Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар


Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.
Ежелгі Рим өркениетінің саяси-құқықтық ілімі
Орта ғасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ілім (VI-XVғ. ғ. )
Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси- құқықтық ойлар
1-тақырып. Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
Саяси-құкықтық ілімдер алғашқы кезде адамдардың мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т. б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.
Мифология - ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегі өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштердің жетілмегенін, бүкіл әлемді, оның заңдылықтарын түсіну өте қиынға соқты.
Мифтік көзқарастарда болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрдепайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайшылардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.
Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б. з. д. 1792-1750 жж. ) Бұл уақыт Вавилонныц бүкіл Қос озен аралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы туралы бағыты және жан-жақты мәліметтер қалдырған. Хаммурапи зандары жазылған биік базалы бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәуіпі Шаман қүдай және оның алдында ілтипатты түрған әйел патша Хаммурапи салынган.
Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүдесін және жеке меншікті кызғыштай қоргайды.
Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарасгары зороастризмде көріпіс тапты және дамытылды.
Зороастризм бойынша мемлекет аспан қүдайы Ормуздаиын жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі - монарх - жердегі Ормузданың омірі орындаушы қызметкері, ол халықтық жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы, зороастризм бойынша, әркімнің қандай кәсіппен шұғылдануы еркін таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді және беделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін өзара сүйіспеншілік пен сыйластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге шақырады.
Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты.
Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б. э. д. екі мыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" - "білім, кіріспе"(Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және олардың брахмандар - Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер - құдайдың қолынан, вайшийлер - құдайдың санынан, шудралар - құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96-бабында "Тірі нәрселсрдің ішіндегі ең қасиеттісі - жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.
«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда дабрахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады.
"Ману зандары" бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек.
"Ману заңдарының" 7-тарауы бүтіндей жазаға арналган. Онда жазаның қуаттылығы мен күштілігі және коғамға пайдасы туралы көпайтылады. "Жаза бүкіл адамды билейді. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықгап жатқанда сергектік танытады, данышпандар жазаны, данданы қорғаушы" деп жариялаған. Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздіксіз жүзеге асырып отырмаса, оңда күштілер «әлсіздерді қармақтағы балықтай қуған болар еді. Жаза дұрыс қолданылмаса бүкіл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкпі халық наразы болар еді" делінеді.
Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы . Брахмандар заң алдында ерекше жеңілдіктерге ие болған. "Әлемдегі бар нәрсенің бәрі брахмандардың меншігі болып табылуымен бірге" (100-бап), оларға ешқашан тон жазасы қолданылмайтын еді. Олар үшін ең ауыр жаза - шашын алу болып саналды. Қылмыс үшін айып төлеуде варналардын қоғамдағы теңсіздігінің. сипаты анық көрінеді. Мысалы, брахмақнды тілдеген кшатрийге 100 пан айып салынады. вайший екі жарым есе артық төлейді, ал шудра дене жарақатымен жазаланады (267-бап) . Ал "брахман кшатрийді тілдесе 50 пан, найшийді тілдесе, оған 12пан айып салынады" (268-батт) .
Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б. э. д. VIғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады.
Даосизм ілімінде асқан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т. б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халыктың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.
Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылығы мен белсенді әрекеттермен тартыну принципі көбірек орын алған. Лао-цзы сонымеи бірге соғыстың барлык түрі мсн армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүріп өткен жерде арам шөптер мсн тікенектер ғана өседі, үлксн соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады. Прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірдің қайта оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндсті - елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.
Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б. э. д. 551-479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды.
Дәстүрлі көзқарастарға суйенген Конфуций меншікті патриархшы - патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет - үлкен жанұя.
Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тиесілі жақтаған Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шакырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға карсы болған Конфуций Кьггай жсрінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.
Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо) . адамдық касиет (жэнь) . адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т. б. жатады.
Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы "өлсм өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, сондықтан да оның тіршілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет» дсп ой түйеді. Яши адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты. Сянь-цзының пікірінше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, алакөз болып келсді. Сондықтан да адамдардың мінезіне жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыптан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін бетке байып айтуы тиіс. Бұл туралы ол былай дейді: "Менің қателігімді дұрыс көрсеткен адам - менің ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі - менің досым, ал маған жағынъш, жарам ақтанушылар - менің жауым".
Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді. Конфуций бойынша "ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, сң алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді". Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.
Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б. з. д. IV ғасырларда жарық көрген . Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шаноблысының билеушісі: болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді КІМ жеңетіндігі" туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, "халик, өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады".
Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқьлы қалағантәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді Легистер ше Шан Яннан басқа да Цзьн Чань, ІІьн Бү-хай, Ханфэи және т. б. одан әрі дамытты.
2-тақырып. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.
Б. з. д. мың жылдыктың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды
Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epic кезсң- (б. з. д. IX-VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады -және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең - (б. з. д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т. б. ) Үшінші кезең - (б. з. д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т. б. )
Б. З. Д. IX-VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды.
Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б. з. д. VI I ғ. ) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.
"Одиссея" поэмасында халық жиналысының ролі мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкілдік органның қызметі туралы грек жауынгерлерініңТроя түбіндегі жиналысынан, "Илиада" поэмасындағы мысалдан, "Одиссеяда" Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан білуге болады. Троя түбіндегі жиналыста қатардан жауынгер Тереиттік жауынгерлердің мүддесін қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерін лауазымды басшылардың ерекше шығара атауы халық жиналысының ролі айкындай түседі Ал халық жиналысы маңызының төмендеуі"Одиссеяда" айқын көрсетілген Итака ара-лында Одиссей болмаған жиырма жылда халык жиналысы бірдс-бір рет шақырылмаған Ал Одиссеидің ұлы Телемак жиналыс шақырған, тұрғындардың көпшілігі бұл жиналысқа мән бермеген.
Поэмада Гомер қолданган "дике" (әділдік) және "темис" (әдет, әдет-ғұрыптық құқық) ұғымдары Гомер дәуіріндегі саяси-құқықтық жағдайды түсінуге жәрдемін тигізеді. Гомердің әдеп (дикс) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негізі мен принципі түрінде көрінеді, ал әдет-ғұрыптық құкык (темис) өмірлік әдептің, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрінісін білдіреді.
Б. з. д. VII ғасырдан ежелгі Грецианың саяси және қоғамдык өмірлік қатынастар Гесиодының "Еңбек жөне күндер" мсн "Теотония" поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар кең дүниенің пайда болуындағы гректердің көзқарастары және адамгершілік-құқықтык принциптер сипатталады.
"Теогония" поэмасы бойынша Зеван Фемидамен (мәңгі табиғи тәртіп пен әділдікті жаратушы) неке одағынан екі қыз-құдай Дике (әділдік) және Эвномия (ізгі заңдылық) өмірге келеді Дике табиғи әділдікті күзетеді және әділетсіздікті жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық бастауының құдайлық сипатын және полистік құрылымдағы заңдылықтың терең ішкі байланысын білдіреді.
Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежслгі Грециядағы "Жен данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питгак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енгіш Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтык идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон. Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлген мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасыныңавторы спартандык, Хилонның "Заңға табын" дсген шақыруы Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең үлкені полис деп Хилоназаматтары шешендерден ірі заңдарды көбірек тындайтын полисті санады.
"Жеті ғүламаның" қатарына қосылған Солон (б. з. д. 638-559 жж) тарихта атанды реформатор, мемлекеттік кайраткер және ЗАҢ шығарушы ретінде де білген. Б. з. д. 621 жылы орхон Драконт жазған заң нормалары демос пен евиатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткені ол демостын экономикалық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпеді. Драконт заңдары сонымен бірге шектен тысқаталдығымен де әйгілі болды. Сондықтан да Афин халқы полисті басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгілі болған Солонга тапсырды.
Архонт болып сайланган ол б. з. д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық және қалалык демосгық және оған қосылған ешатридтердін, мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаске-сіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған.
Б. з. д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Фклолай, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі - аристократиялық идеяалды жақтады.
Самос аралында туып өскен Пифагор Поликрат тиранның билігінен кейін туған жерін тастап, Египстте, Вавилонда, Үндістанда болып, ең соңында "Ұлы Элладаның" Критон қаласында өмір кешеді. Ол осы қалада, кейіннен басқа да полистерде өзінің мектебін ашады. Оның ілімі негізінде пайда болған пифагор-шылдық гетрийлер рухы жөнінен ариетократиялық құпия философиялық-саяси одақтар Грецияның көп бөлігі мен Оңтүстік Италияда үлкен ықпалға ие болады.
Б. З. Д- V ғасырда саяси-құқықтық ойлардың дамуына қоғам, мемлекет, саясат және құқық туралы проблемаларға философиялық және әлеуметтік талдаулардың терендеуі едәуір ықпал етті. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б. з. д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды.
Мемлекеттік басқаруда халық билігі - демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.
Саяси-құқықтық тақырыпты көпшілік назарына талқылауға ұсыну б. з. д. V ғасырда антикалык демократияның нығаю және гүлдену жағдайындағы иофистердің атымен тығыз байланысты - "Софист" атауы "софос" ("данышпан") деген сөзден шыққан. Софистср өз заманында данышпандықтың және мемлекет пен құқық мәселелері жөніндегі ақылы жұмыс істейтін мұғалімдер болды.
Ежелгі дәуірдің өзіндe-aқ софистердің екі ұрпағы: аға ұрпақ (Протагор, Горий, Продик, Гиппий, Антифопт және т. б. ) және кіші ұрпақ (Фрасимах, Калликл, Ликоон, Алкидам Элсйский және т. б. ) ерекшеленеді. Аға ұрпақ софистерінің көпшілігі демократиялық көзқараста болса, кіші ұрпақ, софистерінің едәуір бөлігі аристократия мен тиранияны жақтады.
Б. з. д. 481- 411 жылдары өмір сүрген Протагор өзінің асқан білімділігімен, үздік сөз сайыскерлігімен және тамаша шешендігімен әйгілі болды. "Бардың бар екендігін, ал жоқтығын жоқ екендігін білдіретін барлық, заттың өлшемі - адам" деп айтқан Протагордың бұл негізігі қағидасын көптегсн софистер де жақтады. Осы жағдаяттан Протагор демократиялық құрылыстың әділетілігі мен қажеттілігі туралы ой түйеді. Адам мен адам кауымдастығының пайда болу туралы мифтік идеяны оның қолдамауы бұған дәлел бола алады.
Халкидон қаласынан шыққан Фрасимах софистердің кіші ұрпағының ең тандаулы және әйгілі ойшылдарының бірі болып саналды. Фрасимахтың айтуынша, саясат - құдайдың іс-әрекеті емес. ол адам күштері мен мүддесінің әрқилы болуынан. Билік принципі мен саясатты жүзеге асырудың нағыз өлшемі ретінде Фрасимах күшінін пайдалылығы туралы кағиданы жақтады. Оның айтуынша күш бар жерде ғана әділдік болады, өйткені әділдікті күштілер ғана орната алады. Өзінің бұл ойын Фрасимах әр мемлекет заңдарды өз мүддесіне қарай жасайды деп түсіндірді. Заңдарды осылай бекіткен олар бұл заңдарды әділетті деп жариялайды. Билікке ие болу үлкен артықшылық береді. Фрасимах осылайша мемлекеттік кызметте күштеу мен зорлықтын ролін және саясат псн заңның авторитарлык сипатын атап көрсетті.
Платон - антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқыктық ілімдср тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Ол ірі ақсүйек отбасында дүниеге келді. Жас кезінде ол (б. з. д. 407-399 жж. ) Сократтың шәкірті және тындаушысы болды. Сократтың қазасынан кейін, Платон басқа шәкірттермен бірге Афинадан кетеді. Алдымен Мегораға келген жас ойшыл кейін талай ел мен жерге, Египетке, Парсы елдеріне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға барады. Б. з. д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан өзінің философиялық мектебін ашады. Бұл мектептін өмірі ұзақ болып, өзінің өмір сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердің ғылыми ордасы ретінде жұмыс істеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz