Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын цифрлық сауаттылық пәні арқылы қалыптастыру: теориялық-әдістемелік негіздер және тәжірибелік эксперимент


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылық пәні арқылы логикалық ойлауын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері теориялық аспектілері . . .

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылық пәні арқылы логикалық ойлауын қалыптастыру ерекшеліктерінің өзектілігі . . .

ІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылық пәні арқылы логикалық ойлауын қалыптастырудың әдістемесі

2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылық пәні арқылы логикалық ойлауын қалыптастырудың тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда жаңа технологияларсыз, интернетсіз өмір сүруді көз алдымызға елестетудің өзі қиын. Яғни, цифрлы технологиялар балалар мен жасөспірімдерге даму мен білім алу аясындағы шексіз мүмкіндіктерді ашады. Бір өкінішті нәрсе, интернет желісін және сол жаңа технологияларды қолданушылардың барлығы да осы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалана алмайды. Оған басты себеп, өсіп келе жатқан жас балалардың, сондай-ақ ата-аналардың цифрлық сауаттылық деңгейі әлі де болса төмен екендігін дәлелдейді. Дипломдық жұмыс барысында жүргізілген зерттеулер бойынша балалар мен жасөспірімдердің ғаламтор қолдану аясында белсенділіктері жоғары болғанымен, олардың цифрлық технологияларды қауіпсіз қолданудағы білімдері мен дағдыларының өзара деңгейлерін әлі де болса жетілдіру қажет екендігін аңғартады. Диплом жұмысын жазу барысында бастауыш сынып оқитын балалардың цифрлық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік беретін әртүрлі әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылады және ғаламтордың жаңа әдістері мен қауіптері жайында зерттеу жұмыстарының мазмұны мен технологиялары беріледі.

Қазіргі таңда, Қазақстанның әлемдік тенденциялардан, мәселен, АҚШ, Жапония және т. б. сияқты алпауыт мемлекеттерден қалыспай «жүрудің барысында» цифрлық жүйелерді кеңінен қолданып келеді, тіпті Қазақстан Республикасында гаджеттерді жаппай қолдану біздің елімізге басқа шет елдерге қарағанда кешірек келсе де, олар ғаламтор желісін пайдалану уақытымен қуып жетті. Яғни, бұл дегеніміз осы цифрлық сауаттылық жөніндегі мәселе барлық алпауыт мемлекеттерге де Қазақстандық балаларға да қатысты екендігін көрсетеді. Соңғы кездері Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының түрлі цифрлық технологияларды қолданудың ережелері туралы, оның ішінде интернет байланыстары, оның ішінде ғаламдық желінің күн өткен сайын өсіп келе жатқан ұрпақтардың қауіпсіздік мәселелеріне және ақыл-ойының дамуы, логикалық ойлау қабілеттеріне де көп көңіл бөле бастады. Жаңа заманның ұрпақтарына жаңа заманға лайық білім беру стандарттарына, сондай-ақ ата-аналардың үміт еткен үміттеріне сай балалардың «цифрлық сауаттылығын» жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін сандық, яғни, цифрлық сауаттылықты қалыптастыру үшін басты жауапкершілікті өзіне алуы тиіс. Бұл ғаламтор-ортаның білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, осы саладағы мұғалімнің беделін нығайту, онлайн-ресурстарды сыни және шығармашылық бағалау дағдылары мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыру ғаламторды қауіпсіз пайдалану дағдыларын және ғаламтор пайдаланушының этикалық нормаларын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

Сондықтан қазіргі заманғы адамның немесе бастауыш сынып оқушысы болсын сандық, яғни, цифрлық сауаттылығының маңызды құрамдас бөлігі оның жаңа ақпараттық технологияларды өз бетінше меңгеруге, олардың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін бағалауға және қабылдауға дайын болуы тиіс.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына жаңа ақпараттық технологияларды қолдандыру арқылы балалардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның әдістемелерін дайындау.

Міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын жаңа ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық негіздерін анықтау;

2. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын технологиялар арқылы қалыптастырудың балалар логикасына әсер етуінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау;

3. Цифрлық сауаттылықты бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын дамытудың бір бөлігі ретінде қарастырып, олардың сапалық көрсеткішін сипаттап, теориялық және практикалық даярлық кезінде өткізілген тәжірибелер барысын нақтылау.

Зерттеу жұмысының нысаны: Цифрлық сауаттылық арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау жүйелерінің дамытылуы.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын дамытуда жаңа технологияларды пайдалануы және олардың балалардың логикалық қабілетіне әсер етуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту: әдістемелік-педагогикалық негіздер
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту: теориялық негіздері мен әдістемелік моделі
Математика сабақтары арқылы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту
Грамматиканы оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту: әдістемелік-эксперименттік зерттеу
Шығармашылық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын гуманитарлық пәндер арқылы дамыту: теориялық-әдістемелік негіздеу мен тәжірибелік тексеру
Логикалық ойлаудың негізгі заңдары және шығармашылық жаттығулар арқылы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттігін қалыптастыру: теория, әдістеме және тәжірибелік эксперимент
Дүниетану пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру: теориялық-әдістемелік негіздер мен эксперименттік зерттеу
Шығармашылық тапсырмалардың бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудағы тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz