Шығарманың көркемдік ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
"Қаһар" романы- ұлт трагедиясының айнасы.
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
І.ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 "Қаһар" романдары "Көшпенділер" трилогиясының бастауы
1.2 Ұлт трагедиясының айнасы
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Атадан туған ұл, ата жолын қуған ұл ...
2.2. Шығарманың көркемдік ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Қазақ халқының сан ғасырлық бұралаң жолды тарихындағы ерекше
өзгерістерге толы ХХ ғасырдың халқымызға бергені мен басына салған зұлматы мен зобалаңы аз болған жоқ.Сонау 1916 жылғы қырғыннан бастап, Қазан төңкерісін, азамат соғысын, Ұжымдастыру кезеңін бастан өткерген қазақтың қаймағын сыпырған 1932 жылғы нәубет аштық, 1937 жылғы мыңдаған арыстарымыздан айырылған қанды қырғын жарты миллион қазақтың өмірін қиған екінші дүниежүзілік соғысқа ұласты.
Соғыс біте салысымен әлемдік жанталаса қарулану науқанының салдарынан кең байтақ қазақ жерінің әр түкпіріне әскери сынақ полигондары орнап, халқымыз атом қаруының уына малынғанымен қоймай 1954 жылдан бастап тың игеру деген желеумен келген миллиондаған келімсектердің қаптауы салдарынан өзжерінде азшылыққа ұшырады.
Осынау ұлт болашағына балта шапқан оқиғаларға қарсы тікелей қарсылық көрсетуге әрекет дәрмен жоқ еді. Сол кезеңнің өзінде шындықты жайы салған ержүрек жандарды коммунистік партияның ұлт саясатына қарсы шықты, өткен дәуірдегі хандар мен батырларды, билерді насихаттады деген желеумен қалам-қағазын қару еткен Б. Кенжебаев, Е. Бекмаханов сияқты ұлт зиялылары 20 жылдан мерзім арқалап сотталды. Осындай рухани қысымның әсерінен көптеген зиялыларымыз өздерінің әлеуеттерін туған халқына пайдалы академиялық мақсаттарға толығынан жұмсай алмай
арманда кетті Кеңес Одағы атты алып мемлекеттің тізгінін қолына алған Никита Хрущевтің жылымық кезеңінен дауылдан кейін кеңес әдебиетінде тарихи дәуірлерді бейнелеген шығармалар көптеп жазыла бастады. Қазақ әдебиетінде осы бір үрдіс өзінің бар мүмкіндігін пайдалана отырып көрініс тапты. Н.С.Хрущевтің жылымық кезеңінен дауылдан кейін алып империяны Л. И. Брежнев басқарған тоқырау кезеңінде Кеңес әдебиеті бірыңғай социалистік жасампаздықты жырлаған схоластикалық бірсарындылығына қоса ізденістің жаңа қырларымен танылып, табысы мен жоғалтқаны астаса алға басқан болатын. Қазақ халқының өткен дәуірдегі айтұлы ерлері мен ел бастаған көсемдерін ұлт тамырынан алшақтай бастаған , орыстандыру науқанының бұрын - соңды болмаған қарқынмен жүріле бастаған осы бір алапат кезеңде келешек ұрпаққа талдап таныту, сол арқылы қазақтың жаңа буынын азаттық жолындағы арманға жетелеуге күш салған дарабоз қаламгерлеріміз туып шықты.
Қазақ ақын-жазушыларының батыс, шығыс әдебиетінің жауһарлары
мен ауыз әдебиетінің мол қазынасынан қатар сусындаған аса дарынды дажігерлі жас та жаңа буыны әдебиетке араласты. Олар Қ.Ысқақов, С. Сыматаев, О. Сүлейменов, М. Мағауин, Қ.Жұмаділов, Д. Исабеков, Ж. Нәжімеденов, М. Мақатаев, М. Шаханов, Қ.Мырзалиев, О. Бөкеев, Ә.Кекілбаев т. б еді. Осынау көп таланттар шоғырының арасында әдебиетке кеш келгенімен, бірден биік деңгейге көтеріліп, тарихи тақырыпқа батыл барған бірегей жазушы - Ілияс Есенберлин болатын.

Тақырыптың өзектілігі : Тағдыры талайлы талантты жазушы Ілияс Есенберин және оның шығармалары өз жанашырлары тарапынан көп ізденушілікті қажет етеді. Сонымен бірге жергілікті жазушы ретінде мектеп оқулықтарына балалар ұғымына лайық шығармалары енгізілсе , оқушы қауымына тереңірек таныс болар еді деген себепті, бұл жұмысымызда жазушының шығармаларының көркемдік әлемін зерттеуді обьектімізге айналдырып отырмыз.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері .
* Қаламгердің шығармашылығын жан- жақты қарастырып жұршылыққа таныстыру.
* Осы еңбегіміз арқылы жазушының мұрасына қатысты болашақтағы кең, ауқымды, сүбелі зерттеулерге түрткі болып, өрісті істерге қозғау салу.
* Ілияс Есенберлин шығармаларының тілін, стилін тану, тақырыптық- идеялық аясын аша отырып, түйінді пайымдаулар жасау.
* Зерттеу нысаны. Қазіргі таңда бұл роман тарихтың тағылымын зерделеу үшін ең басты шығармалардың бірі болып табылады
* Зерттеудің әдісі: Ғылыми жұмысымызда баяндау, талдау, салыстыру, жинақтау, қорыту әдістері алынды.
* Зерттеудің дерек көздері. Ілияс Есенберлиннің туындылары, естеліктер пайдаланылды.
* Көшпенділер трилогиясы
* Зерттеу жұмысының құрылымы. Бұл еңбек зерттеу мақсатына орай кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және тақырыпқа қажетті пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І.ӘДЕБИ ШОЛУ
Ілияс Есенберлин (1915-1983) Ақмола облысындағы Атбасар қаласында дүниеге келген. Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп, 5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ільяс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды. Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс ісей жүріп, Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына түсті. Талантты да талапты бала тез көзге түсіп, 1937 жылы Қазақстан КСР-ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Советтерінің алғашқы Төтенше съездіне делегат болып сайланды. 1940 жылы институтты аман-есен аяқтап, Жезқазғанға жұмысқа жіберілген. Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылтып, Рига әскери-саяси училищесінде оқып, соғысқа аттанды. 1942 жылы қатта жарақаттанып, госпитальге түсіп, бір жылдан соң мүгедек болып елге оралды.1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің аппаратында инструктор болып жұмыс істеді.Соғыс аяқталарда, 1937 жылы атылып кеткен әділет халық комиссары Хамза Жүсіпбековтың қызына үйленіп, қайныенесін АЛЖИР-ден алдырғаны үшін НКВД-ның назарына ілігіп, 1949 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қарақұм каналы құрылысында жарылыс жұмыстары жөнінен тау инженері болып бес жыл жұмыс істеп өтеді.Айдаудан келген соң Қазақ КСР-ның Геология министрілігінде, кейін шахтада басқарма басшысы болып қызмет атқарады.Ұсталғанша ол өлең азса (Айша (1945 жыл) және Сұлтан (1949 жыл) поэмалары, Алғыс өлеңдер жинағы (1949 жыл), жазасын өтеп келген соң прозаға көшті (Адам туралы повесть (1954 жыл), Өзен жағасында (1960 жыл).1958 жылдан Қазақфильм киностудиясында редактор, 1962 жылдан Қазгослитиздат мекемесінде редактор, 1967 жылдан Жазушы баспасында директор, содан Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1971-1975 жылдары) болып қызмет атқарды.1975 жылдан бастап толық шығармашылық жұмысқа көшіп, 16 жылда 15 роман дүниеге әкеледі. 1962 жылы драматургияда күшін сынап, Таудағы тартыс пьесасы Республикалық жас көрермен театрының сахнасында қойылды. Қазақ тіліне Константин Дмитриевич Ушинскийдің шығармаларын аударды.1969 жылы Қаһар, 1971 жылы Алмас қылыш, 1973 жылы Жанталас романдарын жазды. Романдар 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген Көшпенділер трилогиясына біріктірілді. Сөз болатын тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды тарихи тақырыпта қалам тартылмаған. Алғаш рет 1976 жылы Көшпенділер атымен жарық көрген трилология орыс тілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы Көшпенділер трилологиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды. 2005 жылғы есеп бойынша, дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Бұл трилогияның негізінде 2005 жылы Көшпенділер атты тарихи көркем фильмі түсірілді. Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің қаламынан туған Айқас, Ғашықтар, Қатерлі өткел, Алтын құс, Маңғыстау майданы, Алтын аттар оянады, Көлеңкеңмен қорғай жүр, Алыстағы арпалыс, Аққу құстар қуанышы, Махаббат мейрамы романдары - тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, әдебиетке серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар. Өмірінің соңында жазушы Алтын Орда трилогиясын жазды (1982-83 жылдары). Жазушы 1983 жылы Алматыда дүние салды.
Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары -- "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары. Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі. Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХҮ-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды. "Алмас қылыш" романы -- XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі -- жанрлық заңдылық. "Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы -- Әбілхайыр, екінші жағы -- Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі -- Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген. Романның басты идеясы -- қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері. Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардьщ, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету арқылы жасайды. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді. Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ. Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады. Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30 -- 40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді. "Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі. Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген. Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, "Ташкентті шабу керек" деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары -- Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі. Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі. Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің "Қаһар" романы -- қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.
І.Есенберлин туралы ғұлама ғалым Әлікей Марғұлан былай деген еді:
Ілияс Есенберлин-қазақ халқының шежіресі, фольклор дәстүрі , мәдениеті мен
тұрмыс - салтының білгірі. Ол өзінің осы көл - көсір байлығын көркемшығармаларының бойына ерекше шеберлікпен сіңіріп жіберген І.Есенберлиннің өз заманында өзгелерден оқшау тұрған дара сипатты қаламгер екендігі жайлы көрнекті жазушы Қабдеш Жұмағұлов былай дейді: Егер тарих көші қоғам алдына жаңа міндет қойып, өзін жаңғыртқысы келсе, сол миссияны орындайтын жеке тұлғаларды қоса туғызады.
Бұл жолы ия солай болды.Алпысыншы жылдардың ортасында әдебиетке Әуезовтен дауылдан кейін реалистік , халықтық бағыттың туын көтерген таланттар шоғыры келіп қосылды.өлшемге, бодандық қалыпқа сыймайтын жаңа шығармалар туа бастады. Негізгіқұрамын жастар ұстаған сол жаңа көштің басында Ілияс Есенберлин тұрды десек, бұл күнде ешкім де дау айтпаған болар еді. Осы ретте екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қазақ әдебиетіндегі
проза жанрындағы тақырыптардың бағыты жайлы сыншы ғалым Х. Әдібаевтің мына пікірін келтіре кетейік: Қазіргі әдебиет пен ұлы атты зерттеу еңбегіндегі
мына пікірін келтіре кетейік: Қазіргі прозада үлкен-үлкен үш жүйе - тақырып
қанат жайып, өркендеп , өрісі кеңейіп келеді Олардың біріншісіне
халқымыздың мәдени абж иә абж тарихи жолы мен бостандық үшін күресті желі еткен - тарихи шығармалар жатады. Екіншісі - екінші дүниежүзілік соғыс жайлы ерлікті, қаһармандықты арқау еткен туындылар.
Үшінші - бүгінгі заманымызға арналған туындылар.,-деп атап
көрсетеді.
Жоғарыда атап көрсеткендей, тарихи тақырып сусаған халықтың сұранысы
болғанымен оған алғаш рет батыл кітапханада, көлемді шығарма жазу оңай болған жоқ еді. Қазақ әдебиетінде замана талабын ескере отырып, өткен мен бүгінді жалғастыра алатындай таланттар шоғыры қалыптасты. Осы шоғырдың нақ алдында Ілияс Есенберлиннің тұрғандығы жәрмеңке деп білеміз.
Уақыт өткен сайын күрделене түсіп, көркемдік зері мен зердесі саф
алтындай жарқырап келе жаткан бүкіл ұлттық әдебиет тәрізді, тарихи
шығармалардың пәлсафалық тереңдігі мен психологиялық шынайылығы, әлеуметтік- қоғамдық өрісі кемелденуде. Басында роман-хроника, ауыз әдебиетініңэстетикасы басымырақ көрінген бұл жанр қазіргі кезде күрделі сын сипат көрсетуде. Рас, кейде тарихи шындықтың көркемдік биігіне көтеріле алмай жататыны иә жоқ емес. Уакыттың өзі екшеген тарихи оқиғалар қанша мәнді болғанмен, онымен шектелмей, бүкіл адамзаттық, халықтық көкейкесті мәселе қоса көтерілсе ғана көркем шығарманың туғаны. Тарих тағлымы кандай?
Сол бірдәуірдің пәлсафасы мен арман-тілегі кандай? Өзек-жарды өсиеті, рухани - әлеуметттік мұң - мүддесі қандай?

Қысқасы, тарихи оқиғалар халықтың тарихи санасында неге мәңгі қалды? -- деген сұрақтарға жауап беру азбал. Үлкен әдебиет үлкен пікірсіз - тұлға, - дейді ғалым М. Базарбаев 2.365 Үлкен әдебиетте үлкен іс тындырып артына қалдырған халқын сүйген үлкен тұлға еді ол.
1. Қаһар романы - Көшпенділер трилогиясының бастауы.
2. Сыншы - ғалым М. Базарбаевтің тағы бір пікіріне жүгінгенді жөн көріп отырмыз:
Этнография, археология немесе тарихи оқиға басып кеткен жағдайда
көркемдікке нүқсан келтірмей қоймайды. Тарихи романға қойылатын талап -
тарихи шым-шытырық оқиғалардың, әр түрлі көріністердің тігісін білдірмей,
көркем шығармаға сіңістіріп жіберу керек. Сол сияқты мифология - халықтың табиғи көзқарасы, фольклор, ел-жұрттың тарихи пайымдауы өз орнын тауып, арналы иә ағынды үлкен жанрдың сәніне сән, өрнегіне өре қосып, тұтас тұлға- Кейіпкерлердің сан-сала күрес, тартысы мен
жүйесін жазушы көзқарасы бір арнаға толқындата күйып, тарих көшінің
кайталанбас сыры мен сипатын бояу-зерімен, арман-мүддесімен ашсын. Тарихи оқиғалар - шығарманың алтын арқауы, құнарлы топырағы, қайнар-бастауы ғана. "Аласапыран" (М. Мағауин), "Елім-ай" (С. Сматаев), "Үркер", "Елең- алаң" (Ә. Кекілбаев), "Ұстаздың оралуы" (Ө.Әлімжанов) тарихи романдардың көне оқиғаны қамтыған бір саласы болса, "Ақан сері" (С. Жүнісов), "Соңғы көш" (Қ. Жүмаділов), "Қызыл жебе" (Ш. Мұртазаев), "Өліара" (Т. Әбдіков) және баскалары тағы бір саласы. Тарихи романдар жанр жағынан иә сал-сал болып дами бастағанын көреміз. Тарих шежіресін жасаудың дәстүрі қалыптасуда. Жиырмасыншы, елуінші жылдары "Қилы заман", "Қараш-Қараш оқиғасы", "Жолдастар", "Бекболат", "Абай жолы", "Оянған өлке", "Дауылдан" дауылдан кейін " сынды
роман, хикаяттарда азаттық үшін күрес, қалың қауымының хал-күйі, рухани
ізденісі асу-асу белдерімен бейнеленсе, алпысыншы сексенінші жылдары жарық көрген І.Есенберлин, Ә.Нұрпейісов, Х. Есенжанов, Ғ.Сланов, Д. Әбілев, Ә.Сәрсенбаев, т. б. шығармалары - сол үлкен көштің заңды жалғасы.
Көнетарихтың мың жылдық қойнауына бойлау-әдебиеттің өркендегеніне үлкен дәлел. Жазушы І.Есенберлиннің туған әдебиет алдындағы сүбелі үлесі ең алдымен "Алмас қылыш", "Жанталас", "Қаһар" атты кітаптардан тұратын
"Көшпенділер" атты кесек үш тағанымен өлшенеді. Көптеген тарихи дерек пен аңыз-өңгімені - көшпелі елдің көркем шежіресін, эпостың мәнерлеу, баяндау дәстүрін қазіргі әдебиеттің өрнектеу, суреттеу тәсілімен шебер қиыстырған қаламгер өзіндік сипаты бар роман түрін жасап шықты. Әсіресе "Алмас қылыш" пен "Жанталастың" оқиға-дерек пен сюжеттік бұлағының көптігі соншама, олардың әрқайсысында талай романның өзегі жатыр.
Қалам тимеген тыңтақырыпты І.Есенберлин тек кана өзіне тән алмас қылыштай жарқылдаған батылдық-алғырлықпен аса тартымды бейнелеп, қалың оқырман қауым сүйіспеншілігіне бөленеді.
Трилогияның алғашқы иә соңғы бөлімі болып мерейтой болып саналатын Қаһар романытуралы сөз қозғау үшін оның заңды бастауы болып мерейтой болып саналатын , өзінен дауылдан кейін жазылғанымен , оқиға желісі алдыңғыдан артқа қарай жол тартатын екі кітапты қоса айтып өткен дұрыс болмақ және осынау алып еңбектің қалай жазылғаны, жазылу барысындағы қиындықтар мен кедергілер, кесек туындының сол мінсіз болып шығуына ат салысқан қаламгерлер туралы иә тоқталып өту жөн болмақ деп ойлаймыз.Бұл арада Ілияс Есенберлиннің өзінен кейінгі жастарға қамқор аға, кейбір қазақ қаламгерлерінде кезігіп қалатын жершілдік, рушылдық, жүзшілдік дейтін жаман әдеттен аулақ ,ары таза адам болғанын көптеген қаламгер жолдастары жазып қалдырғанын айт кету орынды. ... Есенберлиннің билік басына келуі оның өз шығармаларына ғана емес, әдебиетке тың серпін әкелген жастарға иә кең жол ашты. Біразымыздыңкүрделі, қиын тақырыптарды қозғаған кітаптарымыз сол жылдары жарық көрді. Ал, Ілекеңнің өзіне келсек, оның бұл кездегі қалам қарқынын ұзақ жылдар қыстығып тұрып, кенет көзі ашылып кеткен фонтанға ұқсатуға болар еді. Ол баспаға келгенде Қатерлі өткел романының қолжазбасы дайын, Ғашықтар романдар аяқталып қалған-дары. Ал Көшпенділер әлі қолға алынбай, шикі материал күйінде папкаларда жатқан. Ана бір жылдары да " осында қатардағы редакторы болып қызмет істеген Есенберлин баспа, полиграфия жүмыстарын жақсы білетін. Алғашқы айларда баспаның шаруасын жолға қойып, біршама реттеп алды
иә, да " осында келгендегі негізгі мақсаты -- Көшпенділерді жазуға кірісті. ,дейді өз естелігінде Қ.Жұмаділов.Автордың пайымдауынша Ілияс Есенберлиннің трилогияны басынан бастамай, ақырғы бөлімінен бастауы мынадай ойдан туса керек: Бір қызығы, трилогияның басынан түспей, ең соңғы кітабы - Қаһардан бастады. Өйткені, бүгінге дейін талай тарихшылар мен жазушыларды сансыратқан Кенесары туралы кітапты алға салуды жөн көрген. Егер кеңестік цензураның сүзгісінен Қаһар өтіп кетсе, арғы Әз Жәнібек, Қасым хандар заманы баяндалған Алмас қылыш романы мен 18 - ғасырдағы Абылай дәуірін суреттейтін Жанталас романдары соның ізімен өтер деген үміт бар еді. Сондықтан Ілекең алғашқы қамал бұзар кітабы Қаһардың мұқият, мінсіз шығуына барынша күш салды. Романның алғашқы аты " Хан Кене болатын. Бірақ бұлай атауды уақыт көтермейтін еді. Сол кездегі цензура мен ақкөз белсенділерді адастыратын басқа ат қажет болды. Ақыры, ақылдаса келіп Қаһар деген атқа тоқтадық. Ол - ханның қаһары ма, халықтың қаһары ма, әлде төңірегін аждаһадай жалмаған ақ
патшаның қаһары ма, әрқалай түсінуге болатын еді. Көшпенділердің әр
кітабын тарихқа сусап отырған қалың оқырман зор қуанышпен қарсы алды.
Ілекеңнің кітаптарын жұрт іздеп жүріп оқитын болды. Есенберлин үлкен
әдебиетке кеш келсе де, айналасы бірнеше жылдың ішінде халықтың сүйікті
жазушысына айналды. Көшпенділердің әр кітабы шыққан сайын сойыпсал
мақалалар ұйымдастырып, Есенберлиннің жазып жүргені көркем шығарма емес, тарихи оқиғалардың тізбесі дегенді дәлелдегісі келді. Мұның өзі сырттай қарағанда, жүз, ру арасындағы күндестік, болашақ классиктерге орын әзірлеу сияқты көрінгенімен, шын мәнінде, әдебиеттегі екі бағыттың, екі түрлі концепцияның арасындағы тартыс еді. Абылай аңсаған, көксеген Кенесары халықтық, азатшыл бағыт пен Әбілқайыр жол салған бодандық бағыттың әдебиеттегі жалғасы десе болғандай. Сарыарқаның нағыз кіндігінде жатқан Атбасар топырағында дүниегекелген Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер атты қазақ халқының бірнеше ғасырлық тарихи ғұмырын мол қамтыған еңбегінің орны ерекше. Өзініңшығармашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Бастауыш сынып оқушыларында музыкаға эмоционалды жауаптылықты дамытудың теориялық негіздері
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы туралы
Көркем шығарманың пішіні
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Әдеби үдеріс сипаты
Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрініс
Поэзиялық шығармаларды аудару
Домбыра туралы
Пәндер