Қазақстан Республикасындағы жастардың әлеуметтік проблемалары: себептері және алдын алу шаралары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Оқу орны: Логистика және көлік академиясы

Жазған: ТЛ-21-1к тобының студенті Ержанова Н.

Әлеуметтану пәнінің ғылыми жетекшісі: Ляпбаева Н.

Аңдатпа: Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы жастардың қоғамдағы әлеуметтік мәселелері талқыланады. Аннотация: В данной статье рассматриваются социальные проблемы молодежи в Республике Казахстан.

Abstract: This article deals with the social problems of youth in the Republic of Kazakhstan.

Қазақстандық жастардың әлеуметтік проблемалары

Жастардың әлеуметтік проблемалары дегеніміз - қоғамдағы ересектің қалыптасуын, оған бейімделуді және оны болашақтағы орнын табудағы әлеуметтік бірқатар топтың мәселелер қатары. Қазақстан Республикасындағы жастардың әлеуметтік проблемалары өкінішке орай, өте көп. Ең өзектілері: өз-өзіне қол жұмсау (суицид), қылмыскерлік, білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық және белең алып жатқан жұмыссыздық. Әлемде өз-өзіне қол жұмсау (суицид) көрсеткіші бойынша еліміз алдыңғы орындардың қатарында тұр. Психолог мамандар, әдетте жалғыздық - суицидке итермелейтін себептердің бірі екендігін жасырмай айтады. Өз-өзіне қол жұмсау - белгілі бір адамның қоршаған ортамен тіл табыса алмауы, үй жағдайында туындайтын мәселелер, өзін-өзі бағаламай тежеуі салдарынан орын алады. Тек қана бұндай себептер ғана емес, сондай ақ, материалдық қажеттілігі негізінен де туындайды. Қазіргі уақытта материалдық даму бойынша көптеген мүмкіндіктер болса да, жұмыссыздық және жемқорлық секілді әлеуметтік проблемалар орын алады. Суицидтің алдын алу үшін өмірде болатын сәтсіз сәттер мен күндерді жүрекке жақын қабылдамай, жақын адамдармен сөзге келген жағдайда тез табысуға тырысу қажет. Бұл жағдайда, жастарға қиын уақытта демеу болатын - ата-аналар. Ата - аналардың қолдауы, керек сәтте беретін ақылы ауадай керек болады. Бұл әлеуметтік проблеманы шешу маңызды. Себебі, болашақта жастардың дамып-жетілулеріне кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Қазіргі таңда, көптеген ғалымдар бұл әлеуметтік проблеманың жолын шешуде ат салысып жатыр. Менің ойымша, бұл мәселенің алдын алу үшін оқу орындарында псиохолгиялық тесттер мен сауалнамалар көбірек жүргізілуі қажет. Қазақстанда тұрып жатқан азаматтардың тағы бір проблемасы - жұмыссыздық. Бұл проблеманың тамыры - білімнің жоқтығы болып табылады. Еліміздегі білімнің де деңгейі орташа десек, қателеспейміз. Дегенмен, мұғалімдердің жалақысының төмендігі, білім берудің дұрыс емес жүйесі жұмыссыздыққа әкеліп соқтырады. Ащы шындық болса да, білім беру мекемелерінде жастар баға үшін оқиды. Дұрыс емес білім жүйесінің әсерінен жастардың оқу орнын бітіргені туралы диплом болса да, қалаған жұмыс орнына тұра алмайды. Жұмыссыздықтың орын алуы нәтижесінде, қоғамда әлеуметтік теңсіздік пен өмір сүру деңгейіндегі кедейлік туады. Қазақстанда жұмыссыздық мәселесін шешу үшін халықты жұмыспен қамту бағдарламасы дайындалды. Олар:

-жұмыс күшінің сапасын арттыру;

-әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдарға көмек көрсету;

-мүгедектерге арналған жұмыс квотасы. Егер, бұл бағдарлама өз қызметтерін толықтай орындай алса, жұмыссыздық мәселесі шешіліп, әр қазақстандық жастардың алға қарай ұмтылуына құлшыныс пайда болар еді. Жемқорлық - ең ауыр қылмыс. Әрқашан жастардың болашақта дамуы - оқыған біліміне тікелей байланысты екенін білеміз. Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық - мектеп түлектері тесттерге дайындалып, жоғарғы оқу орнындағы грантқа түсуге тырысады. Грант - барлық студенттердің басты мақсаты, өйткені оқу ақысын мемлекет төлейді, ал шәкіртақы жақсы мүмкіндік болып табылады. Бүгінде Қазақстанда білім алуға гранттар бөлінеді, бірақ мәселе, біріншіден, олардың саны тым аз, екіншіден, сол гранттарды алу өте қиын. Еліміздің отандық экономикасының тұрақсыздығына байланысты оқу ақысы жыл сайын орта есеппен 15-20%-ға көтеріледі. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін көбінесе білімі жоқ адамдар, бірақ материалдық жағдайдың жоғары деңгейде (қалың әмиянның) болуы ықпал етеді. Шындықты айта келе, қазір өз білімімен жыл соңындағы емтихандарды жабатын жастар саны өте аз. Салыстырмалы түрде, кейбіреулері, пара беру - ең тиімді жол деп есептейді. Бұл қате пікір жылдан-жылға өсіп келеді. «Қазақстан Республикасының жастары - біздің болашағымыз», - деп сенетін қарт кісілердің ойы жанымызға батуы тиіс. Себебі, өз елімізді дамытуды өзіміздің алатын білімімізден бастауымыз керек. Білім - сарқылмас байлық. Пара бергенше, байланыс ақпарат құралдарынан өзіміздің ақыл-ойымызды молайту үшін, болашақта өзімізге жеміс болатын, жүрегіміз қалайтын курстарды оқып, үйренген жөн. Біршама уақыт өткен соң, өзімізге алғыс айтып, дұрыс жол таңдағанымызға еш өкінбейтін боламыз деген үміттемін. Тек қана грант иегері болу ғана шарт емес, оған лайықты білім алып, шәкіртақымызды ақтау шарт. Қылмыскерлік - көптеген қылмыс болған жағдайда пайда болады. Қылмыстың әлеуметтік құбылыс екендігіне дәлел - қылмыс жасаған азаматтардың негізінен жұмыссыз екендігі болып табылады. Қылмыскерлік қоғамда болады. Оны қоғам тудырады. Қылмыс басқа құқық бұзушылық түрлерімен салыстырғанда қоғамға үлкен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инфляция: себептері, әлеуметтік-экономикалық салдары және алдын алу шаралары
Қазақстан Республикасындағы суицид мәселесі: әлеуметтік себептері, статистикасы және алдын-алу шаралары
Жастардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары: Қазақстан тәжірибесі
Қазақстандық жастардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру: девианттық мінез-құлықтың себептері, көріністері және алдын алу шаралары
Жастар девиациясы мен нашақорлығы: әлеуметтік себептері, салдары және алдын алу шаралары
Жастардың зиянды әдеттерге деген көзқарасы және алдын алу шаралары
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы: пәні, әлеуметтік себептері және алдын алу шаралары
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм: әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттама мен алдын-алу шаралары
Жастардың әлеуметтік-демографиялық сипаты мен қылмыс проблемалары: Қазақстан жағдайы
Қазақстан Республикасындағы ажырасудың жиілеуі: себептері, салдары және алдын-алу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz