Ауыл шаруашылығына арналған жерлер


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ
Агрономия факультеті
«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы
Өндірістік тәжірибенің есебі
Орындаған: 311 топ студенті Аймағамбетова Г. С.
Жетекші: аға оқытушы Сулейменова З. Ш.
Нұр-Сұлтан 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Мен, Аймағамбетова Гүлнура Сабитқызы өндірістік тәжірибені ҚР АМШ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы Сырдария аудандық филиалында өттім.
Кәсіби іс-сана 18. 05. 2020-17. 07. 2020 аралығында болды.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты - ЖОО - да алған теориялық білімді тәжірибелік тұрғыдан бекіту және кәсіби шеберлікті қалыптастыру. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етудің тиімді әдістерін меңгеру, оның ішінде егістік алқабының көлеміне, құрылымына сәйкес зиянды ағзалардың таралуының алдын алуға және жоюға арналған іс-шараларды ұйымдастыруды үйрену.
Тәжірибеде зерттелетін негізгі нысандар-тәжірибе өткен аймақта өсірілетін дақылдар; зиянкестер, олардың жыртқыштары мен паразиттері; ауру қоздырғыштар мен олардың антагонистері; сортаң өсімдіктер; пестицид-жадығаттары.
Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері:
-ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық операцияларының орындалуын іс жүзінде көріп, оларға қатысу;
-өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша жүргізілетін іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыруды үйрену;
-мониторингтік жұмыстар мен ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру;
-ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері түрлерінің коллекциялық жадығаттарын, арамшөптер гербарийін және зақымдалған өсімдіктер топтамаларын жинақтау.
1 ТАРАУ Өндірістік тәжірибе өту орны
1. 1 Орналасу орны, ведомстволық иелік
- Сырдария ауданының географиялық орналасуы мен климаты
Сырдария ауданы азиялық шөлдер белдеуінде Сырдария өзенінің төменгі ағысын бойлай, облыс орталығынан 47 км шақырымда орналасқан. Батысында Жалағаш ауданы, шығысын Қызылорда қаласы, оңтүстігінде Қызылқұм шөлінінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде Арысқұм және Құмкөл шөлейт үстіртінің шетін қамтиды. Сырдария ауданы 1928 жылы құрылған. Халық саны - 39, 8 мың адам.
Аудан орталығы-Тереңөзек кенті . Оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай аудан аумағын Сырдария өзені кесіп өтеді (Орта Азиядағы көлемі жөнінен екінші өзен) . Өзен бойын қуалай темір жол орналасқан. Тереңөзек кенті мен ірі елді мекендер өзенге жақын жерлерге орналасқан. Суармалы егістіктің негізгі су көзі Сырдария өзені болып табылады.
Ауданда ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын 381 шауашылық құрылымдары, оның ішінде -17 ЖШС, 350 шаруа қожалықтары, 14-қосалқы шаруашылығы. Елді мекендерде әлеуметтік мәселелермен айналысатын 17 СТК бар.
Сырдария ауданының климаты-континенталды. Аудан климатының басты ерекшеліктерінің бірі-құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.
Сырдария ауданының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3, 1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.
- Тәжірибені өту орнының құрылымы және бағыты
Филиал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 89 қаулысына сәйкес, «Республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің 2007 жылғы 8 ақпандағы №12 бұйрығымен Қызылорда облысы Сырдаря ауданында құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 205 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркеуден өтті.
- Республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы
Республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы өсімдіктерге зиянды және ерекеше қауіпті зиянды организмдердің таралуы мен дамуына мониторинг жасау және карантинді объектілердің ошақтарын, таралу шекараларын айқындау болып табылады. Осы мақсатта филиал төмендегі қызмет түрлерін атқарады:
Сырдария ауданында өсірілетін дақылдарға және аймақтың климаттық жағдайларына қарай шаруашылықтарда өсімдіктердің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдермен зақымдалу диагностикасын жүргізуді ұйымдастырады;
Жаппай және таңдаулы тексерулер жүргізіп, карантиндік объектілердің ошақтарын және таралу шекараларын анықтайды;
Қызмет көрсететін аумақтағы зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралуын, зиян келтіру деңгейін айқындайды, оларға қарсы жүргізілетін күрес мерзімдерін, әдістері мен көлемдерін анықтап, ауыл шаруашылығы ұйымдарына хабар береді;
Зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдердің және карантиндік объектілердің, сондай-ақ пайдалы энтомофаунаның түрлік және сапалық құрамын есепке алады, олардың таралу карталарын дайындайды, деректер қорын жинақтайды, ұсыныстар мен нұсқауларды әзірлеуге қатысады;
Карантиндік объектілерге қарсы күрестің басталуы мен аяқталуының мерзімдері туралы заңды және жеке тұлғаларға хабарлайды;
Қызмет көрсететін аумақта фитосанитарлық іс-шаралар жүгізудің тиімділігін, өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шаралардың биологиялық және экономикалық тиімділігін айқындайды;
Тұрақты бақылау мен есепке алуды қажет ететін зиянды организмдердің тізімі жөнінде, сондай-ақ күрес шаралары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын ерекше қауіпті зиянды организмдердің тізімі жөнінде ұсыныс енгізеді;
Зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдердің және карантинды объектілердің таралуының жылдық шолуын және олардың шығуы мен дамуының болжамын (қысқа, орташа, ұзақ мерзімді) дайындайды;
Зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін күрес мерзімдерін, әдістері мен көлемдерін айқындайды.
Мекеме оптикалық приборлармен, арнайы аппаратуралармен, лабораториялық ыдыстармен жақсы жабдықталған. Филиалда автобиль Ваз 21214 «Нива».
Филиалдың электрондық почтасы: sirdaria_prognoz@mail. ru .
- Жерді пайдалану
Сырдария ауданының әкімшілік территориясындағы негізгі жер көлемі 2904533 га. Ауданның жалпы жер көлемінің 59%-ы (1718764 га) ауыл шаруашылығы саласында қолданылады. Оның ішінде, негізгі шаруашылық бағыты мал шаруашылығы болып табылады, екінші орында - өсімдік шаруашылығы. (кесте 3) .
Кесте 3 - Сырдария ауданындағы ауылшаруашылық жер көлемінің пайдаланылуы (жерді мемлекеттік есепке алу орнының мәліметі бойынша)
Астық дақылдарынан күріш, күздік бидай, жаздық бидай, техникалық дақылдардан мақсары, сонымен қатар жоңышқа дақылы өсіріледі (сурет 1) .
Бидай дақылы егістігі
Жоңышқа дақылы егістігі
Жайылымға арналған жер
Сүрі жер Шабындық
Күріш егістігі
Сурет 1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер. (автордың фотосы)
Аймақта ең көп себілетін дақыл-күріш, оның егістік көлемі барлық егістік жердің 67% құрайды(кесте 4) .
Кесте 4 - Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі
Астық дақылдар
Соның ішінде:
Майлы және техникалық дақылдар
Соның ішінде:
- Шаруашылықтың техникамен қамтамасыз етілуі
Сырдария ауданында 350 жеке шаруашылық бар. Солардың бірі Шаған ауылында орналасқан «Шаған-Жер» шаруа қожалығындағы техникалар түрлерімен таныстым (кесте 5) .
Кесте 5 - 2019ж. «Шаған-Жер» шаруа қожалығының техника түрлері және олармен қамтамсыздандырылуы
12 (МТЗ-1221. 2)
2 (МТЗ-80. 1)
5 («К-700»)
2 (Т-150)
5 (БЗТ-1)
2 (БДН 1, 8-2, 8)
Шаруашылық әр түрлі топырақ өңдейтін, тыңайтқыш себетін, тұқым дәрілейтін, себетін, жинайтын, тасымалдайтын техникалармен қамтамасыз етілген (сурет 2) .
Сурет 2. «Шаған-Жер» шаруашылығындағы техникалар (автордың фотосы)
- Өсімдік қорғау және карантиннің материалдық-техникалық базасы
1. 3. 1 Техникалар сипаттамасы: бүріккіштер, дәрілеу машиналары
Себілетін (отырғызылатын) материалды ішкі және сыртқы өсімдік ауруларынан, егістікке себілген тұқымды және көктеп шыққан өскінді топырақ зиянкестері мен ауру таратушы микроорганизмдерден қорғау үшін химикалық зарарсыздандыру жүргізіледі. Жүйелі тұқым дәрілеу кезінде бірқатар зиянкестер мен ауру қоздырғыштары жойылады. Тұқым дәрілеу сонымен қатар тұқымның өнгіштігін, көктеп шығуын тездетеді. Тұқымды дәрілеудің құрғақ, жартылай құрғақ, сулы, ылғалды түрлері бар. Ұнтақ түріндегі пестицидтерді қолдану-құрғақ дәрілеу. Жартылай құрғақ тұқым дәрілеуде тұқым пестицидтің судағы ерітіндісімен өңделеді (1 т тұқымға 20 - 30 л дәрі бүркіп, дәрі бойына сіңгенше бетін жауып қояды) . Ал ұнтақтың сулы ерітіндісін бүркіп, бұқтырғаннан кейін кептіруді сулы дәрілеу дейміз. Тұқымдық дәнді тек сұйық дәрілермен өңдеу-ылғалды дәрілеу. Сырдария ауданындағы көптеген шаруа қожалықтарда ПС-10А машинасы қолданылады. Өнімділігі 22т/сағ, сыйымдылығы 200 л, жұмыс сұйығын беру 0, 5-3, 5 л/мин (сурет 3) .
![]()
![]()
ОПШ-2000-18 ПС-10А
Сурет 3. Бүріккіш пен дәрілеу машинасы (автордың фотосы)
Сонымен қатар, өсімдіктерді химиялық қорғауда ОПШ-2000-18 бүріккіші қоланады. Базалық модель: шасси, деңгей өлшегіші бар бактан, диафрагмалық сорғыдан, штангадан, кардан берілісінен, тиісті сүзгілері бар сору және арынды коммуникациялардан, бақылау-реттеу арматурасынан, қол немесе қашықтан басқару пультінен тұрады. Өңдеудің жұмыс ені, м 18; 21, 6. Сыйымдылығы 2400 л. Жұмыс сұйықтығының шығыны пестицидтермен өңдеу кезінде, 75-300 л/га; сұйық минералды тыңайтқыштар енгізген кезде, 200-400 кг/га
1. 3. 2 Фитосанитарлық және карантиндік іс-шараларды орындау барысында өндірістік процестердің кескіні
Фитосанитарлық және карантиндік іс-шараларды орындауға арналған жоспар бойынша зиянды және ерекше қауіпті зиянды ағзаларға, карантиндік нысандарға есепке алу мен бақылау жұмыстары жүргізілді. Сырдария ауданы бойынша 452178 га жер тексерілді, 43734 га жерде зиянды организмдердің таралғаны анықталды. Оның ішінде 36458 га-да организмдердің ЭЗШ-нен асқан.
- Шаруашылықта қолданылатын пестицидтердің түр құрамы, оларды сақтау, сақтау қоймаларының жағдайы
«Шаған-Жер» шаруашылығында пестицидтер дақылдың және зиянды ағзалардың түрлеріне, зиян келтіру ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Көбінесе шаруашылықта ішек әсерлі пестицидтер қолданылады.
Пестицидтерді сақтау экологиялық қауіпсіздік, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына жауап беретін арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылады. Пестицидтерді сақтау кезінде және жарылыс қауіптілігі, реакциялық белсенділігі, температуралық сақтау режимі бойынша үйлеспейтін препараттарды бөлек сақтау үшін жағдай жасауды қоса алғанда, ыдыстың затбелгі жапсырмасында, нақты пестицидтерді қолдану жөніндегі ұсынымдарда, олардың жіктеме шифрларында көзделген талаптардайды. Шаруашылықта төгілген жағдайда пестицидтерді бейтараптандыру үшін қойма үй-жайлары сақтаулы пестицидтердің ыдыстың затбелгі жапсырмасында көрсетілген дезактивациялау құралдарымен қажетті мөлшерде қамтамасыз етіледі. Халықтың тұру жағдайына қолайсыз әсер етудің алдын алу және болдырмау мақсатында қойма үй-жайларының аумақтарында және санитарлық-қорғаныс аймақтары шегінде талдау және аспаптық бақылау әдістерін пайдалана отырып тұрақты бақылау жүзеге асырылады. Пестицидтерді тасымалдау көлік саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензиямен жүзеге асырады.
- Топырақ сипаттамасы
Сырдария ауданының орталығында сұр, сортаңды сұр, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Топырақ қоректік элементтермен қамтамамыздандырылған (кесте 6) .
Кесте 6 - Топырақтың негізгі қоректік элементтерімен агрохимиялық сипаты
1. 5 Метеорологиялық жағдайлар
Дақылдардың өсіп-даму кезеңінде ылғалмен қамтамасыз етілуін бағалауға жауын-шашын мөлшерінің жылдық кезеңдері мен айлары бойынша көпжылдық орташа көрсеткіштер мүмкіндік береді(кесте 7) .
Кесте 7 - 2020 жж. түскен жауын-шашынның мөлшерін көпжылдық орташа көрсеткіштермен салыстыру (мм) (метеостанциялар мәліметі бойынша)
2020 жылы түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық жауын-шашын мөлшерінен аса көп ауытқымады.
Ауыл шаруашылық дақылдарының дамуы барысында оң температуралар жиынтығы маңызды рөл атқарады. 2019 ж. оң температуралар жиынтығы көптеген астық дақылдарының өнім мөлшеріне жақсы әсер етті (кесте 8) .
Кесте 8. Ауаның 0°, +5°, +10°, +15°С жоғарғы орташа тәуліктік температурасының жиынтығы
Кесте 9 - 2020 жылғы ауаның орташа тәуліктік, ең төменгі және ең жоғарғы температураларын орташа көпжылдық көрсеткіштермен салыстыру (метеостанциялар мәліметі бойынша)
Есепті жылдың ауа-райының басқа жылдарға қарағанда айырмашылығы, көктемнің созылыңқы болуы, жаздың ыстық болуы.
2 ТАРАУ Аймақтық егіншілік жүйесі және дақылдарды өсіру технологиясының сипаты
2. 1 Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz