сатпақшы болады. Ауылдастарының арасынан үйге тұрақты тұруға ешкім ниет білдірмегендіктен, ол Никитинге үйді 500 АҚШ долларына бұзу үшін сатады.

Васильеваның ата-анасы бұл мәмілеге қарсы болды. Олардың ойынша, үйді бұзу үшін сатпау керек еді, өйткені ол жақсы күйде тұр және олар үлкен сомаға тұрақты тұру үшін үйді алатын сатып алушыны тапқан.

Васильева Никитинмен шартты жасасып қойғанын, оны өзгерту мен бұзуға ниеті жоқ екендігін айтады. Ата-анасы кәмелет жасқа толмаған қызының олардың келісімінсіз Никитинмен жасасқан шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді. Істі шешіңіз.

Ұсынылатын қайнар көздері:

1. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз // http://adilet. zan. kz/.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесімен 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған // http://adilet. zan. kz/.

3. Сулейменов М. К. Избранные труды по частному праву (2011-2016) . Т. 1 / М. К. Сулейменов. Гражданское право. - Алматы, 2016. (стр. 126-162) .

4. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 1 / М. К. Сулейменов. Часть первая. Историческая. - Алматы 2016. - 400 с.

5. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 2 / М. К. Сулейменов. Часть вторая. Теоретическая. Раздел 1. Общие проблемы гражданского права. - Алматы 2016. - 576 с.

6. Рамазанова А. С. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім) : оқу құралы. - Өскемен: C. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. - 130 б.

7. Юридические факты как основания возникновения, изменения и прекращения гражданских правоотношений: Материалы международной научно-практической конференции (в рамках ежегодных цивилистических чтений) / Отв. ред. Сулейменов М. К. - Алматы: «Дәуір-Кітап», 2016. (стр. 11-54) .

Тақырып 3. Азаматтар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде

1 тапсырма ҚР Конституциясынан негізгі азаматтық құқықтарды жазу

2 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!

Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер) .

№ 1. 14 жасар Алексей Синицын жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жұмысқа тұрады. Бірнеше айдан соң Серіктестік директорына Синицынның әкесі келеді де баласының бүкіл еңбек ақыны өте қымбат заттарды сатып алуға, ресторандарға барып қыдыруға және т. с. с. нәрселерге орынсыз жұмсайтынын айтып береді. Ал Алексейден басқа екі жас балалар бар болғандықтан, жанұясы ақша жағынан үнемі тапшылық көреді. Оның үстіне Алексейдің анасы денсаулығына байланысты еңбекке қабілетсіз болып табылады.

Директор жанұяның тапшылығын түсінеді де, Алексейдің қолына еңбек ақының тек жартысын, ал қалғанын оның ата-анасына береді. Директордың ірекеті дұрыс па?

№ 2. Борисова өзінің бұрынғы жұбайын өлді деп жариялау жөнінде сотқа өтініш береді. Ол өтінішінде Борисовтың тұрған жері бойынша 5 жылдан ұзақ уақыт бойы мәлімет ала алмағанын, бұған дейін ол алимент төлеуден жалтарғанын, соған байланысты оған іздеу жарияланғанын көрсетеді.

Борисованың өтініші және Борисовтың соңғы тұрғылықты мекенжайындағы тұрғын үй кеңсесінің анықтамасы негізінде хабар- ошарсыз кетті деп тану туралы шешім шығарады және өтініш жазған тұлғаға Борисовты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен соң төрт жылдан кейін оны өлді деп жариялау туралы өтініш бере алатынын түсіндіреді.

Сот дұрыс шешім шығарды ма?

№ 3. Ефимова өзінің күйеуін өлді деп жариялау туралы өтініш жазып сотқа жүгінеді. Өтінішінде Ефимовтың балық аулайтын колхоздың мүшесі болғанын және балықты өңдеу бойынша сейнерде шебер болып жұмыс жасағанын көрсетеді. Тоғыз ай бұрын ол ішімдік ішкен күйінде қайықта болып, суға батып кеткен. Өтінішке жазатайым оқиға жөніндегі акт пен Ефимовтың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан тергеушінің қаулысын қоса тіркейді. Өтініш беруші өз өтінішін күйеуінің өлімін АХАТ органдары соттың шешімінсіз тіркемейтінін айтып, негіздейді.

Сот қандай шешім шығаруы тиіс?

Ұсынылатын қайнар көздері:

1. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз // http://adilet. zan. kz/.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесімен 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған // http://adilet. zan. kz/.

3 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 2015 ж. 29 қазандағы № 375-V.

4. Сулейменов М. К. Избранные труды по частному праву (2011-2016) . Т. 1 / М. К. Сулейменов. Гражданское право. - Алматы, 2016. (стр. 126-162) .

5. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 1 / М. К. Сулейменов. Часть первая. Историческая. - Алматы 2016. - 400 с.

6. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 2 / М. К. Сулейменов. Часть вторая. Теоретическая. Раздел 1. Общие проблемы гражданского права. - Алматы 2016. - 576 с.

7. Рамазанова А. С. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім) : оқу құралы. - Өскемен: C. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. - 130 б.

Тақырып 4. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретінде.

1 тапсырма ЖШС, ҚЖС, АҚ-ның құрылтай шарттарының жобасын құрастырыңыз.

2 тапсырма Заңды тұлғаны тіркеу атты схема жасау.

3 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!

Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер) .

№ 1. «Джон Вуд, Лдт. » фирмасының жалғыз иесі болып табылатын американдық кәсіпкер заңгерден Қазақстандағы кәсіпкерлікті жүргізудің оңтайлы нысаны туралы кеңес сұрады. Кәсіпкер жасамақшы болған фирма келесі талаптарға сай болуы керек:

1. кез-келген коммерциялық және қайырымдылық қызметке ешқандай шектеусіз айналысу мүмкіндігі;

2. компания басшылығының іс-әрекеттеріне барынша толық бақылауды қамтамасыз ету;

3. фирманың қызметі туралы негізгі қаржылық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету (бухгалтерлік есеп, баланс және т. б. ) ;

4. осындай фирманың міндеттемелері бойынша оның капиталына төленетін жарнаның мөлшерін шектеу.

Қорғаушыға сондай-ақ сұрақтар қойылды:

- компания міндетті түрде заңды тұлға бола ма?

- «Заңды тұлға» термині Қазақстан заңында қалай түсіндіріледі?

- Қазақстан Республикасының азаматтарын сондай-ақ мемлекеттік органдарды фирманың құрылтайшылары ретінде тартуға болады ма?

Қорғаушы атынан кеңес беріңіз. Сіз қандай заңды тұлғаны құруды ұсынасыз?

№ 2. «Вандерлес, Коробкин және компания» толық серіктестігінің үш қатысушысының бірі Федоров мырза, «MOST» акционерлік қоғамына пайдалы мәміле жасауды ұсынды. Келісімге қол қою өкілеттігін растау кезінде Федоров:

- Толық серіктестіктің құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі, оның негізінде Федоров оның қатысушысы болып табылады;

- Толық серіктестіктің жалпы капиталының 80%-на иелік ететін

«Вандерлес» Федоровқа тиісті мәміле жасау құқығына сенімхат берген;

- Коробкин мырзаның құрылтай құжатта серіктестіктің істерін басқаруға тапсырылған өз қолжазба хаты, ол келісімшарттың жасалуына

қарсы емес екендігі айқын көрсеткен;

- Федоровтың мекен-жайы және телефон нөмірі көрсетілетін визитка.

Федоровтың өкілеттігін растау үшін қандай құжаттар қажет?

№ 3. Белгілі кәсіпкер және меценат Арқанов заманауи қолданбалы өнерді насихаттау үшін мұражай құруға және жас суретшілерге өздерінің көрмелерін ұйымдастыруға көмектесуге шешім қабылдады. Заңгермен әңгімелесу барысында Арканов мұражайдың құрылысын қаржыландыруға дайын екендігін және болашақта мұражай өзі үшін төлем жасамаса, өзі мұражайға мерзімді түрде құрылтай құжаттарында көрсетілген белгілі бір ақша сомасына аударуға дайын екенін айтты. Сонымен қатар, Арканов мұражайдың құрылтайшылары өзінің отбасы болғанын, және оған қарсы болмйтынын, сонымен қатар музейге өз есімін беруін айтады. Мұражай коммерциялық емес ұйым ретінде ойластырылғандықтан, оның құрылтай құжаттары мұражайдың қарызы үшін Арқановтың немесе оның отбасының жауапкершілігін толығымен алып тастауы керек.

Заңгер Арқановқа заңнамада көзделген заңды тұлғалардың ешқайсысы айтқан талаптарына сәйкес келмейтінін түсіндірді. Сондықтан бұл жағдайда, жаңа ұйымдық-құқықтық нысанды қалыптастыратын қор, мекеме және қоғамдық ұйымның құрылу керектігін айтқан

Сіз заңгердің дәлелдерімен келісесіз бе? Қор, мекеме және қоғамдық ұйым арасындағы айырмашылықты анықтайтын кеңестер беріңіз.

Меценаттың қажеттіліктеріне сай келетін коммерциялық емес ұйымның құқықтық-нысанын таңдауына көмектесіңіз .

Ұсынылатын қайнар көздері

1. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз // http://adilet. zan. kz/.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесімен 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған // http://adilet. zan. kz/.

3 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 2015 ж. 29 қазандағы № 375-V // http://adilet. zan. kz/.

3. Қазақстан Республикасының «Шаруашылық серіктестіктер туралы» 1995 ж. 2 мамырдағы № 2255 // http://adilet. zan. kz/.

4. Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 ж. 22 сәуірдегі № 220-I Заңы. // http://adilet. zan. kz/.

5. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 ж. 13 мармырдағы № 415-II Заңы. // http://adilet. zan. kz/.

6. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 ж. 16 қаңтардағы № 142-II Заңы. // http://adilet. zan. kz/.

7. Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» № 176-V Заңы // http://adilet. zan. kz/.

8. Сулейменов М. К. Избранные труды по частному праву (2011-2016) . Т. 1 / М. К. Сулейменов. Гражданское право. - Алматы, 2016. (стр. 126-162) .

9. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 1 / М. К. Сулейменов. Часть первая. Историческая. - Алматы 2016. - 400 с.

10. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 2 / М. К. Сулейменов. Часть вторая. Теоретическая. Раздел 1. Общие проблемы гражданского права. - Алматы 2016. - 576 с.

11. Рамазанова А. С. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім) : оқу құралы. - Өскемен: C. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. - 130 б.

12. Климкин С. И. Товарищество с ограниченной ответственностью: Комментарий к Закону РК от 22 апреля 1998 года. - 2-е изд., испр. и доп. / С. И. Климкин. - Алматы: Юрист, 2016. (стр. 7-22) .

Тақырып 5. Азаматтық құқықтың объектілері

1 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!

Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер) .

№ 1. Кешенді мал шаруашылығы бар бірлестігінің шарты бойынша соңғысы бірлестікке 50 бас бұзау және 60 торайларды жеткізуге міндеттенді. Кешенді директордың нұсқауы бойынша жануарларды алып кеткенге дейін бір күн бұрын торайлар таңдалып алынған болатын және жеке ғимаратта жабық болды. Торайлар тұрған ғимараттарға найзағай түсіп өртенеді, нәтижесінде барлық 50 торай қырылады.

Осы орайда, мал шаруашылығы кешені бірлестікке тек 60 бұзау беруге дайын болды, ал торайларды беруден бас тартты және өзіндегі қалған торайларды шошқаларды молайту және көбейту үшін өзіне қажет екенін негізге алды. Бірлестік сотқа жүгінді. Сот қандай шешім қабылдауы керек? Осы дауды шешу кезінде заттарды жіктеудің қайсысы қолданылады?

№ 2. Ерлі-зайыптылардың арасында некені бұзуына байланысты Корнилов бірлескен сатып алынған мүлікті бөлу туралы дау туды. Андрей Корнилов жиһаздар, үстелдер мен шай жиынтықтары, көркем кітапхана және басқа да мүліктерден тұратын барлық мүліктің олардың құндылықтарына байланысты бірдей бөлінуін талап етті. Елена Корнилова мұндай мүліктерді айтқандай етіп бөлуге қарсылық білдіріп, заттардың құнсыздануы орын алатытн айтты, және Корниловқа жиһаз жинағын алуын, ал үстел мен шәй жиынтықтарын өзіне қалдыруды ұсынды. Кітаптарға келетін болсақ, ол оларды авторлардың шығармалар жинақтарына қарай бөлуге келісті. Сонымен бірге ол А. С. Пушкиннің шығармаларының толық жинағынан, оның ішінде жарияланған хаттарын беруді сұрады. .

Келген дауды шешуде заттардың қандай жіктелуі ескерілуі керек және егер бұл іс сотқа жіберілсе, бұл мүлікті қалай бөлу керек?

№ 3. Ерлі-зайыптылардың арасында некені бұзуына байланысты Корнилов бірлескен сатып алынған мүлікті бөлу туралы дау туды. Андрей Корнилов жиһаздар, үстелдер мен шай жиынтықтары, көркем кітапхана және басқа да мүліктерден тұратын барлық мүліктің олардың құндылықтарына байланысты бірдей бөлінуін талап етті. Елена Корнилова мұндай мүліктерді айтқандай етіп бөлуге қарсылық білдіріп, заттардың құнсыздануы орын алатытн айтты, және Корниловқа жиһаз жинағын алуын, ал үстел мен шәй жиынтықтарын өзіне қалдыруды ұсынды. Кітаптарға келетін болсақ, ол оларды авторлардың шығармалар жинақтарына қарай бөлуге келісті. Сонымен бірге ол А. С. Пушкиннің шығармаларының толық жинағынан, оның ішінде жарияланған хаттарын беруді сұрады. Келген дауды шешуде заттардың қандай жіктелуі ескерілуі керек және егер бұл іс сотқа жіберілсе, бұл мүлікті қалай бөлу керек?

№ 4. Невский даңғылындағы өз суреттерін сатып отырған суретшілерден сатып алушылардың бірі Неваның көпірінің суретін таңдады. Суретті буып-түю кезінде суретші сатып алушыға суреттің жалғыз көшірмесін бергенін және бейнеленген суреттері үшін сатып алушының пәтеріне келу керектігін ескертті. Сатып алушы суретшінің талаптарының заңдылығына күмән келтірді, себебі ол суреттің иесіне айналады және суретші суретке барлық құқықтарын жоғалтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Азаматтық құқықтарды қорғау жолдары
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Заңдылық оқиғалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz