Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып оқушысының өзіне деген сенімділігін арттыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі МКҚК

Мамандығы:0105000 Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавр
Біліктілігі: 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жаңартылған.бағдарлама бойынша бастауыш сынып оқушысының өзіне деген сенімділігін арттыру.

Дайындаған: Жумабекова А.
ББ-19-02 тобының студенті
Тексерген: Қалменшиева В.

Ақтау 2022

Мазмұны
I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1-2

1
Жаңартылған бағдарлама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3

1.1
Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3-6

1.2
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бағалауға деген жаңаша көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7-11
III
Практикалық бөлім

2
Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып оқушысының өзіне деген сенімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

2.2
Жаңартылған білім берубағдарламасының басты ерекшеліктері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

IV
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

V
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

VI
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Оқытудың заманауи ақпараттық технологиясы мәселесін шешуге ресейлік және шетелдік ғалымдар үлкен үлес қосты: Г. Р. Громов, В. И. Гриценко, в. ф. Шолохович, О. И. Агапова, О. А. Кривошеев, с. Пейперт, г. Клейман, Б. Сендов, Б. Хантер және т. б. біздің елімізде оқытуды компьютерлендірудің әртүрлі дидактикалық мәселелері жұмыста көрініс тапты 2009 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 114 адамды құрады.; психологиялық -- В. В. Рубцова, В. В. Тихомирова және т. б.
Біздің еліміздегі оқытуды компьютерлендірудің әртүрлі дидактикалық мәселелері А.П.Ершов, А. А. Кузнецов, Т. А. Сергеева, И. В. Роберт; әдістемелік -- Б. С. Гершунский, Е. И. Машбиц, Н. Ф. Талызина; психологиялық -- В. В. Рубцов, В. В. Тихомиров және басқалары. қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар қоршаған әлемнің жас ұрпаққа әсер ету дәрежесін едәуір кеңейтті. Бұрын компьютермен қарым-қатынас жасай бастаған баланың интеллектуалды даму деңгейі жоғары және компьютермен таныс емес балаларға қарағанда математикаға, техникаға және ағылшын тіліне көбірек қызығушылық танытады. Оқу үшін бағдарламалық жасақтаманы пайдалану мүмкіндігі ұсынылған оқу ақпаратының шеңберін кеңейтеді және тестілеу нәтижелерін өңдеуге уақытты үнемдейді, сіздің шығармашылық қабілеттеріңізді дамытуға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі білім беру процесі.
Зерттеу пәні: заманауи ақпараттық технологияларды бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде пайдалану. Зерттеудің мақсаты қазіргі ақпараттық технологиялардың бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне әсерін анықтау болып табылады.
Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу келесі гипотезаны ұсынуға мүмкіндік берді: заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқыту жас оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал етеді деп болжанады.
Зерттеудің мақсаты мен гипотезасына сәйкес мынадай міндеттер айқындалды: 1. Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау.
2.Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқу іс-әрекетіне танымдық қызығушылықты арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін зерттеу.
3.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде оқу процесінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану жағдайларының тиімділігін тексеру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: П.Я.Гальперин, Н. Ф. Талызина және басқалардың еңбектеріндегі оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемелік және ғылыми зерттеулері, С. О. Вишневскаяның оқу процесінде заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың тұжырымдамалық ережелері, Л. П. Владимирова, Л. А. Зайцева, П. И. Образцова еңбектерінде оқу процесінде компьютерлік технологияларды қолдану және басқалар. Қойылған міндеттерді шешу және гипотезаны тексеру үшін мынадай зерттеу әдістері пайдаланылды:
1.Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық және арнайы әдебиеттерді талдау.
2. Бақылау әдісі, мониторинг, оқушыларды тестілеу.
3. Сапалық және сандық талдау әдістері.
Зерттеу мақсаты:
::Мектепте оқыту сапасын жоғарылатуын анықтау;
:: Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіруін зерттеп, білім деңгейінің қаншалықты критериалды бағалауда тиімді екенін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жаңартылған бағдарлама
1.1 Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты - білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған. Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру - сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады. Заманауи мектептердің мақсаты - жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұрғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді. Жаңартылған білім беру мазмұны білім салалары бойынша анықталған күтілетін нәтижеге негізделеді. Күтілетін нәтижелер оқушы жұмысы мен оның жетістігін бағалауға мүмкіндік береді, әр оқушының жеке даму траекториясының дамуын нақтылауға жағдай туғызады. Сонымен қатар білім, білік дағдыларының дамытуға уәжін арттырады. Оқу үдерісінің сапасын жақсартады. Сол себепті, оқыту нәтижесін мониторинг жасаудың жаңа формасы енгізіледі, яғни критериалды бағалау жүйесі. Оқыту мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу - танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Ең бастысы - оқу үрдісінің өзі, жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны белгілі болады. Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу - танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстырылады.
1.1 Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны..
Жаңартылған бағдарламаларда барлық білім беру деңгейлері Мәңгілік Ел идеясына негізделген. Мектептегі білім беру мазмұны академиялық пәндер, зерттеу және сыныптан тыс әрекет, қосымша білім беру негізінде жүргізіледі. Идеяның мазмұны - оқушыларды рухани- адамгершілік тұрғыдан, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, толеранттылық пен ұлтаралық жағдайда қарым-қатынас жасай алуға үйрету болып табылады. Бұл жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның негізгі қағидаты - коммуникативтік тәсіл арқылы оқушының тіл туралы, ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, қазақ тілін табысты үйрету. Бүгінгі таңда білім беру саласына түбегейлі өзгерістің қажеттілігін ескерсек, реформаның басында тілдік пәндердің тұру себебін бағдарламада көрсетілген мына жолдармен түсіндіре аламыз: ...Әрбір оқушы үшін тіл - негізгі білім құралы. Оқушылардың тілдік қарым-қатынасы өздері өмір сүріп отырған және білім алатын орта арқылы жүзеге асады. Тілді жетік меңгеру ұлттық құндылықтарды түсінетін, әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Осы орайда, ғалым - жиһанкез Шоқан Уалихановтың Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет деген екен. Олай болса, тәуелсіз еліміздің үшінші жаңғыру дәуірінде бүгінгі ұрпақтың өмір сүруі үшін қажетті білім дағдыларымен және қасиеттермен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тапсақ, егемен елдің ұл- қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Негізінен жаңартылған білім беру жүйесі құзыреттілік және сапаға бағытталған бағдарлама екендігіне көз жеткіздім.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс - тәсілдермен оқытып, ой - өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады, - деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді.
Қорыта айтатын болсақ: Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді өшіретін де - білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін жаңаша оқытатын жаңа көзқарасты ұстаз болайық.

1.2 Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды.
Білім негізі - бастауышта демекші, білім берудің алғашқы сатысы - бастауыш.Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істегенде ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. В.Г.Белинскидің: ...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр - деген сөзі бар. Себебі , ұстаз болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және тереңде, жан - жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы -- заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр - сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Расында да осы уақытқа дейін бірнеше курстар мен тренингтердің тыңдаушысы болсам да, жаңартылған білім бағдарламасының толық нұсқасын түсініп кетудің сәті түспепті. 28.02-19.03.2016ж. аралығында Атырау қаласы бойынша Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы атты үш апталық курста толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті.Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және ағылшын тілі - әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Дәстүрлі білім берумен салыстырғанда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеудің ерекшеліктері тоқталатын болсақ:
-пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында ортақ тақырыптардың берілуі;
-ұзақ мерзімді жоспар негізінде орта мерзімді жоспар үлгісі берілуі
-оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру мүмкіндігі;
-бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
-оқушының білім алу үдерісіне белсене қатысуын қалыптастыру.
Осы ерекшеліктерді жүзеге асыру барысында оқушы алған білімін өмірде қолдана отырып, жаһандану жағдайында өз өмірін құра алатын тұлға қалыптастыру басты мақсат болып есептеледі.Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті түрде.Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ - ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану,анализ, синтез,бағалау,зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар,жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылары.
Мәселен, 1-сынып бойынша сауат ашу оқу сабағында Э дыбысы мен әрпі тақырыбын өту кезеңінде оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында алынған қалыптастырушы бағалау критерийін Блум таксонмиясының ойлау дағдылары негізінде жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында төмендегі үлгідей орын алады.
Оқу мақсаты:
1.2.91 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендірКіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында Шиыршық әдісімен орналастырылған және бір - бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс - тәсілдермен оқытып, ой - өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да міне, осында.Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды.Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі Өмірмен байланыс ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Егер мен болашақтағы өзгерісті байқағым келсе, сол өзгерісті уақытында жасау керектігіне көзімді жеткіздім деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім - болашақтың кепілі.

2 Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне танымдық қызығушылығын арттыру құралы ретінде пайдалану
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне танымдық қызығушылық деңгейін диагностикалау
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың танымдық қызығушылығын арттыру құралы ретінде Заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін зерттеу үшін Ақтау қаласының Н.Оңдасынов атындағы №5 мектепте эксперимент жүргізілді. Экспериментке 20 адамнан тұратын 4 сынып оқушылары қатысты. Зерттеуге қатысатын балалардың тізімі 1-қосымшада келтірілген. Эксперимент үш кезеңнен тұрды: 1 кезең - анықтау кезеңі -- бастауыш сынып оқушыларында оқу іс-әрекетіне танымдық қызығушылықтың қалыптасу деңгейін бастапқы диагностикалау. 2 кезең - қалыптастырушы кезең -- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың оқу іс-әрекетіне танымдық қызығушылығын арттыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды. 3 кезең-бақылау кезеңі-бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне танымдық қызығушылықтың қалыптасу деңгейін қайта диагностикалау, алынған нәтижелерге талдау жасалды.

Оқу іс-әрекетіне танымдық қызығушылықтың қалыптасу деңгейін анықтау үшін келесі критерийлер мен көрсеткіштер қолданылды:
1.Оқушылардың таным объектілеріне (фактілерге, процестерге, заңдылықтарға) жүгінуі тұрақтылық, локализация және танымдық қызығушылық туралы хабардар болу сияқты параметрлермен бірге жүреді.
2. Оқу процесіне эмоционалды қатысу (зейін қою, әлсіз алаңдаушылық).
3.Зияткерлік белсенділік (жолдастарымен, мұғаліммен оқудан тыс түрлі көздерден алынған жаңа ақпаратты бөлісуге деген ұмтылыс, оқушылардың өз белсенділігіне қатысуға деген ұмтылысы). Критерийлерді таңдау кезінде Е. А. Кувалдина ұсынған танымдық қызығушылықты зерттеу әдісі қолданылды. таңдалған критерийлер негізінде, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін аналитикалық өңдеу және сандық көрсеткіштерді алу үшін оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуының үш деңгейі анықталды: төмен, орташа және жоғары.
Жоғары деңгей - бала заттардың немесе құбылыстардың маңызды қасиеттерін білуге қызығушылық танытады, олардың терең және жиі көрінбейтін ішкі мәнін құрайды; оқушының танымдық қызығушылығы жеткілікті тұрақты, оқудағы ішкі мотивация басым; оқушылар білімді белсенді іздейді, оларды әр түрлі көздерден және сабақтан тыс жерлерден алады; оқушылар сабаққа қатысуға, сабақта көтерілген мәселелерді талқылауға, толықтыруларға, жолдастарының жауаптарын түзетуге, өз көзқарасын білдіруге тырысады; студенттер оң нәтижеге ие сыртқы ынталандыруларға қарамастан, эмоционалды көңіл-күй белсенділікке ие. Орташа деңгей - студенттер сабақта оқушылар алған ақпаратта пайда болатын жаңа фактілерге, ойын-сауық құбылыстарына қызығушылық танытады, мұндай қызығушылық тез суып, оны тудырған жағдаймен бірге жоғалып кетуі мүмкін, ол сырттан үнемі күшейтуді, жаңа және жаңа ерекше әсерлерді қажет етеді, жеке құрылымда ол ерекше із қалдырмайды, сондықтан ол өзін-өзі ұстай алмайды. оның қызығушылығы әрдайым сыртқы құралдармен шақырылғандықтан, оқушының өзі білімге бейтарап болып қалады. Төмен деңгей-инертті, оқуға бей-жай қарамайтын оқушы сұрақ қоймайды, оның ақыл-ойы шешілмеген сұрақтарға алаңдамайды, қоңырау кезінде бұл оқушылар бірден тыңдауды тоқтатады, басталған тапсырманы аяқтамай қалдырады, кітаптарды жабады және үзіліске бірінші болып шығады.
Оқу іс-әрекетіне танымдық қызығушылықтың қалыптасу деңгейін анықтау үшін біз сауалнаманы қолдандық. Оқушыларға 7 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды (2-қосымшаны қараңыз). Сауалнаманы өңдегеннен кейін алынған деректерді №1 кестеге орналастыруға болады.
1-кесте оқушылардың танымдық қызығушылықтарының даму деңгейлері
Танымдық қызығушылық көрсеткіштері. Танымдық қызығушылық деңгейлері
Оқушылардың таным объектілеріне жүгінуі
Оқу процесіне эмоционалды қатысу
Зияткерлік белсенділік
Төмен деңгей 46,5%
тәуелсіз танымдық іс-әрекеттің болмауы. Жұмыс бақылауда 47,8%
танымдық іс-әрекетке, оқу процесі мен мазмұнына теріс уәждеме. 37,7%
белсенділіктің төмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте Дүниетану сабағын жаңартылған білім бағдарламасына сүйеніп оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері
Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқу процесін ұйымдастыруда қолданатын педагогикалық тәсілдері мен әдісмемелер технологиясы
Шығармашылықты арттырудың теориялық мәселелері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту барысында еңбек тәрбиесін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі
Пәндер