Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын - есептердің маңыздылығы


Курстық жұмыс
Тақырыбы: « Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын-есептердің маңыздылығы »
Орындаған:
Топ:
Тексерген:
Павлодар, 2021ж.
Мазмұны
1. 1
1. 2
Математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың математикалық ойын-есептердің мазмұны, мақсат-міндеті, тиімділігі
Әдістемелік әдебиеттердің мазмұны
2
2. 1
Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын-есептердің ұйымдастыру жолдары
Балалардың қызығушылықтарын арттыратын сыныптан тыс жұмыстардың жасалу формалары мен әдістері
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі . Елбaсының «Қaзaқстaн жлы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында «Ұлттық білімo бeрудің барлық буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру керек. » деп сөз еткен.
Біздің қазіргі мектептің негізгі мәселелерінің бірі -оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру болып есептеледі және оларда білімді өз бетінше алып және оны қолдану. Бұл мәселелерді шешу үшін математикалық және саналы еңбекке бейімдеу, мемлекеттік және қоғамның түрлі салаларында ғылым және мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.
Мектеп оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің оқушылардың білімін тереңдету және математикаға деген қызығушылығын арттырудағы маңызы мен орнын анықтауда болып табылады.
Бұл курстық жұмыста бастауыш мектепте математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардығ тиімділігі, оқушыларды логикалық ойын дамыту қарастырылған.
Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралы ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.
Осы жоғарыда айтылған барлық жағдайларды ескере отырып біз, зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын-есептердің маңыздылығы» деп алуға ұйғардық.
Зертеудің нысаны : Бастауыш мектепте математика сабағында сыныптан тыс жұмыстардын тиімділігін сараптау, талдау болып табылады.
Зерттеудің пәні : Математиканы оқыту әдістемесі
Зерттеудің болжамы : Егер бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды мұғалім жақсы өткізсе онда осы мәселеге байланысты жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етедіжоғары дамыған тұлға қалыптасады.
Зерттеудің мақсаты : Бастауыш мектепте математика сабағынан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын-есептерді әдістемесін теориялық тұрғыдан анықтау.
Зерттеудің міндеттері :
- Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды математикалық ойын-есептерді өткізу мәселесінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды математикалық ойын-есептерді өткізудің маңызын айқындау.
- Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің базасы : Павлодар қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББ
Зерттеудің әдістері: бастауыш білім беру мазмұнын айқындайтын құжаттармен, оқулық, бағдарлама және т. б. әдістемелік құралдармен танысу, сыныптан тыс жұмыстарды оқытудағы колданылатын оқулықтар мен әдістемелермен танысу, мұғалімдердің пәнді оқытудағы озық тәжірибелерін бақылау, байқау, жинақтау, талдау; психологиялық-педагогикалық әдістемелік еңбектерге шолу жасау, талдау.
Зерттеудің практикалық мәнділігі : Бұл курстық жұмысының нәтижелерін студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануларына болады.
Зерттеу көздері : Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына байланысты педагогика, психология, ғалымдарының еңбектері, мектеп бағдарламалары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, әдебиеттер тізімі.
Зерттеудің теориялық маңызы : бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында сыныптап тыс жұмыстар жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау; сабақта бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды шығармашылық қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Зерттеудің практикалық маңызы : сабақта жүзеге асырылатын педагогикалық шарттар бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарды дамытуға ықпал ететіндігімен анықталады. Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуын, сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп психологтарын, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға болады.
1 Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын-есептердің маңыздылығы теориялық негіздері
1. 1 Математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың математикалық ойын-есептердің мазмұны, мақсат-міндеті, тиімділігі
Мaтeмaтикaдaн өткізілeтін сыныптaн тыс жұмыстaр - жaлпы білім бeрeтін мeктeптeрдeгі oқу-тәрбиe прoцeсінің мaңызды құрaмдaс бөлігі. Мaтемaтикaдaн жүргізілетін сыныптaн тыс жұмыстaрдың негізгі мaқсaты - оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, шығaрмaшылық қaбілeттeрі мeн дeрбeстіктeрін жaн-жaқты дaмыту.
Сoнымен біргe, oқушылaрды өзіндік жәнe ғылыми -зeрттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері:
а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын қалыптастыру;
б) математикалық білімдерін тереңдету;
в) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны жағынан екі топқа бөлуге болады.
1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту.
2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы кемшіліктерді дер кезінде жою.
Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады.
Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.
1) оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту;
2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту және тереңдете оқыту;
3) оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен математикалық қабілетін дамыту;
4) оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу.
Мұндағы мақсат - оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттерін оның - оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық функциялары анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстың оқытушылық функциясының оқу әрекетіне қарағанда үстемділігі аздау. Сыныптан тыс жұмыста ол тәрбиелік және дамытушылық функциялардың тиімді іске асуына көмекші болады. Ғылыми білімдердің, (оқу іскерлігі мен дағды жүйесінің қалыптасуында емес), жай қарым-қатынас дағдысында, ұжымдық өмір, мінез-құлықтық белгілі бір дағдысын үйретуге негізделеді.
Алайда, сыныптан тыс жұмыс пен оқу жұмысын дұрыс үйлестіру бүкіл oқу-тәрбиeлік әрeкeттік жүйeнің үлкeн икeмділігін қaмтaмaсыз eтeді. Cыныптaн тыc жұмыc бәрінe бір жәнe міндeтті oқу жoспapын сaқтaу кeзіндe oқыту мeн тәрбиeлeyдің сaрaлaнғaн тиімді құрaлы бoлa aлaды. Caбaқтың тoлықтығынa бaйлaныcты уaқыттың aздығынaн, oқу әpeкeтінің шeңбepіндe жoюға қиын, oқу жұмысының кeмшіліктepін тeңeлтe aлaды.
Cыныптaн тыc жұмыcтapдa oқушылapдың жeкe қaбілeттepін бeйімділігі мeн ынтaсын дaмытaтын жәнe көрсeтeтін дaмытyшылық функциясының мaңызы зop. Мысaлы, apтистік қaбілеті бap oқушыны мeктeптeгі мepeкeлік шapaлapғa, КВН-ғa, инфopмaтикaғa қaбілeті бap oқyшыны - oлимпиядaлapғa пaйдaлы бaғдapлaмaлapды құрyғa т. б. тapтуғa бoлaды.
Cыныптaн тыc жұмыcтapдың eрeкшeліктepінe сүйeнe oтыpып, oғaн қoйылaтын тaлaптapды aтaп кeтeйік.
Cыныптaн тыc жұмыc, oның бaғыттapын, мaзмұнын, фoрмaсын aнықтaу кeзіндe aлғaшқы бaстaулapды құpaйтын - жaлпы пpинциптepдің нeгізіндe жүpгізілeді.
Мaқсaтты oрнaтy принципі - оқy-тәрбиeлік тaпсырмaлapды жoспapлayды, қoл жeткізгeн нәтижeлepді бaғaлaуды өткізілгt жұмыстың жанжақты талдауды талап етеді.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда және өткізгенде мақсаттың болмауы оқушы мен мұғалім арасындағы арақатынасты бұзатын формализмді туғызады, ондай жұмыстың еш тиімділігі болмайды немесе теріс нәтиже береді. Бастар алдында күтілетін нәтижелерді анықтап алу қажет. Бұл жалпы әлеуметтік тәжірибені меңгеру және құндылықтардың позитивті жүйесін қалыптастыру мақсатына жетуге көмектесетін міндеттерді тұжырымдауға көмектеседі. Ойластырылған әр шараның тәрбиелік міндеті мен мақсатының айқын тұжырымдамасы болуы қажет. Сонымен қатар, әр жұмыстың маңыздылығы оқушыға анық болу керек.
Сыныптан тыс жұмыстың өмірмен, еңбекпен, тәжірибиемен байланыс принциптің мәні қоғамдық өмірге белсенді қатысу арқасында, әрбір оқушыны және оқушы қауымын ұйымдастыру шындық ықпалымен жүргізуінде болады.
Сондықтан сыныптан тыс жұмыс қоғамдық пайдалы бағытта болуы керек. Осы информатика кабинетіне арналған көрнекілік құралдар мен аспаптарды жетілдіруде және құрастыруда, бастауыш сынып оқушыларымен жұмысты ұйымдастыруда, информатиканы және басқа да мектеп пәндерін оқытуға арналған педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасауда көрініс табады.
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі - ең алдымен оқу және сыныптан тыс жұмыстың үйлесімді бірлесуін білдіреді. Оқушының жекеленген ерекшелігін ескере отырып педагогикалық үрдістің осы жақтарының ажырамауы - оның тиімділігін арттыруының басты шарты. Осындай байланыстардың мүмкіндіктері сыныптан тыс әрекеттердің мазмұнында объективті қарастырылған.
Оқу-тәрбиелік процестің тұтастық және бірлестік принципі - дидактикалық принциптің ғылымилығын, оқыту мүмкіншілігі мен көрнекілігін, теория мен тәжірибенің байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл принцип оқу-тәрбиелік процестің жас дәрежесінің арасындағы сабақтастықты (бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар), сонымен қатар, оқушылардың дайындығы мен алдыңғы даму деңгейін санауын талап етеді.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі - тікелей оқыту және тәрбиелеу мақсаттарынан туындайды, себебі тұлға ұжымда өзінің қасиеттерінің жан-жақты даму мүмкіндігін алады. Сыныптан тыс жұмыс әртүрлі ұжымдық қызметте тұрақты қатысуға арналған үлкен мүмкіндіктерді ашады, оны ұжымның қалыптасу заңдарын және оның жеткен даму деңгейін ескере отырып ұйымдастыру керек. Ұжымның даму деңгейі мұғалім жағынан оларға жетекшілік сипатын айқындайды. Ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оқушының өзіне-өзі дербестік беріледі, соғұрлым ұжымда оқушының өзін-өзі басқаруында айтарлықтай рөлі болады.
Тәрбиелеу үрдісінде өз әрекеттігін және белсенділігін дамыту принципі - сыныптан тыс жұмыс оқушылардан белсенділікті талап етеді және олардың дербестігін көрсету үшін жағдай жасайды. Олар өздеріне өз еркімен сабақты таңдайды, оны жоспарлауда, жоспарланғанды жүзеге асыру құралдарды және жолдарды анықтауға қатыса алады. Сондықтан осы әрекеттерді жүзеге асыру үшін бұл принцип үлкен мүмкіндіктерді ашады. Оқушылардың даму үрдісінің барлық сатыларында, белсенділік олардың табиғи үйлесімді қажеттілігі екенін естен шығармау керек. Сондықтан тәрбиелік жұмысты сол қажеттілікті қанағатандыру бағытында құру қажет. Оқушының барлық мүмкіндіктері қолданылса, тәрбие ойдағыдай бола алады.
Оқушыларды өзіндік жұмыстарға дағдыландыру үшін сыныптан тыс сабақтардың мәні үлкен (стандартқа сай емес және қиын есептерді дербес шығару, мәліметті және баяндамаларды дайындау және оқу, шығармашылық жобаларды дайындау және т. б. ) . Егер сыныптан тыс тапсырманы ойластыруды және жүзеге асырылуы оқушылар жағынан болса, онда олар өздерін еркін дербес сезінеді. Осы жағдайда белгілі бір «тәуекел» деу бар, өйткені оқушылар осы істі жақсы меңгере алмауы да мүмкін. Сондықтан сақтық жасап, оларға әр уақытта көмекке келуге дайын болу қажет. Есесіне, ең басты ұтыс - оқушылар дербестілік мектебінен өтеді.
Жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру принципі - сыныптан тыс жұмыста осы жасқа тән мүмкіндіктері мен күшіне байланысты құрылуы керек және әрбір оқушының алдағы дамуына ықпал ету керек.
Бастауыш сыныпта информатикадан сабақтан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың ой-өрістерін кеңейтуге, өмірдің түсінікті құбылыстармен таныстыруға бағытталуы керек. Осы жастағы оқушылардың тұрақсыз назары олармен жұмыстың ең айқын бейнелі және әсерлі эмоциялық формаларын іздестіруді қажет етеді. Ең тиімдісі ойындық әрекеттерге үстемді көңіл аудару болады. Бастауыш сынып оқушылардың қызығушылықтары әлі анықталмаған, сондықтан олардың кейбіреулері ғана сыныптан тыс жұмысқа қатысады. Бұл оқушыларда ұжымдық байланыс дәрежесі әлі төмен, өз күшіне сенімділігі мен дербестілігі аз. Сондықтан барлық сыныптан тыс жұмыс мұғалімнің басқаруымен өту керек.
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны бейімделген әлеуметтік тәжірибені, баланың жеке тәжірибесінде іске асқан эмоцияны, бастан кешкен, адам өмірінің әрүрлі аспектілерді көрсетеді.
Сыныптан тыс жұмыс мазмұнының өзгешелігі мына факторлармен сипатталады:
- ақпараттыққа қарағанда эмоциалы аспектінің басымдылығы:
- тиімді тәрбиелілік әсер ету үшін баланың сезіміне, оның күйзелісіне, ақыл-ойына эмоция арқылы тілдесу жасалады.
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұнында білім мен ғылымның практикалық жағы анықтауыш мағынаға ие, себебі сыныптан тыс жұмыстың мазмұны әртүрлі іскерлік пен дағдының жетілдіруіне бағытталады. Сыныптан тыс жұмыста оқу дағдысы жетілдіріледі, ақпаратты іздегенде өз бетімен жұмыс жасау біліктілігі, сыныптан тыс әртүрлі шараларды ұйымдастыру, ынтымақтастық икемділік, этикалық нормаларды сақтау қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыс мазмұнында практикалық аспект теориялық аспектіге қарағанда басым болғандықтан, оны оқушылардың белсенділік позициясынан қарастыру қажет. Сол арқылы оқушылар әлеуметтік тәжірибенің жоғарыда айтылған екі аспектісін де меңгереді.
Танымдық іс-әрекет - сыныптан тыс жұмыста танымдық қызығушылықтың қалыптасуына, оқудың жағымды мотивациясына, оқу дағдысының жетілдіруіне арналған. Қолданылған формасы басқаша, әйтсе де оқу іс-әрекетінің жалғасы болып табылады. Ол үйірме, «Білім құмарлардың турнирі», «Не? Қайда? Қашан?», КВН және т. с. с.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарламалық материал аймағында білімдерін тереңдетуіне, логикалық ойлауларының дамуына, қиялдарына, зерттеу дағдысына, информатика тілін меңгеруге, оқушыға информатика тарихынан хабарлама жасауға көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар практикалық мазмұны бар есептерді шешу үшін қолданылуы керек, сонымен қатар, мұндай жұмыстар оқушылардың конструктивті дағдыны меңгеруге, модельдеу дағдысына, көрнекі және бағдарламалық құрал өндіруге пайдаланылады.
Тәрбие барысында қосымша әдебиетті зерттеуді ұйымдастырып және бағыттап оқытудың маңызы зор. Мұндай жұмыстың мақсаты - оқушылардың кітаптан білім көзін көріп, оқу мәдениетін меңгерулеріне көмектесу. Жоғары сыныпта оқитын оқушылардың кітап оқу аумағы тек көркем жазбамен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-танымал, анықтамалық әдебиет, оларға ұнайтын, кәсіби бағытталған кітаптардан тұруы қажет. Оқылған материал бойынша конференция және диспут, библиография сабағын өткізу өте пайдалы. Іс-әрекеттің мұндай түрі реферат, баяндама дайындау кезінде жүзеге асады.
Бос уақыттағы іс-әрекет - оқушылардың демалыстарының жақсы өтуін ұйымдастырып, ұжымда жылы ахуал құрып, ашушаңдықты жою үшін керек. КВН, «Компьютерлік әзіл-сықақ» және т. б. сияқты формалар өте тиімді. Сыныптан тыс жұмыста дәл осы танымдық және ойын аспектілері бірігеді. Мысалы, «Таңғажайып алаң», «Қызықты информатика», викториналар және т. б. Бұл екі аспектінің қайсысы басқарушы екенін білу үшін нақты формада ұстаздың іске асыратын мақсатын, міндеттерін, үстемділік функциясын саралау керек.
Еңбек іс-әрекеті - сыныптан тыс жұмыста еңбектің әртүрлі формаларының мазмұнын көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыста еңбек ісәрекетін ұйымдастыру, ұстаз үшін кейбір қиындық туғызады, әйтсе де оның еңбегі, оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетінде тәрбиелік қорытындысын береді.
Мұндай нәтиже еңбекке деген қалыптасқан қажеттілікте, өз орнын таба алуда көрінеді. Сыныптан тыс жұмыста көрнекі құралдар құру, кабинетті көріктендіру, педагогикалық бағдарламалық құралдар құруды ұйымдастыруға болады.
Шығармашылық іс-әрекет - оқушылардың қызығушылығының дамуы мен шығармашылық потенциалдың ашылуын көрсетеді. Шығармашылық іс-әрекет: бағдарламашылардың конкурсы мен компьютерлік графика, шығармашылық жобаның көрінісі түрінде ұсынылады. Жоғарыда келтірілген іс-әрекет формалары мақсатының бірі - адамгершік, әсершіл және жігерлі дүниетаным компоненттерін қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбие - сыныптан және мектептен тыс жұмыста адамгершікке тәрбиелеу басты орын алуы қажет. Оның басты мақсаты - оқушыларда саналы түрде қоғамға қатынасының борышын қалыптастыру, күнделікті өмірде сөзі мен ісінің бірлігін ұстанатын мінезді тәрбиелеу. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыста оқушыларды ақпарат және бағдарламалық әдістерді қолданудың құқықтық нормалармен таныстыру.
Эстетикалық тәрбиелеудің - сыныптан тыс жұмысы жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қадағалайды. Мектептің оқу жоспарында эстетикалық циклдің пәндері көп орын алмаса да, осы ісәрекеттің өзі ерекше мағыналы екені көрініс табады.
Мектеп эстетикалық тәрбиенің төмендегідей мәселесін шешеді: эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыру, жақсылықты қабылдай алу, одан ләззат алып, қоршаған ортаға өз үлесін қосу; табиғат, қоғам және адам тәртібіндегі сұлулық туралы ойын дамыту, шығармашылық қабілеттілікті, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру; шығармашылық дүниетанымның кеңейтілуі, оқушылардың өнер саласымен танысуы.
Сыныптан тыс жұмыстар қатарына информатикада компьютерлік графикада жұмыс істеуі мүмкін, анимация және музыка, мультимедиалық, гипермәтіндік және әдеби жобалары. Оқушылардың көпшілігінің қызығушылықтары Web-графика, дизайн, интернет-шығармашылықтары болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық топтарының қызықты формаларынің бірі - журнал немесе газет дайындау. Компьютердің көмегімен өңделген электрондық түрде немесе Интернетке мектеп сайттарында көрсетілуі мүмкін. Эстетикалық дамудың шексіз мүмкіндіктері компьютерлік анимациялы мектептік студияларды ашады, олар тек қана оқушыларға ғана емес мультипликациялық фильмдерді жасау және жас көрермендерді тәрбиелеуге көмектеседі. Сыныптан тыс жұмыстар үшін үлкен қызығушылық туғызатын мектептегі бейне-студиялар болып табылады. Мұғалімдер компьютерлік технология арқылы әдеби бейне-фильмдерді мультипликацияларды жасауға мүмкіндік алады.
Бұл іс-әрекеттердің қызық жері - компьютерлік өнердің әртүрлі көрсетілімдері. Оқушылардың ең басты көзқарасына экономикалық, экологиялық көзқарастары жатады. Олар компьютерлік жобаларды қолдануда қалыптасады. Әрбір мектеп және мектептен тыс мекемелер өздерінің сыныптан тыс жұмыстарының мазмұнын өздерінің мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны барлық мектептерде бірдей емес. Оған мына факторлар әсерін тигізеді:
Мектептің дәстүрлері мен ерекшеліктері. Мысалы: егер мектептің пәндік бейіні болса, онда сыныптан тыс жұмыста танымдық аспектілердің үстем болуы. Әдеби, экономикалық, физикалық, математикалық және т. б. тәрбие, соған сәйкес кәсіби мектептермен сыныптарға тән.
Жас ерекшеліктері, сыныбы, оқушылардың жеке мінездемелері.
Компьютерлік техниканың мүмкіншіліктері, ерекшеліктері, информатика кабинетінің кесте бойынша жүктемесі.
Мұғалімнің өз ерекшеліктері, оның қызығушылықтары, икемділігі және талаптары.
Егер мұғалім оқушыға білім беруде жоғары нәтижеге жетуге тырысса, онда сыныптан тыс жұмыста мақсатқа жету үшін танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырады.
Сонымен қатар, оқудан тыс танымдылықтың көлемі қиындық деңгейімен ғана сәйкес келмей, үйренушілердің жеткен деңгейлерінен асып түсуде, жан-жақты дамумен сәйкес келуі керек.
1. 2. Әдістемелік әдебиеттердің сипаттамасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz