Банктегі несиелік тәуекелдерді басқару
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Каспий қоғамдық университеті
Экономика және жоғары басқару мектебі
Қорғауға жіберілді
Декан Ә же БЖМ
_______________Н.С.Дүйсенгулова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
5В050900 Қаржы мамандығы
Орындаған: Әбілқасым Ә.
Ғылыми жетекші: Сакен Уалиханович
Алматы 2022
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Екінші деңгейдегі банктердің несиелік операциялары : несиелік операцияның мәні және негізгі мақсаттары
Несиелік тәуекелдің мәні және оның негізгі мақсаттары
Банктегі несиелік тәуекелдерді басқару
ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелінің жағдайы
Екінші деңгейдегі банктерден қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың несиелік қабілеттігін талдау
Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілеттігін талдау.
Рахат АҚ ұйымының несие қабілеттігін талдау.
HALYK BANK АҚ несиелік мәселелерін бағалау.
Екінші деңгейдейдегі банктердің несиелік тәуекелдерін басқарудың жетілдіру жолдары мен әдістері
Екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелдерді төмендетудегі мәселелері
Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның нарыққа шығуы көп жағдайда несиелік қатынастардың мүмкіндіктерін жүзеге асырумен байланысты. Сондықтан нарықты қалыптастырудың алғы шарттарының бірі ақша айналымы мен несиені түбегейлі қайта құрылымдау болып табылады. Реформаның негізгі мақсаты - ақша ресурстарын орталықтандырылған қайта бөлуді барынша қысқарту және олардың қаржы нарығындағы басым көлденең қозғалысына көшу. Қаржы нарығын құру халық шаруашылығын басқарудағы несиелік мекемелердің рөлін түбегейлі өзгертуді және экономикалық қатынастар жүйесінде несиенің рөлін арттыруды білдіреді.
Несие капиталды өндірістің бір саласынан екіншісіне еркін ауыстыру қажеттілігі мен өндірістік капиталды белгілі бір табиғи формада бекіту арасындағы қайшылықты шешеді. Сондай-ақ ол жеке капиталдың шектеулерін еңсеруге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге несие жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ақша айналымының үздіксіздігін сақтау, өнеркәсіптік тауарларды өткізу процесіне қызмет көрсету үшін қажет, бұл нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында ерекше маңызды.
Несие ақша массасының көлемі мен құрылымына, төлем айналымына, ақша айналымының жылдамдығына белсенді әсер ете алады. Несиелік ақшаның әртүрлі нысандарын өмірге әкеле отырып, ол Қазақстанның нарыққа өтуі кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жедел дамуының негізін құруды, олардың жаңа әдістерін енгізуді қамтамасыз ете алады. Мұның барлығы бөлу шығындарын үнемдеуге және жалпы қоғамдық ұдайы өндірістің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Несиенің арқасында пайданы капиталдандыру, демек, өндірістің шоғырлану процесі жылдамырақ жүреді.Ол кәсіпорындарды акционерлендіру негізінде мемлекеттік және муниципалдық меншікті жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды рөл атқара алады. Банктер ұсынған несие жүйесі эмиссияның өзінде де, акцияларды орналастыруда да белсенді орын алады. Несиелік қолдаусыз шаруа қожалықтарының, шағын кәсіпкерліктің қарқынды және өркениетті дамуын, ішкі және сыртқы экономикалық кеңістікке кәсіпкерлік қызметтің басқа да түрлерін енгізуді қамтамасыз ету мүмкін емес. Несие нарығының негізгі қатысушылары -- несие беруші және қарыз алушы болып табылады. Сол себепті банктің өтімділігі мен табыс табуы тікелей қарыз алушы тұлғалардың қаржылық жағдайына байланысты болып келеді. Сондықтан банктер несиелік операциялардың табыстылығын арттыру мақсатында қарыз алушының несиелік қабілеттілігін жақсылап талдап, зерттеуі керек. Қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауда Қазақстандық банктер қаржылық коэффициенттер әдісін қолданады, бірақ бұл әдіс аса тиімді емес, яғни бірнеше факторларды ескермейді. Ал шетелдік тәжірибеде банктердің несиелік тәуекелінің алдын алу мақсатында несиелік қабілеттілікті есептеп, бағалаудың әлдеқайда тиімді әдістері қолданылуда, осының салдарынан несие бойынша ранайы пайыздар төмендеп, халықтың несиеге деген сұранысы қайта артады. Сондықтан Қазақстан нарығында шетел тәжірибесінің әдістерін ескере отырып, қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістерін ары қарай дамыту өте маңызды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - екінші деңдейдегі банктерде несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтап, қарыз алушы заңды және жеке тұлғалардың несиеге деген қабілеттілігін шетел тәжірибесінде талдап көрсету, сонымен қатар несие беру тәртібін жеңілдету әрі жетілдірудің жолдары мен даму бағыттарын айқындау және екінші деңгейдегі банктердің несиелік операцияларының болашағын одан әрі жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар айту болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу барысында келесі міндеттер жүзеге асырылады:
Несиенің қаржы нарығындағы экономикалық мәні мен мазмұнын талдай отырып, олардың екінші деңгейдегі бантердегі қызметінің рөлін қарастыру;
Коммерциялық банктер несие бермес бұрын қарыз алушының несиелік қабілеттілігіне барынша нақты талдаулар жүргізу;
Шетелдегі банк секторында жүзеге асырылатын несиелік операциялардың қазіргі жағдайын талдау.

Нарықтық экономикада несиенің рөлі аса маңызды. Ақша капиталының жинақталу ауқымының ұлғаюы -- несие нарығының дамуына себепкер болады. Ссудалық капитал қозғалысының мәні төмендегідей: ақша қаражаттары түрінде жинақталған капитал ссудалық капиталға тікелей айналады. Несие нарығы -- механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды (қарызға беруді) жүзеге асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғаңда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады.
Несие берушінің ресурстары
Несиені алу
Несиені пайдалану
Ресурстарды босату
Қарыз алушының қарызды қайтаруы және несие бойынща пайыздарды төлеуі
Несие берушінің несие сомасын және бұл сома бойынша пайызды алуы

Сурет 1 - Несие қозғалысының сызбасы
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу жағдайында несие несие капиталының, несиеге берілген ақша капиталының қозғалысының бір түрі болып табылады. Несие ақша капиталының ссудалық капиталға айналуын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Оның көмегімен бос ақша капиталы мен кәсіпорындардың, жеке сектордың және мемлекеттің кірістері жинақталып, уақытша пайдалануға ақыға берілетін несиелік капиталға айналады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуін, оның қызмет ету тиімділігін арттыруды, қажетті инфрақұрылымды құруды несиелік қатынастарды пайдаланбай және одан әрі дамытусыз қамтамасыз ету мүмкін емес.
Несие өндіргіш күштердің дамуын ынталандырады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері негізінде ұдайы өндірісті кеңейту үшін капитал көздерінің қалыптасуын жеделдетеді.
Қарыз алушылардың несиелік капитал нарығына қолжетімділігін реттей отырып, мемлекеттік кепілдіктер мен жеңілдіктер бере отырып, мемлекет банктерді қызметі әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық бағдарламаларын іске асыру міндеттеріне сәйкес келетін кәсіпорындар мен салаларға жеңілдікпен несие беруге бағыттайды. Мемлекет несиені күрделі салымдарды, тұрғын үй құрылысын, тауарларды экспорттауды, артта қалған аймақтарды дамытуды ынталандыруға пайдалана алады.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарылымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.\
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:
- басқаратын субъекті;
- басқарылатын объект.
Басқару субъекті - бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәуекелді басқару процесін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Отандық банктер тәжірибесінде несиелік тәуекелді басқару субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:
- Директорлар кеңесі;
- Басқарма;
- Несиелік комитет;
- Активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет;
- Тәуекел басқармасы;
- Шағын және орта бизнесті несиелеу департаменті;
- Ипотекалық несиелеу департаменті;
- Ірі жобалар бойынша несиелеу тәуекел басқармасы;
- Несиелік тәуекел басқармасы;
- Проблемалық несиелер басқармасы;
- Несиелік бөлімдер;
- Несиелік менеджер;
- Несиелік - тәуекел менеджері;
Басқарылатын объектіге банктің берген несиелері және олармен байланысты несиелік тәуекел жатады.
Несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу барысында пайда болуы мүмкін.
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
Берілген және алынған несиелер;
Есепке алынған вексельдер;
Факторинг;
Форфейтинг;
Лизинг;
Төленген аккредитив бойынша төлеушіге қоятын банктің талаптары;
Кепілхат боцынша банктің талаптары.
Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге бөліп тікелей және жанама деп қарастырған дұрыс. Тікелей шығындар несиені қайтармауға және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің құратын резервтер көлемінің ұлғайту қажеттігінен туындайды.
Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі мынадай факторларға тәуелді:
- елдегі және өңірдегі эконмикалық және саяси жағдайлар;
- банктердің жекелеген экономика салаларына несие беруі;
- қарыз алушылардың несиелік қабілеті мен беделіне;
- қарыз алушының банкроттығына;
- қаржылық қиындықтарға ұшыраған клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуына;
- жаңа, таныс емес компанияларға берілген несиелерге;
- жақын арада тартылған немесе жаңа клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуы;
- қарыз алушының тарапынан болатын алдамшылық әрекеттерге;
- қиын іске асырылатын немесе тез құнсыздануға икемді кепіл затын қамтамасыз ету мүлкі ретінде қабылдауына;
- несиелік қоржынның диверсификациялану деңгейіне;
- инвестициялық жобаның техникалық - экономикалық негіздемесінің туралығына ;
- несиені беру және қоржынды қалыптастыруға байланысты несиелік саясатқа жиі енгізілген өзгерістерге;
- берілетін несиелердің түрлеріне, мөлшеріне және нысандарына, сондай - ақ қамтамасыз ету түріне.
Жоғарыда аталған факторларды екі топқа топтастыруға болады: сыртқы және ішкі факторларға.
Сыртқы факторлар тобына мыналар жатады:
- елдің экономикасының даму жағдайы мен болашағы;
- елдегі саяси жағдайлар;
- құқықтық өзгерістер;
- мемлекеттік ақша - несие саясаты;
- инфляция деңгейі;
- әлеуметтік факторлар.
Ішкі факторлар банктің несиелеу қызметіне және қарыз алушының қызметіне байланысты болуы мүмкін. Банктің несиелеу қызметіне байланысты факторлар негізінен оның менеджментінің деңгейіне, нарықтық стратегиясына, жаңа несие өнімдерін жаса, оларды клиенттерге өткізу қабілетіне, несиелік саясатты дұрыс таңдауына, несиелік қоржынның құрылымына, уақыт бойынша тәуекелдерге (ұзақ мерзімде пайыздың өзгеруі, валюта бағамындағы өзгерістер) жатады.
Сонымен сыртықы факторлар банк қызметіне байланыссыз болса, ал ішкі факторлар банк қызметіне тікелей байланысты болып келеді.
Жоғарыда аталған несиелік тәуекелдің факторлары несиелік тәуекелді жіктеуде басты критерий болып табылады. Демек келтірілген факторлар негізінде біздің ойымызша, несиелік тәуекелдің мынадай жіктелімін жасауға болады:
Факторлардың әрекет ету саласына қарай:
- Ішкі несиелік тәуекелдер;
- Сыртқы несиелік тәуекелдер;
2) Факторлардың банк қызметіне байланысына қарай:
- банк қызметіне байланысты несиелік тәуекелдер;
- банк қызметіне байланыссыз несиелік тәуекелдер;
3) Банк қызметіне әкелетін зияндылық дәрежесіне қарай:
- тікелей несиелік тәуекелдер;
- жанама несиелік тәуекелдер;
4) Несиелік операциялардың есеп алыну сипатына қарай:
- баланстық несиелік тәуекелдер;
- баланстан тыс несиелік тәуекелдер;
5) Пайда болу ауқымына қарай:
- іргетастық несиелік тәуекелдер, яғни активті және пассивті басқарумен айналысатын менеджерлердің қабылдайтын шешімдеріне байланысты;
- коммерциялық несиелік тәуекелдер, яғни банк клиенттерін несиелеу саясатына байланысты;
- жекеше несиелік тәуекелдер, яғни несиелік өнім, қызмет, операцияларға, қарыз алушыларға немесе өзге де контрагенттерге байланысты.
6) Басқару сипатына қарай:
- тікелей несиелік тәуекел, яғни қарыз алушыға қатысты несиелік тәуекел;
- қоржындық несиелік тәуекел, яғни несиелік қоржынның сапасына байланысты.
1.2 Банктегі несиелік тәуекелдерді басқару
Несиелік тәуекелді басқару банктің активін басқарудың құрамдас бөлігі ретінде несиелік тәуекелді төмендетуге байланысты шаралардың жиынтығын білдіреді.
Жоғарыда келтірілген несиелік тәуекелді жіктеліміне сүйене отырып, біздің ойымызша, жалпы несиелік тәуекелді басқаруға екі тұрғыдан келу қажет:
- нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару;
- несиелік қоржынның тәуекелін басқару.
Осы екі түрлі несиелік тәуекелдерді басқарудың өзіндік ерекшеліктері болады. Ең бастысы мақсаттарына байланысты:
- қарыз алушының несиелік тәуекелін басқарудың мақсаты несиені қайтармаған жағдайда банктің шығынын азайту және қарыз алушының банк алдындағы келісімшартта көзделген міндетемелерін орындалмай қалу ықтималдылығын азайту болып табылады;
- несиелік қоржынның тәуекелін басқарудың мақсаты банктің несиелік операцияларын ұйымдастыру тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде қолдап отыру.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару банктегі несиелік үдерісті ұйымдастыру шегінде жүзеге асырылады. Несиелеудің әрбір кезеңінде несиелік тәуекелді басқарудың өзіндік ерекшеліктері болады.
Несиелік тәуекелді басқару үдерісі мынадай кезеңдерді қамтиды (1 - сурет).
1 - сурет. Несиелік тәуекелді басқару үдерісінің кезеңдері.
Несиелік тәуекелді басқарудың үдерісінде қарастырылған кезеңдері несиелік тәуекелді жекелеген қарыз алушылар деңгейінде, сондай - ақ жалпы несиелік қоржын деңгейінде басқаруға да қолданылады.
Ең бірінші қарыз алушының бірдейлендіру несиелік тәуекелін басқару үдерісінің кезеңдеріне тоқталайық.
Бірінші кезең - бірдейлендіру кезеңі. Несиелік тәуекелді идентификациялау бұл несиелік тәуекелдің пайда болу аумағын айқындауды білдіреді.
Несиелік тәуекелді бірдейлендірудің мақсаты қарыз алушының келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау себептерін анықтау. Оған ішкі және сыртқы факторлар себеп болуы мүмкін. Ішкі факторлар яғни бұл банктің несиелеу үдерісін ұйымсдастырумен байланысты, ал сыртқы факторлар бұл қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне немесе оның банк алдындағы міндеттемесін орындауға ынтасыздық танытуынан, сондай - ақ несиені қамтамасыз ету мүлкіне байланысты туындауы мүмкін.
Несиелік тәуекелді бірдейлендіру үшін қарыз алушы туралы толық ақпараттарды жинақтау қажет. Қарыз алушылар жеке және заңды тұлға ретінде болады. Ендеше қарыз алушы жеке тұлғаға қарағанда заңды тұлғалар бойынша ақпараттар жинау күрделі болып келеді. Айталық қарыз алушы заңды тұлға үшін компанияның қызметінің бағыттары, несиелік тарихы, іскерлік беделі, меншік иелерінің құрылымы, менеджмент сапасы, бәсекелестік қабілеттігі, рентабельдігі және өндірісінің даму жағдайы, оған салалық, нарықтық және географиялық тәуекелдердің ықпал етуі, сондай - ақ кепіл затының өтімділігі, жеткіліктігі және сақталымы немесе өзге де қамтамасыз ету нысандарына қатысты тәуекелдердің болуы туралы ақпараттар жатады.Қарыз алушы жеке тұлға бойынша ақпараттарға: жеке тұлғаның қызметі, несиелік тарихы, табысы, бизнесінің дамуы мен бәсекелестігі, сондай - ақ кепіл затына қатысты жоғарыда аталған тәуекелдер туралы ақпараттар жатады.
Несиелік тәуекелді бірдейлендіру банктің несиелік қызметтерінің, заң қызметінің, қауіпсіздік қызметінің, тәуекел - менеджерлерінің көмегімен қарыз алушылар санаттарына және салалық сипатына қарай жасалатын сараптамалық қорытынды дайындау кезінде жүзеге асырылады.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін анықтау үшін оның алдыңғы міндеттемелерді қалай орындауы, бұрынғы өзге банктерден алған займдары туралы, қазіргі банктің берген несиесіне қызмет ету жағдайы, қарыз алушының несиелік тәртібі туралы ақпараттар талданады.
Несиелік тәуекелді бірдейлендіруге қажетті ақпарат көздеріне мыналар жатуы мүмкін:
- қарыз алушының банкке несие алу үшін берген ақпараттары;
- несиелік бюроның беретін ақпараттары;
- өзге ақпараттар.
Бейрезиденттерге несие беру барысында қарыз алушының заңдарына құқықтық сараптама жасалуға тиіс.
Жалпы қазіргі банктік тәжірибедегі қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері төмендегі 2 - суретте берілген.
Несиелік шектеу бұл біріншіден несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; екіншіден қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғары шегін білдіреді. Несиелік шектеу ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері ретінде белгіленеді. Ол норматтив бойынша тәуекелдің (несие мөлшерінің) банк капиталына қатынасы арқылы есептеледі және оның мәні екі жағдайда белгіленеді:
1) 0,1 - нан аспайтын мөлшерде, яғни ол банкпен тығыз қарым - қатынастылар үшін;
2) 0,25 - тен аспайтын мөлшерде, яғни ол қалған қарыз алушылар үшін ( соның ішінде банктік несиелер үшін - 0,1).
- сурет. Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері.
1.3 ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелінің жағдайы
2020 жылдан 2022 жылға дейін жалғасып келе жатқан Коронавирус көп саланы тұралатып кетті. Алайда еліміздегі банктер сондай бір салқындықты сезе қоймаған секілді. Оған ресми дерек көздері жария еткен статистика мен сарапшылар сөзі дәлел болып келеді. Жыл санап мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордың асыранды баласына айналып бара жатқан екінші деңгейлі банктер биыл телегей табыс тапқан жоқ, әрине. Тиісінше қиналып та қалмады.
Ranking.kz мәліметінше, бірінші тоқсанда шағын қаржы ұйымдарындағы несие көлемі 316,1 млрд теңгені құраған. Былтырғымен салыстырғанда 35,6 пайызға көп. Ал Қазақстандағы IDF Eurasia операциялық директоры Далида Давлятшина пандемия кезінде қазақстандықтар несиені аз алды, алайда займдардың орташа чегі 2019 жылмен салыстырғанда 50 пайызға көбейді деген дерек келтіреді.
Ұлттық банк дерегінше, қазақстандықтардың банкке қарызы - 14,3 трлн теңге. Таза тұтынушылық несие 4,2 трлн, ипотекалық несие 2,1 трлн теңгеге дейін өскен. Жалпы, 16 жыл ішінде елімізде 55,6 млн несие келісімшарты жасалған. Дәл қазір Қазақстандағы 10 млн-ға жуық экономикалық белсенді халықтың 8 млн-ға таяуының банк алдындағы берешегі бар. Мұндай деректерді Бірінші кредиттік бюро жария етті. Қаржыгер Расул Рысмамбетовтің айтуынша, карантин әсерінен NPL деңгейі де артқан.
Қазақстандықтардың банкке қарызы
- Жыл басында карантин банктерге қиын тиюі мүмкін деген болжам жасаған едім. Алайда жыл ортасында пікірімнің қиыс болғанын аңғардым. Мемлекеттің әлеуметтік төлемдері де банктер арқылы жүзеге асты, сондай-ақ карточка және онлайн төлемдер көбейді. Мұның бәрі банктер үшін ыңғайлы болды. Елімізде ТОП-10 қатарынан орын алатын - Халық, Сбербанк, Форте, Каспий, АТФ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Центр Кредит, Жусан, Еуразиялық және Сити банктердің табысы 167 млрд теңгеге жеткен. Мәселенің екінші қыры - NPL, яғни, төленбей тұрып қалған несие көлемі де біраз. Ондай несиелер 149 млрд теңгеге дейін өсіп кеткен, - деді қаржыгер.
Соңғы уақытта елімізде несиелік амнистия жайлы ұсыныстар көбейді. Қаржы сарапшылары дәл қазір мемлекет несиені кешіре алмайды дейді. Оған бірнеше себеп бар.
- Банктерде де әкімшілік, шаруашылық шығындар бар. Олар да қызметкерге жалақы төлейді. Басқа да факторлар көп. Үш ай несиені кейінге шегергеннің өзінде біраз банк зардап шекті. Ал бүкіл берешекті кешіру мүмкін емес. Бұлай істеу банктерді қылғындырып тастағанымен тең, - деді экономист Ержан Әбіш.
GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры Мақсат Халық мемлекет осы қарызды жауып беретін болса, онда халықтың алдындағы басқа әлеуметтік міндеттемелері, денсаулық, білім саласының шығындары екінші деңгейге түсіп қалады, сондықтан мұның мүмкін емес екенін жеткізді. Бұл орайда Ryskulov analitics орталығының директоры Жасұлан Күшебаев елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдануы керек деп санайды.
- Несиені кешіргеннен гөрі, банкроттық жариялау тиімді сияқты. Сонда мемлекет несиені амнистиялаудан құтылады, ал жеке тұлғалар өзін банкротпын деп жариялап, банк алдындағы берешегін төлемеу құқығын алады. Әрине, мұның да теріс жақтары бар. Өйткені өзіңізді банкрот деп жариялаған соң ешқашан несие ала алмайсыз. Кейінгі өміріңізге де елеулі әсер етеді. Сондықтан бұл қадамға кез келген адам бара бермейді. Тек қатты қиналған тұлғалар ғана тәуекел етуі мүмкін. Меніңше елдегі шиеленіскен әлеуметтік ахуалды осы заң арқылы ғана шешуге болады, - дейді сарапшы.
Жақында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесінің екінші деңгейлі банктерді жеке табыс салығынан босату керек деп ұсыныс айтқаны белгілі. Алайда мемлекет онсыз да қаржы ұйымдарын аз жарылқап отырған жоқ. Сондықтан сарапшылар мұндай ұсыныспен келіспейді. Ж.Күшебаев карантин кезінде банктер шығынға батқан жоқ деп есептейді.
- Локдауннан банк индустриясы аса көп зардап шекпеді. Бір ай бұрын шыққан есепте еліміздегі барлық банктің жиынтық активтері 11,6 пайызға өскені айтылады. Демек, осындай қиын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz