ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАН РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Кафедра:
Факультет:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Құқықтық әдет - құқықтық нысан ретінде»
Орындаған: Коптилеуов Сүлеймен
Тобы: ЮП-21-05
Қабылдаған: Абилшеева Р. Қ.
Орындаған: ЮП-21-05 топ студенті Коптилеуов Сулеймен
Рецидент: Абилшеева Р. Қ.
Коптилеуов Сулеймен ЮП-21-05
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
- ҚҰҚЫҚ НЫСАН ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІ . . . Құқық нысандары түсінігі, түрлері . . . Құқық нысанының мазмұны мен құрылымы . . .
- ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАН РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ . . . Құқықтық әдет түсінігі . . . Құқықтық әдет ерекшеліктері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Құқықтық әдет - құқықтық негізгі қоғам тарихында елдердің қалыптасу кезінде көрініс тапқан құқық нысаны болып табылады. Әдет - ғұрып нормалары адамдардың қарым - қатынасында сан жылдар бойы жинақталып, сараланып, жан - жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан. Мысал кетірер болсақ, сонау заманғы Ману заңдары, орыс правдасы, өзіміздің қазақ тарихындағы "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысын" және тағы басқа да өз заманында ел үшін әділ бола білген заңнамалармен ережелерді айта аламыз. Қазақ қоғамында тілдері сөйлегенде тас жарар от ауызды билері де ел ішінде билік жасауға, осы әдеттердің, тәртіптердің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізген деседі. Қиынынан қиыстырып, аталы сөздің қаймағын жеп, қаспағын тауысқан шешен билеріміз сол кездегі небір дауларға тоқтау бола білген. Тіпті күш сынасар жаугершілік заманда да билердің тауып айтқан бір ауыз сөзі тоқтам бола білген. Сол кезден қалыптасқан әдет - ғұрыптар қазіргі таңда да өз жалғасын тауып, ел ішінде болмасын біраз мәселелерде қолданылып келе жатқаны баршамызға мәлім.
Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтың нормаларға барша адамның біріңғай бағынуына негізделеді. Ол деп отырғанымыз осы құқықтық әдеттерді өз нормасында сақтау, бағыну. Кейбір жағдайларда санкцияланған әдет құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Мемлекет адам қоғам болып дамуы барысында қалыптасқан. Адамдардың ең алғашқы қоғамдық ұйымы рулық қоғам негізінде жүрді. Рулық қоғам адамдардың туыстық белгілері мен, ортақ еңбек, ортақ материалдық жабдықтар арқылы топтасу негізінде қалыптасқан болатын. Жалпы ру туралы айтатын болсақ, туысқан адамдардың бірлестігі болып табылады. Олар өзара қыз алыспайды. Бұл әдет осы күнге дейін бізге жетіп, сақталып отыр. Мысалға келтіретін болсақ қазақ қоғамындағы жеті атаға дейін қыз алыспау.
Рулық қоғамда да қоғамдық тәртіп, әдет болған. өз ара келіспеген мәселелерін рулық жиналыста шешіп отырған. Ол жиналысқа жынысына қарамай, кәмелетке толған барлық ру мүшелері қатысқан. Қандай мәселе болмасын әділдік өз орнын тауып отырған деседі. Ру мүшелері өз жиналыстарында ру ағасын сайлаған. Ру ағасына ақылы толған, барлық әдет - ғұрыпты жетік меңгерген, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше рулар бірігіп тайпа құрайтын. Тайпаны басқару үшін ру ағаларынан кеңес құрылатын. Сол кеңесте ру өмірі мен тұрмыс жағдайы, ішкі дау - дамайлар талқыланып, шешімдері әділ түрде табылып отырған.
Әдет - құрып - қауымдағы адамдардың қарым - қатынасын реттейтін, белгілі - бір дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез - құлық қағидасы. Әдеттер ру тұрмысының жақсару мақсатында, бір - бірімен тату - тәтті тұрып, белгілі бір басқару жүйесіне бағынып, олардың өсіп - өнуін қамтамасыз етеді. Ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып оны мүлтіксіз тапжылмай орындау ру мүшелерінің дағдысына айналған еді. Ру мүшелерінің пікірінше, ру әдеттерін, дәстүрлерін бұлжытпай орындау табиғи, өзінен өзі табиғи әрі саналы іс -әрекет деп санады. Рулық әдеттер мен дәстүрлердің қандай болғанын қазақ тарихынан да көруге болады.
Құқықтық әдет нормалары - көп рет қайталана отырып, әдетке айналу нәтижесінде, соған орай, қоғамдық пікірмен сақталатын және қолдау табатын, тарихи даму процесінде қалыптасатын нормалар. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың бірден бір тиімді әрі нәтижелі құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез - құлқын, іс - әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән:
- Құқықтық норма ең маңызды қоғам;
- Тұлға үшін ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;
- қоғам және тұлға үшін пайдалы;
- қажетті қатынастармен бірге, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады, егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса, ой мен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтыпта қажеті жоқ.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары:
- саяси;
- құқықтық;
- моральдық;
- ұлттық;
- діни т. б. қатынастар кіреді.
Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым - қатынастардың әр түрлі жақтары мен сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни соған қоса ұлттық болуы да мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын әрі көпжақты болып табылады. Оларға әртүрлі қоғамдық мүдделердің білімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал.
Кейбіреулері құқықтық реттеумен қамтылып, шешіліп жатса, басқалары олай шешілмеуі мүмкін. Мысалға алып қарайтын болсақ, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым - қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық зерттеу аясынан сыртта болады. Осы жағдайға байланысты, қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде заңды нысандарға көшпейді. Құқықтық қарым - қатынас адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық қатынастар, құбылыстар объективті түрде заңды бола алмайды. Курстық жұмыста құқықтық әдет пен нормалардың құндылығы, мазмұны, түсінігі, түрлері, субъектілері, объектілері мен субъективті заңды құқығы мен міндеттері толық айқындалған.
Курстық жұмыстық мақсаты - құқықтық әдет - құрыптарын толық зерттей отырып, олардың құқық теориясындағы орнын анықтау.
Курстық жұмыстық міндеті - құқықтық әдет - ғұрыптардың, әдет нормаларының міндеттерін, ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін зерттеу.
Жұмыстың құрылымы және көлемі - жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Көлемі 27 беттен тұрады.
- ҚҰҚЫҚ НЫСАН ҰҒЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫҚұқық нысандары, түсінігі, түрлері.
Құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория - «Мазмұн мен нысанды» жақсы білу қажет. Мазмұн - белгілі бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен процесстердің жиынтығы. Ал нысан - мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі. Тек қалыптасқан белгілі бір нысаны бар мазмұн ғана болмақ. Сол сияқты таза, мазмұнсыз нысан деген де болмайды. Нысан әрқашан мазмұнды, мазмұн нысанды келеді. Осы екі категорияның өзара қарым - қатынасында басты рольді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес нысан да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн нысанды белгілейді. Бірақ нысан да мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұн белсенді түрде әрекет етеді. Жаңа, өзінің мазмұнына сай келетін нысан оң дамуына, ілгері басуына жәрдемдеседі. Ал өзінің мазмұынына сай келмейтін ескі нысан оның дамуына кедергі жасайды. Мазмұн мен нысанның арасындағы сәйкессіздік ескі нысанның орнын жаңа нысанның басуымен шешіледі.
Құқық осы философиялық категорияның заңдарына сәйкес дамып, өзгеріп отырады. Құқық әлеуметтік шындықтың объективтік құбылысының сыртқы нысаны. Ғылым құқықтың ішкі - сыртқы нысаны болады деп түсіндіріледі. Сонымен қатар, ішкі нысан - құбылыстың құрылымын, жүйелік элементтерін көрсетіп, сыртқы нысаны - құбылыстарды құқықтық тұрғыдан анықталған заң негіздердің жиынтығы.
«Құқықтың нысаны» және «құқықтың негізі» бір - бірімен тығыз байланысты ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Нысан - құқықтың мазмұынының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негізгі құқықтың мазмұынының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді.
Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады:
- Материалдық негізге - қоғамдағы экономикалық базистың меншіктердің талаптарына сәйкес қабылданған нормативтік актілер жатады;
- Идеалдық негізге қоғамдық идеологияның, сананың талаптарына сәйкес қабылданған құқықтық нормалар;
- Заңды негізге - қоғам жақсы, сапалы дамуының талаптарына сәйкес қабылданған нормалар, құқықтық жүйелер.
Бұл көрсетілген үш күрделі бағыттан басқа құқықтық негіздерінің тағы бірнеше түрлері бар:
- Әдет -ғұрып
- Салт - дәстүр
- Мораль
- Корпоративтік
- Діни нормалар
- Заң ғылымының қорытынды ұсыныстары.
Құқықтың негіздері құқықтың жақсы, сапалы дамуына зор әсер етеді. Керісінше, сапалы дамыған құқық өзінің негіздері мен салдарына қолайлы жағдайлар жасап, қоғамды жақсы реттеп, басқаруды қамтамасыз етеді.
Құқықтың сапалы дамуына әсер ететін жағдайлар сан қырлы болады:
- Қоғамның саяси - экономикалық;
- Мәдени - әлеуметтік;
- Ұлттық даму процессі;
- Адамдардың рухани сана - сезімі;
- Халықаралық;
- Мемлекетаралық байланыстар және т. б.
Бұл процесстердің құқыққа әсері іштей де, сырттай да, объективтік және субъективтік тұрғыдан да болып жатады. Олардың әсері әр түрлі деңгейде болады және өзгеріп отырады - бірде күшейіп, бірде бәсеңдеп, әсіресе елде экономикалық, әлеуметтік жағдай төмендесе, нашарланса халықтың қысымы, айғайы, тұрақсыздығы күшейеді. Осының бәрі құқықтың мазмұынына, негізіне, нысанына, сапасына көп әсер етеді. Бұл әскерлердің жақсылыққа апаруы да, жамандыққа ұшыратуы да мүмкін. Құқықтың негіздері мен нысанның сапасының деңгейіне қарап құқыққа, қоғамға баға беруге болады.
Құқықтың негіздері мен нысандары әр формацияда әр түрлі болады. Құл иелену формациясындағы құқықтың негіздері мен нысанының түрлері:
- Діни;
- Әдет - ғұрып;
- Моральдық нормалар;
- Лауазымды тұлғалардың нұсқаулары;
- Доктриналдық талқылаулар.
Феодалдық құқықтың негіздері мен нысандарының түрлері: «күштінің құқығы» - деген атақ берілген, діни нормалардың үстемдігі және соттың прецеденты, заңгер ғалымның еңбектері. Буржуазиялық құқықтың негіздері мен нысандары мемлекеттік басқаруды бірте - бірте күшейте отырып, қарым - қатынастардың басым көпшілігін құқықтық нормалар арқылы реттеп, басқаруға көшті.
Сонымен, әр елде құқықтың негіздері мен нысандары қалыптасты. Бір елде - парламенттің, екінші елде - президенттің, үкіметтің, үшінші бір елде - соттың, төртінші елде - діннің рөлі күшейіп отырды. Бәрі бірігіп құқықтың, мемлекеттің қоғамды басқаруын жақсартуға үлес қосты. Өйткені оларға өзара байланыста болып, бір - бірінің жақсы, заңды тәжірибелерін пайдаланып отырды.
- Құқық нысанның мазмұны мен құрылымы
Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде - мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан, құқықтық нормаларды адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. Бұл барлық мемлекеттердің, әсіресе дамыған елдердің, тәжірибесінен белгілі болып отыр.
Құқық нысаны - мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.
Құқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікір бар:
- Құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді;
- Мемлекеттік органдардың қабылдаған актілерін нысан дейді;
- Қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларды құқықтың нысаны дейді.
Бұлардың бәрінде шындық бар. Себебі құқықтың маңызы, рөлі, ықпалы байқалады. Соның бәрі құқықтың нысаны.
Құқық нысанының белгі - нышандары ерекшеліктері:
- Қоғамның экономикалық базисына сәйкес қалыптасатын мүдде - мақсатты іске асыратын нормалар;
- Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын нормалар;
- Бостандықты, теңдікті, әділеттілікті қорғайтын нормалар;
- Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.
Құқық нысанының негізгі түрлері:
Құқықтық әдет - ғұрып, бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет - ғұрып нормалары адамдардың қарым - қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан - жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, орыс правдасы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», т. б. Әдет - ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым - қатынастар реттеліп, басқарылып жатады. Прецеденттік құқық нысаны - белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыққа алынып отырады. Оның екі түрі бар:
- Соттық прецедент;
- Әкімшілік прецедент.
Заң ғылымы - құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана - сезімнің деңгейін көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.
Нормативтік шарттар - қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы, ГФР - ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттарғ кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz