Есепті шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдер әдістемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ЕСЕПТІ ШЕШУДІҢ АРИФМЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АЛГЕБРАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ.

Пәні: Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі

6В01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
білім беру бағдарламасы

Орындаған: Мырзагалиева А.Г., күндізгі оқу
нысанының 1 курс студенті

Ғылыми жетекші: Султанбекова Ж.Х.
аға оқытушы

Курстық жұмыс қорғауы
болған күні ___ _______20__ ж.
Бағасы_________________

Қостанай, 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ЕСЕПТІ ШЕШУДІҢ АРИФМЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АЛГЕБРАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ.
1.1 Есептерді шешуде алгебралық әдісті қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 ... ... ... ... ... .

2.
2.1. ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Мектеп оқулықтарында мәтін есептерді шығаруға әдістемелік нұсқау жоқ десек те болады, көбінесе оқулықта бір немесе екі ғана шартпен берілетін қарапайым мәтін есептер үнемі қайталанып отырады. Осының әсерінен математиканың алдында тұрған негізгі талап - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар математика пәнінде күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығаруға үйрету, математикалық модель құра білу мәселелері назардан тыс қалуы мүмкін. Мәтін есептерді тура талқылауды керек ететін арифметикалық тәсілдерді қолдана отырып шығарудың оқушылардың логикасын дамытуда берері зор және арифметикалық тәсілді жақсы меңгерген оқушы мәтін есептерге жылдам, әрі дұрыс теңдеу құра алатыны сөзсіз. Мектеп оқулықтарында бастауыш сыныптардан кейін арифметикалық тәсілге онша көп көңіл бөлінбейді, көбінесе алгебралық тәсілдермен, яғни теңдеулер немесе теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтін есептер шығарылады.
Зерттеу тақырыбы: Есепті шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдері.
Зерттеу мақсаты: Есепті шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдері зерттеу және оларда математикалық ұғымдарын жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерін ғылыми түрде анықтау.
Зерттеу нысаны: Есепті шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдер үрдісі.
Зерттеу пәні: Есепті шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдер әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы
Зерттеудің әдіснамалық негізі
Зерттеу әдістері
Зерттеудің теориялық маңыздылығы
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі.

1. ЕСЕПТІ ШЕШУДІҢ АРИФМЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АЛГЕБРАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ.

1.1 Есептерді шешуде алгебралық әдісті қолдану

Мәтінді есептерді шығарғанда оқушылардың назарын есепті шығарудың тиімді арифметикалық және алгебралық әдістеріне аударып отырып, алгебралық тәсілдің артықшылығын жүйелі түрде ашып беріп отыру қажет.
Білімнің нәтижеге айналуы - қазіргі таңда бүкіл өркениетті елдер ұмтылып жатқан меже, сондықтан нәтижеге бағдарланған білім моделін қалыптастыру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Оқушының өмірдегі қажеттігін өтеуі жаңа модель бойынша білімнің мәні болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш мектеп оқушысының есепті шығара білуі міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мен біліктің түпкі нәтижесі болып саналады. Өйткені, мектепте оқушының математикадан меңгеретін білімдері есеп шығара білу мен логикалық ойлау дағдыларын қалыптастырудың базасы қызметін атқарғанда ғана бұл пән оның өміріне қажетті дағдыларды дамытудың құралына айналады. Бұл дара тұлғаның есептерді шығара білуі - білім нәтижесі ретінде зерделеп, алған білімнің жемісі екендігін көрсете түседі.[1]
Білім беруді жетілдірудің басты факторларының бірі - пән мазмұнының өзімен сәйкес келетін оқыту әдістерінің үйлесімділігі. Осындай бағыттарды оқыту үрдісінде жүргізу тұрғысынан қарағанда алгебралық әдісті мәтіндік есептерді шығаруды білімнің тұтқасы ретінде ұстануы, оны білім мазмұнында қамту математиканы оқыту әдістемесінің жаңа талаптарымен толық сай келеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына алгебралық әдісті (мәтіндік) есептерді шығару негізінде дамыта меңгерту бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Есеп шығаруда алгебралық әдісті қолдануды оқушыны мектеп қабырғасынан бастау алуы - бүгінгі уақыт сұранысы.
Есептің анықтамалары, мәнді беолгілеріне қарай есепке әр ғалым түрлі анықтамалар берген. Сол ғалымдардың ішінен К. Лейбництің айтқан сөзіне тоқталсақ, Есептерді әртүрлі амалдар мен әдіс - тәсілдер арқылы шығару есептің нақты, дәл, дұрыс және дәлелдеулерін тереңдету барысында әрбір есептің шешімдерін тауып, масатымызға жетуге болады - делінген. Сондықтан есептерді шешуде алгебралық әдісті қолдану заман талабы. [2]
Бастауыш сыныптарда есептер негізінен арифметикалық тәсілмен шығарылады. Бірақ амалдардың орындалу реті және келтірілетін түсіндірмелер бір - бірінен өзгеше болса, онда есеп түрліше тәсілдермен шығарылады. Ал кейбір есептердің теңдеу құру арқылы да шығарылуы мүмкін. Сонда қарапайым немесе құрамында санды өрнек болатын теңдеулер шығады. Оларды шешудің жолдарымен оқушылар алдын ала танысады.
Жалпы, мәтінді есептерді бастауыш мектепте арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады. Арифметикалық тәсіл - бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді.
Алгебралық тәсіл - мұнда есепті теңдеу құру арқылы шығарылады.
Бастауыш сыныыптарда оқушылар алғаш рет 1-сыныптағы Нөмірлеу тақырыбында есеп терминімен және оның құрама бөліктерімен, сондай-ақ есепті шешудің негізгі кезеңдеріемн таныстырылады. [3]
Бастауыш мектеп математикасында есеп ұғымы арифметикалық есеп болған жағдайда ғана сөз болады. Есеп нақты нысандар арасындағы сандық қатынаспен анықталатын мәтін арқылы беріледі. Сондықтан андай есептерді мәтінді, мазмұнды есеп деп те атайды, оларды шығартуға үлкен көңіл бөлінеді. Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарын, теорияны және математика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТЕҢДЕУДІ ОҚЫТЫП ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныптарда теңдеулермен жұмыс істеу әдістемесі.
Теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешу әдістері
Бастауыш сыныпта есеп шығаруға үйрету жолдары
Қозғалысқа байланысты есептерді шешу жолдары
Құрама есептермен жұмыс
Арифметикалық амалдарды жазбаша есептеу тәсілдері
Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемемелері
Мектепте алгебралық және геометриялық материалдарды қабылдау мен меңгеру ерекшеліктері
Қоспаға (қорытпаларға) берілген есептер
Пәндер