Дінаралық салада


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы:
Орындаған:Тұрарбек Бекзатхан
Қабылдаған:Бейсенов Айбек
Тобы:ТТО-911 Ф
КІРІСПЕ
1. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
2. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
3. ҚАЗАҚСТАН . ТІЛІ ОРЫСТАНҒАН ҚОҒАМ
4. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
4. Діндарлык салада
4. ҰЛТ Ұлағатты сөздер
Ұлттық саясат туралы айтқанда, әр адамның ойына өзінің тәуелсіз елі, сол тәуелсіздік жолындағы ұлы тұлғалардың істеген еңбектері мен ерліктері, толеранттылықтың қайталанбас үлгісін көрсетуі көз алдымызға келеді. Сондықтан да, Ұлттық саясатты қалыптастыру жолындағы, сол аумалы-төкпелі замандағы зиялылар туралы айтпай кеткен дұрыс болмас.
Қазақ халқы қай ғасырда болмасын, әрқашанда ақкөңіл, қонақжай, төзімді болғаны бәрімізге белгілі. Ұлы Отан соғысы жылдарында, сонау ашаршылық кезінде қазақ халқы зобалаңды басынан өткерді. 1931-1932 жылдары Қазақстан ауылдарын аштық жайлады. Осының салдарынан 2 млн-дай қазақ, 250 мыңдай басқа ұлт өкілдері аштан қырылды. Зорлық пен әділетсіздікке шыдамаған қарапайым халық, көрші елдер мен республикаларға (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан т. б) көшіп кетті. Міне, қазақ санының төмен болуы да осыдан.
1937-1938 жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе аштықтан миллиондардың өмірін қиған, қылмыстан кем түспейтін қанды қырғын ұйымдастырды. Коммунистер «халық жауларын» әшкерелей бастады. «Халық жауларының» тізіміне ең алдымен өз елі үшін аянбай тер төккен ойлы да, білімді Алаш белсенділері енгізілді. Олардың арасында Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы мүшесі Ә. Бөкейханов, тарихи еңбектерімен танымал инженер М. Тынышбаев, С. Сейфуллин сияқты көптеген коммунистер мен парасатты адамдар да тоталитаризм құрбаны болды. 1938 жылдың ақпан-наурыз айларының 15 күні ішінде ғана 631 адам атылды. Осылайша, қазақ зиялыларының қаймағы жойылды.
1. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерiнде құрылған ұлттық мемлекеттi сақтау және нығайту.
Осы мақсатта: барша азаматтарды қазақ ұлтының маңында топтастыру, тәуелсiздiгiмiз бен егемендiгiмiздiң баянды болуын қамтамасыз ету;
қазақ ұлтының тарихи жадын, тiлiн, дiлiн сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманындағы өзiндiк ұлттық-мәдени ерекшелiгiн қалыптастыру және әлемге паш ету;
елiмiзде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тiлi мен мәдениетiнiң дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етiп, оған деген сенiмiн арттыру қажет.
Бұл үшiн мемлекет пен қоғам өздерiнiң ерiк-жiгерiн төмендегi негiзгi мiндеттердi атқару үшiн жұмылдыруы керек:
Қазақстан Республикасы қоғамының негiзгi ұлттық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту;
қазақ тiлiн шын мәнiндегi мемлекеттiк тiл деңгейiне жеткiзiп, оны барша Қазақстан азаматтарын бiрiктiретiн факторға айналдыру;
этносаралық және дiнаралық саладағы мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиiмдi және пәрмендi қарым-қатынастарын қамтамасыз ететiн жүйенi қалыптастыру.
2. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
1. Саяси-құқықтық салада:
Қазақстан Республикасы ұлттық, дербес, құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен ел ретiнде саяси және құқықтық салаларда өзiнiң ұлттық саясатының мынадай негiзгi бағыттарын жүзеге асырады:
елiмiздiң барлық азаматтары мойындаған, негiзiнде өздерiнiң ортақ қазақ мемлекеттiгiне қатыстылығын терең сезiнетiн ұлттық құндылықтар жүйесiн қалыптастыру;
ел азаматтарының тарихи жадын және ұлттық, мемлекетшiлдiк санасын қалыптастыру үшiн «тарихи ақтаңдақтарға», әсiресе Ресей отарлауы, 1920-1940 жылдардағы ашаршылық, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргiндер мен Қазақстанға басқа ұлт өкiлдерiн зорлап депортациялау, ұлт-азаттық қозғалыстар мен ұйымдарға және 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне саяси және заңдық баға беру, ортақ тарихпен тәрбиелеу мақсатында арнайы мемлекеттiк мұражайлар мен ескерткiштер ашу;
Қазақстанда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық зардаптарынан, рухани бодандықтан арылу жұмыстарын пәрмендiлiкпен жүргiзу;
мемлекетiмiздiң негiзiн қалаған, ұлтымыздың тәуелсiздiгi үшiн аянбай күрескен тарихи тұлғалардың аттарын мәңгiлiк қалдыру бағытында ұлттық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, саяси-идеологиялық мақсатпен орнатылған, қазақ тарихына қатысы жоқ ескерткiштер мен атауларды өзгерту;
мемлекеттiң тұрақтылығы мен ұлт бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерiмен бүкiлхалықтық күрес жүргiзу;
елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн реформалау, оларды мемлекет басшысына тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн орнықтыру;
елдегi этносаралық қатынастарды реттейтiн заңнамаларды осы тұжырымдамаға сәйкестендiру;
елдiмекендер мен жердiң тарихи атауларын қайтару жұмысының тиянақты жүргiзiлуi үшiн ономастика салаларында кешендi республикалық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, оны мемлекеттiң ұлттық мүддесi тұрғысынан республикалық деңгейде шешу;
қоғамдағы демократиялық институттарды дамыту, оның iшiнде саяси партиялардың рөлiн арттыру, оларды этносаралық және дiнаралық мәселелердi шешуге қатыстыру, этностық топтардың өкiлдерiмен тығыз жұмыс жасау.
3. Тiл саласында:
Қазақстан Республикасындағы тiл саясаты төмендегi басымдықтарды iске асыруға негiзделедi:
мемлекеттiк тiлдi меңгеру елiмiздiң әрбiр азаматының мiндетi болып табылады;
мемлекеттiк тiлдi үштiң бiрi етiп әлсiретуге бағытталған «үш тұғырлы тiл» саясатына жол берiлмейдi. Әркiмнiң өз қалауы бойынша басқа тiлдердi меңгеруiне ешқандай шек қойылмайды;
қазақ елiнiң азаматтығын алуда сол адамның мемлекеттiк тiлдi меңгеруi басты талап болып саналады;
қазақ жерiнде жұмыс iстеп жатқан шетелдiк компаниялардан өз аудармашыларының мемлекеттiк тiлдi меңгерiп, үкiметтiк органдарымен, жергiлiктi кәсiпорындармен және басқа да ұйымдармен мемлекеттiк тiлде қарым-қатынас жасауы талап етiледi.
2010 жыл iшiнде «Мемлекеттiк тiл туралы» жаңа заң қабылдануы керек. Заңда қазақ тiлiнiң мемлекеттiк органдардың iс-қағаздарын жүргiзу тiлiне айналуы, оның сот, бизнес, банк, бiлiм беру, ғылым, мәдениет т. б. салаларында да мемлекеттiк тiл дәрежесiне жетуiнiң механизмдерi мен талаптары белгiленедi.
“Мемлекеттiк тiл туралы” заң қабылданғаннан кейiн Үкiмет деңгейiнде төмендегiдей шешiмдер жүзеге асырылуы тиiс:
әр мамандық иелерiне мемлекеттiк тiлдi бiлу деңгейлерiн анықтайтын “Қазтест” бағдарламасын қолдану ережелерiн бекiту;
мемлекеттiк қызметкерлердiң барлығы мемлекеттiк тiлдi белгiленген дәрежеде бiлетiн болуы шарт;
жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының мемлекеттiк тiлге толық көшу кестесi белгiленуi керек;
республикада мемлекеттiк тiлдi үйретудiң бiрiздi-сатылы бағдарламасын балабақша - мектеп - орта арнаулы оқу орны - жоғары оқу орны - мемлекеттiк қызмет жүйесi бойынша дайындап, мiндеттi мемлекеттiк бағдарлама ретiнде бекiту.
барлық мемлекеттiк шаралар мен шетелдiк келiссөздер мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi.
Республика деңгейiнде Мемлекеттiк тiлдi дамыту институты құрылуы керек. Оның басты мақсаты болып қазақ тiлiнiң модернизациясына қатысты ұсыныстар дайындап, болашақтағы латын әлiпбиiне көшуге қатысты дайындықтарды жүргiзу болып белгiленуi керек.
Республика деңгейiнде аударма орталығы құрылып, оның мiндетiне әлем әдебиетi мен ғылымның озық үлгiлерiн қазақ тiлiне аудару және қазақ әдебиетiнiң үздiк үлгiлерiн әлем тiлдерiне аудару жатқызылуы тиiс.
2011 жылы мемлекеттiк “Қазақфильм” компаниясының iшiнен ұлттық дубляж орталығы қайта қалпына келтiрiлiп, оған әлемдiк деңгейдегi рухани, ғылыми, мәдени маңызы бар кинофильмдер мен деректi фильмдердi, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған мультфильмдердi қазақ тiлiне жоғары сапамен аудару мiндетi жүктелуi керек.
4. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Ұлттық саясаттың басты ұстанымы - ұлттық құндылықтар негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (Ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мемлекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң азаматтық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң алдындағы бәрiне бiрдей жауаптылық болмайынша ел ішінде дұрыс түсiнiстiк болмайды.
Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей ортақ территория, бір ғана азаматтық, жалпыға бірдей жоғары билік, жалпыға бірдей құқық жүйесі мен жалпыға бірдей бір ғана мемлекеттік тіл негізінде дамитын болады.
Қазақ халқы қашанда қазақ жерінде өмір сүріп жатқан орыс, украин, өзбек, қырғыз, түрікмен, неміс, әзірбайжан, ұйғыр, татар, тәжік, қарақалпақ, шешен және басқа да этностық топтардың тіліне, дініне, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрметпен және төзімділікпен қараған. Бүгінгі күні де өз елінде басым көпшілікке айналған қазақ ұлты елдегі этносаралық және дінаралық бірлікті сақтауды өзінің басты міндеті санайды. Мемлекет пен оның негізі болып табылатын қазақ ұлты барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің қамтамасыз етілуінің кепілі болып табылады. Қазақ жерінде тұрып жатқан этностық топтар мемлекеттің және біртұтас азаматтық қауымдастықтың бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттің басты міндеті азаматтарға мемлекеттік тілдің маңызын жан-жақты түсіндіре отырып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуына қажеттілік тудыру.
Осы ұстанымдарды іске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет:
ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және білім беру, т. б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешенді түрде жүзеге асыруды;
нәсіліне, этникалық тобына, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етуді;
ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге, біртұтас мемлекет пен қоғамды жікке бөлуге, этносаралық және діни алауыздықты, өшпенділік пен араздықты өршітуге бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салып, тосқауыл қоюды;
мемлекет пен қоғамның ақпараттық тәуелсіздігіне қол жеткізуді, еліміздің өзіндік ақпараттық-мәдени кеңістігін құруды, өзге елдердің еліміздегі қоғамдық пікірді қалыптастыруына жол бермеуді;
еліміздің басқа да түрік мемлекеттерімен бірдей болашақта латын әліпбиіне көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргізіп, осыған қажетті дайындықтарды жасауды;
этностық немесе діни ерекшеліктерге негізделген саяси партиялардың ел тұтастығына қарсы жұмыс жасап, осы мақсатта шетелден қаржыланатын қоғамдық және діни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды;
Қазақстан халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз әрi заңсыз өкiлеттiктердi шектеу және оның жұмысының жалпыға бiрдей конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн тиiстi құжаттарды қабылдауды;
Қазақстан Республикасы шет мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, қазақ тілін, мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін сақтау мен дамытудағы істеріне қолдау көрсетуді қолға алады.
Дінаралық салада:
Бұл саладағы басты басымдықтар мынадай:
қазақ жеріндегі барлық діни ағымдардың іс-әрекеттерінде этносаралық қатынастарға нұқсан келтіретін, жергілікті халықтың әдет ғұрыптарына қайшы келетін жұмыстарына заң арқылы тиым салынады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz