Дүкен менеджерінін міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорнының жалпы сипаттамасы

2. ТССП Казахстан ЖШС-да қызметті ұйымдастыруды талдау

3. ТССП Казахстан ЖШС маркетинг қызметі

4. ТССП Казахст ан ЖШС жағдайын зерттеу және кәсіпорында орын алған мәселелерді талдау.

5. ТССП Казахстан ЖШС-нің қызметін жетілдіру және кәсіпоріннің маркетингтік шараларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар

Қорытынды

Кіріспе
Өндірістік дипломалды тәжірибеден 03.01.22-25.02.22 аралығында Нұр-сұлтан қаласы, Бауыржан Момышұлы даңғылы 211 мекенжайында орналасқан ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорнында өттім.
Тәжірибеден өту барысында кәсіпорынды басқарудың қолданбалы тәсілдері мен әдістері, маркетингті жүргізу, оның нарықтық қызметінің негізгі бағыттары, қызметтер мен өнімге баға белгілеу әдістері, өнім қозғалысын ұйымдастыру, кәсіпорынның маркетингтік қызметін жоспарлау және кәсіпорынның нарықтағы алып отырған орынын зерттеу бағытында жүргізілді. Тәжірибе есебін құру кәсіпорынның жарғысы, оның бизнес-жоспары, бухгалтерлік есептер мен баланстары, нормативтік-құқықтық ақпарат және қызметтері мен бөлімдердің жұмысын тәжірибелік бақылау негізінде алынған ақпараттар негізінде орындалды.
ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорны коммерциялық ұйым, жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып саналады, өзіндік дербес балансы, мөртаңбасы, банктегі есеп айырысу шоты бар. Негізгі қызмет түрі құрылыс құрал-жабдықтар көтерме және бөлшек сату.
Маркетингтік қызмет, әрбір ұйымның мүддесін қөздейді, қандай да бір, белгілі бір өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге, тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз етуге ұсынылатын тауарлар мен қызметтер өндіру, тұтынушыларға ұсыну үдерісінің ұйымдастырылуы болып саналады. Маркетинг көптеген түрлі қызмет түрлерін қамтиды, оның ішінде маркетингтік зерттеулер, өнімді әзірлеу, оны таратуды ұйымдастыру, баға белгілеу, жарнамалау және жеке сату, ж.т.б.
Кәсіпорын құрылыс құрал жабдықтармен жеке және заңды тұлғаларды қаматмасыз етумен айналысады. Және де кәсіпорынның бұл істе сәттілігі толықтай құрылыс индустриясының дамуымен байланысты. Ал статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, әр жыл сайын кемінде құрылыс индустриясы 5 % өсуде.
Елде әлеуметтік экономикалық жағдайды жақсартып, халықтың үй сатып алатындай жағдайының болуы, құрылыс материалдар өндірісін дамуы саланың жылдар бойы өсуінін фактордары болып табылады.
Құрылыс саласының құрылымдарының әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін саламен байланысты кәсіпорындар маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет.
Біздің елімізде құрылыс белсенді дамуда: жаңа аумақтық құрылымдар пайда болуда (Түркістан облысы). Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. ҚР ИСМ деректері бойынша, құрылыс материалдары индустриясы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 6% - ын алады. Республикада құрылыс өнімдерін өндірумен 29 мыңнан астам қызметкерлері бар 2 мыңға жуық кәсіпорын айналысады.
Түркістан облысында мәдениет және спорт нысандарының, көп пәтерлі тұрғын үйлердің, магистральдық газ құбыры мен автомобиль жолдарының құрылысын ұлғайту есебінен; Солтүстік Қазақстан облысында-денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығы объектілерін салу есебінен; Алматы қаласында - метро, білім беру объектілерін салу және электр желілерін дамыту жөніндегі жұмыстар есебінен неғұрлым жоғары өсім байқалады.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 514,1 млрд теңгені құрады.
Бұл салада ауқымды қаражаттардың айналысы көптеген үлкен және кіші кәсіпорындарды қызықтырады. Бұл өз артынан бәсекелестіктін жоғары деңгейін әкеледі. Сондықтан бұл сала маркетинг қызметіне үлкен салымдарды талап етеді. Яғни, сұраныстын бір бөлігі үшін кәсіпорындар көптеген қаражат салуға тиіс және маркетингтін толық циклын пайдалануға міндетті. Ол: кәсіпорын қызметінін барлық процесстерін жетілдіру, кісіпорын ішінде ақпарат алмасуының тиімду жасау, нарық және тұтынушыларды зерттеу, бағаны қалыптастыру, тауарды жетілдіру, маркетингтік комуникация және т.б.
Өндірістік дипломалды тәжірибеден өту барысында жоғарыда аталғандармен көзбе-көз танысуға мүмкіндік туындады.

1. ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорнының жалпы сипаттамасы

ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорны Нұр-сұлтан қаласы, Бауыржан Момышұлы даңғылы 211 мекенжайында орналасқан. Қазақстан бойынша заңды және жеке тұлғаларға құрылыс құрал-жабдықтарын ұсынатын ұйымның бірі. ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорны коммерциялық ұйым - заңды тұлға болып саналады, дербес балансы, мөрі, мөртаңбалары, өз атауы бар бланктері, тауарлық белгісі, банк мекемелерінде есеп айырысу және басқа да шоттары бар.
Кәсіпорынның негізгі қызмет аймағы заңды және жеке тұлғалармен көтерме және бөлшек сауда жүргізу. Негізгі сауда тауарлары бұл: электрогенарторлар, компрессорлер, бақша техникасы, электроинструменттер, климаттық техника, және т.б құрылыс техникасы және құрал жабдықтар. Кәсіпорын 2003 жылы Астана қаласында ашылған, қазіргі кезде Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Қостанай, Түркістан қалалары бойынша өздерінің филиалдарын құрған.
Қазақстан ТССП портфолиосы Қытай, Бельгия, Испания, Италия, Германия, Швеция, Түркия, Словения, Беларусь, Ресей, Украина және басқа да көптеген елдердің техникасы мен құралдарының кең ауқымын қамтиды.
ТССП дүкендерінде сіз тау-кен және мұнай өндіру салаларынан, өндірістік, құрылыс, жол-жөндеу, пайдалану компанияларынан, энергетика, денсаулық сақтау объектілерінен, азық-түлік және аграрлық кешендерден барынша өнімділікті қамтамасыз ете отырып, жабдықты таңдай аласыз.
Сонымен кәсіпорын көптеген шетел брендтерімен Қазақстанда ресми дилера болып табылады. Бұл: Bosch, Alteco, Dewalt, Aksa, Huter, Stels, Atlas Copco, Makita және т.б. Сонымен кәсіпорын көтерме саудамен айналысып, басқа да кіші дүкендермен жұмыс жасайды. Казіргі уақытта дилерлік желінің Қазақстан бойынша 160-тан астам серіктесі бар.
Қазақстан бойынша кәсіпорынның 10 дүкені бар. Әр дүкенде өзінің ассортиментінің бір бөлігін сататын менеджерлері бар. Ал дүкенді өз ретінде директор басақарады. Ал толық компанияны Астана қаласында орналасқан кеңсе басқарып отырады. Бұл кеңседе аймақтық басқарушылар, бас бухгалтерия, кадрлар бөлімі, көтерме бөлімі және директор орналасқан. Мен өзімнін өндірістік дипломалдық тәжірибемді өсы кеңседе өткіздім.
Кәсіпорын құрылымын толықтай көрсете кететін болсақ ол осындай:

Директор

1-ші Аймақ бойынша басшы
Бас заңгер

2-ші Аймақ бойынша басшы
Бас бухгалтер
Бас маркетолог
Көтерме сауда басшысы

Дүкен директорлары
Дүкен директорлары
Салалық бухгалтерлер
Көтерме сауда менеджері



Дүкен менеджері
Дүкен менеджері

SMM менеджер
Контент
менеджер
Интернет маркетолог


ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорнында әрбір қызметкердің міндеттемелері мен жауапкершіліктері анықталған:
1. ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорнының директорының міндеттері:
* Кәсіпорынның барлық қызмет түрлерімен заңға сәйкес басшылық ету;
* Даму страгеиясын қалыптастыру;
* кКәсіпорын дамуын және қаржылық операциялар жөніндегі шешімдерді қабылдайды;
* Келісім-шарттағы қызметтердің орындалуын қадағалайды.
2. 1-ші және 2-ші Аймақ бойынша басшылар міндеттері:
* Дүкен директорларын қадағалау және басқару;
* Дүкен директорлары мен басқа бөлімшелермен арасында байланыс орнату;
* Жаңа тауар алуға өтінімдер құру.
2.1 Дүкен директорлары міндеттері:
* Менеджерлерді басқару және қадағалау;
* Дүкен бойынша акцияларды қарастыру;
* Дүкен бойынша жаңа таураларға өтінім құрау;
* Алдына қойылған сату жоспарларын орындау.
2.2 Дүкен менеджерінін міндеттері
* Тұтынушыларға қызмет көрсету және тауарларды сату;
* Дүкен бойынша тәртіпті сақтау;
* Алдына қойылғна жоспарларды орындау.
3. Бас бухгалтер міндеті:
* Бөлімді басқару және қадағалау;
* Басшылықты қажет ақпаратпен қамтамасыз ету ;
* Кәсіпорынның ақшалай қаражаттық операцияларын іс жүзіне асырады және қадағалайды.
3.1 Салалық бухгалтерлер міндеті:
* кіріс, шығыс операцияларымен айналысады;
* уақытылы кәсіпорын қызметкерлеріне жалақыны беріп отыру.
4. Бас маркетолог міндеттері:
* Бөлімшені басқару және қадағлау;
* Маркетингтік бюджетті қалыптастыру;
* Маркетингтік комуникация шараларын қалыптастыру;
* Пікірлермен жұмыс жасау .
4.1 SMM менеджер міндеті:
* Кәсіпорынның әлеуметтік желілерін жүрігу;
* Әлеуметтіе желілерде конверсияны көтеру.
4.2 Контент менджер міндеті:
* Кәсіпорын сайтын ақпаратпен толтыру;
* Сайттын дұрыс жұмыс істеуін қадағалау.
4.3 Интернет маркетолог міндеті:
* Контекстік жарнамамен жұмыс;
* SEO- мен жұмыс.
5. Көтерме сауда басшысы міндеттері:
* Менеджерлердін жұмысын қадағалау және басқару
* Жаңа клиенттерді табу;
* Жұмыс нәтижерерімен басшылықты қамтамасыз ету.
5.1 Көтерме сауда менеджері міндеттері:
* Клиенттермен жұмыс жасау;
* Адал клиенттер басасын қалыптастыру.
6. Бас заңгер міндеттері:
* Іс зағаздармен жұмыс жасау;
* Кәсіпорынның соттағы істерін жүргізу .
Компанияның қаржылық жағдайы қалыпты өндірістік және коммерциялық қызметті жүргізу үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілгендігімен, қаражаттарды орналастырудың және қолданудың тиімділігмен, басқа да субъектілермен қалыпты қаржылық қатынастармен, төлем қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі анықталған уақыттағы компанияның қаржылық жағдайын корсетеді, оны құру кез-келген кәсіпорынның есептік жұмысының аяқтаушы сатысы болып табылады. Қаржылық есептілікті дұрыс құру аудит пен қаржылық талдаудың негізін қалаушы база болып табылады және бұлардын негізінде кәсіпорын қызметінің әрі қарайғы жоспары жүзеге асырылады және де ғылыми негізделген оптимальды басқарушылық, өндірістік және қаржылық шешімдер қабылданады.Қаржылық жағдай кәсіпорын қызметінің маңызды сипаттамасыы болып табылады. Ол кәсіпорынның бәсекеге қаблеттілігі мен іскер серіктестіктегі потенциялын анықтайды, қаржылық қатнастардың барлық қатысушыларының: кәсіпорын өзінің, оның серіктестіктерінің экономикалық қызығушылығын тиімді жүзеге асырудың кепілі болады. Кәсіпорынның қызметін сипаттау үшін оның экономикалық көрсеткіштерін талдауымыз қажет.
Зерттеу субъектісі ретінде саналатын ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорнының экономикалық көрсеткіштерін талдау үшін, оны фирманың негізгі қорларынан бастау қажет. Негізгі қорлар кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды орын атқарады. Кәсіпорынның негізгі капиталының көп үлес салмағын негізгі қорлар алады. Олардың санынан, құнынан, техникалық жағдайынан, оларды тиімді пайдаланудан кәсіпорынның соңғы қаржылық нәтижелері байланысты болады.
ТССП Казахстан ЖШС кәсіпорнының негізгі қорларының құрамы, мың тг.

Көрсеткіші

01.10.21
01.01.21
Жарғылық капиталы
500,00 мың. KZT
500,00 мың. KZT
Меншікті капиталы
1 880 137,00 мың. KZT
1 168 373,00 мың.. KZT
Жиынтық активтері
6 887 577,00 мың. KZT
4 340 507,00 мың. KZT
Жиынтық міндеттемелер
5 007 440,00 мың. KZT
3 172 134,00 мың. KZT
Сатылым көлемі
8 784 105 мың. KZT
7 708 618 мың. KZT
Жалпы табыс
2 460 942,00 мың. KZT
2 417 707,00 мың.. KZT
Таза пайда
702 400,00 мың. KZT
603 629,00 мың. KZT

Бұл кестеден барлық қорлардың қаңтар айын қазан айымен салсытырған төмендеуін көруге болады. Көрсеткіштердін төмендеуінін себебі бұл құрылыс индустрясында жұмыстардын мезгілге байланысты төмендеуі. Яғни, салада жұмыстар аз жүргізіледі де, ол өз артынан құрылыс құрал жабдықтарына сұраныстын төмендеуін әкеледі

Диаграммада 2017-2021 жж аралығында кәсіпорынның табысын көруге болады. 2020 жылда көрсеткіштердін өсуін көруге болады. Бұл табыстын өсуін 2019 жылы нарыққа шығарған кәсіпорынның өзінін құрылыс брендімен байланысты. Бұл бренд Alteco деп аталады. Alteco бренды өзінін сатып алушыларына арзан бағамен, сапалы құрал-жабдықтар ұсынады. Жалпы өндіріс Қытай елінде жүргізіліп жатыр. Брендтін нарыққа шығуы кәсіпорынға табысын 2 есе өсіруге, және дилерлік серіптестерді 160 дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл бренд атынан кәсіпорын:
* Электрогенаторлар;
* Ауа компрессорларды;
* Бақша құрал жабдықтарын;
* Климаттық техниканы;
* Топырақпен және бетонмен жұмыс жасау техникасын;
* Дәнекерлеу аппараттарын;
* Және т.б құрал-жабдықтарды шығарады.

2. ТССП Казахстан ЖШС-да қызметті ұйымдастыруды талдау
Кәсіпорынның басты тауарлары құрылыс техникасы болғандықтан, оның табысы сол индустрисясының жалпы өсуі мен құлдырауына тәуелді болады.
Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.
Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл - құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі. Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4 546,9 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 2,1%-ға жоғары.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін игеру көлемі 1 825,7 млрд. теңгені немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 86,8% құрады.
Тұрғын үй құрылысына 290,4 млрд. теңге жіберілген және жалпы алаңы 6,4 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілген немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 93,4%.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің шұғыл деректері бойынша өткен жылы ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі құрылыс үлесі 8%-ды құраған.
1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық базасы мына негізгі бағыттар бойынша қалыптасады:
* бірінші - ТМД елдерінің Құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның (ҚМҒТК) жұмысына қатысу шеңберінде нормативтік құжаттама әзірлеу. Бұл ретте, 253 норматив қабылданып, қолданысқа енгізілді;
* екінші - республикалық бюджет қаражат есебінен отандық ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының күшімен нормативтік құжаттама әзірлеу және қайта өңдеу. 440 норматив әзірленіп, қолданысқа енгізілген.
Қазіргі уақытта сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 2225 құжат қолданылады, оның ішінде ҚНжЕ - 273, ҚН - 294, ҚЕ - 28, ҚҚР - 112, МЕМСТ - 635 Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс өнімі қауіпсіздігінің міндетті, ең аз қажетті талаптарын белгілейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 20-дан астам техникалық регламент қабылданды. Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау қажеттілігі мынадай жағдайлардан туындайды:
* Қазақстанның жүйелер мен үдерістерді әлемнің экономикалық дамыған елдерінің тәжірибесімен үйлестіру арқылы әлемдік экономика жүйесіне кірігуге ұмтылуы;
* Халықаралық сауда қатысушыларының ДСҰ-ның техникалық реттеу саласындағы қағидаттары мен ережелерін сақтауын талап ету;
* Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларына, субъектілердің техникалық реттеу қажеттіліктеріне
* жауап бермейтін мемлекеттік қадағалау мен бақылау әдістері мен дәстүрлерінің ескіруі;
* Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылыс мәдениетін арттыру қажеттілігі.
Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың бұдан бұрынғы ұмтылыстары Қазақстан Республикасының құрылыс саласының әлемдік экономика жүйесіне кірігу мүмкіндігін қамтамасыз еткен жоқ.
1990 жылдардағы реформа құрылымдық қайта құруларды көздеген жоқ, оның нәтижесінде құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесіне әсер етудің шектеулі әдісі болды.
Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылы күшіне енген № 603-ІІ Заңының мақсаты саудадағы, оның ішінде құрылыс саласындағы техникалық кедергілерді жою үшін елдің нормативтік базасын қайта құрылымдау болды. Алайда бірқатар объективті себептерге орай күтілген әсерге қол жеткізілмеді, оның ішінде:
* Экономикалық дамыған елдердің құрылысындағы техникалық реттеудің тәжірибесі алдын ала зерделеніп, талданған жоқ және жинақталып, қорытылған жоқ, ол техникалық реттеуді реформалаудың сенімді бағдарының, құрылған тұжырымдаманың, стратегияның, реформа тиімділігін бағалау өлшемдерінің жоқтығымен көрінді;
* Құрылыс қызметінің түпкілікті өнімі өнімге қойылатын талаптарды белгілеу бойынша ережелердің бірлігін қамтамасыз ету ұранымен жаппай өнеркәсіп өндірісі өніміне қателікпен теңестірілді;
* Техникалық реттеу туралы және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңдарына құқықтық және ұйымдық сәйкес келмеушілік;
* Реформа құрылысқа рұқсат беру, оларды құру, қабылдау және пайдалануға беру үдерісінде объектілерді инспекциялық тексеру тәртібі мен рәсімін, шарты ретінде жобалық құжаттаманы тексеруді;
* Құрылыс өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары ретінде техникалық реттеу субъектілерінің кәсіби қызметін және өзге де аспектілерді лицензиялауды қоса алғанда, сәйкестікті бағалаудың өзекті аспектілерін қозғай алған жоқ;
* Аккредиттеу мен сертификаттау, және сынақтар мен сертификаттау нәтижелерін тану жөніндегі органдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, әлемде кеңінен қолданылатын бағалау және сәйкестікті растау жүйесі үшін жағдайлар жасалған жоқ.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі шетелдік және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, дайындық жұмысын жүргізді, осының нәтижесінде:
* Бірқатар экономикалық дамыған елдердің (Австралия, Ұлыбритания, Еуропа Одағы елдері, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ) құрылыстағы техникалық реттеудің шетелдік тәжірибесі мен Нью-Йорк, әбу-Даби және Сауд Арабиясы үлгісі бойынша модельдік құрылыс нормалары мен ережелерін бейімдеу тәжірибелері зерделенді;
* Техникалық реттеудің отандық тәжірибесі жинап, қорытылып, талданды;
* Құрылыс саласының қолданыстағы нормативтік базасына шолу жасалды.
Зерттеулер нәтижелерінің негізінде:
* Экономикалық дамыған елдердің барлық техникалық реттеу жүйелеріне тән жалпы қағидаттарымен сипаттары анықталды;
* Экономикалық дамыған елдердің ұқсас жүйелерімен салыстырғанда Қазақстанның құрылыс саласын қолданыстағы техникалық реттеу жүйесінің келіспеушілігі анықталды;
Нормалаудың ұйғарымдау әдісінен ілгерінді параметрлік әдіске кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру ұсынылды.
Құрылыстағы техникалық реттеуді реформалау:
* Ұлттық экономиканың мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның жай-күйіне және құрылыс саласының ғылыми-техникалық даму жүйесіне сәйкес келуі;
* Құрылыс заңнамасы мен техникалық реттеу саласындағы нормативтік, техникалық құжаттаманы экономикалық дамыған елдерде қолданылатын шетел аналогтарына сәйкес келтіруге;
* Кәсіби білім беру, кадрларды үзіліссіз кәсіби оқыту мен біліктілігін арттыру, мамандарды лицензиялау, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, құрылыс материалдары мен бұйымдарын нормалау және стандарттау, импортэкспорт, ресурс үнемдеу, энергия үнемдеу, құқық қорғау қызметі және басқалар сияқты құрылыс саласының аспектілерін қамтуы;
* Құрылыс саласының нормативтік базасын ғана емес, сонымен қатар техникалық реттеудің кешеніндегі басқа да жүйелік компоненттерін реформалауды көздеуі;
* Құрылыс саласына әсер ететін немесе құрылыс саласының әсер етуін ұшырайтын басқа да салалар мен қызмет түрлерін қозғауы;
* Нақты тұжырымдалған стратегия негізінде жүргізілуі және оларға қол жеткізуді бағалаудың нақты мақсаттары мен өлшемдерінің болуы тиіс.
Талдау, жобалау сапасы білікті мамандардың жеткіліксіздігі мен өндірістің және ғылыми-техникалық базаның әлсіздігі салдарынан төмен күйінде қалып отырғанын көрсетті.
2005 жылдың басынан бұрынғы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен оның бұрынғы аумақтық бөлімшелері жүзеге асырған мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау бойынша бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілді. Сәулет - қала құрылысы қызметін бақылауды жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары жүзеге асырады.
Осылайша жергілікті атқарушы органдар атқарушылық және бақылау функцияларын орындайды, яғни лицензиялауды жүзеге асырады, құрылыс туралы шешім қабылдайды, құрылыс сапасын тексереді және пайдалануға беруге қабылдауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы көрсетілген өкілеттіктердің ара жігін ажырату құрылыс өнімінің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесін әлсіретті, бұл сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы заңнаманың, бұзылу санының өсуіне алып келді. Сондайақ, құрылыс сапасын бақылау шеңберінде тапсырыс берушінің техникалық қадағалауы мен жобалық құжаттаманы әзірлеушінің авторлық қадағалауы жүзеге асырылады. Бірақ, бүгінде бұл қызметтер өздеріне жүктелген функцияларды әрқашан орындай бермейді. Құзыретті емес мамандарды тарту және орындалған жұмысқа дербес жауапкершіліктің жоқтығы негізгі себептер болып табылады.
Бұл қызмет лицензияланатын қызмет болып табылады, бірақ лицензиялау талаптары сарапшылардың кәсіби даярлық деңгейін айқындауға мүмкіндік бермейді және сондықтан көбіне құзыреттілігі жоқ адамдар тартылады. Мысалы, бүгінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүргізуге шамамен екі мың бес жүзге тарта (2494) лицензия берілген, лицензиаттардың негізінен заңды тұлғалар екенін ескерсек, бұл шамамен он мың сарапшыны құрайды
Тұрғын-үй құрылысының, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, қалалар мен елді мекендердегі, бұған қоса ірі қалалардағы аз қабатты құрылыс үлесінің артуы арқылы құрылыс құрылымының өзгеруі, түбегейлі түрде елді мекендерді өңірлік дамыту, оларды инженерлік жайластыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа жүйелерін құру мәселелерін қозғады.
Елді мекендер және қонысаралық аумақтар қала құрылысы жобаларының -- аудандық жоспарлаудың сұлбасы мен жобалары, бас жоспарлар, егжей-тегжейін жоспарлау жобасы және құрылыс ошағы жобалары негізінде дамыды.
Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдарының басында әзірленген қала құрылысы жобалары саяси және экономикалық өзгерістерді ескере алмады. Қала құрылысының жаңа жағдайдағы даму үдерісі қала құрылысы қызметін реттеудің басқа шешімдерін талап етті. Қазіргі уақытта қала құрылысы жобаларын әзірлеудің жаңа әдістемелік жолдары қалыптасуда.
Нұсқаушы құжаттарға жатқызылған қала құрылысы жобалары аумақты пайдалануды реттейтін құжат болып қалыптаса бастады. Бұл ретте, негізгі мақсаты сақталынады, бұл - адамның мекендеуі үшін қолайлы ортаны жасау, облыстар және қалалар аумақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасындағы қала құрылысын жобалау нысанының аумақтық жағдайына қарай көп деңгейлі жүйені сақтады:
* Аумақты ұйымдастыру және жаңа жерге орналастырудың сұлбасы республика аумағына әзірленеді;
* Аумақтың қала құрылыстың дамытудың кешенді жоспарлаудың сұлбасы мен жобалары тиісінше әкімшілік облыстар және аудандардың аумағында әзірленеді;
* Бас жоспарлар мен жоспарлау жобалары қала, кент және ауыл шаруашылығы елді мекеннің аумақтарына әзірленеді.
Бас жоспарлар және жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмысын жергілікті атқарушы органдарымен қаржыландыру туралы қабылдаған шешімі қала құрылысы жобаларын әзірлеуде біраз тоқырау кезеңіне алып келді.
Қазіргі уақытта облыстарда бас жоспарларды әзірлеу үдерісі жанданды. Соңғы жылдары республиканың елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу және бекіту бойынша едәуір жұмыс көлемі атқарылды. Қазіргі уақытта Астана және Алматы қалалары, барлық облыс орталықтары бас жоспармен қамтамасыз етілді, сәулет және қала құрылысы саласы үшін жаңа жетекші құжаттарды және құрылыс нормалары мен ережелерін жасау үдерісі жүргізіліп жатыр. Қала құрылысын жоспарлаудың нормативтік базасына түзетулер енгізілуде. Бір жағынан - қала құрылыстық аумаққа бөлудің жүйесі арқылы аумақты қала құрылыстық пайдаланудың анағұрлым икемді жүйелері жасалса, екінші жағынан - әрбір қала мен елді мекенге арналған Жоспарлау және құрылыс ережелері, сараланған төлемдер және салықтарды белгілеумен қатар экономикалық бағалауды және экологиялық аудандастыруды енгізу, еркін экономикалық аймақтарды құру арқылы қала құрылысын дамуды реттеудің жаңа тетіктері пайда болады.
Қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу қажет. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізудің негізгі мақсаты тиісті қала құрылысы кеңістігін қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметті белгілі бір қала құрылысы кеңістігінің қала құрылысы, сәулет және құрылыс құжаттамасын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін құру арқылы ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады (МҚК автоматтандырылған ақпараттық жүйелері, бұдан әрі - МҚК ААЖ). Кадастр және мемлекеттік дерекқор жүйесіндегі қалыптасқан жағдайда, оның ішінде жер мен құқық кадастры сияқты шектес салалардағы Жылжымайтын мүлік тізімдемесі мемлекеттік дерекқор жүйесі, МҚК ААЖ жобасын әзірлеудің барлық кезеңдерін қоса алғанда ақпарат алмасудың тиімді жүйесін құру арқылы тіркелетін ақпараттың қайталануын болдырмау үшін Қазақстан Республикасы кадастрлар жүйесінде МҚК рөлі анықталатын болады.
Республикалық деңгей нормативтік-техникалық құжаттарды жүйеге келтіруді, қала құрылысы сәулеті, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай қорын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді және мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтері тікелей тарату үшін электрондық үлгіде базалық және облыстық деңгейлерге тапсырады. Түптеп келгенде, ҚР МҚК тік құрылымына бұдан бұрын белгіленген үш деңгейді енгізу керек:
1) республикалық;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астана;
3) базалық (аудандық, облысқа бағынышты қалалық).
МҚК құрылымының тігі МҚК ақпаратын (деректер қорын) төменгі деңгейдегі есепке алу нысандары бойынша базалық деңгейден облыстық деңгейге, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астанадан республикалық деңгейге таратуды қамтамасыз етуі тиіс, бұл, бұған қоса, заңнаманың сақталуын бақылау функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Республикалық деңгей МҚК тігін қолдана отырып, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы органдар (облыстық және базалық деңгейлер) жұмысын нормативтік-әдіснамалық реттеу қызметімен қамтамасыз етуді іске асырады, сонымен қатар облыстарды, астана мен республикалық маңызы бар қалаларды Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасын және аумақтық дамудың өңіраралық схемасын материалдарымен жүйелі қамтамасыз етеді.
Республикалық деңгейдің МҚК құру және жүргізу бойынша жұмыстарын қаржыландыру республикалық бюджет қаржысынан жүргізіліп, Үкіметтің тиісті шешімі бойынша өз шығынын өзі өтеуге біртіндеп көшуі қажет. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының Республикалық орталығы - бұл бағдарлама қағидаларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепті басқаруды автоматтандыру
Стартаптардың даму кезеңдері және классификациясы
Педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін арттыруда менеджер тұлғасының рөлі
“Интернет магазин” экономикалық негіз
Қаржы менеджмент
Капиталды басқару
Дағдарыс менеджері
Бөлшек тауарлар мен қызметтер арасындағы айырмашылық
Техно- Астана интернет-дүкенін жобалау
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидалары
Пәндер