Күріш дақылының ауруларын анықтау
Ұран: Күріш - суымен ырыс!
КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қызылорда облысы Сырдария ауданы жағдайында күріш егістігінде аурулардың дамуы мен таралуы және олармен күресу шаралары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І тарау Әдебиеттерге шолу 4
1.1 Күріштің шаруашылық маңызы 4
1.2 Күріш дақылының өсу даму ерекшеліктері 5
1.3 Күріш дақылының ауруларына биологиялық сипаттама 8
ІІ тарау Зерттеу нысанының жағдайлары мен әдістемесі 11
2.1 Күріш дақылының ауруларын анықтау 11
2.2 Сырдария ауданы жағдайында ауруларға қарсы мониторингтік шаралар 13
2.3 Күріш ауруларына қарсы агротехникалық күресу шаралары 17
2.4 Күріш ауруларына қарсы химиялық күресу сипаты 18
ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР 20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21
АННОТАЦИЯ 22
Қосымша А 23
Қосымша Б 24
КІРІСПЕ
Күріш өсіру азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды буыны ретінде Еліміздің аграрлық секторы әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына сәйкес ірі экспорттық мүмкіндіктер мен инновацияларды енгізу үшін жоғары әлеуетке ие.
Күріш - үлкен аймақтарда өсірілетін жылу сүйгіш өсімдік. Қазақстан өзінің шұғыл континенталды климатымен күріш өсірудің қиыр солтүстік аймағына жатады, сондықтан күріш егісі абиотикалық факторлардың əсеріне тап болады. Тұздану, ыстықпен қатар күріш өсіп шығудан бастап пісіп, өнім алғанға дейінгі өсіп-өну кезеңінде төмен температуралардың теріс əсеріне ұшырайды да, дақыл өнімін күрт азайтады.
Жұмыстың мақсаты Қазақстанның солтүстік күріш өсіруші аумақтардағы аурулардың таралуы мен дамуы туралы зерттеледі.
Конкурстық жұмысты орындау барысында күріш сорттарының ауруға деген бейімділігі мен олардың таралуын назарға алынады.
Азық-түлік жəне ауылшаруашылығы ұйымы (FAO) мəліметтері бойынша əлемде күрішті тұтыну адам басына шаққанда өте кең ауқымды алады: жылына Еуропа елдерінде 5-6 кг-нан, оңтүстік-шығыс Азияда 200 кг-ға дейін. Қазақстанда күріш жармасының тұтынуы басқа жарма түрлерімен салыстырғанда 65%-дан астам. Қазақ тағамтану академиясының мəліметтері бойынша Қазақстанның күрішке жылдық тұтынушылығы жылына 132,6 мың тоннаны (1 адамға жылына 8,5 кг) құрайды.
Сырдария ауданында жалпы күріш егістігінің көлемі 2021 жылы астық дақылдарының ішінде 63,3%-ды құрап отыр.
Еліміздегі күріш дақылы көп өсірілетін аймақ болғаннан кейін,күрішті де күтіп баптау, оның ауруларының алдын алу шаралары да тұрақты түрде ұйымдастырылып отыру қажет. Сондықтан аумақтағы күріш егістігіндегі ауру қоздырғыштардың дамуы мен таралу шарасымен қатар олармен күресу шарасының да маңыздылығын түсінуіміз керек.
І тарау Әдебиетке шолу
1.1 Күріш дақылының шаруашылық маңызы
Күріш шаруашылықтағы ең көне дақылдардың бірі. Оның тарихы сонау Солтүстік Үндістан бастау алған. Дақыл әлем мемлекеттерінің 112 елінде 145 млн га шамамен жерге егіледі. Дақыл әлем елдерінің 3 млрд халқына азықтық қор болып табылады. Өнім жинау деректеріне қарағанда бидайдан кейінгі екінші орынды иемденеді екен. Жылына күріштен 620 млн тонна өнім жиналады [1].
Қызылорда облысы, Арал қаласы аймағында ХІІ-ХІІІ ғасырларда суармалы егіншіліктің өркендей бастағанын тарихи деректерден біле аламыз. Орталық Азияда егістікке уақытша су жіберу жоңышқа мен күздік бидайға қолданылса, күрішке егістік толғанша үнемі су жіберу немесе толтырып бастыру арқылы суарылған [2].
Күріштен мол өнім алу жағынан қазіргі кезде Үндістан мен Қытай алдыңғы орындарда. Олар дүниежүзілік күріш өндірісінің 35%-ін иемденіп отыр. Одан кейінгі орындарды Азияның оңтүстік-шығыс мемлекеттері мен Оңтүстік Америка мемлекеттері бөлісіп отыр. Азиядағы оңтүстік-шығыс мемлекеттері (Қытай, Тайланд, Бангладеш, Индонезия) күрішті тек азық ретінде ғана емес, мәдени өркениеттерінің бір бөлігі есебінде санайды [1].
Күріш-органикалық және емдік дақыл. Оның дән қалдығы және дән кебегі мал азықтық өнім болыпта есептеледі. Дән қауыздары құрылыс материалдарына да толықтырғыш ретінде қолданылады. Күріш суын косметологияда да пайдаланады. Ол өте төзімді дақыл ретіндеде белгілі. Басқа ешқандай дақыл ыстық күнге және толық су басуға шыдамайды.
Күріш дүниежүзі халықтарының жартысынан көп бөлігіне қорек болып отырған дақыл. Оның тағамдық құндылығы өте жоғары. Ағзаға сіңімді. Сондықтан күріш диеталық тағам болып есептелінеді. Елімізде күріш жармалық дақыл болып табылады. Оның 1кг-сы 3590 кДж-ға тең. Күрішті пайдалану жағынан Орта Азия елдері алдыңғы орында. Мысалы: Азияда әр адам жылына 150 кг-дай күріш тұтынса,сәйкесінше, Америкада бір адам жылына тек максимум 10 кг күріш тұтінады екен [1,3].
Күріш тек диеталық тағам ғана емес. Оның құрамында онкологиялық аурулардың емі болып табылатын оризанол майы бар. Яғни медицинада да өзіндік орны бар деген сөз.
Дән құрамы жағынан басқа дәнді дақылдардан ерекшеленеді (кесте 1).
Кесте-1 Дән құрамы
Химиялық заттары
Дәндегі %-ы
Май
0,5-2,6
Көмірсулар
73-81
жасұнық
0,2-1
ақуыз
9-12
1.2 Күріш дақылының өсу және даму ерекшеліктері
Күріш (Qryza sativa L) дақылы-біржылдық. Астық тұқымдасына жатады. Соңғы мәліметтерге қарағанда күріштің жабайы және мәдени түр тармақтарын қосқанда 120 мыңнан астам сорттары бар екені белгіленіп отыр.
Күріш-жылу сүйгіш дақыл. Қызылорда облысы Сырдария ауданында +10 және +15 градустық температуралар жиынтығы 3400-4000С орта мерзімде пісетін сорттар үшін тиімді болып табылады. Аудан жағдайында жаз айларында күріш өсуіне қолайлы температура мен ылғалдылық орнап тұрады. Жалпы күріш дақылын себу жұмыстары топырақ температурасы мен ауа температурасы +10С,+15С болғанда жүргізіледі.
Күріш температура төмендегенде ,әсіресе, гүлдену мен масақ түзілу және түптену кезеңдерінде суыққа төзімсіз болады. Қанша жерден мықты және төзімді сорттың тұқымы болғанымен температура төмендегенде тұқым өнуі баяулайды.
Тамыр жүйесі - шашақ тамыр. Түптену кезеңінде жанама тамырлар пайда болады. Дақылда 3-4 жапырақ пайда болғаннан бастап, жанама немесе қосалқы тамырлар қорек жинау қызметін атқарады. Тамыр топырақтың 10-28 см тереңдікте жатады. Тек сирек жағдайда ғана 45 см тереңдікке жетеді [1,4].
Күріш дақылының сабақтарының түрлі болуына байланысты оның сорттарын ажырата аламыз. Сабақтарының іші қуыс және түкті болып келеді. Осы түктер арқылы минералды және органикалық қорек тасымалданады. Сабақ пен оның буынаралықтарының ұзындығына байланысты күріш әртүрлі көрсеткіштермен өрнектеледі (кесте 2).
Кесте-2 Сабақ ұзындықтарының көрсеткіштері
Дақыл
Сабақ ұзындығы
Көрсеткіші
КҮРІШ
50 см-ге дейін
карлик
50-70см
Қысқа сабақты
90-110см
Орта бойлы
110-140см
Ұзын бойлы
140см-ден жоғары
Өте ұзын бойлы
Күріш жапырағы мен жапырақ қынабы дақыл үшін фотосинтез қызметін жүргізуші болып есептелінеді. Жапырақ құрылымы: Жапырақ қынабы,жапырақ пластинкасы,тілше. Жапырақ дақылда тік орналасады. Салбыраңқы болып орналасатын түрлері де кездеседі.
Дақылдың гүлі басқа дақылдарға қарағанда алты аталығы болады. Масақ-бір гүлді. Дәндерінің сыртын қауыз жапқан. 1000 тұқым массасы 40граммға дейін жетеді [5].
Күріш дақылының дамуы басқада астық тұқымдастардың өсіп-даму кезеңдерімен бірдей. Ол келесідей кезеңдерден тұрады: тұқым себілгеннен кейін тұқым өнуі, егін көгі, түптену,сабақтану, масақтану, гүлдеу, дән пайда болуы. Әр кезеңде күріш дақылының морфологиялық сипаты мен физиологиялық күйі өзгерісте болады. Сол себептен өсіру технологиясындағы ерекшеліктерді білуіміз қажет.
Күріштің шығу тегі Орта Азия екенін жоғарыда атап өттік. В.И.Коваленконың мәліметінде ХІХ ғасырдан бастап Қызылорда облысында күріш өсіріле бастаған. Бұл кезде күріш 1928-1929 жылдардағы Қызылорда облысына жер аударылған кәрістермен келді деген мәліметтерде бар [6]. Тағы бір деректердің мәліметтерінше сыр өңірінің топырақ және табиғи климат жағдайы күріш дақылы үшін өте қолайлы деп есептелінген.
Күріш дақылының Қызылорда облысы, Сырдария ауданы жағдайында өсіру технологиясы. Жалпы дақылды бір орынға 2 жылдан артық себуге болмайды. Жоғарыда атап өткендей күріш балауызданып пісу кезеңіне дейін су астында бастырылып тұрады. Сол себептен, топырақ сортаңданып,батпақтанып кетеді. Сондықтан алғы ретінде суды аз тұтынатын дақылды таңдау керек.
Сырдария ауданында күрішті сегіз танапты ауыспалы егісте себеді. Олар келесідей тізбекте: 1,2 танаптар жоңышқа, 3-4-ші танаптар күріш, 5-ші танап- таза сүр жер, 6-шы танап-мақсары, 7-8 ші танап-күріш.
Ауданда күріш себер алдында болатын жұмыстарға тоқталатын болсақ. Алдымен,алғы дақылды жинап алғаннан кейін, топырақты соқалармен (ПЛН-5-35, ПЛН-8-35 жырту жұмысы жүреді. Топырақты сүдігер жырту қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Арамшөптер мен ауру қоздырғыш организмдерден құтылу үшін жырту тереңдігі 25-27 см-ді құрайды.
Тұқым себу жұмыстары жүргізілер алдында себуге арналған тұқымдық материалды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Тұқымдық материалды себу алдында 7-10 күн қалғанда күнге қыздырады. Ауданда көп жағдайда күрішті суға шашып себеді. Сол уақыт алдын екі күн бұрын күріш дәнектерін суға салып бөрттіреді. Әртүрлі ауру қоздырғыштарға (пирикуляриоз, фузариоз, бактериалдық аурулар) қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіледі.
Алғы дақылдағы танаптарға немесе сүр жерден кейінгі танаптарға тұқым себу мөлшері әртүрлі болады. Жалпы оптималды мөлшер 1 га-ға жеті немесе сегіз миллион өнгіш тұқым. Ал, алғы дақыл жоңышқа немесе белгілі бір көпжылдық дақыл болса 7,0-8,5 млн өнгіш тұқым сепкен дұрыс.
Күріш себу жұмысы аяқталысымен атыз суға бастырылады. Атыздағы су деңгейі 15см-ге дейін тұрақты ұсталынып, кейіннен күріштің қамырланып пісу уақытында су жіберу тоқтатылады. Сонымен күріш егістігі өнім жинау кезеңіне дейін толық құрғатылуы тиіс.
Өнім жинау және оны ору ең жауапты кезеңдердің бірі. Сырдария ауданында күрішті жинау бөлектеп жинау тәсілімен жүргізіледі. Бұл әдістің ерекшелігі: күрішті орып бірден бастырмайды. Яғни, бастыру жұмысы орылған өнім 2-3 күн күн мен жел астында кептірілгеннен кейін жүзеге асады.
Күрішті орып алу жұмыстары МакДон, ЖРС-5 сияқты дестелегіштермен іске асырылады. Ал, дестеленген күрішті ресейлік ЕНИСЕЙ-1200Р және Джон Дир комбайндарымен бастырылады.
Күріштен мол өнім алу оның өсіру технологиясына байланысты. Өсіру технологиясын тиімді және жетік меңгеріп пайдалану күріш өнімін одан сайын жоғарылатады.
1.3 Күріш дақылының ауруларына биологиялық сипаттама
Қызылорда облысы- еліміздің күріш өсіретін болашағы зор өңірлерінің бірі. Орасан зор жер ресурстарының болуы, қолайлы климаттық жағдайлар және жеткілікті су қоры күріш алқаптарын 70 мың гектардан астамға кеңейтуге мүмкіндік берді [7].
Соңғы зерттеулер күріш өнімінің айтарлықтай төмендеуінің себебі зиянды организмдердің, соның ішінде күріш көшеттерінің зиянкестері мен ауруларының: пирикуляриоз , фузариоз, альтернария және соңғы жылдары септориоздардың таралуы екенін көрсетеді.
Пирикуляриоз. Күріш пирикуляриозы (Pyricularia oryzae Br. & Cav.) -күріш өсірудің барлық аймақтарында жыл сайын үлкен зиян келтіретін ең зиянды күріш ауруы. Өнімге зиян келтіруі 15-40% құрайды.
Ауру белгілері: тұқымның өнгіштігінің төмендеуі, алғашқы жапырақ шығару кезеңінде дақылдың өлуі, вегетациялық кезеңде жеке өсімдіктердің жоғалуы, масақшаларда дәннің аз мөлшерінің түзілуі, дамымаған немесе шіріген тұқымдардың пайда болуы. Күріш өсімдіктерінде осы аурудың қоздырғышының дамуы өсімдік нематодтарының тіршілік әрекетіне ынталандырушы әсер етеді, бұл тіндердің ыдырауы мен өсімдіктердің өлу процесін жеделдетеді.
Пирикуляриозбен ауру кезінде өсімдіктердің тыныс алуы екі-үш есе артады, бұл олардың егіннің пайда болуына қажетті пластикалық заттардың айтарлықтай шамадан тыс қолданылуына әкеледі. Сонымен қатар, ауру өсімдіктердің азотты сіңуін арттырады және фосфор мен калийді қабылдауды азайтады.
Қоздырғыш - өсімдік ұлпаларында жасушааралық кеңістіктер арқылы таралатын түссіз көп жасушалы мицелий түзеді. Конидиялары алмұрт сияқты, түсі ашық зәйтүн түстес. Қоздырғыш күріштің тұқымында, сабанында және сабанында мицелия түрінде сақталады. Тұқымда мицелий гүл мен жеміс қабықшасының астында, эндоспермде және эмбрионда дами алады. Ауыр зақымдану кезінде тұқымдар өнгіштігін жоғалтады.
Қоздырғыштардың дамуына 95-98% ылғалдылық және 26-28С ауа температурасы қолайлы болып табылады. Ауру вегетация кезеңінде конидиялармен таралады [8]
Фузариоз. Күріш фузариозы (Fusárium gramineárum)- Олар макро және микроконидиялар көмегімен өсімдіктердің вегетациялық кезеңінде таралады. Микроконидиялар бір, екі жасушалы, сопақша, көлемі 7,2-17,1х2-3,4 мкм. Макроконидиялар орақ тәрізді, өлшемі 19-60 х 2,5-5 мкм [9]. Қоздырғыш өсімдік қалдықтарында склероций түрінде қыстап шығады.
Ауру белгілері. Қоздырғышпен күріштің барлық стадиясы зақымданады. Зақымданған көшеттер сарғайып, бұралып, кебеді, көбінесе топырақ бетіне жетпейді. Көшеттерде тамыр мойны шіріп, жапырақтары сарғайып, төменнен жоғары қарай өледі, сабақтың түбі қоңыр түске ие болып, тамыры оңай жұлынады. Ересек өсімдіктерде тамыр мойыны шіріп, қарайып кетеді. Ыстық, құрғақ ауа-райында жапырақтар бұралып, кебеді және бүкіл өсімдік қурап қалады.
Альтернариоз. Күріш альтернариозы (Alternaria Fr.: A. tennis Fr. және A. oryzae )- олардың конидиофорлары қысқа, қарапайым, зәйтүн, конидиялары 3-6 көлденең және бір немесе бірнеше бойлық қалқаншалары бар, зәйтүн немесе қара-қоңыр түсті, оңай ыдырайтын тізбектерге жиналады. Аурудың қоздырғыштары мицелий мен конидия түріндегі тұқымдар мен зақымдалған өсімдік қалдықтарында сақталады [10] .
Альтернария ауруының алдын алуда аурудан зардап шекпеген танаптардың тұқымын пайдаланудың, тазалау және байыту, күзден кейінгі барлық егін қалдықтарын терең жыртудың маңызы зор. Төзімді сорттар жоқ.
Ауру белгілері. Әдетте бұл ауру күріш өсіруші аймақтарда вегетация кезеңінің екінші маусымынан басталады. Зақымдалған жапырақтар мен сабақтарда зәйтүн және барқыт тәрізді дақтар пайда болады [9].
Септориоз. Күріш өсірудің барлық аймақтарында жиі кездеседі. Жапырақтың екі жағында жапырақтардың тамырларының арасында бойлық жолдарда орналасқан сұр-қара пикнидтермен қоңыр-сұр бойлық дақтар пайда болады. Дәл осындай дақтар сабақтарда, масақ қабыршақтарында және тұқымдық қабыршақтарда пайда болуы мүмкін. Аурудың күшті дамуымен жапырақтары мерзімінен бұрын өледі.
Аурудың қоздырғышы - жетілмеген саңырауқұлақ Septoria oryzae Catt. Оның пикнидияларында ұзындығы 50 мкм-ге дейін сарғыш түсті пикноспоралар түзіліп, олармен таралады. Саңырауқұлақ ауру өсімдіктердің қалдықтарында және тұқымдарда пикноспоралары бар пикнидтер түрінде сақталады.
Бактериоз төменгі жапырақтарда жиектері бойынша немесе ортаңғы тамырлар бойымен алдымен сулы, содан кейін майлы дақтар түрінде көрінеді, олар ақырында сарғайып, мөлдір болады. Кейінірек мұндай дақтар үстіңгі жапырақтарда, сабақтарда, масақшаларда және дәндерде пайда болады. Зақымдалған жерлерде шық болған кезде бактериялық экссудат пайда болады.
Ауруды Xanthomonas oryzae Dowson бактериялары тудырады. Олардың дамуы үшін оңтайлы температура 25-30 ° C диапазонында, ал олар 53 ° C температурада өледі. Залалданған тұқымдар мен ауру өсімдіктердің шірімеген қалдықтары инфекция көзі болып табылады.
ІІ тарау Зерттеу нысанының жағдайлары, әдістемесі
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz