Ғалым өмірі мен шығармалары


Ғылыми жұмыс
«Х. Досмұхамедұлы және дара жолы»
Бағыт: Тарих
Секция:
Орындаған:Қалқаман Нұрислам
Жетекші: Адилбекова Айниса Мияссаровна
Мазмұны
Абстракт . . .
Кіріспе
1. 1. Ғалым өмірі мен шығармалары» . . .
1. 2. «Х. Досмұхамедұлы және оның мұрасы . . .
Зерттеу бөлімі.
1. 3Х. Досмұхамедұлы - лингвист ғалым . . .
1. 4 Х. Досмұхамедұлының ұстаздық және дәрігерлік қызметінің кезеңі(Ташкент)
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Зерттеу мақсаты: Оқушыларға Халел Досмұхамедұлының дара жолын, Алаш арысының өмірі мен қызметін зерттеп, бай мұрасымен танысу.
Зерттеу міндетім:
- Х. Досмұхамедұлы өмір жолын ғаламтордан, кітапханадан мағлұматтар жинау.
- Ғалым шығармаларын жан-жақты талдау.
- Ғалым қызметі жайлы материал жинақтау.
Өзектілігі: Оқушылар Х. Дсмұхамедұлы жайлы білмейді.
Гипотеза-болжам: Егер біз оқушыларға Х. Досмұхамедов туралы мағлұмат жинап берсек, оқушылалар Алаштың арысы Халелдің өмірі туралы мәліметтерді білетін болады.
Күтілетін нәтиже: Егер біз оқушылармен бірге сыныпта сынып сағатында, дөңгелек үстелде және викториналар өткізу арқылы Халел атамыздың дара жолында атқарған жұмыстарының барлығын білетін болады.
Зерттеу әдісім: Ғылыми жобаны зерттеуде алдын ала ойластырған зерттеу әдістері белгілі бір мақсатқа негізделіп, әр тақырыпшаларды қарастыруда төмендегідей зерттеу әдістері көзделді:
1. Сұрақ-жауап (анкета)
2. Сұхбат
3. Кітапханаға саяхат
4. Атырау университетімен байланыста болу,
Нәтижелер мен қорытындылар .
- Х. Досмұхамедұлы өмір жолын зерттеу мақсатында ғаламтордан, кітапханадан мағлұматтар жинап, тың дәректерге ие болдым. Халел Досмұхамедовтың cаяси күрескер, патриот, ғалым, әрі киелі өнер иесі болған.
Ғалым жан - жақты білімінің арқасында биология, зоология, медицина салаларында мән - маңызды жоғары көптеген еңбектер жазған. Қазіргі таңда Халел Досмұамедұлының биология ғылымының қазақ топырағында өсіп - өркендеуі үшін қосқан үлесі, сонымен бірге оның лингвист ретіндегі еңбектері әлі күнге дейін толық талқыға түспей келеді.
Сонымен қатар ғалымның атқарған қызметтері жайлы материал жинақтадым.
Зерттеудің жаңашылығы: Атырау университетімен байланыста болу
Кіріспе бөлім:
Мен бұл ғылыми жұмысты үш жылға алдым. Осы жылы Халел атамыздың өмір жолымен танысыамын.
Ал, келесі жылы мен таңдаған Халел Досмұхамедұлы химия- биология бағытында жұмыс жасағандықтан, біздің лицейіміз химия-биология бағытында болғандығына байланысты мен биология, өсімдіктану, жнуартану және тәнтану кітаптарын әрі қарай зерттеп, ғылыми жұмысымды жалғастырамын.
Үшінші жылға Халел атамның үлкен-үлкен шығармаларын әрі қарай зерттеймін

Жылдар сөйлейді
Х. Досмұхамедов
кім?
Х. Досмұхамедұлы және оның мұрасы
Халқымыздың тарихында белгілі орны бар, ұлтымыздың рухани өрлеуі мен дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан өңірлердің бірі - бүгінгі Атырау облысының аумағы екені баршаға аян. Есте жоқ ескі дәуірлерде осы өңірден қаншама батырлар, ақын-жыраулар, ділмәр шешендер мен данагөй билер шықты десеңізші! Атыраудың арыстары қазақ сахарасының қоғамдық өмірінде өз қолтаңбаларын қалдырған алыптар еді.
Біз осы Атырауда өлкесінің арғы-бергі тарихына көктей шолу жасап, оның кейбір маңызды кезеңдерін тәптіштей таразылап жатуды жөн көрмедік. Біздің міндетіміз - отандық тарихымыздың көлеңкелі тұстары мен ақтандақ ақиқаттарын халқымен қайта қауыштыру.
Ұзақ жылдар бойы, кеңестік идеологияның кесірінен тар қапаста қамалып, қуғын - сүргіннің құрбаны болған арыстар есімін ел тарихына енгізу - кейінгі ұрпақтың азаматтық борышы.
Солардың бірі, тіпті бірегейі - осы баяндамаға арқау болып отырған Халел Досмұхамедов. Халелдің қазақ халқы үшін, өзінің ұлы отаны Қазақстанның келешегі үшін сіңірген, артына қалдырып кеткен елеулі еңбектері бүгінде бағалауға тұрарлық.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы саяси өмірдің бел ортасында Халелдің қайраткерлік іс - қабілеті ардагер азаматты ұлтының ұраны боларлық биік дәрежеге көтергені рас. Арпалыс кезеңдерде өткізген өзінің қысқа ғұмырында ол дархан дарынын, қарымды қабілетін және еңбекқорлығын мейлінше өз деңгейінде көрсетіп кеткен азамат.
Жан - жақты білімінің арқасында биология, зоология, медицина салаларында мән - маңызды жоғары көптеген еңбектер жазды. Тіпті, Халел Досмұамедұлының бүгінгі таңда биология ғылымының қазақ топырағында өсіп - өркендеуі үшін қосқан үлесі, сонымен бірге оның лингвист ретіндегі еңбектері әлі күнге дейін толық талқыға түспей келеді.
Бұл кісінің азды - көпті зерттеліп, жұртшылықтың, тарихшы зиялыларымыздың назарын аудартып келе жатқан қырларының бірі - оның ұлт - азаттық күрес жолындағы саяси еңбегі, қоғам қайраткері ретіндегі халқына сіңірген қызметі. Бүгінгі ұрпақтың басым көпшілігі, егер білетін болса, Халелді, ең алдымен, нақ осы қырынан таниды және бағалайды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы демократиялық ой - пікірдің қалыптасып, ұлттық ұран дәрежесіне дейін дамытуына тікелей ықпал еткен саяси қайраткерлер саясат аренасына талай алып ой иелері мен қарымды қайраткерлерді көтерді. Ұлт санасында сан ғасыр тұншығып жатқан азаттық идеясын ұлт ұраны деңгейіне жеткізіп, оны іс жүзіне асыра білді. Қазақ халқының тарихында еңселері биік, жүздері жарқын, есімдері алтын әріптермен жазылар ұлт зиялыларының қатарынан Алаштың қайраткер ұлы Халел Досмұхамедұлы да көрнекті орын алады.
Ұлтының басқа жұртпен терезесі тең, тәуелсіз ел болуын мақсат тұтқан қазақтың ат төбеліндей зиялы қауымы Алаш есімін ұран қылып, қаншама қайрат жасаса да, қол астындағы халыққа Кеңес өкіметі саясатының зорлықшыл әдістерін де мойындап, қолдарынан келгенше туған халқына игі қызмет көрсетуге әрекет етті. Зиялы қауым өкілдері ұстараның жүзіндей жалт - жұлт еткен саясаттан амалсыз бас тартып, халқының келешегі жолында мәдени ағартушылық қызмет атқарды. Алаш үкіметі таратылған соң, қазақтың озық ойлы зиялылары Кеңес өкіметінің мәдени - ағартушылық жұмыстарына, елдегі мәдени қайта құру істеріне белсене араласады. 1920 жылдың күз айларында ол Қазақтың халық ағарту институтына оқытушы болып қызметке тұрғаны белгілі. Сонымен қатар Халел Орта Азия университеті медицина факультетінің ауруханасында ординаторлық қызмет жасайды.
. . . 1923 жылы Түркістан Республикасына қарасты ғылыми кеңестің төрағасы болып сайланып, мемлекеттік ғылыми баспаның бөлім жеткшісі міндетін де қоса атқарып жүреді . . . Республиканың орталығы Ташкент қаласында қазақтың озық ойлы азаматтары бірлесе жемісті еңбек етті.
Біз Сейфулиннен Жұмабаевты, Жандосовтан Тынышбаевты, Нұрмақовтан Ермековты, Сәдуақасовтан Бөкейхановты, Рысқұловтан Досмұхамедовты бөліп-жарып, олардың еңбектері мен қызметтерін жеке-жеке көрсетуге, бірінен бірін жоғары коюға абай болуымыз керек. Бұл азаматтардың қай-қайсы да бар өмірін халқына арнап, сол жолда өздерін құрбан еткен жандар. Өздерінің от-жалын ғұмырында бірін-бірі толықтырған қазақтың келбетті ұлдары еліне баға жетпес еңбек еткен асыл тұлғалар еді.
Кешегі тар заманда қуғын-сүргінде жүрген Алаштың ардагер ақыны Мағжан Жұмабаевты Сәкен Сейфуллин қызметке тартса, қазақтан шыққан тұнғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тынышбаевты Тұрар Рысқұлов Түрксиб теміржол құрылысының штабына әкеп отырғызды. Халел Досмұхамедұлы да Рысқұловтың тікелей көмегімен республиканың мәдени-ағартушылық саласына жұмысқа тартылды. Міне, Ташкенттегі зиялы қауым ортасында Халел Досмұхамедовтың ғалымдық, ұстаздық, қайраткерлік болмысы жарқырай көрінеді . Қазақтың асыл арыстарының 1920-1937 жылдардағы өмірі мен қызметінің әрбір күні қауіп-қатер, жала, қуғындалумен қылшылдаған қылыштың жүзінде өтті. Зұлмат заманның тар шеңберінде, күнделікті аңду мен қуғын астында халқымыздың ардақтылары қазақтың рухани-мәдени құрылысының дамуына айтарлықтай үлес қосып үлгерді. Олар жұртының шын мәніндегі жанашыр арашашысы екендерін көрсетті.
Халқының еңселі ел болуын көксеген ұлт зиялылары ел арасындағы оқу-ағарту саласын көтеруді, сөйтіп, жұрт санасын сауықтыра отырып, ұлттық болмысты сақтауды мақсат тұтты. Осы саясатпен іштей, астыртын, өздерінің білім-қабілеттері мен іс-әрекеттерін жұмсай отырып күрескен есіл боздақтар алдымен ұлтының этнос ретінде жойылып кетпеуі үшін оның тілін, әдет-ғұрпын, әдебиетін, мәдениетін, тарихын жинақтап, зерттеп-зерделеп, ұлттық рухын байлығына айналдыруға тырысты. Осы салада олардың, атап айтқанда, М. Тынышбаев пен С. Асфендияровтың тарихтан, Ж. Аймауытовтың психологидан, А. Байтұрсыновтың тілден, М. Жұмабаевтың педагогикадан іргелі еңбектері туындады. Бұлар еліміздің рухани тәуелсіздігі үшін ұлт зиялыларының қаламы мен білімінен туған ерекше күрестер көрінісі болды. Халел Досмұхамедұлы да осы жылдары тарих, әдебиет, педагогика салаларында айтарлықтай мұралар қалдырып еді . . .
Қазақ педагогикасы мен ағартушылық саласында айрықша із қалдырған көрнекті тұлғалардың бірі - Халел Досмұхамедұлы. Халел ұлттық педагогиканы ғылыми түрде негіздеп, бір ізге түсіруде үлкен еңбек сіңірген еді . Ол кісінің бұл саладағы еңбегі көп уақытқа дейін зерттелмей келгені оның саяси белсенділігіне, ұстаған жолы мен идеясына байланысты екені қазір баршаға аян. Өйткені "халық жауы" деген жалған айдар тағылған арыстарымыздың қатарында Халел болды. Ғұламаның көптеген еңбектері қиын-қыстау заманда, өкімет тарапынан қудалау кезінде жоғалып кеткендіктен ол ақталғаннан кейін де оның артында қалған ұлан-ғайыр мұрасын тауып, талқыға салып, іріктеп, ғылыми тұрғыдан зерттеу оңайға түсіп жатқан жоқ. .
Қазіргі таңда қолда бар еңбектері ғұламаның ғылыми қызметін зерттеуге негіз болып отыр. Көрнекті тұлғаның ағартушылық саласындағы еңбегінің, педагогтік-ұстаздық қызметінің алатын орны ерекше. Ол қандай жұмыста жүрсе де, өзінің дәрігерлік міндетін бір сәт ұмытқан емес. Балаларды жанындай жақсы көрген ол, көбінесе, тіпті айдауда жүрген кездерінде де, мектеп дәрігерінің қызметін қоса атқарып отырған. Институтта жүрген жылдары бала тәрбиесімен айналысқан ғалым - педалогия кафедрасын ұйымдастырып, кейіннен "Педалогия ғылымының профессоры" деген атағын да алған. Халқының тәнінің саулығын бәрінен жоғары қойған Халелдің қасиетті мамандығы халқының мұқтажын өтеуде үлкен еңбекке айналды.
Ол кісі Ташкент қаласында орналасқан және сол кездегі ел ішіне білімнің жарық сәулесін таратуда елеулі ықпал жасаған Қазақтың халық ағарту институты деп аталатын оқу орнында жұмыс істеді. Бұл өзі мектептер мен мектептен тыс мекемелер, халық ағарту ұйымдары үшін мамандар даялайтын жетекші оқу орындарының бірі болған.
Ташкентке шоғырланған хзиялы қауым өкілдері ұлтына мәдениет шамшырағын жеткізуді мақсат еткен "Талап" атты қоғам құрады. Қоғам төрағасы болып - Халел Досмұхамедов, мүшелері: профессор Александр Эдуардович Шмидт, Иса Тоқтабаев, Мырзағазы Есболов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұхтар Әуезов, Қасым Тыныстановтар сайланады. Мағжан Жұмабаев, Әбубәкір Диваев, Николай Архангельский, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожановтар "Талап" жұмысына белсене араласады. Ондаған кітап, оқу құралдары осы қоғам күшімен жарық көреді.
Х. Досмұхамедұлының республикадағы оқу-ағарту саласына сіңірген елеулі еңбегі ескерусіз қалған жоқ.
Ол 1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Оталық Өлкетану бюросының тұңғыш корреспондент-мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар өзінің мамандығы бойынша Денсаулық Сақтау Комиссариатында жоспарлау-ұйымдастыру басқармасының меңгерушісі қызметін де атқарған. 1924 жылы Ташкентте Қазақ-қырғыз білім комиссиясы жанынан "Сана" журналын шығарып, өзі басшылық жасап отырды.
Халық ағарту саласында атқарған жемісті еңбектері Халелдің шын мәнісінде халқының жанашыр ұлы екенін көрсете білді. Досмұхамедұлы мәдени-ағарту тұрғысында былай деді: " . . . Заманымыз - мәдениет заманы, мәдениетке білім жеткізеді. Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек, аса сабыр керек. деп айтқан. Халелдің тереңнен тартқан бұл ойының түп төркіні - халқына еңселі ел болам десеңдер алдымен оқу-білім, мәдениетке бет бұруын көрсетуі еді. Оқу-білімге мұқтаж қазақ халқының рухани дүниесінде үлкен төңкерістер жасаған ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени-ағарту жұмыстарының бел ортасында жүрген Досмұхамедұлы өзінің тұңғиық, таза даналық ойлары мен еуропалық сапалы білімін ұштастыра білді.
Х. Досмұхамедұлы этнопедагогика мен этнопсихология саласына айтарлықтай қомақты үлес қосты. Қазақ халқының ұлттық мінез-құлқының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда алғаш рет негіздеді. Халелдің этнопсихология мен этнопедагогика саласында айтқандары көбіне оның фольклорлық еңбектерінде жарияланған. Оның себебі, ұлттық педагогика мен психология ерекшеліктерін ғұлама осы саладан іздеген екен.
Этнопсихология қарастыратын психологиялық мәселелер ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мұны Х. Досмұхамедұлы өз еңбектерінде анық көрсете білді. Мысалы, қазақтың айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адам жан-жүйесінің небір жақтары - ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, ерік-жігер, мінез, т. б. - әр қырынан көрініп жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz