Дағуаттағы жақсы байланыс құру жолдары мен әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

1. ✓ Жоспар

Тақырып Дағуаттағы жақсы байланыс құру маңыздылығы және жолдары

КІРІСПЕ

1 Дағуаттағы жақсы байланыс құру маңыздылығы

1. 1 Дағуат және жақсы байланыс түсінігі

1. 2 Көркем мәміле рөлі

2 Дағуаттағы жақсы байланыс құру жолдары мен әдістері

2. 1 Дайындалу

2. 2 Бастапқы және негізгі әрекеттер

Қорытынды

КІРІСПЕ

Бұл дүниеде күллі жаратылысқа Аса рақымды һәм қияметте мүміндерге ғана Аса мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.

Барлық мақтау-мадақ әлемдердің раббысы шексіз құдірет иесі, бүкіл нәрсені білуші әрі хикмет иесі, адамзатқа сансыз нығметтер сыйлаған Жаратушымыз Аллаһқа тән.

Сондай-ақ Әлемдерге мейірім ретінде жіберілген бізге тура жолды нұсқаушы Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке отбасы - ұрпақтарына һәм жандарымен малдарын құрбан етіп ізінен ерген Сахабаларға, Табиғиндерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Дағуат - адам баласын бұл сынақ өмірде қаранғылықтан туралыққа нұсқайтын шамшырақ. Муддәсир сүресіндегі : قُمۡ فَأَنذِر

(Тұр да, адамдарға ескерт!) деген, Аллаһтың ең алғашқы пәрмендерінде де осы Дағуат ісі болған еді. Өйткені адамзат дәім түрлі сынақтарға ұшырап жалғанмен хақтың ортасында күй кешеді. Міне сол кездері ақиқатқа шақыру көптеген жандарды құтқарады. Дағуат - шариғи ғылым саласы және сол ғылымды дұрыс меңгермеген адамның зияны пайдасынан асып түседі.

Көркем мәміле - Исламды жеткізуші ер мен әйелдің ең негізгі қаруы

Әрбір мұсылман Ислам дінінің өкілі, үлгісі болып табылады. Құдіретті шексіз Аллаһ бізге хақпен батылды ажырату үшін жіберген елшісі Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) қоршаған адамдармен қалай көркем мәміле жасау керектігінің өнеге қылып қалдырған болатын. Енді Аллаһ алдындағы миссиямызды орындау үшін соның қыр сырларың үйренуіміз судай қажет.

Зерттеу жұмысына жалпы сипаттама: Дағуаттың ең маңызды аспектілерінің бірі көркем мәміле жасау. Көркем мәміле бірнеше сатыдан, кезеңдерден тұрады. Өзіндік тәсілдері, жолдары бар. Сонын барлығы бұл диплом жұмысында жалпылама баян етіледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда Батыс елдерінде адамдармен қалай сөйлесу керек, не жасау керек, қалай істеу керек барлығын үйретеді. Алайда олар оны жаман пиғылмен немесе дүниеге жету мақсатында қолдануда. Ал мұсылмандар бұл өнерден жұрдай екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл дүниеде және Ақыретте жетістікке жету жолында тиімді қарым-қатынас орнатудың әдіс-тәсілдерін білуіміз және оны практикада қолдануымыз ләзім.

Зерттеу жұмысының нысаны: Көркем мәміле және қарым-қатынас құру шеберлігі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Ислам дініне шақыру мақсатында, халықтың әр индивидімен жақсы қарым-қатынас құрудың маңыздылығын түсіндіріп, оның жолдарын баяндау. Соған орай келесі міндеттер қойылады:

- Дағуат және қарым-қатынас ұғымын анықтау

- Көркем мәміле маңыздылығына тоқталу

- Әдістемелік құралдарды атап өту

- Түрлі тұлғалардың өмірлік тәжірибелері арқылы жақсы қарым қатынас тәсілдерін үйрету

Зерттеу жұмысының дереккөздері : Араб тіліндегі пайғамбарымыздың өмірбаяны және соңғы ғасырлардағы ғалымдардың дағуат пәніне қатысты еңбектері пайдаланылды. Соған қоса америкалық психологтар, ғалымдар кітаптарынан қосымша мәлімет алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және нәтижелері: Зерттеу жұмысының тақырыбы алғаш рет жүйелі түрде қазақ тілінде зерттеліп отыр. Бұл еңбектің құндылығының бірнеше себебін айта кетсек:

- Қарым-қатынас маңыздылығын танытады

- Келешекте зерттелетін тақырыптарға пайдалы дереккөз

- Қазіргі қоғамда сұранысқа ие ағартушылыққа бағытталған мәселелерді қозғайды

Зерттеудің жұмысының практикалық мәні: Осы еңбектен төмендегідей проблемаларды шешуге және дағуат әрекеттерінің жемісіне қол жеткізуге болады:

- Халықты Ислам дінінен алыстатып қашыртудын алдын алу

- Әр мұсылманға Ислам дініне шақыру жәй нәрсе емес екенін түсіндіру

- Мұсылмандар санының күрт өсуіне себеп болады

- Осы бағытты терең зерттеуге бастау

Зерттеу әдістері: Жұмыс барысында диалектикалық, анализдік, аналогиялық және салыстыру әдістері қолданылды.

Жұмыс құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі 2 бөлімнен, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Дағуаттағы жақсы байланыс құру маңыздылығы

1. 1 Дағуат және жақсы байланыс түсінігі

✓ Дағуаттың тілдік және терминдік мағынасы

Дағуат - сөзі талап ету, шақыру, дұға жасау сынды мағыналарды қамтыйды

Терминдік мағынасы Иман келтіруге сондай-ақ Ислам үкімдерін орындауға шақыру

Ол турасында Алла Тағала былай бұйырады :

(Уа, Мұхаммед!) Раббыңның жолына даналықпен әрі жанға жағымды уағыз-насихат айту арқылы шақыр![Нәхл сүресі: 125 аят] (Құран аудармасы, Анарбаев Н. Әкімханов А. Көкжиек баспасы )

✓ Дағуат маңыздылығы және үкімі

Қоғам - миллиондаған жеке тұлғалардаң құралатын бір байланыс торы . Мыңдаған адамдар бір-бірімен дәім байланыста болған себепті, жалғыз бір адам өзгеге әсер етпей қоймайды.

Сол үшін халықтың арасында жақсы істер жоғалғанда жаңартып, бұзғыншылық таралғанда, ескертіп тоқтатың бір топ болуы аса қажет!

Қоғамдағы адамдарды типтерге бөлсек тақуалыққа, ғылымға, және дамуға ұмытылатын, көпшілікке бағыт-бағдар көрсететін басқарушы интелегентті адамдар оларға ерушілерден аз болады. өйткені көпшілік адам тура жолды өздері тауып, біреудің нұсқауысыз ұстана алмайды. Сол үшін адамдардың жүректері қатайып, Аллаһты ұмытып өз-өздеріне зиян келтіргенде, біздің міндетіміз оларға жанашырлық таныта, туралықты көрсету.

Бұл өткінші өмірде бір адам өз-өзін өлтіру үшін ғимарат үстіне шықса, оны көрген әрбір адам әлгі кісіні құтқаруға тырысады, ал мәңгі өмірінде тозаққа апаратын әрекеттер жасап, өзін құрдымға ұшыратып жүрген адамды не үшін азаптан сақтауға асықпаймыз?

Қарапайым мысал, Бір елді-мекенде Ислам ұмытылып бұзғыншылық таралса және оны тоқтататын адам табылмаса, бұл қоғамның Аллаһтың азабына ұшырауына әкеледі.

Алла Тағала Құранда :

(Уа, мүміндер!) Араларыңда (ел-жұртты) ізгілікке шақырып, жақсылықты бұйыратын һәм жамандықтан тыятын бір қауым болсын. Міне, солар - (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткендер. (Құран аудармасы, Анарбаев Н. Әкімханов А. Көкжиек баспасы )

Осы аяттан үкім шығару барысында ғалымдар екі пікірге келген. Бір топ парыз айн десе, екінші топ парыз кифая деген тұжырымға келген

Оған себеп болған аяттағы منكم (Араларыңда) сөзі. Ғалымдар бұны кейбірі дағуат жасаса басқалардың мойынан міндеттілік түседе деп үкім шығарды. Имам Ибн Кәсир(Алла оны рақымына алсын) : “Бұл аяттан мақсат Араларыңнан Дағуат ісін қолға алып, негізгі жұмысы ретінде тағайындайтың бір топ болсын деген, Алайда одан бөлек Парыздарды бұйырып Тыймдарды тоқтату әрбір мұсылманға уәжіп” деген.

Алайда, бұл қолдан келгенше дағуатқа ұмытулыдын міндеттілігін білдіреді. Үкімі де жағдайға байланысты әртүрлі болады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүшріктер пұттарға табынып жатқанда, оларды тыймағаны туралы хадистерде келеді.

Егер адам өз жанымен, мал-дүниесіне зиян тиеді - деп қорықып жамандықты тыймаса - күнәһар болмайды.

Жақсы байланыс құру - қандайда бір адамға насихат-уағыз немесе ескерту айтар алдын онымен көркем мәміле жасап көңілің аулау. Жақсы байланыс құрудың маңыздылығы орасан зор. Тіпті зерттеулер бойынша көпшілік табысты адамдардың жетістікке жетуінің 80% жақсы байланыстар құра білгеннің арқасында, ал қалған 20% өзінің қабілеттерінде. (Кемел адам. Қайрат Жолдыбайұлы. Самға баспасы. 312 бет) Сол үшін адамдарға сөзіңіз өту үшін арадағы байланысыңыз мықты болу керек. Жақсы байланыс бұл адамның жүрегін иман нұрымен толтыру үшін салынатын жол. Адаммен байланыс құру өте күрделі процесс. Ешқашан жалғыз ас ішпен кітабында: «Байланыстың нығаюы қарым-қатынастың көптігінде емес бәлкім қалай жасалғанында» деген. Мысалы, сіз көшеде күнде бір кісіні көресіз онымен тек қана ылғи амандасып жүргеннен бір рет оны шәй ішуге шақырып әңгіме-дүкен құруыңыз байланысыңызды одан әрі күшейтеді.

1. 2 Көркем мәміле рөлі

Көркем мәміле - сөз-ісіңізбен адамның көңілің табу. Ол турасында Пайғамбарымыз

2 Дағуаттағы жақсы байланыс құру жолдары мен әдістері

2. 1 Дайындалу

· Моральдық тұрғыдан дайындық және дұрыс ниет ету

Көптеген адамдар жақындарына жаны ашып жақсылыққа шақырғанда оны қабылдамай, керісінше қарсы шыққанда сөз-әрекеттері сүйектен өтіп, жүректерін жаралап үлкен қайғыға әкеліп, ынта-жігерлері өшіп депрессияға ұшырап жатады.

Бұл жайында көптеген аяттарда аналогтық көріністерін табуға болады. Мысалы,

«Егер олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан қайғырып, өзіңді құртпай ақ қой!» [Кәһф 6 ]

«Бұл аятта Ұлы Аллаһ сүйікті пайғамбарымызды жұбатып жатыр. Яғни, олар үшін өзінін жанынды қинап қайғырма! бәлкім Оларға Аллаһтың хатын жеткіз кім туралықты қабылдаса өз пайдасына ал кім адасушылықты таңдаса өз зиянына, олар үшін қасірет шекпе!» [Тафсир ибн Касир]

«Өзін жақсы көргенге хидаятты беретін сен емес! Керсінше Аллаһ қалағанын тура жолға салады. Және кім адасушылықтан туралыққа лайықтырақ екенін де жақсы біледі. » [Қасас 56]

· Діни базалық ілімге ие болу

· Мінез құлықты дұрыстау

· Анализ жасап, план құру

“Оларға қолдарына келетінін барлығын әзірлендер!”(Анфаль, 60)

Мақсатты анықтау және план құру

-Айтыңызшы, мен бұл жерден қайда баруым керек?

-Бұл сіздің қайда барғыңыз келетініне байланысты, - деді Мысық.

-Маған бәрібір, - деп бастады Алиса.

-Олай болса, қайда барғаныңыз маңызды емес, - деді Мысық.

(Льюис Кэрролл. «Алиса ғажайыптар елінде»)

Дағуатты қалай болса солай істеуге болмайды. Дағуатпен өзіңіздін жеке өміріңіз, жұмысыңыз байланысты болады. Сондықтан оны мақсат-мұратқа қарай жоспарлауыңыз керек. Сізде “арнайы жоспар” болу тиіс. Соңғы нүктені анықтап алыңыз. Бәрі-бір күн көру үшін жұмыс істейсіз. Сол жұмыстың карьералық сатысында көтеріліп, дағуатты ұйымдастыруыңыз қажет.

Сіз компания бас директоры немесе әкім болғыңыз келе ме? Өз мамандығыңыздың майталманы боласыз ба немесе студенттік кеңестің мүшесі боласыз ба? Көп ақша табасыз ба, әлде көп достар табасыз ба?

Сіз өзіңіз қалаған нәрсені неғұрлым нақты анықтасаңыз, мақсатқа жету стратегиясын жасау оңайырақ болады. Бұл стратегияның бір бөлігі сіздің жоспарларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін адамдармен қарым-қатынас орнату болып табылады.

Барлық табысты адамдар өздерінің болашақтарын белгілі бір дәрежеде жоспарлады. Спортшылар, компания басшылары, харизматикалық көшбасшылар, бизнесмендер, табысты менеджерлер - барлығы өмірден не қалайтынын біліп, алға қойған мақсатқа мақсатты түрде қадам басты.

Бір кісі айтқандай, ешкім кездейсоқ ғарышкер болып кетпейді. Success журналының зерттеуі бойынша, 1953 жылы Йель университетінің студенттеріне бірқатар сұрақтар қойылды.

Олардың үшеуі өмірлік мақсаттармен байланысты болды:

▪ Сіз өзіңізге қандай да бір мақсат қоясыз ба?

▪ Осы мақсаттарды жазбаша түрде жазасыз ба?

▪ Сіздің мақсаттарыңызға жету үшін жоспарыңыз бар ма?

Сондағысы, студенттердің тек 3 пайызы ғана өз мақсаттарын жазбаша түрде жазып, оны жүзеге асырудың жоспарын жасаған. 13 пайызының мақсаттары болды, бірақ оларды жазбаша түрде тұжырымдамаған. Ал 84 пайызға жуығы ойын-сауықтан басқа мақсат қойған жоқ.

1973 жылы зерттеушілер сол адамдармен қайтадан сұхбат жүргізіп, мақсат қойғандар мен онсыз істеуге дағдыланған адамдар арасындағы таңғаларлық айырмашылықтарды тапты. Бұрынғы нақты мақсаттары бар студенттердің 13 пайызы, тіпті оларды жазбаса да, ешқандай мақсат қоймаған 84 пайыздан екі есе көп табыс тапты. Бірақ, ең таңғаларлығы, өз мақсатын жазбаша түрде жазған 3 пайызы сыныптастарының қалған 97 пайызынан орта есеппен он есе көп табыс табатын.

«Мақсат - бұл белгілі бір мерзімі бар арман». Бұл керемет анықтама өте маңызды бір жайтты көрсетеді. Мақсаттарыңызды белгілемес бұрын, армандарыңызды сұрыптап алыңыз. Әйтпесе, сізге ешқандай рахат әкелмейтін мақсатқа ұмтылатыныңыз анықталуы мүмкін.

Зерттеулер көрсеткендей, адамдардың 50 пайыздан көбі өз жұмысына қанағаттанбайды. Олардың көпшілігі жақсы ақша табады, бірақ сонымен бірге олар ешқандай қуаныш сыйламайтын кәсіппен айналысады. Неліктен бәріміздің мұндай жағдайға тап болғанымызды түсіндіру өте қиын. Адамдарда жұмыс, отбасы, бизнес, болашақ туралы шешім қабылдаудың ең кең ауқымы бар. Алайда, біз бәріміз өзімізде қабілеті жоқ мамандықты және өзімізге сәйкес келмейтін мансапты таңдаймыз. Көпшілігіміз өзімізге өте маңызды сұрақтарды қоймастан-ақ, бірінші мүмкіндікке секіреміз.

Мысалы, барлығына белгілі оқу орның тандауда адамдардың жалақысы көп немесе мемлекеттік гранттарға мүмкіндігі жоғары мамандықтарды ата-ана нұсқауымен таңдау. Жастардың ешқандай қызығушылығы жоқ жолды таңдап, жылдарын босқа құртып жатқандарына куә болып жатқан жайымыз бар. Кейбір бауырларымыз ойлайды “Діннін таралуына септігін тигізу тек арнайы медресе оқыған адамдарға қатысты” деп. Дағуат жұмысы бүкіл салада жүру керек.

Қаншама жылдарды діни оқу орындардың қабырғасында өткізген шәкірттер аяқтау кезінде басқа салаға кетуді ойлайды. Сол жылдарды өзі армандап, мақсат тұтқан мамындығын игеруде сарп еткенде, Ислам дініне зор пайда тигізер еді. Сіз шынымен нені жақсы көретініңіз туралы мұқият ойладыңыз ба? Сіз қандай жұмыста ерекше жақсысыз? Сіз өмірде неге қол жеткізгіңіз келеді? Сіздің жолыңызда қандай кедергілер болуы мүмкін? Көптеген адамдар бұл туралы ешқашан ойламайды. Олар не істегісі келетінін анықтаудың орнына «жасауы керек» нәрсені жасайды.

Әрқайсымыздың өз қалауымыз, күмәніміз, күшті және әлсіз жақтарымыз, қайталанбас қабілеттеріміз бар. Біздің таланттарымыз бен қажеттіліктеріміз тоғысқан жерді анықтау кезінде осының барлығын ескеру қажет. Дәл осы кезде жан қалауы мен икемнін жанасуынан адам бойында кез келген мақсатқа жетуге күш беретін жалын ұшады.

Сіздің мақсаттарыңыз бен армандарыңыздың ішкі аудитін жүргізудің көптеген жолдары бар. Кейбіреулер намаз оқиды, түрлі тақырыптарда ақпарат жианайды. Біреу жаттығу жасап жатыр. Біреуге біраз уақыт жалғыз болу керек.

Ең бастысы - «не істеу керек» туралы барлық барьерлерден, күмәндерден, қорқыныштардан және күтулерден арылу. Уақыт, ақша және міндеттемелер туралы барлық ойлардан бас тарту.

Осыдан кейін сізді жақсы білетін адамдардан сіздің күшті және әлсіз жақтарыңыз не деп ойлайтынын сұраңыз. Олардан сізге не ұнайтынын және тағы нені жақсарту керектігін сұраңыз.

Көп ұзамай сіз өзіңіз туралы біліміңіз бен басқа адамдардан алған ақпаратыңыз сіздің миссияңыз және одан әрі қозғалыс бағыттары туралы нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік беретінін көресіз.

Ірі компаниялардың және кәсіпкерлердің ең табысты жетекшілерінің көпшілігі дәл осындай әдісті қолданады.

Джеймс Чампи, атақты кеңесші және Reengineering the Corporation авторларының бірі армандар - табыстың негізгі көзі екенін айтады. Чампи өзінің «The Arc of Ambition» кітабында Тед Тернер, Майкл Делл және Джек Уэлч сияқты ұлы көшбасшылардың қабілеттері, олардың әрқайсысының табысқа жетелейтін миссиясын нақты айқындағаннан гөрі маңызды емес деген қорытындыға келді.

Ақиқатты жеткізу жолында арман- мақсаттарыңыз биік болсын. Адамның амбициясы жапон тұқыларына ұқсас. Олар қоршаған ортаның көлеміне пропорционалды өседі. Адамның жетістіктері оның армандарының ауқымы және жоспарланған жоспарлары, оның миссиясымен қаншалықты сәйкес келетініне байланысты.

Барлық жүйесі бар армандаушылардың ортақ бір қасиеті бар - олардың өз тағдырын тандау. Бұл миссия көбінесе қауіпті. Бұл жалпы санаға қарсы шығуы мүмкін. Оны жүзеге асыру кейде өте қиын болуы мүмкін. Бірақ бұл мүмкін. Арманды миссияға, ал миссияны шындыққа айналдыратын тәртіп мақсат қою процесінін өзінде көріне бастайды.

Екінші қадам: Мақсатыңызды қағазға түсіріңіз

Миссияның өзі шындыққа айналмайды. Оның жүзеге асуы іргетастан басталатын ғимарат салумен бірдей. Біріншіден, сіз арманыңыздың көрінетін бейнесін жасауыңыз керек. Содан кейін дағдыларды, құралдарды және материалдарды жинақтау керек. Бұл уақытты, сонымен қатар шешімділік, табандылық және сенімділікті талап етеді.

“Never eat alone” кітабында:

«Мен пайдаланатын құрал «қолдау желісі жоспарын құру» деп аталады.

Бұл жоспар үш бөлікке бөлінген. Біріншісі мақсаттарды анықтауға арналған, олардың орындалуы, миссияны жүзеге асыруға ықпал етеді. Екінші бөлім осы мақсаттарды адамдармен, институттармен және оларға жетуге көмектесетін жолдармен байланыстырады. Үшінші бөлім сіздің мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін адамдарды жоспарға тартудың ең жақсы жолдарын анықтайды.

Бұл жай ғана қағаздағы сызба, бірақ бұл маған, менің әріптестеріме және достарыма үлкен көмек болды.

Бірінші бөлімде мен үш жыл ішінде жасалуы керек нәрселердің барлығын тізімдеймін. Содан кейін мен артқа қарай жұмыс істеймін және миссияға жетелейтін әр жыл мен тоқсан үшін аралық қысқа мерзімді мақсаттар қоямын. Әрбір соңғы мерзім үшін мен А және В тапсырмаларының топтарын анықтаймын (минималды және максимум), олардың әрқайсысы мені түпкі мақсатқа жақындатады.

Бұл жүйе қалай жұмыс істейтінін мен жақын досым Джеймидің мысалы арқылы көрсете аламын. Ол ұзақ уақыт бойы өмірден өз жолын іздеді. Гарвард университетін бітіргеннен кейін Джейми тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алды және профессорлық мансап туралы шындап ойланды. Алайда академиялық жұмысы оған қызықсыз көрінетін. Содан кейін ол бизнеске кірісті, бірақ сауда оны қанағаттандырмады. Содан кейін Джейми Манхэттенге көшті және бірнеше ай бойы үйде отырып, не істеу керектігін ойлады. Соңында ол балаларды бәрінен де көп оқытқысы келетінін түсінді.

Мен Джеймиді жоспарымның тиімділігін тексеруге шақырдым. Алғашында бұған күмәнмен қарады: «Мүмкін, бұл бизнес мектебін бітіргендерге көметесер, бірақ мен сияқтыларға емес шығар». Соған қарамастан, ол тырысып көруге келісті.

Солайша ол жоспар құруға кірісті. Оның үш жыл бойы мақсаты мұғалім болу болды. Б мақсаты оның жай мұғалім емес, өзі тұрғысы келетін жерде орналасқан беделді мектепте мұғалім болғысы келетінін анықтады. Содан кейін ол қысқа мерзімді А және В мақсаттарын белгіледі.

(Керемет иә? Ең мықты мектептерде сабақ беруді мақсат етсеңіз қаншама дарынды балаларды Исламға қызықтыра аласыз. )

Келесі үш айда ол орта мектеп мұғалімі сертификатын алудың қадамдарын атап өтті, ол үшін қайта даярлау курстарынан өту қажет. Бір жылдан кейін ол мектеп мұғалімі болып толық уақытты жұмысқа орналасуды көздеді. Бұрын Джейми жұмыс істегісі келетін Манхэттендегі ең жақсы мектептердің тізімін жасаған.

Жоспардың сонша уақыт аралығына бөлінген екінші бөлімінде ол А және В сәйкес аралық мақсаттарға жетуге көмектесетін бір немесе екі адамды анықтады, олардың әрқайсысы соңғы жоспарға бір қадам жақындауға мүмкіндік берді.

Дайындық жұмыстарын аяқтағаннан кейін Джейми мектеп мұғалімдерін дайындайтын курстарға түсті. Ол сондай-ақ бұрын анықтаған мектептердегі қызметкерлерді таңдауға жауапты адамдардың тізімін жасады. Ақырында, ол өзі үшін оқыту құқығына сертификаттар берумен айналысатын бірқатар ұйымдарды анықтады.

Бірнеше аптадан кейін Джейми өзінің бағдарламасына толықтай кірісті және ол мақсаттар қою мен оларға жетуге көмектесетін адамдармен байланыс орнату арасындағы симбиотикалық байланысты түсіне бастады. Ол неғұрлым көп жетістікке жетсе, соғұрлым оның байланыс шеңбері кеңейе түсті. Шеңбер кеңейген сайын Джейми арманын орындауға жақындай түсті.

Жоспардың үшінші бөлігі байланыс стратегияларының қайсысы ең табысты болуы мүмкін екенін анықтауға көмектеседі. Кейбір адамдарға телефон соғу керек. Басқаларға достарының достары арқылы хабарласуға болады. Үшіншілерімен іскерлік түскі астарда немесе конференцияларда танысқан дұрыс. Мен сізге осы әдістердің барлығын қалай тиімді пайдалану керектігін көрсетемін.

Бүгінде Джейми елдегі ең жақсы мектептердің бірінде тарих пәнінен сабақ береді. Және ол бұл жұмысты шынымен жақсы көреді. »(Never eat alone Keith Ferrazi 32-33 бет)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аллаға шағыру (дағуат)
Таблиғи жамағат ағымы
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сайттарының жұмысы
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Пәнаралық байланыстардың функциялары
VPN - Виртуалды жеке желілері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі
Пәнаралық байланыстың негізі
Қоғаммен байланыс бөлімінің маңызы
Концепциялардың алғашқысы - өндірістік концепция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz