Спорт саласын қолжетімді ету



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тараз қаласы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Мәдени өрлеу

Тақырып:"Қазақстан Республикасының мәдениетжәне спорт саласын дамытудың маңыздылығы неліктен жоғары?"

Орындаған: Елемес Айдана


Жетекші:Утепбергенова Г.С.


Тараз,2021

1.Кіріспе

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.НазарбаевтыңЖолдауыбойынша мәдениет мемлекеттің болашағы, яғни, ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы.Өркениетті ұлттың басты мақтанышы тарихы,ұлттың төл мәдениеті[1]. Мәдениет ұлттың дамуындағы кілт салалардың бірі екендігі айдан анық және спорт саласыда мемлекет үшін маңызды болып табылады.
Қазақ халқы үшін мәдениет және спорт салалары ерте бастан маңызды рөл атқаруда.Қазақстан тәуелсіздік алмастанбұрын,қазақхалқы өнер және спорт салалары арқылы дүниежүзіне танылды және өзін мойындатты деуге болады.1925 жылы Парижде өткен Дүниежізілік көрмеде алғаш рет қазақ халқы мүшелік етіп, Әміре Қашаубаев қазақ әндерін домбырада орындап күмісжүлдеге ие бола ғана қоймай,қазақ мәдениеті алдында өзге ұлттардың басын идірген болатын.[2] Спорт саласына келер болсақ,Олимпиада ойындарына қатыса отырып бірнеше жүлдеге ие болған.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан үшін алғашқы Олимпиадалық ойын 1996 жылы Атлантада өткен болатын және 79 мемлекет ішінде 3 алтын,4 қола және күміс жүлделеріне ие бола отырып, 24 орынға жайғасты[3]. Бұл жетістіктер қазақ халқы үшін алар орыны жоғары, себебі дәл осы салалар арқылы Қазақстан өзін мойындата бастады деуге болады.
Мемлекеттің дамуы және өзін қалыптастыруында мәдениет пен спорт үлкен маңыздылыққа ие және сол себептіде Заңда біршама өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2004 жылы 29 кыркүйектегі Жарлығына сәйкес ҚР Мәдениет және ҚР спорт министрліктері біріктіріліп,басты міндеттері мәдениет,тарихи ескерткіштерді қорғау және пайдалану,дене шынықтыру және спорт жайлы саясатты әзірлеу және іске асыру болып бекітілді[4].Ендігі басты міндет спорт және мәдениет салаларының Қазақстан Республикасы үшін маңыздылығын анықтау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақ халқы Тәуелсіздікке ие болмай тұрып мәдениет және спорт саласы арқылы Әлемдік аренада бәсекелестікке түсе бастады. Сондай-ақ, көпшіліктің назарын өзінің жан-жақтылығына, мәдениеттінің ерекшелігіне аудартты.Алайда,2021 жылы өткен Токия қаласында өткен Олимпиада ойындарында спорт саласы үмітті ақтамады жәнеде жаһандану процессінің салдарынан мәдениет саласыда құлдырай бастады.Спорт және мәдениет тек бір бағытта дамуда.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты:
ҚР-ның мәдениет және спорт салаларын дамыту мемлекетке әсерін анықтай отырып, маңыздылығын анықтау.
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастыруда мәдениет пен спорт салаларының маңыздылығы қандай?
2. Мәдениет және спорт салаларының дамуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Мәдениет пен спорт саласын дамытуға мемлекеттік қолдау қаншалықты тиімді жүргізілуде?
1.4 Жоба мақсаты:
* Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып Қазақстанның мәдениет және спорт салаларының өзектілігі жайлы ақпараттар табу;
* Дереккөздерді тиімді қолдана отырып, мәліметтерді жүйелеу;
* Әлеуметтік зерттеу әдістерін қолдану арқылы мәселеге зерттеу жүргізу;
* SWOT талдау жасау ;
* Зерттеу жұмысы нәтижелеріне қорытынды жасау;
* Жұмысты бағалау.

2 Негізгі бөлім
0.2.1 Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастыруда мәдениет пен спорт салаларының маңыздылығы қандай?
Бүгінгі таңда қоғамды ақпараттандырудың күшеюі және жаһандану ықпалының кеңеюі жағдайында халықаралық қатынастар жүйесі даму сатысында болу себепті оң халықаралық имидж қалыптастыру дамушы мемлекеттер үшін маңызды рөл атқарады.Мемлекеттің имиджін қалыптастыру - мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралы,бәсекелестікке қабілеттілігінің арттырылуы және ұлттық мүдденің қорғалуы болып табылады.[5]
Әрбір мемлекет үшін әлемдік аренада өзіндік бейнесі мен бірегейлігінің болуы аса маңызды. Әсіресе, Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін оның әлем елдерімен қарым-қатынас орнатуында өзіндік жағымды имиджінің болуымаңызды рөл атқарады.Мемлекеттің әлемдік аренада өзіндік орнын алуында мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат деңгейі,табиғаттағы ұлттық байлықтың жеткілікті болуы, жергілікті халықтың сұранысы мен қызығушылығының қанағаттандырылуы маңызды болып табылады[6]. Сондай-ақ,айта кетерлік жайт мемлекеттің имиджі қалыптасу барысында мәдениет пен спорт салаларыныңда алар орны ерекше.

Қазақстан үшін спорт саласының орны ерекше екендігін атап өту қажет,себебі мемлекеттің имиджін қалыптастыру сатысында тарихи маңыздылыққа ие болған жетістіктер көлемі үлкен ауқымды қамтиды.Біріншіден,Қазақстанның имиджін қалыптастырған 10 брендтің бірі 2006 жылғы Вуэльтада өткен сайыста"ProTeamAstana" велокомандасы үздік көрсеткішке ие болуы болса,2011 жылы қаңтар айында Қазақстанда алғаш Қысқы Азия ойындары өтіп,отандық спортшылар 32 алтын,21 күміс жәнеде 17 қола жалпы есеппен 70 жүлделі орынды иеленген болатын [7]. Сонымен қатар,ҚазАқпарат мәлімдемесі бойынша WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқаларына сай Геннадий Головкин әлем чемпионы атанып, ең қауіпті боксшылар тізіміне енген болатын[7]. Үшіншіден,Қазақстан үшін бокс саласы әрдайым ерекше болды жәнеде әлемдік имидж қалыптастыруда маңызды сала болып есептеледі.2014 жылы 24 қараша күні Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионаты қазақ халқы үшін тарихи оқиға болып қалыптасты, алғаш рет әйелдер арасындағы бокс чемпионаты тұғырының бірінші сатысына Назым Қызайбай көтерілген болатын.[8] Ал тарихи тұлға боксшы Серік Сәпиевке тоқталар болсақ, 2012 жылғы Олимпиада ойындары чемпионы, Вэл Баркер жеңімпазы болып табылады.Сондай-ақ, Қазақстан үшін ең табысты 2012 жылғы Лонданда өткізілген Олимпиадалық ойындар болды.Қазақстандық команда 13 жүлделі орын,яғни 7 алтын,1 күміс,5 қола алып,делегациялар арасында 12-ші орынға ие болған еді.[8]Жеке спортшыларға тоқталар болсақ,Владимир Смирнов Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын иеленген шаңғышы болса, Илья Ильин әлемдегі атақты ауыр атлет,екі дүркін Олимпиада чемпионы болып табылады.

Спорттың Қазақстанның имиджіне әсерін өзге тұстан қарастырар болсақ,өкінішке орай 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадалық ойындарында Қазақстан спортшылары қуантарлықтай денгейдегі көрсеткішке қол жеткізе алмады.Жалпы, 206 мемлекет қатысқан Олимпиада ойынында Қазақстан 88-орынды иеленуі жәнеде алтын немесе күміс жүлделерінің болмауы мемлекет тарапынан қолдау қажеттігін айқындайды. Соның ішінде, ең алдымен 2017 жылы қабылданған спорт заңнамасына сәйкес саралау жүргізіле отырып, спорт түрлеріне бөлінетін бюджет өзгертілмек жаңа реформалар енгізілу жоспарлануда[9].Бокс чемпионы Серік Сәпиев өз сұхбаттарының бірінде бірнеше реформалардың енгізілуі қажеттілігін айтып өткен болатын.Мысалы:
:: Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты енгізу;
:: Спорт секторын цифрландыру;
:: Спорт саласын қолжетімді ету.[10]
Дегенмен,бұл көрсеткіштерге әлемде болып жатқан пандемия ықпал жасамады дей алмаймыз. Қазақстанның халықаралық деңгейде имиджі қалыптасуында спорт саласы қазіргі уақытқа дейін өте маңызды рөл атқарды жәнеде әліде спорттың алар орны ерекше.1996 жылы өткен Олимпиада ойындарынан бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы есеппен 72 жүлделі орынға ие болуымыз үлкен мақтаныш[3].
Мәдениет саласына тоқталар болсақ,Қазақстан үшін басты имидж қалыптастырушы 2017 жыл 10 маусымда өткен Нұр-Сұлтан қаласында ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесінің өткізілуі.Көрме Болашақ энергиясы ұранымен өткізілген еді жәнеде басты назар салт-дәстүр мен мәдениетті қамтыған болатын.Сондай-ақ,2021 жылы өтетін Дубайдағы Дүниежізілік көрмеде Қазақстан өз павильонымен әлемді таңқалдыруда.Ұлттық экспозиция бірнеше бөліктен құралады,онда өңіріміздің әлемде алатын орны, еліміздің туристік әлеуеті, тарихы, мәдениеті және астанасы туралы ақпарат беріледі.[11]Павильонның негізгі мақсаты,қазақ халқының мәдениетімен жасанды интеллектің мүмкіндіктерін ұштастыра отырып, өзіндік имиджін қалыптастыруда.Сондай-ақ,2020 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Қазақфильм АҚ 27 фильм түсірсе,халықаралық кинофестивальде 32 жүлделі орынға ие болды. [12].Қазақстандық кино индустриясы жаңа сатыға көтерілуде. Сергей Дворцевой түсірген Айка фильмі Канн фестивалінде көрсетіліп, ең үздік фильм наминациясына іліккен болатын.Жүлдеге ие болмағанымен, фильм 2018 жылғы үздік драмалар қатарына енді.Ал, Нұрлан Қоянбаевтың Бизнес по-казахски туындысы Түркия халқының назарына ие болып, Бизнес по-турецки филімін түсіруге ұсыныс тасталған болатын.[13] Музыка саласындада үлкен жетістіктерге ие болудамыз. Димаш Құдайберген тәрізді өнерлі жандардың көмегімен мәдени революция орнауда.Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайберген бүгінде феноменге айналып, әлемдік деңгейдегі сахналарды бағындырса, АҚШта өтілген Грэмми сыйлығын иеленген Иманбек Зейкеновте бүкіл әлемдік қолдауға ие болуда.[14]
Қазақстанның халықаралық аренада өзіндік имиджін қалыптастыруында экономикаға қарағанда спорт және мәдениет салаларының басымдығы жоғары екендігі айдан анық.Дүниежүзілік аренада өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген Қазақстан үшін әліде даму жолын қалыптастыру қажет.

2.1.2 Мәдениет және спорт салаларының дамуына қандай факторлар әсер етеді?
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан мәдениет пен спорт салаларына аса үлкен көңіл бөлінуде.Негізгі әсер етуші фактор мемлекет тарапынан қалыптастырылып жатқан идеологияментығыз байланысты.Спорт және мәдениеттің тұрақты түрде дамуын қадағалау мақсатында Елбасының билігімен 2004 жылы 29 кыркүйекте ҚР Мәдениет және ҚР спорт министрліктері біріктірілген болатын.[4] ҚРТұңғыш Президентінің Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік Жолдауына сәйкес экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында,ҚР Мәдениет және ҚР спорт министрлігіде назардан тыс қалмады,яғни мәдениет пен спорт салаларын дамыту қатаң түрде жүзеге асырыла бастады.[15]
Спорт саласына әсер етуші негізгі фактор мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен жас спортшыларға бөлініп жатқан трансферттік төлемдердің жоғарылауы екендігі айдан анық.Алайда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спорт клубтарына мемлекет тарапынан толық қаржыландырудың қажеттілігі жоқ екендігін 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ескере кеткен болатын.[12]Мемлекет Президентінің пайымдауы бойынша, миллиардтаған теңге мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен бөлініп жатқанымен тиімсіз пайдаланылуда.Демек,мемлекет бюждетінің бүйірін сорып жатқан спорт салалары үшін қаржы негізігі дамытушы фактор болып есептелмейді.Статистикаға сүйенер болсақ, 2019-2020 жылдар аралығында жалпы есеппен 250 миллиардтан астам теңге спорт саласына бөлінсе,қаражаттың көп бөлігі футбол мен хоккей клубтарын ұстауға кетеді,алайда олардың даму деңгейі ең төменгі сатыда екендігі белгілі болуда.[16]
Спорт түрлеріне негізгі әсер етуші факторлар:
1. Инфрақұрылым, спорт алаңдарының бой көтеруі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау проблемалары
Экономиканы қаржыландыру
Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну
Архив - тарих сақтаушысы
Ішкі туризм саласының Қазақстанның жетекші саласы болуындағы сенімділігін арттыру
Қазақстан Республикасысының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы денсаулық тақырыбы
Халыққа ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы денсаулық тақырыптары
Өзіндік туризмді дамыту
Алматы облысының өндірістік емес саласына талдау жасау
Пәндер