Рабғұзидің Адам ата - Хауа ана қиссасындағы ономастикалық атаулар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Дүйсен Гульзада Еламанқызы

РАБҒУЗИДІҢ «АДАМ АТА -ХАУА АНА» (ХІV ғ. ) ҚИССАСЫНДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК:ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

7М02216 -«Түркітану» мамандығы

бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі

дәрежесін алуға магистрлік диссертация

(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Алматы қ., 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Магистрлік диссертация

РАБҒУЗИДІҢ «АДАМ АТА -ХАУА АНА» (ХІV ғ. ) ҚИССАСЫНДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК: ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

мамандық: 7М02216 - «Tүркітану»

Орындаған: Дүйсен Г. Е.

Ғылыми жетекші: филол. ғ. докторы, доцент Сүйерқұл Б. М.

Қорғауға жіберілді:

Хаттама № , «» 20 ж.

Кафедра меңгерушісі,

филол. ғ. докторы, профессор Авакова Р. А.

Нормобақылау (Т. А. Ж. )

(қолы)

Алматы қ., 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . 3

1. ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР . . .

1. 1 Ономастика саласындағы түркітанушы ғалымдардың зерттеулеріне шолу . . .

1. 2 Салыстырмалы тарихи аспект қазақ түрік тілдері негізінде . . .

2. РАБҒҰЗИДІҢ «АДАМ АТА-ХАУА АНА» ҚИССАСЫНДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР КЕШЕНІ . . .

2. 2 Рабғузидің «Адам ата мен Хауа ана» қиссасындағы ономастикалық атаулардың лексика-семантикалық құрамы . . .

2. 3 Рабғузидің «Адам ата мен Хауа ана» қиссасындағы ономастикалық атаулардың қолданыс аясы . . .

3. ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. . . .

3. 1 Қисса ономастикасындағы жалқы есімдердің прецеденттілік сипаты . . .

3. 2 Қисса ономастикасындағы атаулардың этно-мәдени мазмұны . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Рабғузидің «Адам ата-Хауа ана» (ХІV ғ. ) қиссасындағы ономастикалық кеңістік, қиссада кездесетін ономастикалық атаулардың этнолингвистикалық сипаты қарастырылды. Қиссадағы ономастикалық атаулардың мифтік шығарма түзуші қызметін анықтауда автордың ойы және қиссадағы ақпаратты жеткізу мақсатында ономастикалық атауларды қолдануда автордың құқығы басты назарда ұсталды. Қиссадағы ономастикалық атауларды мағыналық топтарға бөліп, қазіргі қазақ және түрік тілдерінде өзара салыстыра отырып этимологиялық-семантикалық талдау жұмыстары жүргізілді. Қиссада ұсынылған ономастикалық атаулардың қызметін анықтау, олардың автордың шығарма идеясын жеткізудегі мәнін ашу үшін ономастика саласындағы түркітанушы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сүйене отырып қиссадағы тілдік семантикалық құралдар арқылы қатталған мәдени ақпаратты ашуға ұмтылыс жасалды.

Қиссадағы жалқы есімдердің мазмұнында этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы, жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық сананың терең қатпаларында жасырынып жатқан мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді. Орта ғасыр жазба ескерткіші тілінің ономастикалық кеңістігінің консервативті қабатын талдау бүкіл түркі тіл біліміне пайдалы. Қиссада кездесетін антропонимиялық және топонимикалық терминологияны, фитонимдік және теонимдік лексиканы, сан есімдерің т. б түркі тілдері, атап айтқанда қазақ және түрік тілдері арасында өзара салыстыру оларда ұқсас процестердің бар екенін растайды. Түркі тілдерінің ономастикалық жүйесінде мұндай салыстырмалы зерттеу алғаш рет жүргізілуде.

Бұрын-соңды мүлдем кездестірмеген таңғажайып сырларды, тылсым құпияларды оқып білуге, тілдің қыр-сырын түсінуге деген талпыныстар кейінгі дәуірлерде де жалғасын табар деп үміттенеміз. Себебі, ортағасыр ойшылдарының тіл философиясы, экзистенциалдық түсініктерін, концептілерін қандай екенін анықтау кейінгі ұрпақ үшін маңызды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ және түрік халықтарының қазіргі қалыптағы ономастикалық кеңістігіндегі атаулар жүйесі - әр тарихи кезеңде өмір сүрген халықтар мен ұлыстардың сан ғасырлар бойғы ұжымдық ой-санасының жемісі, ортақ мәдени, рухани туындысы. Кез-келген атаудың артында үлкен фондық білім жасырын тұр және бұл тарихи, этнографиялық деректер ономастиканың казіргі қалпын анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан, оларды зерттеу қазіргі таңда өз өзектілігін жойған жоқ.

Қазіргі тіл білімінде қисса тілін, әсіресе оның ономастикасын зерттеудің өзектілігі артып келеді. Қиссадағы тілдік фактілерді зерттеудің ономасиологиялық сипаты түркітануда жаңа бағыт болып табылады. Қисса тілін, оның ішінде ономастикасын зерттеу қажеттілігі тілде жоғалған архаизмдердің ескерткіште сақталуымен, кейіннен прототілдік жүйені тұтастай қайта құруға алғышарттар жасауымен айқындалады. Ортағасырда жазылған Рабғузидің «Адам ата-Хауа ана» (ХІV ғ. ) қиссасында кездесетін ономастикалық атаулар сол кездегі тілдік ұжымның тарихын, этногенезін, өмір шындығын мен тұрмыс болмысын, тәжірбиесін, салт-дәстүрін, наным-сенімін, шаруашылық мәдениеті мен дүниетанымын айғақтайды. Бұл прозалық қиссада түркілердің тілі мен тарихы, мәдени құндылықтары, діни және өзіндік көзқарастары автордың танымы арқылы берілген. Қиссаның онимдер жүйесі лингвомәдени ақпараттар тасымалдаушы тілдік бірліктер ретінде түркілік дүниетаныммен байланысты. Рабғузидің «Адам ата-Хауа ана» қиссасындағы ономастикалық кеңістікке этнолингвистикалық сипат тән. Сондықтан түркі тіл біліміндегі қиссаның ономастикасын қазіргі таңда жаңа қырынан зерттеу тіл дамуындағы жаңа пікірлердің пайда болуына ықпал ететіні, лингвомәдени бірлік ретіндегі ерекшеліктерін анықтау жаңа көзқарастардың туындауына себеп болатыны белгілі.

Рабғузидің «Адам ата-Хауа ана» қиссасының ономастикалық кеңістігін қалыптастыру, онимдік атаулардың лингвомәдени сипатын қазіргі қазақ және түрік тілдерінде өзара салыстыра отырып айқындау жұмыстың басты мақсаты болмақ. Ономастикалық атаулардың лингвомәдени мазмұны мен концептілік құрылым ерекшеліктерін анықтауда этнолингвистикалық тұрғыдан талдау жүргізу міндеті зерттеудің бағытын айқындайды.

Зерттеу барысында алынған теориялық талдаулар мен нәтижелер этнолингвистика саласында өзіндік қолданысын табады және этнолингвистиканың теориялық мәселелерін шешуде, принциптерін айқындауда өз деңгейінде үлес қосады.

Осы зерттеу жұмысымызды зерделеу барысында, біріншіден, қиссада онимдердің қолданылу аясының кеңдігін байқасақ, екіншіден, ономастикалық атаулар сол ортаға қатысты кез келген ұғымды білдіруге дайын тілдік таңба екендігін аңғардық. Қиссада берілген ономастикалық атаулардың басым көпшілігі әлі де қолданыста екендігін ғылыми дәйектемелермен дәлелдеу жұмыстың өзектілігін арттыра түседі.

Қиссадағы кейіпкерлерді сипаттау арқылы оқиғалар көрінісін және идеялық мазмұнын бейнелеу, ондағы ономастикалық атауларды жүйелі түрде этнолингвистикалық аспектіде зерттеу автордың ойын және шығарма жанрының ерекшелігі мен сипатын анықтауға, ертедегі архетиптік түсініктер жүйесін айқындауға, түркология мамандарының көптеген тілдік фактілір мен байланыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының нысаны. Рабғұзидің «Адам ата-Хауа ана» қиссасындағы ономастикалық атаулар.

Зерттеу пәні. Рабғузидің “Адам ата-Хауа ана” қиссасында ұсынылған ономастикалық атаулардың этнолингвистикалық сипаты.

Зерттеу жұмысының дереккөзі. Рабғузидің «Адам ата-Хауа ана» (ХІV ғ. ) қиссасы және 1997 жылы Алматыдағы «Ғылым» баспасынан шыққан профессор Б. Сағындықұлының «Ғаламның ғажайып сырлары» атты кітабында берілген Рабғұзидің «Адам ата - Хауа ана» қиссасының аудармасы.

Зерттеу әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты диахронды-синхронды сипаттама, тұжырымдау, саралау, түсіндіру, түйіндеу әдістерімен қатар этнолингвистикалық және салыстырмалы-лингвистикалық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының әдістанымдық негізі. Рабғузидің «Адам ата - Хауа ана» қиссасының ономастикалық кеңістігін қалыптастыру және ономастикалық атауларды этнолингвистикалық аспектіде қарастыру барысында орыс В. А. Маслова, Е. С. Кубрякова, А. Бабушкин т. б. және қазақ тіл біліміндегі ономастика мен когнитивтік лингвистиканың теориялық тұжырымдарын жүйелеген І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, А. Әбдірахманов, Е. Жанпейісов, Р. Сыздық, Н. Уәли, Е. Керімбаев, Ж. Манкеева, Қ. Рысберген, Б. Тілеубердиев, Г. Б. Мадиеваның т. б. теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Түркі ономастикасын зерттеуші ғалымдар В. У. Махпировтың түркі есімдері жайлы ғылыми еңбектері «Имена собственные в «Дивани лугат-ат турк» Махмуда Кашгарского» және Древнетюркская ономастика (Имена собственные в «Дивану лугат-ит турк» Махмуда Кашгарского), «Имена далеких предков», Ғ. Айдаров «Күлтегін ескерткіші» ғалымдардың зерттеу еңбектері жан-жақты қарастрылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ономастика саласындағы түркітанушы ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасай отырып Рабғузидің «Адам ата-Хауа ана» қиссасыдағы ономастикалық кеңістікті анықтау, ономастикалық атаулардың лексика-семантикалық түрлерін, қисса ішіндегі қызметін, прецедентті есімдердің қолданысын анықтау, олардың автордың шығарма идеясын жеткізудегі мәнін ашу, қиссадағы ономастикалық атаулардың этнолингвистикалық ерекшеліктерін қазіргі қазақ және түрік тілдерінде өзара салыстыра отырып айқындау мақсатында мынадай міндеттер қойылды:

- ономастика саласындағы түркітанушы ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасау;

- Рабғузидің «Адам ата мен Хауа ана» қиссасында кездесетін онимдердің қазіргі қазақ және түрік тілдеріндегі қолданысын анықтау;

- қиссасдағы ономастикалық атаулардың лексика-семантикалық құрамын анықтау;

- қиссасдағы ономастикалық өрістер - антропонимдер, топонимдер, зооним, фитоним және өзге онимдердің қолданыс аясымен мәдени-ақпараттық мазмұнын анықтау;

- Рабғузи қолданысындағы ономастикалық атаулардың мифтік шығарма түзуші және ақпараттық қызметін айқындау арқылы автордың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі анықтау;

- қиссадағы прецедентті есімдердің табиғатын және қисса ішіндегі қызметін ашу;

- ономастикалық бірліктердің шығармадағы рухани тағылымына ғылыми тұжырымдар жасау;

- қиссадағы ономастикалық атаулар кешенінің этнолингвистикалық, символдық ерекшеліктерінің лингвомәдени мазмұнын сипаттау.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Рабғузидің «Адам ата-Хауа ана» (ХІV ғ. ) қиссасындағы ономастикалық атаулардың тілдік табиғатын тану этнолингвистикамен ұштастырылып, ономастикалық жүйеде алатын орны, теориялық - практикалық маңызы анықталды. Зерттеу барысында қол жеткен табыстар мен нәтижелер этникалык дүниетанымды тіл арқылы тануга арналған дәрістерде теориялық базасын кеңейтуге, жетілдіре түсуге белгілі дәрежеде ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары түркітану бағдарындағы арнаулы пәндердің: «Түркі халықтарының әдебиеті», «Түркі әдебиетінің тарихы», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Түркітануға кіріспе» арнайы курстарында оқу кұралдары мен оқу-әдістемелік кешендер даярлауда қолдануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы этностың дүниетанымы мен болмысы, мәдениеті аясында түркі тіл білімінде арнайы зерттеліп отыр. Қиссаның ономастикалық кеңістігіндегі әлеуметтік, психологиялық, тарихи, мәдениеттану және этнографиялық деректерді ескере отырып, қиссадағы ономастикалық атаулардың этнолингвистикалық ерекшеліктері қазіргі қазақ және түрік тілдерінде өзара салыстыра отырып қарастырылды. Қиссадағы ономастикалық атаулардың мифтік шығарма түзуші және ақпараттық қызметін айқындау арқылы автордың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі анықталды. Онимдердің этнолингвистикалық ерекшеліктерінің мазмұнын сипаттау үшін осы атаулармен байланысты қазақ және түрік тілдерінде туындаған лексикалық және фразеологиялық, паремиологиялық бірліктерге лингвистикалық ревизия жасалды. Қазіргі қазақ және түрік тілдерінің тілдік бірліктеріндегі этномәдени мазмұндағы ақпараттар мифтік-діни дүниетаныммен байланысты тілдік фактор ретінде алғаш рет арнайы зерттелді. Қиссаның ономастикалық кеңістігінде әртүрлі қызмет атқару үшін қолданылған прецеденттi есімдер мен сан атауларының шығу тегi аясына қарай әртүрлі болып келетіні мысалдар негізінде дәйектелді және этимологиялық-семантикалық талдау жасалды. Діни идеологиялық мақсатта санаға ықпал ету үшін прецедентті есімдерді белсенді түрде қолдану - автордың оқырманмен ұжымдық тығыз қарым-қатынас жасауға талпынуымен байланысты екені айқындалды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар . Диссертациялық зерттеу жұмысы төмендегідей ғылыми тұжырымдарды ұсынады:

- Рабғузидің «Адам ата мен Хауа ана» қиссасындағы діни-исламдық көзқарастар түркі мәдениетіндегі суфизм бағдарын айқындайды;

- қисса ономастикасында кездесетін атаулармен байланысты қазіргі қазақ және түрік тілдерінде туындаған лексика-фразеологиялық бірліктер, мақал -мәтелдер ортағасырдағы ғаламның тілдік бейнесі мен ұлттық ономастикалық бейнесін сипаттайды.

- қиссадағы ономастикалық атаулардың семантикасы - автордың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы автордың менталдық танымына байланысты қалыптасады,

- қиссада мұсылман қауымға сол кездің өзінде кеңінен таралған ислам дінін уағыздаған шайық eciмдері, шығарма кейіпкерлерінің есімі, халиф, пайғамбарлар, олардың жакындарының ныспылары, әулиелер мен сахабалар, періштелер, олардың лақап, туынды аттары кездеседі. Бұл, сол кездің өзінде жалқы есімдердің кеңінен таралғанынан ақпарат береді;

- қисса ономастикасында кездесетін атауларды ерекше ақпаратқа ие мәдени код деп есептеуге болады және ол атаулардың лингвомәдени, семантикалық т. б. қызметтерінен байқалады; біріншіден, қиссадағы мифтік, діни, тарихи антропонимдерінің басым көпшілігі адам атынан бастап, рухани танымдық мазмұнды прецеденттік есімдер мен этнонимдерге дейін теологиялық сипатта; екіншіден, қиссадағы прецедентті ecімге айналған жалқы есімдер сол кездің өзінде ыкпал етуші синергетикасы зор бірлік ретінде қалыптасқан;

- қиссадағы ономастикалық атаулар кешені этномәдени ақпаратқа бай мифтік-діни дүниетаныммен байланысты тілдік фактор ретінде қарастырылады және олардың мазмұнында этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді;

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Жұмыстын негізгl тұжырымдары мен нәтижелері Якут әдебиетінің классигі, ағартушы, фольклортанушы Николай Денисович Неустроевтың 125 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2020) баяндалып, мақала түрінде РИНЦ шетелдік рейтингтік басылым базасында көрініс тапты. «Ұлы ақын Юнус Әмренің түркі әлеміндегі орны» (Алматы, 2021 және «Тәуелсіз Қазақстан әлемдік ғылыми зерттеулер кеңістігінде» (Алматы, 2021) атты отандық және халықаралық конференцияларда баяндалды, республикалык басылымдарда мақала түрінде жарык көрді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыпты зерттеудің өзектілігі негізделіп, мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны, пәні айқындалды және ғылыми жаңалықтары мен нәтижелері, зерттеу әдіс-тәсілдері, теориялық және практикалық құндылығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар баяндалды.

Келесі тарау - «Ономастикалық кеңістіктегі жалқы есімдер» деп аталады. Тіл білімінің ономастика саласы бойынша зерттеулер саны өсіп келеді, антропоним, топоним, этноним, космоним, ороним, гидроним, этнонимдер түрлері бұрыннан зерттеу нысанына айналып келсе, қазіргі кезде агионим, деманоним, хрематонимдер, эроним прагматоним, ойконим, идеоним, библионим сияқты түрлері де кеңінен зерттелуде. Қазіргі кезде шығарма ішіндегі, оқиғаның ұйтқысына айналған онимдер де қызу зерттелу үстінде. Өйткені ономастикалық атаулар шығармалардағы өткен оқиғалар мен оның нақты себептері туралы құнды деректер береді. Әсіресе шығармаларда қолданылған атаулардан сол кезеңдегі тілдік ұжымның дүниетанымы мен болмысына тән тілдік, тілдік емес ақпараттарды алуға болады. Әр атау өзіне қатысты ақпараттық блоктар мен этимологиялық мәнге, функционалдық-стилистикалық ерекшеліктерге ие болып табылады. Сондықтан осы атаулар бұрыннан зерттеушілердің зор қызығушылығын тудырып отырған, өйткені тілдегі рөлі, өзіндік құрылымы, сөйленістегі ерекше қызметіне қарай ономастикалық атаулар тілдің басқа да лексикалық категорияларынан ерекшеленеді.

Тіл бiлiмiнде жеке адам, дүниедегі жеке дара заттар мен құбылыс атауын жалкы есім деп танысак, ал жалқы есiмдердi зерттейтін саланы ономастика деп білеміз. Яғни, ономастика - тіл білімінің кез келген жалқы есімін зерттейтін ілім. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «оnomа» есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. (ICOS; Подольская 1978: 95; Шахин, 2018: 11-12) . Тіл білімі сөздігінде «ономастикалық кеңістік» ұғымына «нақты бір тарихи кезеңде бір мекенде орналасқан тілдік қауымдастықтың ақиқат жəне қиял-ғажайып нысандарды атауы үшін қолданатын барлық жалқы есімдердің жиынтығы /кешені/» деген анықтама берілген [1] Подольская Н. В. Словарь русской ономастической терминологии. - М. : АН СССР, 1988. - 192 с.

Бүгінде жалкы есімдер жиынтығы «онимия» ретінде белгiлi болып, онимдерді атау үшін жұмсалса, жеке ел, аймақ немесе мәтiндегi жалқы есімдер «ономастикон» деп аталып отыр. Нақты бір тарихи кезеңде бір территорияда орналасқан тілдік қауымдастықтың атаулар жиынтығын ономастикалық кеңістік деп атайды. Кез келген тілдің ономастикалық кеңістігін құраушы жалқы есімдер, ең алдымен, лексикалық қордың негізгі бөлігін алып отырған тілдік бірліктер болып табылады. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу сыры бар. Жалқы есімдерді жасауда қолданатын тілдік құралдар жүйесі, олардың құрылымы, семантикалык және сезжасамдык модельдері, жалқы есімдердің ерекшеліктерін, тілдегі аткаратын кызметiн саралау ономастиканын нысаны болып табылады.

Бұл тақырыптарда ғалымдар біршама зерттеулер жүргізді. Тіл білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша ономаст ғалымдар жалқы есімдер тобын өз ішінде бірнеше салаға бөледі:

1. «Анемоним (жел атауы)

2. Антропоним (адам атауы)

3. Астроним (жұлдыз атауы)

4. Ойконим (елді мекендердің атауы)

5. Океаноним (мұхит атауы)

6. Лимоним (көл, көлшік атауы)

7. Гелоним (саз, батпақ атауы)

8. Пелагоним (теңіз атауы)

9. Потомоним (өзен атауы )

10. Пегоним (бұлақ атауы)

11. Комоним (ауыл атауы)

11. Агроним. (жер бөлімшелерiнiң атауы)

12. Спелеоним (жер асты қабатының нысандары)

13. Эргоним (ұйым атауы)

14. Дромоним (байланыс жолдар атауы)

15. Этноним (ру, ел, халық атауы)

16. Фитоним (өсімдік атауы)

17. Хрематоним (мәдени мұралардың атауы)

18. Хрононим (уақыт атауы)

19. Космоним (ғарыш атауы, галактика және жұлдыздар тобының атауы)

20. Мифоним (мифтік кейіпкерлер атауы)

21. Порейоним (аспап атауы)

22. Прагматоним (өнім атауы)

23. Планетоним (галактика атауы)

24. Топоним (жер, су, қала атауы)

25. Урбаноним (қала атауы)

26. Зооним (хайуан атауы)

27. «Х/ороним - Ороним (таулардың атауы)

28. Гидроним (теңіз, өзен, су, көл атауы)

29. Агионим (әулиелердің лақап, туынды атауы)

30. Теоним (Құдай атауы) [1, 12] . 1 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т. Жанұзақов. -Алматы: Дайк-Пресс, 2008, - 968 б.

Жалқы есімдерінің жасалу, пайда болу, шығу тарихында төтенше орын алатын маңызды мәселенің бірі - тарихи-мәдени жағдаяттар. Халық тарихындағы бұл елеулі оқиғалар, біріншіден, атап айтқанда, түрлі қоғамдық құрылыстағы әртүрлі діни ағымға байланысты болса, екіншіден, көрші елдермен жасаған алуан түрлі мәдени қарым-қатынас, достық байланыстармен ұштасып жатады. Әдетте, бұл тарихи-мәдени байланыстардың тіліміздегі есімдер құрамының молая түсуіне, лексика-мағыналық және функциялық мәнінің жетіле беруіне зор ықпал жасағаны аян. Халқымыздың мәдени-тарихи дамуында айрықша орын алатын орта ғасырларда жарық көрген туындылар ғылымда да біршама зерттеулерге нысан болған. Бұл жерде көрнекті түркітанушылар Ә. Нәджіп, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Б. Сағындықұлы, Ә. Керімов, Т. Арынов, Ә. Ибатов, Ә. Құрышжанов, Б. Әбілқасымов, М. Оразовтардың зерттеулері тіл мен әдебиет тарихында маңызды орын алады.

Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т. б. ) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Н. Катанов, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Қ. Жұбанов, І. К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, Ә. Абдрахманов, Е. Жанпейісов, Қ. Рысбергенова, Г. Мадиева, А. Жартыбаев т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті.

Әр мәдениетке, дәуірге, аймаққа жататын адамдардың ономастикалық кеңістігі әр түрлі болады. Жалқы есімдер тарихы қалыптасқан кезіндегі қоғамның идеологиясымен, мәдениетімен, даму тарихымен тығыз байланысты. В. А. Никонов атап өткендей: «Антропонимиканың, сол сияқты бүкіл ономастиканың ең бірінші заңы - тарих» [89, 7] .

Көп жағдайда жалқы есімдер қалыптасқан дәуірдің, сол уақыттың жемісі болып саналады. Сонымен қатар әр халықтың ономастикасы бірдей болмайды, ол әртүрлі хронологиялық кезең мен әртүрлі тарихи оқиғалардың ықпалымен қалыптасады. Проф. Ж. Манкеева: «Тіл халықтың материалдық қана емес, рухани байлығының көрсеткіші, тіл - халықтың рухы. Ия, бір заттың атауы - ұлттық сана мен ұлттық талғам сабақтастығының нәтижесінде пайда болып қалыптасатын туындының тілдік бейнесі. Демек, тілдік атау белгілі бір затты ғана білдіріп қоймай, ұлттың өзіне тән дүниетанымдық ерекшелігіне сай туындаған тұрмыстық бұйымды атайды» деп жазады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рабғузидың «Қисас-ул Әнбия» дастанының әдеби сипаты
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Қазақ ономапоэтикасы: сатиралық-юморлық кейіпкер аттары
Тіл, рух туралы түсініктеме
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы ономастикалық атаулар
Көшпенділер тарихи трилогиясындағы жалқы есімдердің ағылшын тіліндегі аудармасында берулі жолдарына талдау жүргізу
Ономастика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz