Дене тәрбиесі мақсаты мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары.
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қимыл- қоғалыстар арқылы дене тәрбиесіне жаттықтыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Дене тәрбиесі мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. Қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ. Дене тәрбесін дамытудағы ойындардың маңызы
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде, ойынның, қимыл - қозғалыс дағдыларының білім беру міндеттерін шешудегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібінде балаларға қимыл қозғалыс ойындарын қолдану бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Дене тәрбиесі балабақшада өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, тәрбиеленуіне септігін тигізеді. Сол себепті балалардың денсаулығын нығайту, жан-жақты тәрбиесін жетілдіру қазіргі заман талабының мәселесінің бірі болып отыр. Өкінішке орай, қазіргі кезде бала денсаулығына зиян келтіретін көптеген факторлар әсер етуде. Баланың табиғат аясында, таза ауада серуендеуінің азайып, әлеуметтік желілерге тәуелді болып, ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыруы көбеюде.Баланың денсаулығын нығайту барысында жаңа әдістерді қолдану маңызды.
Дене тәрбиесі ақыл-ой дамуына да әсер етеді: бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т. б. үйренеді. Дене тәрбесіндегі ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойнаудың өзгеше бір сыртқы тізгегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі (және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы) ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды.Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял мен ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.Дене тәрбиесі - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.
Функционалдық тенденция концепциясының негізін салған Д. Узнадзе: Ойын артық әл-қуатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін - еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың өз бағыты бойынша бір - бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді, -- деген.
Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным - түсінігі, іс - әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс - әрекетімен жалғастырылады. Дене тәрбесін дамытуға арналған ойын - бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойын балалардың негізгі іс - әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық - физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады
Дене тәрбиесі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету принциптері мен әдістерін ашып көрсетуге, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын (дене тәрбиесі сабақтары, ертеңгі гимнастика, қозғалысты ойындар т.б.), сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға әр-түрлі ойындарды ойната отырып, денесін дамыту және дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру .
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Дене шынықтыру
Зерттеу міндеттері:
- ойындардың классификациясына жалпы сипаттама беру;
- мектепке дейінгі ұйымда қолданылатын спорттық және ұлттық ойындарды тәрбие беру барысында зерттеген ғалымдардың жұмыстарын талдау;
- мектепке дейінгі ұйымда қолданылатын таңғы жаттығулар мен сауықтыру шынықтыру шараларына жалпы сипаттама беру;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, мектепке дейінгі ұйымдарды таңғы жаттығулар немесе сауықтыру-шынықтыру шаралары барысында ойынды көптеп қолдану арқылы балалардың дене шынықтыру процесінде жүйелі түрде жүзеге асырса, онда балалардың дене пішіні, шапшаңдық денгейі артады, ең бастысы- күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір балалар тәрбиеленіп шығады.
Зерттеу әдістері: Әдебиеттерді талдау, әңгімелесу, салыстыру, бақылау, саралау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1. Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қимыл- қоғалыстар арқылы дене тәрбиесіне жаттықтыру

Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі үғымдар қолданылады: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т.б. Әр түрлі құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп, нақтыланып келеді.
Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі. Дененің дамуы термині организмнің даму деңгейін білдіре отырып, тар магнада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің тіршіліктің сыйымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, дене тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін өлшеу көрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші, тұла бой күші, бастың көлемі т.б. антропометриялық және биометриялық көрсеткіштермен анықталады.
Дене дамуы терминін кең түсінікте қолданғанда оған дене қасиеттері де (шапшаңцық, оңтайлылық, икемділік, көзбен шамалағыштық, тепе теңдік сақтағыштық, күш, төзімділік) кіреді.
Дене әзірлігі - бұл Бүкілодақтық физкультура комплексінің талаптары мен нормалары және Біртұтас бүкілодақтық спорттық классификациясымен (спорттық разрядтар мен атақтар) анықталатын қозғалыс дағдыларының, іскерліктің, дене қасиеттерінің даму деңгейі.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық негізгі түрлері бойынша нормативтік көрсеткіштер және оларды орындаудың сапасына қойылатын талаптар (Балабақша бағдарламсында) талдап жасалған.
Дене жетілуі - бұл дене дамуының тарихи шартты деңгейі және денсаулықтың, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары дәрежелілігі.
Дене жетілуі ұғымының белгілері өскелең қоғамдық кажеттіктер -өндіріс қажеттіктері, сондай-ақ адамның өзінің ынта-ықыласы әсерінен өзгеріп отырады. Әр тарихи дәуір үшін дене жетілуінің өзіндік деңгейі тән. Біздің елімізде адамзаттың интеллектуалдық, моральдық және дене жағынан жарасымды дамуы жайындағы арманы жүзеге асуда. Кәсібі, жынысы, жасы әр түрлі адамдардың дене жетілуінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған.
Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері-адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тэрбиелерімен байланысты.сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене машықтығы - дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы (мысалы, актердің, ұшқыштьщ, космонавтың, спортшының т.б. дене машықтығы). Дене машықтығы нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшеліктеріне байланысты дене жаттығуларын жасаудың өзіндік ерекшеліктерімен, құралдары мен әдістемесімен сипатталады. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік және спорттық қызметке арнайы дайындалуға бағытталған.
Дене жаттығулары - бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары ретінде іріктеліп алынған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ қозғалыстық қарекеттердің күрделі түрлері (қозғалысты ойындар). Қозғалыстық қарекет деп адамның қозғалыс аппаратының белсенділігі өзіне тән компонент болып табылатын қарекеттің бәрін айтады. Жаттығу термині қозғалысты бірнеше рет қайталау процесін белгілеу үшін де қолданылады.
Спорт - бұл денені жаттықтырудың белгілі бір түрінен жарыс барысында неғұрлым жоғары нәтижеге жетуге бағытталған арнаулы қарекет.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық-тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Материалдық игілікке спорт құрылыстары (стадиондар, спорт залдары, бассейндер және т.б.), құрал-жабдықтар, арнайы киім, аяқ киім және т.б. кіреді. Рухани игілігі болып табылатындар: ғылым, өнер шығармалары (әдебиет, скульптура, кескіндеме, графика, музыка т.б.) жатады.
Дене тәрбиесі мәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.

1.2. Дене тәрбиесі мақсаты мен міндеттері.

Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес мына төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
1. Сауықтыру міндеттері; денсаулықты нығайту, денені жан- жақты дамыту, организмді шынықтыру, адамдардың шығармалық ұзақ өмірін қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін ( жылдамдық, ептілік, икемділік, күші төзімділік т. б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
3. Тәрбиелеу міндеттері: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.
Бүл міндеттер дене тәрбиесімен айналысушылар контингентіне байланысты - олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай- ақ кәсіптік ынта- ықыласына қарай нақтыланады.
Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Сауықтыру міндеттері. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің міндеттері-өмір қорғау және денсаулық нығайту балалардың организмін шынықтыру болып табылады. Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Денсаулық нығайту міндеттері бала организімінің даму ерекшеліктерінен туа отырып:
-әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзінділігінің дамуына, байланыс буындық аппараттың нығаюына көмектесетін, дене бөліктерінің дұрыс арақатыста дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болып;
-бұлшық еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, аяқ-қол, алақан, табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары, бұлшық еттерін дамыту, нашар дамыған иіп жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу; қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу;
-тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің ауа сыйымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету; ішкі органдардың дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне жәрдемдесу;
-қозу және тежелу процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, белсенді тежелістің дамуына, сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің жетілуіне себепші болу.
Білім беру міндеттері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес. Қимылқозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзеу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру. Жүйке (нерв) жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл-қозғалыс дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың кӛпшілігін балалар күнделікті өмірде пайдаланады. Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге көмектеседі: мәселен, еңбектеуді үйренген бала оны қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады, шаңғы, велосипед тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін оңай танып біледі, жүзу кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады.
Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың, сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсер етеді. Мысалы қолды артқа сілтей құлаштап лақтыру әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды кеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай жасайды. Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне мүмкіндік береді.
Осының арқасында жаттығуды кӛп рет қайталауға және жүрек қан тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Нық қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл-қозғалыс және ойын ісәрекетінің күтпеген жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар-жүру жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып түсу, лақтыру, секіру), спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис, бадминтон, городки, волейбол, баскетбол, хоккей, футбол т.б.).
Жас мөлшеріне қарай бөлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалыс дағдыларының көлемі Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасында берілген. Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы күндерден бастап, дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, тепе-теңдік сақтау т. б.) дамыту қажет. Мұндай қасиеттерді дамытуға мүмкіндік бар екенін сандық көрсеткіштер дәлелдейді. Мысалы, күштің, шашаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру алыстығы артады.
Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай жасауға, ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге тигізу, секіргенде діттеген жерге дәл түсу, жүргенде, жүгіргенде бағдар сақтау -- балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді. Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса қарапайым жаттығуларды да орындау, қимыл-қозғалысты тілейтін іс-әрекетің алуан түрлерін жетілдіре алмас еді.
Тәрбиелік міндеттер.
Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтырумен айналысуға деген қажеттілікті, әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде, үйде осы жаттығулармен өз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым жаттығуларды құрдастарымен және біршама кіші жастағы балалармен бірге өткізу қажет. Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның нәтижелеріне, спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу керек. Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика, еңбек т.б. тәрбиелерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады. Дене жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін, сондай-ақ ерік-жігер қасиеттерінің көрініс беруі үшін жақсы жағдайлар жасалады. Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты.
Дұрыс дене тәрбиесі жүйке жүйесінің, барлық органдар мен жүйелердің қалыпты қызметі үшін мейілінше қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі жақсы қабылдауға және есте сақтауға көмектеседі. Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды. Дене жаттығуларын орындау процесінде қимыл-қозғалыстың, дене тұлғасының сұлулығын, әсемдігін, мәнерлігін, костюмдердің, дене шынықтыру жабдықтарының, айнала қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және дұрыс бағалау қабілетін дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты мінез-құлыққа ұмтылысты, әрекеттердегі, сӛздердегі, қылықтардағы дӛрекілікке тӛзбеушілікті тәрбиелеу орынды.
Дене тәрбиесі процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылады. Еңбекке даярлаудың мәні мынада, балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын шапшаң меңгеру қабілеті дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері тәрбиеленеді. Сонымен бірге балалар бӛлмені, балабақша үлескісін жабдықтаумен, дене тәрбиесі құралдарын сабақтар кезінде орын-орнына қоюға және жинауға байланысты еңбек дағдыларын меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің процесі осы айтылған міндеттердің бәрі бірдей шешілетіндей болып құрылуы тиіс.

1.3. Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы

Гигиеналық факторлар ( сабақ, демалыс, тамақтану және ұйықтау режимі, киім, аяқ киім, физкультуралық құрал - жабдықтар және т.б.) дене тәрбиесінің өзіндік ереше құралдары болып табылады. Олар дене тәрбиесімен айналысушылардың организміне дене жаттығуларының тигізетін әсерін арттырады. Мысалы, нәрлі және уақытылы тамақтану кезінде дене жаттығулары сүйек және бұлшықет жүйесінің дамуына жақсы әсерін тигізеді. Ұйқының қанық болуы тынығуды қамтамасыз етеді және нерв жүйесінің жұмыс қабілетін арттырады. Бөлменің, денешынықтыру құрал-жабдықтарының, ойыншықтардың, практикалық сондай- ақ балалардың киімінің, аяқ киімінің таза болуы аурулардың алдын алуға қызмет етеді.
Гигиеналық факторлардың дербес маңызы бар. Олар барлық органдармен жүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдеседі.
Жаратылыстың табиғи күштері ( күн, ауа, және су) дене жаттығуларының организмге жағымды әсерін күшейтеді және адамның жұмыс қабілетін арттырады. Ауада немесе суда ( жүзу) дене жаттығуларымен айналысу процесінде жеке органдар мен организм жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері артады ( оттегі көп сіңіріледі, зат алмасу күшейеді т.б.). Күн, ауа және су организмді шынықтыру үшін пайдаланылады, соның нәтижесінде адам организмі метеорологиялық әр түрлі өзгерістерге деривация кезінде шымырқану қабілетіне ие болады. Оның үстіне жаратылыстың табиги күштерін дене жаттығуларымен үйлестіру шынығу тиімділігін арттырады.Жаратылыстың табиғи күштерін пайдалану балаларда жағымды эмоциялар туғызады.Организмге жан- жақты әсері тиюі үшін жаратылыстың табиғи күштерін мейлінше орынды пайдалана отырып қолдану керек.
Дене жаттығулары- дене тәрбиесінің негізгі өзіндік құралы. Дене жаттығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің міндеттерін жүзеге асыруға, сондай - ақ психикалық қасиеттерді дамылуға себепші болады. Дене жаттығуларымен бірге әр түрлі би, массаж қолданылады.
Билер музыкамен сүйемелдене отырып, организмнің барлық жүйесіне әсерін тигізеді, дене қасиеттерін ( ептілік, шапшаңдық т.б. ) дамытады, сондай- ақ қимыл- қозғалыстардың жарасымдылығын, еркіндігін, мәнерлігін қалыптастырады. Массаж ( сипап сылау, уқалау, шапалақтау т.б.) теріге, бұлшықетке, сүйек жүйесіне әсер етеді, тыныс алуды қажет етеді, қан айналымын, зат алмасуын т. б. жақсартады. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі негізгі және қосымша құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі. Мысалы, бала өмірінің алғашқы үш айында гигиеналық факторлардың және жаратылыстың табиғи күштерінің маңызы мейлінше мол, бұдан кейінгі дене жаттығуларының және алуан түрлі іс- әрекеттің рөлі артады.

1.4 Қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының мәні

Мектепке дейінгі дене тәрбиесімен айналысуыдың негізгі түрі дене тәрбиесі сабақтары екендігі белгілі. Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінен тыс шараларды іске асыру нәтижесінде балалардың дене мәдениетін құрайтын білімдер мен дағдылар қалыптасады. .Осы білімдер мен дағдылардын негізін өмірлік маңызы бар икемділік,күш,жылдамдық,төзімділік сияқты қасиет-қабілеттердің дамуына жәрдемдесетін қимыл- қозғалыстар құрайды.Қимыл-қозғалыстарды менгеру барысында қажетті теориялық мәліметтер алуға және нақты жаттығуларды үйренуге болады.
Теориялық мәліметтер әрбір сабақтың барысында беріледі.Адамның үйлесімді өсіп-жетілуі үшін дене тәрбиесінің үлкен маңызы бар.Ал дене жаттығулары арқылы адамның дене құрылысы жақсарып,ақыл-ойын, жұмыс қабілетін арттыруға болады.
Аса маңызды теориялық түсініктердің (мәліметтердің) бірі -қимыл-қозғалыстың (дене жаттығуларының) орындалу әдістері мен ретін және жарыс ережелерін білу. Ол жаттығуларды дұрыс орындауға көмектеседі.
Теориялық білімді толықтырудың тағы бір жолы мұғалімнің түсіндіру әңгімелерімен шектеліп қалмай, диапозитивтер (дене жаттығуларының орындалу техникасын көрсететін шағын суреттер) ,шағын кинофильмдер көру,арнайы іріктеліп алынған (аты аңызға айналған спортшылар мен қызықты жарыстар туралы) әдебиеттерді оқу.
Дене жаттығуларын үйрену мынадай ретпен іске асырылғаны жөн:
1) қимыл-қозғалыс түрімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Жалпы дене шынықтыру
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Дене шынықтырудың міндеттері
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
Пәндер