Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру

Мазмұны

Кіріспе
1.Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландырудың теориялық негіздері
1.1 Нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерлікті стратегиялық басқарудың маңызы мен рөлі
0.2 Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері
0.3 Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі

2.Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру мен жетілдіру жүйесін талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытуға қолданылатын нақты шараларды талдау
2.2 Алматы облысындағы шағын бизнестің қазіргі жағдайын талдау және бағалау
2.3 Аймақтағы шағын бизнестің дамуына SWOT-талдау (Алматы облысы мысалында)
3. Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру жүйесін дамыту жолдары мен мәселелерін тиімді шешу
3.1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет етуінің қаржылық механизмін жетілдірудің перспективалары мен негізгі бағыттары
3.2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың стратегиялық тұжырымдамасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің қрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі - шағын кәсіпкерлік болып табылады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің Қазақстан-2030 Қазақстан халқына жолдауында: еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты шағын кәсіпкерлік деп аталынған.
Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:
-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт;
-қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы;
-импортқа тәуелділігі;
-инфрақұрылымның нашар дамуы;
-аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.
Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз болмайды.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады.Шағын кәсіпкерлік экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық табыс көлемінің деңгейін де анықтайды. Әлеуметтік жағынан да функциясы - жаңа қосымша жұмыс орындарын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылығын көрсетеді.
Сондықтан, шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни қолдау оның даму үрдістерін айқындаумен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталды:
* кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясы сипатталынды;
* әлемдік тәжірибелер негізінде шағын кәсіпкерліктің экономикадағы ролі мен орны анықталды;
* Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тенденциялары мен жағдайы зерттелінді;
* ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің даму үрдістері айқындалған;
* ҚР-ғы шағын кәсіпкерлердің және шағын кәсіпорындардың қызметін ұйымдастырудағы проблемалары анықталынып, оларға сипаттамалар жасалынды;
* Кәсіпкерлік қызметтің ынталандыру жұмыстарына тоқтала отырып, талдау арқылы мәні ашылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру жүйесін жетілдіру барысындағы мәселелерді айқындап көрсетіп және талдай отырып сол мәселелерді шешудің тиімді жолдарын көрсету.
Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
oo шағын бизнесті стратегиялық басқару жүйесін теорялық жағын ашу;
oo шағын бизнесті стратегиялық басқару жүйесіндегі мәселелерді талдау және тиімді шешу жолдарын ұсыну.
oo шағын бизнесті қаржыландыру жүйесін талдау және тиімді шешімдер ұсыну.
Зeрттeу жұмысының нысаны. Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру жүйeсі бoлып тaбылaды.
Зeрттeу жұмысының пәні шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру бaрысындaғы ұйымдық-экoнoмикaлық қaтынaстaр жәнe дe oлaрдың Қaзaқстaн Рeспубликaсындa қызмeт eтудeгі фaктoрлaрының, принциптeрінің, тәсілдeрі мeн үлгілерінің жиынтығы aлынғaн.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- теориялық ережелерді жинақтап, қорытындылау негізінде шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру түсініктеріне авторлық ұғымдық-мазмұндық және әдіснамалық дәлелдемелер берілді;
- шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру жүйесінің мәні айқындалып, оны бағалау әдістемелік тұрғыдан айқындалды;
- шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру жүйесінің заманауй мәселелері мен оларды жою мүмкіндіктері талданды.
Зeрттeу жұмысының нәтижeсі. Зeрттeу жұмысының нәтижeсінде жасалған қорытындылар мен ұсыныстар шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру жүййесін жақсарту мен тиімділігін жоғарлатуға пaйдaлaнылуы мүмкін. Мeмлeкeттік билік oргaндaрының күндeлікті жұмысындa мeмлeкeттік бaсқaру мeн мeмлeкeттік қызмeт жүйeсінің пeрспeктивaлaрын жaсaу мeн oдaн әрі дaмытуды сaрaлaу кeзіндe жoғaры oқу oрындaрындa мeмлeкeттік бaсқaру бакалаврларын дaйындaу бaғдaрлaмaсын oқу үдeрісіндe жәнe мeмлeкeттік қызмeтшілeрді, бaсшылaр мeн мeмлeкeттік қызмeт сaлaсының қызмeткeрлeрін дaйындaу мeн біліктілігін көтeру кeзіндe пaйдaлaнылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыcтың құpылымы мeн көлeмі: кіpіcпeден, үш тapaудан, қopытынды жәнe пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тізімінeн тұpaды.

1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3.1 Нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерлікті стратегиялық басқарудың маңызы мен рөлі
Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда кәсіпкер деген термин одан да бұрынғы антрепренер, яғни француз сөзі делдалдық екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал кәсіпкерлік ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол кәсіпкер деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Егер кәсіпкерлік терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:
1723ж : Парижде басылып шыққан коммерцияның жалпылай сөздігінде ең алғаш кәсіпкер ұғымы, яғни обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам пайда болған;
1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер - ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік - кәсіпорынның меншік иесі;
1797ж : К. Бодо, кәсіпкер - ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;
1803ж : Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік - екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
1876ж : Ф. Уокер, кәсіпкер -- ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;
1934ж : И. Шумпетер, кәсіпкер - ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;
1964ж : П. Друкер, кәсіпкер -- белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;
1975ж : А. Шапиро, кәсіпкер - ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп - пайда табуға бағытталған және тауарларға ( қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға ( жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнешінеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
* жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
* жоспарлау, ұйымдастыру,бақылау;
* құралдарды іске асыру еркіндігі;
* жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фукнкцияларымен байланыстыеркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатнастарды қарастырудың алғашқы сипаты - олардың субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.
Ал кәсіпкерліктің обьектісі - ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі -- өндірілген өнім мен қызмет.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады:
* жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
* бизнес-жоспарды құру;
* қажетті ресурстарды іздеу;
* құрылған кәсіпорынды басқару.
Бұл аталған сатылар бір - бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде , барынша көп табыс келтіру -- кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты - пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.
Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе - бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.
Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге асырылады.
Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі - шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы - экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты - барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел - жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара - қатнасы жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі - ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет -- әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.
Кәсіпкер - қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:
* нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;
* тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
* төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
* бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
* маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
* табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу(1).
Нарықтық экономика теориясы нарықтық шаруашылық жүйесінің жұмысын істеу негіздері мен оның маңыздылығын түсіндіруге арналған. Бұндай жүйе барлық дамыған елдерде орын алған. Тек бұрынғы социалистік жүйесіне жататын елдерде болмаған.
Қазіргі жағдайда нарықтық шаруашылықтың жұмыс істеуі басты мәселе болып табылады. Түйінді мәселелердің бірі ретінде әртүрлі бәсекелес күштердің тепе-теңдік категориясы болып отыр. Осындай тепе-теңдік дамуға мүмкіншілік жасайды, яғни монополизмді болдырмайды.
К. Маркс өз кезінде нарықтық экономика жүйесінің барын түсінген. Соған орай ол мынадай пікір білдірген: тәжірибелік өмірде біз тек бәсекелестікті, монополистікті, олардың қайшылықтығын кездестіріп қоймаймыз, сонымен қатар олардың синтезін (жинақтауын) байқаймыз. Монополия бәсекелестікті туғызады, бәсекелестік - монополияны. Сондықтан синтез дегеніміздің мәні монополия болу үшін, сақталуы үшін ол ұдайы бәсекелестік күресте болуы қажет.
Нарықтық экономиканың біртұтас жүйе болып қалыптасуы экономикалық субъектілердің бәсекелестік тәртібін қоғамдық реттеулердің өз негізінде пайда болуының нәтижесі. Олар әр субъектінің экономикалық қызметінің бостандығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Жеке экономикалық субъектілердің барлық экономиканы монополиялауына тек осындай кепілдіктерге сүйену ғана мүмкіндік бермейді. Барлық іс-қимылдар экономикалық қатынастардың субъектілерінің объективтік ынталарын ескеру негіздерінде іске асу керек. Экономиканың жалпы даму теориясының жүйесінде басқару ілімінің мәні мен деңгейлерін білген жөн. Басқару - әртүрлі табиғи ұйымдастырылған функциялар (биологиялық, әлеуметтік, техникалық). Олар белгілі 7 құрылымдардың сақталуын қамтамасыз етеді, бағдарламалар мен мүдделерді іске асырады. Басқару көптеген ғылымдар салаларын - менеджменттің, экономиканың, психологияның, әлеуметтанудың, саясаттанудың, философияның, кибернетиканың және т.б. - зерттейтін пән. Басқару теориясы дербес білім саласы ретінде тек қана пән аралық жүйе ретінде дами алады.
Қазіргі басқару ғылымында екі деңгейлі білімді белгілеуге болады. Бірінші деңгей әлеуметтік теориялардан көрінеді: Менеджерлер революциясының, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің, өнеркәсіптік демократияның, адамаралық қатынастардың және т.б.
Екінші деңгей білімі - іс жүзінде қолданылатын ұйымдастырушылық және басқару теориялары. Бұл деңгей нақтылау және іс жүзінде пайдаланатын ұсыныстардың ғылыми-әдістемелік негізін қамтамасыз етеді. Ол ұсыныстар мыналар:
- еңбекті тиімді ұйымдастыру мен басқаруды одан әрі дамыту;
- басқарушылық шешімдерді дәлелдеу және талдау;
- жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық мінез-құлқына әсер етуде жаңа әдістерді пайдалану.
Экономика дамуының жалпы теориясының белгілі саласының бірі - ол менеджмент (басқару) теориясы. Жалпы анықтама бойынша, Менеджмент дегеніміз кәсіпорынды тиімді басқару туралы ғылым. Бұл ғылымға кіретін ілім:
- кәсіпорынды ұйымдастыру туралы қағидалар;
- оның стратегиялық дамуы туралы;
- қызметшілерді іріктеп алу (социологиялық аспект);
- олардың жұмысын үйлестіру тәсілі (социологиялық бөлігі).
Шетелдік ғалымдардың пікірі бойынша тиімді басқарудың бірнеше ерекшелік белгілері бар. Олар:
- шапшаң іс-қимылды және жігерлілікті мақсат ету (уақыт бұйрығы);
- тұтынушылармен ұдайы байланыста болу;
- кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың бас бостандығын қолдау;
- адам факторына, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділі-гін арттыруға негізгі күш ретінде қарау;
- басқару нысандардың қарапайымдылығы, басқару штатының 8 неғұрлым аз болуы және т.б.
Басқару теориясы дегеніміз басқарудың мәнін, мазмұнын және ерекшеліктерін анықтайтын категориялардың жиынтығы. Басқару теориясының бұдан да басқа ғылыми анықтамасы бар. Мысалы: Басқару теориясы - басқарудағы бейнелеу, түсіндіру және объективтік құбылыстарды болжау жөніндегі теориялық жағдайлардың жинағы. Бұл теорияның зерттейтін объектісі - әлеуметтік-экономикалық жүйе. Басқару қызметінің негізгі мазмұны - болашақтағы процестерді болжау, ұйымдастыру, бақылау, үйлестіру, реттеу, зерттеу. Бұған тән ерекшеліктерінің бірі - адамдардың бірлесіп істейтін қызметіне бағытталғандығы. Басқарудың жалпы теориясынан менеджмент тұжырымдамасы туындайды.
Менеджмент - нарықтық экономиканың жағдайларына және мұқтаждығына мейлінше сәйкес келетін басқару типі. Менеджмент ең төменгі деңгейдегі басқару деп ұғынған жөн. Өндіріс, кәсіпорындар, өндірістік емес салалар Оның ең жиі қолданатын деңгейі. Менеджменттің ең мәнді функциясы - ол нақтылы өндірісті басқару, оны ұйымдастыру және болашағын болжау, әсер ету. Осындай теориялық негіздерден қазіргі кезеңдегі нарықтық экономиканың ерекшеліктері анықталады:
1. Тұрақты, ұзақ мерзімдік, салааралық және аймақаралық байланыстар негізінде жалпы бір арықтық кеңістіктің құрылуы. Сондай-ақ ол әртараптандырулық процестердің таралуымен шектелмеуі тиіс (өнімдердің және өндірістің әртараптандырылуы - өнім сапасын өзгерту, жақсарту, алдыңғы қатардағы технологияны пайдалану процесі).
2. Тұтынуды жоғарлату мен ұсынысты кеңейтудің арақатынасы.
3. Бәсекелестіктің баға емес тәсілдерінің бағалық тәсілдерінен жоғары болуы.
4. Экономиканы әлеуметтік бағытта реттеушілер бәсекелес топтардың арасындағы қайшылықтарды шешугемүмкіншілік жасайды.
5. Заң және экономикалық орталықтандыру, отан тауар нарығында бәсекелестік қатынастарды реттеу (мемлекет адал емес бәсекелестікке жол бермейді; арнайы заңдарды қабылдау арқылы экономикадағы монополизмді болдырмау, монополистердің 9 үстемдік орнатуын шектеу және республика экономикасын орталықтандыру).
6. Кез-келген азаматтың тауар нарығындабәсекелестік қатынасқа кіруіне кең мүмкіншілік беру.
Бұған енудің бас каналы - меншік формалары. Нарықтық экономиканың тағы бір ерекшелігі - әртүрлі интеграциялық процестердің орын алуы. Бұл интеграциялық процестердің мынадай жаңа қасиеттері болады:
- маркетинг жүйесі (бәсекелестіктің негізінде және оның нәтижесінде пайда болады). Бұл шын мәнінде өндіріс пен тұтыну интеграциясының негізгі механизмі, яғни ол өндіріс пен тұтынудың арасындағы байланыстыратын буыны;
- халықты жұмыспен қамтамасыз етуіне әсер ететін жүйе (ол кәсіпорындар мен жалданбалы жұмысшылар арасындағы бәсекелес, сонымен бірге жалданбалы жұмысшылардың өз арасындағы бәсекелестік арқылы да пайда болады);
- өндірісті ұйымдастыру формаларын реттеу жүйесі. Ол әртүрлі жекеменшіктер арасындағы бәсеке мен өндірістің әртүрлі шарттары негізінде пайда болады. Олар демократиялық сипатта болады және жалданбалы жұмыскерлерді өндіріс құралдарынан және жалданбалы еңбектен алыстауын жеңілдетеді.
Басқарушы экономикалық теорияны қалай пайдаланады? Басым көпшілік (70%) басқарушылар өз ісінде келесі негізгі экономикалық тұжырымдамаларды пайдаланады:
1) шығындар (ұйымның барлық шығыны);
2) баға орнату (сұраныс және ұсыныс заңдары);
3) құндылықтар. Экономикалық теорияның басты қызметі - басқарушыларды дұрыс шешім қабылдауға мәжбүр ету.
Фирманың жұмысы туралы мәліметтерді үздіксіз түрде жинау, себебі оларсыз дұрыс шешім қабылдау мүмкін емес. Нарықтық жүйенің негізгі алғы шарттарын нарықтық экономиканың классигі А. Смит дәлелдеп, ұсынған болатын. Нарықтық экономиканың дұрыс жұмыс істеуінің негізгі алғышарттары мыналар:
- еркін бәсекелестік;
- жекеменшіктің билігі;
- әртүрлі монополияларды шектеу;
- еркін сауда; - мемлекеттің экономикаға қол сұқпауы.
Нарықтық жүйенің жұмысының теориялық алғы шарты ретінде оның еркін өндіріс табиғатына, нарықтың рөлі және мемлекеттің рөлі жөніндегі көзқарастары болуы мүмкін. А. Смиттің пікірі бойынша адамдардың өз әл-ауқатын жақсартуға ұмтылысы өте күшті ынта. Егер оларға ешбір кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіншілік берілсе, онда олар қоғамды гүлдендіруге әкелер еді. XVII ғасырда өмір сүрген француз философы К. А. Гельвеций қоғамда адамның жеке басының мүддесінің рөлін табиғаттағы бүкіл әлемдік тартылыс заңымен теңестірген. Бұл жағдайда түбінде жалпы қоғам ұтыста болады. Әр адамның мүддесі дер кезінде шешімін тауып отырса, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түседі. Осы тұрғыдан алғанда бұл келтірілген жағдай нарықтық экономиканы басқарудағы басты қағидалардың бірі болып саналады. Нарықтық экономика тұрақты жұмыс істеуі үшін бес күрделі мәселелердің барын мойындау керек.
Ол мәселелерді шешу әрбір экономикалық жүйенің міндеті. Ол мәселелер мыналар:
1. Қанша өндіру қажет және өндіріс ресурстарының қандай бөлігін өндіріс процесінде пайдалану керек?
2. Нені өндіру? (яғни қандай тауарлар адамдардың материалдық қажеттілігін қанағаттандырады?).
3. Бұл өнімді қалайша өндіру керек? (яғни өндірісті қалайша ұйымдастыру керек, осы өнімді өндірумен қандай фирмалар айналысуы тиіс және қандай технологияны пайдаланған жөн?). Мұнымен тауардың бәсекелестік қасиеті байланысты;
4. Бұл өнімді кім алады және кімге бөлу керек? Бұл жерде өнім жеке тұтынушылар арасында бөлінуі қажет.
5. Бұл жүйе өзгерістерге сәйкес икемделіне ме? Сұраныстың, өндіріс технологиясының өзгерістеріне қалай бейімделеді, өзгерістер қаншалықты тез ескеріледі? Кез келген кәсіпорынның өзіне тек пайда әкелетін тауарларды өндіруге тырысатынын ескерген жөн.
Стратегия - басқару теориясының негізгі бөлігі Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия - дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғарғы деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет.
Стратегиялық басқару дегеніміз - ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы (Хиггенс). Стратегиялық басқару - ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері (Пирс және Робинсон).
Стратегия - ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы (Кунц).
Стратегиялық басқаруға өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың көңілін өз мүддесіне аудару және онда болып жатқан үдерістерді реттеу. Қазіргі менеджментте стратегиялық және тактикалық аспектілерін атауға болады.
Стратегиялық мәселелерге ұйымның мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары мен қарсыластарын, өз артықшылықтарын анықтау жатады. Құжаттардың айналу технологиясы, өнімді тұтынушылармен жүргізілетін әрекеттерді тактикалық мәселелерге жатқызуға болады Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады.
Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративтік стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары). Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды: фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау; фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың портфелін талдау; оның ұйымдық құрылымын жобалау; компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құрылымды және басқаруды жетілдіру. Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; стратегиялық қожалық ету аймағының деңгейі; функционалдық 12 деңгей; төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия). Өндірісті басқару ғылымының міндеті - өндірісті басқару қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу. Өндірісті басқару теориясы - кешенді білім жүйесі. Ол мына бөлімдерден тұрады:
- Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда басқарудың мәні, оның мазмұны, басқарудың үрдістері, заңдылықтары және қағидалары қамтылады.
- Өндірісті басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару жүйесінің ұйымдастыру формаларын, басқару функциялары мен құрылымын, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру мәселелерін қарастырады.
- Ықпал етудің тетіктері мен құралдарының жиынтығы ретіндегі басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім.
- Басқару процестері, олардың ерекшеліктері, динамикасы, әдістері туралы ілім.
- Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім.
Мұнда басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару шеберлігі, сондай-ақ тиімділікті бағалау мен оны арттырудың жолдары қаралады. Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілері арқылы анықталады. Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын қамтиды (саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.). Басқару үрдісіне қатысушыларды екі топқа бөлуге болады: бірі материалдық игіліктерді өндіретін еңбекпен айналысатын болса, екіншісі басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынастары орнайды. Бұл қарым-қатынас басқару субъектілері мен объектілері арасында қалыптасады.
Басқару қатынасы қандай түрге немесе типке жататынына қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы қатынас ретінде болады. Басқару стратегиясының объектілері жеткілікті. Бірақ соның ішінде ең күрделі, барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерге тікелей қатысы бар және шешуші рөл атқаратын объектілерін атап көрсеткен жөн. Көптеген объектілерді топтастырып жіктеу қажет. Осы тұрғыдан алғанда оларды мынандай топтарға бөлуге болады:
1. Макроэкономика деңгейі;
2. Мезоэкономика деңгейі;
3. Микроэкономика деңгейі.
Стратегиялық басқарудың негізгі объектілері осылар. Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макроэкономика жатады. Бұған экономикалық саясаттың күллі объектісі жатады.
Макроэкономика - экономикалық теорияның бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады. Егерде стратегиялық басқаруға классикалық экономикалық теория негізінде қарайтын болсақ оның ең жоғары сатысында күрделі объект ретінде кеңейтілген ұдайы өндірістің үдерістері жатуы тиіс.
Ешқандай қоғам сол объектінің кезеңдерінсіз (өндіріс, бөлу, айналым, тұтыну) өмір сүруі өте қиынға түседі. Басқару тәжірибесінде бұлардың әрбіреуі жеке объект және күрделі объектілер болып табылады. Олардың ішінде (ортасында) жүріп жатқан үдерістерді жөнді басқармайынша, қоғам дұрыс әрі бай өмір сүреді деп айту қиын. Макроэкономикалық тәсілдеме ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын зерттеу үшін пайдаланылады.
Макроэкономика ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген экономикалық көрсеткіштермен сипатталады (жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, сұраныс жиынтығы және т.б.).
Экономиканың бұл аспектісі стратегиялық басқару теориясына апаратын басты аспект болып табылады. Өйткені оны халық шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Мұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.
Стратегиялық басқарудың бір объектісі - мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне өндіріс ұйымның, технологияның әртүрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен кеңістіктегі орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән.
Аймақтардың басты құрастырушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы жатады. Аймақ басқару объектісі ретінде 14 мемлекет пен ұлттық экономиканың аймақ мемлекеті сыңайлы болады: аймақ-нарық, аймақ-әлеумет ретіндегі оқшауланған қосымша жүйені білдіреді.
Стратегиялық басқару теориясында да, күнделікті тәжірибеде де микродеңгей шешуші объект болады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, әрі қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Яғни басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек. Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.

3.2 Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері
Стратегиялық менеджментте миссия - философия және алдын ала арнау, ұйымның өмір сүру мәні. Нақтылау айтқанда, ұйым не үшін қызмет етуі керек және оның басқаларға қарағанда қандай айырмашылығы бар деген сауалға жауап береді. Миссия дегеніміз - ол ұйымның анық көрінетін жалпы мақсаты. Ол мынадай негізгі сауалдарға жауап береді:
- ұйым не үшін қызмет етеді (оның себептері)?;
- негізгі тұтынушылары кімдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде
Бизнесті жоспарлау
Шағын компаниялардағы венчурлық жобаларды басқару
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Кредиттік оқу жүйесі
Шағын бизнес ерекшеліктері
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Пәндер