Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Nūr-Sūltan qalasynyŋ
fizika-matematika bağytyndağy
Nazarbaev Ziяtkerlіk mektebі

Qazіrgі älemdegі Qazaqstan
Kurstyq jūmys

Oqu bağdarlamağa säikes taqyryptyŋ bağyty: Týrızm

Taqyryp: "Qazaqstanda týrızmdi damytý qanshalyqty mańyzdy?"

Oryndağan: 12 "V" synyp oqýshysy
Saýranbaeva A.A.

Jetekşі: Qýandyqov S.

Nūr-Sūltan, 2021
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Сауалнама анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
SWOT талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
I. SWOT қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
I. Сауалнама сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
II. Плагиатқа тексеріс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе
Туризм - ежелден келе жатқан, елге алып келетін экономикалық кірісі жоғары салалардың бірі. Әсіресе, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан ежелден саяхат және туризм нысандарына бой болған. Еліміздің географиялық орналасуы мен табиғат көріністері, тарихи ескерткіштері мен ежелгі орындары және қалалардағы дамыған инфрақұрылым мен іскерлік орталықтар Қазақстандағы туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді. Алайда, қазіргі кездегі еліміздің туризм саласы қаншалықты дамыған? Оны дамыту және әлемдік стандарттарға сай жоғары дәрежеге жеткізу қаншалықты маңызды?
Жалпы, Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша туризм әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi [1]. Бұл көрсеткіштер кез-келген елдегі туризмді дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді. Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша да туризм - әлемдік экономикада қарқыны төмендемейтін салалардың бірі. Осындай артықшылықтарға ие бола тұра, туризм саласы Қазақстанда жеткілікті деңгейге дейін дамымаған. Мұны еліміздің әлемдегі туристік имиджінің көрсеткіштерінін көмегімен дәлілдеуге болады. Орта есеппен әлемде сұралған респонденттердің 42%-ы ғана Қазақстан имиджі туралы түсініктері бар. Оның ішінде Азиядағы Қазақстанның танымалдылығы ең жоғарғы көрсеткіш -75%-ды құрады [2]. Ал Еуропада бұл көрсеткіш өте төмен, сұралғандардан ең жақсы көрсеткіш көрсеткен тек ағылшындар болып, 41%-ды құрады [2]. Қазақстанда тек сыртқы туризм ғана емес, ішкі туризм де қиын жағдайда. Сарапшылардың мәлімдеуінше ішкі туризм барлық туризм кірісінің тек 3%-ын құрайды. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш әлемнің дамыған елдерінде 50%-ды құрайды [2]. Бұл мағлұматтар еліміздегі туризм мәселесін және сонымен қатар, ғылыми жобаның өзектілігін көрсетеді. Қазақстанның әлемнің дамыған елдеріндегідей туризмнің жоғарғы деңгейіне жетуі үшін ең бірінші елдегі бұл саланың жағдайы мен мәселесі толықтай зерттеліп, кейіннен даму жолындағы міндеттер қоюлуы тиіс. Сондықтан да, бұл жоба мемлекеттегі туризмнің қазіргі мәселесін, ғаламдық COVID-19 пандемиясының жергілікті туризмге әсерін және осы саланы дамытуға болатын жолдарды талдап, ұсынатын болады. Сонымен қатар, ғаламтор желісінде Қазақстандағы туризмнің 2021 жылғы жағдайы туралы мәлімет өте аз. Ал бұл жоба туризм саласындағы ақпарат көздерінің санын арттыра түсіп, жаңа мәлімет ресурсына айналмақ болмақ. Ғылыми жобада көрсетілген ұсыныстар болса, болашақта туризмді дамытуда кең қолданыста болуы мүмкін.
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақстандағы туризм мәселесін зерттеп, бұл саланы дамыту жолдары мен маңыздылығын анықтау
Зерттеу сұрақтары:
Қазақстандағы туризм саласының даму деңгейі қандай?
2020 жылғы COVID-19 пандемиясының сыртқы және ішкі туризмге әсері қандай болды?
Елдегі туризмді дамыту жолдары қандай?
Дамыған туризм саласының ел экономикасы мен әлеуметтік жағадайына әсері?
Шешу әдістері туралы айтатын болсақ, бұл мұқиятты түрде фактілер мен аргументтерді анализдеу және халықтың пікірін білу үшін сауалнама алу. Теориялық тұрғыдан басқа мемлекеттердің мысалы мен тәжірбиесі, оның Қазақстанда қолданысы талданатын болады. Фактілер мен аргументтерді анализдеу SWOT әдісі арқылы талданатын болады.

Негізгі бөлім
1.Қазақстандағы туризм саласының даму деңгейі қандай?
Қазақстандағы туризм саласы соңғы жылдары қарқынды дамуда. Мұны 2019 жылғы туризмге салынған инвестициялардың ел тарихындағы рекордтық көрсеткіші - 153,7 млрд теңгеге жетуі дәлелдейді [3]. Қаржылай көмектің артуымен туризм саласы да жаңа деңгейге көтеріле алады. Ал дамыған туризм Қазақстанның әлемдік жарнамасына айналуы әбден мүмкін.
КСРО кезеңінен Қазақстандағы туризм қызметі қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылып, көмектің басым көпшілігі Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары секілді өнірлерге көрсетілді. Ал еліміздің тарихи орталықтары, табиғат көріністері мен сәулет өнері секілді туристік орындары жарнамаланбай, сұранысқа ие болған жоқ [4]. Бұл тәуелсіздік алғаннан кейін де басшылықтың туризм саласына жеткілікті көңіл бөлмеуіне ұласты. Басқару органдарының туризм саласын экономиканың дамушы факторы ретінде қарастырмауы, бұл саланың дамуын тежеді. Еліміздегі туризмнің даму деңгейінің орташа болуына кадрлардың жетіспеушілігі, білім мен тәжірбиенің аздығы тікелей әсер етті. Қазіргі таңда, Қазақстанда туризм менеджерлерін даярлайтын 28 оқу орны бар. Олардың негізі 1992 жылы қаланғанымен, жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың білімі мен туристік қызметтегі тәжірбиесінің жеткіліксіздігінен, туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету қанағаттандырарлық жағдайда емес [4]. Елдегі инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласының орта деңгейі де туризм саласының баяу дамуына ықпал етеді.
Сонда да, соңғы оң жылда Қазақстан туризм саласына көңіл бөліп, қаржылай көмек көрсетіп, жарнама жасауда. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде туристік индустрияны дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған перспективалық бағыттарын дамыту жөніндегі салалық бағдарлама қабылданған болатын. Көрсетілген бағдарламаларды іске асырудың бірінші жылы барысында Қазақстанда барлық бағыттар бойынша туристік ағындардың ұлғаюы байқалып, елге келушілер саны 14,2% - ға артты. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көшпелі және ішкі туризм бойынша келушілер саны 24,5% - ға артты, бұдан туризм дағдарыс кезеңінен кейін біртіндеп қалпына келеді. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте 13 569 000 адам зерттелді: оның ішінде келу туризмі бойынша - 3 834 000 (28,3%), сыртқы туризм бойынша - 5 932 000 (43,7%), ішкі туризм бойынша - 3 801 000 (28%). Қазақстанға туристер көп жағдайда іскерлік мақсатпен келді - 57,5%, демалуға 35,7% келді [5].
2017 жылы өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі де еліміздегі туризмнің дамуына өз үлесін қосты. Көрмеге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, Қазақстанға келушілер саны артты. Көрменің өту кезеңінде күніне 7000 адам авиарейспен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келіп, 16 000 адам өзге транспорт түрлерімен келіп жатты [6]. Бұл елдегі туризм саласының дамуына септігін тигізіп, экономикалық тұрғыда да жаңа деңгейге көтерілуге әсер етті.
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде. Пандемиядан кезеңіндегі кедергілерге қарамастан 2021 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 564 млрд теңгені құрады [7]. Бұл қаражат өзге елдермен салыстырғанда жақсы көрсеткіш болып есептеледі. Басқару органдары да қазіргі кезде туризм саласына көп көңіл бөліп, әр түрлі жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда.
Сонымен, зерттеу сұрағында Қазақстанның туризм саласының кемшіліктерге қарамастан, дамып жатқандығы қарастырылды. Еліміз барынша мемлекеттегі тарихи объектілерді, көрікті орындарды, шипалы жерлерді және сәулет өнерінің туындыларын жандандырып, туризмде қолдануда.

2.2020 жылғы COVID-19 пандемиясының сыртқы және ішкі туризмге әсері қандай болды?
2020 жылы COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемге соққы берді. Пандемияның әсерінен бекітілген карантинге қатысты шектеулер әлемдік туризмге үлкен нұқсан келтірді. 2020 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша шетелдік туристердің әлемдік ағыны 3,8 есеге азайды [8].

1 сурет. Дереккөз [9]
Карантиннің қатал шектеулері мен тіпті локдаунның бекітілуі 2020 жылдың бірінші тоқсанынан бастап туризмге өз әсерін тигізді. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың бірінші тоқсанында әлем бойынша туристтер саны 28,6%-ға кемісе, ал екінші тоқсанда бірден 94,6%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіштер үшінші және төртінші тоқсандарда да азайып, шетелдік туристердің әлемдік ағыны 18,4 есеге төмендеді. Қазақстанда осы кезеңде төмендеу16,7 есе болды. 2020 жылдың бірінші тоқсанында елге келетін туристтер саны 14,1%-ға кемісе, кейіннен екінші және үшінші тоқсандарда бұл көрсеткіш 91-94%-ға төмендеді [9]. Демек, елге келушілер саны COVID-19 пандемиясының ықпалынан күрт төмендеп кетті. Бұл өз кезегінде елдің экономикасына, қонақ үйлер мен туристік орталықтардың жұмысына және жеке кәсіпкерлер мен орта және кіші бизнеске кері әсер етті.
2020 жылы елге келушілермен қатар Қазақстаннан өзге мемлекеттерге саяхаттайтын туристтер саны да күрт азайды. Шекаралардың жабылуы мен шет елдерге кірудің қиындауы туристтердің аяқ-қолдарын байлап, шектеп отырды. Бұл сыртқы туризмнің көрсеткіштерін төмендетті.
Дегенмен, COVID-19 пандемиясының ішкі туризмге әсері оң бағаланды. Бұл кезеңде ішкі туризм бірден 9,8% - ға 5,1 млн адамға дейін ұлғайды. Яғни, әрбір үшінші қазақстандық турист ел ішінде демалады [10]. Өзге елдерге саяхаттаудың қиындығына байланысты жергілікті халық Қазақстанның көрікті жерлерін, тарихи орындарын және туристік орталықтарын аралай бастады. Халықаралық туризмнің құлдырауы ішкі туризмнің жандануына мүмкіндік берді.
Қазақстанда 2025 жылға дейін туризм саласын дамытуға бағытталған, мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Kazakh Tourism компаниясы құрылған болатын [11]. Компания осы салаға инвестициялар салу арқылы ішкі туризмді дамытуға жұмыстар жүргізген болатын. Алайда, компанияның мәліметтері бойынша қазақстандықтар пандемияға дейін еліміздегі дамымаған инфрақұрылымды, бағаның жоғарылығын және қызмет көрсету саласының төмендігін алға тартып, шетелде демалуды жөн көрген. Бірақ пандемия уақытысында, әсіресе жаз мезгілдерінде Алакөл, Балқаш көлі және Каспий теңізі секілді жерлердегі туристтер саны өзге жылдарға қарағанда артқан болатын. Демек, COVID-19 пандемиясы Қазақстанның ішкі туризміне жағымды әсер етіп, халықтың еліміздің көрікті орындарын біліп, аралауына мүмкіндік берді.

3.Елдегі туризмді дамыту жолдары қандай?
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде. Еліміздің мәдени-тарихи құндылықтары, табиғаты және қонақжай халқы туризмді жаһандық дәрежеде дамытуға мүмкіндік береді. Бұл саланы жаңа дәрежеге көтерудің бірнеше жолдары бар:

2 сурет. Дереккөз [12, 147 б]
Қазақстандағы инженерлік, транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Туристтер үшін дамыған инфрақұрылым мен ыңғайлы жағдайдың болуы басты шарттардың бірі. Туристтік нысандарға жетуде қиындықтардың болуы келушілердің ыңтасын итеруі мүмкін. Ал жоғары сапалы транспорт, қонақ үйлер және туристік орталықтар туристтерді қызықтырып, келушілер саның арттыра алады.
Қызмет көрсету саласын дамыту және жетілдіру, білікті кадрлар дайындау және туризм саласындағы білім беру жүйесін заманауи әлемдік стандарттарға сәйкестендіру. Еліміздегі туризмнің жеткілікті деңгейде дамымауының басты себептерінің бірі - қызмет көрсету саласы. Мамандардың жетіспеушілігіне байланысты туризм саласында жұмыс жасайтын адамдар саны аз немесе тәжірбиенің жетіспеушілігінен жұмыс сапасы орташа. Бұл мәселені шешудің бірден бір жолы елімізде туризм менеджерлерін даярлайтын оқу орындарын ашу және студенттерді өзге елдерге тәжірбие алуға жіберу.
Елдегі маркетинг пен брендингті дамыту. Қазақстанда көрікті әрі тарихи маңызы жоғары жерлер көп, алайда шетелдік туристтер ақпараттың жетіспеушілігіне байланысты мұндай нысандар туралы білмейді. Сондықтан да, елімізді жарнамалау арқылы танымалдылықты арттыру қажет. Туризм саласы жоғары деңгейде дамыған Түркия, Грекия, Франция, Жапония сияқты елдердің маркетинг жүйесі де жоғары деңгейде дамыған, ал танымалдылығы бүкіл әлемге белгілі. Мұндай табысқа жету үшін Қазақстан туризм саласын цифрлік платформаларда және әлеуметтік желілерде дамытып, диджитализация процессін жүргізуі қажет. Сонымен қатар, елімізде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне кіретін Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Тамғалы тас археологиялық кешені мен петроглифтері, Қорғалжын және Наурызым қорықтарын біріктіретін Сарыарқа даласы мен көлдері, сондай-ақ Жібек жолы: Чанъань Тянь-Шань дәлізі желісінің маршруттары және Батыс Тянь-Шань таулы аймағы бар [12]. Бұл нысандар халықаралық ұйыммен қорғалатындықтан, олардың танымалдылығын дүниежүзілік деңгейде арттыруға мүмкіндіктер бар.
Мемлекет тарапынан туризм саласын қаржыландыру және инвестициялық тартымдылықты арттыру. Басшылық органдары көбіне өнеркәсіп пен мұнай секілді пайдалы қазбалардың өндірісіне көп көңіл бөліп, туризм секілді саларға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Мұны алдын алу үшін басшылар өз өнірлеріндегі туристтік нысандарды дамытып, қаржыландыруы қажет. Ал мемлекеттік мекемелер шетелдік немесе отандық инвесторлардан көмек ала алады. Бұл үшін елдегі инвестициялық климатты жақсартып, келіссөздердің жүргізілуін жеңілдетуге болады.
Визалық талаптарды жеңілдету және құжаттардың көлемін азайту. Елге кіруге қажетті талаптардың көптігі туристтердің Қазақстанға саяхаттауын қиындатуы мүмкін. Мұндай жағдайлар болмас үшін кедендік талаптарды жеңілдетіп, виза алу процессін қолжетімділігін арттыру керек.

3 сурет. Туризмнің дамуын тежейтін факторлар, дереккөз [4]
Қазақстандағы туризмді дамытудың басты шарттарының бірі инфрақұрылымды жетілдіру және білікті кадрларды даярлау болып қалады. Сонымен қатар, бұл саланы қаржыландыру және жарнамалау арқылы елдегі туризмді әлемдік деңгейге дейін көтеруге болады.

4.Дамыған туризм саласының ел экономикасы мен әлеуметтік жағадайына әсері?
Туризм саласын дамытудың көптеген артықшылықтары мен бюджетке алып келер кірісі аз емес. Бүгінгі таңда туризм индустриясы дәстүрлі туристік орталық болып табылатын Еуропада ғана емес, сонымен қатар Америка, Африка, Азия және Аустралия елдерінде қарқынды дамуда, тіпті кейбір елдердің басты табыс көзіне айналуда. Соңғы жылдары халықаралық туризм экономиканың басқа экспортқа бағытталған салаларына қарағанда тез дамып келеді. Халықаралық туризм әлемдік экспорттың жалпы көлемінің шамамен 7%-ын, қызмет көрсету экспортының 30%-ын құрайды. 1990 жылдан бастап әлемдік туризм кірістерінің динамикасы тұрақты түрде өсіп келеді [12, 137 б].
Туризм индустриясы нақты материалдық-техникалық базасы бар, көптеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді және экономикалық кешеннің барлық салаларын байланыстырады. Әсіресе қызмет көрсету нысандарының жиынтығын (көлік құралдары, тамақтану орындары, ойын-сауық орталықтары, білім беру, бизнес және денсаулық сақтау мекемелері) дамытады. Сонымен қатар туроператорлық және турагенттік, экскурсиялық қызметтер мен аудармашылар қызметін ұсынатын ұйымдар жұмыс істейді.

Айта кету керек, туризм ел экономикасында жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) айтарлықтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде
Қазақстандағы туризм дамуының хронологиясы
Өзіндік туризмді дамыту
Туризм саласы - кез келген саламен байланысы бар кешенді түсінік
Отандық белсенді туризм түрлерінің жағдайы
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Халықаралық туризмнің обьектісі ретінде түркияның сипаттамасы
Туризмнің мәдениетке әсері
Туристік ресурстарды дамыту
Пәндер