Ағылшын тілін оқытуда тиімді әдіс тәсілдерді қолдану


КІРІСПЕ
I. Ағылшын тілі-әлем тілі, ғалам кілті.
1. 1 Ағылшын тілі маңызы мен ерекшегігі
1. 2 Ағылшын тілін оқытуда тиімді әдіс тәсілдерді қолдану.
II. Оқытудағы жаңа бағыт: жаңа технологияны қолдану.
2. 1 Жаңа технологияға не жатады, және оның қолданылу реті.
2. 2 Жаңа бағыттың нәтижесі қандай?
III. Қорытынды
СІЛТЕМЕЛЕР
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көпмәдениеттілік жіне көптілділік жағдайдағы бейбіт мемлекет. Сол себепті осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мақсаттарының бірі.
Ағылшын тілін мектеп жасында оқыту тарихына жүздеген жылдар өткен. Орта мектепте ағылшын тілін оқыту 1947 жылдан басталады. Сол жылдан бері қарай оқыту тарихында, оқытудың әдістерінде түрлі өзгерістер орын алған-ды. Қазіргі кездегі жаңаша көзқарастар ағылшын тілін оқыта отырып дамытуға өз ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан - жақты дамып, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштер болуына, болашақта өз орнын табар азамат болуына шет тілін жетік меңгеруі себеп болмақ. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйренуге мүмкіндік беретін көптеген әдіс-тәсілдер бар. Бүгінгі дипломдық жұмыс осы әдіс - тәсілдер туралы, соның ішінде оқыту барысында жаңа технологияларды қолдану әдісі туралы сөз қозғаймыз. Жалпы әрбір педогог оқу үрдісі барысында бірсарынды болмай, түрлі әдістерді қолдануы қажет. Еліміздің жастарының білімді, білікті, инновациялық заманда көшбасшы бола білетін жастарды тәрбиелеу үшін, оларға сапалы білім бере отырып болашаққа дұрыс бағдар беру мұғалімдердің басты міндеті болып саналады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында осы мәселелер жан - жақты сипатталған. "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп заңнамада көрсетілген. Еліміздің экс - басшысы Н. Ә. Назарбаев елімізге жолдауында осы үш тілдің тұғырлылығы туралы сөзге тиек еткен болатын. Сол жолдауында елдің өскелең жас ұрпақтары ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін емін - еркін білуі қажет деп тоқталған болатын. Сонымен қатар ағылшын тілін толық білмейінше, бәсекеге қабілетті ұлт болуға мүмкіндік болмайтынын айта кетті. Олай деп отырғанымыз, шет тілін білу арқылы әлемдік инновацияға жол тартып, дамыған 30 елдің қатарына қосылу бақыты бұйырмақ. Еліміздің ертеңі, жарқын болашағы жасатардың қолында. Сол себепті сапалы білім беріп, жастарды білім нәрімен сусындату аяулы ұстаздардың басты мақсаты болып табылады. Білім алушылар шет тілін толық әдеби деңгейде меңгеруі қажет. Ғалымдардың зерттеуінше, балаға кішкентай кезінен бастап тілде меңгерткен пайдалырақ екен. Себебі, жас баланың миы ақпаратты тез қабылдап, ұғыну, түсіну қабілеттері терең болады екен. Сол үшін де қазіргі таңда ерте жастан ағылшын тілін оқыту жобасы қабылданып іске асуда. Бағдарламаға сай 2014-2015 оқу жылдарында Қазақстан бойынша барлық мектептерде 1-ші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту енгізілді. Ал қазіргі таңда, тіпті мектеп жасына дейінгі балаларға да шет тілін оқыту бағдарламасы қолға алында. Білім алушылардың ерте жастан шет тілін үйрету мақсаты - оқушылардың қызығушылығын ерте жастан оятып, коммуникативті біліктілікті арттырады. Ал әлемдік деңгейдегі ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілікті жоғарылата түседі. Қазіргі таңда ағылшын тілі - заман талабы.
Бүгінгі менің дипломдық жұмысымда қозғалатын тақырып шет тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану. Жалпы жаңа технологияны қолдану қазіргі таңдағы оқытудағы жаңа бағыт болып табылады. Қазіргі таңда технологиялардың көмегімен түрлі қызметтер атқара аламыз. Мысалы, түрлі мәліметтерді компьютер көмегімен дайындап, қолжетімді түрде аударып немесе жинақтауға болады. Компьютердің көмегімен тек қана бір аудиторияны ғана емес, сонымен қатар қашықтықтан оқыту мүмкіндігі де туып отыр. Ол үшін ғаламтор желісіне қосылған құрылғы керек. Қашықтан оқыту бағдарламасы елдегі індеттік ахуал белең алғанда ең тиімді жолы болды. Білім алушы мұғалім берген тапсырманы орындай отырып, білмеген тұстарын ізденіп, ғаламтор арқылы қарап білімін толықтыра алады. Одан бөлек бірлескен конференцияларға қатыса алады. Жалпы технология арқылы оқыту өте тиімді. Себебі, арзан әрі қол жетімді, қалаған уақытта оқуға, дайындалуға мүмкіндік болады. Түрлі презентациялар арқылы немесе видеороликтер арқылы сабақ тақырыбын түсіндіріп, үлкен жетістікке жетуге болады. Алдынала тәжірибе жүргізіп, тақырыпқа сай презентациялар дайындасақ, балалардың оқуға деген ынтасын ашып, қызығушылығын оята аламыз. Бұл тұста ең бастысы - мұғалімдердің осы технологиялық дағдыларды толық меңгеріп, жан - жақты жаңа ақпараттық желілік технологияларды меңгеру қарқынын дамыту.
Оқытуда жаңа технологияны қолдану бірден бір дұрыс шешім болып табылады. Қазір XXI ғасыр - көшбасшылар заманы болғандықтан, осы оқыту әдісі тиімді. Осы тұста жаң технологияны іске асыру барысында түрлі қызметтермен таныс болған жөн. Олар:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- оқу үрдісінде қызығушылық арту;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу.
Сонымен қатар бізде электрондық кітаптар да жаңа технологиялар барысында қалыс қалмайды. Электрондық оқулықтар оқушылардың бірнеше дағдыларын жетілдірмек. Олар:
- Білім деңгейін тереңдетуге;
- Тапсырмаларды өз бетімен орындау;
- Ізденімпаз қабілетін дамыту;
- Ойлау қабілетін жетілдіру;
- Өзін емін-еркін ұстап, қолдағы мүмкіншілігін толық пайдалана алуы;
- жасаған ісіне талдау жазап, толық түсіндіре білуге;
- жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын ояту;
Сабақ барысында тек қолдағы оқулықпен шектеліп қалмай, қолжетімді ғаламтордағы оқулықтарды пайдалана отырып өз білімін жетілдірген оқушы алдағы уақытта қатарының алды болып, өз ортасының көшбасшысы болары хақ. Жас ұрпаққа сапалы білім берім еліміздің болашағын арттыру біздің қолымызда.
I. Ағылшын тілі-әлем тілі, ғалам кілті.
Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, және қытай тілінен кейінге пайдаланушылар саны бойынша жоғары орында тұрған әрине осы ағылшын тілі. Жалпы қазіргі таңда заман талабы десек пе, әлде адам талабы десек пе, ағылшын тілін білу - бәрі үшін маңызды. Еңбектеген баладан еікейген қарияға дейін ағылшын тілін жоқ дегенде Elementary деңгейінде білген абзал. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Аустралия, АҚШ сынды елдерде ана тілі болып есептеледі. Атап өткен елдерде осы ағылшын тілі мемлекеттік тіл ретінде жұмсалып, баспа сөз, мемлекеттік құжаттар аясында да өз рөлін атқаруда. Одан басқа Канада, Ирландия, Үндістан және тағы басқа елдерде қосымша екінші мемлекеттік тіл қызметін атқаруда. Ол дегеніміз біздегі орыс тілі сияқты. Қазақ тілі- ана тілі болса да, орыс тілінде де құжаттар, білім саласындағы кей өкілеттіліктер де орыс тілінде. Әрине, біз көп ұлттың басын қосып, Қазақстан деген үлкен шаңырақта тату да тәтті өмір сүріп жатқан бір үйдің балаларымыз. Сол балалардың бір бірін түсіну үшін ортақ тілдің болғаны да дұрыс шығар. Алайда өз тіліміздің қадір қасиетін ұмытпағанымыз абзал!
Ағылшын тілі - ғалам тілі. Бұл тілде қазіргі таңда миллиардтаған адам сөйлейді. Жалпы біздің елде ағылшын тілін белсенді оқыту ХХ ғасырдың 50- жылдарынан бастап Алматы қаласындағы белді жоғарғы оқу орны Абылайхан атындағы Қазақстан мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытылып, жас мамандар дайындалып жатты. Жеке пән ретінде мектеп бағдарламаларына енгізіле бастады. Жалпы ағылшын тілінің тарихына келетін болсақ, бұл тілдің түп қазығы сонау V-VI ғасырларда Британ аралдарына қоныс аударған англ-саксон тайпаларының келуімен байланысты. Себебі бұл тіл солардың тілі болып саналады. Бұл тілдің даму тарихы үш кезеңнен тұрады: ежелгі(VII-XI), орта(XII-XV), жаңа дәуір(XV ғ-дан бері) .
Алғашқы іздері VI-VII ғасырда байқала бастаған. Әр дәуірде әр түрлі тілдік ерекшеліктер, әртүрлі әріптер ауысып, қазіргі ағылшын тілінің болмысын құрады. Алғашында латын әліпбиі белсенді қолданыста болды. Осылайша, ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамыта бастады. Оған w, j, v әріптерін қосты. Көптен күткен ағылшын тіліндегі алғашқы кітап 1476 жылы басып шығарылды. Жалпы ағылшын тілі қазіргі таңда британдық және американдық болып екіге бөлінеді. Британдық ағылшын тілінің өзі солтүстік, шығыс, батыс және шотландиялық болып диалектілерге жіктеледі.
1. 1 Ағылшын тілі маңызы мен ерекшегігі
Енді бізде сұрақ туындайды: ағылшын тілі неліктен әлемдік құрал? Оның қандай ерекшелігі бар? Енді осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Ағылшын тілінің басты ерекшеліктерінің бірі фонетика жүйесінде дыбыстардың кейбірі созылыңқы, бірі қысқа айтылады. Осы орайда ағылшын тілі мағынасы өзгеріске түсуі ықтимал. Енді бір ерекшелігі морфология саласында сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, түрлі аффикстер өзгерістерге түскен. Соған орай, тілде сөз бен сөзді байланыстыратын артикль, предлог, көмекші етістер пайда болған. Ағылшын тілі - сөздік қорына бай тіл. Және синоним сөздер де көп екен. Мысалы "мас" сөзінің ағылшын тілінде 200-ден аса синонимдік баламалары бар екен. Енді өзіңіз ойлап қараңыз, бір сөзді есіңізге түсіре алмаған жағдайда, басқа баламасымен ауыстыра аласыз. Ағылшын тілі неліктен кең тараған десек, кезінде отарлаушы дәуірде Америка елдері көп жерлерді жаулады. Сол жаулаушылық әрекет барысында, отарлаушы елдерге өз тілдерін енгізу қарқынды дамыды. Бұл басты себептердің бірі болып табылады. Ал енді бертін келе әлемдегі түрлі жаңа технологиялар, компьютерлік бағдарламалар, тіпті ақпараттық құралдар бастауы да осы ағылшын тілінде болды. Дамушы ел болғандықтан, сол әлемдік жаңалықтан құр қалмау керек. Сол үшін де ағылшын тілін меңгеру маңызды болып отыр. Ағылшын тілі - бизнес тілі. Түрлі компаниялар іс-қағаздарын, құжаттарын ағылшын тілінде жүргізеді, тіпті ол неміс не француз компаниясы болуы да мүмкін. Осы компаниялар жұмысқа қабылдау алдында, жұмысқа тұрушылардан ағылшын тілін меңгеру деңгейін сұрайды, себебі бұл маңызды болып табылады. Қазір мәдениет, білім дәуірі. Адамдар ақпаратпен алмасып, ғаламдық жаңалықтармен танысып жатады. жыл сайын ағылшын тілінде кітаптар басып шығарылып, кино, фильмдер шығарылып жатыр. Әлемдік дәрежедегі көрмелер, басқа да мәдени іс-шаралар ағылшын тілінде ұйымдастырылады. Мысал ретінде қарастыратын болсақ, 2017 жылы еліміздің бас қаласы Нұр-сұлтан қаласында EXPO-2017 әлемдік көрмесі өткен болатын. Сол көрменің ұйымдастырылу барысы, сондағы бүкіл павилиондар да үш тілде сипатталып жазылған. Мұндағы үш тіл деп отырғанымыз: ана тіліміз - қазақ тілі, мемлекеттік тіліміз - орыс тілі, және әлемдік қатынас тілі - ағылшын тілі.
Қазіргі заман жаһандану заманы мен білімділердің алға озған уақыты болғандықтан, көшбасшы адам болғыңыз келсе көп тіл білген абзалырақ. Соның ішінде жоғарыда айтып өткен ағылшын тілі. Өзге тілді үйреніп, оның қыр-сырын меңгеру - еліміздің болшаағы үшін де, одан кейін басқа халықтармен қарым-қатынас кезінде ақпарат алмасу барысында айырықша рөл атқарады. Жалпы тіл халықпен туып, халықпен дамып, халықпен өшеді. Еліміздің экс-басшысы Н. Ә. Назарбаев өзінің жолдауында " Әрбір Қазақстандық үш тілді қатар жетік меңгеруі қажет. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі қажет" деген-ді. Балабақшадан бастап, одан кейін алғашқы білім алу сыныптарымен қатар, жоғарғы оқу орындарына дейін ағылшын тілін оқытуға көп көңіл бөлінген. Бәсекеге қабілетті ел болу мақсатымызды орынду үшін, міне осы ағылшын тілін меңгерудің пайдасы ұшан-теңіз болмақ. Ағылшын тілі - байланыс құралы, әлем тілі, ғалам кілті. Сондықтан балаларды ерте жастан ағылшын тіліне оқыту бағдарламасын дұрыстап қолға алу қажет. Алайда, неліктен біздер ағылшын тілін міндетті пәндер қатарына жатқызып, оқушыларға оқытудамыз? Мұның бір ғана себебі - ел болашағы үшін. Еліміздің болашағы жастардың қолында болғандықтан, осы жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету біздің парызымыз болып саналады.
Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның дамуына, болашағы зор тұлға болып қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Ең алдымен оқушылардың бойындағы шығармашылық тәуелсіздік пен қатар белсенді болу, әрекетке деген түзу көзқарасын қалыптастырады. Мақсатты түрде жүйелі оқытылған ағылшын тілі білім беру мекемелерінде білім берудің негізгі формасы болып табылады. Бастапқы бастауыш сыныптарда балаларға ойын әрекеті нәтижелі болғандықтан, жетістікті жылдам көру бағытында біраз сабақ ойын бағытында жүреді. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге көмектеседі. баланың сабаққа деген қызығушылығын осы ойын техникасы арқылы оятуға болады. Бұл жастарда ойын технологиясы зерттеу жолына жақынырақ болып келеді. Оқушыларды түрлі әдістермен сабаққа қызықтыру үшін, оның талпынысын ояту үшін бізге танымдық бағыттағы жаттығулар немесе ойындар көмектседі. Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру бағытында және тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру мақсатында қолайлы әдістер өте көп. Оқытушы үшін білім алушының сабаққа ден қойып тыңдап, бар ынтасымен қатысуы мен сол өткен тақырыптардан бір нәрсе ұғынып, нәтижесін көрсетсе, осының өзі оқытушы үшін үлкен жетістік.
Ағылшын тілін оқытуда мұғалімдер үшін бірнеше қызметтер мақсат болып отыр. Олар:
- Оқушының ағылшын тіліндегі сөздік қорын дамыту;
- Сөз мәдениетін таныту;
- Пікірталас мәдениетін жетілдіру;
- Сөйлеу тәсілі мен түрін меңгерту;
- Тіл нормаларын меңгерту;
- Этикет пен қатар, мәдениетті сөйлеу қабілетін түсіндіру;
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Қарым-қатынас талаптарына сай іскерлік ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын меңгерту;
- пікірталас барысында орында сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру.
Қазіргі таңда ағылшын тілімен түрлі компьютерлік бағдарламалар, телекоммуникациялық құралдарды меңгеру, техникалық жабдықтарды толығырақ зерттеп білудің өзі ағылшын тілімен тығыз байланыста болып жатыр. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының өайсысы болса да өз тұсында грамматикалық жұмыстануды тыс қалдырмайды. Жалпы компьютерлік оқытудың осы уақытта тез қарқынмен дамып, кең таралуына бірнеше себептер бар екен. оларды ғалымдар тізбектеп берген болатын. Олар:
- Жалпы компьютер қазіргі таңдағы шексіз ақпарат әлемінде ақпаратты жүйелі түрде таідап оны сараптауға үлкен мүмкіндік береді. Ақпаратты көз жүгіртпес жылдамдықпен алып, оны қолжетімді сараптауға мүмкіндік береді.
- Компьютер адамның зерттеуі мен танымдық қабілетінің басты құралы болып саналады. Себебі, біз бір ақпаратты іздеп, оны саралап, жіктеп, одан соң жүктеп жатамыз. Демек компьютер бізде әмбебап құрал қызметін атқарады.
- Компьютердің өзге құралдардан ерекшелігі - оның қатысымдық құрал болуы. Яғни, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Мысалы, сұхбат жасау, жазу, тыңдау, мәтіндерді оқу әрекеттері жатады. Тіл үйренуде бұл қабілеттер ең маңызды дағдылар болып табылады.
- Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта меңгеру мүмкіншілігінің болуы. Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге мүмкіндік береді. Оқу үлгерімі төмен оқушылардың өзі компьютер қолдануға қызығады, әрі оларға жұмыс жасау барысында қызығушылығы артады.
Шетелдік және отандық ғалымдар мен педагогтардың көп жылғы еңбектері мен зерттеулерінің арқасында шет тілін меңгеру мен әлемді тану мүмкіндіктері артады. Оқушыларды шет тіліне оқытуға бағытталған жұмыс негізінен түрлі принциптерді көруге болады. Мысалы, оқыту үрдісі балалардың сөйлеуі оның ішінде лексикасын арттыру мақсатында, тілдік біліктіліктеріне оның ішінде диалогтық және монологтық сөйлеуі мен тыңдауға бағытталған.
Оқушылардың лингвистикалық және елтанушылық қабілеттіліктердің дәрежесін арттыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылуда. Мысалы, мақал-мәтелдер мен ағылшын тіліндегі сөйлемдердің дұрыс интонациясын меңгеруге жағдай жасайды. Сабақ барысында түрлі-түсті көрнекі құралдарды пайдалану арқылы, және басқа да көмекші құралдарды қолдана отырып баланың сабаққа деген қызығушылығын оятуға болады.
Кіші жастағы балаларды оқыту барысында ашық және түрлі-түсті көрнекілік құралды қолданамыз. Баланың сөйлеуін, ойлау қабілетін белсендету үшін сары, қызыл, көгілдір және басқа да түстегі шарлар арқылы өтсе, сабаққа ерекше өзгеше жаңашыл элемент енгізіп, әдеттегіден өзгеше жағдай жасайды. Осымен қатар, драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын фольклорының танымал ертегілері мен мультфильмдері, тақпақтар болып табылады. Мысалы: "The three little pigs", "The turnips", "Little mouse", "Old MacDonald" және тағы да басқа ертегілерді қолдану арқылы оқушыларға өзге ел әбебиеттерімен таныс болуына ықпал жасайды. Оқушыларға диалогтық және сонымен қатар монологтық сөйлеу қабілетін қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Халықтық ойындарға халықтың өзі әрқашан тақпақтар мен ертегілерді енгізіп отырған. Мысалы: "Hands up-hands down", "Nick and Andy", "Mouse and cat" тағы басқа қимылды ойын түрлерін ойната отырып, оқушылардың қимыл-қозғалысын арттыруға болады.
Жалпы осы оқыту барысында оқушыларды топпен оқыту тәсілі қте керемет нәтиже береді. Топ мүшелері 8-10 адамнан артық болмағаны жқн. Себебі көп оқушы болған жағдайда балалар өз ойларын анық түсіне алмайды, бір-бірін тыңдамай у-шу көбейеді. Жалпы топтық жұмыс балалардың ауызбіршілігін нығайтып, олардың топта жұмыс жасау қабілеттерін нығайтады. Топтық жұмыс ұйымдастыру үшін алдымен топқа бөлу әдістерін білген жөн. Қазіргі таңда топқа бөлетін түрлі әдістер бар. Соның бірі "Молекула- атомдар" әдісі. Ол үшін оқушылар ортаға шығып "атомдар қозғалады" дегенде бәрі қозғалып жүреді. Одан соң "молекула 2" дегенде екі оқушы жұптасып тұра қалу керек. Одан кейін "молекула 5" дегенде бес оқушы топтасып тұра қалу керек. Осылайша сол жиналып тұрған бес оқушы бір топ болады. Осы тәсілмен 4-5 топ пайда болады. Және тағы да бір әдісі "Пазл" деп аталады. Бұл әдісті іске асыру үшін бізге суреттер қажет. Мысалы 4 топқа бөлгіміз келсе төрт суретті қиындыларға бөлеміз. Оқушылар әр қайсысы сурет қиындыларын алады. Және сурет қиындыларын біріктіреді. Соңында толық төрт сурет шығуы керек, сол суреттерді құраған оқушылар бір топқа топтасады. Нәтижесінде төрт топ пайда болады. Осы әдістемелік құралдардың педогогикалық пайдалылығы көптілді озат елдің оқушыларын даярлау болып табылады. Тек қана ана тілі емес, сонымен қатар шет елдің ауыз екі сөйлеу әдебиеті мен қарым-қатынас тілін үйрену өскелең ұрпақтың зияткерлік, эмоционалдық және адамгершілік дамуымен тығыз байланысты. Ең бастысы осы үйреніп жатқан тілдің ауызша және жазбаша құралдар арқылы қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға бейімдеу. Жалпы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптары бар. Сабақтың тақырып ашу бөлігінде сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық тапсырмалар беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz