Елбасы еңбектерінің жастарды отансүйгіштікке баулудағы рөлі мен маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

\\10.24.29.221\Desktops\Ibrayeva_a.hbsh\Desktop\44618_html_m5bd2ed93.jpg

Орал қаласы

физика - математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Тақырыптың бағыты: Қоғамды зерделеу

Тақырып: «Елбасы еңбектерінің жастарды отансүйгіштікке баулудағы рөлі мен маңызы?»

Орындаған: Амангелді Дәулет

Жетекші: Ашимова Д. Т

Орал-2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5

1. 1 Жинақталған дереккөздерді талдау 5

1. 2 Жүргізілген сұхбат және сауалнаманы талдау. 7

1. 3 Зерттеу нәтижесін жариялау 13

ҚОРЫТЫНДЫ 15

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16

ҚОСЫМША 17


I. КІРІСПЕ

Қазіргі таңда, жаһанданудан туындаған өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуына теріс әсер ететін батыстық либералдық құндылықтардың кең таралған заманда, халықты, әсіресе жастарды дұрыс тәрбиелеп, отансүйгіштік қасиетін бойларына дарыту ерекше өзекті мәселеге айналды. Себебі, жастар -халықтың техникалық және әлеуметтік дамуға әсер ететін ең үлкен күші, болашақ экономикалық белсенді тұрғындар қатарын толықтыратын стратегиялық қоры. Тәуелсіздігін алғанына небәрі отыз жыл болса да, Қазақстан осы міндетті сәтті орындап келеді. Бұл үрдіске мемлекетке еңбегі сіңген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қосқан үлесі орасан.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз кезінде Елбасы туралы «Ол әрқашан болашаққа ұмтылатын адам. Бұл таңғажайып қасиет. Біріншіден, ол өзін өте тиімді және тиімді жастармен қоршауды біледі және қасына мықты адамдарды қоюдан ешқашан қорықпайды. Бұл мықты көшбасшының белгісі. Сондай дана, белсенді және талантты басшы - Нұрсұлтан Әбішұлы», - деген еді.

Шынымен де, елбасы əлемдегі өткені мен бүгінгісі ұлы тұғырлы тұлғалардың қатарынан оза шауып, қазақ халқын жəне Қазақстанды дүние жүзіне танытты. Бірінші президенттің еңбектерінің негізін құрайтын асқан көрегендігі, келешекті болжамдап, бағдарлау қасиеті қазақ тарихында алтын әріптермен қашалып жазылатын ұлы істер атқаруда шешуші факторға айналды4. Әсіресе «Ұлы даланың жеті қыры» секілді жазбаша еңбектерімен қатар «Елбасы жолы» өмірбаян-киноэпопеясы қартқа да, балаға да үлгі болуға тұрарлық.

Сол себепті, зерттеу жұмысының басты мақсаты - Елбасы Н. Ә. Назарбаев тұлғасының, айтылған қанатты сөздері мен жазбаша жұмыстарының жастарды тәлімдеу, тәрбиелеу жолындағы мәнін түсіндіру.

Зерттеу міндеттері:

  • Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінің басты идеясы мен құндылықтарын анықтау;
  • Еңбектер мен жолдаулардағы жастарды патриотизмге баулу идеясының мәні мен мазмұнын талдау;
  • Еңбектердің қолдану кеңістігін ұлғайтуға бағытталған шараларды бағалап, тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

Курстық зерттеу жұмысын барынша профессионалды деңгейде жазу мақсатында Елбасының биографиясын жіті зерттеген шетелдік ғалымдардың бірі Джонатан Айткен мен қазақстандық Бимаканова З. Ш. сынды авторлардың тақырыпқа қатысты дәлелденген фактілермен өрілген, тақырыпты толық ашатын еңбектері таңдалып алынды.

Зерттеу жұмысының шынайылығын арттырып мақсатқа жету үшін Орал қаласы тұрғындары арнайы сауалнамадан өтуді ұсынылады. Зерттеу гипотезасы: Елбасының мақалалары мен кітаптары жастар тәрбиелеуде маңызды құрал бола алады. Олар өз елінде брендке айналып, әлемдік аренада табысқа жеткен тұлғаның өмірбаянын көрсету арқылы өзгелерге үлгі болады, патриотизмді насихаттап, өмір құндылықтарына үйретеді.

Берілген зерттеу жұмысы Елбасы еңбектерінің патриотизм перспективасынан құндылығын анықтап қана қоймай, олардың жастардың санасына оң әсерін ұлғайтып жалпыұлттық патриотизм деңгейін арттырудың жолдарын ұсынатын болады.


II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Жинақталған деректерді талдау

1. Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінің басты идеясы мен құндылықтарын анықтау

Соңғы жылдары, бірінші президент туралы БАҚ-та болсын, халық ауызында болсын аз жазылып, аз айтылған жоқ; оның негізгі атқарған істері мен биографиясы көпке мәлім, әсіресе тәуелсіздік алған жылдардағы алпауыт еңбегі елге аян. Жиырмасыншы ғасырдың соңында күйреген Кеңестік Одағы мен жаңа туылған тəуелсіз мемлекеттің қалыптасуы секілді тарихи сəттерді өз көзімен көріп, бас қасында жүріп шешуші шешім қабылдауды өз қолына алған бірден бір тарихи тұлға Назарбаев екеніне күмəн жоқ. Жаңа мемлекет құру - оңай іс емес. Осындай маңызды шаруаға Елбасы ұлт тағдыры үшін шешуші маңызды мəселе ретінде жауапкершілікпен қарап, терең ізденіспен, жақсы теориялық біліммен келді.

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымы Ахметшина Г. У. Елбасы еңбектерінің тұғарлы Қазақстан тарихының дереккөзі ретіндегі басты құндылығы, басқа да дереккөздерден негізгі ерекшелігі, сол жылдардағы қоғамдық құбылыстар мен түбегейлі өзгерістердің, «қалың ортасында жүріп», ел тағдырын, ұлт тағдырын шешкен «шешімдер қабылдаған» тұлғаның жазғандығын аса атап өтті. Әрине, Назарбаевтан басқа да қоғам қайраткерлері мен сол сәттерді көзбе-көз көргендер өз мемуарларын, дереккөздерін жазды. Дегенмен де, осы жазбалардың ішінде Елбасы еңбектерінің тарихымыздың түбегейлі өзгерістер кезеңінен ақпарат беретін орны бөлек дереккөздер екені айдан анық. ( http://rmebrk. kz/journals/6632/47711. pdf#page=21)

Бимаканова З. Ш. айтуынша, Егемендік алғаннан бастап Н. Ә. Назарбаев «қай бағытты таңдаймыз, қайда барамыз?» сұрағына жауабын, нақты позициясын көрсетті. Бойында гуманитарлық қасиеттерді сіңірген, азаматтық позициясы қалыптасқан, елдегі саяси-әлеуметтік жағдайға бей жай қарамай ықпалын тигізуге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу, олардың бойында ұлтжандылық, партиотизм сезімдерін қалыптастыру - міне біздің қоғам үшін ең маңызды міндет. Жоғарыда атап өтілген тәуелсіздік алу жолындағы тек Елбасының емес, бүкіл қазақ халқының төгілген тері, содан кейінгі жаңа, заманауи мемлекет құру талпынысы мен қазіргі таңдағы оң нәтиже жастарды тәуелсіздікті құрмет тұтуға үйретеді.

Белоруссия президенті Александр Лукашенко өз кезегінде «Қазақ халқының еңбексүйгіштігі мен отансүйгіштігінің арқасында сіздің ел аз ғана жылдар ішінде мемлекеттілікті нығайтуда, әлеуметтік-экономикалық ілгері дамуда, халықаралық қатынастардың беделді қатысушысының имиджін қамтамасыз етуде. Қазақстан жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге үлес қосуда. Бұл тамаша нәтижелерге қол жеткізу Тұңғыш Президенттің қазіргі Қазақстанның өркендеуіне қосқан орасан зор жеке үлесі арқасында мүмкін болғаны сөзсіз» деп Назарбаевты мақтаған еді.

  1. Еңбектер мен жолдаулардағы жастарды патриотизмге баулу идеясының мәні мен мазмұнын талдау

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Қанат Еңсенов өз сөзінде Елбасы еңбектерінің құндылықтарын астын сызып атап өткен болатын. (https://history-state. kz/?ELEMENT_ID=1601)

«Тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж. ) мен Қазақстан халқына арналған жолдауларының басы-«Қазақстан 2030» стратегиясы (1997 ж. ) Кеңестік идеологияның қыспағында болған елден адам факторын қолдану арқылы жаңа мемлекет құру мәселесі қарастырылды. Жоғары деңгейлі қоғам қалыптастыру патриотизм, яғни жастардың елге деген махаббатын ояту қағидалары басшылыққа алынған.

Қазіргі таңда, Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» туралы бастамасының арқасында Қазақстан даласының киелі жерлері мен тарихи ескерткіштерінің мән-маңызы сан қырынан зерттелуде. Бағдарлама барысында еліміздің Ұлттық кітапханасы мамандары 2005-2007 жылдар аралығында Франция, Германия, Ұлыбритания, ж. т. б Батыс Европа елдері кітапханаларында құнды жазба дереккөздерді тауып, ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарып, олардың көшірмелерін елге алып келді.

Тарих ғылымдарының кандидаты Жанақова Н. Т. сөзіне сүйенсек, 2004 жылы мақсаты мұражайландыру мен мәдениет ескерткіштерін реставрациялау болып табылатын «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған сәттен бастап Арыстан баб, Есімхан зираттары, Айша-Бибі кесенесі секілді жүздеген мәдени-тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама тіпті шетелге де жетіп, Каирдағы (Египет) Сұлтан Бейбарыс мешіті, Дамасктағы (Сирия) Сұлтан Бейбарыс кесенесі мен Әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды. Бұл бағдарламаның басты міндеті - өскелең ұрпаққа туған жеріміздің тарихын ұмыттырмай оларға мұра етіп қалдыру, Отанымыз Қазақстанға деген сүйіспеншілігін ояту. (http://bulletin-irr. ablaikhan. kz/index. php/j1/article/view/73/44)

Тағы да бір тарихи маңызы зор шара 2013 жылыдың маусымында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) өткізілген «Халық тарих толқынында» бағдарламасы қарсаңындағы әлемге әйгілі тарихшылардың бас қосуы. Картова З. К. мен Сақтаған Г. Е. айтуынша, Шара барысында дүние жүзі елдеріндегі мұрағат деректерінен алынған ел тарихына қатысты құжаттар жүйелі түрде зерттелді, патриотизм мен адамгершілік қағидалары әрбір өсіп келе жатырған азаматтың санасынан табылу керектігі айтылды. Елбасы бастамасымен осы және өзге де құнды құжаттардың қабылданып жатқандығы халық үшін жарқын болашақ құрып ел игілігін арттырудағы нақты қадам екені мәлім. (http://is. nkzu. kz/publishings/%7B8048672A-1B22-4530-A269-46AD8547C960%7D. pdf#page=106)

Халық арасындағы отансүйгіштік қасиетті дамыту туралы сөз қозғағанда Назарбаевтың «Болашаққа Бағдар: Рухани Жаңғыру» мақаласы туралы айтпай кету мүмкін емес. Рухани жаңғыру - бұл ең бірінші мемлекетіміздің заманауи сипаттағы буынын қалыптастыратын ауқымды проект. Ол Қоғамдық сананы нығайту үшін атқарылу керек істерді айқындап қана қоймай, әрбір отандасымыздың ғасыр талабына сай прагматик, жаңа білімге ашық, бәсекеге қабілетті әрі саналы ұрпақ өсіруге мүмкіндік береді.

Аталмыш еңбектің атауы да, мазмұны да тың идеяларға қанық. Көлемі жағынан кішкене болғанымен, мақалада қоғамымызды жаңарту үшін ауадай қажет жаңа аспектілер қамтылған. Әсіресе «Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында Елбасының ел ертеңі турасында ойларын нақты фактілермен әдемі өрбітілген: бәсекеге қабілетті ел атану үшін біз ұлттық кодымызды, мәдениетімізді сақтап қалуымыз қажет; бұл Қазақстан қоғамын жаңғыртып, ілгері алға жылжуға бөгет болатын ескірген шарттылықтар мен дәстүрлерден арылу дегенді білдіреді. (https://redirect. is/enuc6eh)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы тек Қазақстанның әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына қосылуына ғана емес, сонымен қатар халқымыздың жауапкершілігі жоғары, мықты бір тұтас ұлт болуына тікелей әсер етеді.

3. Еңбектердің қолдану кеңістігін ұлғайтуға бағытталған шараларды бағалап, тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» бөлімінде қазақстандықтар, әсіресе жастарды патриотизмге баулудың қыр-сыры айтылып, мәселе терең талданады. (https://egemen. kz/article/178090-nursultan-nazarbaev-uly-dalanynh-dgeti-qyry)

1991 жылдан бастап Қазақ елінің өткен тарихи мен атаулы оқиғалары талай еңбектерде көрініс тапты. Алайда, халқымыздың өмірі, мәдениеті мен өркениеті жөніндегі әлем елдері архивтерінде жатқан мыңдаған дереккөздер әлі күнге дейін ғылыми айналымға енгебен. Сол себепті, Елбасы тарихтың барлық мерзімінен сыр шертетін шетелдік және отандық мұрағаттарды зерттеу үшін «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасын дайындауымыз керек деп санайды. Атылмыш пректі барысында мәдениет пен тарих танушылардан құрастырылған арнайы топтарды әлемнің ірі архивтермен өзара ұзақ мерзімді әрі жүйелі жұмыс атқаруын қамтамасыз етуіміз керек. Архивтік құжаттарды жай ғана жинап қоймай, ғылыми зерттеушілер мен қарапайым халыққа қолжетімді қылып, оларды цифрландыру қажет.

Сонымен қатар, патриоттық тәрбие беру мен өз тарихына деген мақтанышты ұялатуды мектептерден бастауымыз керек. Ел өткенін санаға сіңіру азаматтар бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастыратыны сөссіз.

Елбасының айтуынша - «біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыздың құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз қажет. Екіншіден, қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ақындар, ұлы ойшылдар және ел билеген тұлғалар бейнесінің галереясы жасалуы тиіс». (https://egemen. kz/article/178090-nursultan-nazarbaev-uly-dalanynh-dgeti-qyry)

1. 2. Жүргізілген сауалнаманы талдау

Берілген зерттеу жұмысында сенімді әрі дәлелді ақпарат алудың негізгі әдісі ретінде сауалнама қолданылды. Сауалнама Google Forms (www. forms. google. com) қосымшасында дайындалып, әлеуметтік желілер мен электрондық пошта арқылы респонденттерге жіберілді. Сауалнама сапалық және сандық көрсеткіштерге негізделген он сұрақтан тұрады және зерттеу міндеттеріне қатысты үш бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім демографиялық сұрақтар, яғни сауалнаманы өтушілердің жас диапазонын, жынысын анықтауға бағытталса, екінші бөлім респонденттердің патриотизм мен елбасы еңбектері туралы жалпы ақпарат жинауды көздейді. Үшінші бөлім Назарбаев еңбектерінің ішкі мазмұны мен үзінділерді қолдана отыра респондеттердің тақырып төңірігіндегі білімі мен проблеманы шешудің жолдарын ойластыруда сыни ойлау дағдыларын талап етеді.

Халық пікірін жинақтап, салыстыруды мақсат тұтқан сауалнамаға қатысқандар саны әр түрлі жастағы және гендердегі адамдарды құрайды. Нақты жауап алу мақсатында сұрақтардың ашық және нақты таңдамалы жауаптары бар сұрақтар түрлері бірге пайдаланылды. Сауалнама бұл зерттеу жұмысында тиімді нәтижелі әдіс, себебі ол респонденттердің уақытын үнемдеп, ойын жинақтап, әр индивидтің субъективті позициясын талдау арқылы объективті әрі марғымды жауап алуға бағытталған.

  1. Сауалнама 34 респондеттің жауабын құрады. Жоғары көрсетілген демографиялық көрсеткіштерге сүйенсек, ерлер мен әйелдер саны жақын (56%, 44%) . Респондеттердің 88 пайызы 15-19 жас аралығында болса, 12 пайызы 20-29 жастағыларды құрайды. Зерттеу жұмысының тақырыбы жастарға қатысты болғандықтан, бұл көрсеткіштер дәл нәтиже алуға көмектеседі.

  1. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (58%) өзін патриот ретінде көрсе, қалған 42% осы сұраққа жауапты анық айта алмады. Бұл алдыңғы сұрақпен байланыстырып қарағанда 15-29 жастағы азаматтардың көп бөлігінде отансүйгіштік қасиеті бар екенін көрсетеді.

  1. Респондеттердің 53% пайызы Елбасы еңбектерінің жастар арасындағы патриотизмді насихаттаудағы маңызын ең жоғары деп бағаласа, 38% 4/5 баға берген. 3 адам бұл сұраққа орташа жауап берген. Н. Ә. Назарбаев тұлғасы мен еңбектері, сауалнамаға қатысқандардың ойынша, негізінен отансүйгіштік (88%) пен адалдыққа (91%) үйретеді. Сонымен қатар, оқырман аталмыш ресурстардан өмір бойы оқу мен құрмет секілді керекті құндылықтарды да бойына сіңіре алады.

  1. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан алынған үзіндімен респондеттердің 50% толықтай келіссе, 13 адам 4/5 деген баға береді. Осы жауаптарға негіздемелер жоғарыда көрсетілген.

  1. Сауалнамаға қатысушылар Елбасы еңбектерінің отансүйгіштікті насихаттаудағы маңызын арттыратын шараларға кең аудиторияға тарату, өзге тілдерге аудару мен медиа кеңістікте жарнамалауды жатқызады. Сонымен қатар, дереккөздерді талдауға арналған ғылыми жұмыстар санын арттыру мен мектеп бағдарламасына еңгізу нұсқаларын да атап өтуге болады. Респондеттердің өз жауабы бойынша жастарды патриотизмге баулу үшін оларға ел тарихын оқытып, айналадығыларды құрметтеуге үйрету секілді шаралар атқарылуы қажет.
1. 3. Зерттеу нәтижесін жариялау

Негізгі зерттеу жұмысы мен Бимаканова мен Ахметина секілді еңбегі сіңген ғалымдардың жұмыстарын анализдеу Елбасы Н. Ә. Назарбаев кітаптары мен мақалаларының жастар арасында жалпы отансүйгіштік деңгейінің артуына септігін тигізетінін көрсетті. Зерттелген әдебиеттер мен ондағы тезистер курстық жұмыс барысында өткізілген сауалнама нәтижелерімен ұштасады. Сауалнаманы талдау барысында Елбасы еңбектерімен жақынырақ танысқан жастардың отансүйгіштік деңгейі жоғары екені дәлелденді (3, 4-сұрақтар) .

Елбасы еңбектерінің жастар арасындағы патриотизмге әсерінің оң және теріс аспектілерін PEST талдау арқылы талдап көрсетуге болады. Бұл әдіс зерттеу мәселесін политикалық, экономикалық, әлеуметтік, және технологиялық факторлар призмасынан қарай отыра тақырыпты ауқымды перспективадан қарастыруға мүмкіндік береді.

«Елбасы еңбектерінің жастарды отансүйгіштікке баулудағы рөлі мен маңызы?» тақырыбында PEST кестесі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ ӘЛЕМІ
«Қазақстан- 2050» стратегиялық мақсатын есепке ала отырып дамыту
«Қазақстан-2050» стратегиясындағы патриоттылық
Патриоттық тәрбиенің мәні
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz