Биосфера эволюциясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

6 - дәріс. Биосфера және оның тұрақтылығы

Дәрістің мақсаты: Биосфераның қабаттарын және биосфераның құрамына кіретін заттарды анықтау. Вернадский анықтаған биосфера шекараларын, ноосфера туралы ілімін оқып білу.

Дәріс сұрақтары:

1. В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі

2. Биосфера эволюциясы

3. Биосфераның құрылымы

1. В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

Биосфера - Жердің тіршілік бар жұқа қабығы. Қазіргі заманғы түсініктер бойынша биосфераны заттардың планета аралық айналымын ұстап тұратын ғаламдық экосистема ретінде қарастырады. Қазіргі өмір Жердің жоғарғы қабатында(литосферада), ауаның төменгі қабатында (атмосферада) және су қабатында (гидросферада) таралған. Биосфера терминің 1875 жылы Австрия ғылымы Э. Зюсс енгізді. Биосфера туралы әләмнің негізін салған орыстың ұлы ғалымы - академик В. И. Вернадский. Оның классиқалық еңбегі «Биосфера» 1926 жылы жарыққа шықты бірінші рет. Жер қабатының негізгі физико-химиялық қасиеттерін калыптастыруда және ұстап тұрады «тірі заттардың» (Биотаның) ролі туралы тезисті ұсынды. В. И. Вернадский биосфераның негізгі үш құрамдас бөлігін атап көрсеткен: газдық (атмосфера), су (гидросфера) және тас (литосфера), сондай-ақ өлі заттарға қарама-қарсы - «тірі заттарды» атап өткен.

Осыдан үш млрд жылдар бұрын пайда болған қазіргі биосфераның құрамында тірі организмдер, олардың қалдықтары, сондай-ақ олар мекендейтін және олардың әсерінен өзгерген атмосфера, гидросфера және литосфера зоналары кіреді. Планетадағы барлық тірі организмдердің жиынтығын В. И. Вернадский тірі заттар деп атайды. Биосфераның құрамынатірі затармен(өсімдіктер, жануарлар және микрооргангизмдермен) қатар, биогенді заттар (тірі заттардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болған өнімдер - тас көмір, мұнай, битум), биокосты заттар (тірі организмдерді тіршілік әрекеті мен өлу заттардың негізінде пайда болған - топырақ, қасиеттері тірі организмдердің әрекетіне байланысты барлық табиғи сулар) және қосты заттар - түзілулеріне тірі организмдер қатыспайтын заттар (пайда болу тегі магмалық, бейорганикалық тау жыныстары, космостық шан, метеориттер) кіреді.

Қазіргі жағдайларда, әсерінен биосфера ары қарай дамитын адам қағамының пайда болуы, биосфераның өзінің сапалық құрамының өзгеруіне, оның ноосфераға ауысуына әкелді. Ноосфера деп адамның ақыл ойға негіздерген іс-әрекеті шешуші фактор болып табылатын табиғат пен қоғамның арақатынасының сферасын айтады. «Ноосфера» грек созі («Ноос» - ақыл, парас), ақыл, парасат сферасы деген ұғымды білдіреді.

Жер бетінде адамзаттың пайда болуы, міндетті түрде биосфераның жаңа түрінің пайда болуын, оның адамның мақсатты іс-әрекеттері қамтитын ноосфераға, ақыл, парасат сферасына өтуін анықтады. В. И. Вернадский, адамның ақыл, парасаты мен ғылыми түсініктерінің ролін бағалай отырып мынадай корытындыларға келді:

- ғылымның дамуы, адамзат тіршілік ететін биосфераны өзгертетін күш болып табылады;

- ғылымның дамуымен бірге жүретін биосфераның өзгерістері болмай қалмайтын құбылыс;

- бұл өзгерістер адамның еркіне байланыссыз, стихиялы түрде, табиғи процесстер сияқты жүреді.

Биосфераның қалайда ноосфераға, яғни адам мен табиғат дамуында адамның ақыл, парасаты шешуші роль атқаратын сфераға айналатыны туралы В. И. Вернадскийдің қорытындылары В. И. Вернадскийдің ноосфера заңы деп аталды.

2. Биосфера эволюциясы.

Биосфера эволюциясы - түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің жойылып, бұрын болмаған екінші түрлердің пайда болу құбылстары. Қазіргі биосфераның қалыптасуы - ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфералық эволюция тіршіліктің пайда болуына дайындық кезеңінен дәлірек айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары келтірілген

a. Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі шамамен 4, 5 млрд.

Жыл бұрын басталды. Алғашқыда пайда болған атмосферада температурасы жоғары, тез қалпына келетін сутегі, азот, су буы, метан, аммиак және итнертті газдардан құрылған көміртегі тотығының, формальдегид пен басқа жай қосылыстар болуы мүмкін.

b. Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп

сууының нәтижесінде заттардың абиотикалық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құралып, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің арқасында молекулалардың түзілуі мен өсуі орын алған.

4. Төртінші сатыны антрпоген сатысы деп атауға болады. Себебі, жердің

геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы, эволюцияның басқарушысы - саналы адамның пайда болуы. Адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы өте көп мөлшерде зат пен энергия ағысын тартып, биологиялық айналымның тұйықтығын бұзды. Антрпогендік экологиялық дағдарыстар туып, эволюцияның жағымсыз факторына айналды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Биосфераның құрылысы және биосфераның шекаралары.

2. Вернадскийдің биосфера және носфера туралы ілімі.

3. Биосферадағы болып жатқан экологиялық өзгерістер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ғ. Сағымбаев, Экология негіздері, оқулық Алматы - 1995 Республикалық баспа қызметі

2. Ә. Т. Қанаев, З. Қ. Қанаева, Экология Оқу құралы, Алматы «Қазақ университеті» 2008

3. Ж. Ж. Жатқанбаев, Экология негіздері, Алматы, 2004

4. А. Т. Қуатбаев, Жалпы экология, Алматы, 2008

1. Ұ. Б. Асқарова, Экология және қоршаған ортаны қорғау, Алматы, 2007

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноосфераның пайда болуы
Биосфера туралы ілім
Биосфера және тірі зат туралы түсінік
Өндірістің даму қарқыны және қоршаған ортаға түсетін салмақ
Биосфера,ноосфера және техносфера туралы эволюциялық ілім
Вернадский ілімі туралы ақпарат
Биосфера эволюциясы. Биосфера құрылымы. Тірі заттың қасиеті мен қызметі
Вернадский ілімі
Биогеохимияның негізгі концепциялары
Биосфера туралы концепцияның қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz