Оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы облыстық білім басқармасы ММ
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі МКҚК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі
Пәні: Бастауыш сыныптағы математиканы оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Бастауыш сынып математикасында масса ұғымын қалыптастыру

Орындаған: Есен Улар
Жетекшісі: Сагимбекова О. К.
Математика пәнінің оқытушысы

Есік, 2021 жыл

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1. Шамалар және оларды оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
2. Масса ұғымы және оны оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
2.1 Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
2.2 Масса ұғымын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14

Кіріспе
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесінің дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту, тәрбиелеу, технологиялар, әдіс-тәсілдер де өзгеруде.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінде міндетті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, яғни кәсіби дамытуға бағытталған білім алу үшін, қажетті жағдайлар жасау екіндігі.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамутыдың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты-жалпы білім беретін мектептертде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде онын табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу жөнінде айтылған.
Сонымен қатар мемлекеттік білім беру салысындағы саясаттың тұжырымдамасы, Қазақстан мемлекетінде матемитикадан білім берудің мемлекеттік стандартында жеке тұлғанын шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту. Біліктілігі жоғары білімді мамандар даярлауды көздейді. Осы орайда орта мектепте математиканы оқытудың білімдік мақсаты-кіші мектеп жасындағы оқушыны математикалық дамыту, практикалық міндеттерді шешуге қажетті математикалық ұғымдарды, білім мен білікті, іс-әрекет тәсілдерін игерген білімді тұлға қалыптастыру және негізгі мектептің математикасын оқытуға дайындау, математика пәні арқылы түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыру.
Білім негізі-бастауышта болғандықтан, жоғарғы сыныптағы математикалық білімге негіз болатын маңызды мәселелердің бірі-шамаларды оқыту болып табылады. Осы материалдарды бастауыш сыныпта оқыту кезінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Зерттеу пәні- бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі, педагогика, психология, жаңа педагогикалық техгологиялар арқылы, соның ішінде деңгейліп саралап оқыту технологиясы арқылы, педагогикалық зерттеу әдістері мәселелерімен байланыстыра отырып зерттеу.
Зерттеу мақсаты:
* Шамаларды оқытуда, соның ішінде масса ұғымын деңгейлік тапсырмаларды қолдану мүмкіндіктері мен тиімділігін анықтау.
* Ғылыми бағытта ізденушілік-зерттеушілік әрекеттерді жетілдіре отырып, оқытуды тиімді жоспарлай білетін кәсіби құзіретті қабілетіне ие болу.
* Жинақталған теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі болашақтағы кәсіби қызметіне қолдану.
Зерттеудің міндеттері:
* Таңдап алынған тақырып бойынша әдебиеттерге әдістеме құралдарға, оқулықтарға ғылыми еңбектерге, ақпарат басылымдарына шолу жасау, талдау жұмыстарын жүргізу, қажетті мәліметтерді іріптеу.
* оқытудың жаңа технологияларының бірі-деңгейлеп саралап оқыту технологиясын математика сабағында, сонын ішінде шамалар, яғни массаны оқытуда қолданудың тиімділігін айқындау.
* Теориялық білімді тәжірибиемен ұштастыра отырып, масса ұғымын оқыту әдістемесін жетілдіру.

Негізгі бөлім
1. Шамалар және оларды оқыту әдістемесі

Жиын жөніндегі ұғым сияқты, шама жөніндегі ұғым да бастапқы ұғым деп саналады, сондықтан шамаға анықтама бермей, тек мысалды қарастыру арқылы ол ұғым жөнінде түсінік берумен қанағаттанамыз. Шамаларды оқып үйренудің маңызы зор, өйткені шамалар математиканың ең бір маңызды ұғымы болып табылады. Әр бір оқып үйренетін шама-бұл бізді қоршаған дүниедегі реал объектілердің белгілі бір жалпыланған қасиеті. Өлшеулерге берілген жаттығулар кеңістік түсініктерді дамытады, оқушыларды өмірде кең қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландырады. Демек, шамаларды оқып үйрену математиканы оқытуда орны зор. Бұл оқытудың өмірмен байланыс құралдарының бірі.
Біздің санамызда заттар мен құбылыстар қасиеттерінің бейнеленуі барысында қандай да бір ұғым қалыптасады. Ұзындық, аудан, масса, уақыт, сыйымдылық, көлем, жылдамдық, т.б. шамалардың мысалдары болып табылады. Бұл ұғымдар тек математикада ғана емес сондай да физика, химия және т.б. ғылымдарда да қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл жағдайда шама ұғымына айқын түрде сипаттама беру өте қиын. Өйткені әр түрлі ғылым салаларында, тіптен бір ғана ғылым саласының әр тарауларында да шама ұғымы әр түрлі мағынада қарастырылады.
Сонымен бірге, көбіне шама термині мөлшер терминінің синонимі ретінде қолданылады немесе шама және шаманың мәні терминдері бірдей мағынада қарастырылады. Көп жағдайда, шама ұғымының таза математикалық ұғым болып табылатындығынан оның әр түрлі мағынада көрінетіндігі мен түсіндіруге болады.
Шамалар жайындағы түсініктер, оларға тән ерекшеліктерді сипаттауға мүмкіндік береді.
Біріншіден, шамалар-нақты объектілер мен құбылыстардың ерекше қасиеттері мөселен заттардың бойлылық (созымдылық) қасиеті ұзындық деп аталады. Бұл сөзді нақты объектілердің ұзындығы туралы айтқанда, бұл шамалардың тегі бір деп түсініледі. Жалпы, біртекті шамалар деп қандай да бір жиын объектілерінің бір ғана ортақ қасиетін әр текті шамалар арқылы қасиеттерін сипаттайды. Мәселен, ұзын және аудан-өртекті шамалар.
Екіншіден, шама-заттар мен құбылыстардың оларды салыстыруға мүмкіндік беретіндей қасиеттері сондай-ақ, осы қасиеті арқылы оған бірдей деңгейде не болатын объектілер жұбын тағайындауға болады. Мысалы: ұзындығы болу қасиетіне не болатын барлық заттар жиынында ұзындығы бірдей заттар эквиваленттілік класын құрайды.
Үшіншіден, шама-заттар немесе құбылыстарды салыстыруға мүмкіндік беретіндей қасиеті болуымен бірге, осы қасиеттің көмегімен екі эквивалентті емес заттардың қайсысы бүл қасиетке көбірек ие болатындығын тағайындауға болады. Мысалы: (ұзындығы бар) қасиетіне ие болатын барлық заттар жиынында ұзындығы әр түрлі екі заттың қайсысы ұзынырақ болатындығын тағайындауға болады.

2. Масса ұғымы және оны оқыту әдістемесі
2.1 Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі
Оқытудың міндеттері
Масса ұғымының мән-мағынасын ашу, масса терминімен таныстыру, заттың массасын әр түрлі тәсілмен салыстыруға үйрету.
Массаның өлшем бірліктерімен: килограмм, грамм, центнер, тонна және олардың арақатынасымен таныстыру.
Массаны таразының, кір тастардың көмегімен өлшеу біліктерін қалыптастыру.
Өлшеу нәтижелерін әр түрлі өлшем бірліктерінде жазуға, әлдеқайда ірі бірліктен ұсақ бірлікке және керісінше айналдыруға үйрету.
Салыстыруға және шамалармен (массамен) арифметикалық амалдар орындауға үйрету.
Осы шамамен (массамен) берілген есептерді шығаруға үйрету.

Оқыту әдістемесі.
1. Масса ұғымының мән-мағынасын ашу:
А) дайындық мектепке дейінгі жаста басталады да, бірінші сыныпта жалғасады:
Заттың массасы - бұл оның қасиеті екендігі туралы түсінік, оқушылар әр түрлі заттарды қолдарына ұстау арқылы олардың әсер етуін сезінеді - мұны заттарды массасы бойынша салыстыру қолмен сезіну дейді;
Ә) Заттардың массаларын салыстыру:
Заттың массасын қалай анықтауға болады? (қолда ұстап тұру);
Қайсысының массасы артық: тастың ба (мөлшері аз) немесе мақтаның ба (мөлшері көп)? (тастың массасы мақтаның массасынан артық);

2. Масса бірліктерімен таныстыру.
А) заттың нақты массасын білу үшін массаның арнайы ортақ өлшеуіші - массаның бірлігі - мысалы, килограмм (кг) қолданылатыны туралы түсінік.
1 кг, 2кг, 5 кг-дық кір тастарды көрсетіп, 1 кг-дық кір тасты ұстатып көрсету;
Ә) оқулықпен жұмыс
Оқушылар сурет бойынша сұраққа жауап береді: таразы табақтарындағы жағдайларында қай қарбыздың массасы артық (егер таразы басы төмен тұрса, онда жүктің массасы артық); қарбыздардың массасын анықтауға болады ма (қарбыздың массасы 2 кг, өйткені таразы басы тең тұр)?
Б) грамм, центнер және тоннамен таныстыру.
Заттың массасын килограммен ғана өлшеу нақты емес екендігін оқушыларға түсіндіру: 1 кг-нан жеңіл және 1 кг-нан ауыр, бәрақ 2 кг-нан жеңіл заттарды килограммдық кір таспен өлшеу жеткіліксіз, ол үшін 1 кг-нан аз массасын тағы бір бірлігі қажет - бұл 1 грамм;

1000 гр = 1 кг.

100 кг = ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Сауат ашу - практикалық (семинар) сабақтар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
Математикадан логикалық есептер жинағы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Пәндер