Тіл білімі лингвистика туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Еліміз егемендік алған, бүгінгі таңда тарихымызды қайта қарап, ондағы бұрмалаулар мен ақтаңдақтарды зерделеу күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр. Міне бүгінгі бұл мәселе, тәуелсіздік туын, көгімізде желбіреткен халқымыздың тарихи санасын дұрыс қалыптастырудың бірден бір пәрмендің жағы екені сөзсіз. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты ұран етіп ұстаған еліміз үшін демократиялық мемелекет құру мәндет де тарих ғылымның жауапкершілігін аттыра түседі. Өткенді білмей, болашақты болжу мүмкін емес. Осы тұрғыда, ең алдымен қазақ халқының тарихында із қалдырған зиялылардың ғұмырнамасын жасау басты қажеттілік болып саналады. Еліміздің тарихында елеулі із қалдырған қайраткерлер қатарында ХХ ғ. Басында өмір сүріп, өз еңбектерімен өшпес із қалдырған зиялы қауым өкілдерінің бір тобының ғұмырнамасын жазып, көпшілікке ұсынуда. Дегенмен әр зиялы қауымның жеке өмірі мен шығармашылық мұрасын, қоғамдық саяси қызметін жеке тақырыпетіп қарастырып, талдау жасау кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені тарихты жасаушы халық болғанымен, халықтың бойындағы жасампаздық құдыретінің шыңдалуына түрткі болатын фактордың маңдай алдысы жеке тұлға. Кеңес дәуірінде қазақ зиялалыларының өмір жолын, атқарған қызметін обьективті тұрғыда ашып көрсету мүмкін болмады. Ол дәуірде қазақ зиялыларының өмір жолын, атқарған қызметін обьективті түрде жазуға кеңестік тарих ғылымның ұстанған саясаты үлкен кедергі болды. Таптық мүддені қорғаған кеңестік тарих ғылымы біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық еркіндікті қамтамасыз ету жолында атқарған қызметін дұрысқа шығармады. ХХ ғ. І ші жартысында қазақ ғылыми интелегециясы өкілдері санының қаулап өсу кезеңі еді. Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарының сан саласындда қазақ ғылымдары пайда болды. Осы ғылыми интеллигецияның өкілдері қазақ қоғамының ілгері басып, кемелденуіне ұлттық санасының оянуына ат салысты. ХХ ғасырдың І жартысында қазақ халқының тіл мәдениетін жаңа сатыға көтеруші, халық тарихығның бастау бұлағын зерттеуші, филолог ғалым Сәрсен Аманжоловтың орны қазақ зиялыларының ішінде ерекшеленіп көрінеді. Ғалым өз елін өркениетті елдер қатарына қосу үшін шығармашылық еңбекпен қатар белді орын алатын қоғамдық саяси қызметтермен де айналысты. Қазіргі қазақ тілінің әдеби тіл және оның нормалары қалыптасып, даму ыжағынан түрлі кезеңдерді бастарынан өткерді. Осы әдеби тіл мәселелерін зерттеуге сан мыңдаған тіл мамандары өз үлестерін қосты. Өйткені әдеби тіл қазақ тілінің бар байлығының басын біріктіруші. Сондай ақ әдеби тіл қазақ мәдениетін дамытушы басты құралдарының бірі. Әдеби тілдің жағдайы туралы зерттеу жүргізіп өміршең теория қалдырған лингвист ғалымдарының бірі С. Аманжолов тіл теориясында өзіндік өрнек тұлғаның ғылыми мұрасын тілші мамандар зерделеп тануы әбден қажет. Осы қажеттілікті өтеуден тақырыптың өзектілігі туындайды.

Зерттеу міндеттері:

1. Осыған байланысты бітіру жұмысы алдына мынадай міндеттер қойылды:

- С. Аманжоловтың өмірімен ғылыми мұрасы жайлы мәлімет беру.

- Әдеби тіл мәселелеріне қатысты «Қазақ әдеби тілі синтаксисының қысқаша курсы», «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы мәселелері», «Қазақ тілі теориясының негіздері» енбектеріне шолу.

- С. Аманжоловтың өмір жолын, ғылымдағы жетістіктерін бүгінгі күн тұрғысынан бағамдау;

- Зерттеушінің тарихи еңбектерінің басты сипатын, негізгі ерекшелігін жан-жақты ашып көрсету;

- С. Аманжоловтың тарихи деректер мен фактілерді орынды да шебер пайдалану тәжірибесіне назар аудару;

- Ғалымның қазақ тілі тарихын ұлт тарихы мен сәйкестендіре зерттеген еңбектеріне талдау жасау, түрколог ғалым ретінде танылған еңбектерін зерделеу;

- С. Аманжоловтың қоғамдық-саяси, ұйымдастырушылық-басшылық қызметтерін саралау;

- С. Аманжоловтың ғылыми-педагогикалық қызметін көрсету;

Зерттеудің мақсаты:

Жұмысты жазудағы мақсатым - ғалым мұрасын жіті тану, еңбектерінің тікелей түп нұсқасымен таныса отырып, талдау жасау, және түрколог ғалымның теорияларын талдаған жұмыстарға шолу жасау. Әдеби тілдің өзекті мәселелері жайлы ғалым ұсынған теориялармен өз білімімді толықтыру: - С. Аманжоловтың өмірін қоғамдық саяси қызметін құнды шығармашылық мұраларын бүгінгі күн талабына сай зерделеу және әділ баға беру болып табылады.

Ғалымның көп жылдар көлемінде жинақтап, саралаған еңбектері ғылыми зерттеу айналымына түсуге тұрары даусыз. С. Аманжоловтың өскен ортасын, атқарған қызметін және шығармашылық мұраларын зерттеу отандық тарих ғылымында XX ғасырдың I жартысында қазақ қоғамындағы ұлт зиялыларының орнын анықтауға оларға қатысты нақтылы объективті ғылыми баға беруге өзіндік игі ықпалын тигізеді.

Зерттеу объектісі: Ғалымның әр салада жазған еңбектері, яғни «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы», «Қазақ тілі теориясының негіздері», «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы мәселелері» еңбектері зерттеудің нысаны ретінде алынды.

Зерттеу пәні:

Зерттеу мақсаты: балалардың психологиясының дамуың теориялық зерттеу өткізу және тәжірибелік жұмысты жүргізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егерде жасөспірімнің дамуында олардың қарым-қатынасына көп мән берілсе, онда балалардың дамуы дұрыс бағытта өтеді.

Ғылыми зерттеу әдістері. қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдермен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынды. Жұмыстың әдістері ретінде жүйелілік, салыстырмалылық, құрылымдық-функциялық тарихи принциптер басшылыққа алынды.

Зерттеудің жұмысының практикалық маңыздылығы: Бұл жұмыста келтірілген деректер мен жасалған қорытындылар С. Аманжоловтың толыққанды өмірі мен сан-салалы қызметі тарихын жазуға, жалпы алғанда Қазақстандық тарихнамадағы өмірбаяндық жанрдың дами түсуіне әсер етеді. Сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарының филология, тарих, философия бөлімдерінде, қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихын өту барысында, қазақ тілі тарихы мен қазақ фольклоры пәндері бойынша лекциялар, курсында және семинар сабақтарында, қазақ мектептерінде кәсіптік бағдар беретін орта арнаулы оқу орындарында, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын гимназия, лицейлерде пайдалануға болады.

Курстық жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

1. С. Аманжоловтың лингвистика жолы

1. 1 С. Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы

Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Сәрсен Аманжолов 1901 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Қалбаның бауыры Егінсу деген жерде туған. Сәрсен Аманжолов найманнан тарайды. Әкесі Аманжол, шешесі Нарша өз еңбегімен күн көрген кедей шаруа болған. Сәрсен он бір жасқа келгенде әкесі қайтыс болады. Әке өлімі Сәрсенге қатты батады, оның балалықпен қоштасып өзіне қарекет етеуіне де себеп болады. Ауыл қарттарынан аңыз-әңгімелерді, ертегілерді көп тыңдап, зейініне тұтқан Сәрсен оқуға қатты құмарланады. 1916 жылы Катонқарағайдағы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін, Сәрсен Өскемен қаласындағы қалалық реальдық училищеге түседі. Бірақ тұрмыс тұзағы оны өз торымен шырмап, оқуға қаражаты болмай оқуды тастап, жалшылыққа кетуге мәжбүр болады. Бірақ оның оқуға деген ынтызары мұқалмайды, оқу сәулесіне қолым жетсе деген арманда болады. Сәрсеннің арманы Октябрь таңы атқаннан кейін ғана орындалады. Сәрсен 1920 жылы Семей қаласындағы үш айлық мұғалімдік курсты бітірген соң, өз білімін ел игілігіне жұмсау үшін ауылға келеді. Нұғыман ауылындағы мектепте екі жыл сабақ беріп, көп жастың көзін ашады. 1922 жылы 1-ші мамырдан бастап 1924 жылдың 2-ші маусымына дейін жаста болса жігерімен көзге түскен Сәрсенді Семей губерниясы, Бұқтырма уезінің (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданы) тұрғындары сол жердің халық соты етіп сайлайды. 1924 жылы Шығыс Қазақстан облысының атқару комитетінің жауапты секретары етіп тағайындайды.

Сәрсен сол кездегі жас совет үкіметінің жүзеге асырып жатқан саясатына белсене қатысты, адал қызмет етті. Елді жаппай сауаттандыру, жастарды оқыту сияқты совет үкіметінің жүргізіп жатқан шараларына байланысты губерниялық ағарту бөлімінің разверсткасы бойынша Сәрсен 1926 жылы Ташкентке оқуға жіберілді. Ол Орта Азия мемлекеттік университеті жанындағы педагогика факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне түсті. Университетте оқып жүрген кезінде Сәрсен оқуға да ғылыми қоғамдық жұмысқа да алғыр студент болған. Сәрсен талай рет ғылыми баяндамалар жасаған ол жаз кездерінде ел аузынан аңыз-әңгімелер жинаған.

Сәрсен Аманжолов - қазақ филологиясына үлкен еңбек еткен ғалым. Ол 1931 жылдан Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық институтында дәріс оқып, 20 жыл бойы сол институттың кафедра меңгерушісі болумен қатар, басқа да филология майданындағы мекемелерде қызмет атқарды. Осы жылдарда ғалым Республикадағы Ұлт Мәдениет зерттеу институтының да көрнекті қызметкерлерінің бірі еді. С. Аманжолов шығарған «Қазақ совет фольклоры», «Он алтыншы жыл», «Бөгембай батыр» сияқты көлемді еңбектері көпшілікке танымал.

Сталиндік-голощекиндік саясаттың салқыны С. Аманжоловқа да тимей қоймады. Ғалымға қарсы газет беттерінде үш мақала жарық көрді. Онда: «Оның достары өз жазаларын тартып жатыр, Бұл неге жауапқа тартылмайды» деген күмәндар болды. Оның мақал-мәтелдер жинап, фольклорды зерттеуі қатаң бақылауға алынып, міндер тағылды. Сәрсен Амандолов «Менің ешқандай кінәм жоқ, бірақ әйтеуір мені де бір түні әкетуі мүмкін» деген қобалжумен жүрді. Ол кісіні осы саясаттан құтқарған, Мәскеуге аспирантураға түсіп кетуіне байланысты болған оқиға болды.

Осы қуғындау саясатын өз көзімен көрген ғалымға өз ортасы да күдікпен қараумен болды. Қаншама халық, жапқан жала құрбандары болып кетті. Қолдан жасалған қудалау саясаты кезінде халық аштықтан да қырылып жатты.

Кезінде орыстан басқа ұлттар арасында саяси тәрбие жүргізген ғалым С. Аманжолов жауынгерлерді рухтандыруда, ұлттық тіл, мәдениет, тарих сияқты дәстүрлерді ұтымды пайдаланды. Өзінің саяси тәрбие жұмысында «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын», «Қарасай батыр», «Махамбет» туралы еңбектерді баспасөз беттеріне жариялап отырды.

Ел аузындағы аңыз әңгімелерді Сәрсен оқуға түспес бұрын қызмет істеп жүрген кезінде де жинаған. Сәрсен оқып жүрген кезінде, одан ертерек уақытта да өлең шығарған. Олардың біразы «Жаңа әдебиет», «Лениншіл жас» журналдарында басылып тұрған. 1928-1930 жылдары С. Аманжолов Орта Азия жазушылар бюросындағы қазақ жазушылары секциясының председателі болды.

Сәрсеннің ғылымға деген талантын Орта Азия мемлекеттік университетінің академиктері мен профессорлары сол кездің өзінде-ақ байқаған. Сәрсен академик В. В. Бартольд, профессор С. Е. Малов сияқты үлкен ғалымдардан лекция тыңдап, өзінің алғашқы еңбектерін де сол кезде бастаған.

Ұшқыр ойлы, ғылымға табанды Сәрсенің тамаша қабілетін байқаған ұстаздары оның Орта Азия мемлекеттік университеті қасындағы аспирантураға түсіп, бір жағынан ассистенттік қызмет атқаруын ұйғарды. Сәрсен осыдан бастап педагогтік іспен ғылыми жұмысты қатарластыра жүргізді. Орта Азия орталық партия комитетінің ұйғаруы бойынша 1928 жылы ашылған Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына Сәрсен 1931 жылдың күзінде оқытушылық қызметке келді. 1931 жылы бұл институтта әрі аспирант, әрі ассистент болып 1932 жылы доцент қызметін атқарды.

С. Аманжолов - алғаш рет ғылыми кандидаттығы дәрежесін алған тілші-қазақ ғалымы болды. Сонымен қатар ғалым Ұлы Отан соғысы басталған жылы КСРО Ғылым академиясы қазақ филлиалының тіл және әдебиет бөлімін басқарып отырған жерінен қан майданға аттанып, төрт жыл қатарынан соғыстың өтінде жүріп қайтады. Соғыста да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жауынгер арасында саяси-тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Кеңес Одағының Батырлары жөнінде ақпараттар жариялап, қазақ тілінде «Қызыл армия үгітшісінің блокнотын» шығарып тұрады.

Қазақ тіл білімінің ірге тасын қалауға ат салысқан ағамыздың өмір жолына үңіле отырып, аса жауапты қоғамдық қызметті атқара жүріп, сан соқпақты ғылым жолымен де айналысқанын байқадым.

Сәрсен Орта Азия мемлекеттік университетін бітіргеннен кейінгі аспирант, ассистент кезінде көлемді оқулықтар, программалар, еңбектер жазу ісіне кірісті.

С. Аманжолов соғыстан кейінгі жылдарыда қудалаудан шет қалмады. Оның тіл білімі, әдебиеттану саласындағы еңбектері көп сынға ұшырады. Оған: «Қазақ тарихын, қазақ жүздерін зерттеп жатыр» деген айыптар тағылды. Ол аз болғандай «Әкесі Аманжол өз кезінде бай болған» деген сөз тудырып, елге адамдар жіберіп, малшы еңбеккерлерден сұрап, ілік іздеді. Партиядан да шығарып тастау көзделді. Бірақ ғалымның сағын бұл қуғын сындыра алмады. Керісінше түрлі жиналыстарда өз ойын ашық айтудан тайынбады.

Сталинизм жылдарының басында социализм идеологиясы өзінің шырқау шыңына жетті. Міне осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылымдар партия комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды. Осы кезеңде С. Аманжолов өзімен қатарлас адамдардың басына күн туғанда, жасқанбай қол ұшын беріп отырды. Жақын жолдастары қорқып, жоламай жүргенде С. Аманжолов М. Әуезовты ҚазПИ-ге шақырып, студенттермен кездесулер өткізген. 1951 жылы Есмағамбет Ысмайыловқа «ұлтшыл» деп айып тағылып, тұтқынға алынып, ақыры 25 жыл айдауға тиіс болады. Сот алдына оған өзін кінәсіз деп табатын 15 адам шақыруға рұқсат беріледі. Бірақ сол шақырылғандардың ішінен Сәрсен Аманжолов қана барады. Ол батыл сөйлеп, Ысмайыловқа тағылып отырылған жаза қате екенін дәлелдейді. Нәтижесінде жазаны жеңілдетуге ықпалын тигізеді. Ғалымның ашық түрде сөйлеген сөзінен кейін, оның басына осы қауіп төнеді. Түрлі айыптар тағылып, жиналыстарға салады. Баспасөз беттерінде ғалымның еңбектеріне арналған сын мақалалар жарық көре бастайды. Ғалымның ұлы А. Аманжолов өзінің әңгімесінде «1958 жыл басында әкем аяқ астынан инфаркт алды, мұның бәрі әкеме жабылған жазықсыз жалалар кесірінен болды деп ойлаймын. Әйтпесе әкем оған дейін тіпті ауырмағанды. Орыс қоғамында Пушкин, Лермонтовтар қазақ хақында «убит обществом» «қоғам өлтірген» деген пікір бар. Осы пікірді менің әкемнің қазасына қатысты да қолдануға болар еді» деген.

С. Аманжолұлы өмірінің соңғы кезеңіне дейін өзінің халқы үшін қызмет етті. Ол ғылыми және ұстаздық қызмет атқару үстінде, 1958 жылы 28 қаңтарда мезгілсіз қайтыс болды.

Барлық ғұмырын қазақтың ұлт тілінің сақталып, қазақ мектептерінің өз мәртебелерін ұстанып қалуына елеулі үлес қосқан ғалым еңбегі ерекше.

1. 2 Тіл білімі лингвистика туралы түсінік

Тіл білімі лингвистика (грек linqua тіл), тіл және оның даму заңдары
туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы -тіл. Тіл адамның табиғи

тілі. Тіл-таңбалар жүйесі. Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.

Адамдарды тіл мәселесі бұрыннан қызықтырады. Тіл туралы алғашқы ғылыми мәліметтер Ежелгі Дүниеде: Ежелгі Үндістанда, Ежелгі Египетте, Вавилонда пайда болды. Адамдар шет тілдерін меңгеру үшін сөздіктер мен грамматикалар құрастырып, зат пен оның атауының байланысын ойластырды. Тіл әртүрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болды және болып қала береді, бірақ дербес ғылым ретінде тіл білімі салыстырмалы түрде жақында - 19 ғасырда дамыды. Неліктен бұлай болды?

Кез келген ғылымның өз объектісі (зерттелетіні), өз пәні (зерттеу аспектісі) және өзіндік зерттеу әдістері болса, дербес болып саналады.

Тіл білімінің объектісі - барлық көріністерінде тіл және сөйлеу. Басқа ғылымдар бұл құбылыстардың таңдамалы жақтарын ғана зерттейді, мысалы, анатомия сөйлеу аппаратының құрылымын зерттейді, философия адам санасы мен тіл арасындағы байланысқа қызығушылық танытады, т. б.

Тіл білімінің пәні - адам тілі өзінің әртүрлі аспектілері бойынша, атап айтқанда: тіл таңба жүйесі ретінде, ойлаудың көрінісі ретінде, қоғамның міндетті белгісі ретінде (тілдің пайда болуы, оның қоғамда дамуы мен қызмет етуі), тіл және сөйлеу. Тіпті В. фон Гумбольдт біздің ғылым «тілді және жалпы адамның ол арқылы ұғынылатын мақсаттарын, оның прогрессивті дамуындағы адамзат баласын және жекелеген халықтарды» зерттейді деп жазды.

Ғылымның барлық дамуында тілдік зерттеулердің әдістері мен әдістері өзгеріп, олардың арсеналы толыға түсті. Тіл білімі салыстырмалы тарихи әдіспен басталды. Салыстырмалы тарихи әдіс - белгілі бір тілдердің туысқандығын дәлелдеуге және олардың тарихының ең көне фактілерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін әдістер жиынтығы. Бұл әдіс тілдердегі ортақ және әртүрлі, олардың топтарын анықтауға және тілдердің генеалогиялық классификациясын жасауға мүмкіндік берді.

Туыстас тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу үшін салыстырмалы әдіс қолданылады. Әрине, шет тілін оның құбылыстарын өз ана тіліңіздегі фактілермен салыстырсаңыз, үйрену оңайырақ. Бұған «Орыс және француз тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» сияқты осы типтегі лингвистикалық еңбектер көмектеседі.

Сипаттамалық әдіс бір тілді, ана немесе шетел тілін қазіргі күйінде меңгергенде тиімді болады. Сонымен, осы әдістің арқасында орыс тілінің мектеп оқулықтары жасалды.

Тіл білімі аталған өзіндік әдістермен қатар басқа ғылымдарды зерттеу әдістерін де пайдаланады.

Мысалы, математиканың сандық (сандық) әдісі кез келген бірліктерді қолданудың тенденцияларын анықтауға көмектеседі. Сонымен, бүгінгі күні -чн- әріп тіркесінің орнына сөйлеушілердің көпшілігі бұрынғыдай [shn] емес, бүгін [chn] деп айтатыны анықталды.

Білімді және сөйлеуді қабылдауды зерттеуде эксперименттік әдістер белсенді қолданылады. Аспаптарды қолданудың арқасында тілдің әрбір дыбысының биіктігі анықталды.

Картография әдісін қолдану лингвистикалық материалдың - диалектілер мен диалектілердің аумақтық таралуын белгілеуге мүмкіндік берді.

Бұл әдістер тіл мен сөйлеуді зерттеу әдістерінің арсеналын сарқпайды. Бірақ әдістердің ешқайсысы әмбебап емес. Зерттеушінің міндеті - үлкен нәтижеге жету үшін оларды қолдану шегін таңдау және анықтау.

Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам,

морфология және синтаксис) стилистика.

Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы - бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын

қатынастар жүйесі ретінде зертттеу.

Синхрондық лингвистика.

Жалпы тіл білімі - жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді

зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Жеке тіл білімі жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын

тюркология (түркі тілдер) . Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т. с. с. зерттейді.

Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және

жаратылыстану ғылымдары. Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым.

Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану

ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.

Тіл білімі және филология.

Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі -тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология,

педагогика, логика, философиямен байланысты.

Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын

түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика,

психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия,

логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика,

лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану,

интерлингвистика және т. б.

Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.

Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу - коммуникативті, ойды

жарыққа шығару қызметі - экспрессивті, адамның көңіл-күйді білдіруі -

эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті, белгілі бір зат не құбылыстыңатауы болуы - номинативті және т. б.

Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем. Тілдік таңбаның

белгілері: 1) еріктілік, 2) шарттылық.

Еріктілік, шарттылық дегеніміз - таңба мен сол таңба арқылы белгіленген

заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың

жоқтығы.

Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық

жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

Құрылым дегеніміз - бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар

схемасы. Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және

бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема,

сөз, сөз тіркесі, сөйлем.

Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема - ары қарай

бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Когнитивті лингвистика пәні, оның зерттеу объектісі. Когнитивтік лингвистиканың калыптасу тарихы
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Фонемаларды түзету
Тіл танымдық оқу практикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz