Аса қауIптI (карантиндIк) жұқпалы ауру



Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. АСА ҚАУIПТI (КАРАНТИНДIК) ЖҰҚПАЛЫ АУРУ.
1.1 Оба.
1.2 Тырысқақ.
1.3 Түйнеме.

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ АУРУЛАР.
2.1 Туберкулез (құрт ауруы)
2.2 Вирусты гепатит
2.3 СПИД.

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде инфекциялар аурулар кең етек алуда. Олардың ішінде туберкулез, СПИД, оба, түйнеме және т.б. бұл аурулардың көбеюі көптеген адамдардың өміріне қауіп туғызуда. Тек қауіп туғызып қана қоймай, олардың көптеген өмірлерін алып кетуде. Осыған байланысты бұл аурулардың алдын-алу үшін, вакциналар тегін салынуда, сонымен қатар бұл ауруларды емдеу тегін. Мысалы: туберкулез.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Жалпы инфекциялық аурулар жайында».
Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Тіршілік қуіпсіздігі» ІІ-кітап.
2. И.Сайдулдин «Індеттану»

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. АСА ҚАУIПТI (КАРАНТИНДIК) ЖҰҚПАЛЫ АУРУ.
1.1 Оба.
1.2 Тырысқақ.
1.3 Түйнеме.

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ АУРУЛАР.
2.1 Туберкулез (құрт ауруы)
2.2 Вирусты гепатит
2.3 СПИД.

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде инфекциялар аурулар кең етек алуда. Олардың ішінде
туберкулез, СПИД, оба, түйнеме және т.б. бұл аурулардың көбеюі көптеген
адамдардың өміріне қауіп туғызуда. Тек қауіп туғызып қана қоймай, олардың
көптеген өмірлерін алып кетуде. Осыған байланысты бұл аурулардың алдын-алу
үшін, вакциналар тегін салынуда, сонымен қатар бұл ауруларды емдеу тегін.
Мысалы: туберкулез.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз Жалпы инфекциялық аурулар
жайында.

1. АСА ҚАУIПТI (КАРАНТИНДIК) ЖҰҚПАЛЫ АУРУ.

1.1 Оба.

Оба - өте қауiптi жұқпалы ауру, қатты уланумен, ыстықтың көтерiлуiмен,
сөл түйiндерi мен өкпенiң қабынуымен сипатталады. Карантиндiк жұқпалыларға
жатады.
Этиология (аурудың себебi). Қоздырғышы – оба таяқшасы, қозғалмайды,
организмнен тысқары жағдайда тұрақсыз, 55 градус С температура кезiнде адам
қайтыс болады.
Эпидемиология. Жұқпалы аурудың негiзгi таратушылары кемiргiштер
(егеуқұйрықтар,саршұнақтар,тышқан тәрiздес, тарбағандар – барлық түрi 200-
ден асады) болып табылады. Жұқпалы ауруды таратушы – бүрге . Адамды шағып,
зақымдайды, онымен байланыс жасаған адамдарға ауа мен шашыранды тамшы
арқылы тарайды (зақымдалған малдың терiсiн түсiрген және етiн бұзған
кезде).
Адам обаның ықпалына жылдам түседi, оған шалдыққандар төңiректегiлер
үшiн өте қауiптi. Обаның өкпелiк түрi аса қатерлi.
Патогенез. Адам организмiне оба қоздырғышы терi, тыныс жолдары, асғазан-
iшек жолдары арқылы өтедi. Бұл аурудың клиникалық түрiн асқындырады.
Терi арқылы өткен кезде кейде түскен дақ арқылы бiлiнедi. Оның орнына
ойық жара мен шиқан шығады.
Оба қоздырғышы көбiнесе терi арқылы өтiп сөл түйiндерiне жетедi,
қанталап iсiнедi (бубон).
Микробтардың таралуы арқылы эндотоксиндер босап, улануға жол ашады.
Бұдан әрi қоздырғыш қанға түсiп, бүкiл организмге тарайды, аурудың iрiңдi
түрлерiн туғызады, бұл белгiлер iшкi органдардың жаппай тұқымдауымен
сипатталады.
Мұнда микробтар күрт көбейедi, қатты улану жүредi.
Өкпелiк түрi кезiнде жұқтырғыштар тамшылар мен ауа арқылы өтедi.Өкпе
ұлпасында сiңiрлi - қанағатталған iсiну пайда болып, өлiеттену белгiлерi
анық көрiнедi. Өкпе ұясы эритроциттен, лейкоциттен және оба таяқшасынен
орасан зор санынан тұратын сұйық экссудатпен толтырылады.
Клиника. Инкубациялық кезең әдетте 2-3 күнге созылады, өкпелiк түрi
кезiнде ол қысқарады. Егiлгендерде 8-10 тәулiкке дейiн ұзаруы мүмкiн. Оба
мынандай түрлерге бөлiнедi: терiлiк, бубондық, терi-бубондық, өкпелiк.
Обаның бубондық түрi жиiрек (79%), септикалық (14%) және өкпелiк (5%)
түрлерi сирек қалады.
Барлық нұсқалар кезiнде қатты улану, жоғары температура, жүйкелiк
ғозу, сандырақтау, көзге елестету тән. Алғашғы сағаттардан-ақ сырқаттар
мастарды еске түсiредi- қисаландап жүру, түсiнiксiз сөйлеу. Беттiң келбетi
өзгередi, көздiң төңiрегiңде қара шеңберлер пайда болады, бет көгередi,
азаптығ күйге енедi, көзден қорқыныш лебi бiлiнедi. Тiл құрғақ, бор
жағылған сияқты домбытқан. Тахикардия, жүрек соғысының әлсiздiгi асқынып,
күре тамыр қысымы күрт төмендейдi. Терi құрғақ, ыстық, қанды дақ бiлiнедi,
қан көбiрек кетуi мүмкiн.
Терiлiк түрi кезiнде пайда болады, олар күлдiреуi және iрiңдi безеу
сатысы арғылы ойық жараға айналады, ол ұзақ уақыт бойы байқалады, баяу
жазылады, тесiктер пайда болады. Обалық бубонның өзiне тән белгiсi оның
қатты сырқыратушылығы болып табылады. Бубон төңiрегiндегi ұлпалар қабынады,
үлкейген сөл төйiндерi бiртұтас қатты сырқырататын конгломератқа айналады.
Бубонның үстiндегi терi әуелi де өзгермейдi, бұдан қызыл түске енедi.
Бубондар антибиотиктермен емдеген кезде сирек ашылады, олар көбiнесе
сорылады немесе қатаяды. Емделмеген жағдайда өлiмге ұшырау деңгейi (40-90%)
аралығында ауытқиды.
Обаның алғашқы синтетиқалық түрi сирек кездеседi. Терi мен сөл
түйдерiнде өзгерiс жоқ. Аурудың басталуы қатты қалтырау, бастың қатты
сырқырауы, температураның күрт көтерiлуi.
Аурудың жағдайы күрт нашарлайды, қозу, сандырақтау пайда болады,
бiрнеше сағаттан кейiн талықсу дамиды. Ауру бар жоғы 1-3 күнге созылады,
айығу жағдайы өте сирек.
Обаның қайталама септикалық түрi бубондық асқыну болып табылады, өте
ауыр күймен сипатталады.
Обаның өкпелiк түрi уланумен сипатталады, жүрек тамыр қызметi
әлсiрейдi, кеудеде қатты шаңшу пайда болады, қан аралас сұйық көбiктi
қақырық бөлiнетiн жөтел деңдейдi, ентiкпе дамиды. Өлiм өкпе қызметiнiң
қатты әлсiреуiнен, оның қабынуынан 3-5 күн аралығында болады.
Емдеу. Обаны емдеудiң негiзгi құралы антибиотиктер болып табылады.
Емдеудi бубондық, сондай-ақ өкпелiк түрi кезiнде тиiмдi болған
тетрациклинмен өткiзедi. Оны алқашқы 48 сағат бойында үлкен мөлшерде
тағайындайды (4-6 гтәулiк) бұдан кейiн мөлшердi төмендетедi.
Ауыр түрлерi кезiнде алғашқы 24 сағат кезiнде көк тамыр iшiне
тетрациклин енгiзедi, төзбейтiн жағдайда оның орнына 2 тәулiктiң бойына
әрбiр 4 сағат сайын 0,5 г стрептомицин тағайындайды, кейiннен 6 сағат сайын
тағайындайды.
Жергiлiктi емдеу үшiн күкiрттi сынап майынан iстелген май таңғыштарын
қолданады, оларды күн сайын ауыстырады және 5-6 күннен соң сынаптың жанама
әрекетiнен оны вазелиндiк немесе ихтиолдық (5%) таңғышпен айырбастайды.
Сақтандыру. Ауруларды жұпалылықтың барлық мерзiмiнде қатаң түрде
оқшаулайды. Аурумен байланыста болған барлық адамдарды обсервациялай отырып
9 күнге карантин белгiлейдi. Обамен ауырғандарды обаға шалдыққанына күдiк
туғызғандарды жеке палатада немесе бокста ұстайды. Ауруларға қызмет
көрсететiн барлық медициналық қызметшi обадан қорғайтын костюммен жұмыс
iстейдi, жұмыс аяқталғаннан кейiн толық санитарлық тазалықтан өтедi.
Қызметшiлерге мұқият медициналық бақылау жүргiзiледi.
Аурулар орналастырылған бөлмелерге ағымды дезинфекция жүргiзiледi.

1.2 Тырысқақ

Тырысқақ-тез жұғатын ауру, iштiң өтуiмен, құсықтың келуiмен, су-
электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсiреудiң дамуымен,
жiңiшке iшектiң улануымен сипатталады. Карантиндiк жұқпалыларға жатады.
Қоздырғышы – тырысқақ вибрионы.
Эпидемиология. Жұқтыру көзi тек адам болып табылады (тырысқақпен
ауырған адам немесе вибрион сiңiрушi). Тырысқақтың анық көрiнген клиникалық
аясына ұшыраған ауру тәулiк бойында сыртқы ортаға 10-30литр сұйық зат
бөледi, олардың 1 миллиметрiнде 10 жуық вибрион болады.
Тырысқақтың негiзгi берiлу жолы су болып табылады. Зақымдану тырысқақ
жұқтырушы суды iшу кезiнде, оны көкөнiс пен жемiстi жуу үшiн пайдаланған
уақытта, шомылған кезде өтедi. Тырысқақтық тамақтан асқынуы әдетте
жұқтырғыш тағамдарды iшкен адамдардың шектеулi шеңберi арасында пайда
болады. Қоздырғыштардың ұшыраған аурудан бөлiнетiн сұйықтар арқылы оның
қолымен берiлуiнiң мәнi шамалы. Сыртқы ортада атап айтқанда тамақ
өнiмдерiнде вибриондар 2-5 күн өмiр сүредi, күн сәулесi түскен қызғанақтар
мен қарбыздарда вибриондар 8 сағаттан соң өледi. Вибриондар канализация суы
ағызылатын ашық суатта ұзақ өмiр сүредi. Тырысқақтың таралуына шыбындар да
ықпал етуi мүмкiн.
Патогенез. Жұқпалылар қақпасы ас қорыту жолы болып табылады. Тырысқақ
вибриондары асқазанда тұз қышқылының болуы салдарынан жиi өледi. Ауру олар
асқазан қоршауынан өтiп, жiңiшке iшекке барған кезде дамиды. Сол жерде тез
көбейтiп, экзотоксин бөледi.
Клиника. Инкубациялық мерзiм бiрнеше сағаттан 5 тәулiкке дейiн (орташа
2-3 күн).
Iш өту аурудың бастапқы, сипаттамалы белгiсi болып табылады. Кенеттен пайда
болады, әуелi де ағыл-тегiл, жиi бөлiнген қара тер қорытылмаған ас
бөлшектерi бар нәжiстiк сипатта болады, бұдан кейiн балықтың немесе шикi
қырылған картоптын иiсi шығып, сұйық, мақта тәрiздi көбiк жүретiн күйге
енедi (күрiш қайнатпасының түрiндей). Сырқаттың тәбетi нашарлайды, сөл мен
бұлшық еттiң әлсiздiгi деңдейдi. Дененiң температурасы әдетте қалыпты
деңгейде қалады. Тамыр соғысы жиiлейдi, тiл құрғайды, iш тартылғанмен
ауырмайды.
Сырқырама тәулiгiне 10 және одан асатын есеге жиiлейдi, ағыл-тегiл
тер шығады, жүрек айнымайды, iш ауырады, құсық жиi келедi. Iштiң қатты
өтуiмен құсықтың қатты келуi тез (бiрнеше сағаттын бойында) қатты шөлiкпеге
алып келедi. Бұлшық ет қатты әлсiрейдi, шөлдетедi, ауыз құрғайды, құрысу
пайда болады, кiшi дәреттiң бөлiнуi азаяды, терi мен кiлегейлi қабық
құрғақ, тамыр соғысы жиiлейдi, күре тамыр қысымы төмендейдi.
Тырысқақтың ауыр жағдайында күрт құрғаушылық 12 сағаттың бойында дамуы
мүмкiн, жағдай күрт нашарлайды, көздiң алмасы тiтiркенедi, дене
температурасы 35 градусқа дейiн төмендейдi, терi ұстаған кезде салқын,
демiкпе пайда болады. Емделмеген жағдайда ес жоғалады, талма мен тұншықпа
жайлайды.
Емдеу. Тырысқаққа шалдыққандарды емдеу су электролит алмасуын қалпына
келтiру болып табылады және ол кешендi болуға тиiс. Тырысқақ ауруларының
терапиясы емдеу басталғанға дейiн жоғалған сұйық пен тұз шығынын толтыруды
көздейдi.
Өкпелiк түрi кезiнде iшке, ал ауыр түрi кезiнде 3-5 күн бойында
көктамырдың iшiне антибиотикотерапия жүргiзедi (0,3-0,5 г тетрациклин, 6
сағаттан сон сигмамицин) және 5 күннiң бойында 6 сағат сайын 0,5 г
левомицетин еңгiзедi. Антибиотиктердi iшке құсық тоқтағаннан кейiн бередi.
Дезинтоксикациялық, симптоматиқалық оңалту терапиясы.
Ертiндiлердiң мөлшерiн ауру тер шығарғанда, құсқанда, кiшi дәрет
шығарғанда жоғалтқан деңгейде еңгiзу қажет және сонымен қатар ересек
адамның тыныс алуымен жоғалтқандары және терi арқылы шыққан 1-1,5 л сұйық
есептеледi. Бұл үшiн барлық бөлiнетiн сұйықтың жиiнi мен өлшенуiн
ұйымдастырады. Бiр тәулiктiң бойында 10-15 л ерiтiндi егiзуге тура келедi.
Диета: сұттi тағамдар, қырналған және бүркегiш тағамдар, сусынды
көбiрек iшу, витаминдер.
Сақтандыру. Тырысқақпен ауырғандарды ертерек және белсендi анықтау,
оқшаулау және емханаға жатқызу, вибрионның бар жоғын анықтау және оны
оқшаулау. Санитарлық-карантиндiк шараларды ұйымдастыру. Ошақтағы
дезинфекция мен дезинсекция, тамақтану сумен жабдықтауға медицина бақылауды
күшейту. Арнайы сақтандыру үшiн тырысқақ вакцинасы қолданылады.

1.3Түйнеме
Түйнеме- аса қатерлі ауру жұқпалы ауру, негізіне тері арқылы өтеді,
өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі.
Эпидемиялогия. Жұқпалының көзі ірі қара мал, қой-ешкі, түйе, доңыз
болып табылады. Ауру мал жайғағанда, қасаптағанда және ет бұзғанда, сондай-
ақ мал шаруашылық өнімдерін ұстағанда (тері, былғары өнімдері, жүн) жұғуы
мүмкін. Жұғу алиментарлық (жем-шөп арқылы және аспирациялық (сұйық сору)
жолымен өтуі мүмкін, кейде жұқпалы ауру қан сорғыш жәндіктер-сона, көк
шыбын арқылы өтуі де ықтимал.
Этиология. Түнеменің қоздырғышы-спораларды құрайтын бацилла. Түйнеменің
споралары вегететативтік (өсіп өну) түрі ауасыз, қыздырған кезде, әртүрлі
құралдары ықпалымен тез өледі.
Түнеменің тері түрі кезіндегі инкубациялық мерзімі 2-3 күнге тән, кейде
5-7 тәулікке дейін жалғасуы мүмкін.өкпелік және ішектік түрінде 1-2
тәуліктен аспайды. Аурулардың 95 пайызында түйнеме тері түрінде өтеді.
Аурудың тері түрі сатылай басталады. Әуеліде сырқаттың жалпы жағдайы
бұзылмайды, терінің температурасы қалыпты. Теріде қышыма қызыл дақ пайда
болады, ол тері деңгейіне көтеріліп, бөртіктенеді, кейіннен бөртік орнында
лайлы қанды ірің толған күлдіреуік дамиды, біраз уақыттан кейін іріңді
безеуге, артынша түйнемеге айналады. Процес өте жылдам өтеді, дақ пайда
болған сәттен бастап іріңді безеу шыққанға дейін бірнеше сағат өтеді,
ауыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері
Карантин
Карантиндік шаралар жайлы
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Оба аса қауіпті жұқпалы ауру
Ел аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың келуі мен таралуының санитарлық қорғаудағы нормативтік құқықтық құжаттар
Карантиндік шаралар
Карантиндік зиянды организмдер
Өсімдік карантині жайлы
Пәндер