Картоп егетін және жинайтын машиналар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымызүлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениетті ел ретінде танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтын әлеуметтік жағдайын, білім мен ғылым, өнері мен мәдениеті халықтын әлеуметтіки жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен танысу үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқаруда Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі жас ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсіріп, сапалы білім беру қажеттіліі туындайды [1] .

Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім игеруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады. Еңбек өнімділігін өсірудің дәйекті бір жолы - ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі - шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі - сол техниканы ұтымды пайдалану. Осы екеуі бірігіп “машина пайдалану” деген ұғымды білдіреді [2] .

Дипломдық жұмыстың мақсаты: « Ауыл шаруашылық машиналары» пәні тәртiп бойынша жұмыстың өткiзу әдiстемесін әзiрлеу, педагогикалық технологияның теориялық талдауын жасау.

Дипломдық жұмыстың міндеті:

- ОҚО, Шымкент қаласы, Шымкент аграрлық колледжінің оқу-тәрбиелiк талдауын жасау.

- белсендi оқыту әдiстер бойынша әдеби көздердi зерттеу;

-«Картоп өңдеуге және жинауға арналған машиналар» тақырыбы бойынша лабораториялық-практикалық сабақтың өткiзу әдiстемесін әзiрлеуi.

Педагогикалық технологиялардың жұмыс талдауы және сабақ берудiң әдiстемесiн әзiрлеу мақсаты:

1. Педагогикалық технологияның теориялық талдауы;

2. Интерактивті технологиялық әдiстерiн қолдануымен сабақ берудiң әдiстемесiн әзiрлеу;

3. Шымкент аграрлық колледжінде сабақ берудiң әдiстемесiнiң енуi.

Зерттеу нысаны - колледждің оқу-тәрбиелiк үрдісі.

Зерттеу пәні - "Ауылшаруашылық машиналары" пәнінен «Картоп өңдеуге және жинауға арналған машиналар» тақырыбының оқыту әдістемесі.

Зерттеудiң теориялық негiзi - тұлғаның зерттеуiне оқушыларды танымдық белсендiлігін арттыру теориясы, ойын оқыту технологиясының тұжырымдамасы, iскерлiк тәсiлдер.

Зерттеудiң практикалық өзектілігі - сабақ беруде белсендi оқыту әдiстерінқолдану және жұмыстың әдiстемесi. Оқушылардың жұмысытапсырманы орындауда белсендiлiк әдiстеменi қолдануынан бағаланады. Оқушыларды бiлiмнiң нәтижелi меңгерілуі үшiн жұмыстың өткiзуiн жүйеленген әдiстемемен белсендi үйренудiң әдiстерi.

1 Кәсіптік білім беру жүйесіндегі «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжіне» қысқаша сипаттама

1. 1 Колледж туралы мәлімет

Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық саласында техникалық және кәсіптік білім беретін жетекші, іргелі оқу орны болып табылады. 87-жыл бойы жоғары білікті мамандарды даярлау мен қайта даярлауда халыққа білімдік қызметін көрсетіп келеді.

«Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру бойынша колледж білім беруді жетілдіруді, инновациялық технологияларды енгізуді, ғылым мен тәжірибе интеграциясын, білім берудің бәсекелестігін, оқу үдерісін жетілдіруді маңызды міндет деп есептейді.

Колледж мақсаты: Қазақстан Республикасында техникалық кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында, ауыл шаруашылық өндірістік мүмкіншілік деңгейін жоғарылатуға қабілетті, теориялық және практикалық білімі жоғары, жеке тұлға болып қалыптасқан бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

https://zhambylpk.kz/images/0/or/1.PNG

Сурет 1. 1 Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі

1935-жылы 15-қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш елді мекеніне қарасты Қастек ауылында «Қастек» асыл тұқымды қой совхозының базасында, республика шаруашылықтарына тракторшылар даярлау курсы ретінде «Қастек ауыл-шаруашылық механизаторларының училищесі» атымен оқу орны ашылды. Колледж іргетасы қаланған осы жылы ең алғашқы колледж түлектері «тракторшы» мамандығын игеріп саны 150 білім алушы оқуды тәмәмдады. 1972 жылы-оқу орнының атына «Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың» есімі берілді.

Қазіргі таңда оқу орны «Жаңа оқыту технологияларын енгізу арқылы, әлемдік озық мәдениет үлгілерін бойына сіңірген, нарық жағдайында бейімделген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау» бойынша 6 мамандықта 442 студентті білім нәрімен сусындатып отыр.

Оқу-тәрбие ісін 3 қабатты 40-қа тарта кабинеттері мен лабораториялары, жиырма сегіз оқу дәрісханалар, бір зертханалық кабинет, екі компьютерлік сынып, он бір шеберхана кабинетінде оқу-тәжірибелік сабақ жүргізіледі.

Компьютерлік кабинеттер заманауи жабдықталып, интернет жүйесіне қосылған. Кітапхана оқытушылардың ғылыми шығармашылық және де өздерінің жеке еңбектерімен толықтырылуда, әрі колледж жүйесінде «ELECTUDE» платформасы жабдықталған, ол платформада күнделікті сабақ

тапсырмалардан бөлек, оқу-орнындағы кітаптардың электрондық үлгісі де платформада қолжетімді.

Колледждің материалдық техникалық базасы (МТБ) 3-жергілікті желілер, 83-компьютер, 12-ноутбук, 6-Моноблок, 1 - интерактивті тақта, 12935 дана кітап, зертханалық құрал-жабдықтармен толықтырылды.

Қазіргі таңда колледж 6-білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі және сыртқы бөлімдерде мамандар дайындайды.

№:

Шифр номері:

Шифр номері

Мамандық атауы:

Мамандық атауы

№:

1

Шифр номері: 0508000
Мамандық атауы: Тамақтандыруды ұйымдастыр
№:

2

Шифр номері: 1114000
Мамандық атауы: Дәнекерлеу ісі
№: 3
Шифр номері: 1504000
Мамандық атауы: Ферма шаруашылығы
№:

4

Шифр номері: 0503000
Мамандық атауы: Слесарлық іс
№:

5

Шифр номері: 1518000
Мамандық атауы: Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру
№:

6

Шифр номері: 0506000
Мамандық атауы: Шаштараз өнері және сәндік косметика

Кесте-1. 1 «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» дайындайтын мамандықтар тізімі

Оқу орнын білім алушылар аяқтаған таңдаған мамандықтары бойынша: ауыл шаруашылығының барлық салаларында, ферма шаруашылығында, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және көлік тасымалдау кәсіпорындарында, сұлулық салондарында, асханаларда қызмет істей алады.

Менің дипломдық жұмысымда зерттейтін пәнім - «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні. Жалпы, «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні болашақ арнайы ауыл шаруашылық мамандарын даярлаудағы ең керекті пәндердің бірі. Себебі, ауыл шаруашылығы машиналары пәнін оқыған маман толықтай білікті, сұраныстағы маман болары сөзсіз. Өйткені, менің ойымша бұл пәнді оқыған болаша маман ауыл шаруашылық машиналары пәнін оқи отыра мына нәрселерді толық меңгереді.

1. Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар.

2. Дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар, күріш көкөніс егуге арналған машиналар, көшет жинайтын машиналар.

3. Тыңайтқыш дайындауға, тиеуге, енгізуге арналған машиналар.

4. Өсімдікті қорғауға арналған машиналар.

5. Пішен дайындауға және сабан жинауға арналған машиналар.

6. Картоп егетін және жинайтын машиналар.

7. Жүгеріні егіп өсіру мен жинауға арналған машиналар

8. Қант қызылшасын күтіп-баптау мен жинауға арналған машиналар комплексі.

9. Салалы зығырды өңдеу және жинауға араналған машиналар комплексі.

10. Жаңбырлатқыш машиналармен қондырғылар.

11. Жиналған астықты өңдеуге арналған машиналар.

Осы аталған қосымша тақырыптарды да қарастырып, бүге-шүгесіне дейін толығымен меңгеріп шығады. Осылардың ішінен «Картоп жинайтын машиналары» тақырыбында өзім университет қабырғасында алған теориялық білімімді практикалық жүйеде толығымен зерттедім және осы тақырыптарға тоқталайын.

-Картоп егетін және жинайтын машинаның жіктелуі.

-Картоп егуге қойылатын агротехникалық талаптар.

- Картоп отырғызғыштың түрлері.

- Картоп тиеуіш машиналары

- Картоп түптеуіш культиваторды

- Жинайтын машиналарды

- Сорттауыш машиналарды

Білім алушылар осы аталған тақырыптарды толық оқып, олардың құрлысы, жұмысы, өнімділігі т. б мәліметтерді біліп шығады.

2 КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Қазіргі жаһандық дамыған, техника мен технологияның дамыған кезеңінде сабақ өту процессінде компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы зор.

Білім беру жүйесінің басты міндеті «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- дейді ҚР «Білім туралы» Заңында (8-бап) . XXI-ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Қазіргі уақытта оқыту жүйесінде жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдану мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, қазіргі таңда күнделікті сабаққа бейнероликтер, аудио-дыбыстарды ешқандай сөзсіз пайдалану мүмкіндіктері зор. Олар білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, зейін қойып тындауымен қатар, өздерінің түсінбеген жерін қайталап көруге, тыңдауға, алған мағлұматты есте сақтауына әрі сол мағлұматын нақтылауға мүмкіндін береді. Мұндай ақпарат алудың тиімділігі төмендегідей:

1. Керекті мағлұматын кедергісіз жедел түрде ала алады.

2. Білім сапасының артуы.

3. Студенттің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.

Ақпараттық дәуір интегративті мәдениетпен, икемділікпен, ойлаудың конвергенттілігімен, коммуникативтілікпен ерекшеленеді. Білім берудін келесі міндеттерін көрсетуге болады:

1. Өзіндік шығармашылық даму мен жоғары сапалы жұмысқа қабілетті тұлға қалыптастыру.

2. Көп салалы өмір үрдісінде өз саласы ғана емес жалпы әлемдік даму бойынша өзін еркін және жауапты сезіне алатын тұлға тәрбиелеу.

3. Өмірдің әрдайым өзгерістеріне ғана дайын тұлға емес, сол жерде белсенді әрекет ете алатын тұлға тәрбиелеу.

4. Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту.
Жиырмасыншы ғасырдың соңы компьютерлік техниканың дамыған, зерттелген мәселелермен ерекшепенетіні сөзсіз.

Осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын негізін француздың белгілі математигі әрі философы Б. Паскаль мен ағылшын ғалымы И. Беббидж қалаған компьютерлердің енді оқыту ісіне де көмегі тиюде. Анығырақ айтсақ, компьютер ана тілімізді оқытудың дәстүрлі әдістемесінде қолданылатын техникалық құрал ретінде пайдаланылып жүр. Жалпы, компьютерді қазақ тілін оқыту әдістемесі ретінде енгізудегі мақсат-сабақтың неғұрлым сапалы өтуіне қол жеткізіп, оқушылардың сабақты оқуға деген ынтасын арттыру екені даусыз.

Танымдық-ізденістік негіздер қай салада болсын маңызды болады, өйткені адамзаттың әрбір даму жолындағы жаңалық - танымдық жолындағы жаңалық ретінде жоғары бағаланады. Әр замандағы танымдық қатынас, ойдың ақиқатқа жетуінің жолдары мен әдістері, оның әдісі адамның дүниеге қатынасының белгілі бір типін бейнелейді, соны идеалдық-формада дамытады. Адам іс жүзінде дүниеге қандай қатынаста тұрса, ойлауда да сондай қатынаста тұрады.
Заттың, объектінің адамға тәуелсіз өзіндік болмысын айқындау, сөз жоқ, айрықша маңызды. Бірақ, ол мұқтаждық затты өзгерту қажеттігінен туындайды. Затты меңгеру үшін оның өзіндік ерекшелігін, заттың табиғатының заңдылығын, оның пайда болу тәсілдерін анықтау керек. Басқаша айтар болсақ, ғалымдар табиғаттың, ондағы заттардың өзіндік болмысы оның адамға тәуелсіз объективтік мазмұны адамның дүниеге өзгерту қатынасының шеңберінде ғана ашылады деп санайды. Процестің объективтік және субъективтік жақтарының өзі еңбек процесінің ішкі жіктелуінің бір түрі болып табылады.

Осындай көзқараспен қарағанда, адамның дүниені меңгеруі, өзгеруі, іс-әрекеті - өмірмен жанаспайтын жеке адамның ерекшелігі емес, тарихтағы көптеген ұрпақтың ортақ жемісі. Адамдардың жасаған дүниесі тарих ілгері басқан сайын ұлғайып, дамыған елдерде бүкіл жер бетінің пішінін өзгертіп жіберді. Ол өзгерістер кейде экологиялық қауіпті жағдайларға да ұшыратуда. Сондықтан адам танымының дамуы барысы адамзатқа игілікті болуын ғана көздеу үлкен міндет. Адамның қабілеттері -
шығармашылық жасампаздық қабілеттері. Ол қабілеттер адамға даму барысында біте ме, немесе туа бітті бар ма - әлі шешілмеген мәселе деуге болады. Сондықтан да заман дамуы барысында адам танымының дәрежесі түрлі техникалық, логикалық тәсілдердің пайда болуына ықпал етер болса, оны адам баласының өзін, қоршаған ортаны өзіндік турғыдан жасауы, шыңдауы деп түсінеміз .

К. Шеннон болса, адам мен компьютердің мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:

- бірінші айырмашылық - көлемдерінде. Адам миының клеткаларының саны ең күрделі деген компьютерден миллион есе артық;

- екінші, құрылымы жөнінен айырмашылығы бар. Адам
нерв жүйесінің құрылымы компьютердің ең дәл деген монтажынан мүлдем басқа болады. Компьютердегі кішкене ғана қате байланыс тұтас машинаны бұзады. Ал адам миының кереметтігі оның тұтастығы сәл ақауларға қарамайды;

- үшінші айырмашылық - сенімділік жөнінен байқалады. Адам баласының миының сенімділігі күндер емес жылдармен саналса, машинаның сенімділігі бұдан әлдеқайда қысқа екені онсыз да белгілі;

- төртінші айырмашылық - логикалық құрылымы
жөнінен келеді екен. Адамның миы өзін өзі басқаратын ұйымдастырылған жүйе болып табылады. Ал компьютерлер адамның басқаруымен жұмыс істейді. Оның құрылымы адам миының жұмыс істеу жүйесінен әлдеқайда таяз болып келеді;

- бесіншіден, жұмысқа кірісу мен шығу жолдарының
айырмашылығы. Адамның миы сезім мүшелерінің - құлақ,
көз, басқа сезім мүшелері арқылы хабар алып отырса, компьютердің ең тамаша деген құрылысының өзі мұндай сезу органдарының қасында «қораш» көрінуі заңды болмақ.

Бұл мысалдарды келтіру себебіміз - компьютер қалай болғанда да адам баласының ойлап шығарған құралы. Сондықтан, оның тым асыра бағалануы теріс әсер тигізуі мүмкін екендігін әр уақытта есте тұтқан абзал. Адам баласының санасы, миы, қызметі - барлығы компьютермен салыстыруға келмейтін теңдесі жоқ, бағалы нәрселер екенін де оқушыларға осындай салыстырулар жүргізіп үйрету керек деп санаймыз. Мұның өзі оқушының өзін-өзі тануға ұмтылысын ғана емес, жалпы адам баласын сыйлауға, түсінуге деген ұмтылысын да қалыптастыра алады. Бірақ компьютердің бұл жердегі артықшылығы - оның тез операциялар жасай алуы мен еске сақтау қабілетінің күшті екендігі.

Білім алушының нәтижелі іс-әрекет, дағдыларын қалыптастыру мақсатында болашақ мұғалімді компьютерлік технологияларды пайдалануға кәсіби даярлау мәселелері жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл зерттеуге жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары да, жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің мұғалімдері де қатысатынын ескерте кеткен жөн. Біз қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және т. б., яғни, гуманитарлық пәндер циклы бойынша болашак, мұғалімдерге айрықша назар аударамыз. Сондай-ақ, тәжірибелік-педагогикалык, жұмыстарын да аталмыш пәндер мұғалімдерімен, ал жоғары оқу орындарында - тілдер мен әдебиет, тарих, педагогика, психология, жеке әдістемелерден дәріс беруші оқытушыларымен бірлесе атқарамыз.
Біз болашақ ұстазды кәсіби даярлауда студенттің педагогикалық үрдістің мәнін, оның заңдылықтарын, қозғаушы күштерін, тәрбиелі механизмдерін ұғынуын жататынын басшылыққа аламыз. Тек сонда ғана оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдалану оқушылардың нәтижелі іс-әрекет ету дағдыларының қалыптасуына септеседі. Мұндай қорытындыға зерттеудің I және II кезеңдерінің нәтижелеріне сүйеніп келдік.
Теориялық әдебиеттерді зерттеп-білу мен талдау, бақылау, сұрастыру жұмыстары шынайы өмірдін өзекті мәселелерін анықтауға түрткі болды.

"Қажетті тәжірибе жинақтауға жетелейтін іс-әрекет - онбойына "еңбек құралын" сіңірген ұстаз тұлғасыиың қалыптасуынын алғы шарты. Бірақ еңбек объектісі толық, айқын болмаса, егер еңбек субъектісінің назары жалған түсінілетін объектіге ауса, оның табысқа жетуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеттері объективті пайда болған объектімен сәйкес келмейді". - деп жазады Н, Д. Хмель. Бұған дәлел ретінде сынақ нәтижелері мысал бола алады. Әңгімелесу. сұрақ-жауап барысында болашақ мұғалімдер кәсіби қызмет объектісі ретінде 5 компьютерлік технологиялар тәсілдерін, саналуан бағдарламаларын пайдалануға басты назар аударды. Өкінішке орай, оқытушы компьютерлік. технологиялардың мазмұнына елтіп кетіп, ол мәнсіз жаттығуларға ұласып, нәтижесіз аяқталған жайттарға да кездесіп жатады. Неге? Өйткені, бұл жағдайда субьектілердің - оқытушылар мен студенттердің - іс-әрекеті нақты объект біртұтас педагогикалық үрдіске емес, жалған түсінілетін объект - компьютерлік технологияларға бағытталған. Студенттердің кәсіби қызмет объектісін түсінуі - білімдер жүйесін меңгеруді білдіреді, '"Синтездік сипаттағы біртұтас сана объектілерінсіз субъектінің табысты әрекет етуі мүмкін емес".

Шәкірттердің нәтижелі іс-әрекет етуіне ұстаздың пәнді жақсы білуі түрткі болатынына дау жоқ. Егер әдебиет пәнінің мұғалімі өзінің біліміне қоса компьютерлік технологияларды меңгерсе, онда тіпті тамаша. Дегенмен, оқушының нәтижелі іс-әрекет ету дағдыларын қалыптастыру үшін болашақ мұғалімдерді педагогикалық үрдістің мәнін, оның заңдылықтарын, дамуын зерттеп-білу негізінде даярлаған жөн. Ф. Д. Ізбасарованың ұжымдық-танымдық істі ұйымдастыру үрдісінде оқушыларды оқу-танымдық дағдыларға баулуға студенттерді даярлау ерекшеліктері туралы диссертациялық зерттеуінде мұғалім қызметі білім берудің ішкі механизмдерімен таныс шәкірттердің санасы қалай қалыптасатынын, оқу үрдісі барысында алынған білімдері қалай дарып, ұғынылатынынан хабардар болған жағдайда ғана тиімді болатыны атап көрсетілген. Көтерілген мәселелерді шешуде біртұтас педагогикалық үрдістің жүйелі-құрылымдық сипаттауын меңгерген жөн. Бұл - болашақ мұғалім оқыту барысында компьютерлік технологияларды пайдаланған кезде өзінің біртұтас педагогикалық үрдісінің әр түрлі қырлары, қасиеттері, ерекшеліктері туралы білімдерін, нақты оқу пәніне қатысты мәселелерді шешуде қолдана алатынын білдіреді. Болашақ мұғалім компьютерлік технологияларды пайдалану үрдісін тұтас қарастыруға үйреніп, сан-алуан байланыстарды, бәлкім, "сәтсіздіктің" және т. б. себептерін ашуға ұмтылады. Шәкірттердің нәтажелі іс-әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында компьютерлік технологияларды пайдалану ерекшеліктерін анықтау үшін біртұтас педагогикалық үрдістің құрамдас бөліктеріне айрықша тоқталып өту қажет. Мысал үшін, мақсатты алайық. Мұғалім болашақ ісін жобаламас бұрын, мақсатын болжап алады. Бүгінде біздің компьютерлік технологияларды пайдалану үрдісін тұтас қарастыруға үйреніп, сан-алуан байланыстарды, бәлкім, "сәтсіздіктің" және т. б, себептерін ашуға ұмтылады.

Оқушының нәтижелі іс-әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында компьютерлік технологияларды пайдалану ерекшеліктерін анықтау үшін біртұтас педагогикалық үрдістің құрамдас бөліктеріне айрықша тоқталып өту қажет. Мысал үшін, мақсатты алайық. Мұғалім болашақ ісін жобаламас бұрын, мақсатын болжап алады. Бүгінде біздің компьютерлік технологияларды пайдалану мақсатымыз қандай? Бірақ, бұл - ең кіші мақсат. Ең жоғары мақсат мынадай: "Сабақтарда компьютерлік технологияларды қолдана отырып, шәкірттердің нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыру мақсатына қалай жетуге болады?" Яғни, студенттердің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, әр даму кезеңіндегі іс-әрекеттер мәнін бейнелейтін біліктерге жіктеп, іс-әрекеттер құрылымын құру (ұйымдастыру), дағдыларын қалыптастыру.

Инновациялық оқыту технологиясы . «Инновациялық қызметін ұйымдастыру», білім берудің жаңа үрдістерін ұйымдастыру, озық іс-тәжірибені насихаттау және тарату. Сондықтан, оқытушылардың саяси білімін көтеру, «Білім туралы» заң талаптарына сай «Білікті, кәсіби » маман даярлауды жетілдіру, үнемі басты мәселе болып қарастырылады. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасын білім беруді дамытудың 2005/2010 жылдарға арналған «Мемлекттік бағдарламасын» кәсіптік-техникалық білім беруді жетілдіру мақсатында қабылданған 2008/2012 жылдарға арналған Үкіметтің бағдарламасын басшылыққа ала отырып оқытушылардың саяси сауаттылығын көтеруде, ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, «Білім туралы заңда көрсетілген, педагог-қызметкерлердің құқықтары, мен міндеттері жауапкершілігі» (дөңгелек үстел) «Мамандарды заман талабына сай даярлау, басты міндет» (пікір-талас) Н. Назарбаевтың 2009ж. 7- наурыз Қазақстан халқына жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» колледж оқытушыларының арасында (дөңгелек үстел), «Шығармашылық ізденіс - көзі» (конференция) т. б. өтілді.

«Білім туралы» заңда «Білім беру ісінің басты міндеттерінде: Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап көрсетілген. Студенттің білімді, сауатты, тәрбиелі болуы ұстаздың біліктілігіне, шеберлігіне байланысты. Оның бірден-бір жолы оқытушылардың жаңа технологияларды тиімді пайдалануы болып табылады. Колледжде оқытушылардың білім деңгейін, инновациялық даярлықтарын қалыптастыру мақсатында «Модульдік» және «Деңгейлеп саралап» оқыту технологиялары бойынша мобильдік шығармашылық топтар құрылған.

Мобильдік топтар айына бір рет технологияларды сабақ үрдісіне қолдаудың тиімділігі, оқытушылардың ізденісі, шығармашылықпен жұмыс істеуі т. б. талқыланып отырылады. Инновациялық жаңа оқыту технологиялары бойынша барлық пәндік (циклдік) комиссиялары өздерінің пән ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алып, жыл бойы таңдалған инновациялық оқыту технологиясы бойынша жұмыс атқарады (2 суретке сәйкес) .

Ролик 078 1

Сурет 2 Оқытушылар интерактиті оқыту технологиясын қолдану процессінде

1. 2 Дипломдық жұмыс тақырыбын талдауын негіздеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технология пәнін оқытуда оқытудың белсенді әдістерін қолдану жолдары
Тыңайтқыш туралы ұғым. Тыңайтқыш қолдану жүйесі
Егіс дақылдарын себіу және күтіп-баптау
Картоп егетін және жинайтын машиналар комплексі
Өсімдік шаруашылығы
Кәсіптік мектептің оқу мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Солтүстік Қазақстан және қостанай облыстары
Тамыр және түйнекті жемістілер
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Машина жасау өнеркәсібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz