Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Ғылым және технологиялар мектебі
6B06102-Computer engineering
Бaкaлaвpиaт бoйыншa бiлiм aлyшылapдың
3 курc күндiзгi oқытy ИC-18-3 тoбының
өндiрicтiк тәжipибe бoйыншa
Г.А.Бepдiбaeвaның
ЕСЕБІ
Университеттен тағайындалған
тәжірибе жетекшісі:
Сүлейменова Б.Б., ф.м.ғ.к., доцент
Ақтау, 2020
МАЗМҰНЫ
КIPICПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Жeкe тaпcыpмa ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Қазіргі заманғы есептеу техникасының құрылысы. Негізгі тетіктері. Сыртқы құрылғылар. Компьютердің негізгі блоктарының элементтерінің негіздерін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Мәтіндік редакторының мәтінді өңдеудегі қосымша кестелік, графикалық, гиперсілтемелік әдістері. MS Excel мәтінді және есептеулерді өңдеудегі қосымша кестелік, графикалық, гиперсілтемелік әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар Ақпаратты қорғау негіздері. Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрамалары. Ақпараттық процестерге заңсыз енуден қорғау. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1. Ақпаратты қорғаудың инженерлік-техникалық және де басқаша әдістері. Локалдық компьютерлік желідегі ақпаратты қорғау, антивирустық қорғану. Компьютерлердің желілік қарым-қатынасының қажеттілігі ... ... ... ... ... .14
3. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Мекеме аймағындағы объектілердегі бағдарламалық жұмыстарды орындап, қажетті мағлұматтарды есептеу ... ... ... ... ... ... ...1 6
3.1. Есепті толтыру ережесімен таныстыру, Титул бетшесін жасап үйрету. Тапсырманың орындалғанын қадағалау, түсінбеген жерлерді түсіндіру ... ..18
Қopытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Әдeбиeттep тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
КІРІСПЕ
Мен Бердібаева Гүлнұр Абзалқызы өндірістік тәжірибелік практиканы 07.06.2021-26.06.2021 уақыт аралығында Ақтау қаласындағы БиКаДа телекоммуникациялық компаниясында өткен болатынмын.
Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу.
Бұл практика алдағы уақыттағы іс-әрекеттер үшін жақсы практикалық тәжірибе болып табылады. Тәжірибе барысында мен жаңа қызықты бағдарламалармен таныстым. Теориялық білімімді жетілдірдім , өз мамандығымды жақсырақ білдім.Тәжірибеден өту мамандығым туралы білімімді жетілдіруге, сол салада жұмыс істеуге алғашқы дайындық ретіндегі қадам болды.
Жеке тапсырма
1.Қазіргі заманғы есептеу техникасының құрылысы. Негізгі тетіктері. Сыртқы құрылғылар. Компьютердің негізгі блоктарының элементтерінің негіздерін ұйымдастыру.
Есептеуіш техника - есептеу және мәліметтерді өңдеу процессінің маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы құрал ретінде есептеу таяқшаларын атауға болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады. Даму жолында бұл құралдар күрделене түсті.
Уақыт өте келе, қарапайым құрылғылардан күрделі құралдар пайда бола бастады: абак,логарифмдік сызғыш,механикалық арифмометр.Алғашқы есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына қарамастан, олармен жұмыс жасауға үйренген адам, қазіргі заманғы калькуляторларды пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе алады. Әрине, қазіргі заманғы есептеуіш құрылғыларының жұмыс өнімділігі және есептеу жылдамдығы ең жылдам есептегіш адамның өзін шаң қақтырып кетеді.
Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым қатынаста болатын құрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютерлер қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлінеді:үлкен ЭЕМ;мини ЭЕМ;микро ЭЕМ; дербес компьютерлер.
Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік, ықшам, қалталық деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады.Сан алуан компьютерлерге арналған құралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтерімен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімдігіне тікелей байланысты.
Ақпараттық үйлесімдік.Ақпараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер ақпараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі ақпараттық платформа бар: IBM PC және Apple Macintosh.
Есептеу жүйесінің құрылысын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан,сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.
Ақпараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясының құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокты модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиналатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алған құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу шығару құрылғыларының көбі ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік ақпараттық интерфейс деп аталатын аппараттық логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.
Программалық жасақтама.Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез келген компьютерлік программаның негізгі атқаратын қызметі аппараттық құралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.
Ұйымдастырумен жасақтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін қажет. Бұл дегеніміз, нақты обьектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен әрі қарайғы қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру.
Техникалық жабдықтау -бұл ақпараттық жүйемен жұмыс істеуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке амалдардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Кез - келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, тышқан.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі - монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады.
Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар - адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Жүйелік блок компьютердегі ең басты құрылғысы болып табылады, оның ішінде дербес компьютердің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блок құрамында жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, микропроцессор, қоректену блогы мен енгізу - шығару порттары және қатқыл диск (винчестер) және дисковод болады.
Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық - сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Монитор - мәтіндік және графикалық мәліметтерді экран бетіне шығаруға арналған құрылғы. Монитордың тарихы ерте кезден басталады, үлкен қара жәшіктен бастап сұйық кристалды, плазмалы дисплейлі монитордан аяқталады. Монитордың жұмыс жасау режиміне байланысты, денсаулыққа әсеріне байланысты оның жақсы сапалы түрін тандаған жөн. Монитордың маркасына байланысты олардың қызметтік ретке келтіру түрлері де ерекше болады, сол себепті монитордың өзгермелі параметрлері бар түрін таңдау керек. Бұл компьютердегі келеңсіздіктерді сервис орталыққа жүгінбей-ақ түзетуге болады.
Принтер - ақпараттарды қағаз бертіне басып шығаратын құрылғы. Принтерге мәтіндік, кескіндік, графикалық ақпараттарды қара немесе түрлі түсті етіп шығаруға болады. Жалпы принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік.Олардың ішінде басу сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады.Жұмыс істеу принципі принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелер шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады.
Модем - сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.
Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады.
Сыртқы модемдер - бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер.
Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер Ішкі модемдер деп аталады
Компьютер түйіні - бұл екілік сөздермен белгілі бір операцияларды орындауға арналған функционалды байланысты элементтер жиынтығы.
Регистр - екілік сөздерді сақтауға және оларға кейбір логикалық амалдарды орындауға арналған компьютерлік блок. Регистр - бұл триггерлер жиынтығы, олардың саны сөздегі биттердің санына сәйкес келеді және көмекші тізбектер болып табылады.
1.1. Мәтіндік редакторының мәтінді өңдеудегі қосымша кестелік, графикалық, гиперсілтемелік әдістері. MS Excel мәтінді және есептеулерді өңдеудегі қосымша кестелік, графикалық, гиперсілтемелік әдістері
MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office - тің құрамына кіретін программа. MS Excel-дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
MS Excel - дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады. Бас меню де, негізінен, басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған.
Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.
Жол - көршілес ұяшықтардың бірлестігі.
Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.
Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.
Кестелік деректерді өңдеу
Электрондық кестелік процессорлар арасында ең танымал - MS Excel бағдарламасы. Ол пайдаланушыларға жұмыс парақтарының (беттерінің) жиынтығын ұсынады, олардың әрқайсысында бір немесе бірнеше кесте жасауға болады.
Жұмыс барысында пайдаланушыларға бухгалтерлік кітаптар, банктік шоттар, сметалар, ведомостар құру және жүргізу кезінде, ұйымның жоспарларын құруда және ресурстарды бөлу кезінде, ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде кестелік мәліметтермен жұмыс жасауға тура келеді. Жұмыстың осы түрін автоматтандыруға деген ұмтылыс кесте түрінде берілген ақпаратты өңдеуге арналған мамандандырылған бағдарламалық жасақтама пайда болды. Мұндай бағдарламалық қамтамасыздандыруды кестелік немесе кестелік бағдарламалық жасақтама деп атайды. Мұндай бағдарламалар тек кесте құруға ғана емес, сонымен қатар кестелік мәліметтерді өңдеуді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Кестенің құрылымына нөмірлеу және тақырыптық тақырыптар, бас (тақырып), бүйірлік тақта (жолдың тақырыптары бар кестенің бірінші бағанасы) және програф (кестенің нақты деректері) кіреді.
Электрондық кесте объектілері үшін келесі операциялар анықталған: редакциялау, бір топқа біріктіру, жою, тазарту, қою, көшіру. Фрагментті жылжыту операциясы жою және кірістіру амалдарының ретімен орындалуына дейін азаяды.
Есептеуді жеңілдету үшін электрондық кестелік процессорларда математикалық, статистикалық, қаржылық, логикалық және басқа функциялар бар. Кестелерге енгізілген сандық мәндерден әр түрлі екіөлшемді, үшөлшемді және аралас диаграммаларды құруға болады (20-дан астам түрлері мен кіші түрлері).
Кестелік процессорлар мәліметтер базасы ретінде жұмыс істей алады. Бұл жағдайда мәліметтер кестеге мәліметтер базасындағы сияқты енгізіледі, яғни экран формасы арқылы. Олардағы деректерді қорғауға, кілт бойынша немесе бірнеше кілт бойынша сұрыптауға болады. Сонымен қатар мәліметтер базасына сұраныстарды өңдеу және сыртқы мәліметтер базасын өңдеу, жиынтық кестелер құру және т.б. жүзеге асырылады.Олар кіріктірілген макробағдарламалау тілінде қолданыла алады.
Кестелердің маңызды қасиеті - олардағы формулалар мен функцияларды қолдану мүмкіндігі. Формула басқа кестеде немесе басқа файлда орналасқан кестеде басқа кестеде орналасқан кесте ұяшықтарына сілтемелерді қамтуы мүмкін. Excel функциялар деп аталатын алдын-ала бағдарламаланған 200-ден астам формулаларды ұсынады. Оларда бағытқа ыңғайлы болу үшін функциялар санаттарға бөлінеді. Функциялар шебері көмегімен біз оларды кез-келген жұмыс кезеңінде жасай аламыз.
Электрондық кесте редакторы Excel, мәтіндік редактор Word және басқалары, қосымшалар пакетіне кіретін бағдарламалар (PPP) Office OLE деректер алмасу стандартын қолдайды, ал тізімдерді қолдану үлкен біртекті мәліметтер жиынтығымен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Графикалық ақпаратты өңдеу
Компьютер мониторының экранындағы графикалық ақпарат нүктелерден құралады.
Графикалық режимде монитордың экраны жарық нүктелерінің жиынтығы болып табылады - пиксельдер (пиксель, ағылшынша сурет элементінен). Экрандағы нүктелердің жалпы саны монитордың ажыратымдылығы деп аталады, ол оның типіне және жұмыс режиміне де байланысты. Бұл жағдайда өлшем бірлігі - дюймдегі нүктелер саны (dpi). Қазіргі дисплейлердің ажыратымдылығы әдетте 1280 көлденең нүктеге және 1024 тік нүктеге тең, яғни 1 310 720 ұпай.
Графикалық объект дегеніміз - сол атпен анықталған визуалды қасиеттері мен мәртебесі бірдей примитивтер жиынтығы.
Графикалық ақпарат деп сурет, сурет, фотография, кітаптағы сурет (иллюстрация) немесе үлкен сурет, теледидар экранындағы сурет және т.б.
Компьютерлерді қолданудың бір саласы - компьютерлік графика. Ақпаратты ұсынудың компьютерлік графикалық формасы ондағы объектілердің кескіндері нүктелерден тұрғызылатындығымен сипатталады. Кескінді компьютер жадына жазғанда, жеке нүктелердің түсінен басқа, көптеген қосымша ақпараттарды жазу қажет: өрнектің өлшемі, нүктелердің жарықтығы және т.б.
Символдық формадағы кез-келген визуалды кескін графикалық түрде ұсынылуы мүмкін. Деректерді ұсынудың бұл графикалық формасы неғұрлым ақпараттық болып табылады, яғни үлкен ақпараттық сыйымдылыққа ие. Егер бір ұяшықты кескіннің ақпараттық ажыратымдылығы бірлігі ретінде алсақ (ажыратымдылық), онда ол осы ұяшықтағы мүмкін кескіндер санымен анықталады. Кескіндердің ажыратымдылығы пиксельмен өлшенеді және кескін пиксельдерінің көлденең және тігінен көбейтіндісіне тең.
Мәтінді өңдеу
Мәтіндік ақпарат әр түрлі ақпарат көздерінен туындауы мүмкін және презентация тұрғысынан әр түрлі күрделілікке ие болады. Презентация формасына байланысты мәтіндік хабарламаларды өңдеу үшін әр түрлі ақпараттық технологиялар қолданылады. Көбінесе мәтіндік редакторлар немесе процессорлар мәтіндік электрондық ақпаратты өңдеу құралы ретінде қолданылады. Олар қолданушыға мәтіндік ақпараттарды құруға, өңдеуге және сақтауға арналған арнайы құралдармен қамтамасыз ететін бағдарламалық өнімді ұсынады. Мәтіндік редакторлар мен процессорлар әртүрлі ақпараттарды құрастыру, өңдеу және өңдеу үшін қолданылады. Мәтіндік редакторлардың процессорлардан айырмашылығы - редакторлар, әдетте, тек белгілі бір ақпарат түрімен (мәтіндер, формулалар және т.б.) жұмыс істеуге арналған, ал процессорлар сізге басқа ақпарат түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Мәтіндерді дайындауға арналған редакторларды шартты түрде қарапайым (хаттар мен басқа да қарапайым құжаттарды дайындау) және күрделі түрге (графиканы, суреттерді қоса, әр түрлі қаріптермен құжаттарды дайындау) бөлуге болады. Мәтінмен автоматтандырылған жұмыс жасау үшін қолданылатын редакторларды бірнеше түрге бөлуге болады: қарапайым, интеграцияланған, гипермәтіндік редакторлар, мәтінді танушылар, ғылыми мәтіндік редакторлар, баспа жүйелері.
Гиперсілтеме - бұл байланысты ақпаратты қамтитын басқа құжатқа өтуге мүмкіндік беретін құжаттың бөлектелген аймағы. Қарапайым мысал - энциклопедия, онда әр мақалада басқа мақалаларға сілтемелер болады.
Гиперсілтемелер - әртүрлі қолданушылар әр түрлі бөліктерге қызығушылық танытуы мүмкін үлкен мәтіндерді ұйымдастырудың ең ұтымды тәсілі.
Гиперсілтемелер Интернетте сайттар мен құжаттарда шарлау үшін кеңінен қолданылады. Excel файлдарымен жұмыс жасай отырып, сіз Интернет-ресурстарға да, ұяшықтарға, файлдарға немесе электрондық пошта жіберу формасына да сілтемелер жасай аласыз.
Excel сізге келесі сілтемелер жасауға мүмкіндік береді:
-Ағымдағы кітаптағы белгілі бір жерге барыңыз;
-Excel құжатындағы парақ немесе Word құжатындағы бетбелгі сияқты басқа құжатты ашу немесе сол құжаттағы нақты орынға өту;
-Интернеттегі веб-параққа өту;
-Жаңа Excel файлын құру;
-Көрсетілген мекен-жайға электрондық пошта хабарламасын жіберу.
Excel-дегі гиперсілтемені табу оңай, ол көкпен белгіленген сызылған мәтінге ұқсайды.Excel-де сілтемелердің екі түрі бар: абсолютті және салыстырмалы.
Абсолютті сілтемелер.Абсолютті гиперсілтемелерде Интернет мекен-жайы немесе компьютердегі толық жол бар. Абсолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады. Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсалют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.
Салыстырмалы сілтемелер.Салыстырмалы сілтемелер ішінара жолды қамтиды. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.
Excel-дің маңызы : Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz