Дәстүрлі діннің белгілері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Дінтану кафедрасы

Джармухамбетова Жулдыз Хожакуловна

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6В02202 - Дінтану

Алматы - 2022
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Дінтану кафедрасы

Қорғауға жіберілді
_____________________
Дінтану кафедрасының
меңгерушісі,
PhD А.Қ. Дүйсенбаева
__ ___________2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Дәстүрлі емес діни ағымдардың қазіргі қазақ қоғамына әсері

6В02202 - Дінтану мамандығы бойынша

Норма бақылаушы, п.ғ.к,
қауымдастырылған професор м.а.
_____________С. Н. Исабаева
__ ________________2022 ж.

Ғылыми жетекші,
PhD, қауымд.проф. Ержан Қ.С.
__ _____________2022 ж.

Орындаған:Джармухамбетова Жұлдыз Хожакуловна

Алматы - 2022
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Дінтану кафедрасы

6В02202 - Дінтану БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
PhD А.Қ. Дүйсенбаева
__________________
_____________2022ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА

Студент Джарммухамбетова Жулдыз Хожакуловна
1. Жұмыстың тақырыбы Дәстүрлі емес діни ағымдардың қазіргі қазақ қоғамына әсері
______________2022_ ж. №____ университет ректорының бұйрығымен бекітілді
2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі
3. Жұмысқа пайдаланылған негізгі мәліметтер
а) диплом жұмысы бойынша жоспар-тапсырма;
б) диплом алдындағы тәжірибені өту барысында жиналған материалдар;
в) тақырып бойынша әдебиет.
4. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны
а)Ислам дініндегі сенім
б) Христиан дініндегі сенім
в) Ислам және христиан дініндегі Құдай түсінігі
г) Ислам және христиан дініндегі құлшылық мәселелері
5. Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1. Құран Кəрім қазақша мағына жəне түсінігі. Аударған Халифа Алтай. - 1991.- 604 б.
2. Topaloğlu. B. - İslam Kelamcılarına ve Filozoflara Göre Allah'ın Varlığı - Diyanet işleri başkanlığı - 2012 - 208 sayfa.
3. https:islamansiklopedisi.org.tr
4. Сейітбеков С. - Мәзхабтар тарихы, - Алматы; Көкжиек баспасы, 2012. - 448б.

Тапсырманың берілген уақыты __________________________
Жұмыс жетекшісі қолы________ Қ.С. Ержан

Тапсырманы орындауға
қабылдаған студент қолы________ Ж.Х.Джармухамбетова

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
І ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАР
1.1 Дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағым ұғымы
1.2 Дәстүрлі емес діни ағымдардың пайда болуы және оларға әсер еткен факторлар
1.3 Дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері
ІІ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ
2.1 Қазіргі Қазақстан қоғамындағы дәстүрлі емес діни ағымдар
2.2 Дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиялық негізі
2.3 Ұлттық құндылықтар жүйесіне дәстүрлі емес діни ағымдардың әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы:
Жұмыстың өзектілігі:
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Зерттеудің нысаны мен пәні.
Диссертацияның мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы.
Диссертацияның талқылануы мен сыннан өтуі.

КІРІСПЕ
Аталмыш жұмыс дәстүрлі емес діни ағымдардың қазақ қоғамына әсері болып отыр. Нақтырақ айтатын болсақ, бірінші тарауда жалпы дәстүрлі емес діни ағымдарға, олардың ерекшеліктеріне тереңірек кіріп, мағынасын түсінуге тырыстық.. Жалпы, дін социологиясының негізгі бағыттарының бірі - діни ағымдар. Әрбір дін - қауым өмірге келеді. Алғашқы діни топтың қалыптасуы сияқты, кейінгі кезеңдердегі діни топтар пайда болады. Оны дін социологиясы әлеуметтік себептер мен процестерді қарастырады. Дәстүрлі емес діни ағымдар баламалы руханилықты іздейтіндер үшін өз ағымдарын жасау кезінде әртүрлі дереккөздерге сүйенеді. Осы тұрғыда кейбір ағымдар ілімдерін рухани түсініктерге негіздей отыра құрып, адамдық әлеуетті дамыту, сана-сезімін көтеру, салауатты өмір сүру сияқты екпінмен алға шығатыны байқалады. Дәстүрлі емес діни ағымдарда негізгі діннің мазхабы немесе тарикаты болуды өздеріне қорлау және зиянды деп санауынан туындайды. Кейбір елдердің заңдары дәстүрлі наным-сенімдерден басқа шағын топтарға діни сенім бостандығын бермеу және мұндай ұйымдарды сепаратизмге айыптау басты рөлді атқарады. Осы және осыған ұқсас себептердің нәтижесінде сөз болып отырған ағымдар өздерін секта емес, дін ретінде ұсынады басқаларға. Мұны істей отырып, олар өздерін басқа дәстүрлі сенім жүйелерінен бөліп, оларға қарсы тұруды да назардан тыс қалдырмайды.
Сондай ақ, бірінші тарауда ағымдардың шығуына әсер еткен факторлер қарастырылды. Дәстүрлі емес діни ағымдардың шығуының олардың құрылуының бірнеше себептері бар. Солардың бірнешеуі - материалдық жағдай, рухани жағдайларымен байланысты. Яғни, олардың басты мақсаттарының бірі - қарапайым халықты қуыршақ сияқты басқару. Оларға айтқандарын істету. Бұл ағымдардың өкілі болғандар өзгере келеді, сол ағымның ықпалына бейімделгіш болады. Ерік - жігері төмен адамдар оңай бұл ағымға кіреді, олардың рухани жағдайларын қолдану арқылы ұйымға кіргізеді. Дәстүрлі емес діни ағымдағыларға салқын санамен ойлау немесе ой қорыту қабілеті мүлде тән емес деп айтуға болады. Мұндай ағыммдардың өкілдері өздерінің миссиясын орындайтын кезде баратын жер немесе адам туралы барлық мәліметке қол жеткізеді. Зерттейді. Олардың дінін, әдет-ғұрпын, оалрдың тарихын, отбасыларын, психологиясын зерттеп, қарайды. Осылайша олар таңдайды.
Екінші тарауда дәстүрлі емес ағымдардың қазақ қоғамына әсері қарастырылды. Идеологоиясы, құндылықтарына маңыз берілді. Қазіргі таңда елімізде мыңнан астам діни бірлестіктердің арасында дәстүрлі емес діни қозғалыстар бар. Бұл ағымдардың шығу тегі сонау батыстан келеді. Бұл ағымдардың ерекшелігі олардың басқаларға яғни қоғамға істейтін зиындары болып табылады. Дәстүрлі емес діни ағымдар елімізге тәуелсіздігімізді алғаннан кейін келе бастаған. Сол кезден бастап дәстүрлі емес ағымдар миссионерлік әрекеттері жалғасып келеді. Бұл ағымдардың өкілдері өздерінің миссияларын жаюда орасан зор қаупі бар екендігі туралы да сөз қозғалды. Себебі, ұлттық тұтастықты сақтауда қауіп төндіретіндері анық. Дәстүрлі емес діни ағымдарының адамдары өздерінің сенімдерін тарататын кезде әртүрлі әдістерін қолданудан тайынбайды. Бұл ағымдар негізен екі түрі бар. Олар: коммерциялық және идеологиялық. Яғни, олар тек ғана діни ағым ретінде ғана емес, оны бизнес ретінде жүргізіп отырулары мүмкін. Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы тұру үшін адамның діни білімі жіне құқықтық білімі жақсы болуы тиіс.
Дін - ол біздің еліміздің негізін құраушы факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан да бұл - еліміздің, ішкі тұрақтылығымыздың кепілі екені сөзсіз. Ел тыныштығы, халықтың ауызбіршілігі, бейбітшіл және тыныш өмір әрбір ел үшін маңызды. Ал осылардың бәріне қарама қайшы келетін, қауіп төндіретін дәстүрлі емес діни ағымдардан аулақ болу керек екені анық. Аталған тақырыптың жан-жақты зерттелуі - жинақталған материаллдардың қазіргі қоғамымызға әсер етуіне ықпалын тигізеді. Себебі, осындай ұйымдардан аулақ болу үшін, ақты ақ қараны қара деп көру үшін мәліметтер ұсынылды. Материалдар мазмұндық және тақырыптық жүйеге келтіріліп, мағыналары айқындалды.
Ұлттық құндылықтар жүйесіне дәстүрлі емес діни ағымдардың әсері орасан зор. Аталмыш ағымдарды бір қоғамға кіретін кезде олардың маңызды құндылықтары арқылы немесе олардың салт дәстүрлері арқылы кірулері мүмкін. Айтып өтілгендей ағым өкілдері әр қоғамға, тіпті әр адамға әртүрлі әдіс қолданары әбден мүкін. Сондықтан осы тақырып аясында толығырақ баяндалды. Екінші тараудан кейін жұмысты қортыныдылап, пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылды.

І ТАРАУ. ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАР

0.1 Дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағым ұғымы
Дәстүрлі діни ағым ұғымы.Жалпы алғанда теология мен әр түрлі ғылым салалары арасындағы негізгі ғылыми қайшылықтар дін ұғымына байланысты. Теология ғылымында дін ұғымына қатысты екі жүзден астам анықтамалар бар, олар әр түрлі түсініктер мен сенімдердің, діни ағымдар мен діни секталардың барлығын қамтиды. Алайда, әр түрлі ғылым салалары арасындағы дін ұғымына қатысты зерттеулер әлі де аз. Көбінесе бұл құбылысты философия, әлеуметтану, тарих және психология салаларының өкілдері зерттейді. Ақиқатында діни экстремизм ұғымына байланысты теология мен әр түрлі ғылым салалары арасындағы ғылыми қайшылықтар дін ұғымының ғылыми тұрғыдан зерттелмегендігімен түсіндірілсе керек. Ендеше осы тұрғыда біз дін ұғымына қатысты біршама ой қорытындыланған дұрыс деп санай келе танымның ішкі, сыртқы және ортақ қырлары жиынтығының нәтижесінде қалыптасқан түсіністік аппаратына көңіл бөлейік.
Танымның ішкі қырлары бойынша дін ұғымы туралы түсініктік аппараттың қалыптасуын төмендегідей дәлелмен түсіндіруге болады: ол дін негіздеріне сәйкес келмейтін діни ұйымдар мен секталардың діни сенім негіздеріне тән. Осындай құрылымдардың діни сенім негіздері, діни сенім бойынша көзқарастары, ұстанған діни тәртіптері мен салттары шынайы діннің сенім қағидаттарына сәйкес келмейді, керісінше оларға қайшы, сондықтан олар дін ұғымына толыққанды және дұрыс, бұрмаланбаған анықтама бере алмайды. Шынтуайтына келгенде діни ұйымдар мен секталардың негізі діни харизмалық тұлғалар тарапынан, олардың сенімі мен ой-пікірлері арқылы негізделіп құрылатындығы және бекитіндігі белгілі. Демек, діни харизмалық тұлғалардың субъективтік өзіндік сенімі мен ой-пікірлері бойынша діни сенім негіздері қалыптасатындықтан, танымның ішкі қырларына қатысты арнайы түсініктік аппарат та пайда болады. Бірақта ғылымның, әсіресе позитивтік теология ғылымының мұндай түсініктік аппаратты қолдану мәселесін объективті түрде шешуге ешбір әлеуеті жетпейді.
Дін ұғымы жөнінде танымның сыртқы қырлары бойынша түсініктік аппараттың орнығуы былайша дәлелденеді: бұл түсініктік аппарат бойынша дін деген ұғымға саяси көзқарас әсер етеді. Қазіргі уақытта көптеген ғылым салаларының зерттеушілері дін ұғымының ғылыми мәнін, шығу тегі мен себебін, негізін және діннің өзіндік жүйесін толыққанды түсіндіре алмай жатыр. Олар діннің қоғамдағы әлеуметтік, психологиялық, идеологиялық, философиялық және өзге салдарын қарастыруға бейім, бірақ діннің қоғамдағы аталған салдарының өзінен-өзі пайда болмайтындығын және оларды жүзеге асыратын қоғамдағы адамдар екендігін жан-жақты ескере бермейді. Өз кезегінде бұл салдардың бәрі де дерлік шынайы діннің жүйесімен үйлесімде деуге де болмайды, cебебі қоғамды құрайтын адамдар қанша діншіл болса да, олар ұстанатын дін көп жағдайларда діннің дәл өзі болып табылмайды. Яғни діннің шығу тегі мен себебі және оның негізі тек Жаратушы тарапынан ғана. Егер де адамдардың діни сенім негіздері мен іс-әрекеттері ақиқат діннің өзіндік жүйелеріне сәйкес жүзеге асатын болса, онда діннің қоғамға салдары да жақсы болады. Керісінше діни сенім негіздер мен іс-әрекеттер шынайы діннің жүйелеріне сәйкес жүзеге аспай жатса, онда шынайы діннің салдары емес, дінге қайшы іс-әрекеттер қоғамда орын алып отырады. Сонымен, танымның сыртқы қырлары бойынша түсініктік аппаратта да дін ұғымы жөнінде қисынды анықтама беруге толық мүмкіншілік жоқ деп есептеуге болады.
Дін ұғымы жөнінде танымның сыртқы қырлары бойынша түсініктік аппараттың орнығуына қатысты мысал ретінде оған берілген мына анықтаманы тілге тиек ете кетейік: Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. Философ Н.Н. Иманқұл берген бұл анықтаманың мазмұны дін ұғымының тек танымның сыртқы аспектісіне негізделгенін айқындайды, себебі кейбір адамдардың діни сенімдері ауытқыған, ал кейбіреулерінің діни сенімі әлсіз де болуы мүмкін. Егер сенім шынайы дін негізіне сәйкес келсе, ол дұрыс діни сенім. Демек, діни сенім адамның өз ойы мен сенімі негізінде орнықса, онда ол шынайы діни сенім болып табылмайды. Сондай-ақ дін ұғымының тек танымның сыртқы аспектісімен ұштасып жатқандығын профессор Т. Ағдарбеков те өзіндік анықтамасында алға тартады. Оның ойынша дін (латынша religio - құдайшылдық, аса үлкен құрмет көрсететін нәрсе, ерекше нәрселер) - дүниетаным және дүниені сезіну, сонымен қатар соған сай келетін тәртіп және арнайы әрекеттер (культ), сенімге негізделген құдайдың не құдайлардың барлығын және оның табиғаттан да жоғарылығын мойындау.
Осы жерде ескерте кетер жайт - дін ұғымына қатысты берілген анықтамаларды шартты түрде мынадай үш топқа бөлуге болады. 1) Қасиетті кітаптардың мазмұнынан шығатын анықтамалар; 2) Әр түрлі ғылымы салаларының зерттеушілері берген анықтамалар; 3) Діни секталар мен ағымдар өкілдері және ойдан шығарылған дінсымақ жақтаушылардың анықтамалары. Дегенмен, қазіргі кезде мемлекеттік, нақты айтқанда, құқықтық тұрғыдан дін ұғымына әлі құқықтық анықтаманың болмауы да жалпыға белгілі. Бұл жағдайдың өзіндік себеп-салдары бар. Негізгі себебі, көптеген мемлекеттердің конституциялық құрылысының зайырлы сипаты болуынан. Сол себептен зайырлы мемлекеттер ресми ұстанымдарда болатындығы да түсінікті. Біздіңше, осы мәселе түбінде егжейлі-тегжейлі қарастырылып, одан кейін оны рационалды, әсіресе ұлттық құқық пен халықаралық-құқықтық тұрғыдан шешілуі тиіс. Өйткені, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңның жүзеге асыру барысында, сондай-ақ діни экстремизммен күресу аясында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың күрделі мәселелері бар екендігі жалпыға белгілі.
Дін ұғымы туралы танымның ортақ қырлары қасиетті жазба кітаптарда шынайы дін және негізі бұзылған, ойдан шығарылған діндердің бар екендігі мәселелерімен байланысты. Қасиетті жазба кітап - Құран Кәрімде шынайы дін - Жаратушы тарапынан шыққан, оны жеткізушілер періштелер мен пайғамбарлар деп анық көрсетілген, яғни дін олар арқылы адамзатқа баяндалған бұйрықтар мен тыйымдардың жиынтығы. Кезінде шынайы дін ретінде адамзатқа жеткізілген, алайда кейін адамдар өзгерткен, демек негізі бұзылған діндердің қалыптасып, орныққандығы да қасиетті жазба кітапта ашық баяндалады. Сондай-ақ ол кейбір харизмалық тұлғалар тарапынан ойдан шығарылған дін және оның адамзат арасында таралуы туралы дәлелді негіздермен айғақталады. Сонымен, сенім негіздері бұзылған діндер мен ойдан шығарылған діндер ешбір дін ұғымы жөніндегі танымның ортақ қырлары бойынша негізделетін түсініктік аппарат болып қалыптаса алмайды. Бұл дегеніміз, тек қасиетті жазба кітапта баяндалған шынайы дін ғана жоғарыда аталған түсініктік аппараттың негізі бола алады деуге болады.
М. Исаұлы мен Қ. Жолдыбайұлы бұл мәселеге байланысты бірігіп жазған еңбектерінде нағыз дін - ақыл иелерін өз еріктерімен ізгілік пен туралыққа жеткізетін иләһи заңдар жиынтығы, - деп нақты ой қорытындылайды. Авторлардың бұл анықтамасы өте дұрыс әрі әділ тұжырымдалған, өйткені дін - Иләһи, Құдаи заңдар жиынтығы. Ислам діні бойынша, Құдаи заңдардың көрінісі - Қасиетті Құран мәтінінде ғана бекітілген.
Дін ұғымын қарастыруымыз бен оған анықтама берудегі басты мақсатымыз мына төмендегі негіздерді басшылыққа алуымызбен байланысты: біріншіден, ол дін ұғымын құқықтық тұрғыдан анықтауға көмектеседі, яғни дін және діни экстремизм ұғымдарының өзара арақатынастарын, ерекшеліктерін, айырмашылықтарын талдауға мүмкіншілік береді. Екіншіден, дін мен діни экстремизмнің шығу тегін анықтап, ажыратуға да түрткі болады. Үшіншіден, дін мен діни ағым, діни бірлестік, конфессия, секта, діни аз топ сияқты жеке ұғымдардың да өзара арақатынасын, айырмашылығын, шығу тегін, құқықтық өздеріне тән анықтамаларын тұжырымдауға ерекше қолғабыс жасайды. Төртіншіден, осы аталған ұғымдар мен діни экстремизмнің ортақ және ерекше тұстарын саралауға мүмкіншілік туады.

Дәстүрлі дін делінген ұғымдық тіркесті естігенде көптеген адамдар, әсіресе дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушылары өзіндік эмоциясын көрсетіп, осы тіркесті қолдануға қарсы шығып жатады. Олардың өзіндік пайымдаулары бойынша, кезінде шынайы дін мен салт-дәстүрлер араласып кеткен, сонымен бірге кейінгі кезде адамдар дінге өзіндік жаңалықтарды да енгізіп жіберген деп есептейді. Бұл жаңсақ әрі қате пікірге қатысты мынадай діни, тарихи және логикалық негіздерді басшылыққа алып жауап беруге болады.
Діндердің негізгі қайнар көздері болып табылатын қасиетті жазбаларға сәйкес, ғалымдардың жіктеуі бойынша жалпы діндерді үш топқа бөледі.
Өзіндік генезисі (шығу тегі) қасиетті жазбалар арқылы көрініс беретін, сол діннің жалпы негіздері мен қағидаттарының, тиісті ережелерінің адамдардың тарапынан ешқандай да өзгеріске ұшырамаған дәстүрлі дін.
Кезінде дәстүрлі дін болған, алайда кейіннен кейбір адамдардың әрекеттеріне байланысты, яғни діннің негізіне өзіндік қисынсыз тұжырымдар мен ережелерді қасақана енгізіп жіберудің нәтижесінде мәні мен мазмұны бойынша дәстүрлі дін негізінен айырылған діндер.
Дәстүрлі діннің өз табиғатына қайшы келетін, кейбір адамдардың тарапынан ойлап табылған, құрылған діндер.
Дәстүрлі діннің белгілері.Дәстүрлі діннің генезисі - Жаратушы тарапынан деп саналады. Оның дәлелі әрі негізгі қайнар көзі, сондай-ақ формасы ретінде қасиетті жазбалар танылған.
Аталған қайнар көздердің мазмұнынан анықталғандай, қасиетті жазба берілген, сондай-ақ қасиетті жазба берілмесе де пайғамбарлық міндеттерін атқарған тарихи тұлғалардың болуымен дәлелденеді.
Тарихи кезеңдерімен дәстүрлі діндердің көптеген халықтардың, оның ішінде, әуелі отбасылық, әулеттік, рулық, тайпалық құрылымдардың, сондай-ақ өзіндік тарихымен қалыптасқан ұлттардың тарихында, өмірінде орын алуы.
Дәстүрлі діндердің негізгі қайнар көздерінің мазмұны, негіздері мен қағидаттарының адамдардың тарапынан өзгеріске ұшырамауы.
Барлық тарихи кезеңдерде қоғамдық қатынастарды реттеуде өзіндік ықпалының болуы.
Қоғамдағы әлеуметтік нормалардың туындауы, қалыптасуы мен өзіндік дамуына әсерінің болуы.
Дәстүрлі діннің қоғам мен адамға пайдасы болмаса, өзіндік зияндық және зардаптық салдарының болмауы.

Әлемдік дін - бұл дін, яғни белгілі территорияда кең таралымға ие болады және белгілі әлеуметтік қауымдастықта , әр түрлі әлемнің елдері мен түрлі континенттерінде сипат алады. Әлемде белгілі нақты өлшемдер орын алған, яғни әлемдік діннің белгілі бір түріне лайықтандырылады. Бұл стандарттар ЮНЕСКО тарапынан ұсынылады: 1. Адамдардың ірі қауымдастығының бірлестігі; 2. Көптеген елдердегі әр түрлі халықтардың арасында ізбасарларының болуы.
Жоғарыда тілге тиек етіліп, ұсынылған материалдардың мазмұнынан анықталғандай, дәстүрлі діндердің туындауы, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихи негіздерімен, тарихи кезеңдерімен ерекшеленетін құбылыс екендігімен байқалады. Осы орайда, БҰҰ ЮНЕСКО тарапынан үш дін әлемдік дін ретінде саналады. 1. Христиан. 2. Буддизм. 3. Ислам. Аталған діндер әлемдік діндер болуымен қатар, дәстүрлі діндер ретінде есептеледі. Сонымен бірге ұлттық дін болып табылатын діндерді (мысалы, иудаизм) дәстүрлі дін ретінде саналады. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі діндер деп аталған діндерді атайтындығы жалпыға белгілі. Осы орайда, айтар жайт, Қазақстан Республикасында өткізіліп жүрген әлемдік және дәстүрлі діндер съездері халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралардың қатарына жатады деуге болады.
Сонымен, жоғарыда жасалған талдаудан байқалғандай, дәстүрлі дін ұғымын түсіндірудің негізгі екі жолының қалыптасқан деуге болады. Яғни, теологиялық және саяси-құқықтық тұрғыдан түсіндірудің әдістемелік негізі бар.
Теологиялық түсіндіру бойынша дәстүрлі дін дегеніміз, оның генезисі Жаратушы тарапынан бастау алатын, тиісті пайғамбарлар арқылы адамзатқа жеткізілген, діннің негізгі қайнар көзі жалпы танылатын әрі формасы ретінде көрінісі табатын, барлық тарихи кезеңдерде көптеген халықтардың өмірінде дәстүрлі түрде орын алған, негіздері мен қағидаттары, сондай-ақ мақсаты мен міндеттері жалпы адамзаттың өзіндік игілігіне арналған Жаратушының заңдарының жиынтығы.
Саяси-құқықтық түсіндіру бойынша дәстүрлі дін дегеніміз, бірнеше әлемдік және дәстүрлі діндер ретінде БҰҰ ЮНЕСКО тарапынан тиісті түрде мойындалған, саяси-құқықтық, тарихи, мәдени, әдеби ескерткіштер ретінде танылған, саяси-құқықтық жүйеде, түрлі қоғамдар өмірінде әлеуметтік норма болып орын алған, дәстүрлі діндердің белгілерін сипаттайтын құбылыс.
Осы орайда, айта кетер жайт, дін ұғымының үш түрлі мағынасы бар деуге болады. Яғни, жалпы, негізгі және арнайы мағыналары баршылық. Дін - Жаратушының заңы деген анықтама аталған ұғымның жалпы мағынасын білдіреді. Тарихи негіздері бойынша бұл мағына туындау, яғни генезистік (шығу тегі) негіздері арқылы түсіндіріледі. Бұл ретте, Жаратушы абсолюттік субстанция ретінде, яғни оның өзіндік (құдаи) заңы философиялық және теологиялық тұрғыдан алып қарағанда, барлық нәрселерді қамтиды әрі барлық жаратылыстарға қатысты делінген ой-тұжырымнан осындай мағына шығады. Ал енді дін ұғымының негізгі мағынасы барлық пайғамбарлардың өмірі, тарихы, мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ олардың дәстүрлі дінді жеткізудің әдіснамасы, соған сәйкес заңды әрі тарихи іс-әрекеттері арқылы түсіндіруге болады. Бұл ретте, аталған дін ұғымының арнайы мағынасы жалпы адамзатқа ортақ халықаралық ұйымдар арқылы ұғындырылады. Осы тұста, айта кетер жайт, аталған ұғымның үш мағынасын кеңінен түсіндіруді қажет етеді. Сондықтан осы ұғымның мағыналарын ашу келесі кезектегі бір мақалада мақсат етілді.
Қорыта айтқанда, дәстүрлі дін деген ұғымдық тіркесті түсіндірудің екі жолдың бір-бірімен қайшылықты жағдайда емес. Керісінше тиісті түрде тарихи және саяси-құқықтық ұстаным тұрғысынан бір-біріне өзара қолдау көрсетуде. Бұл ретте, дәстүрлі дін ұғымына қатысты дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдерінің өзіндік түсініктерін келесі мақалада жеткізіп жазуға ниет еттік.
Дәстүрлі емес діни ағым ұғымы.Дәстүрлі емес діни ағым термині жалпы әлемдік теологияда жаңа діни қозғалыстар ретінде қолданылады. Жаңа діни қозғалыстар ұғымы алғаш рет Harold W. Turner (1911-2002) тарапынан қолданылған болатын. 1970 жфлдардың басынан бастап жалпы академиялық ортада кеңінен қолданыла бастаған.
Бұл діни ағымдардың жаңа сөзімен аталуының себебі, бұл ағымдар мен қозғалыстардың барлығының екінші дүние соғысынан кейінгі шарттарға байланысты, яғни жақын кезеңде ортаға шығуы болып табылады. (Sevgi,2011,23)Жаңа діни қозғалыстар ұғымы, көбісі 1950 жылдардан кейін пайда болған, 1970 жылдардан бастап кеңінен тарала бастаған және идеологиялары арқылы мықты діни, рухани және пәлсапалық өмірді уәде еткен бір бірінен өзгеше түрлі құрылымдар үшін қолданылған.
Дәстүрлі емес діни ағымдар (жаңа діни қозғалыстар),жан жақты және күрделі құбылыс. Күрделі болмысын суреттей алу үшін жаңа дін немесе жаңа діндер секта культ, жаңа діндарлық түрлері, зиян культтер, жаңа діни қозғалыстар секілді көптеген түрлі терминдер қолданылып келе жатыр. Елімізде бұл қозғалыстар тоталитарлық секталар, іріткі салушы топтар, дәстүрлі емес діни ғұрыптар, жаңа діни қозғалыстар тіркестерімен аталуда. [3;156с: Я.Ф. Иванов, В.А. Трафимов. Христианство в Казахстане. Караганда 2006]. Сонымен қатар діни секта теримні де дәстүрлі емес діндер үшін кеңінен қолданылатын атаулардан бірі.
Жаңа діни қозғалыстар жиырмасыншы ғасырдың орталары мен әсіресе екінші жартысында кеңінен тарай бастады. Бұл қозғалыстардың маңызды бір бөлімі, Оңтүстік және Шығыс Азия немесе Африкадан шыққан, сол жақтардан Европаға әсіресе Англияға және АҚШ-қа жеткізілген. Жалпы АҚШ, жаңа және жергілікті діни қозғалыстармен қатар шетелдік діни миссионерлік топтар үшін де ыңғайлы жер болып табылады. қазіргі таңда Франция, Гернмания және Англиядан бастап Батыс, Солтүстік және Орталық Европа елдері және Россия, бұрынғы Совет одағы құрамындағы елдер, соның ішінде еліміз Қазақстанда да осы жаңа діни қозғалыстар кеңінен тарала бастады.
Жаңа діни қозғалыстарды зерттеген кезде олардың ерекшеліктері жағынан барлығына ортақ бір анықтама жасау мүмкін емес. Себебі жаңа діни қозғалыстар, барынша әр түрлі сипатқа ие, кейбірі теологиялық тұрғыда қатаң ережелерге бағынады, кейбірі радикализмге жақын. Кейбірі дәстүрлі діндердің бірінің ішінен шығады, ал кейбірі мүлдем бөлек дін ретінде ортаға шығуда.
Әр түрлі адамдар тарапынан жасалған бұл анықтамалардан әрбірі, жаңа діни қозғалыс құбылысының білгілі бір жағын ғана суреттейді. Жаңа діни қозғалыстарда жататаын дәстүрлі емс діндерге назар аударсақ, оларға ортақ бір анықтама беріле алмауының негізгі себептерінің бірі, дәстүрлі емес діндер бір бірінен мүшелерінің саны, ерекшеліктері жағынан басқаша болып келеді. Жиырма адамдық топтар да бар, сонымен қатар үш милиондық топтар да бар.
Жаңа діни қозғалыстарға қатысты анықтамаларға қарайтын болсақ негізінде, теологиялық анықтамалар және ғылыми анықтамалар ретінде екіге бөле аламыз. Алайда соңғы кезде жаңа діни қозғалыстарда көптеген өзгерістер болғандығына байланысты бұл ұғымға берілген анықтамалар да кейді жеткіліксіз болып жатады. (Kirman,2012,296)
Жаңа діни қозғалыстардың теологиялық түсіндірмесінде, бұл қозғалыстарға көбінесе секта немесе культ атаулары беріледі. Бұл құбылыстың болымсыз (негативті) жақтарын көбінесе түсіндіретін бұл атаулар, жаңа діни қозғалыстар, жасырындық, алдау, авторитарлық лидерлік, мүше жинау үшін алдау сендіру жолдарын қолдану, мүшелердің өмірлерінің барлығын жаулап алу секілді ерекшеліктерге сүйенген. Осындай болымсыз әрекеттермен қатар, наша саудасы, қару саудасы, саяси интрига, балаларға зорлық зомбылық пен өз өзіне қол жұмсауды және өлімді насихаттайтындықтары да айтылады. (Kurt,2014,245)
Теологтардың көбісі негізінде культ ұғымын қолданған. Алайда бұл ұғымның көптеген анықтамасы бар. Солардың ішіндегі ең кең таралғаны: культ сөзі, қоғамдағы жергілікті Проваславтық діни топтардан басқа сенімдер мен ғибадат түрлерін және бұларды қабылдаған адамдардың жиналуы арқылы пайда болған топтарды білдіреді. (Kirman,2010,50)
Культ ұғымы туралы ғалымдар арасында ортақ бір шешім жоқ өкінішке орай. Мысалы психологтар, культті, адамның өмірге көзқарасын және өмір сүру стилін өзгертетін бір топ ретінде түсіндіреді, әлеуметтанушылар көбінесе белгілі бір қоғамның ережелері мен тәртібіне бағынбайтын топ ретінде сіреттейді. әлеуметтанушылар бұл ұғымның қолданылуы, қоғамдық интеграция жағынан үлкен мәселелердің туындауына жол ашуы мүмкін дейді. Себебі әлеуметтану мамандарының көбісі культті, қоғамдағы негізі мәдениетке мойынсұнбау деп түсіндіреді. Ал теологтар психологтар мен әлеуметтанушылардың пікірлеріне қосылмайды. Теологтардың пікірі бойынша, культ ең басынан бастап діни топтарды білдіреді. (Akyüz ve Çapçıoğlu,2012,525)
Теологиялық анықтама жасаған адамдар, халық тарапынан қолдау көреді. Әсіресе балалары бұл қозғалыстарға мүше болған адамдар, бұл дәстүрлі емес діндерді болымсыз жағынан қабылдайды. Бұл қозғалыстардың лидерлерінің адамдарды өзіне тарту үшін гипноз секілді шаралар қолданатындығын және топ мүшелерінің берген қаржылай көмек арқасында керемет өмір сүретіндігін алға тартады.
Жаңа діни қозғалыстарды сенім ретінде қабылдайтындар, бұл қозғалыстарды көбінесе культ ретінде қаблдағандары және зиян деп қабылдағандары үшін, ғлыми ретінде мүлдем қабылдамайды. Алайда культ ұғымы жаңа қозғалыстарды суреттеу үшін жеткіліксіз. Культ сөзі, Харе Кришна, Циантология және Айшылық сияқты қозғалыстарды толығымен түсіндіре алмайды. (Turan ve Sancar,2014,16)
Ғылыми ортаға назар аударсақ, культ терминін қолданудан бас тартуларының екі себебі бар. Біріншісі, культ сөзінің белгілі бір діни топты төмендету мағынасына келетіндігі болып табылады. екіншісі, қоғам тарапынан жақсы қабылданбайтын, шеттелітені діни топ ретінде қолданылуы болып табылады. (Akyüz ve Çapçcoğlu,2012,526)
Аты аталған қозғалыстарды діни сезімдердің жаңа жолдармен көрсетілуі ретінде түсіндіре аламыз. Сонымен қатар құрылымы және сырты көрінісі ретінде қолға алатын болсақ, жаңа діни қозғалыстарды, заманауи әлемдегі жеке және ортақ алаңдар арасындағы шекараны алып тастау себебі ретінде суреттеуге болады. Сонымен қатар осы тақырып бойынша мамандар, жаңа діни қозғалыстар ұғымымен бірге, соңғы кездері белең ала бастаған дін ауыстыру оқиғаларының да қарастырылуы керектігін, себебі бұл оқиғалардың адамдардың бұл қозғалыстарға не себептен дәне қалай кіргендерімен тікелей байланысты екендігін айтады. (Kirman,2010,53-54)
Академиктер және әсіресе әлеуметтанушылар, дәстүрлі емес діндерді зиян немесе қауіпсіз деп бағаламайды. Академиктер бұл қозғалыстар үшін культ, зиян, қауіпті деген сөздерді қолданбайды, көбінесе объективті себептерге негіздейді. Көбінесе олар атау берерде, жер және уақыт факторы негізге алады. (Turan ve Sancar, 2014,17-18)
Жаңа діни ағымдардың дін немесе дін еместіктері де дін ғалымдары арасында пікірталас тудырған тақырып. Бұл жаңа діни қозғалыстар мәзхаб па немесе дін ба деген пікірталаста, ол қозғалыстардың мүшелері өздерінің дін екендіктерін жақтайды. (Kurt,2014,246)
Бұл қозғалыстар өздерін мәзхаб ретінде қабылдаса, яғни бір діннің бөлігі болатындықтан және дұрыс жолда еместіктерін көрсететіндіктен, олар өздерін дін ретінде таныстырады. Сонымен қатар Батыс елдерінде дін ретінде ортаға шығу мәселе тудырмайды, ал мәзхаб ретінде ортаға шығу үлкен түсініспеушіліктерге жол ашуы мүмкін. (Turan veSancar, 2014,109-140).
Академиктер анықтамаларында культ, секта, құртушы, қауіпсіз, сүйкімді секілді сөздердің қолданылмауының себебі ретінде, жаңа діни қозғалыстардың пайда болған мекені мен пайда болған уақытына сүйенетіндігі айтылған. (Kirman,2014,18) Жасалған пікірталастар нәтижесінде ғалымдар арасында бұл жаңа діни қозғалыстарға нақты бір анықтама
Заманауи кезеңнің шарттарының нәтижесінде, адамдардың жаңа ғасырда дінге деген көзқарасы, енді кімнің неге сенетіндігі адамдар жағынан маңызын жоғалта бастаған болатын. Бұл жағдай іші бос тұлғалардың қалыптасуына себеп болған. осыған орай ортаға шыққан діни топтар, адамдардағы ішкі бостықты толтыруға тырысуда. (Özkan,2014,33) бұл бостық адамдарды ізденіске итермелеген. Әсіресе діннің барлық құрылымдардан арашалануы адамдарды әр түрлі діндерге баруына себеп болған.
Батыста дін адам танымастай өзгерген. Діннің экономика әлемінен, өнер әлемінен, тәрбие әлемінен шығарылуы, оны күнделікті өмірде мүлдем қолданылмайтын деңгейге жеткізген. Осылайша адамдар жүректерінде өмірі үшін керекті тыныштықты таба алмағандықтан жастар арасында бір ізденіс басталады.(Türkdoğan,1997,371)Осыла йша қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер әсерінен маңызынан айрылған дәстүрлі сенімдер мен діндер бұл мұқтаждыққа жауап бере алмаған кезде пайда болған жаңа діни қозғалыстар арқылы осы ішкі бостықты толтыруға тырысқан. (Günay,499,2006) Жаңа әлем тәртібінде діннің бұл тәртіпке сәйкес келмейтіндігі айтылған. Осылайша адамдар бір ізденіс жолына шыққан, дінді түрлі жақтан бағалап көрген.
Батыста пайда болған жаңа діни қозғалыстарға назар аударатын болсақ көбінесе түрлі пікірлер бар. Осы жақтан қарайтын болсақ, жаңа діни қозғалыстардың, тарих бойынша пайда болуы, көбінесе әлеуметтік өзгерістерде, кризис орталарында, бір лидердің бастамасымен ортаға шыққан және дамыған. (Kirman, 1999,226) Бұл жағдайда жаңа діни қозғалыстардың, уақыт өте маңыздылығын жоғалтқан дәстүрлі діндер және отбасы құрылымының артта қалдырған бостықты толтыруға тырысқан құбылыс ретінде де қабылдауға болады.( Kurt,2014,250) Жаңа діни қозғалыстардың пайда болуы мен дамуын да, осындай жалпылама діни даму мооделі ретінде қарастыруға болады. Себебі заманауи кезеңнің және жаңа діни қозғалыстар кеңінен таралған жиырмасыншы ғасыр, барлық әлемде әлеуметтік өзгеріс және рухани дағдарыс кезеңі ретінде қабылданады.
Жаңа діни қозғалыстар да осы рухани дағдарыстағы өзгеріс кезінде, лмдерлердің бастамасымен, белгілі бір адамдардың қатысуымен және дәстүрлі діндердің сынына қарамастан ортаға шыққан және дамыған. Яғни жаңа діни қозғалыстардың, заманауи кезең және оның шарттарының нәтижесі екендігін айтуымыз керек. (Doğan, 2009,12)
Заманауи әлемнің тудырған рухани жағдарыс пен стрестен адамдар құтылғысы келеді. Білім және технологияның дамуы мен адамдардың қоғамнан алыстап жеке аймақтарында қалуы болып табылады. Заманауылықтың келуі, Батыс мәдени құрылымының өзгеруіне, дәстүрлі сенімдердің маңыздылығын жоғалтуына жол ашқан болатын. Міне осы сәттерді назарда ұстайтын болсақ, жиырмасыншы ғасырдың соңғы кезеідерінде Батыста жаңа діни ағымдардың пайда болуы заңдылық еді.(Sevgi,2011,38)
Заманауи кезеңде жаңа шарттарға үйрену кезінде негізінде жаңа діни қозғалыстардың маңызды бір бөлімінің негізінде түбірлерін сол дәстүрлі сенімдерден; Даосизмнен, Будизмнен, Индуизмнен, Христиандықтан, Исламнан алуларының нәтижесі екендігін айта кетуіміз керек. (Günay,2006,490) Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діндердің жалғасы ма немесе олардан түбегейлі бөлек пе бұл пікірталасқа ашық жайт. Адамдар қаншама басқа діндер болса да неліктен осы жаңа қозғалыстарға қосылуды жөн көреді. Бұл туралы ір түрлі пікірлер бар. Осы сәтте біздің дістүрлі діндердің дәстүрлі емес діндерден айырмашылықтарын анықтауымыз керек.
Жаңа діни өозғалыстардың дәстүрлі діндермен әлеуметтік мәдени, теологиялық және құрылу жағынан айырмашылықтары бар. Әлеуметтік мәдени айырмашылықтарға назар аударатын болсақ жаңа діни қозғалыстарда белгілі бір міндеттемелер жоқ. қозғалысқа мүше боларда орындалуы тиіс қандай да бір шарт жоқ, адам еркіне негізделген. Христиандық немесе Буддизм сияқты белгілі бір иерархия жоқ.
Жаңа қозғалысқа қосылған адамдардың білім деңгейі, әлеуметтік статусы және жас аралығына қарайтын болсақ, білім деңгейі бакалавриат және магистратура түлектері де, білім деңгейі төмен адамдар да бар. Алайда христиан миссионерлері секілді әлеуметтік статусы экономикалық деңгейі төмен адамдар негізгі мақсат етілген адамдар деп айтуға болады. Ал әрір қозғалыстың ілімдері әр түрлі болғандықтан кейбіреулерінде әйел адамдар, кейбіреулерінде ер адамдар басымырақ. Бұл қозғалыстарға мүше болатындардың көбісі атеист немесе өз діндерімен қандай да бір мәселесі болғандар болып табылады. Жаңа діни әрекеттер көбінесе жастарды қызықтырады және соларды тартады. (Alıcı, 2017, 23-32)
Жаңа діни қозғалыста лидерлердің теологиялық ерекшеліктері назар аудартады. Бұл лидерлер өздерін құдай деңгейінде көреді. Адамдарды да өзіне сендіре отырып, осы дәрежеге жете алатындарына сендіреді. Тәңірге адами ерекшеліктерді жарастырады. Көбінесе жаңа діни қозғалыстарда үлкен діндердегі жәннат, тозақ, есеп күні секілді түсініктерді қабылдамайды. ( Özkan, 2006,248).
Жаңа діни қозғалыстардың құрылу айырмашылығын қысқаша былай айтсақ болады. Бір лидердің айналасында көбінесе экономикалық тұрғыдан орта деңгейдегі білімді оқыған жастар жиналады. Бұл лидерлер өздерінің әрі пайғамбар, әрі илаһ, әрі мәсіһ екендерін айтады. Қиямет күнінің жақынағандығын, оған мойынсұну керектігін, болмаса құтыла алмайтындықтарын айтады. (Sarıkçıoğlu,2000,82-84) Осылайша жаңа діни қозғалыстардың пайда болуы және дамуын осы айырмашылықтар арқылы түсіндіруге болады.
0.2 Дәстүрлі емес діни ағымдардың пайда болуы және оларға әсер еткен факторлар
Заманауи кезеңде діни мәдениет, орныққан және қоғамға кеңінен таралған діни құрылымдар, дістүрлі діни сенімдер; авторитарлар және өмір сүру стилдері, әлем көзқарасы; заманауи қоғамның жаңа жағдай және шарттары әсіресе зайырлылықтың әсерінен үлкен мәселелерге тап болды. Бұл мәселелердің әсерімен қоғамдар бұл жаңа жағдай және шарттарға сәйкес келе алу үшін өздерін қайтадан түсінуге тырыса бастайды. Қоғамдардың жаңа шарттарындағы рухани мұқтаждық және талаптарына жауап бере алау үшін пайда болған көптеген діни ағым мен қозғалыстар, әлем бойынша кеңінен тарала бастады. (Günay, a.g.e., s. 490.)
Заманауи кезеңде орын алған өзгерістер; әлемге шектен тыс берілу, шектен тыс рационализм, позитивизм, материализм, бір авторитар және сенім жоқтығы құбылысының пайда болуына әсер етеді. Осылайша ортаға шыққан қоғамдық аномияда шектен тыс зайырлылық нәтижесінде күнделікті өмірден шығарылған дәстүрлі сенімдер және діндер бұл мұқтаждықтарға жауап бере алмаған соң пайда болған бостық, жаңа діни қозғалыстар тарапынан толтырылған.
Материалдық құндылықтарға көбірек мән бере бастаған адамдарда діни сағыныш болады және адамдар әр түрлі ағым мен жамағаттардан жаңа ізденістерді бастайды. Дәстүрлі дін және сенім системаларының, кейбір қоғам мүшелеріне бере алмаған рухани мұқтаждықты, жаңа діни өозғалыстардың бергендігі жалпыла қабылданған пікірлердің бірі. Жаңа діни қозғалыстар, мүшелеріне жаңа сенім системасын және әлем көзқарасын береді, сонымен қатар дәстүрлі діни және қоғамдық құндылықтарды және тәртіпті сынға алады, тіпті оларға қарсы шығады. (Günay, a.g.e., s. 497-498.)
Жаңа діни қозғалыстар, ілімдерін көбінесе метафизикалық тілмен жеткізеді. Таңдап алған тәсілдерін діни терминологиямен түсіндірмеуге тырысады. Себебі бұл жаңа діни қозғалыстар дүниелік қозғалыстар және мақсатттары көбінесе зайырлылық және ләззат алуға бағытталады. Бұл қозғалыстар адамдарды үлкен діндерден құтқаруды Құтылу ретінде түсіндіреді; алайда мүшелерін заманауи құлдарына айналдыруды, олардың құтылуына кедергі ретінде көрмейді. (Özkan, a.g.e., s. 33.)
Заманауи әлемде дін бір ләззат мәселесіне айналған. Бұл кезеңмен бірге тұлғалар не сезінетіндіктеріне мән бере бастайды. Осылайша жеке бір меннің үстемдігі байқала бастайды. Жаңа діни қозғалыстар да өздерін бұл субьектілікке байланыстырып, адамдардың менлік сезімдерін алға шығарып, жеке тұлғаларға әр адамның илаһилік дәрежесіне көтеріле алатындықтары пікіріне сендіруге тырысады.
Жаңа діни қозғалыстарға кіруге қатысты көптеген көзқарас бар. Жеке тұлғалық дағдарыстар және әсіресе өтпелі кезең дағдарыстары және рухани түсініспеушіліктермен мәдениет өзгерістері және осыған орай басталған өзін өзі іздеу және жаңадан өзін қалыптастыру тілегі, осындай қозғалыстарға қатысу үшін керекті тұлғалық ерекшеліктердің пайда болуына мүмкіндік тудырды. Осындай топ және қозғалыстарға діни пәлсапалық ізденімдер нәтижесінде кіргендер де бар. Көптеген психологтар мен әлеуметтанушылар, мұндай қозғалыстарға мәселелері бар және ізденіс үстіндегі адамдардан дінге жақын адамдар келетіндігін айтады. Günay, a.g.e., s. 498-499.
Жаңа діни қозғалыстар мүшелерін өздеріне тәуелді ету үшін, алдап көндіру, наша тіуелділігі, жастардың жыныс қатынасына деген әлсіздігін, түрлі психологиялық және топтық терапиялар жолдарын қолданады. Бұл қозғалыстар, мүшелерін сол жамағаттың бір мүшесі ретінде емес, көбінесе оларды бір клиент ретінде көреді және олардан материалдық және рухани түрде қолданады. Сонымен қатар мүшелеріне қаржылай жапа шектіреді және оларды жыныстық мағынада да қолданады. Жаңа діни қозғалыстар қоғамда өздеріне орын ала алу үшін саяси айлалармен қатар психологиялық тероризм тәсілін де орындайды. Өздеріне қатысты айтылған сындарға қарсы келеді. Özkan, a.g.e., s. 48.
Дәстүрлі емес діндердің пайда болуына әсер еткен негізгі факторларды қысқаша айта кететін болсақ:
Ең бірінші әрине, жоғарыда да айтып өткеніміздей зайырлылық түсінігі. Зайырлылық түсінігі арқылы діннің іші босай бастады. Осының нәтижесінде адамдардың дінді сағынуы және нәтижесінде басқа алтернативалар іздей бастауы. Жаңа діни қозғалыстардың пайда болуының тағы бір себебі ретінде, постмодерн бір мұқтаждық болғандығын айтуға болады. Жастардың қоғамдағы дәстүрлі мәдениеттер мен сенімдерге мойынсұнғысы келмеуі де жаңа ағымдардың пайда болуына әсер етті деп айтуға болады. Йога және медитация секілді адамның өзінің уақыты мен мекеніне қарай жасай алатын ғибадат түрлерінің кеңінен таралуы. Бұл дәстүрлі діндердегі белгілі уақыттарда немесе белгілі мекендерде жасалуы тиіс болған ғибадаттарға қарағанда адамдарға оңай көріне бастады. Тек ғибадаттар жағынан емес, жаңа діни қозғалыстар алтернативті құндылықтар ұсына бастады. Бұл ізденісте жүрген адамдар үшін таптырмас мүмкіндік болып көріне бастайды.
Жалпылама алғанда дәстүрлі емес жаңа діни қозғалыстардың пайда болуына әсер еткен факторларды осылай жинақтап көрсете аламыз.
1.3 Дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері
Ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа да діндер құдайдың шығу тегі, құдайдың түсінігі, әмбебаптығы, миссионерлік сипаты және олардың пайда болған және дамыған географиясы ескеріле отырып, әртүрлі тәсілдермен жіктеледі.
Жаңа діни ағымдар олардың шығу тегі, сенім жүйелері, ұйымдық құрылымдары, мүшелері, қоғаммен және әлеммен байланысы сияқты көптеген әртүрлі аспектілерді ескере отырып жіктеледі. Бұл классификациялардың кейбірі төмендегідей:
:: Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның әртүрлі діни дәстүрлеріне негізделген философиялық және мифтік ағымдар. Мысалы; Сахаджа йога, Каре Кришна, Брахма Кумарис, Сока Гаккай.
:: Америкада қалыптасқан діни сенімдерге қарсы көтеріліс ретінде пайда болған және адамның психологиялық әлеуетін дамытуға баса мән берген қозғалыстар. Мысалы; Сайентология, Сильва ақыл-ойды бақылау және синанон.
:: Батыстың христианға дейінгі фольклоры мен неокристикалық эзотерикалық дәстүрдің көзқарасына негізделген қозғалыстар. Мысалы; Викка, Күн ғибадатханасы, Ордо Темпли Астартес.
:: Иудаизм, христиан және ислам сияқты діндерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің тәрбиелік мәні
Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Діннің әлеуметтік құрылымы
Мәдениет семиотикасы
Діннің әлеуметтік мәні
Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі
Мемлекет пен діннің қатынасы
Дін - әлеуметтік өмірдің феномені
Діннің қоғам өміріндегі рөлі
Пәндер