Педагогтің оқушылар алдындағы беделі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі
Мамандығы: 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Курс: 4
Пәні: Педагогика
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Педагог мамандығы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі
Орындаған: Қожықов Бердібек
Ақтөбе, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1. Педагог мамандығының шығу тарихы . . . 5
1. 2. Педагогтің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері . . . 9
1. 3. Педагогтің жалпы білім беру сапасы . . . 13
II. ПЕДАГОГ -ҚОҒАМҒА КЕРЕКТІ МАМАНДЫҚ . . . 18
2. 1. Педагогтің оқушылар алдындағы беделі . . . 18
2. 2. Қазіргі қоғамдағы педагогтің маңыздылығы . . . 23
2. 3. Педагог-баланың жанын түсінуші . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
КІРІСПЕ
Жалпы педагог деген бір сөздің ішінде қаншама ұғым бар. Педагог деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық. Педагогке тән ең бірінші қасиет - баланы құрметтеу, сыйлау, ерекше сезіммен жақсы көру және оның жан дүниесін түсіне білу. Бұл педагогтің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінің кішіпейілділігінен келіп шығады. Әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Алдына қандай іс түссе де оны жеңу жолдарын іздестіре білетін, қиындықты мойымай жеңіп шығатын адал мамандық иесі. Педагог - баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.
2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген. Мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған Заңның қабылдануының негізгі себептері мен мақсаттары және міндеттері қандай? Мұғалімнің білігі мен беделін арттырудағы аталмыш Заңның рөлі қандай болмақ? «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын және Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылы өткен «Білім және ғылым!» педагогтердің тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты - педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген.
Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты - қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Педагог мамандығының негізгі ерекшеліктері:
- гуманистік сипаты;
- ұжымдық сипаты;
- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;
- шығармашылық сипаты;
- қарым-қатынас жүйесінде болуы;
- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т. б.
Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.
Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т. б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.
Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Педагог үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді.
1. Педагог мамандығының ғылыми теориялық негіздері
1. 1. Педагог мамандығының шығу тарихы
Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дуние философиясы әртедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты. ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф. Рабле, Т. Мор, Т. Кампанелла) . Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді. Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды. Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.
Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы "таза тақтаға" теңеді. Францияда Жан-Жак Руссо (17і2-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ төртібіне қарсы "еркін тәрбие" идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И. Пестолоцци "Лингард и Гартруда" деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады. Ресейде революқиялық-демократияшыл ойдық негізгі салушылар: А. Н. Радищев, В. Г. Белинский, А. Н. Гәрцен; XIX ғасырдық 60-ы жылдарында Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдық екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н. И. Пирогов, К. Д. Унинский, Л. Н. Толстой, т. б. болды. Н. К. Крупская кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н. К. Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі - оқыту теориясы. Сонымен катар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді. Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйелік, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: "Ата-аналар кітабы", "Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер, "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі", "Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері”, "Педагогикалық поэма", "Мұнара үстіндегі тулар". Бұл енбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын біріңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады. Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский өзінің педагогикалық жүйесіпде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығуінылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. "Павлыш ортамектебі, "Балаға жүрек жылуы", "Ұжымның құдіретті күші", "Мектептің жас директорымен сырласу", "Ұлыма хат", тағы басқа күнді еңбектері арқылы В. А. Сухомлинский жас урпавда тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі -Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдықғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медіреселер мен ел билеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді "Тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді', - деді Шоқан.
Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады Ы. Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты. Торғайда - қөленер, Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда - қазақ қыздарына арнап мектеп-интірнат ашылуына зор ықпал жасады. Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен "Гадлия" сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзкарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстурінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежузілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі. Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра калдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ, қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді. А. Байтұрсынов "Қазақ" газетіндегі (1914 ж) "Мектеп керектері' деген мақаласында: "Ең әуелі мектепке керек - білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардық қолайлы һәм сайлы болуы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідегі болып шығуы үшін оның үлгісі, мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз, өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы", - деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда белгілеп берді. А. Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап ұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды бастаушы болды. Міржакып Дұлатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А. Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми түрғыдан қараған, шәкірттәрдің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуне әрекше мән берген педагогтардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. "Тәрбиеге жетекші" атты еңбегінде (1924 ж. ) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген. Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына тәрең үңілгендердің бірі - Мағжан Жумабаев (1893-1938) . Оның "Педагогика" атты еңбегі соң кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды. Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық, көрді. Ол "Ес және есте сақтау меселелері', "Ой мәселелері", "Дағдылану мәселелері' атты еңбегінде шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы соз қозғайды, сол салада жүргізгілген сараптамалық зерттеулердің нетижесін оқырман назарына ұсынады. Қазақтың белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың (1905-1989) қаламынан сексеннен астам қомақты ғылыми-педагогикалық еңбектер шықты. "Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы" (1962 ж. ) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардық жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы деректермен ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика меселелерімен жан-жақты айналысқан педагогтардың бірі өзінің "Педагогика мәселелері', - деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдәрі баланың өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып қалыптастыру, оның алған білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады. Қартбай Бержанов - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз. Қазақстанда педагогика ғылымы XX ғасырдық екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды. Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде. Педагогика тарихының негізгі ұғымдары: тәрбие, білім беру, оқыту, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой, педагогикалық идеялар, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие. Ғылым мен оқу пәні ретіндегі педагогика тарихының тақырыбы мен міндеттері. Оның басқа ғылымдармен байланысы (жалпы тарих, философия, мәдениеттану, филология т. б. ) . Педагогика тарихының әдіснамасы, оның көздері мен әдістері. Педагогика тарихы мен қазіргі заман.
1. 2. Педагогтің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында педагог - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізеді. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті педагог атқарады.
Бүгінгі күні педагог- кәсіпкер, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
• жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
• сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
• оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
• сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
• оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Педагогтің негізгі міндеттері:
Педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Педагогтің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Педагогтің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, педагогтің оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:
Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық:тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, оқушыларды, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
Үшінші топ міндеттері - адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
Төртінші топ міндеттері - жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.
Осы бастапңы міндеттерді ескере отырып, педагогтің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.
Педагогтің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
• өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
• оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
• сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
• ортаның оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
• өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық) :
• тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
• оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;
• ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
• мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
• ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
• әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
• оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;
• әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
• оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
• оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.
• оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т. б. ;
• өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру.
• кәсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
• қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, педагогтің жұмыс жоспары) ;
Коммуникативтік:
• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
• "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
• ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жеке шәкірттері жайлы педагог білуі керек мәліметтер:
• баланың денсаулығы;
• отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;
• баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;
• мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т. б. психологиялық ерекшеліктері;
• үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;
• моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;
• еңбекке көзқарасы;
• әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;
• интелектуалдық дамуы;
• саяси сауаттылығы, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz