Қытайдың қыздарына құмар


Айнабекова Бекзат
Ұлы даланың ұлы есімдерін әдебиет пәнінде оқытудың жаңа тиімді жолдары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТалдықорған 20226В01701 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Ғылыми жетекшiсi: Ф. Ғ. Д., профессор М. Иманғазинов
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
- Ұлы даланың ұлы есімдерін әдебиет пәнінде оқытудың жаңа тиімді жолдары . . . 5Ұлы даланың ұлы есімдерін әдебиет пәнінде оқытудың маңызы мен қысқаша
тарихы . . . 5
1. 2 Руникалық жазбаларды әдебиет пәнінде тиімді оқытудың критериалды бағалау технологияcы . . . 15
1. 3 Ұлы даланың рухани мұрасын оқытудың жаңа тиімді жолдарының мақcаттары мен деңгейін жоcпарлау нәтижеcі . . . 19
- Ұлылардың рухани мұрасын енгізу әдіcтемеcі мен оны тәлім - тәрбиесі . . . 29
2 Ұлы даланың ұлы есімдерінің әдеби-тарихи бейнелері, олардың зерттелу жайы мен әдістемелік тиімді жолдары . . . 37
2. 1«Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің әдеби орны мен оны оқытудың тиімді жолдары . . . 37
- Ұлы даланың ұлы есімдерінің әдеби-тарихи бейнелері, олардың зерттелу жайы мен әдістемелік тиімді жолдары . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 66
КІРІСПЕЖұмыстың тақырыбы : «Ұлы даланың ұлы есімдерін әдебиет пәнінде оқытудың жаңа тиімді жолдары» деп аталады. Ұлы дала жұртының көне жырлары, ондағы әдеби-тарихи бейнесі ретінде әлі де болса толық күйде зерттелінбеген, орта мектеп бағдарламасына толық күйде енбеген. Оның өте бай тарихы, әдеби-дидактикалық болмысы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері бір саласы «Қорқыт» пен «Оғыз-наме» жырында, Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік»пен Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармаларында нақты тарихи деректілік сипатпен танылған көркем образдар аса мол әдеби мұра болғандықтан, оның көркем образдары көне түркі жұртының әдеби туындыларында ерекше орын алатындықтан, оларды зерттеу және әдебиет пәнінде оқытудың жаңа тиімді жолдары туралы айту - аса қажет жайттың бірі.
Ал сол көркем образдар арқылы көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл мен әдеби болмысы және тарихи ерекшеліктерін саралап қарасақ, онда тұрмыс-салт пен әдет-ғұрпын баяндайды, сол кездегі бірқатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін, тәрбиеге байланысты жайларды тануға болады. Айталық, Махмұт Қашқариды алсақ, ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамасы десе де болады.Жұмыс нысаны: Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) мен бірге «Орхон - Енисей» жазбалары, «Қорқыт» пен «Оғыз-наме» жыры мен Жүсіп Баласағұн - түркі халқының 5-9 ғасырларындағы мұралар болса, онда көркем образдар бейнесі жеке қарастырылып зерттелінбеген. Бұл туындылар Алып Ер Тоңға (Афрасиаб), «Орхон-Енисей» жазбалары мен «Диуани лұғат», «Құтты білік»бүкіл түркі жұртына танымал. Айталық, Махмұт Қашқари үш кітаптан тұратын «Түркі тілдерінің лұғатын», яғни «Диуани лұғат ат-түрк»атты түркі тілдес елдердің ортақ мұрасын құрастырып, артына мәңгі өлмес ғылыми мұра қалдырған ғұлама болса онда Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) туралы жырды енгізіп, тұңғыш рет оны әдеби-тарихи айналымға енгізді. Ал Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» туындысын жазып, дана қаламгер санатында болғандықтан, жұмыстың негізгі нысаны осы туындыларды оқып, саралау, зерттеу, әдеби анализ жасау және оны оқытудың тиімді жолдарын көрсету болып табылмақ.
Жұмыстың мақсат-міндеттері: Мәселен, Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) пен «Орхон - Енисей» жазбаларымен қатар «Қорқыт пен «Оғыз-наме» жырын зерттеу үлкен мақсат. Ал Махмұд Қашқари болса, Алып Ер Тоңғамен (Афрасиаб) бірге түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.
Ал Жүсіп Баласағұн өзінің еңбегін мемлекеттің іргесін қалыптастыру, нығайту, тәрбиелі азаматтарды жеке әдеби-тарихи адамды өсіріп шығу тұрғысында еңбегін жазған, бұл тұрғыдан келгенде екеуінің алдына қойған мақсаты біреу еді - бұл дидактизм арқылы көркем әдеби-тарихи образдар жасап, тәрбие, адамгершілік және басқа да гуманистік принциптерді халыққа тарату мақсатын көздеген. Ал оны орта мектепте оқытудың тиімді жолдарын көрсету - басты мақсат.
Тақырыптың өзектілігі: Тақырып өзекті болатын себебі - Алып Ер Тоңға (Афрасиаб), жазбаларымен қатар «Қорқыт» пен «Оғыз-наме» жырларына келсек, олардың бірқатары қолымыздағы тасқа қашалған күйінде, ал «Диуани лұғат ат-түріктің» түпнұсқасын алғаш рет 1914-1915 жылдары Али Амири деген түрік ғалымы Стамбулдағы бастырып шығарған нұсқасы әлі де болса зерттелінбеген.
«Диуанидың» әр жақты зерттелуі де сол кезден басталды. Кітап жарыққа шығысымен-ақ, Махмұт Қашқари және оның бұл атақты кітабы жайлы хабар бүкіл дүниені аралап кетті. Түркі халықтары өкілінің ХІ ғасырда аса жоғары ғылыми дәрежеде жазған атақты еңбегі бүкіл дүние жүзі ғылымында күтпеген үлкен жаңалық болса, Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) ол да кең көлемде қарастырылмаған.
Ал «Құтты білік» дастанының авторы кедейлер аш - жалаңаштар, жетім - жесірлер, кемтар жандар туралы айта келіп ел билеген әкімдерді шапағатты, мейрімді, жомарт, ынсапты болуға мал - дүниесін мұқтаж жандарға үлестіріп беруге үндейді. Адамгершілік пен оның басты принциптерін орындауды уағыздайды. Бұлардың барлығы да әдеби-тарихи көркем образдар арқылы көрінсе, жұмыстың өзектілігі осы жайтты ашуға арналғандықтан сөзсіз өз мақсатымыз орындалады.
Жұмыстың маңызы: Көне түркі әдебиетіндегі әдеби-тарихи көркем образдардың ашудағы жаңалық болатыны - бұған дейінгі белгілі мұралардың бәрі де арнайы филологиялық немесе тарихи этнографиялық зерттеулер болмай, дидактикалық сарында жазылатын-ды. Біріншіден, ол дәуірде филологиялық немесе этнографиялық зерттеулер жазуды күтудің өзі тарихи жағдайлармен есептеспегендіктен болып көрінетін еді. Тағы бір себебі-түркі халықтарының өкілі сол дәуірде осыншалық білімдар болады дегенге ресми батыс ғылымы сенбейтін, өйткені олардың ойынша: түркі халықтары тек көшпенділер, сондықтан олардың арасында ғылымға бейімділік болу мүмкін емес. Оларды өркениетпен таныстырып, сауаттылық ізін салған тек қана батыс деп есептелетін. Сөйтіп, «Диуани лұғат ат-түрктің»жарыққа шығуы ғылым дүниесінде аса үлкен оқиға болып бағаланды. Бұл еңбек 1072 жылдың қаңтарында жазыла бастап, 1074 жылдың 10 ақпанында аяқталған. «Диуани» автордың соңғы еңбегі болса керек. Өзінің айтуынша, ол бұл кітаптан бұрын да түркі тілдерінің синтаксистік жүйесі жайында «Джауахир ан-нахуи фи-л-лафуи түрк» - «Түрк тілінің синтаксистік жүйесінің негізі»деген ғылыми трактат жазған. Алайда, оның бұл еңбегі сақталмаған болуы керек, сондықтан осыдан басқа еш мәлімет жоқ. Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) ол әдеби-тарихи бейне оны европа еліне жеткізу бұл тікелей М. Қашқаридың зор еңбегі болмақ.
Ал Жүсіп Баласағұн болса, ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр - сипаты, мінез - құлқы, ақыл - парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке - жеке баяндап шығады.
Жұмыстың ең маңыздылығы да осында болса керек.
Жұмыстың құрылысы: Негізінен жұмыс, кіріспе, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ұлы даланың ұлы есімдерін әдебиет пәнінде оқытудың жаңа тиімді жолдары
- Ұлы даланың ұлы есімдерін әдебиет пәнінде оқытудың маңызы мен қысқаша тарихы
Ұлы даланың ұлы есімдерінің көркем бейне образдарды барынша терең зерттеген Әлкей Марғұлан, Ақжан Машанов, Тұрсын Жұртбай, Немат Келімбетов, Ақселеу Сейдімбек, Олжас Сүлейменов, Самат Өтенияз, Серікбол Қондыбай және тағы басқа да ғалымдарымыздың ғылыми еңбектеріндегі әдеби-дидактикалық тұрғыдағы көптеген кейіпкерлердің образын тани отыра, сонау көнедегі елдер ішінде қазіргі өркениетті елдердегі тарихы мен әдебиетінде үлкен орын алғандығының күәсі боламыз. Ал олардың көбі мектеп бағдарламасының ішіне енбеген.
Қазіргі уақытта қазақ елінің тәуелсіздік алған тұста, көне дәуірдегі ата-бабаларымыздың алыптармызды насихаттау, оның шынайы болмысын ғылыми тұрғыда әдеби-тарихи бейнелерін көрсете білу басты мақсат және әдебиет пәнінде оқытудың жаңа тиімді жолдары туралы айту - аса қажет екенін баса айтқан жөн.
Өкініштісі, сол есімдерді қазақ қазақ болғалы кең көлемде танып-білмегендігі. Әйтпесе, сол кейіпкерлерді басқа жұрт өзіне иемденіп, меншіктегісі келсе, қазақтың бейғам жатқандығы жараспас әдет. Дегенмен, осы уақытқа дейін біраз жұмыс істелінсе, бұл еңбек пен ізгі ниет еліміздің рухын, елдігін көтеретіні талассыз.
Әлемге аты танылған түркі жұртының аса дәріптер ұлдарының бірі - бұлар Естемі қаған, Бумын қаған, Тоныкөк, Күлтегін және Білге қаған болмақ. Бұл дастандар тасқа жазылу арқылы бүкіл Еуропаға танымал болған жырлар.
Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі Түрік қағанатының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін суреттеуден басталады. Мұнда исі түріктің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған барынша мадақталады.
«Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда
Екеуінің арасында адам баласы жаралғанда.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Істемі қаған отырған
Отырып, түркі халқының
Ел-жұртын қалыптастырған,
иелік еткен» [1, 44 б] .
Бұл жыр жолдары Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батырға арналған дастаннан алынып отыр.
Қытай елінің ханзадалары мен саудагерлері «сыйға» әкелген тарту-таралғыларға алтын мен жібекке, табғаштың ару қыздарына өзара таласқан түрік бектері арасында астыртын айқас басталды. Кейбіреулері түрік елі алдындағы парызын, ата-бабалар дәстүрін ұмытты. Елді біліксіз қағандар басқарды. «Билік пен байлыққа таласқан мұндай күрес жиырма жылға созылды. Ақыры ел ішіндегі алауыздық 603 жылы ұлы мемлекеттің екіге бөлініп кетуімен тынды. Бірі - Батыс Түрік қағанаты. Бұған Орта Азия, Жоңғария және Шығыс Түркістанның бір бөлігі енді. Екіншісі - Шығыс Түрік қағанаты. Бұл негізінен Монғолия жеріне орналасқан еді» [2, 70-71] .
Бумын қаған мен Істеме қаған қайтыс болған соң түрік елінің тағына дарынсыз қағандар отырғаны, халықты опасыз бектер мен әміршілер билегені тарихтан жақасы мәлім. Бұл жайында Түрік қағанаты тұсында, яғни ҮІІІ ғасырда жазылған «Күлтегін» дастанында төмендегідей жыр жолдары бар:
«Соңындағы інісі ағасындай болмады,
Ұлдары әкесіндей болмады,
Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтақ қағандар отырған екен» [3, 45] .
Міне, бүкіл түркі елінің осылай берекесі қашып, құты кеткен күндердің бірінде Қара қаған құрылтай шақырды. Бұл мәжілісте не айтылып, не қойғанын Түркия елінің атақты жазушысы Ниһал Атсыз өзінің «Көк бөрілердің өлімі» атты тарихи романында жақсы суреттеп көрсеткен.
«Ал оны мектепте оқытудың тиімді жолдары мен зерттеу обьектісіне енгізу мақсатында оны кезеңге бөлу қажет. Зерттеу 2021-2022 жылдар аралығында тәжірие ретінде жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2021 ж. қазан айында) диплом жұмысының тақырыбы бойынша зерттеудің негізгі міндеттері анықталды, диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізіне қатысты зерттеу еңбектеріне талдау-сараптау жұмыстарын жүргізілді, ғылыми әдебиеттер, шетелдік және отандық педагогикадағы жинақталған тәжірибелер талданды, мектеп оқушыларына сабақ барысында инновациялық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері айқындалды.
Екінші кезеңде (2021 ж. қараша) мектеп оқушыларына сабақ барысында инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігінің мәні мен ОМ-да қолданылатын педагогикалық технологиялар жіктемелері айқындалды. Қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды толыққанды пайдалану мүмкіндіктері талданды, мектеп оқушыларына ұлы даланың әдебиеті туралы даярлығы туралы әңгімелесу, тестілеу, сауалнама, байқау, рейтингілік бағалау әдісі, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар арқылы айқындалды.
Үшінші кезеңде (2022 жылдың наурыз-сәуір айлары) оқушыларды даярлауда инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі тексерілді, алынған нәтижелер тұжырымдары қорытындыланды »[4, 146] .
Сонымен, енді содан үзінді оқып көрелік: «Құрылтай басталды. Қаған Батыс қағаннан келген хаты дауыстап оқып шығуы үшін Күр Шадқа берді. Күр Шад оқып бітірген соң қаған сөз бастады:
- Түрік бектері! Ақылдан артық ақыл бар. Не ойлайсыз, ойыңызда не бар? Ойыңызға не келсе де сыртқа шығарыңыз. Кеңесейік. Ойласып, тура жолды табармыз, соған қарап іс қылармыз.
Бектердің бірі сұрады:
- Қара қаған! Рұқсат ет, сөз айтайын. Айтатыным бар, - деді.
Бұл сөйлеген егде жастағы бір бек еді. Шашына, сақалына ақ түсіпті. Маңдайында, бетінде қылыштың тіліп кеткен іздері бар. Көп ойланбай сөйлейтін адам сияқты көрінгенімен, сөзі пысық, жұртты ұйыта алатындай:
- Мен Батыс Түрік елін жақсы білемін. Үйдегі әйелім де сол жақтан. Батыстағылар бізден күштірек. Аттың да жақсысы соларда. Батыс елінде аштық жоқ. Түрлі жеміс-жидек көп. Олардың егіні шығымды, орманы мол. Түң Ягбу қағанның сөздерін сол қалпында қабылдағаны дұрыс. Ескіде Түрік елінде жалғыз қаған болғанда елдің қарны тоқ, арқасы кең, жауы аз-ды. Екі елге бөлінгенде бірінші жасаған істері бірте-бірте теріс қарай бастады. Қытайға ауған түріктер түрік екендіктерін ұмытып, бізге қылышын жалаңдата бастағаны сияқты, Шығыс Түрік елі мен Батыс Түрік елі де осылай кете берсе, бір-біріне қытайды көргендей қыдыңдай бастамаса, не қылсын. Маған салсаңыз тез арада Түң Ягбу қағанға елші жіберейік. Бір келісім жүргізейік, шарттасайық. Екі қаған бір-біріне жау болмасқа ант ішсін. Олар бізге жақсы ат пен қару-жарақ берсін, біз оларға қытайдан алған жібектен берейік. Егер бәрі дұрыс болса, соғыс кезінде екі қаған бір-біріне әскер қосып, бірлеспекке ант түйсін.
Қара қаған басқа бектеріне сөз салды. Тұңға Тегін сөз алды.
Ол былай деді:
- Түң Ягбу қаған бізден күшті емес. Күштілер күштілермен дос болғысы келеді. Біз де оған күшті екенімізді көрсетейік. Елшілерін не болса да биыл қыс осы жерде ұстайық. Жаз шыққан соң, қытайға жорық жасайық. Елшілер әскерімізді, күшімізді көрсін. Содан біз де Батыс қағанынна өз елшімізді жіберейік. Түң Ягбу қаған біздің де күшті екенімізді көрген соң анттасуға өзі де құштар болар. Бізге сенімі көбейер. Бізге құрмет көрсетер.
Бұдан кейін құрылтайдағы бектердің ең жасы Күр Шад сөз алды:
- Жақсы сөз айттыңыз. Елшілерге күшімізді көрсетейік. Кейін анттасайық. Екі қаған бір-біріне жәрдем берсін. Бірақ сіз бір нәрсені ұмытып тұрсыз!
Жиналған жұрт бір-біріне қарады. Сөздің ыңғайын түсінбеді.
Күр Шад сөзін жалғастырды:
- Олар Өтүкенде түріктердің жатысына жуығындай қытайлардың да тұрып жатқанын көрмейді дейсің бе?
Күр Шадтың бұл сұрағынан соң жұрт жым-жырт бола қалды.
Бұның не айтпақ болып тұрғанын олар тағы да түсінбеді. Қаған айтты:
- Көрсе қайтеді. Тұтқынға алынған адамдарымыздың көп екенін білер.
- Оны қайдан біледі. Біздегі қытайлар тұтқынға еш ұқсамайды ғой.
Бір бек киіп кетті:
- Не айтқың келеді, Күр Шад? Бұл қытайлар біздің тұтқындарымыз, құлдарымыз емес пе?
- Тұтқын екені рас, бірақ Өтүкенде олар түріктерге тең сияқты жүр. Олардың тұрмыстары тұтқынның тұрмысына ұқсамайды.
Қаған қайта сұрады:
- Күр Шад! Не айтқың келетінін ашық айтшы. Дұрыстап түсіне алмай отырмыз.
- Айтайын дегені мынау: бізде қытайдың даусы түріктікінен кем емес. Қара қаған таққа отыратын күні ордасының астында төбелес болды. Қытай атқосшылары бір түрік сарбазымен жұдырықтасып жатты. Бұрынғы кезде қытайлықтар бүйте алар ма еді? Олар бұл күшті неден, кімнен алып жатыр? Мына қытай мырзасы Шен-Киң деген кім? Біресе қатынның, біресе қағанның отауына емін-еркін кіреді, түрік бектерімен тең адамдай сөйлеседі.
- Шен-Киң тұтқын емес, қонағымыз ғой.
- Қонақ екені белгілі, бірақ қытайлық екені де анық қой.
Қытай болғаннан кейін оның тұтқын екені де, қонақ екені де бәрібір емес пе? Қонақ болатындай біз оны шақырдық па? Өзінің халқына сыймаған бізді ұшпаққа шығарар ма? Анау жолдасы Ван-Зин-Шан Өтүкеннің әр жеріне мұрнын сұғып жүр. Бармайтын жері жоқ. Соңынан Шен-Киң екеуі оңаша күбірлесіп жатады.
- Ол да қонақ емес пе? Елді араласа не зиян?
- Қонақ болса неге ол тұтқын қытайлармен сыбайласады.
Олардың не сөйлесіп жүргенін қайдан білеміз?
- Оны білу маған не керек? Қытай не деуші еді? Я сырнай, я қатын, я ақша . . .
- Жалғыз олар емес. Жасырын ойын бәрі . . . Бұл қытайлықтар тыңшылық істеп жүр-ау деп ойланып көрдіңіз бе?
Бектер де, қаған да ойланып қалды. Бәрінің қастары түйілді.
Қаған:
- Қытай бегі тыңшы ма? Ол қалай? Қытайда қаған оның әулетінен емес қой . . . - деп сұрады.
- Болмаса қайтейін. Өтүкенде көкжалдар биліктен түсіп, оның орнына Тоғыз өгіз, қарлұқтар қаған болса да мен бәрібір қытайға жау боп қала берер едім. Мен бұлай істегенде, қытай бегі оны неге істемесін?
Жұрт төбеге ұрғандай жым-жырт бола қалды. Қаған Күр Шадқа, бектеріне кезекпе-кезек қарайды, мырза-бектер көзін Күр Шадтан айыра алмай тұр. Күр Шадтың басы салбырап кеткен. Үнсіздікті Тұңға Тегін бұзды.
- Қытай бегі тыңшылық еткенде не шығар дейсің? Қылышымыздың өткірлігі жоғалар ма? Садағымыздың адырнасы босар ма?
- Жоқ, бұның бәрі де болмас. Бірақ бұлар біздің қанша екенімізді, санымызды білер. Жорықты қашан бастайтынымызды біліп отырар. Біліп алып қимылдап, бекініп дайындалар. Ішімізде қытай үшін кім қауыпты болса, соны есебін тауып өлтірер.
- Күр Шад! Сен бізді бала көріп тұрсың ба? Ол тұтқындар бізді қалай өлтіреді? Қытай тұтқынының қолындағы қылыш түрік бегін өлтіре алар ма? Өтүкенде бүкіл қытай атқа қонса да бір түрік бегін өлтіре алушы ма еді?
- Мен сіздерге қытайлықтар бізді батырлықпен өлтіреді деп отырғаным жоқ. Соғыс майданында бір түрік бегін өлтіру бар қытайлықтар үшін күшке түсер. Бірақ өз ордасында отырған Түрік қағанының қалай өлтірілгенін бәріңіз көрдіңіз. Мен сізге қылыш туралы айтып тұрғаным жоқ. У туралы айтып тұрмын.
Күр Шад жылдам сөйледі. Қаған бұл сөздерге ренжігендей.
Ол суыққандылықпен:
- Жақсы, Күр Шад! Түң Ягбу қағанға елші жіберместен бұрын не істеуіміз керек?
- Не істейміз? Біздегі қытайлықтар тұтқын екенін көрсетуіміз керек. Қытайлықтардың жеке егінжайы болмасын. Олардың қойларының жартысын алып, түріктерге берейік. Біз жорыққа шығып, қан төгіп жатырмыз, өліп жатырмыз. Ал тұтқындарымыз Өтүкенде отырып егінін өсіреді, қойын бағады. Артынан түріктермен сауда жасап, бір қойына он түлкінің терісін айырбастап алады. Кейіннен ол терілерді қытайға сатып байып жатыр. Бұның алдын алған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz