БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: «Халықаралық терроризммен күрестегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі»
7M03203 - «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша
Орындаған: Базарбай С. Қ.
(қолы)
Ғылыми жетекшісі: э. ғ. к. проф. м. а. Бекболатұлы Ж.
(қолы)
Қорғауға жіберілді:
Хаттама №___, ___ «__» 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі Шыңғысова Н. Т.
(қолы және мөрі)
Алматы, 2022
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 4
ДИССЕРТАЦИЯДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ТЕРМИНДЕР . . . 5
ТҮЙІН . . . 6
РЕЗЮМЕ . . . 7
SUMMARY . . . 8
КІРІСПЕ . . . 9
І ТЕРРОРИЗМ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ БАСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҚҰБЫЛЫС . . . 11
1. 1. Терроризм ұғымы мен мәні . . . 11 1. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары терроризмге ықпал етудің басты құралы . . . 17 1. 3. Терроризмге қарсы күресте БАҚ қызметін құқықтық және қоғамдық реттеу . . . 31
ІІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕРРОРИЗМ ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЖАҢА ҚАТЕРІ . . . 35
2. 1. «Жусан Операциясы» . . . 35
2. 2. «Қанды Қаңтар» оқиғасындағы ақпараттық қауіптер . . . 56
2. 3 Қазақстандағы халықаралық терроризммен ақпараттық күрес шаралары . . . 68
2. 4 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігінде терроризмге қарсы іс-қимылдың ерекшеліктері . . . 76
Қорытынды . . . 94
Пайдаланылған әдебиеттер: . . . 96
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. 1. Магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау бойынша осы Әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыныстар) келесі құжаттарға сәйкес әзірленеді:
-«Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы (22. 12. 2016 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) ;
- «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2002 ж. N 4, 32-құжат; 2005 ж. N 23, 142-құжат өзгерістер мен толықтырулармен) ;
- Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының арнаулы мақсаттағы бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету; ҚР 2010. 04. 08 № 266-IV Заңымен. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004. 12. 20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010. 04. 08 № 266-IV Заңдарымен.- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
-23-3-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау нәтижелер - ҚР 13. 05. 2020 № 325-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) .
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Жоғарғы оқу орындарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі (16. 11. 2016 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) ;
- Мемлекетаралық стандарттар: МЕМСТ 7. 32. 2001 (2006 жылғы өзгерістермен) . Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері;
- МЕМСТ 7. 1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЕҚЫҰ - Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР - Қырғызстан Республикасы
ӨР - Өзбекстан Республикасы
ТР - Тәжікстан Республикасы
ТР - Түркіменстан Республикасы
ДИССЕРТАЦИЯДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ТЕРМИНДЕР
Терроризм - күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;
Терроризмге қарсы операция - адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.
Террорист - террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;
Террористік топ - бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
Террористік ұйым - террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын не өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын, оған қатысты террористік ұйым деп тану туралы сот шешімі қабылданған және заңды күшіне енген ұйым;
Демократия - 1) жоғарғы үкімет билігі, халықтың қолында болатын мемлекет құрылысы; 2) мәселені шешуге барлық ұжым мүшелері қатыстырылатын ұжымдық басқару әдісі.
Медиарегулейшн (Медиа басқару) - нақты және жиі заңнамалық міндеттер құралдары бұқаралық ақпарат құралдарының жүйелері мен институттарына плюрализм, әртүрлілік, бәсекелестік пен еркіндік секілді саяси мақсаттарды орнату процесіне қатысты айтылған.
Плюрализм - пікір сайыс, билеуші және оппозициядағы партиялардың өкімет билігін іске асыруға қатысуға жағдай жасайтын, демократиялық қоғамда қолданатын ұғым. Әртүрлі жан-жақты көзқарастар дегенді білдіреді.
Пропаганда - (лат. propaganda - таратылуға жататын) жақтастарды тарту мақсатында қандай да бір идеяларды тарату.
Троллинг - интернетте қолданушыларды мазақ қылу, провакацияға әкелу.
Фейкньюс - баспасөзде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату.
Цензура - баспасөзге дайындалған, сахнаға қоюға әзірленген шығармаларға бақылау жасайтын орган .
ТҮЙІН
Жұмыстың мақсаты. Халықаралық терроризммен күрестегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін зерттеу. Орталық Азия елдеріндегі террористік шабуылдардың бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуына сараптама жасау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) терроризм тақырыбы әрдайым жұртшылықтың барынша назарын аударып келген. Өйткені бұл құбылыс әлеуметтік мәртебесіне, дініне, ұлтына және т. б. қарамастан, әрбір азаматтың өміріне қауіп төндіреді. БАҚ терроризмге қарсы күрестің қуатты құралы ретінде әрекет етіп, сондай-ақ терроризм идеологиясын ұсынудың еркін алаңы болып отыр. Күн сайын әлемде 400 миллионнан астам газет, 600 мыңнан астам кітап шығарылады және 1 миллиардтан астам адамда радио, 500 миллионнан астам халықта теледидар бар. Бүгінгі таңда терроризм ең көп талқыланатын тақырып болып тұр. ВВС мен СNN сияқты ірі телеарналардың эфир уақытының жартысы халықаралық терроризмге қарсы күреске арналады. Интернетте, газеттерде, журналдарда және кітап сөрелерінде терроризм туралы түрлі жаңалықтар, аналитикалық шолулар, түсініктемелер мен кітаптар бар. Террористік акциялар туралы жаңалықтар әрдайым қоғамның ақпараттық аштығын тудырады, соның арқасында БАҚ құрылымын оңай бағындыра алады. Бұл мақалада ұлттық және халықаралық деңгейдегі терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) рөлі баяндалған. Осы саладағы негізгі аспектілер, қайшылықтар мен проблемалар қарастырылды.
Кілт сөздер: халықаралық терроризм, БАҚ, саясат, акция, экстремизм, террористік шабуыл
РЕЗЮМЕ
Цель работы. Исследование роли средств массовой информации в борьбе с международным терроризмом. Экспертиза отражения в средствах массовой информации террористических атак в странах Центральной Азии.
Актуальность исследовательской работы. Тема терроризма в средствах массовой информации (СМИ) всегда привлекает максимальное внимание общественности, поскольку это явление потенциально угрожает жизни каждого гражданина, независимо от его социального статуса, религии, национальности и т. д. Следовательно, СМИ играют важную роль в формировании знаний о данном феномене и связанных с ним событиях. СМИ способны выступить как мощный инструмент против борьбы с терроризмом, а также служить свободной площадкой для представления идеологии терроризма. Половина эфирного времени таких крупных телеканалов, как ВВС и СNN посвящено именно борьбе с международным терроризмом. В интернете, в газетах, в журналах и на книжных прилавках полно различных новостей, аналитических обзоров, комментарий и книг о терроризме. Новости о террористических акциях всегда вызывали у общественности информационный голод, которые теперь без особого труда могут удовлетворить медия структуры. Ежедневно в мире издается свыше 400 млн. экземпляров газет, свыше 600 тыс. наименований книг; у населения имеется более 1 млрд радиоприемников, более 500 млн. телевизоров; Данная статья посвящена роли средств массовой информации (СМИ) в борьбе с терроризмом и экстремизмом на национальном и международном уровнях. Рассмотренны основные аспекты, противоречия и проблемы в данной сфере.
Ключевые слова: международный терроризм, СМИ, политика, акция, экстремизм, террористическая атака
SUMMARY
The purpose of the work. Research on the role of mass media in the fight against international terrorism. Examination of the reflection in the media of terrorist attacks in the countries of Central Asia.
Relevance of the research work. The topic of terrorism in the mass media always attracts maximum public attention, since this phenomenon potentially threatens the life of every citizen, regardless of his social status, religion, nationality, etc. Therefore, the media play an important role in the formation of knowledge about this phenomenon and related events. The media can act as a powerful tool against the fight against terrorism, as well as serve as a free platform for presenting the ideology of terrorism. Half of the airtime of such major TV channels as the BBC and CNN is devoted specifically to the fight against international terrorism. The Internet, newspapers, magazines and bookshelves are full of various news, analytical reviews, commentary and books about terrorism. News about terrorist acts has always caused a public hunger for information, which media structures can now easily satisfy. More than 400 million copies of newspapers, more than 600 thousand titles of books are published daily in the world; the population has more than 1 billion radios, more than 500 million televisions; This article is devoted to the role of mass media in the fight against terrorism and extremism at the national and international levels. The main aspects, contradictions and problems in this area are considered.
Keywords: international terrorism, mass media, politics, action, extremism, terrorist attack
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі . Терроризм XX-шы ғасырдың соңы мен - XXI-ші ғасырдың басынан әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болып табылатын елдердің халықаралық және ұлттық қауіпсіздігіне әсер етіп, адамзаттың қасіреті мен жаһандық проблемасына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдары күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен лаңкестік фактілер туралы хабар таратуда. Терроризм - планетаның әрбір тұрғынына әсер ететін қазіргі заманғы ең күрделі жаһандық әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Ал оның басты мақсаты физикалық және психологиялық құралдарды пайдалана отырып, саясатқа өзгеріс енгізу.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі терроризмнің жекелеген мемлекеттердің ішкі саясатының құрамдас бөліктеріне ғана емес, сонымен бірге халықаралық қауіпсіздікке де әсер етуінің прогрессивті деңгейіне байланысты. Мәселен, соңғы онжылдықта біздің елімізде және жалпы әлемде террористік көріністердің саны өсіп келеді. Оған мысал ретінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қанды Қантар» оқиғасын террористік шабуыл деп жариялағанын айтуға болады. Бірінші кезекте терроризмнің ұлттық шеңберден шығуына, жекелеген елдердің немесе адамдардың мемлекеттік, өзге де қоғамдық және діни құрылымдары қаражаты есебінен өзінің экономикалық базасын қалыптастыруына да қатысты болу мүмкін.
Жалпы қоғамдағы ақпараттық-психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі- бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі екені белгілі. Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан кейін- БАҚ) әлеуметтік коммуникацияның маңызды құралы бола отырып, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында террористік актілер туралы уақтылы және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіп келуде. Алайда, БАҚ-ты кейбір идеологтар мен террористер өздерінің қылмыстық ниеттерін жүзеге асырудың маңызды құралдарының бірі ретінде қарастырады, және оның көмегімен олар қорқыту, адамның еркі мен қарсылық көрсету қабілетін парализациялау, қылмыстық көзқарастары мен сенімдерін өзгерту, қолдаушыларды тарту мақсатында қоғамға әсер етуде. Террористер қоғам мен мемлекетке қарсы бағытталған көтерілістерде көбіне сол қоғам құрған коммуникациялық ресурстарды оның ішінде: БАҚ, интернет кеңістігін кеңінен қолдануда. Демек іс жүзінде БАҚ террористік акцияларды жариялаудың ажырамас элементі болса, ал журналист сол элеметті дұрыс немесе бұрыс жеткізу құралы. Сондықтан, терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимылдың барлық субъектілері мен журналистер қауымының ең маңызды міндеті, ең алдымен, террористік әрекетті олардың қалай жасыруға және бүркемелеуге тырысқанына қарамастан, тек дұрыс позицияны көрсетуді қамтамасыз ету. Терроризм ұлтқа бөлінбейді, және оның моральдық кешірімі жоқ. Ол өз бетпердесінің астына діни немесе саяси идеологияны жасырады. Және оның негізгі құралы - жастар.
Бұл жұмыс терроризмге ақпараттық компоненттің қалай әсер ететінін зерттеуге арналған. Алайда ақпараттық әсердің екі қарама-қарсы жақтары қарастырылады:
- теріс (террористер мен олардың жақтастары өз қылмыстарын көпшілікке БАҚ арқылы таратып, және оны көздеген мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланады) ;
- оң (террористік актілердің алдын алу, анықтау және жолын кесу үшін ақпараттық ресурстар мен технологияларды іске қосу) .
Зерттеу жұмыcының cипaты. Жаңа мыңжылдықта ақпараттық қоғам идеясы қанатын кеңге жайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының орны айқындалып, ақпараттық технология әсерінен маңызы одан әрі артты. Ақпарат кеңістігінде БАҚ пен интернет желісінің рөлі бүгінде айырықша. БАҚ-тың барлық бағыты бүгінде бұқаралық сана мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласына әсер етудің ең жедел және тиімді құралы болып отыр. Ал интернет желісінің пайда болуы террористік актілер туралы жедел дерек алу мен таратудың кең мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, сонымен қатар өзі де жаңа ортаны құруда.
Соңғы уақытта әлемде терроризмге байланысты мәселелер өткір болып отыр. Оған себеп:
- зорлық-зомбылық, бұзақылық фактілерінің көбеюі мен оның қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық проблемаларды шешудің жолы ретінде қарастырып, оның дамуына ықпал етуі;
- қоғамда қорқыныш сезімін қалыптастырып, адам өмірін құнсыздандырады;
- тәжірибе көрсетіп отырғандай, жеке адамның демократиялық кепілдіктері мен бостандықтарының азаюына ықпал етеді, өйткені ол мемлекет тарапынан құқықтық демократиялық мемлекеттің нормаларына әрдайым сәйкес келмейтін қарсы шаралар тудыруы мүмкін.
Зерттеу жұмысының мақсаты.
- Халықаралық терроризмнің ақпарат кеңістігіндегі рөлі мен орнын анықтау.
- Қазіргі уақытта терроризм мен бұқаралық коммуникациялардың өзара әрекеттесу сипатын талдау.
- Терроризмге БАҚ-тың қалай қарсы әсер ететіндігін және ТМД елдеріндегі терроризммен күрес шараларын қарастыру.
- Терроризмге ақпараттық қарсы іс-қимылдар ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Жоғарыдағы мақсатты іске асыру төмендегі проблемаларды зерттеуді міндеттейді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz