Деректі фильмдердің мәтіндерін аудару кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерге талдау жасау


Кіріспе
Аударма- тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы және бір тілде бейнеленген мазмұнды басқа бір тілде толық бейнелейтін тілдік құрал. Тіл ғалымдарының деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар. Аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма қашанда халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері болып табылады. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір бөлігі, халықтар арсындағы сөнбейтін үрдістің бірі.
Адамдар, ұлттар мен ұлыстар арасындағы рухани, ғылыми, экономикалық, мәдени қарым-қатынастың құралы болған аударманың, деректі фильм саласында да ерекше орын алатыны сөзсіз. Шет тілінен немесе шет тіліне сапалы аудару, елдегі кез келген фильмнің коммерциялық және шығармашылық жетістіктерінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Бауыржан Момышұлы айтқандай «Дұрыс аударма жасау үлкен өнер. Тілдің нәзік сырларын білмей аудару мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады».
Біздің жұмысымыз деректі фильмдердің мәтіндерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың қолданыстағы әдіс, тәсілдерін талдаудан тұрады. Сонымен қоса біз өз жұмысымызда фильмдердің, оның ішінде деректі фильмдердің атауларын аударуға үлкен мән бердік. Кез-келген фильмнің танымалдылығы оның атауына тікелей байланысты. Көрермен фильмді көрмес бұрын, оның атауына мән береді, фильм жайлы алғашқы пікірі пайда болады, содан кейін ғана фильм көруге тұрарлық па немесе керісінше екенін шешеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда киноиндустрия саласының дамуымен қатар, жергілікті халықтың шетелдік туындыларды қарауға деген ынтасы артуына байланысты. Нәтижесінде, кинофильмдерді, оның ішінде деректі фильмдерді сапалы аударуға деген қажеттілік күрт өсті.
Деректі фильмдерді аудару ерекшеліктерінің отандық және шетелдік аударма ғылымында жеткіліксіз зерттелуі әсіресе, қазақ тіліне аударылған деректі фильмдер ғылыми түрде толық зерттелмегендіктен, осы уақытта өзекті мәселеге айналып отыр. Әрине, қазақ кино индустриясы, аударма саласында белгілі бір жетістіктерге жеткендігі барлығымызға белгілі. Экранымызда әлемге танымал түрлі фильмдер, білікті мамандарымыздың арқасында қазақ тілінде сөйлеп жатыр. Десекте, деректі фильмдер ауқымды аудиторияға ұсынылатындықтан, оны аудару сапасы да соған сай үлкен жауапкершілік пен кәсіпқойлықты талап етеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны: түрлі жанрдағы деректі фильмдердің мәтіндерінің аударылуы
Дипломдық жұмыстың пәні: деректі фильмдердің мәтіндерінің аудару ерекшеліктері
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеттері: деректі фильмдерді аудару барысындағы аударма стратегиялары мен әдістерін анықтау және зерттеу. Зерттеу мақсатына сәйкес біз өзімізге келесі міндеттерді қоямыз:
- Деректі фильмді киноматографтың белгілі бір саласы ретінде зерттеу және шолу жасау
- Деректі фильмдердің жанрлары мен негізгі түрлерін анықтау
- БАҚ саласындағы деректі фильмнің рөлін анықтау және көрсету
- Деректі фильмдердің мәтіндерін аудару кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерге талдау жасау
- Деректі фильмдер мен олардың атауларын дұрыс аударудың ықпалын зерттеп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету
- Деректі фильмдерді аударудағы субтитрлеудің маңыздылығын зерттеу
Дипломдық жұмыстың материалдары:
Зерттеу әдістері: Жұмыс барысында қолданылатын негізгі әдіс- салыстырмалы. Қосымша ретінде жинақтау, жіктеу, жалпылау секілді эмпирикалық зерттеу әдістері қолданылды. Сонымен қоса аударма трансформацияларына талдау жасау, өңдеу, талқылау сияқты т. б. әдістер пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы: Жүргізілген зерттеу жұмыстары аударма саласына, соның ішінде киноаударманың дамуына, деректі фильмдердің сапалы аударылуының маңыздылығын арттыруға септігін тигізеді
Зерттеудің практикалық құндылығы:
Зерттеудің жаңалығы: Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс деректі фильмдердің мәтіндернің, атауларының ағылшын тілінен қазақ тіліне немесе керісінше аудармасын, аударма барысында кездесетін қиындықтар мен олардың шешілу жолдарын, қолданылатын әдіс-тәсілдерін зерттеудегі алғашқы жұмыстарың бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі ұстанымдары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz