Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде


Nūr-Sūltan qalasynyŋ
fizika-matematika bağytyndağy
Nazarbaev Ziяtkerlіk mektebі
Qazіrgі älemdegі Qazaqstan
Kurstyq jūmys
Oqu bağdarlamağa säikes taqyryptyŋ bağyty: Týrızm
Taqyryp: "Qazaqstanda týrızmdi damytý qanshalyqty mańyzdy?”
Oryndağan: 12 "V" synyp oqýshysy
Saýranbaeva A. A.
Jetekşі: Qýandyqov S.
Nūr-Sūltan, 2021
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
Негізгі бөлім . . . 5
Сауалнама анализі . . . 10
SWOT талдауы . . . 11
I. SWOT қорытындысы . . . 12
Қорытынды . . . 13
Пайдаланылған әдебиет . . . 14
Қосымша . . . 15
I. Сауалнама сұрақтары . . . 15
II. Плагиатқа тексеріс . . . 16
Кіріспе
Туризм - ежелден келе жатқан, елге алып келетін экономикалық кірісі жоғары салалардың бірі. Әсіресе, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан ежелден саяхат және туризм нысандарына бой болған. Еліміздің географиялық орналасуы мен табиғат көріністері, тарихи ескерткіштері мен ежелгі орындары және қалалардағы дамыған инфрақұрылым мен іскерлік орталықтар Қазақстандағы туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді. Алайда, қазіргі кездегі еліміздің туризм саласы қаншалықты дамыған? Оны дамыту және әлемдік стандарттарға сай жоғарғы дәрежеге жеткізу қаншалықты маңызды?
Жалпы, Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша туризм әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi [1] . Бұл көрсеткіштер кез-келген елдегі туризмді дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді. Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша да туризм - әлемдік экономикада қарқыны төмендемейтін салалардың бірі. Осындай артықшылықтарға ие бола тұра, туризм саласы Қазақстанда жеткілікті деңгейге дейін дамымаған. Мұны еліміздің әлемдегі туристік имиджінің көрсеткіштерінін көмегімен дәлілдеуге болады. Орта есеппен әлемде сұралған респонденттердің 42%-ы ғана Қазақстан имиджі туралы түсініктері бар. Оның ішінде Азиядағы Қазақстанның танымалдылығы ең жоғарғы көрсеткіш -75%-ды құрады [2] . Ал Еуропада бұл көрсеткіш өте төмен, сұралғандардан ең жақсы көрсеткіш көрсеткен тек ағылшындар болып, 41%-ды құрады [2] . Қазақстанда тек сыртқы туризм ғана емес, ішкі туризм де қиын жағдайда. Сарапшылардың мәлімдеуінше ішкі туризм барлық туризм кірісінің тек 3%-ын құрайды. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш әлемнің дамыған елдерінде 50%-ды құрайды [2] . Бұл мағлұматтар еліміздегі туризм мәселесін және сонымен қатар, ғылыми жобаның өзектілігін көрсетеді. Қазақстанның әлемнің дамыған елдеріндегідей туризмнің жоғарғы деңгейіне жетуі үшін ең бірінші елдегі бұл саланың жағдайы мен мәселесі толықтай зерттеліп, кейіннен даму жолындағы міндеттер қоюлуы тиіс. Сондықтан да, бұл жоба мемлекеттегі туризмнің қазіргі мәселесін, ғаламдық COVID-19 пандемиясының жергілікті туризмге әсерін және осы саланы дамытуға болатын жолдарды талдап, ұсынатын болады. Сонымен қатар, ғаламтор желісінде Қазақстандағы туризмнің 2021 жылғы жағдайы туралы мәлімет өте аз. Ал бұл жоба туризм саласындағы ақпарат көздерінің санын арттыра түсіп, жаңа мәлімет ресурсына айналмақ болмақ. Ғылыми жобада көрсетілген ұсыныстар болса, болашақта туризмді дамытуда кең қолданыста болуы мүмкін.
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақстандағы туризм мәселесін зерттеп, бұл саланы дамыту жолдары мен маңыздылығын анықтау
Зерттеу сұрақтары:
- Қазақстандағы туризм саласының даму деңгейі қандай?
- 2020 жылғы COVID-19 пандемиясының сыртқы және ішкі туризмге әсері қандай болды?
- Елдегі туризмді дамыту жолдары қандай?
- Дамыған туризм саласының ел экономикасы мен әлеуметтік жағадайына әсері?
Шешу әдістері туралы айтатын болсақ, бұл мұқиятты түрде фактілер мен аргументтерді анализдеу және халықтың пікірін білу үшін сауалнама алу. Теориялық тұрғыдан басқа мемлекеттердің мысалы мен тәжірбиесі, оның Қазақстанда қолданысы талданатын болады. Фактілер мен аргументтерді анализдеу SWOT әдісі арқылы талданатын болады.
Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы туризм саласының даму деңгейі қандай?
Қазақстандағы туризм саласы соңғы жылдары қарқынды дамуда. Мұны 2019 жылғы туризмге салынған инвестициялардың ел тарихындағы рекордтық көрсеткіші - 153, 7 млрд теңгеге жетуі дәлелдейді [3] . Қаржылай көмектің артуымен туризм саласы да жаңа деңгейге көтеріле алады. Ал дамыған туризм Қазақстанның әлемдік жарнамасына айналуы әбден мүмкін.
КСРО кезеңінен Қазақстандағы туризм қызметі қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылып, көмектің басым көпшілігі Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары секілді өнірлерге көрсетілді. Ал еліміздің тарихи орталықтары, табиғат көріністері мен сәулет өнері секілді туристік орындары жарнамаланбай, сұранысқа ие болған жоқ [4] . Бұл тәуелсіздік алғаннан кейін де басшылықтың туризм саласына жеткілікті көңіл бөлмеуіне ұласты. Басқару органдарының туризм саласын экономиканың дамушы факторы ретінде қарастырмауы, бұл саланың дамуын тежеді. Еліміздегі туризмнің даму деңгейінің орташа болуына кадрлардың жетіспеушілігі, білім мен тәжірбиенің аздығы тікелей әсер етті. Қазіргі таңда, Қазақстанда туризм менеджерлерін даярлайтын 28 оқу орны бар. Олардың негізі 1992 жылы қаланғанымен, жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың білімі мен туристік қызметтегі тәжірбиесінің жеткіліксіздігінен, туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету қанағаттандырарлық жағдайда емес [4] . Елдегі инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласының орта деңгейі де туризм саласының баяу дамуына ықпал етеді.
Сонда да, соңғы оң жылда Қазақстан туризм саласына көңіл бөліп, қаржылай көмек көрсетіп, жарнама жасауда. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде туристік индустрияны дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған перспективалық бағыттарын дамыту жөніндегі салалық бағдарлама қабылданған болатын. Көрсетілген бағдарламаларды іске асырудың бірінші жылы барысында Қазақстанда барлық бағыттар бойынша туристік ағындардың ұлғаюы байқалып, елге келушілер саны 14, 2% - ға артты. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көшпелі және ішкі туризм бойынша келушілер саны 24, 5% - ға артты, бұдан туризм дағдарыс кезеңінен кейін біртіндеп қалпына келеді. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте 13 569 000 адам зерттелді: оның ішінде келу туризмі бойынша - 3 834 000 (28, 3%), сыртқы туризм бойынша - 5 932 000 (43, 7%), ішкі туризм бойынша - 3 801 000 (28%) . Қазақстанға туристер көп жағдайда іскерлік мақсатпен келді - 57, 5%, демалуға 35, 7% келді [5] .
2017 жылы өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі де еліміздегі туризмнің дамуына өз үлесін қосты. Көрмеге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, Қазақстанға келушілер саны артты. Көрменің өту кезеңінде күніне 7000 адам авиарейспен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келіп, 16 000 адам өзге транспорт түрлерімен келіп жатты [6] . Бұл елдегі туризм саласының дамуына септігін тигізіп, экономикалық тұрғыда да жаңа деңгейге көтерілуге әсер етті.
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде. Пандемиядан кезеңіндегі кедергілерге қарамастан 2021 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 564 млрд теңгені құрады [7] . Бұл қаражат өзге елдермен салыстырғанда жақсы көрсеткіш болып есептеледі. Басқару органдары да қазіргі кезде туризм саласына көп көңіл бөліп, әр түрлі жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда.
Сонымен, зерттеу сұрағында Қазақстанның туризм саласының кемшіліктерге қарамастан, дамып жатқандығы қарастырылды. Еліміз барынша мемлекеттегі тарихи объектілерді, көрікті орындарды, шипалы жерлерді және сәулет өнерінің туындыларын жандандырып, туризмде қолдануда.
2. 2020 жылғы COVID-19 пандемиясының сыртқы және ішкі туризмге әсері қандай болды?
2020 жылы COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемге соққы берді. Пандемияның әсерінен бекітілген карантинге қатысты шектеулер әлемдік туризмге үлкен нұқсан келтірді. 2020 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша шетелдік туристердің әлемдік ағыны 3, 8 есеге азайды [8] .
3. Елдегі туризмді дамыту жолдары қандай?
4. Дамыған туризм саласының ел экономикасы мен әлеуметтік жағадайына әсері?
Зерттеу әдістері
Ғылыми жобада біріншілік және екіншілік зерттеу әдістері қолданылады. Зерттеу жұмысындағы екінші реттік зерттеу Туризм мәселесі мен оған байланысты заңнамалар, сауалнамалар және зерттеулер туралы ақпарат жинау мен талдау үшін қолданылатын болады. SWOT тікелей зерттеу сұрағына жауап беру үшін, ал біріншілік зерттеу әдісі - сауалнама, халықтың көзқарасын анықтау үшін қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz