Шетел тілін оқытуда веб - сайттардың қажеттілігі


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Талапова Асель Кайратовна
Шетел тілін оқытуда Google сайтын құру және пайдалану
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Шетел тілі: екі шетел тілі 5В011900
Орал 2022 ж.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Қорғауға жіберілді
Каф. меңгерушісі
Утегалиева Б. Б.
(қолы) (ТАӘ)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Шетел тілін оқытуда Google сайтын құру және пайдалану»
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі
Орындаған: Талапова А. К.
Ғылыми жетекшісі: Насимуллина А. Б.
Орал 2022 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1. ВЕБ-САЙТТАР- ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ОЗЫҚ ТӘСІЛДЕРІНІҢ БІРІ . . . 7
1. 1. Веб-сайт ұғымының анықтамасы мен түрлері . . . 7
1. 2. Шетел тілін оқытуда веб-сайттардың қажеттілігі мен пайдасы . . . 12
1-тарау бойынша қорытынды . . . 18
2. ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ВЕБ-САЙТТАРЫН ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ . . . 20
2. 1. Google веб-сайтын жобалау және құру
үлгісі . . . 20
2. 2. “Amazing English” ағылшын тілін үйретуге арналған оқу веб-парақшасы . . . 23
2. 3. Шетел тілін үйретуге арналған оқу веб-сайттары . . .
2-тарау бойынша қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда интернет желісі, әсіресе Google бағдарламасы оқыту үдерісі мен оқуды ұйымдастыру жолдарын жақсартып, өзгешелендіру, шетел тілін меңгеруді жеңілдету мақсатында қолданатын көптеген жаңаша қосымшаларды ойлап табуда. Мысалға, Google hangout, Google classroom, Gmail, Google Doc, Google Drive секілді қолжетімді және бастысы тегін мәліметтер мен ақпараттарды игеруге мүмкіндік беретін қосымшалар әлемнің әртүрлі елдерінде кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар, жаһандану заманында күннен- күнге дамып жатқан интернет желілілері, әсіресе веб-парақшалар қашықтықтан оқыту мен онлайн оқуды қолайлы үрдіске айналдырып жеңілдетуде. Бұл дипломдық жұмыста біз шетел тілін меңгеруге арналған веб-сайттарды сабақ барысында қолданудың артықшылықтары мен Google жүйесінде парақшаларды жобалаудың жолдарын көрсетіп, оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде ескеру қажет кейбір теориялық және практикалық себептерді талқылаймыз. Сонымен қатар, Google веб-сайттарын шетел тілін үйренуде қолданудың ерекшеліктерімен таныса отырып, оның басқа қосымшалар мен бағдарламаларымен салыстырғандағы айырмашылықтарды қарастырамыз. Оқу іс-әрекетінің жаңаша мысалдары мен тиімді әдіс-тәсілдері, сондай-ақ Google негізінде жобаланған парақшалар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, төрт негізгі дағдыны дамыту жолдары да талқыланады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қарқынды дамып келе жатқан кезеңде өмірімізді интернет қызметінсіз елестету мүмкін емес. Әлемдегі барлық адамдардың санасын жаулап алған, ал күнделікті өмірінде маңызды орын алатын кем дегенде кез-келген бір әлеуметтік желіні мысал ретінде алып талдасақ, қолданушылар саны мен танымалдылығы күн сайын артып жатқанын естиміз. Оның бірден-бір себебі қолдану барысында еш қиындық тудырмайтындығы мен төлемді қажет етпеуінде. Ал ең бастысы, осындай желілердің қоғамда және адамдардың өміріне үлкен өзгерістер енгізуінде. Оның бірі - білім беру саласында орын алып жатқан өзгерістер. Осылайша, шетел тілін меңгеру үдерісін қызықты да тиімді, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңартуға мүмкіндік беретін веб-сайттар пайдаланушыларға деңгейлерін дамытып, тілдік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, виртуалды байланыс пен сол арқылы жүзеге асатын коммуникация үдерісі адамдардың географиялық орналасуындағы ерекшеліктері мен уақыттың айырмашылығына қарамастан бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, өзара әрекеттесуінде маңызды рөл атқарады.
Жаһандану мен интернационалдану дәуірінде интернет желісі мен веб-сайттардың түрлері қоғамда жаңа орта тудыра отырып, түрлі мүмкіндіктер ұсынып, сол ортаға бейімделудің басым құралы болып табылады. Қазіргі уақытта тілдерді үйрену мен оқытудың көптеген мүмкіндіктері мен таптырмас жаңаша тиімді әдіс-тәсілдері бар. Әлеуметтік желі мүмкіндіктерін пайдаланатын тілдерді үйрену сайттарының мысалдарына Duolingo, Turboenglish, Babadum және басқа да сайттарды жатқызуға болады. Осы желілік қоғамдастықтардың басты мақсаты - әлеуметтік өзара әрекеттесу арқылы жаңа тілдерді үйреніп, тәжірибеде қолдануға мүмкіншіліктер беру.
Осындай сайттардың бір ерекшелігі, яғни шетел тілін үйренуде ең қызықтыратыны және ынталандыратыны - қолданушыларға тікелей сол шетел тілінде еркін сөйлей алатын адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, түрлі бейне, аудио немесе мәтіндік чат арқылы өзара хат алмаса отырып, тілді меңгеру мүмкіндігі. Ал ең бастысы, шетел тілін үйренуге арналған веб-сайттар басқа елге бару немесе сол елде тұрып, шетел тілін жетілдіруге қарағанда қол жетімді мүмкіншілік деп есептелінеді.
Google жүйесіндегі қосымшалармен жобаланған тілдерді үйренуге арналған веб-сайттар қолдану барысындағы ыңғайлығымен, қолжетімділігімен, уақытты үнемді, әрі тиімді пайдаланудағы мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Google жүйесіндегі басты Google Drive, Google Sites, Google Doc, Gmail сияқты қосымшаларымен веб-сайттарды жобалау және оның қызметтік сервистерін пайдалану арқылы шетел тілін меңгеру және мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеті: Шетел тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдеріне тоқталу; Google қосымшаларын пайдалану жолдарын түсіндіру және осы қосымшалардың шетел тілін оқытудағы тиімді мүмкіндіктерін көрсету; веб-сайттардың шетел тілін үйренуге қалай көмектесетіні туралы практикалық түсінік жасау; Google негізінде жасалған парақшаларды пайдалану мәселелері бойынша қорытынды жасау: қазіргі білім берудегі Интернет желісі мен түрлі сайттарды қолданып шетел тілдерін оқыту әдістемесі жайлы айту және ағылшын тілін үйретуге арналған “Amazing English” оқу веб-парақшасы жөнінде мәлімет беру.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы: Теорияны қазіргі заманғы инновациялық технологиялар саласындағы зерттеулер үшін қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың практикалық өзектілігі: Веб-сайттарды сабақ барысында қолдануға болады, сонымен қатар оқытушылар мен оқушылардың ұсыныстары шетел тілдерін оқытуды ұйымдастыру үдерісі мен оқуда қолданылады.
Әлем дамып, қоғам тез өзгеріп жатқандықтан, ағылшын тілі мұғалімдері үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) жетістіктерінен хабардар болу қажет. Себебі, бұл мұғалімдерге сыныпта оқытуды жақсартып, тілдік ортаны құруға мүмкіндік береді. Қазіргі заманның мұғалімдерінің алдында тұрған мәселелер бұрынғыдан мүлдем өзгеше болуы мүмкін. Мысалы, технологияны қолдануға қатысты сыныптағы қажеттіліктерге мұғалімдер тез дағдылана алуы да маңызды талаптардың қатарында. Білім беру жөніндегі кеңесші Марк Пренский ақпараттық-коммуникацилық технологиялар туралы айта отырып, қазіргі кезде оқушылардың көпшілігі «сандық ана тілінде сөйлейтіндер» болып саналады деген екен. Бұл олардың кез-келген электронды құрылғымен, соның ішінде ұялы телефондар мен интернет желісін қолданумен таныс болғандығына байланысты айтылған ой. Өйткені, олар кішкентай кезінен жаңа заттарға қызығушылықпен қарап, қолданып, тез үйреніп алуға құмартып тұрады. Сондықтан да, мұғалімдер өз оқушыларымен осы технологияларды, әсіресе веб-сайттарды қолдана отырып, білім беру үдерісін одан да қызықты әрі тиімді, оқушыларды ынталандыру мақсатында қолдануы керек деп күтілуде. Бүгінде оқушылар ағылшын тілін толыққанды меңгеру олардың болашағы үшін маңызды екенін түсінеді. Осылайша, олар ағылшын тілін меңгеруге деген көзқарастарын өзгертіп, алға қойған мақсатына жету үшін ынталануы керек. Осындай көптеген факторлар олардың мінез-құлқы мен өмірге деген көзқарасын өзгерте алады. Ал мұғалім ағылшын тілі сол оқушылардың өз мақсатына жетуі үшін ауадай қажет екенін түсініп, қол ұшын беруі қажет. Демек, олар белгілі бір мақсатта, яғни ағылшын тілін меңгеру жолында бірге еңбектенуге міндетті. Ағылшын тілі мұғалімі ағылшын тілінің оқу бағдарламасынан тыс оқушылардың төрт негізгі дағдысы мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға көмектесетін материалдардың болуы керек екенін де білуі керек. Шын мәнінде, олар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруда заманауи, дамыған ақпараттық құрылғылар мен қосымшыларды қажет етеді.
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты шетел тілін меңгеруде көптеген зерттеушілер бағыт-бағдар мен негізгі мақсатты өзгерту қажет деп санайды. Содан кейін ғана қажетті материалдарды санаттарға бөліп, әдетте жұмыс аймағына қатысты арнайы материалдарды таңдайды. Егер мұғалім немесе сайтты жобалаушы оқушылар мен жалпы қолданушыларға қажетті нақты ақпараттар кешені мен жалпы білім үдерісіне назар аударатын болса, олардың ағылшын тілін оқуға деген қызығушылықтары артып, белсенді оқу жұмыстарын жүргізе бастайды. Осы тұста мұғалім оқушыларды ынталандыру мақсатында ақпараттық-коммуникация құралдарын қолдана алады. Әсіресе, ең тиімдісі бұл- шетел тілін меңгеруге бағытталған оқу бағдарламалық веб-сайттары. Олардың тиімділігі мен ерекшелігі- кез-келген оқушы немесе студент кез-келген жерден сайтқа тіркеліп, пайдалана алатындығында. Веб-сайт білім алушыларға ағылшын тілін меңгеруге және әрі қарай жетілдіруге көмектеседі деген сенімдеміз.
1. ВЕБ-САЙТТАР- ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ОЗЫҚ ТӘСІЛДЕРІНІҢ БІРІ
1. 1. Веб-сайт ұғымының анықтамасы мен түрлері
Веб-сайт немесе жай ғана сайт - бұл өзара байланысқан әр түрлі веб-парақшалардың жалпы атаумен аталып, бір жерде жарияланатын, браузердің көмегімен кіруге болатын желі [11] . Веб-сайттардың негізгі элементтері веб-мекен-жай немесе веб-парақтар, бастапқы беті мен веб-сервер болып табылады. Ал бұл элементтер өз алдына жүктелген аудио- және бейне-материалдардан, суреттерден, мәтіндерден және басқа да мультимедиялық толықтырылудан тұрады. Кез-келген керек парақшаның веб-мекен-жайын интернет байланысы арқылы алуға болады. Парақшаның әрбір элементі бір-бірімен байланысты және қолданыста үлкен маңызға ие. Веб-сайттқа кіру үшін міндетті түрде ең алдымен браузер қажет болады. Содан кейін ғана қажетті веб-парақшаны мекен-жай жолына арналған арнайы URL- мекен-жайын енгізу арқылы ашуға болады. Веб-сайтты пайдалану арқылы кез-келген веб-бетте керекті ақпаратты таба аламыз. Ал егер жаңа гипер- сілтемелер болса, онда қосымша сілтемелерді немесе батырмаларды басу арқылы қосыла отырып, қосымша ақпараттарды алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, көптеген сайттар сізге ақпараттарды іздей отырып, бір уақытта қатарынан музыка тыңдауға, бейнежазбаларды көруге, сауда жасауға, сөйлесуге және т. б. мүмкіндіктерді береді.
Әр веб-сайт өзінің артықшылықтарына және оны пайдаланатын аудиторияға байланыста түрлі мақсаттарға ие болады. Олардың кейбір түрлері өнімдерді сатып алу немесе сатуға бағытталып, ал басқалары практикалық ақпарат беруге, үшіншілері тек көңіл көтеруге арналған болса, келесі тобы білім алу мақсатында жобаланған. Веб-сайттардың бірнеше түрлері бар және оларды келесідей топтарға жіктеуге болады:
1. Оқу- тәжірибелік және ақпараттық сайттар
Бұл веб-сайттың негізгі мақсаты- оқырманның жаңа ақпаратпен танысуы немесе кез-келген тақырыпты жақсы түсіну мақсатында белгілі бір пайдаланушыға/аудиторияға нақты қажетті, пайдалы ақпаратты жеткізу болып табылады. Осы сайттардағы ақпараттар кеңестер мен ұсынымдар, түзетулер мен жөндеулерді, қолдау көрсету ақпараттары мен нұсқаулықтарды қамтиды [12] .
2. Көңіл көтеруге негізделген ойын-сауық веб-сайттары
Бұл веб-сайттар қолданушыларға тек қана ойын-сауық тақыптарына қатысты ақпараттарды көрсетеді. Олар: интернет желісіндегі атақты адамдарға қатысты жаңалықтар шығатын түрлі журналдар, спорттық хабарлар, фильмдер, өнерге қатысты сайттар және т. б. Көңіл көтеруге негізделген ойын-сауық веб-сайттары пайдаланушыларды қызықтыру мақсатында соңғы жаңалықтар мен ақпараттарды жиі жаңартып отырады. Сонымен қатар, мұнда түрлі бейнелер, подкасттар, слайдшоулар, бейнерөліктерді және басқа да мазмұндармен қамтылған мультимедиялық ақпараттар кешенін табуға болады [12] .
3. Электрондық коммерциялық веб-сайттар
Электрондық коммерциялық веб-сайттардың мақсаты - пайдаланушыларға өнімді сату және сатып алу үдерісін жүргізу. Әрине бұл салада табысқа жету үшін электрондық коммерция веб-сайттары қолданушылардың кәсібін дамыту мақсатында түрлі онлайн жобаларды ұйымдастыра отырып, пайда табуға бағытталған әдістер мен қызметтерді біріктіреді. Әсіресе бизнес жоспарларды құруда, оны әрі қарай дамуына ықпал етеді [12] .
4. Қызмет көрсетуге негізделген бизнес-сайттар
Іскери сайтқа немесе кәсіпті дамытуға негізделген бизнес-сайттардың мақсаты - сайтқа кірушілерді және пайдаланушыларды сервистік компанияның клиенті болуына ықпал жасау, қолдау және дамытуға өз септігін тигізу. Бұл парақшалардың жұмысы компанияның және оның сайтының мақсатты түрде нарықта сенімді және тәжірибелі қызмет көрсетушісі ретінде жүзеге асырылады [12] .
5. Блог
Блогтың мақсаты - жеке немесе шағын топ басқаратын, бейресми немесе сөйлесу мәнерінде жазылған үнемі жаңартылып отыратын веб-сайтты немесе веб-парақты ұсыну. Мұндай веб-парақшада интернет желісін қолданушылар өздерін қызықтыратын танымал адамдардың жеке өмірлері туралы ақпараттарды алуға немесе өздерінің жеке өмірлерін басқаларымен бөлісу мақсатында жүргізулеріне болады. Ескере кететін бір жайт, блогтарды сол салада, яғни информатика мен компьютер саласын арнайы оқымаған, технологияларды қолдануда біліктілігі аз кез-келген пайдаланушы жүргізе алады [12] .
6. Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілердің мақсаты - қолданушылардың достарымен, отбасымен, әріптестерімен, таныстарымен және тіпті бейтаныс адамдармен географиялық орнына, яғни басқа мемлекет немесе қалада тұратынына, уақыт айырмашылығына қарамастан қарым-қатынас орнатуға, өзара пікір алмасып, танысуға, сөйлесуге мүмкіндік беру. Яғни, бұл бірнеше сайттардың жиынтығы болып табылады. Ал қазіргі кезде көптеген қызмет көрсету орталықтары мен компаниялар өз тұтынушылар санын көбейтіп, олармен тікелей байланыс орнатуда, салаларын әрі қарай дамыту үшін әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланады. Сәйкесінше, бұл олардың өнімдері мен қызметтері туралы тұтынушылардан кері байланыс алуға және олардың қызмет саласы мен тауарларын жақсартуға не қажет екендігі туралы көбірек ақпараттар алуға мүмкіндік береді [12] .
Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сүйене отырып, веб-сайт - бұл өзара байланысқан әр түрлі веб-беттердің негізгі орталығы және браузердің көмегімен алғашқы бетке кіру арқылы түрлі қажетті мәліметтерге оңай қол жеткізуге мүмкіндік беретін электрондық құжаттар жиынтығы екенін анықтадық. Қолданушылардың қызығушылықтарына байланысты сайтты бірнеше бағытта, түрлі мақсатта пайдалануға болады. Аталып өтілгендей кейбір веб-сайттар тауар сатуға және айырбастау мақсатында қолданылса, басқалары жаңалықтарды бөлісіп, білім деңгейін жетілдіруге арналған.
Қазіргі таңда, күннен- күнге дамып жатқан цифрлық қоғамда мектеп оқушылары мен студенттер интернет желісін білім алу мақсатында қолданып жатыр. Осы мақсатта авторлар жаңаша оқу бағдарламалық веб-сайттарды жобалай отырып, әр түрлі курстық модельдер жасап шығаруда. Өйткені, веб-сайтты пайдаланушылар тек желіні өз бизнестерін алға жылжыту мақсатында, сайттарды ойын-сауық, яғни көңіл көтеру үшін ғана емес, сонымен бірге жаңа шетел тілін меңгеруге, әрі қарай білімдерін жетілдіріп, кәсіби тұрғыдан кемелдену, өзін жан-жақты дамыту негізінде қолдануда. Қазіргі таңда шетел тілдерін үйренуге және оқытуға арналған түрлі веб-сайттар бар және олардың саны күн сайын артуда. Пайдаланушылардың бұндай сайттарды қолдануларының бірден-бір себептері кез-келген жерде, кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта парақшаларға тіркеліп, үйренуге, оқуға мүмкіндіктің берілуі, ал ең бастысы сол тілді тіл тасымалдаушысының өзімен тікелей байланысқа шығып, тәжірибе жүзінде машықтануына мүмкіндік беруінде.
Веб-сайттардың түрлі дизайны мен мазмұның салыстыра отырып, пайдаланушылар өз талғамына сай қажетті ұнаған біреуін таңдап, нәтижелі әдіс-тәсілдер көмегімен аз ғана уақыт ішінде жетістіктерге жетуде. Интернет желісі өмірімізде пайда болғаннан кейін кез-келген әлеуметтік, мәдени немесе білім беру ортасының пайдаланушылары веб-сайттарды пайдалануды және одан пайда көруді ыңғайлы деп есептейді. Бірақ та, бұл үшін ең алдымен веб-сайттардың сыртқы келбеті, яғни дизайны мен веб-беттердің композициялары, мазмұны, сайттың графикалық безендірілуі, фон түсі, текстурасы, шрифты, сілтемелер түрі және веб - беттегі суреттердің орналасуы және өлшемі бойынша қолайлы деңгейге жетуі маңызды [ КАРТАЛ] . Келесі сипаттамалық абзацтарда біз жақсы веб-сайттың негізгі сипаттамаларын ұсынамыз:
1) Жалпы физикалық сипаттамалар немесе веб-беттер композициясы: мұндай веб-сайттың ерекшеліктерінің қатарына оның жалпы, негізгі құрылымын құрайтын анықтаушы факторларды жатқызамыз. Мысалы, графика, графикалық редактор мен құралдар, түстер палитрасы, сілтемелер мен батырмалар және т. б. сияқты функциялар мен элементтер жатады. Бұл көбінесе веб-сайттың дизайнымен байланысты болады. Қолдануға ыңғайлы сайт келесі сипаттамаларға ие болуы керек:
• Ерекшелінген, қолданысқа ыңғайлы дизайн, яғни барлық бөлімдер анық көрініп, ақпараттарды іздеу барысында еш қиындық тудырмауы қажет.
• Пайдаланушы сайтпен жұмыс жасау барысында бірнеше терезелерді қатар қолданған кезінде, оларды ашуға еш кедергі болмауға тиісті.
• Сайттың түстік палитрасы, яғни веб-беттердің композициясы дұрыс таңдалуы қажет. Себебі, көп жағдайларда таңдалынып алынған түстер қолданушыларға психологиялық жағынан әсер ете алады. Пайдаланылатын түстер көзді шаршатпай, керісінше қызықтырып, назарын аудартатындай таңдалу керек.
• Мүмкіндігінше сайттағы фонның барлық беттерде өзгеріссіз немесе бір қалыпта қалуы. Ақпараттар мен мәліметтердің, бөлім және бөлік атауларының еш қиындықсыз оқылуы, пайдаланушының есінде қалу мақсатында максималды түрде қаныққан түсті пайдалану.
• Пайдаланушылар сайттағы тапсырмалар мен жаттығуларға сәйкес онлайн сөздіктерді немесе басқа бағдарламалық жасақтама мен мүмкіншіліктерді қолдана алуы керек.
• Пайдаланушылар веб-сайтта кез-келген лингвистикалық немесе грамматикалық тақырыпқа қатысты аудио материалдар мен бейне-роликтермен жұмыс жасай алу мүмкіндігінің болуы қажет [ КАРТАЛ] .
2) Контексттік сипаттамалар: бұл ерекшеліктерге веб-сайттан табуға болатын ақпараттар мен мәліметтер мазмұнының сипаттамаларын жатқызамыз. Мысалға, қарапайым қолданушынының білім деңгейін тексеру мақсатында жасалатын тест тапсырмалары, оқу бағдарламасы, сабақ жоспарлары, жаттығулар мен тапсырмалар және т. б. сияқты функциялар. Бұл негізінен сайтта қолданылатын материалмен және әр бөлімнің тақырыбымен байланысты болады. Дегенмен, барлық бөлімдердегі мәлеметтер, анықтамалар мен ұсыныстар қарапайым, түсінікті тілде жеткізілуі керек. Осындай мүмкіндіктер пайдаланушыларға өз беттерімен, тәлімгердің қажеттілігінсіз тілді меңгеруге және тапсырмалрды өз бетінше орындауға үйретеді. Тиісінше, жақсы сайт келесі контексттік сипаттамалардан тұруы қажет:
• Пайдаланушылар өздерінің деңгейіне, қажет ететін тақырыбына сәйкес келетін тапсырмалармен жұмыстана алу мұмкіндігі.
• Сайтта орналастырылған мәліметтердің барлығы пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жарап, оқуға деген ынтасын арттырып, қызығушылықтарын арттыра білу қажет. Жаттығулар мен ақпараттар нақты тақырыптармен, нақты тәртіпте, ұқыпты орналасуы керек.
• Әр деңгей мен әр тақырып үшін барлық типтегі материалдар толық қамтылуға міндетті. Мысалы, жазбаша, визуалды, аудио және бейне мәліметтер.
• Сайттағы мәліметтер қосымша қол жетімді материалдармен, яғни кітаптар, газеттер, журналдар, фильмдер немесе басқа да ақпарат көздерімен толықтырылуы қажет.
• Сайттағы жаттығулар мен тапсырмалар қолданушылардан ұсыныстар мен түзетулер енгізуге мүмкіндік беріп, пайдалану кезінде икемді болуы керек. Пайдаланушылар жаттығулар орындау кезінде өздеріне қажетті мәліметтерді сақтауға немесе жүктеуге, бірнеше тапсырмаларды бір уақытта орындай алу мүмкіндігіне ие болуы керек.
• Пайдаланушылар міндетті түрде әр орындалған тапсырмалардан кейін кері байланыс алып, жіберілген қателіктермен жұмыстануы қажет. Кері байланыс қолданушылардың өздері қалаған, әрі өдеріне ыңғайлы форматта жүзеге асқаны дұрыс. Мысалы, электрондық пошта, видео-байланыс және т. б. арқылы [ КАРТАЛ] .
3) Педагогикалық сипаттамалар: бұл айырмашылыққа тілді үйрету мақсатында қолданылатын тиімді әдістерді, тәсілдерді, кері байланысты және білімге қатысты кез-келген нәрсені қолдануға байланысты оқыту мен оқыту үдерісін жүзеге асыртуға ықпал ететін сипаттамаларды жатқызамыз. Сондықтан да, веб-сайт келесі педагогикалық сипаттамаларға ие болуы керек:
• Тапсырмаларды орындауға қатысты жасалған түсініктемелер мен нұсқаулар қысқа және түсінікті түрде жеткізілуі.
• Пайдаланушыларға берілетін кері байланыс ақпараттық, нақты дәлелдемелер және мысалдармен келтірілген, сындарлы болуы керек.
• Сайттың негізгі мазмұны білім берудегі және тілді үйретуге жаңалықтармен және инновациялық үрдістермен ескеріле отырып жасалуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz