1921 - 1922 жылдардағы аштық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Реферат
Тақырыбы:"Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат"

Орындаған: Тәттібай Әлішер Даниярұлы,101К-ННХ тобының 1-курс студенті

Тексерген:Токсанбаев Алмас

Алматы 2021

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1921-1922 жылдардағы аштық ... ... ... ... ... ... ... .. ... .3
1931-1933жылдардағы аштық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..8
Бесеудің хаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе

"Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар" тақырыбы соңғы 20 жыл аралығында ең көп талқылынып, ел арасында қарама-қарсы көзқарас тудырған өзекті мәселе болып отыр. Себебі, Кеңес Үкіметі кезінде көптеген ақпарат құпияда сақталатын, әсіресе осындай халықты ашуға келтіретін жағдайлар. Тек 1991 жылы социалистік Кеңес Үкіметі құлағанда, Қазақстан Республикасы өзінің көптен күткен тәуелсіздігін алғанда ғана КСРО-ның құпиялары халыққа шыға бастады. Сол халық Социалистік үкіметтің тек оң жағын көрмей, сонымен теріс жағын көре бастады. Қарама-қарсы көзқарастар шыға бастады, бірі геноцитті әдейі жергілікті халықты қыру үшін десе, екіншісі оны мал шаруашылығында жүрген адамдардың жаңа заман тенденциясына, социализмге ілесе алмағаннның әсері дейді. Мен осы рефератымда осы екі көзқарасты қарастырып, статистика мен құжаттар келтіруге тырысамын.

1921-1922 жылдардағы аштық
1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тарихымызда толықтай ашылып айтылған емес. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды.
1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Еділ бойы аудандарын, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.
1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды.
1922 жылғы 19-27 ақпанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақстанды өңірлік партия конференциясында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешевтің Қазақ АКСР-індегі ашаршылық және онымен күрес деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды. Конференция көрсеткендей, ашаршылық Семей және Ақмола губернияларын қоспағанда, республиканың барлық аймақтарын қамтыды. Ашаршылықтың ғаламат болғаны соншалық, жүрек жалғайтын түк таппаған аш-арықтар өлгендер мәйітін де талғажу етті. ...Бүкіл елге тараған зұлмат аштық Қазақ АКСР-інің шаруашылық-экономикалық өмірін дамытуда басты кедергі болды, ол кеңестік құрылыс іргетасын шайқап қана қойған жоқ, сонымен бірге халықтың басты көпшілігін қайыршылыққа ұшыратты деп жазылды конференция қарарында. Құжатта ашаршылықпен және оның салдарымен күресуге бағытталған бірқатар нақты шаралар белгіленді. Конференция ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі комиссияны жұмысына партияның белсенді қызметкерлерін тарту қажеттігін атап көрсетті. Конференция делегаттары РКФСР көлік қызметкерлеріне арнап ашаршылықтан зардап шеккен аймақтарға тамақ өнімдері мен астықты үздіксіз жеткізу туралы үндеу қабылдады. Дала өлкесіндегі қазақ халқына көмек көрсетуге назар аударылсын, - деп айтылды қарарда, - сол үшін аппарат қызметін қайта құру қажет.
Оның үш себебі бар. Алғашқысы -- Азаматтық соғыс салдарынан қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұшырауы. Екіншісі - 1920 жылғы жұт пен 1921 жылғы құрғақшылықтың ауыл шаруашылығына келтірген зияны. Үшіншісі -- жұқпалы аурудың тарауы. Соған жеке-жеке тоқтала кетсек.
Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.
Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. Ашаршалық, -- делінді үндеуде, -- тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген әскери коммунизм саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.

Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ. Сол кезде Тарғын-Бөкей губерниялы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х.Д. Чурин өз естелігінде: 1921 -- 1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50,3%-ы -- қазақтар, 31,2%-ы - орыстар, 14,4%-ы - украиндар болатын.
Енді, 1921-1923 жылдардағы ашаршылықпен күресті жазатын болсақ, болыстық атқару комитеттерінің бекітуіне: Осыдан кейін біз әр болысқа бір-бір адамнан жібердік. Олар болыстық атқару комитеттерінің жандарынан комиссиялар ұйымдастыруы, көмек ретінде, кімде қанша мал, қанша астық, қанша ақша бар, соның тізімін жасауы тиіс болды -деп жазылды. Тарғын уезіндегі ашаршылықпен күрес жөніндегі төтенше комиссия Жәнібек кентінде орналасты. Кеңес аппаратының және партияның уездік органдарының барлық қызметкерлері дерлік ашаршылықпен күресті ұйымдастыру үшін шалғай ауылдарға жіберілді. Уезд орталығында ашыққандарға арналған 8 тегін тамақтандыру пункті жұмыс істеді, солармен іргелес қараусыз қалғандар үшін жатақхана ұйымдастырылды. 1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі РКФСР Орталық Комиссиясы 1923 жылы Қазақстандағы көктемгі eгic жұмыстарының қажетіне 215 мың пұт тұқымдық астық пен жұмыс көлігін сатып алу үшін 1 441 429 сом бөлді, мемлекеттік банк арқылы жекелеген аймақтарға 690 мың сом көлемінде тиімді жағдайда несие берді. Тұтынушылардың Орталық одағы арнаулы қорынан Ақтөбе, Қостанай, Орынбор және Орал губернияларының кооперативтік ұйымдарына көмек ретінде 585 мың сом бөлінді.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің 1923 жылғы 20 маусымдағы декретімен сол жылдың 1 тамызынан бастап ашаршылықпен және оның салдарымен күрес жөніндегі комиссиялар таратылды. Олардың міндеттері енді ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі арнайы ұйымдастырылған комитетке жүктелді. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін сондай комитет КазОАК-нің жанынан да ұйымдастырылды.
Жалпы 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың Қазақстанға тиген әсерін айтсақ, 1921-1922 жылдары Өлкелік партия комитетінің БКП(б) Орталық комитетіне жолдаған ресми ақпараты бойынша, аштыққа ұшырағандардың саны 2 миллион 286 мың 591 адам болып, соның 68,2%-і, яғни 1,5 миллион жан өлген. 1917-1923 жылдары аралығындағы қазақ жеріндегі халық саны:

1917 жыл -- 6 218 300 адам;
1920 жыл -- 4 679 795 адам;
1923 жыл -- 3 786 910 адам.

Осы кезеңде Қазақстанда ғана емес, Астрахан, Царицын, Саратов, Самара, Симбирск, Уфа сияқты Ресейдің бірқатар жері де ашаршылық құрсауына түскен болатын. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.

1931-1933жылдардағы аштық
Қазақ халқы бірде-бір соғыста, тіпті "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" кезінде бұлай қырылмаған. Бұл ашаршылық Қазақ халқында бұрын сонды болмаған қаралы жағдай. Ең бірінші осы ашаршылыққа әкелген себептерін қарастырсақ:
Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды оңшылдар, солшылдар деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жы лы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.
1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе Қосшы одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды.
Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады.
1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды. Ол, әсіресе Сталиннің 1928 жылы қаңтардағы Сібірге сапарының барысында Новосібір мен Омбыда сөйлеген сөздерінде РКФСР Қылмыстық Кодексінің 107-бабын жаппай қолдануды талап етуінен кейін қатыгездік сипат алды. Ол бапта тауарларды сатып алу, жасыру немесе базарға шығармай ұстау арқылы бағасын жоғарлатқаны үшін қатал жазалау қарастырылған еді. 1929 жылы 13 ақпанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алқалы мөжілісінде Голощекин астық дайындау ісінде өзіне жеке шешім қабылдау құкын беретін қаулы шығартты.

Астық пен ет дайындау мәжбүрлеу, жазалау және үрей туғызу арқылы жүргізілді. Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Мысалы, астық салығынан 2 жыл мерзімге босатуға жататын Түркістан облысындағы көшпелі мал шаруашылығы Талас және Созақ аудандарында астық даярлау жүргізілді. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты. Мәселен, Балқаш ауданында бар малдың басы 173 мың болса, етке өткізілуге тиіс малдың саны 300 мың болып белгіленді. Ауданның 3 жылда етке мал өткізу жоспары 160 мың бас малдан 1,5 млн бас малға, яғни 10 есеге дейін өсті. 1933 жылы 10 -- 16 шілде күндері өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алтыншы пленумында сөйлеген Х.Нұрмұхамедов мынадай деректер келтірді: Менің бауырымның, яғни 12 жыл жалшы болған кісінің бір ғана сиыры болды. Егіншілікпен ешқашанда айналыспаған. Соған қарамастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері
Аштықтың ауыр зардаптары
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылық
1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР - інің жеті губерниясының бесеуі
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресу мен балаларға көмегі
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресі және балаларға көмегі
Ашаршылық нәтижесі
Ашаршылық жылдарындағы баспасөздер
Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар:құжаттар, статистика, ақпарат
Пәндер