Мухаммадия медресесінің ішкі жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

2. XIX-XX ҒАСЫРДАҒЫ ОРТА АЗИЯЛЫҚ ТАНЫМАЛ МЕДРЕСЕЛЕР (ОРЫНБОР, УФА, ҚАЗАН)

1. «Мухаммадия» медресесі XIX ғасырдың соңында қадымшыл жүйедегі діни оқу орындары немесе қадымшыл көзқарастағы мектептерді заманауи оқу орындарына ауыстыру қажеттілігі туындады. Бұл қозғалыс «жәдитшілдік» деп аталды . [Абдуллин Я. Г. Джадидизм среди татар: возникновение, развитие и историческое место / Абдуллин Я. Г. : Иман, 1998. - 41-43 с. ]

Патшалық Ресей кезінде ұлттық бірдікті һәм бірегейлікті сақтай отырып, Бастауыш немесе орта деңгейдегі зайырлы білім беру мекемелерін ашуда біраз қиындықтар туындады. Алайда, сол кездегі қоғамның талыбы күшті болған себепті ашуға мәжбүр етті. Бұл білім беру ошақтары білім беру процесіне де, оны ұйымдастыруғада перспективті және мүлдем басқа тәсілдерді қолданды, сондықтан оларды жаңа әдіс, жаңа методикалық деп аталды. Дәл осы уақыттарда 1882 жылы осы әдісте Қазан қаласында «Мухаммадия» медресесі ашылды. Ол тез арада тек Қазан қаласына ғана емес басқа өлкелергеде жылдам танылды.

«Мухаммадия» медресесінің негізін қалаушы Ғалымжан Мұхаммеджанұлы Галеев (Баруди) болды. XX ғасырда Ғалымжан Галеевтың есімі өте танымал болған, халық арасында Баруди лақап атымен танымал болған. Баруди күллі ғұмырын білім беру ісімен айналысқан, өмірін діни ілімдер мен философиялық зерттеулерге сарып еткен.

Медресенің құрылыс тарихын бірнеше кезеңге бөліп қарастырсақ болады.

Г. Барудидің әкесі Мұхаммедтің пәрменімен 1882 жылы тастан ұзындығы 16 метр ал ені 8 метірлік бір қабатты ғимарат салдырды. Осы медресенің салынуына бірден бір мұрындық болған Ғалымжанның әкесі Мұхаммеджанның құрметіне медресені «Мұхаммед» деп атаған екен.

1882 жылы Г. Барудидің әкесі Мұхаммед бір қабатты тастан салынған ғимарат салды, оның ұзындығы он алты метр, ені сегіз метр болды. Ғалымжанның әкесі Мұхаммедханның құрметіне медресе "Мұхаммед"деп аталды. Халықта ол "Галеев медресесі"деген атқа ие болды. Медресенің құрылыс тарихында шартты түрде бірнеше кезеңді бөлуге болады. Халық аузында да ол медресені «Галеев медресесі» деген атқа ие болған.

Медресе аз уақыттың ішінде халық арасында тез танымал болып, көптеген білім алушылар білім алуға ағылды. Медресе қызметкерлері жоспарда болмаған шәкірт санынан асып түсіп, сыныптар жетіспеу мәселесі туында. Бұл жағдайды тез бағамдай алған медресе басшылығы тез арады шешім қабылдап медресе жер-төлесін оқу үшін сыныпқа ауыстырды. Арадаға көп уақыт салмай медресенің екінші қабат ғымаратыда салынды. Бірақ медресе мұсылмандардың арасында үлкен танымалдылық пен сұранысқа ие болғаны соншалық ғымараттың шәкірт сидыра алмауы, сыныптардың аздығы қайталанды. Медресе шәкірттерді толық қабылдай алмады.

1901 жылы Қазан қаласының мэрі Лебедваның пәрменімен қайтадан ғимаратқа жөндеу жұмыстары жасалып, медресенің үшінші қабатының құрлысы басталды.

Құрлыс барысында Ғалымжан Баруди санитарлық-гигенана талаптарын орындауға өте қатаң жуапкершілікпен қарады, бұл мәселеге бей-жай қарамай көп күшін салдың. Оның күш-жігері бекерге сарпылған жоқ, «Мухаммадия» медресесі сол кездегі басқа оқу орындарымен салыстырғанда бір саты жоғары тұрды. Медресе өз асханасы, ас ұй, медициналық пункт, аяқ киім жөндеу шеберханасы, орман шаруашылығы, кітап түптеу шеберханасы, өз бақшасыменен ерекшеленді. Қыстан студенттер медрессенің қысқы бағында коньки тебетін болған. Әлуметтік жағдайы төмен студенттердің оқу шығынын төлеуге көмек пен қолдау көрсетіліп отырған. Оқу орнында басты ғимараттан бөлек басқа мектеп те болған. Ол оқу оқу ақысын төлей алмайтын кедей балаларған арналған. Медресе әкімшілігі бұл балаларға: киім, кітаптар, дәптерлермен басқада оқу құраладрымен қамтамасыз еткен, сонымен қатар шәкірт ақы төленген.

Бастапқыда «Мухаммадия» медрессесінің аса қатты өзіндік ерекшеліктері бола қоймады, кейінірек Ғалымжан Барудидің ұсынысы бойынша оқу бағдарламасы діни пәндер бекітілді.

Медресе қасында «Телескоп», «Манзуратуль-ғәләм», «Мухаммадия» сынды мерзімді газет, журанлдар басылып шығатын баспахана болды. Сонымен қатар, студенттер жергілікті театр үйірмесіне де қатысқан.

1891 жылы медреседе білім беру жүйесіне реформалар жүргізілді. Медресе бағдарламасына зайырлы пәндер қосылып жылына 2-3 мәрте кеңейтіліп отырды. Білім берудің сапасын арттыру мақсатында білікті мамандар тартылды, ал 1907 жылы медреседе аранйы мұғалімдер дайарлайтын педагогикалық курстар ашылды. Мұғалімдерге жылына 100-ден 1000 рубьге дейін жалақы беріліп отырған. Сонымен қатар медреседе медициналық кабинет жұмыс жасаған, онда студенттерге көмек көрсетіліп, арнайы дәрігерлер қызмет еткен

"Мухаммадия" медресесінде жоғары білікті мамандар сабақ берді. Ғ. Ғабидуллин әл-Кырлави (құқықтық пәндер бойынша), Т. Ғабдулхакимов әл-Мачкарави (араб тілі, фонетика, морфология және каллиграфия бойынша) . Ж. Сиражетдинов (этика бойынша), Б. Ғұмаров әл-Құлаткылы (логика бойынша), Шахар Шариф (философия және араб тілі бойынша) . Араб тілінде бірнеше оқытушы болды. Сонымен қатар Тахир Ілияс араб тілі, лексикография, математика курстарын жүргізді, Габдуррахман Галеев араб тілінен сабақ берді, Хасан Сұлтанов орыс тілінің мұғалімі болды. Олардың барлығы өз саласының нағыз мамандары болды.

1881 жылы Мұхаммед Галеевтың қаржысымен және басқада ауқатты адамдардың садақасымен жаң ғимарат бой көтерді. Ол жақтада шәкірт оқытты. «Мухаммадия» медресесі өзінің медіресе ішндегі ақша айналымымен өмір сүрген. Татар көпесі А. Хусайновтың өзінің сауда жәрменкесі болған деседі, сол жәрменкеден түскен ақшаның бір бөлігін медіресеге қайырылымдылық көрсетіп отырған. [Tагирова И. Р. Очерки истории Татарстана и татарского народа (XX в. ) / И. Р. Тагирова - Казань: Таткнигоиздат, 1999. - 467 с. ]

«Мухаммадия» жәдит медресесінің қадим медреселеріне айырмашылығы, студенттер жыл сайын медресеге жылыдқ оқу ақысын төлеп отырған. Сол кезде «Мухаммадия» медресесінің жылдық сомасы 5 рубль болған. Оқушылырдың басым бөлігі Қазан қаласы мен оның маңындағы шалғай аудандардан болған. Сібір, Саратов, Фуадан келген шәкірттерде болған. Оқуға келегн шәкірттердің көбіс діни білім үшін келген. Медреседе оқу мерзімі 12 немесе 14 жыл болған, кейбір жылдары оқу мерзімінің ұзақ болуына байланысты медреседе түлектер болмаған. Тек кейбір студенттер оқудың барлық баспалдағынан сәтті өткен.

Жыл сайын медресе басшылыры мен мұғалімдері дөңгелек үстел құрып кеңестер жасалынды, мұғалімдер пәндер бойынша бөлініп, оқу бағдарламыс жасалынып, оқу процесі, студенттердің бос уақытысында қосымша сабақтар ұйымдастыру, студенттердің мінез-құлқы мен үлгерімін бақылып отыру секілді тапсырмалыр басшылық тарыпынан оқытушылырға жүктеліп отырған. 1890 жылы "Мухаммадия" медресесінде қыздарға арналған мектеп ашылды. Алайда, ол салыстырмалы түрде ұзаққа созылмады және 1917 жылы жабылды.

"Мухаммадия" медресесінің ішкі жүйесі

«Мухмамадия» медресесі XX ғасырдың басында, бұл жерден білім алғысы келетіндердің қарасы өте көп болды. Студенттердің саны 500 адамнан асып жығылды. Медресенің шәкірттері тек діни білімді алып қана қоймай, зайырлы білімдерді де оқыды. Мамематика, Геометрия, физика, Ресей мен түскі халықтарының географиясын, психологиясын, педагогикасын, тарихын оқыды.

Оқуға түскісі келетін талапкерге мынандай шарттар қойылған: денсаулық жағдайына байланысты қағаз. Әр талапкердің төлқұжаты, тәбиеленушісіне мінезі жайында сипаттама, Егер шәкір бұрын соңды діни білім алған болса сертификат сұралатын болған.

Ал студенттің жаман аты шықса студент оқуға қабылданбады. Медресеге 10 жастан жоғары қабылданды, бұл бастапқы кезде. Студенттердің сыныптан сыныпқа көшу үшін емтихан тапсыратын болған. Емтиханда Құранды оқып, оны түсіндіру керек. Егер мұғалім шәкіртке кез-келген түркі тіліндегі мәтінді ұсынса, мәтінді оқып, аудырып, түсіндіріп беру керек. Сондай-ақ Ислам тарихын жетік білу. Медресе студенттері жыл бойы оқытылатын пәндерді оқып, жыл соңында арнайы жасақталған комиссия алдында жылдық емтихан берген. Оқуды, медресе тапсырмаларын орындамаған шәкірттермен арнайы жұмыс жасалынып оған бағынбаған студентті оқудан шығарған.

Медресенің тағы бір ерекшелігі медресе студенттеріне белгірі бір киім түрін киген. Бұл қара түсті пальто, қара бас кейім, резенке галоштар немесе аяқ киімнің басқа түрі болды. Студенттерге жыртылған немесе ластанған киім киюге тыйым салды. Медресе жанында қатаң тәртіптегі жатахана болды. Студенттерге жеке керек-жарақтарын сақтау үшін сандық пен шкаф берілді. Студенттер жиһаздарды өте ұқыпты пайдаланды. Ұйқы режимі қатан сақталды сағат 22:00 жатып 06:00 де оянатын болды.

Жоғарыда айтқанымыз дай медресе 14 жылдық оқу болды.

«Ибтидаи» деңгейі 5 сынып болды, онда ислам діні, татар тілі, арифметика, Ислам тарихы, орыс тілі, көркем жазу, калиграфия, Құран жаттау, араб тілі, парсы тілі, хадис мәтіндері, география, жаратылыстану тарихы. . [Татарстан Республикасының ұлттық архивы] .

«Санауи» денгейі 6 сынып, онда Құран, араб тілі, татар тілі, орыс тілі, көркем жазугеография, Ислам тарихы, татар тарихы, араб шиғырлары (өлеңдері), Мұхаммед (с. ғ. с) айтқан хадистері, Құран тәпсірі, әдеби шығармалар теориясы және әдебиеті, Мұхаммед (с. ғ. с) өмірі, адамгершілікке тәрбиелеу, гигена, психология және логика, мұрагерлікті бөлуді үйрету (мирас), құқықтану негіздері, Мұхаммед (с. ғ. с) және сахабаларының өмірі. . [Татарстан Республикасының ұлттық архивы] .

«Ғалия» деңгейі 3 сынып, онда араб әдебиеті, татар тілі, әдеби шығарма тарихы, құқықтану негіздері, философия, педогогика, діндер тарихы . [Татарстан Республикасының ұлттық архивы] .

Медресенің педагогикалық құрамы өте білікті мамандармен жасақталды, олар: Ғалымжан Баруди - «Құран тәпсірі» мен «Хадис». М. Ханафеев - «Әліппе», «Құран», «Ислам тарихы». Тагир Илияс - «Фиқһ», «Араб әдебиеті және араб оқуы», «Мазмұндама» курстарынан сабақ берді. Сондай-ақ медреседе А. Нигматуллин, А. Зайтов, Х. Сұлтанов, Ш. Мустафин, М. Хабибрахманов, К. Беккенин, Х. Азизов, Ш. Бикбулатов, З. Оразаев сынды, өз ісінің ұсталары болған мұғалімдер жұмыс жасады.

2. «Хусайния» медресесінің тарихы 1889 жылы басталды, Орынбор көпестері ағайынды Хусайыновтардың бастауымен медресе ашылды. Бастапқы кезде медресе 10 жылдық болды, бірақ кейін 14 жылға ұзартылды. Олар келесідей бөлімдерге бөлінді: 1-3 сынып - бастауыш бөлімі «ибтидия», 4-7 сынып - орта мектеп «рушдия», 12-14 сынып - жөғарғы бөлім «Ғалия»

«Хусайния» медресесінде оқытылған пәндер: Догматикалық теология (ақида), Құран және оның түсіндірмесі (тафсир), Құран Кәрімді ережемен оқу (таждут), Пайғамбар Мұхаммед (с. ғ. с) өмірі (сира), Хадис, Ислам тарихы, мұсылман құқығы (фиқһ), мұрагерлің үлестерді бөлу (мирас немесе фараид), уағыз және шешендік өнер, этика (ахлақ), логика (мантық), философия және оның тарихы, мәдениеттану, орыс, татар, араб, парсы тілдерімен әдебиеті, неміс және француз тілдері, таза жазу, арифметика, геометрия, алгебра, физика, химия, астрономия, география, орыс және татар тарихы, жаратылыстану, зоология және ботаника, заңтану, саяси экономика және сауда ісі, бугалтерия, сызу және сурет салу, педагогика және дидактика, психология, гигена және медициналық білім. (қараңыз [6, 16-23 беттер], (ГА ОО. Ф. 213. Оп. 1. Д. 5 А. Л. 267-268 об. ) ) .

Медреседе қосымша білім беру және оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша белсенді сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді: түрлі үйірмелер жұмыс істеді, ақындық байқаулар, диспуттар, әдеби кештер мен концерттер ұйымдастырылды. Орынбор оқу округінің қамқоршысының 1894 жылғы 21 наурыздағы медресе жанынан 3 жылдық оқу курсы бар орыс сыныбы ашылд. Негізгі сабақтардан бос уақытында тілек білдірушілер күн сайын 3 сағат бойы мұнда орыс тілін, арифметиканы, зерттеуді және географияны мемлекеттік тілде қосымша оқыды. Мемлекеттік мекеме өте танымал болды және оның студенттерінің саны тез өсті. 1906 жылы ол 151 адамды құрады, оның ішінде 1-ші бөлімде - 74, 2-ші бөлімде - 48 және 3-ші бөлімде - 29 оқушы болды.

Медресені бітіргеннен кейін түлектер білімін Ресей мен шет елдердің оқу орындарында А. Г. Хусаиновтың рухани өсиеттері бойынша 1904 жылғы 20 қаңтардағы және 1906 жылғы 26 желтоқсандағы Стипендиялар есебінен жалғастыра алды, Қазан университетінде - М. Каримов, Мустакимов, Ф. Г. Мұхамедьяров, Санкт - Петербург университетінде - Ишмұхаметов пен Шенкевич, Томск технологиялық институтында - А. Г. Юсупов және т. б. «Әл-Азһар» университетіне оқуға келесі стипендиаттар жіберілді: В. Б. Батталов, С. Н. Бикбулатов, Ш. В. Вахидов, Л. Заидов, С. Насыров-Нуг - манов, Г. Г. Рафиков, А. Сайфутдинов, Г. М. Файрушин. Стамбул уни - верситетіне - Г. Карими және Г. Максудов. Бейрут университетіне - Н. М. Фай - рушин. Осы оқу орындарында жақсы дайындықтан өтіп, медресеге оралды.

«Хусаиния» медресесінің Ресей империясындағы мұсылман білімін дамытудағы маңызы оқу орнының ұлттық мектептерді реформалаудың әдістемелік базасын қалыптастыруға ықпал еткенімен анықталады. Оның оқытушылары мен қамқоршылар кеңесінің мүшелері Еділ - Орал, Сібір және Түркістандағы мұсылмандық білім беру мекемелерінде белсенді қолданылған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарын әзірледі. Бұл жағдайда біз келесі пәндер бойынша оқулықтар туралы сөз ететін боламыз: Қасиетті тарих және Ислам тарихы (Х. Г. Забири, Ф. Г. Карими), Этика (Х. Г. Забири, Ф. Г. Карими, Р. Фахретдин), теология (Х. Г. Забири, С. К. Камалетдинов, Г. Радуди), мәдениеттану (С. К. Камалетдинов), араб тілі (С. Н. Бикбулатов), құқық (С. К. Камалетдинов), математика (Н. М. Валишев, Ш. В. Вахидов, Г. Файзи, Х. З. Файзи - Чистапули, Г. Фахри), физика (Х. Г. З. Файзи-чис-Тапули, Г. С. Шнаси), Химия (Г. С. шнаси), География (Г. У. Джагофаров, Ф. Г. Ка - Рими, Г. Радуди, Х. Файзи), жаратылыстану (Х. К. Бакиров, Г. Ра-Дуди), Педагогика және жеке пәндерді оқыту әдістемесі (Г. Х. Даминов, Ф. Г. Карими, Г. С. Шнаси) . «Хусаиния» педагогтары сонымен қатар білімнің әртүрлі салалары, қолданбалы мәселелер бойынша ұлттық баспасөзде ашық дәрістер оқу, брошюралар, мақалалар шығару арқылы ғылымды дамытуға ықпал етті.

Хусаинияда алған білімнің жоғары деңгейі, сондай - ақ оқу орнының даму қарқыны қамқоршылардың медресенің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, оны заманауи жабдықтармен жабдықтауға, кітаптар мен көрнекі құралдармен қамтамасыз етуге ерекше назар аударуымен байланысты болды. 1903-1906 жылдары А. Г. Хусаинов 89964 рубльге су жылытуы мен электр жарығы бар жаңа 3 қабатты оқу ғимараты. 1 - ші қабатта бастауыш сыныптар, қызметтік үй-жайлар, ас үй және асхана, 2 - ші қабатта-орта және жоғары сыныптар, 3 - ші қабатта-келген оқушыларға арналған жатақхана (АА об. Ф. 73. Оп. 1. 228. Л. 158) . Медреседе физика, химия, жаратылыстану, еңбек кабинеттері жақсы жабдықталған. Оқушылар және жалпы кітапхана қорлары татар, орыс, қазақ, араб, түрік, иран, неміс, француз және ағылшын тілдеріндегі басылымдармен жинақталды: түрлі оқулықтар мен құралдар, көркем, философиялық, педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық, тарихи, ғылыми - көпшілік және балалар әдебиеттері, сондай-ақ энциклопедиялар, анықтамалықтар мен сөздіктер. Медресе Орынборда татар, қазақ және орыс тілдерінде шыққан барлық газеттер мен журналдарды, сондай-ақ түрік және араб тілдеріндегі көптеген орыс және шетелдік басылымдарды жазды (ГА ОО. Ф. 73. Оп. 1. Д. 228) . Оқу орнында медициналық пункт жұмыс істеді, штаттық фельдшер жұмыс істеді, ал қажет болмаған жағдайда, кедей оқушыларды губерниялық ауруханаға емделуге тегін жіберді. 1906 жылдан бастап негізін қалаушы А. Г. Хусаинов қайтыс болғаннан кейін, оқу жоспары өзі құрған 5 рубльдегі Ресей империясының ең ірі уақыф есебінен қаржыландырыла бастады, оның қаражатын 14 адамнан тұратын арнайы діни кеңес басқарды. «Хусаиния» медресесіне жұмсалынатын жалпы шығындар: 1910 жылы-19616 рубль 75 тиын, 1911 жылы-21880 рубль 83 тиын, 1912 ж. - 26465 руб. 75 коп., 1913 жылы - 24718 руб. 17 коп., 1914 жылы - 23567 руб. 33 коп . (ЦГИА РБ. Ф. И-295. Оп. 6. Л. 1-13 об., 59-68 об., 108-142 об. ; Оп. 8. 1316 ж. Л. 2-29 об., 89-100 об. ) .

Материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету деңгейі, бағдарламаның мазмұны, пәндердің әртүрлілігі және оларды оқыту көлемі, педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі, «Хусаиния» білім беру процесін ұйымдастыру бойынша Ресей империясының ең жақсы мұсылман оқу орындарының бірі, «Мухаммадия» Қазан медресесі, Уфа медресесі «Ғалия» және «Усмания», Троицкийдің «Расулия». Бұл тек Еділ-Орал аймағынан ғана емес, сонымен қатар Орта Азия, Қырым, Сібір және Кавказдан талапкерлерді қызықтырды. Олардың арасында татарлар, башқұрттар, қазақтар, өзбектер, қарақалпақтар, қырғыздар, ноғайлар, құмықтар және басқа да мұсылман халықтарының өкілдері болды. Медресенің негізін қалаушы А. Г. Хусаинов 200 адамнан тұратын оқушылардың контингентінің шамамен мөлшерін анықтады (100 келуші және 100 пансионер), бірақ қосымша ақылы студенттерді қабылдауға мүмкіндік берді. Сондықтан, 1909/10 оқу жылында мұнда 235 адам білім алды, оның ішінде 94-і интернатта, 1913/14 оқу жылында - 294 адам, оның 151-і интернатта, ал 1916/17 оқу жылында - 227 студент, оның ішінде 57 пансионер (ГА ОО) . Ф. Оп. 2. 618. Л. 329 об. ; Оп. 9. Д. Л. 365-365 об. ; Ф. 73. Оп. 1, 228-үй. Л. 10-10 об. ) . Оқу ақысының мөлшері отбасының материалдық жағдайын ескере отырып белгіленді және 10-нан 100 рубльге дейін өзгерді. (толық интернат үшін) . Педагогтардың өтініші бойынша оқуда үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер одан босатылды. Нашар тәрбиеленушілерге киім, Оқу құралдары мен кітаптар сатып алуға көмек көрсетілді. 1912 жылы медреседе бірыңғай мектеп формасы енгізілді, шәкірттер педагогикалық кеңес мүшелері әзірлеген ішкі тәртіп ережелеріне бағынды.

1917 жылы медресе мұғалімдер институты болып қайта құрылды. А. г. Ху - саинова Ана тілі мен әдебиеті, математика, социализмнің жалпы тарихы мен тарихы, жалпы саяси экономика, география, жаратылыстану және физика, ауылшаруашылық жұмыстары, Кеңес мемлекетінің негізгі заңдары, ән айту және музыка, сурет салу, сызу, гигиена және медициналық білім, шет тілі, ана тілінің әдістемесі, математика әдістемесі, әлеуметтану, қолөнер, астрономия, араб тілі (ГА ОО. Ф. 213. Оп. 1. 13 а. л. 135) . 1917 жылғы 1 қазаннан медреседегі орыс сыныбы қалалық 6 жылдық татар мектебіне қайта құрылды. Оның бағдарламасы бастауыш мектептердің жалпы курсына сәйкес келеді және келесі пәндерді қамтыды: дінтану, Ана тілі және орыс тілі, арифметика, геометрия, табиғаттану, ұлттық және орыс тарихы, жалпы және орыс географиясы, сурет салу, қол еңбегі, ән айту және өлең оқу, гимнастика. 1920 жылы мұғалімдер институтының негізінде 4 дербес халықтық білім беру институты ашылды: татар, башқұрт, қазақ және Шығыс. 1924 жылдан 6-шы мешітте Орынборда бұрынғы меңгерушісі Г. Г. Давлетшиннің басшылығымен 4 жылдық мұсылман религиясы мектебі тіркелді. Мұнда араб оқуы, Құран, теология (ақида), қасиетті тарих, этика (ахлақ), хадистер, фиқһ (ГА ОО. Ф. Оп. 1. Д. 766. Л. 4) .

3. «Ғалия» медресесі 1906 жылы Башқұртстан астанасы Уфа қаласында қарашаның 10-ы күні ресмей ашылған уақыты болып есептеледі. Медрессе мұсылмандардың жоғары білім беретін оқу ордасы болып саналады. Бұл медрессеге сол кезде білімге құштар мұсылман жастары жер-жерден ағылды. Бұл медрессенің бой көтеріп дамуына септігін тигізген әрі директоры - түркі зиалысы, діни қайраткер тарихы терең танымал Аль-Азхар университетінің шәкірті Зия Камали (Парвазетдин Камалединов) бұл тұлға бойынша төменде тарқатып айтатын боламыз. Медресенің «Ғалия» аталуы арабшадан аударғанда «мәртебелі», «ұлы» «биік» мағынасын береді бұл дегеніміз медресенің жоғарғы дәрежелі оқу орны екенін аңғартып тұр.

Медресенің оқыту жүйесі жәдит бағытына негізделеді. Оқушы бұл медреседен тек бір бағытта емес жан жақты білім алып толысқан кәміл адам кейпін көрсеткен, парсы, араб, түрік тілдері, исламдық құқық (шариғат), шариғат негіздері, шығыстану тарихы, арифметика пәндерін оқытқан. Сонымен қатар дін сабақтарымен қатарлас жаратылыстану білімдерін қатар үйреткен, бұл 1910 жылдан бастап төте оқу үлгісі бойынша физика, химия, математика, география, арифметика ғылымдары мен орыс тілі мен әдебиеті де оқытылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасқырға қой бақтырған қазағым-ай..
Әзиз хан медресесі
Сопылық ілімнің қалыптасуы
XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Әдебиеттегі жаддизм бағыты
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
Селжұқ мемлекетінің ұлы уәзірі Низам әл-Мүліктің өмірбаяны
Жалаңтөс батыр
Әуелбек Қоңыратбаев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz