Отбасындағы балалар рөлі
Қостанай гуманитарлық колледжі мекемесі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Психология
Тақырыбы: Отбасы рөлі мен отбасы ішіндегі рөлдердің құрылымы
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру
Орындаған:Перминова Айжан, 4НОБ-10
аты-жөні, тобы
Қабылдаған:Утина Ә.Е
оқытушының аты-жөні
Қорғауға жіберілген
________________2022 ж.
Жұмысты өткізу күні: ________________2022 ж
Қорғау күні: ________________2022 ж
Бағасы: ________________
Қостанай,2022ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1. ҚОҒАМДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.1 Отбасындағы ата-ана рөлі
1.2 Отбасындағы балалар рөлі
1.3 Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
2. ОТБАСЫ ІШІНДЕГІ РОЛЬДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
14
2.1 Қазіргі таңдағы отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар
2.2 Отбасындағы тәрбие беру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША А ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Мақсаты: Отбасындағы ата-ана қызметі мен балалардың рөлін анықтау.
Отбасы - ана мен әке және балалардан құралатын шағын мемлекет деп атасақ та болады.Сонымен қатар отбасы туған туыстар,бауырлар, ата-әже мен жақын адамдар болып бір әулетті құрайды.Отбасындағы әр адамның өзіндік рөлдері бар. Мысалы: Әке-үйдің басшысы, отбасын асыраушы болса, ана- балалардың күтімін қарап, үй ішін береке бірлікте ұстайды. Ана мен әкенің бір мақсаты балаларына жақсы адам болып қалыптасуы үшін білім мен тәлім-тәрбие беру болып табылады. Себебі бала ата-ананың айнасы тәрізді, үйінде не көрсе сыртта ата-ана жасаған әрекетті, сөйлеген сөзді қайталайды. Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек.
Менің ойымша нашар оқитын жаман мінезді бала болмайды, тек баланың кішкентай кезінде дұрыс махаббат бөлінбеуінен, тәрбие бермеу салдарынан бала өзінің жеке тұлға екенін ұмытып, кімге еліктерін білмей өз жолынан адасады. Әдетте үй ішінде бір ғана емес бірнеше балалар болу себебінен, бала аналық- әкелік махаббатты, жылуды сезбей, өзін ғана ойлайтын тәкәппар бала болып кетуі де мүмкін. Сондықтан ата-ана әр баласын бөліп жармай, бірдей тәрбие білім беруі қажет. Кейде бәріне бірдей тәлім беріп жатсаңда әр баланың санасы әртүрлі қабылдап жатады. Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық жағдайы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Баланың ішкі сезімін осы тұста ата мен ана ғана түсініп білуі керек. Міне менің айтайын дегенім, бала-ол үлкен жауапкершілік, әр баланың жеке дарынын, талантын аша білу ата-ана мойнында!
Кейде жағымсыз мінез-құлықтарды бойына сіңіріп, дағдыға айналдырып жатқан балаларды байқауға болады. Пайда болатын теріс қылықтардың басты себептерін талдап көрелік:
Біріншіден, отбасында баланың талап-тілегін бұлжытпай орындау, шектен тыс қамқорлық көрсету. Өз бетінше шешім қабылдауға, әрекет етуге мүмкіндік бермеу. Сондықтан бала өз орнын таба алмай, қиындыққа тап болып жатады. Қыңырлыққа,қарсыласуға үйренеді.
Екіншіден, ата-ана баласын қараусыз қалдырады. Ал кей жағдайларда, кейбір ата-ана тұрақты қатаң бақылауға алады. Оның жүріс-тұрысы, әрбір адымын есепке алып отырады. Осының нәтижесінде бала ата-ананың торына түсіп, өз бетімен іс-әрекет жасау мүмкіндігі шектелелі.
Үшіншіден, балаға кейде сыртқы факторларда әсер етеді. Қазіргі жаһандану заманында қоғамды түрлі өрескел қылықтар орын алып жатады. Оларға еліктеудің нәтижесінде өмір нормасынан ауытқу пайда болады. Егер бала психологиясынан осындай жағдайларды байқаған сәттен оған мектеп психолыгы, сынып жетекшісі, ата-анасы, тіпті жолдастары тарапынан оңды көмек көрсетілуі қажет.
Төртіншіден, отбасындағы әке мен шешенің қарым-қатынасы, іс-әрекеттері. Отбасылық тәрбие беру - күрделі және көп қырлы жүйе. Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың бірі.
Міндеті: Ата-ананың балаларға деген жауапкершілігі, қоғам арасына үйрету
Ата-ана өміріндегі ең қымбат сәттердің бірі - перзент сүюі. Бала дүниеге келгеннен бастап үлкен жауапкершілікті ата-ана мойнына алады. Баланың күнделікті тамағы, киімі, оқуы, білімі кәмелеттік жасқа толғанша ата-ана парызы болып табылады. Бала тіпті құрсақта жатқанның өзінде анасымен тығыз байланыста болады, анасының эмоцияналды жағдайы бала психикасына әсер етеді. Дүниеге келген соң әке мен ана махаббатына құштар, нәзік, сезімтал болады. Кішкентай бала сөйлей алмасада ата-анасының қарым-қатынасын көреді. Бала өскен сайын оған деген жауапкершілікте арта түседі. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, қоғам өміріне деген алғашқы баспалдағы да басталады.
Бүгінде жұмысбасты ата-ана бала жайын ойлауды ұмытып кететіні рас. Балаға барын әперіп, аш қалмау жағын ойлау бір басқа, оның психологиялық жай-күйіне мән беру мүлде бөлек. Өсіп келе жатқан ұл-қыздың не ойлайтыны, үйден тыс қандай ортамен араласатыны, не істеп жүргеніне әдетте көп ата-ана мән бермейді.
Бала тәрбиесі әр отбасынан басталатыны анық. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналарының тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелері бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына,көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез - құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт.Отбасында тәрбие үрдісін шебер басқару үшін ең алдымен ата-ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Баланың көпшілік уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді.
Құрылымы: Отбасындағы балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау
Адамның өмір сүру барысында іс-әрекет жасай білуі қарым-қатынас құра білуі, тәлім-тәрбиесі, мінез-құлқы тіпті жүріс тұрысы, білімі, отбасын құрып бала тәрбиесімен айналысуы, сана-сезімі және тағы басқа әрекеттер адамды тұлға ретінде қалыптастырады. Тұлға - өзін-өзі қалыптастырып, өзінің мінез құлқын меңгерген, белгілі бір өзі қызығатын іспен айналысатын, қоғамда өзіндік рөлі бар адам болып табылады. Белгілі бір дәрежеде еркін әрекет жасай , өз пікірін еркін жеткізе білу де, тұлға бойындағы үлкен әрі батыл қасиеттің бірі болып табылады.
Кез-келген адамның қоғаммен қарым-қатынас жасауы жанұядан басталады. Жанұяда адам өмірлік құндылықтарды үйрене бастайды.
Жоғарыда айтқандай адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кемшілікпен қалыптасады ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие алғанымен байланысты. Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет саналады. Аталған себептерді шешуге тырысып көрелік. Жас баланың дамуында ата-ананың орны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы - балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.
Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады. Сол себепті де баланы тәрбиелей отырып, оларды әр түрлі кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек.
Өзектілігі: Отбасы ішінде түрлі проблемадан шығу жолдары
Жанұядағы басты проблема - отбасындағы тұрақтылық пен бірлік, сыйластықты жоғалтып алмау деп санаймын. Жанұядағы туындаған шағын жанжалдың өзі үлкен ұрыс-керіске әкеп соқтығуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда елімізде жас балалардың неке құруы көбейіп кетті. Олардың болашақта ажырасып кетпеуі , отбасын сақтап қалуы белгісіз. Жастықтың буымен біреуге еліктеу кесірінен айырылысып кету бала психикасына үлкен әсер етеді. Осындай проблемалар туындамау мақсатында, әрбір адам отбасын құру - үлкен жауапкершілікті қажет ететінін ұмытпаған жөн.
Менің ойымша, бүгінгі күні отбасындағы ерлі-зайыптылар бір-бірімен мүлде сөйлеспейтін сияқты. Тек жұмыс жөнінде, үй тірлігі жөнінде ғана сұхбаттасады. Ал ішкі жан дүниенің орны бөлек. Ер адамдар көбіне "өз проблемамды айтып қайтемін"- деп іште сақтай береді, ал әйел адам болса "жұмыстан келді, өз жағдайымды айтып мазасын алмай-ақ қояйын "- деп қоя салады. Отбасы психологиялық-моральды түрде сау болса, жанұядағы баланы оқытып даму, сонымен қатар ата-ананың қазіргі заманға сай көзқарасы, тұлға ретінде дами бастайды. Тек сол сәтте отбасы атты шағын мемлекетте бірлік пен береке, татулық пен сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттер пайда болады. Үлкен мәселенін өзін сөйлесу арқылы ғана шешуге болады, бір-біріне деген түсініспеушілік, ренішті іште сақтамай айтқан сәтте ғана адам өзін жеңіл сезіне бастайды.
1. ҚОҒАМДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІ
Қоғам - отбасы үшін маңызды рөл атқарады. Отбасындағы адамдардың жаңа ортамен, басқа адамдармен тіл табысуы, мәдениеті қоғаммен диалог құрғанда білінеді.сондықтан, ең алдымен отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
И.В.Гребенников пайымдауы бойынша отбасының тиімді, тәрбиелі, коммуникативті қызмет пен демалысты ұйымдастыру функциясынатап кеткен болатын. Отбасының негізгі функцияларының осы күнге дейін нақты аталған бірдей тізімі жоқ екенін атап кетуіміз керек. Әлеуметтік ғылымдар өзінің модельдерін ұсынады.- туу және бала тәрбиелеу функциясы- ата-аналардың рухани қалыптасу функциясы- эмоциялық қолдау және психологиялық қорғау- нақты бір әлеуметтік статусқа жету- өзін-өзі көрсете білуОтбасылық рөлдер түсінігі әлеуметтік құрылым болып табылады. Отбасындағы рөлдік құрылымның пайда болу процесі отбасының әлеуметтік және психологиялық негізін көрсетеді, ерлі-зайыптылардың бір-біріне өзара үйренгенін, отбасылық өмірдің стилінің пайда болғанын көрсетеді. Ата-аналар баланың қоғамдық ортасы болып табылады. Ата-аналарының тұлғасы кез-келген адам өмірінде маңызды рөл ойнайды. Мысалы, өмірлік тәжірибеден алып қарасақ қиын сәттерде біздің ата-аналарымызбен , әсіресе анамызбен сөйлесуіміз кездейсоқ жағдай емес. Сондай-ақ бала мен ата-ана арасында бейімдейтін сөздер -бұл басқа эмоциялық байланыстардан күшті ерекше сезімдер.
Отбасы - қоғамда ұлттар мен мемлекеттерден бұрын әлдеқайда ертерек пайда болған. Отбасының әлеуметтік құндылығы оның бала тәрбиесіне, олардың жеке санасының қалыптасуына байланысты.
Отбасындағы ата-ана рөлі
Бала тәрбиесі қашанда өзекті мәселе болып табылады. Қазақ халқы ежелден, болашақ ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл аудара білген. Ұлын ұлдай, қызын қыздай тәрбиелеуге барын салған. Сондықтан қаншама қиын кезеңдерді басынан өткізуде де халқымыздың қадір қасиеті кемімеген, үлгілі ұлағаты үзілмеген. Жан дүниесіндегі рухани тазалықтың қалыптасуы балалық шақтан бастау алатындықтан бүлдіршіннің өмір табалдырығын аттағаннан бастап бойына дұрыс сіңірген тәлімді тәрбие мен білім, парасаттылықпен толыса келіп, рухани байлыққа ұласады.
Тәрбие жұмысының тұжырымдамасында Қоғамымыздың іргетасын нығайту мақсатында, ең алдымен, адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту қажет делінген.
Тәрбиенің негізгі мақсаты психологиялық-педагогикалық ғылымдарының жетістіктерін кеңінен және орынды пайдалана отырп, нарықтық экономикаға сай, дені сау,ұ лттық сана- сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу.
Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғам талабы. Өйткені ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен мұраттар, көбінесе отбасында дамып, байытыла түседі.
Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрі де тек салауатты отбасында қалыптасады.
Отбасы адамзат баласының дүниеге алғаш рет келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп, ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда да, қай елде болсада адамзат ұрпағы үшін отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа да еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі отбасы мүшелерінің бір-біріне деген кісілік қарым-қатынастары олардың жаны мен қанының табиғи бірлігіне - туыстығына негізделген жақындық. Отбасы тәрбиесінің күші де осында. Отбасы тәрбиесінде және мектепте ғылыми мағлұматтар мен халық тәрбиесіне негізделген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жас жеткіншектердің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір - қасиетін қалыптастыруда ата-ананың ролі зор. Ана отбасының жаны мен сәні, жылуы екенін, Шешесін көріп қызын ал деген мақалдың орынды айтылғандығын, әке-шаңырақтың нағыз тірегі, отбасы балалары үшін асқар тау, алып қорған және теңдесі жоқ педагогикалық қазына екендігін айта отырып, жасөспірімді тәрбиелеуге әке рөлінің зор екендігін ұғындырған.
Ең бастысы - отбасындағы, отбасы ошақ қасындағы тәрбиенің әлсіздігі баланың бақылаусыз бетімен кетуі. Тәрбиенің үйлесімсіздігі, мектеп пен ата-ана, мектеп пен мектептен тыс тәрбие орталықтарының арасында байланыстың жоқтығы.
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлінің қандай екендігі атам қазақ Ұяда не көрсең-ұшқанда соны ілесің деп бір ауыз сөзбен-ақ айқындап берген жоқ па? Баланың бақылаусыз, қараусыз қалуы салдарынан оған берген тәрбие, құмға сіңген судай із-түзсіз кетеді. Себебі, бақылаусыз қалған баланың қолы бос, ешнәрсемен айналыспайды. Қайта сол бос уақытында түрлі жағымсыз әдеттерге бас ұрады. Шетелдік түрлі кинолардан көрген жауыздықтан, қатыгездіктен жасқанбай, сол жасқанбаушылықтарын өздерінше дәлелдегісі келіп ұрынарға қара іздейді, жаман жолға түсіп қылмысқа барады.
Бала тәрбиесіндегі отбасының міндетін мектептерге, түрлі қоғамдық ұйымдарға жүктедік. Бар жауапкершілікті соларға арттық та, біздер біріңғай қызметпен айналыстық. Бұл - бір қатеміз.
Ендігі бір мәселе, бізде тәрбие жұмысына бір жақты қарау басым. Олай дейтініміз, көпшілік ата-аналар тәрбие жұмысымен тек мектеп қана айналысуы керек деп есептейді. Өздеріңе бердік, не етсеңдер қолдарыңда деп бар жауапкершілікті мектепке аударады.
Отбасындағы тәрбие ісіне сіздер мен біздер болып, жіті көңіл бөліп, жас ұрпақ санасына тәрбиені сіңіре білейік.
Отбасындағы әр адамның орнын көрсететін, жастарды үлкендерге парасатты түрде құрметпен қарауға тәрбиелейік. Ұлттық мәдениет пен өне негізінде жан-жақты тәрбие беріп, тазалыққа, салауатты өмір сүруге, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландырайық.
Отбасындағы балалар рөлі
Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады - деп Абай атамыз айтқандай, отбасы - баланың өсетін, алғашқы тәрбие алатын ортасы. Оның беделі балаға айрықша ықпал етеді. Себебі, отбасында баланың мінез-құлқы, әдет-дағдысы қалыптасады. Ал, осы жанұя беделін түсіретін ондағы ата-әже, іні-қарындас, ағайынның ұнамсыз мінез-құлықтары болып табылады. Ол қандай мінездер? Ендеше төменге түсіп таныса отырыңыздар.
Өзімшілдік
Отбасындағылардың балаларын тек қатаң түрде бұйырып қана жұмыс істетуі, олармен ақылдаспауы, оны да адам-ау деп санаспауы, т.б. жағдайларда балалардың өз бетінше ойлауы, өз бетінше пікір айтуы кемшін болып жатады.
Ақылгөйлік
Ата-ана бір айтқан ақылын тәптіштеп, қайта-қайта айта берсе, баланы жалықтырып, мезі етіп жібереді. Келешекте сөзді жүре тыңдауға дағдыландырады. Бала ондай көп сөзді ақылға назар аудармауды әдетке айналдырады.
Өркөкіректік
Отбасы мүшелерінің өздерін басқалардан жоғары ұстауы, менсінбеуі. Мұның нәтижесінде баланың бойында мақтаншақтық, өркөкіректік, менмендік, т.б. жат қылықтар қалыптасуы әбден мүмкін.
Орынсыз кеңпейілділік
Баланы тыңдату үшін орынсыз кеңпейілділік көрсетудің де кері әсері болады. Яғни балиғат жасқа толмаған балаға ақша да береді, керекті-керексіз түрлі киім-кешек пен ойыншықтар, т.б. мұндай жағдайда бала бойына қыңыр, қырсық, ылғи да тек қана талап етушілік сияқты масылдық қасиеттер қалыптасады.
Жалған жақсы көру
Өтірік жақсы көру балаға кері әсер етеді. Баланы дұрыс тыңдасын, тілімді алсын деп тіпті, тамақты дұрыс ішпесе: Сен анаңды жақсы көрмейді екенсің, сен әкеңді жек көреді екенсің! - деп айтатындар да кездеседі. Мұндай отбасында жәдігөйлік, жалған сүйіспеншілік сезімі қалыптасады.
Жағымпаздық
Адамгершілікке нағыз жат қасиет. Баланы тыңдату үшін әртүрлі сыйлықтар алып беру, уәде беру оны жаман мінез-құлықтарға баулиды. Мені тыңдасаң, велосипед алып беремін, циркке алып барамын дейтіндер де бар ғой. Отбасында ата-ана арасында өзара сыйластық, ынтымақтастық өз дәрежесінде болмаса, мұның салдары бала тәрбиесіне әсер етпей қоймайды. Кейбір ата-аналар баласын өз жағына тарту үшін педагогикаға жат, әртүрлі іс-әрекеттерге, қарым-қатынасқа барады. Бала осыны пайдаланып, ата-анасының біреуін, кейде тіпті екеуін де құрметтеуді қояды, тіпті жек көріп кетуі де мүмкін. Мұндай отбасында тәрбиеленген бала болашақта жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін, өзіндік пікірі жоқ, істің барысына қарай икемделгіш адам болып шығады.
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделi процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иiлуге қандай икем болса, бала да тәрбиенi қабылдауға сондай бейiм. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. "Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе" - деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым - қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, көп қырлы. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, достармен сөйлессек те, осының бәрі - қарым - қатынастың сан алуан қырлары болып есептеледі.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым - қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым - қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым - қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана қалай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым - қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым - қатынас жасау - бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.
- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
- ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
- өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
- бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
- түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Әр отбасында жоғарыдағыдай түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жіберіп жатады. Мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.
Ата-ана - бала жұбындағы кез келген қарым-қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы бола отырып, қарым-қатынас үлкен педагогикалық мүмкіндіктерге ие. Тәрбие мақсатына жету үшін ата-аналар әр түрлі әсерлерге жүгінеді: мадақтау және жазалау. Балаларды саналы түрде мадақтау нәтижесінде баланың тұлға ретінде дамуын жеделдетуге болады. Егерде жазалау қажеттілігі туындаса, онда оны тек қана қажетті жағдайда ғана қолдану керек. Өте қатал жаза нәтижесінде балада қорқыныш немесе өшпенділік болуы мүмкін. Кез келген физикалық әсер нәтижесінде балада өзіне ұнамаған жағдайды күшпен шешуге болады деген ұстанымды туындатады.
Өзіндік бағалауы жоғары жағдайда да адекватсыздық байқалады. Бұл баласын көп мақтап, кішкентай жетістіктері үшін де сыйлық беретін отбасында да кездеседі. Жоғары, бірақ шамадан тыс өзіндік бағалауы жоқ отбасында балаларға бағытталған көңіл бөлушілік қажетті деңгейдегі талапшылдықпен сәйкес келеді. Өзіндік бағалауы төмен балаларға отбасында шамадан тыс еркіндік ұсынылады, алайда бұл еркіндік ата-ана мен бала арасындағы қатынас бұзылуы нәтижесіндегі бақылаусыздық болып табылады.
Қарым-қатынас барысындағы қиыншылықтар эмоционалды қарым-қатынас бұзылуының нәтижесі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың сөзі мимика, жест және поза көмегімен жүзеге асырылады. Бала ата-анасы және жақындарының қарым-қатынас стиліне еліктей отырып, санасыз түрде соған бейімделіп кетеді. Сөйлеу мәдениетіне ие отбасы баласының бойына қолданылып жүрген қарым-қатынас стилін бейімдейді. Эмоционалды қатынастың бұзылуы нәтижесінде бала бойында үрейлілік дамиды. Жоғары үрейлілік тұрақты сипатқа ие болады. Егер оның бойындағы уақытша қиындықтарды ересектер тітіркендірсе, бір нәрсені қате жасап қою қорқынышы, үрейлілік туындайды.
Мұндай жағдай ата-аналар тым жоғары талап қойғанда да туындайды. Үрей мен оған байланысты төмен өзіндік бағалаудың өсуі нәтижесінде баланың танымдық жетістіктері төмендеп, сәтсіздік сезімі беки түседі. Өзіне деген сенімсіздік нәтижесінде келесідей ерекшеліктер де туындайды. Ересектердің нұсқауын орындау, үлгі бойынша ғана әрекет ету, өз ойын білдіруге қорқу, білімдер мен әрекет тәсілдерін ресми түрде меңгеру. Өз баласының оқу әрекетінің нәтижелілігінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz