Жазаларды орындау жүйесіндегі пробацияның түсінігі және оның мәні


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ
ДУБЕКОВА АЛИНА АСХАТОВНА
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға пробациялық бақылауды жүзеге асыру проблемалары
7М04203 - «Құқықтану» (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша
Құқықтану магистрі дәрежесін алуға арналған магистрлік дессертация
Ғылыми жетекші: Арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, 2-сыныпты заңгер Д. Т. Амуртаева
МагистрантА. А. Дубекова
Қосшы қаласы 2022 жыл
ТҮЙІНДЕМЕ/РЕЗЮМЕ/SUMMARY
Магистрлік диссертация кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және оларға кіретін алты кіші бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұрады.
Диссертациялық зерттеу барысында пробациялық бақылау саласына қатысты Қазақстан Республикасындағы пробация институтың құқықтық табиғатын ашудан бастап пробциялық бақылауды жүзеге асыруда туындайтын проблемаларды анықтау үшін талдау жұмыстары жүргізілді, статистикалық ақпараттарға зерттеу жасалды. Осы саладағы қызметтің пәніне, объектісіне, және субъектісіне анықтама берілді.
Автормен диссертациялық жұмыстың нәтижесі бойынша пробациялық бақылауды жүзеге асыруда туындайтын проблемаларды шешу үшін заңнаманы жетілдіру мақсатында және жұмысты оңтайландыру үшін бірнеше ұсынымдар әзірленді.
Магистерская диссертация состоит из введения, двух основных разделов и шести входящих в них подразделов, заключения, списка использованных источников.
В ходе диссертационного исследования проведена аналитическая работа по выявлению проблем, возникающих при осуществлении пробационного контроля, начиная с раскрытия правовой природы института пробации в Республике Казахстан, касающихся сферы пробационного контроля, проведено исследование статистических данных. Дано определение предмета, объекта и субъекта деятельности в данной сфере.
По результатам диссертационной работы автором выработано несколько рекомендаций в целях совершенствования законодательства и оптимизации работы для решения возникающих проблем при осуществлении пробационного контроля.
The master's thesis consists of an introduction, two main sections and six subsections included in them, a conclusion, and a list of sources used.
In the course of the dissertation research, analytical work was carried out to identify problems arising in the implementation of probation control, starting with the disclosure of the legal nature of the probation institute in the Republic of Kazakhstan concerning the sphere of probation control, a study of statistical data was conducted. The definition of the subject, object and subject of activity in this area is given.
Based on the results of the dissertation work, the author has developed several recommendations in order to improve legislation and optimize work to solve emerging problems in the implementation of probation control.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ПРОБАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
- Жазаларды орындау жүйесіндегі пробацияның түсінігі және оның мәні
- Қазақстан Республикасындағы пробация қызметінің даму кезеңдері және ерекшелігі
- Шетел мемлекеттері пробация қызметінің тәжірибесі
2 ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖАЗАҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
2. 1 Бас бостандығын шектеу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белігілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асырудың ерекшеліктері
2. 2 Пробация қызметінің айыппұл және түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау кезіндегі қызметінің негізгі бағыттары
2. 3 Қазақстан Республикасындағы пробация қызметінің жұмысын жетілдірудің жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Белгілер және қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚК - қылмыстық кодекс
ҚАК - қылмыстық атқару кодексі
ПҚ - пробация қызметі
ПБ - полиция басқармасы
ІІМ - ішкі істер министрлігі
ҚАЖК - қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
ҚАЖД - қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
БҰҰ - біріккен ұлттар ұйымы
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы
КСРО - кеңес социалистік республикалар одағы
БОАК - бүкілресейлік орталық атқару комитеті
РКФСР - ресей кеңестік федерациялық социалистік республикасы
ХКК - халық комиссарлар кеңесі
ОАК - орталық атқару комитеті
ҚАИ - қылмыстық-атқару инспекциясы
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
ББШ - бас бостандығын шектеу
ББА - бас бостандығынан айыру
УҰИ - уақытша ұстау изоляторы
КПБ - криминалдық полиция бөлімі
т. б. - тағы басқа
КІРІСПЕ
1) Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз, құқықтық мемлекет болып жариялағанына 30 жылдан асты. Қазіргі таңда мемлекетіміз адам құқықтарын қорғау саласында Халықаралық Конвенцияларға қосылып, қылмыстық және қылмыстық атқару заңнамасын ізгілендіруі еліміздің құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының 4. 12 тармағында бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды сапалы түрде орындау өзекті болып отырғаны жазылған. Сотталғандардың жазаларын өтеуіне байланысты мәселені шешу үшін осы сала заңнамалық реттеуді қажет ететіндігі айтылған [1] .
Адамды заңтыңдаушы қоғамнан оқшаулау арқылы оны түзеу мүмкін емес деген тұжырымды мойындау керек. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыруды қолдануға деген кең таралған ұмтылыс өмірдің өзімен қоғамның қылмыстандырылуын көрсетіп отыр; әр бас бостандығынан айыру жазасын өтеп шыққан тұлға, әсіресе, кеңес үкіметі кезеңіндегі жағдайдан бастау алған жасақтық-барактық жүйені көрген сотталған өзінің санасына еріксіз түрменің субмәдениетін сіңіріп алады, кейін оны босатылған соң қоғамға алып келеді.
Сондықтан халықаралық тәжірибені меңгеру мен сотталғандардың санын азайтуға арналған әсерлі тетіктерді іздеу, ұлттық заңнамаға шетелде кең таралған «пробация» деген құқықтық институтты ендіруге алып келді.
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңы қабылданғануы Қазақстанда қазіргі пробация туындауына бастама болды. Дәл сол уақытта пробацияның даму барысында, қылмыстық-атқару жүйесі сындарлы кезеңге тап болған. Нақтырақ айтсақ, 2011 жылы қылмыстық-атқару жүйесі Әділет министрлігінен кері Ішкі істер министрлігі қарамағына қайтарылған. Осы аталған жағдай пробацияның алғашқы құрастырылған үлгісін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Бұл жоба оның бірнеше ережелерін қысқарту салдарынан жеңілдетілді. Нәтижесінде бұл этапта қысқартылған өкілеттігі бар пробация қызметі жасалынды.
2016 жылы 30 желтоқсанда қабылданған «Пробация туралы» Заң қазақстандық пробацияға белгіленген жүйе береді, оның түрлерінің логикалық байланысын көрсетеді және негізгі ұйымдастырушылық жағдайларын айқындайды. Пробацияның басты мақсаты болып, бұрынғыдай, ең алдымен сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету болып табылады және бұл мақсат тек сотталғанға емес, сонымен қатар бұрынғы сотталғандарға, күдіктілерге, айыпталушыларға да қатысты қолданылады [2] .
Дегенмен де, пробация туралы кең мағынада қарайтын болсақ, яғни қызмет деп емес, оған құқықтық институт деп қарайтын болсақ, шетелдік және қазақстандық модельде сыртқы ұқсастықтарына қарасмастан, бірқатар айырмашылықтар байқалады.
Ең басты айырмашылық пробацияның мәнінде болып табылады. Шетелдік заңнамада және құқыққолдану тәжірибесінде бұл мән ең жоғарғы деңгейде тұр. Ағылшын тілінің «probation» деген сөзінен шықан «пробация» сөзінің тура мағынасы «сынақ» деп аударылады. Және бұл бос дыбыстар емес, осы сынақ режимінде бүкіл пробация және оның түрлерінің бар мағынасы жатыр.
Пробацияның идеясы «түрме халқының» санын азайту үшін бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау немесе бас бостандығынан айыру орындарында болу мерзімін азайтуда болып табылады. Дегенмен мұндай мүмкіндік егер, сотталған тұлға сынақтан сүрінбей өтіп, оның барлық шарттарын мүлтіксіз орындаған жағдайда ғана деген шартпен беріледі. Бұл сынақтардың мағынасы сотталғандарға сотпен жүктелген міндеттер арқылы көрініс табады. Оларға: жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеу және одан жария түрде кешірім сұрау, әлеуметтік-маңызды объектілерде тегін қоғамдық жұмыстар орындау, медициналық емдеуден өту, алкогольдік ішімдіктер қолданбау, белгілі бір лауазыммен не қызметпен айналыспау, не болмаса керісінше, қандай да бір пайдалы қызметпен айналысу, оқудан өту, белгілі бір орындарға немесе мекемелерге бармау, тұрақты тұрғылықты мекенжайы бойынша тұру және айқындалған уақыттан кейін (көбінесе сағат 22:00 ден соң) тұрғылықты жерінен кетпеу, пробация қызметіне тіркеуге келу және пробация инспекторының шақыртуы бойынша келу міндеттемелері және т. б. жатады.
Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыратын субъект - пробация қызметі болып табылады. Осы қызметті жүзеге асыру барысында кездесетін көптеген проблемалар бар. Зерттеу тақырыбының өзектілігі - проблемаларды атап көрсету және оны шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
2) Шешілетін ғылыми мәселенің және/немесе практикалық мәселенің қазіргі жағдайын бағалау. Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта пробация қызметі есебінен өтетін сотталғандар саны жылдан жылға артуда. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Республика бойынша пробация есебінен 2018 жылы - 64 000, 2019 жылы - 66 774, 2020 жылы - 66343, 2021 жылы - 67295 сотталған өткен. Ал, бас бостандығынан айыру орындарында әр жылдың басында, яғни, 2018 жылы - 35 534, 2019 жылы - 31 001, 2020 жылы - 28 923 сотталған ұсталған.
Бұл көрсеткіштерден байқағанымыз, пробация есебінен өтетін сотталғандар санының жыл сайын көбейгенін, ал түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандар санының азайып келе жатқанын көруге болады. Сөзсіз, берілген мәліметтер көз қуантарлық жағдай. Мемлекет үшін түрме халқы санының азаюы жақсы көрсеткіш, пробация институтының дамуы - сотталған тұлғаларды қоғамға, әлеуметке жылдамырақ, жақсы қарқынмен бейімделуіне алғышарт болып отыр. Дегенмен, пробация қызметін жүзеге асыру барысында кездесетін біраз проблемалар бар. Оған мысал ретінде, Осы ғылыми зерттеу диссертациясында сол проблемалар қарастырылатын болады.
3) Зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектісі және пәні.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға пробациялық бақылауды жүзеге асыруда кездесетін проблемаларды зерттеу, пробациялық бақылауды жүзеге асыруға байланысты туындайтын сұрақтарға қатысты нормативтік-құқықтық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау көзделді:
- Пробация институтының құқықтық табиғатын және оның жазаларды орындау жүйесіндегі ұғымы мен мағынасын зерттеу;
- Шетел мемлекеттерінде пробация институтының тәжірибесін зерделеу;
- Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асырудың тәжірибелік аспектілеріне талдау жүргізу;
- Бас бостандығын шектеу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белігілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асырудағы проблемаларын анықтау;
- Түзеу жұмыстары және айыппұл түріндегі жазаларын орындау ерекшелігін анықтау;
- Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру сұрақтары бойынша заңнаманы жетілдіру үшін ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеу объектісі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау кезінде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыруда және олардың тәртібін қадағалау кезінде пробация институтын реттеу саласында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу пәнін Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-атқару құқықтары нормаларының жиынтығы, белгілеу және жүзеге асыру үрдісінде туындайтын проблемалар, пробация қызметінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға пробациялық бақылауды жүзеге асыру қызметі құрайды.
4) Зерттеу жүргізудің әдістері мен әдіснамалық негіздері. Диалектикалық-материалистік тану әдістері, сондай-ақ жалпы ғылыми және салыстырмалы-құқықтық, ресми-қисынды, тарихи, жүйелі, статистикалық, құжаттарды талдау және жеке ғылыми әдістері әдістемелік негіз болды. Отандық ғалымдардан Б. К. Шнарбаев, А. Е. Мизанбаев, А. Б. Молдашева, Е. А. Саламатов, И. Ч. Борчашвили, Д. Т. Амуртаева және т. б. ғалымдар еңбектерін пробация институтына арнаған. Магистрлік зерттеуде зор нормативтік-құқықтық материал, сот тәжірибесінің материалы, сондай-ақ пробация институтына және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларға арналған зерттеу жұмыстары қарастырылды және оған талдау жасалды.
5) Ғылыми жаңалықтың негіздемесі. Магистрлік диссертацияда ҚР пробация қызметі институтының қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға пробациялық бақылауды жүзеге асыруда кездесетін проблемаларды шешу үшін әрекет етуші қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасына пробация қызметіне қатысты заң баптарына өзгерістер мен толықтыруларды ұсыну жұмысы болып табылады.
6) Қорғауға шығарылатын шығарылатын ережелер:
- ҚР ҚК 73 бабының 2 бөлігінің екінші жол шегеріміне мынадай толықтыру енгізуді ұсынамыз:
« Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адамның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасау жағдайын қоспағанда, осындай қылмыс, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру қолданылмайды сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде бола тұра бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан жазаның неғұрлым жеңіл түрі қолданылып (ҚР ҚК 73 бабы) босатылған сотталғандар қаскөйлікпен жаза өтеу тәртібін бұзып, қайталама қылмыс немесе тәртіптік теріс қылық жасап ББА орындарына түскен жағдайда қолданылмайды ».
- белгілі бір лауазымды атқару немесе белігілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны орындауда туындайтын қиындықтарға байланысты, ҚР ҚАК-нің 74 бабының 3 бөлігіне мынадай толықтыруды енгізуді ұсынамыз:
« Егер белігілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған сотталған жаза өтеу барысында өзіне сотпен жүктелген тыйымды орындамайтын болса және бұл факт анықталған жағдайда, сотталғанға қатысты пробация қызметі белігілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ескерту жариялайды.
Жаза өтеу барысында үш ескерту алған сотталғанға қатысты пробация қызметі сотқа жазасын ауыстыру туралы ұсыным жолдайды. »
- Түзеу жұмыстары түріндегі жазасының тиімсіздігіне байланысты және бүгінгі күн талаптарына сәйкессіздігіне байланысты әрекет етуші ҚК және ҚАК жаза түрі ретінде тағайындаудан алып тастауды ұсынамыз. ҚР ҚК 42 бабы, ҚР ҚАК-нің 11-тарауы, 52, 53, 54, 55, 56 баптары. Аталған жаза түрі сипаты бойынша айыппұл түріндегі жазамен ұқсас. Сондықтан, баламалы түрде айыппұл түріндегі жазаны тағайындай беру ұсынылады. Себебі бұл екі жазаның да түпкі нәтижесі - ақшалай өндіріп алу болып табылады.
7) Зерттеу кезеңдері, күтілетін нәтижелер және оларды енгізу мен апробациялаудың болжанатын бағыттары.
Магистрлік диссертацияның зерттеу ережелері автормен жарыққа шыққан төмендегі ғылыми мақалаларда көрініс тапқан:
- ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының журналында ғылым қызметкерлері күніне арналған «Қазіргі заң ғылымының дамуы: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Қылмыстық заңнама бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындаудағы кейбір мәселелер» атты мақала. (Нұр-Сұлтан, 2021 ж. )
- «Ел-назар» республикалық педагогикалық журналында «Қылмыстық атқару жүйесіндегі пробация қызметінің қоғамға әсері» тақырыбындағы мақала. (Нұр-Сұлтан, 2021 жыл қараша. )
- «Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасы» ұйымдастырған «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар конкурсында «Пробация қызметінің міндеті - сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу» атты мақала жарыққа шықты. (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы (elbasylibrary. gov. kz) сайтында 2021 ж. )
- ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ұйымдастырған «Нельсон Мандела ережелері: қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін даярлау және ғылыми пайымдау мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясының жинағында «Пробациялық бақылаудағы сотталғанның жаза мерзімін есептеу сұрақтары» тақырыбындағы мақала жарыққа шықты. (Қостанай қ., 2021 жыл қараша) .
- Пенитенциарлық жүйедегі пробация институтының құқықтық табиғаты
1. 1 Жазаларды орындау жүйесіндегі пробацияның түсінігі және оның мәні
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі салыстырмалы түрде құрылғанына және дамуында қысқа уақыт кезеңі өтті. Егемендікке қол жеткізгеннен бастап дербес мемлекет ретінде нормативтік құқықтық базаны дайындау бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Шет елдердегідей, Қазақстан Республикасында да қылмыстық құқық құқықтың «жазалаушы» саласына жатады. Бұл Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының ҚК-нің 2 бабында көрсетілген міндеттерге байланысты. Бұл бапта қылмыстық заңнаманың міндеттерінің бірі ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады деп айтылған [3] .
Қылмыстық заңнаманың негізгі міндеттерін жүзеге асыру үшін қылмыстық заңда жазаға, сондай-ақ қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына орын беріледі. Қылмыстық заңда қылмыстық заңнама міндеттерін жүзеге асыру үшін қылмыстық заң «қылмыстық жауаптылықтың» негіздерін белгілейді, адам, қоғам немесе мемлекеттер үшін қандай іс-әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыстық теріс қылықтар екенін анықтайды және оларды жасағаны үшін қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын немесе жазасын белгілейді.
Біз И. Ш. Борчашвилидің ұстанымымен келісеміз, өз ұстанымында ол «Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты, бір жағынан, мыналарға бағытталуы тиіс: ең қауіпті қылмыстарға қарсы дәйекті күрес, ауыр қылмыс жасаған адамдарға ұйымдасқан қылмыстық топтардың, қылмыстық ұйымдардың әсіресе менеджерлер мен белсенді қатысушыларға есірткі бизнесімен, экономикалық және рецидивтік қылмыс жасағандарға және т. б. мемлекеттік мәжбүрлеудің жоғары түрлерін қолдану қажет; екінші жағынан, біздің мемлекетіміздің қылмыстық саясатының мақсаты қоғамдық қауіптіліктің үлкен дәрежесімен байланысты емес және адамдарға бірінші рет жауаптылық қолдану, ауыр емес қылмыстар жасаған, қоғамнан оқшаулаумен, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан босатумен байланысты кінәсін мойындап өз еркімен келген адамдар, егер олар келтірілген зиян қалпына келтірілген болса, аталған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық аясын тарылту қажет» деп көрсеткен. [4, 26-27 беттер] .
ҚК-нің 39-бабының 2-бөлігіне сәйкес «жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында қолданылады, сондай-ақ сотталған адамның түзелуі және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу үшін сотталғандарға, сондай-ақ басқа да адамдарға қолданылады. Жазаның мақсаты физикалық азап келтіру немесе адамның қадір-қасиетін қорлау болып табылмайды» делінген [3] .
Қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты жауапкершілік олардың ҚК-нің ерекше бөлігінің баптарында көзделген жаңа қылмыстық іс-әрекеттерді жасауының алдын алуға бағытталған және оларды түзету жолымен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға жан-жақты көмек көрсете отырып, олардың мінез-құлқын түзету мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын жұмыс.
Қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың маңызды құралдарының қатарына пробация институтын жатқызуға болады, ол көбінесе бас бостандығынан айыру жазасына балама жаза ретінде қолданылады. Біз Қ. Ж. Балтабаевтың: «бас бостандығынан айыруға балама жаза түрлері өзекті проблема болып табылады. Егер бұл проблеманы уақтылы шешпесек, онда «түрме халқы» санын қысқарту бойынша Қазақстанның жетістіктері уақытша болуы мүмкін» деген пікірмен келісеміз [5, 42 б] .
Біріншіден, пробация институты жазамен тығыз байланысты, себебі пробациялық сипаттағы шаралар негізінен сотпен жаза тағайындалған адамдарға қолданылады.
Екіншіден, пробациялық бақылау жазасын өтеп жатқан немесе өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған. Тұтастай алғанда, бұл шаралар қылмыстық заңнаманың гуманизм принципін көрсетеді, себебі пробациялық бақылау қолданылатын адамға сот тағайындаған жазаны өтеуден босатуға (толық немесе ішінара) мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде бұл институт жиі қолданылады. Мұны келесі статистикалық мәліметтер дәлелдейді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы пробация қызметінің есептері бойынша 2021 жылғы мәлімет бойынша өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды есепке алу бойынша есептен 67295 адам өтті (2018 жылы 64000 адам, 2019 жылы 66774 адам, 2020 жылы 66343 адам өткен) [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz