Қазақстандағы көшпелілер мәдениеті


СӨЖ
Факультет: География және табиғатты пайдалану
Кафедра: Рекреациялық география және туризм
Тапсырма: Эссе “Қазақстандағы көшпелілер мәдениеті және олардың қазақ халқының мәдениетіне тигізген ықпалын талдау. Сақ, массагет, ғұн, үйсін және қаңлылардың мәдени мұрасы және олардың түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасуындағы рөлін айқындау”
Орындаған: Ергешов Д. А
Тексерген: Кудайбергенов С. Е
Мазмұны
1. Кіріспе . . . 2
2. Қазақстандағы көшпелілер мәдениеті . . . 2
3. Сақ, массагет мәдениеті . . . 2
4. Үйсін мәдениеті . . . 3
5. Түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасу . . . 3
6. Қорытынды . . . 7
7. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 7
Салтанатты көшті өмірдің сәні ретінде бағалайтын қазақтар, көшті бір орыннан екінші орынға жұрт жаңалау үшін ғана емес, өз тұрмыс мәдениетін әйгілеп, көңіл көтерудің тамаша орайы деп білген. Сырттай сынай қарайтын ұлттар ойлағандай, көшіп-қонып, азып-тозып жүрген жоқ. Тереңрек айтсақ, қазақтың көш мәдениеті көне заманда көшпелі тұрмыс кешірген адамзат мәдениетінің соңғы сарқыны. Неше мың жылдан бері үзілмей жалғасқан мәдениетінің соңғы тынысы. Моторлы көліктердің жаппай қолданысқа енуі, адамзаттың отырықшы тұрмысқа көшуі, көшпелі тұрмыстыңда күнін батырды. Көшпелі тұрмыс тарихта өзінің айқын орынын алған үздік мәдениет.
Әрине, көшпелі мәдениетке деген көзқарастар әртүрлі болды. Дәлірек айтсақ, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына назар аудару басым болды. Мысалға, Тойнби, Ратуель деген сияқты ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді»деген екен. Менің ойымша бұл қате айтылған пікір. Көшпелілерде де жазу-сызу ертеден пайда болды. Ия, әрине көшпелілерде жазу кеңінен дами алмады, бірақ халық жадында рухани мәдениет-шежіре тарихы, өнер, фольклор ерекше сақталды. Көшпелілер мәдениеті музыкамен табиғаттың ырғағымен өмір сүрген. Жібек жолындағы түрлі ескерткіштерді қазған кезде де, музыка және театр саласындағы даму барысы мен өзара бірін-бірі байытып отырғанын, дәлелдейтін заттар осыған айғақ. Олар түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болды деп ойлаймын. Себебі, көшпелілер әр халықтың жақсы мәдени үлгілерін өздеріне алып, басқа да халықтарға жұғыстырды. Ал ендігі кезекте сақ мәдениетіне тоқталсақ.
Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Сақтардың массагет тайпалары туралы тарихшы Страбон: «Кейбіреулер таулы жерді мекендесе, жазық дала мен өзен жағалауында, тіпті аралдарда тұратындары да бар. Аралдарда тұратын массагеттер мал өсіріп, егін егіп жер өңдемейді. Өзен жағалауындағы сазда тұратын сақтар балық аулаумен шұғылданады» - дейді. Таулы өңірде өмір сүрген массагеттер азын-аулақ қой өсіріп, олардың сүті мен жүнін пайдаланған. Массагеттер жер өңдеп дәнді-дақылдар екпейтін, олар тек мал өсіріп көпшенді тұрмыс кешкен. Көшпенді өмір сүру салты сақтардың негізгі кәсібі малшарушылығымен байланысты. Сактардың ішінде мал, егін шаруашылығынан басқа да балық, аң аулап өмір сүрген тайпалар болды. Сонымен сақтардың кәсібі өмір сүрген аймақтарына қатысты болды деп айтуға болады.
Ғұндар . Б. з. б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан тартып Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан - байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан әр түрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың әсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну еді. Ғұндар туралы мәліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Ғұндар 24 руға бөлінген. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды.
Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды. Зергерлік өнердегі полихромдық стильді дүниеге әкелген. Көк тәңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған.
Ғұндар - көшпелі патриархалды ел болған. Олар алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғұндардың көшпелілік мәдениетіне “Полихромдық стиль” өнерінде әшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған. Бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді зерлеу деп атаған. Бай ғұндардың зираттарында алтын сырғалар, сақиналар, сақиналар, алтынмен қапталған былғары белдіктер көп кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы жануарлардың суреттері пайдаланылды. Сонымен қатар тұрақты елді мекендерден табылған шыбықтардың бастары ғұндардың тоқып, жүннен киім кигенін көрсетеді. Асыл ғұндардың бай жерлеулерінен Жібек материалдарының қалдықтары табылды, осы жерден олардың қымбат Қытай Жібегінде киінгені белгілі болды.
Ал ендігі кезекте осы мәдениеттердің түркі мәдениеттінің қалыптасуы жайлы сөз қозғайын. Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф. Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.
Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл - қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т. б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.
Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ, анын аңғартады.
Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.
Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер - үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды.
Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С. П. Толетов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.
Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі топтық қоғамдардың қалыптасуына европалықтарға “ғұндар” деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға басып кірді.
Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды -феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады.
“Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.
Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Бірі-Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі - Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан) .
Батыс түрік қағандығы яки қағанаты - Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы - қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz