Арнайы тұндырғыш реагенттерді пайдалана отырып, уран асқын тотығының ұсақ кристалдарын тұндыру технологиясын талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Арнайы тұндырғыш реагенттерді пайдалана отырып, уран асқын тотығының ұсақ кристалдарын тұндыру технологиясын талдау


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В060500 - Ядролық физика мамандығы

Нұр-Сұлтан 2022
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
_________________ К.Ш. Жумадилов
_20_____04_____ 2022 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Арнайы тұндырғыш реагенттерді пайдалана отырып, уран асқын тотығының ұсақ кристалдарын тұндыру технологиясын талдау

5В060500 - Ядролық физика мамандығы бойынша

Орындаған:
Ғылыми жетекші :
Норма бақылаушы:



Нұр-Сұлтан 2022
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Мазмұны
Кіріспе

Кіріспе
Италияның Неаполь қаласында құрамында 1% уран оксиді бар сары керамикалық шыны сынығы табылды, оның радиометриялық әдіспен зерттелген уақыты б.з.д. 79 жылға сай келеді. Бұл бізге белгілі уранды пайдаланудың ең ерте мерзімі, уранды керемакиға сары түс беру үшін қолданылды, кейіннен орта ғасырларда уран тек қазіргі Чехия Республиканың Яхиме қаласында Габсбург әулиетінің күміс кенінде шығарылды. Бірақ көне деректерде уран туралы және оны бояу алмастырғыштан басқа қолдану туралы ешқандай деректер табылмаған.
Уранның тарихын 1789 жылы ашқан неміс химигі Мартин Генрих Клопрот болды. Ол уран шайырын азот қышқылында ерітіп, сары түсті натрий диуранатын тотықтырды, ерітінді кейін натрий гидрооксиді арқылы залалсызтандырды. Ағаш көмірі арқылы күйдіріп қара ұнтақ алынды, бұл ұнтақты Клопрот жаңа элемент деп ойлап оған жаңа ашылған Уран планетасының атын берді. Кейінен бұл ұнтақ уран оксиді екені дәлелденді.
Бірақ уранды өнеркәсіптік өндіру 1853 жылы ғана басталды. Уран тұздарын ол кезде жаңа ашылған техникалық әдіспен керемикалық шыныларды бояуға қолданылды. Осындай тар аймақты қолдану әдісі уран өндірісін баяу дамуға әкелді. Тек 1896 жылы Анри Беккерель уран арқылы радиоактивтілікті ашқаннан кейін, және кейінен жұбайы Мария және Пьер Кюри уран кенінен радий және полонийді ашқаннан кейін уранға деген қызығушылық арта бастады.
Жаңа құбылыс атомның құрамын зерттеуде радийді қолдануға әкелді, бірақ радийді XX ғасырларда жеке табу мүмкін емес болған, сондықтан оны уран 238-дің ыдырауынан алу керек болды. 1906-1939 жылдар аралығында әлемде шамамен 1 кг радий алынды. Ол үшін шамамен 100-150 мың тонна өте бай уран кенін өңдеу қажет болды. Уранның өзіне деген қызығушылық әлі де төмен. Уран қосылыстарын әйнек пен эмальдарды бояуға арналған пигмент ретінде ерте қолданудан басқа, уранды тотықтырғыш немесе легірлеуші элемент ретінде болат өндірісінде, сондай-ақ фотографиялық процесте күшейткіш және тоник зат ретінде (uo2(NO3)2 уранилнитраты түрінде) қолдануға әрекет жасалды. ХХ ғасырдың басында уран өндірісі аз болды және 1909 жылы 2,85 тоннаны құрады (бұл 0,95 г радийге тең болды); 1910 жылы 5,1 тонна; 1915 жылы 13,5 тонна және 1920 жылдардың басында шамамен 100 тонна.
Кюридің жұбайлары алғаш рет алған таза радий хлориді қараңғыда жарқырап тұрды және оның температурасы әрқашан қоршаған ауаның температурасынан жоғары болды. Осылайша, Радиоактивті ыдырау процесі энергияның бөлінуімен бірге жүретіні белгілі болды. 1904 жылы ағылшын радиохимигі Фредерик Содди егер бұл энергияны босатудың жолы болса, онда атом қаруын жасауға болады деп жазды. 1906 жылы "элементтердің ішкі энергиясы туралы" дәрісінде Содди Лондонның барлық электр станцияларынан гөрі 1 тонна ураннан 1000 фунт стерлингтен аз энергия алуға болатындығын атап өтті. Ағылшын жазушысы Герберт Уэллс "азат етілген Әлем" (1914) романында 1956 жылғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уранды күкіртқышқыл ерітінділерден сорбциялау тәсілімен өндіру процесі
Уран технологиясы
Сусыздандыру технологиясы және мұнайдағы су мөлшерін анықтау
Табиғаттағы минералды тұздар және оларды өндіру тәсілдері. Дәрістер
Мұнайды сусыздандыру технологиясы
Мұнай өндіруші кәіпорындарды сумен қамтамасыз ету
Сольвенің аммиакты тәсілмен сода технологиясы
Уран технологиясындағы аффинаж
Қоршаған ортаның материалды құрылымы
Галургияға кіріспе
Пәндер