Жүзу кезіндегі аяқ қимылдары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе. . . . 2-3
І Теориялық бөлім . Дене шынықтыру жүйесіндегі суға жүзудің орын, оның сауықтыру, қолданбалы қорғану маңызы . . . 4-7
1. 1 Жүзудің түрлері . . . 8-14
1. 2 Қолданбалы жүзудің классификциясы. Суға сүңгу. Сүңгудің түрлері және техникасы . . . 15-17
1. 3 Сүңгудің түрлері және техникасы . . . 18-20
1. 4 Жүзуге үйретудің мазмұны және құрылымы . . . 21-28
ІІ. Практикалық бөлім.
2. 1. суда жүзу . . . 29-30
2. 2 судағы ойын-сауықтар . . . 31-33
ІІІ. Қорытынды бөлім . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 35
Кіріспе
Суға жүзу - дене шынықтыру мен спорттың әйгілі түрлерінің бірі. Жылдан жылға әр түрлі жастағы адамдар арасында оның өрісі кеңейе түсуде. Суға жүзудің сауықтыру, қолданбалы қорғану маңыздары бар. Ол жүрек - тамыр және демалу жүйелеріне игілікті әсер етеді, бұлшық еттерді дамытып, ағзаның суық тиюге қарсы әрекетін күшейтеді. Адам өмірінде сан қилы жағдайлар болып тұрады, кейде суға жүзе білу өте қажет болады. Суда жүзе білмейтіндерді су бақытсыздыққа ұшыратады. Ал суда жүзе білетін адам тереңдікте, таныс емес жерлерде денесін қорқыныш билемейді. Ондай адам су ішінде өз өмірі үшін қорықпайды, ол жағаға еркін жетіп, көмек келгенше су ішінде бола алады. Жақсы жүзуші суға кеткен адамға өзі көмек беріп, оны амал алып қалады. Суда жүзу ісі өскелең ұрпақты ізгілікке, жігерлі болуға тәрбиелеудің табылмас құралы. Суда жүзу сабақтары тек қайрат - жігерге, еңбекқорлыққа тәрбиелейді, ол баланың күшін, жылдамдығын, ептілігін тәрбиелеуге қолайлы жағдай тудырады. Адам баласы жаратылысынан әрқашан сумен байланысты болды. Адамзаттың өркендеп өсуіне Ніл, Тигр мен Евфрат өзендерінің, Янцзы және Хуан Хо, Инд және Ганг сияқты үлкен өзен аңғарларын мекендеуі негіз болған. Суға табынушылық көне заманнан бері барлық дерлік халықтарда болған. Негізгі Олимпиада табынушыларының бірі, ежелгі гректердің теңіз билеушісі Посейдон болды. Ал әлдеқайда кейінірек б. э. д. ІІІ ғасырда ежелгі римдіктерде Нептун есімімен байланыстырылды. Осы ерекше ортаға икемделу адамдар үшін өте маңызды болды. Өйткені адам суға алғаш түскенде, батады. Сондықтан жүзу - суға бейімделіп, қозғалумен байланысты өмірлік маңызды дағды. Жүзіп үйрену әсіресе әскер үшін теңіз шайқастарында шешуші роль атқаратын. Ертедегі египеттіктер жүзуді әскери мақсатта және қарапайым тұрмыста да үйреніп, білгеніне сол кездегі ыдыстар мен бұйымдардағы суреттер дәлел болады. Фараонның балалары үшін Ніл өзенінде арнайы жүзуді үйрену айқын басымдылыққа ие міндеттілік болатын. Б. э. д. 2, 5 мың жыл бұрын билеушінің қабірінде мынадай жазулар бар: «Ол маған ханның балаларымен бірге жүзу сабақтарын үйреткен»
Ежелгі Грекияда да жүзе білу жоғары бағаланатын. Алайда, жүзу Ежелгі Олимпиада ойындарының құрамында болған емес. Дегенмен б. э. д. 1300 жыл бұрын Истмий ойындарында жүзу жарыстары өткізілді. Павсаний мен Геродот б. э. д 470ж. парсы теңіз флотын суға батырып кеткен сүңгуір Сциллистің ерлігін сипаттаған. Ол қолайсыз ауа-райында жау корабльдеріне жақындап жүзіп келіп, якорь арқандарын қиып кететін. Нәтижесінде корабльдер жақын маңдағы жартастарға соғылатын. Кері қайтқанда Сциллис 5км-ге жуық аралықты жүзіп өтетін. Жау көзіне көрінбес үшін көбіне сүңгіп, су ішінде жүзетін. Осы табанды ерлігі үшін гректер оған Дельфте мүсін орнатқан. Аңыз бойынша осы ерліктерін ол қызы Хиндамен бірігіп жасаған деседі.
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады. Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып бара жатса, оны құтқаруды да біледі. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т. б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль - еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады) . Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсерін тигізеді. Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
І Теориялық бөлім . Дене шынықтыру жүйесіндегі суға жүзудің орын, оның сауықтыру, қолданбалы қорғану маңызы
Жүзу негізінен денсаулыкты сақтайды, еңбекке және Отанды қорғауға дайындайды. Жасөспірімдердің дене мүмкіндіктерін тәрбиелеуге баулиды. Жүзуді үрету және үйрету-жаттықтыру жұмыстары дене шынықтыру үдерісінде оқу түрінде өткізіледі және оны ұйымдастырудың әр түрлі формалары болады. Жүзуді үйрену спорттық оқуды және жалпы физикалық дайындықты жаттықтырушылар өткізеді. Бағыттылығына қарай жүзу сабақтарының жүйесі:
1. Денсаулықты жақсартатын оқу жүйесі
2. бағыттылыққа үйрету оқу жүйесі
3. бағыттылыққа үйретіп, жаттықтыру оқу жүйесі
Жүзумен жазғы демалыс кездерінде табиғи су тоғандарында, ал оқу жылының қалған уақытында суы жылытылған жабық немесе ашық бассейндерде айналысады. Шынықтыру процедураларының, ауа мен күннің ықпалы арқылы жүзу, су ойындары нерв, тыныс алу, жүрек-қан тамыр, ас қорыту жүйесінің функциялары мен құрылымының, сондай-ақ қимыл аппаратының, қан құрамының т. б. айтарлықтай өзгерістеріне алып келеді. Шомылу немесе жүзу кезінде сыртқы факторлар мен судың жүйелі әсері организмде орталық нерв жүйесіне, ал ол арқылы барлық органдар мен жүйелерге тиімдірек қызмет етуге мүмкіндік беретін тұрақты бейімдік реакцияларды өндіруге жағдай жасайды. Жүзумен айналысар алдында құрғақ жерде және суда мысал ретінде мынадай арнайы дайындық жаттығуларын орындау ұсынылады.
Құрғақ жерде:
1. Орындыққа, жерге, еденге отырып құлаштап жүзу әдісін салып, 30-60 с сериялармен 20-30 с демала отырып аяқты қозғалту.
2. «Диірмен» - тұрған күйде тік қолды әр жаққа сегіз реттен алға, артқа айналдыру.
3. Алға иіліп тұрып құлаштап жүзу әдісін салып қолды қозғалту.
4. Тұрған күйде арқамен құлаштап жүзу әдісін салып қолды қозғалту.
5. Кеудені алға қарай иіп жүріп, құлаштап жүзу әдісін салып қолды қозғалту.
6. Кеудені тік ұстап артқа жүріп, құлаштап жүзу әдісін салып қолды қозғалту.
7. Алға еңкейіп тұрып, тыныс алумен үйлестіре, құлаштап жүзу әдісін салып қолды қозғалту.
8. Тұрған күйде, тыныс алумен үйлестіре, арқамен құлаштап жүзу әдісін салып қолды қозғалту.
9. Мәрелік секіру әдісін салу.
10. Қабырғадан қайырылу әдісін салу т. с. с.
Суда:
1. Суға баспен түсіп тыныс алуды кешіктіру, суда дем шығару, суда көзді ашып, су түбінде жатқан заттарды тауып шығару.
2. Балтырдан ұстап, судан отырған қалыпта денені жиырып шығу.
3. Жүзіп шыққаннан кейін бойды жазып, қол-аяқты созып-бүгіп су бетінде етбетінен жату, бетті суға түсіру.
4. Қол-аяқты созып-бүгіп су бетінде шалқасынан жату.
5. Су бетінде дененің орналасу қалпын өзгерте отырып етбетінен және шалқасынан жату.
6. Су түбінен, одан кейін аяқты қимылдатпай ернеуден немесе бұрылыс қалқанынан шегіне отырып, көкірекпен (бетті суға түсіріп, қолды алға созу) және арқамен (қол кеуденің бойында) сырғанау. Көкірекпен сырғанауда дем суға шығарылады.
7. Қолды су түбіне немесе бассейн ернеуіне сүйеп, суда көкірекпен және арқамен құлаштап жүзіп аяқты қимылдату.
8. Тыныс алуды кешіктіріп (бетті суға түсіріп) көкірекпен сырғанау және аяқты жұмыс істетіп арқамен сырғанау.
9. Суда тұрып еңкейіп, көкірекпен құлаштап жүзіп қолды қимылдату, иек суға тиеді.
10. Дәл солай, бірақ қол қимылын тыныс алумен үйлестіру.
11. Бір аяқпен жұмыс істеп, көкірекпен құлаштап тақтайда жүзу.
12. Қол-аяқты жұмыс істетіп, көкірекпен құлаштап жүзу, бетті суға түсіру және тыныс алуды кешіктіру.
13. Қол-аяқты қимылдатып арқамен құлаштап жүзу.
14. Тыныс алуды қимыл ырғағына біртіндеп қосу арқылы көкірекпен құлаштап жүзу. Алдымен бір айналым, одан кейін екінші, үшінші т. с. с.
15. Мәрелік секіруді үйрену. Алдымен жаттығулар бассейн немесе тоған ернеуінен, одан кейін мәре текшесінен орындалады. Жартылай отырып негізгі бағанадан төменге қарай секіріп түсу; дәл сол отырыспен артқа қарай қолды алға-артқа қимылдатып секіру. Тізені қатты бүгіп, қолды бастан асыра созып еңкейген қалыпта алға мәрелік секіруді орындау.
16. Сол және оң жаққа қарай бұрылуды үйрену. Бұрылыс қалқанына жақындау, денені жиыру және бұрылу, жиырылған қалыпта бұрылыс қалқанына табанды тіреу, сырғанау.
Әр дәрісте көрсетілген жүйе бойынша құрғақта және суда 2-3 жаттығудан орындалады. Келесі жаттығуға алдыңғыларды меңгергеннен кейін ғана өтуге болады. Бір дәрісте әр жаттығу 4-6 дан 8-12 ретке дейін қайталанады. Дәрістердің бастапқы кезеңінде суда 10-15 мин-тан болып, кейін біртіндеп 30-45 мин-қа дейін ұлғайту керек және осы уақыт ішінде алғашқы бес күнде 600-700 м, екіншісінде - 700-800 м, одан кейін 1000-1200 м-ге дейін жетуге ұмтылу керек. Нашар жүзетіндер үшін алдымен 25, 50 немесе 100 м-ге жүзген, бірақ 8-10 ретке дейін қайталаған дұрыс. Жүзу мен төзімділікке тәрбиелеу техникасын меңгеру шамасына қарай көрсетілген ұзақ қашықтықтарға жетуге кірісу керек. Сауықтыруға бағытталған жүзу бірдей қарқындылықта бір қалыпты өткізіледі. Қашықтықты жүзіп келгеннен кейін жүрек жиырылуының жиілігі 17-30 жастағылар үшін минутына 120-150 соғу жиілігі шамасында болу керек. Жүзумен шұғылдану кезінде мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек: дәрістерді ашық су каналында 3-5 адамнан құралған топпен және тереңдігін 1м 20 см-ден асырмай тексерілген жерде ғана өткізу; тамақтанған соң 1, 5-2 сағ кейін жүзумен айналысу; нашар көңіл-күйде, жоғары температурада, суық тию және іш ауруларында жүзумен айналысуға тыйым салынады; жүзумен айналысуға ең қолайлы уақыт - 10-11-ден 13 с дейін, ыстық ауа райында екінші рет - 16-дан 18 с дейін айналысуға болады.
Суға жүзу - дене шынықтыру мен спорттың әйгілі түрлерінің бірі. Жылдан жылға әр түрлі жастағы адамдар арасында оның өрісі кеңейе түсуде. Суға жүзудің сауықтыру, қолданбалы қорғану маңыздары бар. Ол жүрек - тамыр және демалу жүйелеріне игілікті әсер етеді, бұлшық еттерді дамытып, ағзаның суық тиюге қарсы әрекетін күшейтеді. Адам өмірінде сан қилы жағдайлар болып тұрады, кейде суға жүзе білу өте қажет болады. Суда жүзе білмейтіндерді су бақытсыздыққа ұшыратады. Ал суда жүзе білетін адам тереңдікте, таныс емес жерлерде денесін қорқыныш билемейді. Ондай адам су ішінде өз өмірі үшін қорықпайды, ол жағаға еркін жетіп, көмек келгенше су ішінде бола алады. Жақсы жүзуші суға кеткен адамға өзі көмек беріп, оны амал алып қалады. Суда жүзу ісі өскелең ұрпақты ізгілікке, жігерлі болуға тәрбиелеудің табылмас құралы. Суда жүзу сабақтары тек қайрат - жігерге, еңбекқорлыққа тәрбиелейді, ол баланың күшін, жылдамдығын, ептілігін тәрбиелеуге қолайлы жағдай тудырады. Суда жүзу ісі көп қырлы. Ол спорттың қолданбалы синхронды су асты, суға секіру, т. б. түрлеріне бөлінеді. Спорттық суда жүзу мынадай төрт түрді біріктіреді: еркін стиль (кроль), арқамен жүзу, брасс, дельфин (баттерфляй) . Осындай төрт түрлері бойынша Еуропа және әлем біріншілігінде және де басқа әр түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Олимпиадалық ойындар бағдарламасында суда жүзу кеңінен қолданылуда. Суда жүзудің сауықтырудағы орны. Суда жүзу - дене шынықтырудың таңғажайып түрі. Ол адамға тек қуаныш қана емес, демалу мен шынығудың тамаша құралы болып табылады. Судағы жаттығулар нерв жүйесін, буындардың қозғалысын жақсартады. Су теріні тазартып, терінің тыныс алуын жақсартады. Суда жүзгенде өкпе тазарып, ағзаға ауа көп барады. Суда болу ағзадағы заттардың алмасуын реттейді. Судың көкірек клеткаларына қысым түсіруі демалуды қиындатып, тыныс алу бұлшық еттерінің жұмысын үдетіп, олардың жетілуіне жағдай жасайды. Жүзуші үйлесімді жетілген бұлшық еттерімен, сымбаттылығымен, суыққа мойымаушылығымен, төзімділігімен көзге түседі. Суда жүзу адамның еңбегіне де қолданбалы маңыз алып отыр. Суда жүзе білу - еңбек әрекеттері сумен байланысты адамдар үшін өте қажет (жүзгіштер, балықшылар, теңізшілер) . Суда жүзе білу, сүңгу, су қорықтарында киіммен немесе киімсіз арғы бетке өту, қолдағы құралдармен немесе бос, судағы жолдасыңа көмек көрсете білу адам өміріне ең қажет. Әсіресе, бұл машықтар әскердегі адамдарға қажет. Олардың іс жүзіндегі қолданысы соғыс жағдайында суда жүзудің орасан зор қорғаныстың маңызын көрсетеді. Дене шынықтыруды жан-жақты дамытудың құралы ретінде қолдану - оның дене шынықтыруға тәрбиелеу жүйесіндегі орнын анықтады. Суда жүзуден нормативтер міндетті болып табылады. Дене шынықтыруға тәрбиелеу бағдарламаларында оқушылар мен студенттерді суда жүзуге үйрету - міндетті түрде қарастырылады.
- Жүзудің түрлері
Қазіргі замандағы техникада екі ағым бар:
- Күшті және ұзын есуді бәсендете және шынтақты байқалатындай етіп бүге пайдалану.
- Кушті және жылдам есуді орташа деңгейде шынтақты сәл-пәл бүге және өте жоғары қалыпта қимылдау кезеңінде пайдалану.
Жүзудің түрлері
Дельфинше жүзі .
Дельфинше жүзде қолдың қимылы жетекші роль атқарады. Оған аяқтардың қозғалысы мен дененің толқындай қимылы тәуелді. Жүзу кезінде қолдары үздіксіз қимылдайды. Кез келген кезеңде олардың тоқталуы қателік болып саналады. Жүзу жылдамдатыла орындалады. Серпілу соққыдағы қолдары жетілдіре қимылдайды.
Құлаштау
Құлаштаудың бастапқы кезеңінде қол суға батады. Қол шынтақ бөлікпен бастап жүзу. Алақан сыртқа қаратылып төмен деңгейде алға қозғалады. Бас төмен салынған бет суда. Иық омыртқасы қол басынан сәл төмен. Құлаштап жүзу қол басының азырақ иілуі мен қолдың шетке қарай қимылымен және азырақ төмен артқа шеңбер жасай қозғалуымен басталады. Алақанның сыртқы қыры жетекші роль атқарады. Құлаштау иық бөлігінің күшті қозғалысымен дәл келеді. өз қозғалысының ең төменгі нүктесін айналып өте алға ұмтылады.
Тартылу.
Қол басы бұғана ішке төменге артқа қозғалады. Жетекші алақанның жүзуші бөлігінің ішкі жағымен бұғына қолдың қимылын бұғананың иілуі мен айналуы жолықтырады.
Шынтақ көтеріңкі бұлшық еттердің кернеуі бір қалыпты өседі. Дене жылдамдығы есу бағытының оптималдық және денеге судың қарсы күшін ең төменгі деңгейде жеткізу арқылы өсірімді. Бас иық жоғары қарай көтеріледі. Тартылудың соңында бас су бетіне шығады. Қолдың шынтақтан бүгілуі аяқталады. Қол басы бір-біріне жақындай іштің төменгі жағына келеді.
Серпілу.
Қолдың басы иық буындарының астынан өткенде серпілу басталады. Қолдар шынтақтан жазылады мықын мен іштің астын ала қозғалып сыртқа және жоғары көтеріледі. Соңынан қолдар түзуленеді.
Қолдың судан шығуы.
Қолдар судан жоғары қарай тез қимылдап шығады.
Қол басы жамбас тұспен ары мықынның шетінде көрінеді алақаннан сыртқа қараған кішкене саусақ жетекші.
Су үстіндегі қимыл.
Жан-жаққа алға қолды серпе тастау арқылы жасалады қолдың суға емін ілгері төмен қозғалғанда жүзушінің иық омыртқасы қол соңынан аздап белі артқа иіле қозғалады.
Демді ішке алу алға серпілудің соңында болады демді ішке алу қолдың су астындағы қимылының басында аяқталады. Есу кезінде дем шығару серпілген кезде өтеді.
Демді ішке алған кездегі бастың қозғалысы иық омыртқасының қатесіз көтерілуін жаңылмау керек. Кеуде су бетінде алға жылжиды. Дем алу дем шығару қолдың толық қозғалысына сәйкес келеді.
100м. 2-3 толық циклдағыдай.
Аяқпен денемен қозғалу.
Кеуде алға төмен қозғалған кезде жамбас су бетінде көтеріледі табандар төмен қарай жылдам қимыл жасайды кеуде алға жоғары қозғалғанда жамбас табаннан тһөмен қимылдап жоғарыға қарай бағытталады. иықтар сәл қозғалады жетекші кеуде. Бұл қозғалыс аяқ пен қолдың жұмысын жақсартады. Аяқтар бір мезгілдік симметриялық жоғары төмен қозғалыстарды атқарады. Қимыл аяқты төмен қарай серпе тебіну мен жамбастан бастап тізені мықынымен оза орындалады. Мықын көтеріледі құйрық судың бетіне соңынан су бетіне мықын көтеріледі сосын осы қимылды төмен қарай орындайды табан. Жоғары көтеріле береді аяқ келесі серпу үшін тізеден жиналады.
Қимылдың үйлесуі.
Бір вариант қос үрмалы делфин жүзгіші бір циклдағы қол қимылында екі рет аяғымен соғады. Оның біреуі жүзудің негізгі бьөліміне сай келеді.
Алақ тартылуының бастапқы кезеңінде аяқ суда әлсіретілген созылған қалпында болады. Қолды шынтақтан бүгу сәті. нде аяқ тізеден бүгіледі. Серпінділік сәті төмен қарай қатты тебінумен үйлеседі. Дене алға жоғары мықын мен жамбас жоғары көтеріледі. Табан төменге кеткенде мықын жоғары. Табанмен екінші қайтара күшті соққан кезде қол суға енеді.
Делфинше жүзу техникасын 2 - түрі бар.
- Суда дененің қимылсыз жатуы
- Кеуденің толқынша қозғалысы.
Делфинде жүзу мәнерінде жекеленген спортшының аяқтарын бір тегіс емесемін соғуға болады. Жұмыс қимылының негізін арқамен кеуде бұлшық еттерін қатыстыра отырып иықты керу.
Жүзудің ең шапшаң әрі қолайлы әдісі - крольмен етпеттеп жүзу . Жүзгіштер бұл әдісті жарыстарда әрдайым қолданады. Қазіргі кезде олимпиадалық бағдарламада еркін әдіспен жүзгенде ерлерге және әйелдерге мынадай қашықтықтар тағайындалады: ерлерге - 50, 100, 200, 400 м, ал әйелдерге - 800 м қашықтық және алмасып жүзуге 4х100 м. Кроль әдісімен етпеттеп жүзу эстафетаның ең соңғы кезеңінде және алысқа жүзу кезінде кешенді қашықтықта қолданылады, ол - су асты спортында, су спортының өзге де түрлерінде таптырмайтын тәсіл.
Кроль әдісімен етпеттеп жүзген спортшы екі қолымен кезек еседі және екі аяғын кезектестіріп, жоғары - төмен тынымсыз сермейді.
Жүзу кезіндегі дене пошымы . Адамның денесі суда созылып сүйірленеді және оның шабуыл бұрышы 3 - 6 градус шамасында болады. Жүзуші су астында басын еркін ұстап, алға және төмен қарауға тиіс, бұл кезде ол суды жарып отырады. Басты жоғары ұстағанда бел иіліп, жамбас төмен түседі, алдағы судың кедергі күші ұлғаяды, сондықтан алға жылжу баяулайды.
Дененің ұзына бой тұрқымен салыстырғанда жүзуші денесі ырғақпен оңға және солға бұрылып отырады. Бұрылу бұрышы 35 - 45 градус шамасына жетеді. Екі жаққа бұрылудың ең қолайлы шамасы қолмен есу қимылдарының тиімділігін арттырады. Жүзушінің денесі бір жаққа қарай қисайғанда басы екінші жаққа бұрылып тыныс алады.
Жүзу кезіндегі қол қимылдары және тыныс алу . Қол қимылдары - аяқ, дене, бас және тыныс қимылдарына бағынышты. Қол суға енген бойда суды қармау кезеңі басталады. Бұл кезең өте қарқынды және қысқа мерзімді болып келеді. Қол бірден алға - төмен және сәл сыртқа қарай қармана қимылдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz