Отбасы тәрбиесінің функциялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

Орындаған : Шакаримова Сабина Асқарқызы

Тобы :409

Мамандығы : 0111000«Негізгі орта білім беру»

Біліктілігі : 0111053 «Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі»

Ғылыми жетекшісі : А. К. Кабимолдина,

Педагогика-психология пәнінің оқытушысы

Семей, 2022

Мазмұны

КІРІСПЕ . . …3

1. ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7

  1. . Отбасы- тәрбиенің бастауы . . . . . … . . . … . . . 7

1. 2. Отбасы тәрбиесінің функциялары . . . 10

2. ОТБАСЫ - ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ОРТАСЫ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 14

2. 1. Тұлғаны тәрбиелеудегі отбасының әлеуметтік-мәдени ерекшелігі . . . 14

2. 2. Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері . . . 17

2. 3. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың әдіс тәсілдері . . . . . . 20 3. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ҚОСЫМШАЛАР . . . 36

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтқан, балаларды білімді, білікті, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жеке тұлғаны даярлау өзекті мақсаты болып табылады». Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2 тармағында «Балаларына қамқорлық жасап және оларды дұрыс тәрбиелеу ата -ананың табиғи құқығы әрі парызы делінсе», «Қазақстан-2030 бағдарламасында «Әкелер мен аналардың өз балалар алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз, ата-ананың рөлі зорасаң екендігі анық». Неке-отбасы заңдарының негіздерінен 2 бапты алып қарастырсақ. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
Отбасы заңдары отбасын нығайту, махаббат пен сыйлау, өзара көмек, отбасы алдындағы оның барлық мүшелерінің жауапкершілігі, отбасының ісіне қандай да бір араласуға жол бермеу, отбасы мүшелерінің құқықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтарды сотта қорғау мүмкіндіктері принциптерінен туындайды. 2006 жыл - Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды

Отбасында адам бойындағы асыл

қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген

сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Ә. Назарбаев

Адамның немесе тұлғаның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. [21, 81]

Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ . Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта . Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.

Қоғамның негізгі мақсаты - адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.

Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. [12, 156 бет]

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.

Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Тұлғаны тәрбиелеу - тек бір сөбен немесе айтқанын істету арқылы емес, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, тума-туысқан, көрші-қолаңмен түсінікте болу, сөйлеу мәнері арқылы қалыптасады. Бала - отбасы тәрбиесінің айнасы. Сол үшін де қазақ халқының әдет-ғұрпы, дәстүрлерін бала тәрбиесінде бойларына сіңіре отырып жас ұрпақты тәрбилеу бүгінгі күнде қажеттті шарттардың біріне айналып отыр. Өйткені, бала тәрбисіндегі мәдениеттіліктің берері, көмектесері көп және келешек өмірге алға бастар жолы да болып табылады. Сол үшін біздипломдық жұмысымызда мына мақсатты көздедік.

Зерттеу болжамы: Отбасы тәрбиесінде функциялары және олардың оның ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін тұлға дамыту барысында рухани адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы қарым-қатынас қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: отбасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі әлеуметтік-мәдени ортасы ретіндегі ерекшеліктерін сипаттай отырып, отбасындағы жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің рөлін айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеттері :

  1. Ғылыми-әдебиеттер көзі арқылы қазақ отбасы тәрбиесіндегі психологиялық ерекшеліктерді анықтау.
  2. Тұлға тәрбиелеудегі отбасының әлеуметтік-мәдени ерекшелігін ашу.
  3. Отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің тұлға дамуында орнын айқындау.
  4. Отбасы - тұлға тәрбиесіндегі мектептің одақтасы ретінде рөлінің маңыздылығын түсіндіру.
  5. Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау.
  6. Отбасында тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әдістемелік нұсқасын айқындау.
  7. Отбасында тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың эксперименттік зерттеудің әдістемесін құру.

Зерттеу жұмысының обьектісі: тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуда отбасының әлеуметтік-мәдени орта ретіндегі орны.

Зерттеу жұмысының пәні : отбасы тәрбиесі үрдісі.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады.

Зерттеу жұмысының әдістері:

  1. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау.
  2. Отбасы тәрбиесін зерттеу бойынша озық іс-тәжірибелерімен танысып, талдау, байқау, салыстыру.
  3. Психологиялық эксперимент жүргізу.
  4. Әртүрлі математикалық әдістерді қолдану.
  5. Әңгіме, сауал сұрақтар бойынша жұмыс істеу.
  6. Психологиялық эксперимент нәтижелерін ғылыми тұрғыдан қортындылау.

Зерттеу жұмысының базасы ретінде: Семей қаласының «№8 - көркем эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта мектебі алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Отбасындағы тұлға тәрбиесінің теориялық - әдіснамалық негіздері

1. 1. Отбасы тәрбиенің бастауы

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі[9. 169 бет] .

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? [13, 123]

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы - шағын мемлекет,

Мен - президент, сен - премьер, - дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. « Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында[3] (150бет)

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу.

Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi - үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады[21. 81 бет]

Отбасы - тарихи категория. Оның типтері, формалары мен функциялары өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай - ақ қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты болады.

Азамат қоғамның қай кезеңінде болсын отбасы тәрбиесі мәселелері күн тәртібінен түскен емес. Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл -Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. Иассауи, М. Қашқари, классик педагогтар Я. Каменский, К. Ушинский, И. Песталоций, қазақ ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин еңбектерінде, кеңес педагогтары В. Сухомлинский, А. Макаренко, Н. Крупская, қазақ зиялылары М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов және т. б. еңбектерінде орын алады. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері Қазақстандық ғалымдар С. Ғаббасов, Р. Қоянбаев, Г. Байделдинова, В. Лысенкова, Р. Төлеубекова т. б. зерттелінуде. [2. 78 бет]

Януш Корчак еврей отбасында дүниеге келіп, балалық шағында өзгелерден көп қысым көріп өседі. Януш Корчак сонымен қатар өзінің әріптестеріне баланы тәрбиелеу жолын үйретіп, ең алғашқылардың бірі болып еврей балаларының құқығын қорғайды. Әр өмірін балаларға арнаған ұстаз Януш Корчактың еңбегі, идеологиясы өз уақытында лайықты бағасын алмағаны қынжылтады. Балалар үшін өмірін қиған ұлы ұстаз туралы көпшіліктің біле бермейтіні өкінішті.

Оның балаларды тәрбиелеу үшін ұсынған 10 өсиеті:

  • Балаңыздан өзіңіз секілді болуды немесе сіздің қалағаныңызды істеуін күтпеңіз. Өзіңіз секілді болуға емес, өз жолын табуына көмектесіңіз.
  • Балаңыздан жақсылығыңыздың өтемін күтпеңіз. Сіз оған өмір сыйладыңыз. Балаңыз үшінші бір адамды өмірге әкеледі, солай жақсылығыңызды қайтарады. Бұл ризашылықтың өзгермейтін заңы.
  • Кішкентай кезінде балаңызға наразылық білдірмеңіз. Өзіңіз қартайғанда соның опығын жейсіз. Не ексең, соны оратыныңызды ұмытпаңыз.
  • Баланың қиындықтарына жоғарыдан қарамаңыз. Өмірде әркімге өзінің күшіне сай қиындықтар берілетінін ұмытпа.
  • Баланы ешқашан төмендетпе!
  • Адамның ең маңызды жүздесулері оның балалармен кездесулері екенін ұмытпаңыз. Оларға көбірек назар аударыңыз! Біз кішкентай баланың болашақта кім болатынын біле алмаймыз.
  • Балаңыз үшін бірдеңе жасай алмасаңыз, өзіңізді кінәлауға болмайды. Есіңізде болсын: бала үшін қолыңнан келетін нәрсені жасасаңыз, сол жеткілікті.
  • Бала сенің өміріңнің жемісі ғана емес. Ол сенің қолыңа берілген бағалы шыныаяқ секілді. Шыныаяқтағы жанған шырақты сақтау және өшірмеу сенің қолыңда. Бала - анасы мен әкесінің сүйіспеншілігі, олардың жанының бөлшегі, өмірінің жалғасы.
  • Біреудің баласын өз балаңыздай жақсы көріңіз. Ешқашан басқаның баласына өз балаңа істегіңіз келмейтін нәрсені жасамаңыз.
  • Балаңызды еш негізсіз, бей-жай, ересек ретінде жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынасыңызды бағалаңыз, себебі бала сіздің өміріңіздің мәні, шаттығы болып табылады.

Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметік орынын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершілік - эстетикалық жағынан дамуына әсерін тигізеді. Отбасы ұғымына әртүрлі саладағы еңбектерде әрқилы анықтамалар берілуде.

Р. Нұрғалиев өзінің философиялық сөздігінде: «Отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ол ерлі - зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата - апалары мен балалардың, аға - інілердің, апа - қарындастардың, бірге туып ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы» деп анықтама берсе, ал ғалым - педагог Р. Қоянбаев оқулықтарында «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар тобы» деп анықтама берген. Осы айтылған анықтамаларға сүйене отырып отбасының мынандай белгілерін айқындауға болады. [11, 147]

1. Отбасы өзара туысқандық қатынасы бар, әр түрлі жастағы және әр түрлі құқылы адамдармен біріккен ұжым.

2. Отбасы ерлі - зайыптылық, ата - аналық, балалардың ата - аналарына, ересектердің кішілерге және бір - біріне деген қарым - қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады.

3. Ата - аналар мен балалар бір - бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері сол отбасында тәрбиленумен ерекшеленеді.

4. Отбасы өмірі әр түрлі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады[19] .

«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы және тәрбие» категорияларының жиынтығынан тұрып, оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: балаларының тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру[20] .

Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі-ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кей себептері ретінде келесі жағдайларды алуға болады:

1. Көп еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайларының әлсіздігі.

2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.

3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай - жұмыс орнында, жанұяда - ауыртпалық.

4. Көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі - зайыптылардың ажырасуы.

5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.

6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау - дамай.

7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.

Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес: тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі объективті шындық. Бәріміз де осы заңдылықтардың құрсауындамыз. Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның жанпидалығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы ұстаздың өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер едік:

- отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті - алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек, ұстаздық жанашырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл;

- адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;

- педагогикалық мүдде-ниеттерді гуманитарлық қор, қоғам, ұжымдар жұмыстарымен үйлестіріп, қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау.

Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау - әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы болғаны жөн. Атам қазақ басынан талай «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның» кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің, ғұлама ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние ауыспалы, ал педагогиканың міндет қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса, дамып бару. Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ олардың нақты кезеңдердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай шешімдерді ата-аналар есіне салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса бұлтарыстарын тереңнен түсінетін педагогтың міндеті[21. 81 бет]

1. 2. Отбасы тәрбиесінің функциялары

Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар-әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық, адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның бір қызыметінің жойылып, екінші қызыметінің қалыптасуымен және отбасы мүшелерінің әлеуметтік қызыметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Отбасы қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады[2. 78 бет]

Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:

  1. Ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
  2. Білім, дағды, шеберлік, рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізетін тәрбиелік қызмет;
  3. Өндірістік-шаруашылық қызметі;
  4. Отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
  5. Отбасының адамға қатысты қызметі мыналар:

Жұбайлық қызметі. Жұбайлар ең жақын адамдар.

  1. Ата- аналық қызметі-отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді;
  2. Тұрмысты ұйымдастыру қызметі. Отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептеледі.

Отбасының қызметін, оның көп түрлілігі мен байланыстарын ескере отырып, қазіргі отбасы дамуының бағыттары мен бірқатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызыметін іске асыруына көмектеседі.

Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғаммен тығыз байланыста бола отырып, оның функцияларының бірқатары тікелей қоғам талаптарынан туындайды. Бір жағынан, отбасы-бұл өз заңдылықтары мен қызметтері әрекет ететін тұлғааралық қарым-қатынастар сферасы болып табылады. Осы орайда, қоғамның отбасыға және қоғамға қатысты, сонымен қатар, отбасының тұлғаға және тұлғаның оған қатысты функцияларын атауға болады. Осы тұрғыдан отбасы функцияларын әлеуметтік (қоғамға қатысты) және дара (тұлғаға қатысты) деп қарастыруға болады. Отбасы функциясы қоғамның отбасы институтындағы қажеттіліктерімен және отбасылық топқа қатысты тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар, отбасы функциялары терең тарихи, қоғамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Сондықтан уақыт өткен сайын отбасы функцияларының сипаты мен оның иерархиясы өзгереді [4, 104 бет] .

Маңызды қажеттіліктер мен тіршілік әрекетінің басты сферасымен байланысты қазіргі отбасының негізгі функцияларын Т. В. Андреева атап көрсетті.

Уақыт өте келе отбасындағы жетекші рөлге ата-аналар болып саналатын ерлі-зайыптылар ие болады. Көптеген зерттеулерде отбасының функциясын шартты түрде барлық түрін шамамен төмендегі екі топқа бөліп қарастырады:

1. Ерлі-зайыптылар функциясы;

2. Ата-аналар функциясы.

Ерлі-зайыптылар функциясына рухани қарым-қатынас, күнделікті шаруашылық, басқарушылық (ерлі-зайыптының екеуі де отбасының тұтастай өмір сүру әрекетінің ұйымдастырушылары болып табылады) функциялары, алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы, өкілеттілік функциясы (ерлі-зайыптылар өз отбасыларының өкілі ретінде қоғамның барлық ошақтарының алдында өз отбасы атынан шығады), эмоциялық, жыныстық-эротикалық және басқа да функциялар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесінің формалары
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары
Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары
Мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие
Отбасылық тәрбие стилдері
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
Отбасылық тәрбие
Отбасындағы балалар рөлі
Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz