Орталық Қазақстан, Қарағанды облысы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Оралбаева У. А.
Орталық Қазақстанның елді мекендері атауларының ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі эволюциясы: себептері, этимологиясы және қазіргі жағдайы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6B02204 - «Тарих» мамандығы
Қарағанды 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
И. А. Иванов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Орталық Қазақстанның елді мекендері атауларының ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі эволюциясы: себептері, этимологиясы және қазіргі жағдайы»
6B02204 - «Тарих» мамандығы
Орындады: У. А. Оралбаева
Ғылыми жетекшісі
э. ғ. к., доцент Л. К. Шотбакова
Қарағанды 2022
МАЗМҰНЫ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ АТАУЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢГЕ ДЕЙІНГІ ЭВОЛЮЦИЯСЫ; СЕБЕПТЕРІ, ЭТИМОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
КІРІСПЕ ……. . 3
І БӨЛІМ
ЕРТЕ ҒАСЫРДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АТАУЛАРЫ, ТОПОНОМИКАСЫ
1. 1Көне жазба мұралардағы Орталық Қазақстан топонимдерінің көрінісі5
1. 2 Ортағасырдағы Орталық Қазақстандағы этнотопонимдер. . 13
1. 3 Қазақ хандығы кезіндегі этнотопонимдер. 16
II БӨЛІМ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЛДІ МЕКЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК- АУМАҚТЫҚ РЕФОРМАЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРУ СЕБЕПТЕРІ
2. 1 XX ғасырдағы әкімшілік‐аумақтық өзгерістерге байланысты Қарағандыоблысының елді мекендерінің атауы. 23
2. 2 Қарағанды облысы тарихи топонимдері диахронды топтастыру мәселесі. . 31
2. 3 Елдімекен, жер‐су атауларының түсініктеме сөздігі: Этимология…. ………36
ІІІ БӨЛІМ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ. ЭТИМОЛОГИЯСЫ
3. 1Қарқаралы ауданы54
3. 2Гелионимдар этимологиясы56
3. 3 Сай-сала этимологиясы. . . 70
ҚОРЫТЫНДЫ. 77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 78
Кіріспе
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біз - ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»1, - деген болатын.
Әрбір атау - тарихтың табы сіңген нысаналы белгісі. Мұндай ұлттық және рухани байлығымыз саналатын топонимдерді зерттеу бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Кез келген аймақтың жер-су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи деректерді, этнографиялық мәліметтерді, географиялық сыр- сипаттарды сақтап отырады. Топонимдегі деректер белгілі бір географиялық ұғым атаулары болғандықтан, олар арнайы сұрыпталған лексикалық қабаттардан тұрады. Көне дәуір куәсі болып табылатын аймақ топонимдері халықтың этнографиялық, қоғамдық, әлеуметтік жай-күйінен, өткендегі өмір- тіршілігінен әр қилы мәлімет береді. Мұның өзі топонимдерді зерттеудің өте күрделі құбылыс екендігін, ол істе белгілі бір ғылыми әдіспен ғана мақсат- мұратқа жету мүмкін еместігін көрсетеді. Топонимдердің қалыптасуы, сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың) дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық менталитетіне байланысты да айқындауға болады. Сондықтан белгілі бір аймақтың топонимиясын зерттеуді қолға алмас бұрын сол жердің тарихына, саяси-әлеуметтік жағдайына және оны мекендеуші халық өмірінің этникалық мәдени тарихына ерекше көңіл бөлу керек.
Белгілі орыс ономаст-ғалымы А. В. Суперанскаяның пікірінше, әрбір атау тарихи, ал топонимиканы түгелдей тарихтың айнасы деуге болады. Географиялық көне атаулар тарихи ескерткіштер іспетті. Себебі өткен замандардың мұралары ретінде мемлекеттер мен халықтардың тарихының, жер жағдайларының, материалдық және рухани мәдениеттерінің белгілі бір тарихи кезеңдердегі келбетін, қалпын көрсетеді. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеудің маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қарағанды облысының топонимдері де - республикамыздың басқа өңірінің топонимдері сияқты белгілі бір мерзім, кезеңнің ғана емес, сан мыңдаған жылдардың, тұтас бір дәуірдің жемісі. «Жер-су аты - тарихтың хаты» деп тектен айтылмаса керек. Топонимика тақырыбы қай халықтың көркем сөз өнерінде болса да өз көрінісін, сөз етілу себебін, кейіпкер әсер еткен географиялық ортасы мен табиғатқа қарым-қатынасын білдірмей тұра алмайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: :топоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Әрбір географиялық атау тарихи әрі оның мағыналық өрісін зерттеу, этимологиялық сөздіктерге үніліп әр өңірдің топономикасын зерделеу.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
- Орталық Қазақстанның тарихын, өткені мен бүгінін саралау
- Орталық Қазақстанның елді-мекен бойынша топономикалық ерекшеліктерін ескеру, хронологиялық тізбек құру
- Орталық Қазақстанның елді-мекен, жер-су, қыр-төбе, қала, аудан т, б этиитологиясын зерттеу
Зерттеу объектісі: Орталық Қазақстан, Қарағанды облысы
І бөлім Ерте ғасырдағы Орталық Қазақстан атаулары, топономикасы, аңыз-деректер
1. 1Көне жазба мұралардағы Орталық Қазақстан топонимдерінің көрінісі
Өте көне замандардан бастап адам баласы бір жерге орналасқанда, өз айналасындағы қоршаған ортаға атау бере бастайды. Олар белгілеген әрбір атау белгілі бір мағынаға ие болады.
Ортағасырлық араб деректерінен Ұлытау өңірі туралы қызғылықты мәліметтерді кездестіруге болады. Оның ішінде, әл-Идрисидің «Нузхат- ал-Муштак фи ихтирак ал-Афак» атты географиялық еңбегінің 5 климат бойынша 8 бөліміндегі мағлұматтар Ә. Х. Марғұланның пайымдауынша Ұлытау өңірімен, Торғай өзені бойы және Сарысу өзенінің төменгі ағысымен байланысты болса керек.
ІХ-Х ғасырларда араб географиясы жоғарғы деңгейге көтерілгені мәлім. Арабтар мемлекеттердің, жолдардың сипаттамасын жасайды және ІХ ғасырда оларға Орта Азиядағы, Қазақстандағы қалалар мен жерлер белгілі болған. Бұған дәлел ретінде әл-Идрисидің мәліметтерін келтіруге болады: «олардың елінде ерекше суық, ол елдердің халықтары егіндерін піспей жинап, шатыр астында түтінге кептіреді». Бұл мәліметтер Арал теңізінен солтүстікте жатқан елдер мен халықтарға қатысты айтылғанын ескерсек, солтүстікте орналасқан Ұлытау өңірін де осы сипаттамаларға кіреді деп есептеуге болады. Осы пікірді негізге алып, әл-Идрисидің мәліметтеріндегі Ұлытау өңіріне қатысты өзен- тауларды қазіргі топонимдермен байланыстыруға болады.
Ұлытау өңіріне байланысты әл-Идрисидің сипаттамасындағы басты өзен Руза болып табылады. Бұл өзен туралы әл-Идриси былай деп жазады: «Бұл таулар шығыстан, гуздар елінен, Аскарун деп аталатын таудан ағып келетін үлкен өзеннің жағасында орналасқан; бұл өзен Руза деп аталады. Бұл үлкен өзен, одан қайықтармен өтеді және онымен көлден Хиам қаласына барады. Хиам қаласынан төменірек оған солтүстіктен, үлкен таулардан ағып келетін үлкен өзен құяды». К. Миллер Руза өзенін Сарысу өзені деп жорамалдайды. Шынында да, Сарысу өзені шығыста орналасқан Бұғылы тауларынан бастауын алып, Кеңгір өзеніне құйғанға дейін батысқа қарай ағады. Одан әрі ол бағытын өзгертіп, оңтүстікке қарай ағады да Телікөлге құяды. Бұл сипаттамаға солтүстіктен Арғанаты тауларынан бастау алатын Кеңгір өзенінің де қосылуы дәлме-дәл келеді. Әл-Идриси бойынша Хиам қаласынан төменірек құятын өзен Магра деп аталады. Өзеннің әл-Идрисидегі сипаттамасы келесідей: «Хиам қаласынан төменірек солтүстікте басджирт елін гуздар елінен бөліп тұратын үлкен таулардан ағып келетін үлкен өзен құяды.
Бұл таулар Мургар деп аталады. Ал өзен Магра деп аталады, өзен тасығанда көп табиғи алтын шығады, оның түбінен Хорасанға апарылатын лазурь тасы алынады. Өзеннің жағасында биік шыңы бар тау бар, одан мыңдаған бұлақтар ағып шығып, бәрі Магра өзеніне құяды». 15 Магра өзенін Кеңгір деп алатын болсақ, алдында айтқандай ол өз бастауларын Арғанаты тауларынан алады, яғни басджирт пен гуз елін бөліп тұрған тау осы болады. Биік шыңы бар тауы Кеңгір өзенінің батысында орналасқан Ұлытау болуы керек. Бұл тау туралы келесідей мәліметтер берілген: «Бұл өзеннің жағасында биік шыңды тау бар, одан мыңдаған бұлақтар бастау алып Магра өзеніне құяды. Оның шыңында қамал тәріздес 2 қала орналасқан; біреуінің аты Нуджах, екіншісі Бадагах, екеуінің арасы күншілік жер. Аралығында батысқа қарай ағатын және көлемі 50 миль болатын батпаққа құятын үлкен өзен ағады. Ол жерде шұрайлы жайылымдар көп, түріктер онда қысы-жазы тұрады. Бұл батпақ пен Хорезм теңізі аралығы 6 күн жол, ол теңізден солтүстікте»16. Батысқа қарай ағатын өзенді Торғай өзенімен байланыстыруға келеді, ал үлкен батпақты бүгінгі күні Шалқар-теңіз соры деуге болады. Хорезм теңізі деп әл-Идриси Арал теңізін атайтын ескерсек, аталмыш сор одан солтүстікке қарай 200 шақырым жерде орналасқан.
Ал, Ұлытаудан ең ірісі Жезді болып, біршама өзендер бастауын алып, Кеңгірге құятыны да белгілі. Кеңгір өзенінің бойында қазба байлықтарының мол екендігі археологиялық деректермен де, қазіргі кездегі геологиялық зерттеулермен де дәлелденіп отыр.
Орталық Қазақстан туралы жазба деректердің аз болуы, сақталмауы, соңғы жылдарға дейін тарихи-археологиялық тұрғыдан арнайы зерттелмеуі даулы пікірлерге жол ашып отырған. Орта Азия тарихының тамаша білгірі В. В. Бартольд «мәдениеті бар соңғы жер Сырдария мен Қаратаудың аралығынды болды, бұл өлкенің солтүстігі адам мекендемеген далалы алқап еді», - десе, ал академик Ә. Марғұлан археологиялық зерттеулері барысында ол пікірді жоққа шығарып», Орталық Қазақстанның таулы және өзенді алқаптарында қола замманнан кейінгі, орта ғасырларға дейін аралықта отырықшы халықтар мәдениеті болған», - деді [1, 5] . Дегенмен академик Ә. Х. Марғұланға дейін де Орталық Қазақстанның көне қалалары мен жер-су атаулары туралы мәлімет берерлік жазба деректердің, түрлі карталардың болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Олардың ішіндегі ең көнесі, яғни біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі қытай жазбаларындағы топонимдік деректер қытай тілі заңдылықтарына бағындырып, түбір тұлғасы танымастай өзгеріске ұшырағын. Әрі көне қытай авторлары көрші елдердің аттары мен жер-су атауларын өз тілдеріне аударып немесе өз түсінігіне сәйкес беріп отырған. Қытай алфавитінде сөз ортасында «р» әрпінің қолданылмауына сәйкес түрік атауы «тукую», арғын тайпасы «алун» Темуршин (Шыңғыс ханның шын аты) - «Темучин», орыс елі атауы «олосы», «люся», «лаумоза», «налосзо» (жүнді адам немесе қар адамы аудармасында) берілсе, ал ірі мемлекеттер мен қалалар атаулары да үлкен өзгерістермен таңбаланған. Мысалы, Индия - «Шенди», Месопотамия - «Тяогжи», Рим - «Лигань», Бұқара - «Ань», Ташкент - «Ши» формасында берілген [2, 161] .
Тарихи мәліметтер қазіргі Қазақстан территориясындағы Балқаш көлінің солт. -де III-IV ғғ. ғұн (күн) мемлекетінің өмір сүргенін айтады. Оларды қытайлар «Юэбань», «Се-Яньто» деп атаған [3, 43] . Кейбір еңбектерде бұл өлке Сарматтар жері, Сар ир, Половецтер, Дешті Қыпшақ және т. б. атауларымен де атала береді. Осындағы Сар ир, атауы қытай жылнамасында Се-Яньто формасында берілген. Түбір сар, сары сөзінің «се» формасына көшуін қытай тіліндегі р дыбысының сөз ортасында ұшыраспауынан деп білеміз (түрік - «түкю», аргу - «алун») . Сар-ир (сары жер, сары алқап) атауы Шыңғысхан өмірін зерттеуші Мишель Хоанг еңбегінде «Ciraka er» формасында ұшыраса [4, 49] . Көне Римдіктер оларды Сарматтар деп атаса, славяндар половцы деп атаған. Қазіргі еңбектерде половец, половцы атаулары «құба», «құбашақ», «қыпшақ» мағынасында қолданылып жүр. Қазақ тіліндегі «құба жон» атауының мағынасы да сары алқап, сары дала ұғымынан алшақ кетпейді. Көне түркі жазба ескерткіштері мұраларында Орталық Қазақстан топонимдеріне қатысты тек Ертіс өзені (Эртіш сувы) атауы ғана ұшырасты [5, 122] . ІХ-Х ғасырларда Орта Азия Қазақстан жерін картаға түсіруде араб географтары көп еңбек сіңірген. Олардың ішінде Орталық Қазақстан топонимдеріне қатысы бар еңбектің бірі - Х ғасырдағы Ал Идрисидің «Китаб-Роджері» мен «Сурат ал-Ард» атты картасы [6] . Академик Ә. Марғұлан бұл еңбектегі мәліметтерді Сарысу, Торғай өзендері мен Ұлытау өңірлеріне байланысы бар деп атап көрсеткен [7] . Ал Идриси аталған еңбегінде Хорезм көлі (Арал теңізі), Тараз қаласы (Жамбыл обл. орталығы) Шаш өзені (Сырдария) атауларына тоқтала келіп, осы елді мекендердің солт. -шығысында оғыздар мекендегенін, оларды Гарбиан, Даранда, Бадагах, Дарку, Нуджах, Хиам, Дахлан, Джаджан атты қалалары болғандығына тоқталған. Оның көрсетуі бойынша бұл қалалар Руза, Магра өзендері мен Горгуз көлі жағалауларына және Музгар, Ортаг, Казтаг, Аскарун таулары бойына орналасқан. ХІІ ғасырлық иран тарихшысы Рашид ад-Дин еңбектерінде де оғыз қағандарының мекендері Ортағ, Қазтағ атты таулы өңірлерде болғандығы және сол жерде Инандж атты қала бар екендігі, қыста Борсун, Какья, Каркорун деген желерді қыстайтыны айтылады [8, 80-81] . Бұл топонимдік деректер Әбілғазы Бахардурхан шежіресінде де ұшырасады. Ол оғыздар туралы айта келіп, «Қара хан атасынан соң патша болды. Ертағы мен Кертағы тауларын жайлады, қыста Қарақұм мен Сырдың жағасын қыстар еді» деп жазған [9, 15] . Осы өңірдің ежелгі қоныстары туралы орта ғасырлық араб географтары мен жазушылары Инб-әл Варди, Ибн-Сайд, Ибн-Ийаса т. б. да мәліметтер қалдырған [10, 98-108] . Орталық Қазақстанның көне қала орындарын зерттеуші ғалым, археолог Ж. Е. Смайловтың пайымдауынша, жоғарыдағы атаулардың дені Орталық Қазақстан жерінде ұшырасады. Атап айтқанда, Руза қазіргі Сарысу өзені, Магра - Кенгір өзені, Горгуз - Теңіз көлі; Аскарун-Бұғылы, Музгар - Ұлытау, Ортағ - Ортау, Кертаг - Қызылтау таулары. Және де автор В. Г. Тингаузен зерттеулеріне сүйене отырып, Руза (Сарысу) өзенінің XIV ғасырда Сарыгузен аталғаны туралы да мәлімет береді [11, 5-11] . Расында да, Ал Идриси мен Рашид ад-Дин еңбектеріне талдау жасаған С. Г. Агаджанов, К. Миллер пікірлеріне қарағанда, Ж. Е. Смайловтың пайымдаулары көңілге қонымды. Автордың ұтымды пікірлер айтуына оның орта ғасырлық ғалымдар атап көрсеткен қалалар мен жер-су атауларын, олардың ара қашықтығы мен қай ендікте жатқандығын жақсы меңгергендігі ғана емес, сонымен қатар оның аталған өлкенің жер бедерін жақсы білгендігінде деп таныдық. Және де Ж. Е. Смайлов дәлелдері Ә. Х. Марғұлан тұжырымдарымен сәйкес келіп отырады. Соңғы автор да Ортог, Кертаг оронимдерін Орталық Қазақстандағы Ортау мен Қызылтау деп атап көрсеткен [7, 11-12] . Бұл ойды археолог-тарихшы ғалым Жамбыл Омари да қостайды. Осы аты аталған ғалымдар еңбектеріндегі ой қорытуларына сүйене отырып, біз орта ғасырда Орталық Қазақстанда болған (Ал Идриси еңбегінде) қалалардың орналасу ретін төмендегіше топтастырдық. «Нузхат ал-Муштакта» (Ал Идриси) Хиам қаласы Магра өзенінің (Кеңгір) жоғарғы сағасында орналасқан делінеді. Ал Ж. Смайлов оны Басқамыр кешенімен байланысты қарастырады. Басқамыр қазіргі Жезқазған қаласының солт. -бат. -да, Жезді өзенінің сол жағалауында орналасқан. Джаджан қаласы Руза (қазіргі Сарысу) өзенінің оң жағалауында, атақты Бетпақдаламен шектес алқапта болған. Нуджах, Бадагах қазіргі Ұлытау тауының үстінде саланған [11, 12-13] . Бұл қалалардың ескі орны қазіргі кезеңде Нөгербек дарасы және Хан Ордасы деп аталынып жүр. Осы екі қорғанның ортасынан Жетіқыз өзені ағап шығады. Даранда атты қала қазіргі Арғанатты тауында болған. Жалпы Сырдария бойынан созылған көне қалалар тізбегі қазіргі Ұлытау, Арғанаты таулары мен Кеңгір, Сарысу өзендері бойларына орналасқандай. Әрі бұл топонимдер орта ғасырлық жазбаларда Россия тарапынан жарық көрген көне карталар мен түрлі басылымдарда (ХІХ ғ. Соңына дейінгі) әр түрлі атаулармен беріліп отырады. Мысалы, қазіргі Ұлытау оронимі ХІІІ ғ. дейін Музгар, Кендыр-Таг деп аталса [12, 44], ХVII ғасырда ғана Улутов формасында беріліп, Кендірлік өзені осы таудан басталады делінген [13, 95] . Яғни 1627 ж. Иван IV заманда жарық көрген «Книга Большому Чертежу» деп аталатын еңбектен кейінгі басылымдардың бәрінде де Ұлытау оронимі Улутов, Улутағ, Улутау түрінде беріліп отырған, яғни қазіргі Ұлытау формасынан алшақ кетпейді. Оронимнің Ұлытау аталуына таудың биіктігіне қарағанда, оның орналасу реті мен баурайларының орман-тоғайлы, үлкенді-кішілі бұлақ, өзен-көлді болып келуінің қатысы бардай. Себебі Бетпақдала шөлінен өте көп қиындықпен өткен жолаушы немесе көктемгі көш жолындағы халыққа алдынан ұшырасқан саялы, сулы тау шынында да жер жұмағы, әулиелі немесе ұлы деп атап отырған. Әрине, Ұлытаудың халқымыздың ел, мемлекет болып қалыптасуына арналған, үш жүздің басын құраудағы саяси орын болғандығын да жоққа шығарудан аулақпыз.
Орталық Қазақстанға тән атаулары VIII-IX ғғ. өмір сүрген Қарақожаұлы Қорқыт Атаның еңбектерінен де көреміз. Жалпы Қорқыт Ата дәуірі мен оның шығармаларындағы деректерді Х. Көроғлы мен Ә. Марғұлан оғыз дәуірімен бірлікте қарастырады. Х. Көроғлы «Қорқыт Ата кітабында» айтылатын Қазылық тауы [14, 25] мен қырғыздардың «Манас» жырындағы Қазылық тауын көне оғыздар мекені десе [15, 132], академик Ә. Марғұлан да осы сарындас пікір айту барысында «Қорқыт» эпосында ұшырасатын Өгізтау (Атасу бойында), Арқу (Арқа) белі, Ортағ қыры Ортау, Көкше теңіз (Балқаш көлінің ескі атауы), Қазылық тауы топонимерінің қазіргі Орталық Қазақстанда ұшырасатынын айтқан. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» атты кітабында «Қарқаралының күншығысында, Семейдің күнбатысында тұратын биік тауларды (Кент, Мыржық, Аыралы, Дегелең) ерте заманда қарлықтардың қоныстанған қытай деректерінде ұшырасатынын жазып, кейбір ғалымдардың Қарлықты Қазылық деп атауының негізі де сонда жатыр деген ой айтқан [16, 172] . Бұл жай түркі тілдеріндегі р/з дыбыстардың сәйкестігінен де хабар береді. Қазылық «Манас» жырында да жолығып отырады. В. В. Радлов «Қазылық тауы» Қазақстан жерінде екенің ашық көрсеткен [17, 36] . «Қорқыт ата кітабында» да Қазылық Қожа және Қазылық қара ат (тұлпар) атаулары ұшырасады [14, 102-104] . Қорыта келсек, «Қорқыт» эпосында Қазылық тауы қазіргі Қаракесек руы мекендеген Қарқаралы тауларының жиынтық атауы. Қазылық (Үш Қазылық, Бес Қазылық, Он екі Қазылық) таулары қаракесек елінің көне атауы, қарлық туралы мәліметтердің тың көзі. Яғни олар туралы деректердің тың көзі «Қорқыт Ата кітабы» болып табылады [18, 165] . Алайда Орталық Қазақстанның көне көз қариялары болмаса бұл тауларды қазір ешкім де Қазылық таулары деп атамайды. Біздіңше, бұл атаулардың ұмытылуына бұрынғы көш жолдарының отырықшылыққа байланысты сирек қолданылмауынан әсері болғандай. Ол атаулар соңғы рет Бұқар Жырау өлеңдерінде ұшырасады:
Он екі Қазылық, Ой Түндік
Шауып шықтым белеңге,
Тау суындай сарқырап
Әскерің жатыр өреңде [19, 165] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz