Микроб жасушаларының құрылысы


Құрбанова Күнсулу Саимқызы
Жақыпбекова Бибігүл Оразқызы
Құрбанова Айсулу Саимқызы
Ветеринариялық микробиология пәнінен
Дәрістер жинағы
Шымкент, 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Ветеринариялық микробиология» пәнінен
дәрістер жинағы
6В09111- «Ветеринарлық медицина»
мамандығының студенттеріне арналған
Шымкент, 2022
ӘОЖ 636. 09/619
КБЖ 28
Құрбанова К. С., Жақыпбекова Б. О., Құрбанова А. С. Ветеринариялық микробиология / Дәрістер жинағы - Шымкент: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2022. -148б.
Бұл дәрістер жинағындамикробтар жіктелінуі, физиологиясы мен генетикасы, микробиологиялық және генинженерлік жолдармен заттардың алынуы мен пайдалануы, иммунология, инфекциялық ауруларға микробиологиялық балау қою, сонымен қатар жануарлар азықтануындағы микроорганизмдердің қызметі, өсімдік азықтарын сақтауда және консервілеуде микроорганизмдерді қолдану, антибиотиктер жөнінде жаңа деректер сөз болады.
Дәрістер жинағы 6В09111 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттеріне арналған және «Ветеринариялық микробиология» пәнінің типтік оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп жазылған.
Пікір берушілер:Турымбетов Б. С. - а. ш. ғ. д., профессор
Дәрістер жинағы М. Әуезов атындағы ОҚУ Оқу-әдістемелік кеңесінде хаттама № «» 2022 ж. қаралып, баспадан шығаруға ұсынылды.
@ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
АЛҒЫ СӨЗ
Табиғатта тіршілік иелерінің мейлінше сан алуан түрлері кездеседі. Олардың арасында өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жәй көзге көрінбейтін тірі организмдер микроорганизмдер ерекше орын алады. Микроорганизмдер болмаса, жер бетінде тіршілік орнамас еді. Өйткені олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселерін шіріте отыра, топырақтың құнарлылығын арттырып, зат айналымына белсене қатысады. Сонымен қатар, олар жануарлардың, әсіресе күйіс қайырушылардың ас қорыту процесінде аса маңызды рөл атқарады. Микроорганизмдер белгілі болғанына дейін адамзат олардың әсерінен туындайтын құбылыстарды өз пайдасына қолданып келді. Айталық, микробтардың биохимиялық белсенділігін адамдар шарап, қымыз, айран даярлауда, нан пісіруде және т. б. өнімдерді шығаруда пайдалана білді. Микробтардың пайдалы әрекеттерін тұрмыста қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды әрекеттеріне қарсы күресе де білген. Айталық, қытайлықтар, үнділер және біздің ата-бабаларымыз шешек ауруына қарсы екпе қолданып, адам өміріне араша түсе білген. Жұқпалы аурулармен сырқаттанған адамдарды оқшаулап, жеке күткен. Микробтар туралы түсініктері болмаса да, олардың зардаптарынан тағамдарды сақтай білген. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамзат тағам өнімдерін сақтауды (қайнату, тоңазыту, қақтау, тұздау, кептіру) сонау неолитика кезінен бастап игерген көрінеді.
«Ветеринариялық микробиология және вирусология» пәні микробтар мен вирустардың морфологиясы мен физиологиясын, олардың әртүрлі физикалық және биологиялық әсерлерге төзімділігін, генетикасын және сыртқы ортада таралуын, зат алмасуға қатысуын, инфекциялық аурулардың шығуы мен таралуын, ағзалардың инфекциялық ауруларға төзімділігін /иммунитет, ауру қоздырушыларының биологиялық қасиеттерін, инфекциялық ауруларды зертханалық балау әдістерін, оларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын препараттарды зерттейді.
Ветеринарлық медицина мамандығы студенттері микробиология және вирусологияны оқығанда микробтар мен вирустардың пішіні, биологиясы, вирустардың көбеюерекшеліктері және инфекциялық ауруларқоздырушылары, одан басқа халық шаруашылығы мен биологияда қолданылатын пайдалы бактериялар, инфекциялық аурулардыңшығуы мен таралуы, иммунитеттің пайда болу заңдылықтары жөнінде теориялық білім алады. Бұл дәрістер жинағындамикробтар мен вирустардың жіктелінуі, физиологиясы мен генетикасы, микробиологиялық және генинженерлік жолдармен заттардың алынуы мен пайдалануы, иммунология, инфекциялық ауруларға микробиологиялықжәне вирусологиялық балау қою, сонымен қатар жануарлар азықтануындағы микроорганизмдердің қызметі (ішек-қарын микрофлорасы), өсімдік азықтарын (шөп, сүрлем, сенаж және басқаларын) сақтауда және консервілеуде микроорганизмдерді қолдану, антибиотиктер жөнінде жаңа деректер ескерілген.
КІРІСПЕ
Микробиология - арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін, микроорганизмдер немесе микробтар деп аталатын өте ұсақ тіршілік иелерінің систематикасын, биологиялық қасиеттерін, экологиясын, жер бетін мекендейтін басқа да организмдермен қарым-қатынасын және табиғаттағы зат айналымындағы маңызын зерттейтін ғылым. Аталмыш ғылымның аты үш грек сөзінен құрастырылған: «micros» - кішкене немесе майда, «bios» - өмір және «logos» - ілім. Микроорганизмдер - жиынтық ұғым. Олардың қатарына жай көзге көрінбейтін, яғни мөлшері 0, 07-0, 08 мм-ден (70-80мкм-ден) аспайтын тіршілік иелері, атап айтсақ, микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, микоплазмалар, риккетсиялар, вирустар және басқа да организмдер жатады. Міне, сондықтан да оларды тек арнайы үлкейткіш құралдардың (жарық немесе электрон микроскоптарының) көмегімен ғана көруге болады.
Микроорганизмдер табиғатта өте кең тараған. Олар Арктиканың мәңгі тоңынан, Сахара құмдарынан, жер астынан шығып жатқан ыстық су көздерінен, жер бетінен 10 шақырымдай биіктіктен алынған ауа үлгілерінен, атом реакторларынан алынған су сынамаларынан табылған. Кейбір ғалымдардың есебі бойынша ( I. Alcamo and L. Elson, 1996) жер бетіндегі микробтардың жалпы салмағы барлық өсімдіктер мен жануарлардың массасынан басым түседі екен. Тіршілігіміздің тірегі жер анамыздың топырағында микроорганизмдер органикалық заттарды толассыз шірітіп, өсімдіктер пайдалана алатын химиялық қосылыстарға айналдырып отырады. Кейбір микробтар атмосферадан азотты сіңіріп, топырақтың құнарлылығын арттырады. Микроорганизмдер болмаса жер бетінде тіршілік те болмас еді, өйткені планетамызды өсімдіктердің қалдықтары мен жан-жануарлардың өлекселері басып кетер еді.
Малдың азық қорыту үрдісі де микробтардың қатысуынсыз өтпейді. Айталық, күйіс қайырушы жануарлардың қарнында клетчатка целлюлоза ыдыратушы бактериялардың көмегімен өзгеріске ұшырайды. Орташа есеппен алғанда, сиырдың месқарнындағы микробтардың салмағы 3 кг-ға дейін барады екен.
Жануарлар бұл микроорганизмдердің тіршілік өнімдерін, ал кейіннен өздеріне қоректік материал ретінде қолданады. Қысқаша қайырғанда, микробтардың тіршілік әрекеттерінің арқасында табиғатта зат айналымы іске асып, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне қолайлы жағдайлар туындап отырады. Жер қойнауындағы шымтезек, көмір, мұнай сияқты қазба байлықтардың түзілуі де микробтардың тіршілік әрекеттерімен тікелей баланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденгенін айта кеткеніміз де артық болмас.
Адамзат микроорганизмдердің ашылуына дейін олардың биохимиялық әрекеттерін нан пісіруде, шарап ашытуда, сыра қайнатуда, сонымен қатар сүт қышқылды тағамдарды даярлауда қолданып келді. Қазіргі кезде микроорганизмдер спирт, ацетон, глицерин, лимон қышқылын, амин қышқылдарын, әртүрлі антибиотиктер мен вакциналарды және тағы басқа пайдалы заттарды алуда, сонымен қатар, мал азығының құнарлылығын арттыруда, ағынды суды және ластанған топырақты тазартуда, биогаз алуда және басқа да бағыттарда баға жетпес көмекшілер ретінде танылып отыр. Одан қалды, микробтар протеиндерді өндіру бойынша ешбір тіршілік иесіне дес бермейді. Мысалы, салмағы 500 кг сиыр тәулігіне небәрі 0, 5кг протеин түзсе, осы салмақтағы ашытқы жасушалары сол уақыт ішінде 50 тоннадай, яғни 100 мың есе көп өнім түзеді (Н. Р. Асонов, 1989) .
Соңғы 20 жылда микроорганизмдер гендік инженерия деп аталатын молекулярлық биологияның жаңа бағытында кеңінен қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде медицинаға қажет инсулин, интерферон, өсу гормоны және тағы басқа биологиялық белсенді заттарды өндіре алатын бактериялардың штамдары алынды. Олар мұндай қасиетке өздерінің ДНҚ молекуласына «тігілген» адам гендерінің «жұмыс істеуі» (экспрессиясы) арқасында ие болып отыр. Сонымен қатар, микробтар мен өсімдіктердің геномына бактериялардың азотты сіңіруге жауапты генін орналастыру бағытында ізденістер жүргізіліп жатыр.
Микроорганизмдер арасында, сонымен қатар, адам мен жануарларға және өсімдіктерге зиянды түрлері де кездеседі.
Айталық, олар әртүрлі жұқпалы ауруларды қоздырады және тағам өнімдерінің бүлінуін тудырады. Міне, сондықтан да ауылшаруашылығы саласының болашақ мамандары үшін микроорганизмдердің пайдалы қасиеттерін мал шаруашылығынан алынатын тағам өнімдері мен шикізаттарды өңдеуде, мал азығын даярлауда, жұқпалы аурулардың алдын алуда қолдана білу өте маңызды.
Бұл оқулықтамикробтар мен вирустардың жіктелінуі, физиололгиясы мен генетикасы, микробиологиялық және генинженерлік жолдармен заттардың алынуы мен пайдалануы, иммунология, инфекциялық ауруларға микробиологиялықжәне вирусологиялық балау қою, сонымен қатар жануарлар азықтануындағы микроорганизмдердің қызметі (ішек-қарын микрофлорасы), өсімдік азықтарын (шөп, сүрлем, сенаж және басқаларын) сақтауда және консервілеуде микроорганизмдерді қолдану, антибиотиктер жөнінде жаңа деректер ескерілген.
Ветеринариялық микробиология және вирусология курсын оқып болғаннан кейін, студент жалпы микробиология және вирусологияны, инфекцияны, иммунитет, микробтар мен вирустардың генетикасын, олардың пайдалы және зиянды қызметтерін, зат алмасу процесіндегі қызметін, мал азығын дайындау мен сақтаудағы ролін, инфекциялық ауруларды бактериологиялык, вирусологиялық, серологиялық балау негізін білуі керек.
Микробиологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізу үшін, патологиялық материал алу, консервілеу, тасымалдау жұмыстарын, вакциналарды, қан сары суларын, диагностикумдарды, микробтар түзетін өнімдерді дұрыс пайдалану iciн, инфекциялық аурулардың балауын, емін, алдын алуын дұрыс істей білуі керек.
1-дәріс Жалпы микробиология.
Жоспар:
Кіріспе «Ветеринариялық микробиология» пәні, оның міндеттері.
1. Микробтар қысқаша түсініктеме
2. Микробиологияның дамуының негізгі кезеңдері.
Кіріспе «Ветеринариялық микробиология» пәні, оның міндеттері
«Ветеринарлық микробиология» пәнін оқытудың мақсаты
Ветеринарлық микробиология пәні микробтар мен вирустардың морфологиясы мен физиологиясын, олардың әртүрлі физикалық және химиялық әсерлерге төзімділігін, генетикасын және сыртқы ортада таралуын, зертханалық зерттеулер үшін сынамалар, өлекселерден биосынамалар алуды жүргізу, жолдама хат жазу. Патологиялық материалдардан және ауру жануарлардан микробтардың шоғырлану және анықтау әдістерін білу, таза өсінділерді бөліп алу әдістерін игеру. Індетті аурулардың зертханалық және аллергиялық анықтау әдістерін білу, індетті аурулардың қоздырғыштарының негізгі қасиеттерін зерттейді.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері
-патогенді және шартты-патогенді микроағзалардың жіктелуі және биологиялық қасиеттері туралы түсінік беру;
макро-және микроорганизм әрекеттестігінің молекулярлық механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;
-инфекциялық агенттерден қорғану негізі механизмдері және иммунологиялық реакциялардың типтеріне сипаттама беру;
микробтар қоздырған аурулардың патогенезі, инфекциялық иммунитеттің қалыптасуы, арнайы профилактика принциптері және ауруларды емдеу туралы түсінік беру;
-зерттеу материалынан микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін, идентификациялау принциптерін, микрорганизмдердің микробтарға қарсы қолданатын препараттарға сезімталдығын/төзімділігін анықтауды үйрету; денсаулық сақтау практикасында қолданатын қазіргі кездегі микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық әдістерді қолдану білімін қалыптастыру;
-кең таралған инфекциялық және онтогенді қабыну ауруларға қазіргі кездегі микробиологиялық диагноз қою әдістерімен таныстыру;
-микробиологиялық зерттеуге арналған биологиялық материалды алу
1. Микробтарға қысқаша түсініктеме
Микробиология - арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін, микроорганизмдер немесе микробтар деп аталатын өте ұсақ тіршілік иелерінің систематикасын, биологиялық қасиеттерін, экологиясын, жер бетін мекендейтін басқа да организмдермен қарым-қатынасын және табиғаттағы зат айналымындағы маңызын зерттейтін ғылым. Аталмыш ғылымның аты үш грек сөзінен құрастырылған: «micros» - кішкене немесе майда, «bios» - өмір және «logos» - ілім. Микроорганизмдер - жиынтық ұғым. Олардың қатарына жай көзге көрінбейтін, яғни мөлшері 0, 07-0, 08 мм-ден (70-80 мкм-ден) аспайтын тіршілік иелері, атап айтсақ, микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, микоплазмалар, риккетсиялар, вирустар және басқа да организмдер жатады. Міне, сондықтан да оларды тек арнайы үлкейткіш құралдардың (жарық немесе электрон микроскоптарының) көмегімен ғана көруге болады.
Микроорганизмдер табиғатта өте кең тараған. Олар Арктиканың мәңгі тоңынан, Сахара құмдарынан, жер астынан шығып жатқан ыстық су көздерінен, жер бетінен 10 шақырымдай биіктіктен алынған ауа үлгілерінен, атом реакторларынан алынған су сынамаларынан табылған. Кейбір ғалымдардың есебі бойынша жер бетіндегі микробтардың жалпы салмағы барлық өсімдіктер мен жануарлардың массасынан басым түседі екен. Тіршілігіміздің тірегі жер анамыздың топырағында микроорганизмдер органикалық заттарды толассыз шірітіп, өсімдіктер пайдалана алатын химиялық қосылыстарға айналдырып отырады. Кейбір микробтар атмосферадан азотты сіңіріп, топырақтың құнарлығын арттырады. Микроорганизмдер болмаса жер бетінде тіршілік те болмас еді, өйткені планетамызды өсімдіктердің қалдықтары мен жан-жануарлардың өлекселері басып кетер еді. Малдың азық қорыту үрдісі де микробтардың қатысуынсыз өтпейді. Айталық, күйіс қайырушы жануарлардың қарнында клетчатка целлюлоза ыдыратушы бактериялардың көмегімен өзгеріске ұшырайды. Орташа есеппен алғанда, сиырдың мес қарнындағы микробтардың салмағы 3 кг-ға дейін барады екен. Жануарлар бұл микроорганизмдердің тіршілік өнімдерін, ал кейіннен өздеріне қоректік материал ретінде қолданады. Қысқаша қайырғанда, микробтардың тіршілік әрекеттерінің арқасында табиғатта зат айналымы іске асып, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне қолайлы жағдайлар туындап отырады. Жер қойнауындағы шымтезек, көмір, мұнай сияқты қазба байлықтардың түзілуі де микробтардың тіршілік әрекеттерімен тікелей баланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденгенін айта кеткеніміз де артық болмас. Микроорганизмдер арасында, сонымен қатар, адам мен жануарларға және өсімдіктерге зиянды түрлері де кездеседі. Айталық, олар әртүрлі жұқпалы ауруларды қоздырады және тағам өнімдерінің бүлінуін тудырады. Міне, сондықтан да ауыл шаруашылығы саласының болашақ мамандары үшін микроорганизмдердің пайдалы қасиеттерін мал шаруашылығынан алынатын тағам өнімдері мен шикізаттарды өңдеуде, мал азығын даярлауда, жұқпалы аурулардың алдын алуда қолдана білу өте маңызды.
2. Микробиологияның дамуының негізгі кезеңдері.
Микробтардың пайдалы әрекеттерін тұрмыста қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды әрекеттеріне қарсы күресе де білген. Айталық, қытайлықтар, үнділер және біздің ата-бабаларымыз шешек ауруына қарсы екпе қолданып, адам өміріне араша түсе білген. Жұқпалы аурулармен сырқаттанған адамдарды оқшаулап, жеке күткен. Микробтар туралы түсініктері болмаса да, олардың зардаптарынан тағамдарды сақтай білген. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамзат тағам өнімдерін сақтауды (қайнату, тоңазыту, қақтау, тұздау, кептіру) сонау неолитика кезінен бастап игерген көрінеді.
Орта ғасыр тарихында Еуропа мен Азия елдерінде шешек, оба, бөртпе, сүзек және т. б. жұқпалы аурулар кең қанат жайып, халықты үлкен қайғы-қасіретке ұшыратып отырды. Бұл аурулардың себептері мен күресу шаралары жөнінде жалған түсініктер орнықты. Алайда, қоғамның озық ойлы адамдарының ізденістерінің нәтижесінде дәйектер мен тәжірибелер жинақталып, жұқпалы аурулар туралы ілім қалыптаса бастады.
Орта Азиялық ғалым, философ және дәрігер Әбу Әлі ибн Сина (Авиценна) (980-1037 ж. ж. ) өзінің бірнеше ғасырлар бойы Азияда ғана емес, сонымен қатар Еуропада міндетті нұсқау түрінде қолданыста болған «Медицина канондары» атты бес томдық танымал еңбегінде оба, шешек және басқа аурулардың су және ауа арқылы көзге көрінбес қоздырғыштары арқылы таралатынын жазған еді. Италиандық ғалым Джироламо Фракастро 1546 жылы жарық көрген. «Жұқпа туралы» кітабында аурулардың адамнан адамға өте ұсақ тіршілік иелері - contagium vivum арқылы жұғатындығына негіздеме келтірген. Жұқпалы аурулардың тірі табиғаты туралы гипотезаны біздің жыл санауымызға дейін өмір сүрген грек дәрігері Гиппократ (б. ғ. д. 460-377 жж. ), рим жазушылары Варрон (б. ғ. д 116-27 жж. ) мен Плиний (б. ғ. д 23-75 жж. ) де болжаған болатын. Рим ақыны және философы Лукреций өзінің б. ғ. д. 75 жылы жариялаған «De rerum natura» атты еңбегінде оба белгісіз бір «тұқымдардың» әсерінен туындайды деген тұжырымға келген.
Микробиология ғылымының дамуындағы айтулы кезең көзге көрінбейтін тіршілік иелерін зерттеуге арналған құралдың құрастырылуынан басталды. 1590 жылы шыны ажарлаушы Ганс және Захарий Янсендер майда заттарды үлкейтіп көрсететін аспап құрастырды.
1609-1610 жылдары Г. Галилей (1564-1642) ең алғашқы қарапайым микроскоп жасады. 1617-1619 жылдары физик-өнертапқыш К. Дреббель қос линзалы микроскоп жасады. Рим ғалымы Афанасий Кирхер осы микроскоп көмегімен сасыған етті, шарап сіркесін, сүтті зерттеп, олардың ішінде «құрттардың» болатындығын байқайды. Сонымен қатар, зерттеуші қанның әртүрлі жасушалардан тұратындығына көзін жеткізеді. Оба ауруына шалдыққан адамдар қанынан Кирхер ерекше «құртты» көрдім деп мәлімдеді. Әрине, қарапайым аспаппен микробтарды анық көру мүмкін емес еді. Дегенмен, аталмыш аурудың қанда жүрген майда организмдер арқылы таралатыны жөніндегі оның пікірі өз кезіндегі ілгерішіл батыл көзқарас болды.
Егер микробиологияның бастауы ретінде адамның ең бірінші рет микроорганизмдерді көрген уақытын алатын болсақ, онда біз аталмыш ғылымның туған жылын ғана емес, сонымен қатар туған күнін де және зерттеушінің атын да дәл басып айта аламыз: 1676 жылы 24 сәуір, голландия азаматы Антони ван Левенгук (1632-1723) . Ол арнайы білімі жоқ, саудагер ғана болатын. Бос уақыттарында А. Левенгук үлкейткіш линзалар жасап, олардың көмегімен өсімдіктердің жапырақтарын, сілекейді, тіс өңезін, су тамшыларын, бұрыш тұнбасын және т. б. зерттеумен әуестенген. 1683 жылы ол қоршаған ортада көзге көрінбейтін animalculae деп өзі белгілеген ұсақ жәндіктердің болатындығын «Левенгук ашқан табиғат құпиялары» атты кітабында жария етеді. Бұл еңбегінде ол ауыз қуысында, су үлгілерінде және т. б. субстраттарда өте көп мөлшерде кездесетін дөңгелек пішінді, таяқша іспеттес, сонымен қатар иректелген анималькульдердің суреттерін келтіреді, олардың кейбіреулерінің белсенді түрде жылжи алатындығын жазады. Алайда ол организмдердің табиғатта алатын орны, әрекеттері жөнінде мағлұмат бере алмады. Левенгуктің еңбегі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырғанмен, жаңа зерттеулерге жол аша алмады, өйткені ол кезде биология ғылымы аталмыш жаңалықты игеріп кететіндей деңгейге әлі жетпеген еді.
Швед ғалымы Карл Линей «Табиғат жүйесін» жасаған кезінде микроорганизмдерді бұл жүйеге енгізбей хаос яғни адам түсінбейтін, көзге көрінбейтін құпия сыры бар бей-берекет жәндіктер тобына жатқызды. Дегенмен, микробтар туралы деректер жинала беріп, микробиологияның морфологиялық кезеңінің дамуына жол ашты.
Анималькульдерді алғаш зерттегендердің бірі орыс дәрігері М. М. Тереховский (1740-1796) болды. Ол 1775 жылы Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі «De chao infusorio Linnaei» атты еңбегін қорғап, тіршіліктің өздігінен пайда болуы туралы теорияны теріске шығарды. XVIII ғасырдың екінші жартысында ғылымда мұндай жалған ұғым үстем болатын.
Микробтардың әртүрлі орталарда кездесетіндігін байқаған зерттеушілер олардың өсіп-өнуінде ешқандай заңдылық жоқ және бұл жәндіктер кез-келген жерде өздігінен пайда бола береді деген жорамалдар айтты.
М. М. Тереховский және италяндық ғалым Спаланцани мұндай жалған қағиданы жоққа шығарды. Олар тірі жәндіктері бар тұрып қалған суларды немесе басқа да сұйықтықтарды қайнатып, ыдысты ауа енбейтіндей етіп жапса, онда тірішілік иелерінің пайда болмайтындығын дәлелдеп береді. Яғни бұл тәжірибе микробтардың сұйықтыққа қоршаған ортадағы ауа арқылы еніп, барлық жан иелеріне тән заңдылық негізінде көбейе алатындығын көрсетті. Алайда, бұл тәжірибе ғалымдар қауымына жете таныс болмағандықтан, назардан тыс қалды. Сөйтіп микробиология өзінің морфологиялық кезеңінің шеңберінде қала берді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында жұқпалы ауруларды қоздыратын кейбір микроорганизмдер белгілі бола бастады.
Айталық, 1839 жылы И. Шенлейн тазқотыр зардапты саңырауқылақтың әсерінен пайда болатынын дәлелдесе, 1843 жылы Д. Груби бұзаутаздың, сәл кейінірек А. Полендер, К. Давен және Ф. Брауэлл 1849-1854 жылдарда топалаңың қоздырғыштарын ашады. Алайда, аталмыш ғалымдардың және сол кездегі басқа да зерттеушілердің еңбектері табылған микроорганизмдердің сыртқы пішінін жазумен ғана шектеліп отырды. Міне, сондықтан да, бұл уақыт микробиологияның ғылым ретінде қалыптасуындағы морфологиялық кезеңі деп аталып жүр.
Микробиологияның келесі даму сатысының - физиологиялық кезеңнің негізін қалаушы әйгілі француз ғалымы Луи Пастер (1822-1895) болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz