Веналық капиллярлар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Академиясы
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

РЕФЕРАТ
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Микроциркуляция .



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Перифериялық қанайналым;
Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері;
Артериолалар,метаартериолалар,капил лярлар,посткапиллярлар, венулалар, артериовенулалық анастомоздар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер сайттар

Микроциркуляция (Місrосіrсulаtіо - кішіғұрым қан айналысы) -- Организмнің әр түрлі сұйықтықтарының венула, қан және лимфа капилляры деңгейіндегі және ұлпа сұйықтықтарының клетка аралық заттарда бірыңғай бағытта қозғалысы. Микроциркуляция - адам ағзасындағы зат алмасудың маңызды физиологиялық негізі. Біздің ағзамыздың әрбір жасушасы қажетті қоректі сіңіргенде ғана дұрыс қызмет ете алады. Қоректік заттар мен оттектің жеткізілуі қандағы микроциркуляция әрекеттерінің есебінен болады. Олар жіңішке тамырлар мен қылтамырлар арқылы ағады.
Перифериялық қанайналым - бұл мүшелер мен тіндердегі қанайналым, ол микроциркуляцияның көмегімен жүзеге асады.Микроциркуляцияны артериола, капилляр, артериола венулалық анастамоздар құрайды .Оның бұзылысы дистрофияға , ишемияға, некрозға, микроскопиялық бұзылыстарға әкеледі. Норманы білмей ауруды емдеуге болмайды.
Микроциркуляция - бұл өте ұсақ қан және лимфа (диаметрі 2 - ден 250 мкм) тамырларында өтетін күрделі үрдіс.
Ең алғаш қанайналымның сандық сипаттамасын Стивен Хейз ашты. Ол артерия мен венадағы қан кысымын, жүрек камераларының көлемін, қанның ағу жылдамдығын өлшеді.
XVII - XIX ғасырларда көптеген гидромеханиктер қаның ағысына қызығушылық білдіріп.оны зерттеуге өз үлестерін қосты. Олардың арасында Эйлер, Пуазейль, Бернулли, Даниил болды.
Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері гемомикроциркуляция
деп аталады. Бұл жалпы қанайналымының көрнекті бір бөлімі.
Микроциркуляция термині биологиялық ғылымдарға 1954 жылы
енгізілді. Бұл ұғым өте ұсақ қан және лимфа тамырлары тарамдалған
ауданда өтетін көптеген күрделі үрдістерді қамтиды. Мәселен,
гемомикроциркуляция мен лимфомикроциркуляция жіңішке
тамырлардағы қан мен лимфа ағысы ерекшеліктерін, ондағы
жасушалардың қимыл жағдайын, қанның ұю заңдылықтарын, тамыр
саңылауларының жүйкелік және гуморалдық реттелуін көрсетеді.
Мұнымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің зат тасымалдау кезеңітранскапиллярлық алмасу өтеді. Транскапиллярлық алмасу
гемоциркуляцияның көрсеткіштерімен бірге, биологиялық
мембрананың заттарға өткізгіштік қасиеттеріне байланысты екені
белгілі. Олай болса осы аталғандардың бәрі микроциркуляцияны жанжақты сипаттайды.
Микроциркуляция тамырларына диаметрі 250 мкм-ден төмен (жіңішке тамырлар),артериолалар, метаартериолалар (диаметрі 10-25 мкм) капиллярлар, посткапиллярлар,венулалар (диаметрі 50 мкм) және артериоловенулярлық анастомоздар жатады. Әрбір ағзаның құрылысына сәйкес микротамырлардың құрылым ерекшеліктері болады. Кейде
капиллярға бөлінген тамырлар венулалар құрап қайтадан екінші рет капиллярларға бөлінеді. Капиллярлар бір-бірімен көлденең байланысып тор жасайды. Венулалар кеңіп синус құруы мүмкін.Метаартериолалардың қабыпғасында бір қабат бірыңғай салалы ет талшықтары сақина тәрізід орналасқан, ал капиллярлардың алдында мұндай ет талшықтары жиналып жапқышты құрады, кейбіреулердің ойынша посткапиллярларда да жапқыш болады. Жапқыш артериоловенулярлық анастомоздардың бас жағында да
кездеседі. Пре- және посткапиллярлардың жапқыштары тұсында тамырлар саңылауы тарылып 4-5 мкм болады. Прекапиллярлық жапқыш жиырылса онымен байланысты капиллярларға қан өтпей қалады.
Ішастардың микроциркуляторлы ағымы:
1-артерия;
2-вена;
3-артериола;
4-венула;
5-капиллярлар торы;
6-лимфа тамырлары мен капиллярлары.

ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ ҚАНАЙНАЛЫМНЫҢ РЕТТЕЛУІ
Жергілікті қан ағудың мүшелердің функционалды қажеттіліктеріне бейімделуі токка қарсы өзгеріс жолдарымен жүзеге асады. Бұл қан тамырлардың қуысының өзгерісімен, яғни гидродинамикалық қарсылық реттелісімен сипатталады. Қан ағысының көлемді жылдамдығының өзгерісі функционалды қажеттіліктері айтарлықтай вариацияланатын мүшелерде ауқымды болады.Бұл қаңқа еттері , асқазан ішек жолдары, бауыр, тері. Бас миы , бүйрек сияқты мүшелерде көп өзгермейді. Қан ағысы арнайы реттегіш механизмдердің көмегімен тұрақталып отырады. Перифериялық механизмдерді бұл жергілікті механизмдер, гуморальды және жүйкелік факторлар. Кейде бұл факторлар бір уақытта қан тамырлық тонусқа синергиялық әсер етеді.
Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері гемомикроциркуляция деп аталады. Бұл жалпы қанайналымының көрнекті бір бөлімі. Микроциркуляция термині биологиялық ғылымдарға 1954 жылы енгізілді. Бұл ұғым өте ұсақ қан және лимфа тамырлары тарамдалған ауданда өтетін көптеген күрделі үрдістерді қамтиды. Мәселен, гемомикроциркуляция мен лимфомикроциркуляция жіңішке тамырлардағы қан мен лимфа ағысы ерекшеліктерін, ондағы жасушалардың қимыл жағдайын, қанның ұю заңдылықтарын, тамыр саңылауларының жүйкелік және гуморалдық реттелуін көрсетеді. Мұнымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің зат тасымалдау кезеңітранскапиллярлық алмасу өтеді. Транскапиллярлық алмасу гемоциркуляцияның көрсеткіштерімен бірге, биологиялық мембрананың заттарға өткізгіштік қасиеттеріне байланысты екені белгілі. Олай болса осы аталғандардың бәрі микроциркуляцияны жанжақты сипаттайды.

Микроциркуляцияның тағы бiр ерекшелiгi ондағы тамырлардың жүйкелік және гуморалдық әсерлерге қатынасы. Ұсақ артериялар мен веналар, артериолалар мен метартериолалар адренергиялық және холинергиялық симпатикалық жүйелермен нервтенген. Прекапиллярлар мен капиллярлар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капиллярлар - зат алмасу қызметін орындайтын аса жіңішке тамырлар
Микроцеркуляцияның патофизиологиясы
Микроциркуляцияның патофизиологиясы
Қан айналымның бұзылуы
Жүрек пен қан тамыр жүйесіне
Гемодинамика түсініктемесі. Гемодинамиканың параметрлері және оларды зерттеу тәсілдері. Балалардағы ерекшеліктері
Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері
Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері
Жануарларда тәжірибе
Қабыну процесі
Пәндер